Омар Хайямының поэзиясындағы ислам көрінісін айқындау


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ. . ……. 3
I ОМАР ХАЙЯМНЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
1. 1 Омар Хайям өмірі мен шығармашылығы . . . 5
1. 2 Омар Хайям рубаиларының идеялық ерекшелігі . . . 16
II ОМАР ХАЙЯМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ИСЛАМ КӨРІНІСІ
2. 1 Омар Хайям рубайларының тақырыбы, көркемдік сипаты . . . 29
2. 2 Ислам қағидалары және ақын . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ………56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61
КІРІСПЕ
Біздің заманмен ол өмір сүрген кездің арасында жүздеген жылдар жатыр. Бірақ Омар Хайямды ұмытты ма? Оның есімін бар әлем біледі. Оның керемет рубаиларын әлі күнге дейін дүние жүзі сүйіп оқуда. Омар Хайям бүкіл әлемге әйгілі ақындардың біріне айналып үлгергелі қашан.
Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының ғалымы, әлем Шығыс жұлдызы, көреген ойшылы, дарынды ақын. Оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны әлемдік сатыға көтерді, философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті, ал өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды.
Ақын жайында жазған да, айтылған да еңбектер баршылық. Оның атының әлемге кең тарауы ХІХ ғасырда ғана мүмкін болды. Хайям зерттеушілер осы жайға орай мынандай деректер келтіреді.
Ағылшын әдебиетшісі Эдвард Фитцджеральд өз ақшасына 1859 жылы «Омар Хайямның рубаяттары» деген кітапша шығарады. Ол оған дейін Шығыс ғұламаларының шығармаларын түпнұсқадан оқыған болатын. Соған байланысты Омар Хайямға ағылшын аудармашысы аса көніл аударған болатын.
Бірақ «Омар Хайямның рубаяттары» ағылшынның белгілі баспагері, әрі кітап саудагері Бернарды Кворичтің дүкенінде екі жыл жатып қалды. Рубаяттарға көңіл бөлінбейді. Эдвард кітаптың өтпесіне әбден көзі жетеді. Бірақ бір күні кітап қолма-қол таралып кетті, ол небәрі 250 дана еді. Осыдан бастап Хайямға сұраныс тек Англия емес, Европаның өзге елдерінде, Америкада, Шығыста көп болды. Фитцджеральд көзі тірісінде үш рет басып шығарды, бесінші басылым ол өлген соң жарық көрді. Одан кейін «Омар Хайямның рубаяттары» тек 1926 жылға дейін 139 рет қайтадан басылды.
Орыс тілінде Омар Хайям тұңғыш рет 1891 жылы «Европа Вестнигінде» ақын В. Л. Величконың аудармасында жарық көрді. Ол Хайямның 52 рубаятын орысшаға аударды. 1910 жылы орыс ақыны Н. Д. Бальмонт Омар Хайямның он бір рубаятын аударды. Жалпы Омар Хайямды аударушылар саны қырық шақты. Олардың ішінде мамандар Д. Державин мен Г. Плисецкийдің аудармаларын мойындайды.
Сонда Омар Хайям деген кім, неліктен оны дінбұзар, маскүнем деген. Омар Хайям поэзиясында қандай сыр жатыр, неге әлем оқырмандары әлі де оның қандай данышпан, Тәңірге табынушы екенін жайында екі түрлі көзқараста.
Тақырыптың өзектілігі : Омар Хайямның еңбектерін талқылау, соның барысында рубаяттарға аса назар аудару. Төрт жолды өлеңнің ислам мәдениетімен қандай байланысы бар екенін аңғару. Олардың қандай заманды, қандай бағытты насихаттап келгені жайында деректер келтіру. Омар Хайямның рубаяттарының маңыздылығын ескеріп, ислам сарынын көрсету. Ең бастысы дарынды шығыс ақынының ислам мәдениетінің көрнекті өкілі екенін дәлелдеу. Оның Құдайдан басқа тәнірі жоқ екенін көрсете алу. Дінсіздік, бұзақылық, маскүнемдік Хайямға тән емес қасиеттер, оның өмірі ислам діні пайда болумен қатар қалыптасқаны. Рубаиларының өзінде адам ислам дінің табынушысы, Құдайдың үмбеті екенін көрсетеді. Осы төрт жолдық өлеңдерді түсіну де оңайға соқпасы аңық. Бірақ таза ой тұрғаны сөзсіз. Омар Хайям поэзиясын ойланып оқысақ оның астарында таза діни ой жатқанын көре аламыз.
Зерттеудің мақсаттары: Шығыстың жарық жұлдызы Омар Хайямының поэзиясындағы ислам көрінісін айқындау, Оның рубаиларында терең діни ой жатқанын дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері :
- Омар Хайям шығармашылығына тоқталу. Омар Хайям поэзиясындағы исламның көрінісі мәнін ашу. Омар Хайям рубаиларының көркемдік сипатын аңғару.
Зерттеудің нысаны : Омар Хайям рубаиларындағы ислам мәдениетінің көрінісі.
Зерттеудің дереккөздері : Омар Хайям рубаиларын және ислам мәдениетінің көркемдік сипатын зерттеуші зерттеушілер мен ғалымдар еңбектері, тарихи мәліметтер, архив материалдары. Омар Хайям шығармашылығын зерттеуші ғалымдар мен әдебиеттанушылар Қ. Шаңғытбаев, Ө. Күмісбаев, ғалым М. Ысқақов т. б. зерттеулерінде айқындалған.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы: Омар Хайям шығармашылығына деген сұраныс күннен-күнге көбеюде және оның шығармашылығына қызықпайтын адам жоқ деуге де болады. Әдебиеттің, мәдениеттің, түркі әлемінің, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтар бағалайтын үлкен шаралардың төрінде жүретін, қай кезде, қандай жағдай болмасын, өзінің үлкен адамгершілік мінезімен, аппақ шыңдай төбешік болған кемеңгер Омар Хайям шығармашылығымен қазіргі таңда тереңірек танысу маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің әдістері : талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, әдеби талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы : Омар Хайям шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді, философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті, ал өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды. Жалпы алғанда, Омар Хайям рубаяттары әлем әдебиеті тарихына қосылған үлкен үлес болып табылады. Оның рубаяттары, сонымен бірге, қазақ әдебиетінің үлгілеріне ұқсас келеді. Жалпы халық өмірі мен адамгершілік ұстанымдарға негізделген.
Жұмыстың құрылымы : кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ОМАР ХАЙЯМНЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫ
1. 1 Омар Хайям өмірі мен шығармашылығы
Бір жарым ғасыр бұрын, яғни 1859 жылы ағылшын ақыны Эдвард Фитцжеральд «Омар Хайямның төрттағандары» деп оның туындыларына тоқтап, поэма ретінде жұмырлап, Лондонда басып шығармағанда Батыс жұртшылығы, бәлкім ондай ақынның болғандығын білмеуі де мүмкін еді. Содан кейін Омар Хайямның төрттағандары адамзатқа қайта оралып, рухи айналымға түскендей. Ол әлем тілдеріне түрліше тәржімеленіп жүр.
1965 жылы Омар Хайямның туындыларын жоғары деңгейге көтерген Қуандық Шаңғытбаев 325 төрттағанын тамаша талғаммен тәржімалап, қазақша ұсынды. «Русич» баспасы (2003ж. ) 1306. Ал, 2007 жылы «Эксмо» баспасы 443 төрттағанды әдемі безендіріп, қайтадан жариялады. Бұл «Кабуснамада» айтылғанға сәйкес келе ме, жоқ па, - уақыт төреші. «Мәселен, ақындыққа қажет сөздегі үндестік, үйлесім, теңеу, пішіндеу, қайталау, дамыту, ұлғайту, шендестіру, құбылту, астарлау, ажарлау, айшықтау, түйдектеу, баяулату, баяндау, перделеу, тұспалдау, қалыптау, меңзеу, ырғақтау, бейнелеу, табу, бұрмалау, егіз ұйқас пен мадақтау сияқтылар». Қысқасы, поэзияға қатаң талап қойылады. Әрине, бұлардың бәрі Омар Хайямның қысқа да нұсқа жырларында бар болатын. Ол сөзін сағызша соза бермей, қорғасындай қорытып, айтар ойын сығымдап, аз аяға сиғызады.
Тіршілік теңізінің сыры - жұмбақ,
Бір ғажап тесілмеген гауһар сынды-ақ.
Өз қамын ойлап әркім сөз айтқанмен,
Білмейді өмір жайын ешкім шындап [39, 60],
- деп бірде ол ой иірімдеріне батырады. Қысқа қайырғанмен кімнің болса да, жүрегіне дөп тиеді. Таңдау мен талғау жолы әрқалай. Ертедегі парсы ақыны шабыт шыңына шығандау кезінде көп жәбір-жапа шекті. Шайырлығы мен ұстаздығы басыбайлы мойындалғанша оны сан-саққа жүгіртіп, нақақтан нақақ айыптап табалады. Меккеге екі рет барып, тақуалық күн кешіп, құранды судыратып жатқа білсе де дінбұзар атанды, шарапқұмар атағы шықты, сарыуайымшылдығы үшін кінәланды. Ұлы Салжұқ мемлекетінің әкелі-балалы патшалары Алып Арыслан, Мәлік шаһ пен олардың уәзірі Низам әл-Мүлікке (1017-1092жж. ) жақындығына бола биліктің колжаулығы деп жазғырды.
Жыр тауына бара жатқанда Омар Хайямға жағылмаған күйе, жаппаған жала қалмады. Аяқ басқан жерінде өсек-аяң өрттей қаулады. Соған қарамастан, біздің дәуірімізден үш жүз ширек ғасыр бұрын қос мүйізді Ескендір Зұлқарнайын қарумен жаулап алған Персияны, мың үш жүз жылдай өткенде туған парсы ақыны XIX ғасырдың ортасынан өте бергенде жырларымен бүкіл Еуропаға есік ашты. Егер Батыс данышпандарының бірі Иоганн Вольфганг Гете (1749-1832жж) көне парсы поэзиясына аса құштар болып, Фердоуси, Руми, Жәми, Хафиз жэне басқаларға өз сүйіспеншілігін жасыра алмай: «Батыс-Шығыс үндесуін жазса, ол адамзат рухи өміріндегі құбылыс еді, демек, оған әлі Омар Хайямның есімі белгісіз дүр. «Парсылар өзінің 500 жыл ішіндегі ақындарының ішінен жетеуін ғана шығыс жұлдызы болуға лайық деп тапты. Алайда осы жетеудің ішіне кірмеген ақындардың өзі менен әлдеқайда жоғары тұрады» - деп, немістің ұлы ақыны И. Гете айтқан.
Ағылшын, неміс, француз және Еуропаның өзге де тілдерінде сөйлеген төрттағандарды ешкім жатырқаған жоқ, қайта көптен күткен оқиғадай қабылданды. Сөйтіп, Омар Хайямның соны сапары басталғандай. Енді ақындыққа қоса әмбебап ғалымдығы қосылып, күрделі тұлға қадым заманнан кейін ұрпақтарымен қауышты.
Орта Азияда болу оның ой өрісі мен көңіл көкжиегін кеңейтті. Ол 1095 жылдан бастап Мейірімді, Рақымды Алланың атымен кірісіп, «Сөзді қадірлей білетін бір досым менен Наурызды тойлау салтының пайда болу себебін және ол рәсім қай патшаның тұсында негіз тапқан деген жайттарды ашып беруімді өтінді. Досымның тілегін қабыл алып, Құдіретті күштінің колдауымен Наурыздың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат бердім», деп «Наурызнаменің» жазылу мақсатын баяндайды.
Халық тәжірибесі мен наным-дағдысына сүйене отырып, Омар Хайям «Наурызнамеде» көптеген мәселенің бетін ашып, жауап бере кетеді. Оның тұлпарлар мен сұңқарлар туралы айтқаны бізге аса қызықты көрінеді.
Шығыс ұлттары мен ұлыстарының біразы ат жаратып мінгенді тәуір көреді. Олардың ішінде қазақ жылқыжанды халық. Бұны өзіміз емес, басқалар да айта бастагандай. Ағылшын ғалымдары, айды аспанға шығарғандай, көп зерттеуден кейін жабайы жылқыны алғаш қолға үйреткендер казіргі Қазақстанның солтүстігіндегі байырғы тұрғындардың ата-бабалары дегенді дәлелдеп, бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, ұйқысынан оятқандай. Маңдайға симай кеткен марқұм Асқар Сүлейменовтің: «Басқа халықтар маймылдан жаралған болса, жаралған шығар, ал дәл біздің қазақ тұлпардан, Қазанаттан жаралған» деуінде үлкен шындық шалығы жатқандай. Оны Омар Хайям былай береді:
«Төрт түлік малдың арасында аттан асылы жоқ, өйткені, ол жайылымда жүрген жануарлардың патшасы делінген екен. Пайғамбарымыз саллааллаху ғалайхи ассалам айтқан: «Игілік - ат маңдайында жазулы тұр» деп. Парсылар атты «жел денелі» десе, румдықтар «желаяқ», түркілер - «желе жүріп бақытқа жеткізу», үнділер - «қанатты тақ», арабтар - «жер бетіндегі Бурак» дейді.
Ақын арғымақтар мен сәйгүліктер жайын тәптіштей суреттей отырып, қырандар хикаясына ауысады: «Сұңқар - патшалардың аңшылықтағы нақ досы. Онымен көңіл көтеріп, жақсы көреді. Сұңкар мінезінде де патшаларға тән ірілік пен тазалық бар. Бұрынғы замандарда өткен ұлылар айтқан екен: ат - шөпқоректілердің патшасы, жақұт - минералдардың патшасы, алтын - металлдардың патшасы болса, сұңқар - етқоректілердің патшасы» деп. Сондықтан да сұңқар қарапайым адамдардан гөрі патшаларға лайық құс. Сұңқардағы маңғаз да тәкаппар айқындылық басқа бірде бір құста жоқ. Бүркіт Сұңқарға қарағанда ірілеу болғанымен оның мінезінде сұңқарға тән сұс пен бекзаттық жоқ.
Патшалар сұңқарға қарап отырудың өзін жақсылық нышаны деп білген. Бірден қолына қона кеткен сұңқар патша жүзіне тіктеп тура қараса, ол жаңа жерлерді жаулап алады дегеннің белгісі, егер керісінше болса, жағдай басқаша өрбиді деген ишара. Көкке көтеріліп бара жатып басын төмен салып, сонан соң басын қайта көкке көтерсе - патшалықты қиындықтар күтіп тұр дегенді тұспалдаса, ал, егер, көкке көтеріле бере немесе құс алып қайырылғанда қатты саңқылдап, қиқулап келсе ол - әскер қатарында толқулар болатынын меңзейді. Қолдан ұшып барып көздеген жемін ала алмаса - шығын шығады дегенді емеуріндейді. Егер оң көзін қиғаштап көкке қараса патшалықтың жағдайы жақсарады деген белгі. Сол көзімен қараса - шығынға ұшырайды дегенді аңғартады. Егер сұңқар ұзақ уақыт талмай аспанға қарап қалса - ол жеңіс пен салтанаттың ишарасы. Егер жерге тесіліп ұзақ қарап тұрса - шаруа көп болады деген сөз. Ауда бір сұңқар екінші бір сұңқармен төбелесетін болса - жаңадан дұшпандық тұтанады деген нышан».
Омар Хайям «Наурызнаме» рисаласында сұңқарды аулап, баулу тәсілдері мен амалдарына және оның тарихына көп тоқталады. Өмірдің біраз жайына шолу жасай келіп, қалам хақында да сөз қозғайды: «Ирак елінде қаламның он екі түрі белгілі, олардың әрқайсысының өзіне тән ұзындығы, көлемі және пішіні бар. Каллиграфтар әрқайсысын ұлы адамдар атымен атайды: Мукли ибн Муклидің атымен, Мухалики ибн Мухалхила атымен, Мукаффай-и-ибн Мұқаффа есімін иемденсе, төртіншісі - Мухамиби, бесіншісі - Михранаи, алтыншысы - Амиди, жетіншісі - Булфазли, сегізіншісі - Исмаили, тоғызыншысы - Саиди, оныншысы - Шамси.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ұзындығы, көлемі, пошымы болады, оларды айтып жату артық уақыт талап етеді. Солардың арасындағы біреуі шамси - Шамс Маалидің кұрметіне арналған. Бамбуктан немесе мысырлық қамыстан жасалады. Шамс әл-Маали айтқан: диуан хатшыларына мықты қамыс қажет, өйткені, олар жазғанда қаламды батырып сықырлатып жазады. Олардың қолтаңбасы керемет. Және айтқан: патшаларға арналған қаламдар жүйрік болсын, жазғанда саусақтарын қинамайтындай, өйткені, хатшылар сияқты қағазды тізелеріне жайып отыру патшаларға жараспайды. Қолтаңба көркем болуы үшін өте көп жазу жазып жаттығу кажет».
Осы уақытқа дейін біз Омар Хайямның ақындығын шамалы білгенмен ішінара белгілі болатын. Еліміз біраз үзілістен кейін Наурыз мерекесін тойлап, жаңа жылды көктемнің жаңғыруынан бастағалы бері бұл салада сең бұзылып, ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып пен дәстүрлер кайта оралып, жандана бастағандай. Өмір құбылыстарын жіті бақылап, тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін түйетін Омар Хайям шығармашылығында көктем, жастық, махаббат пен сұлулық жайында өлеңдер аз емес. Ақындардың бәрі сонша неге көктемге құмар, ғашық деген ой мәңгі мазалайды. Табиғаттың бұл шағы өлген ағзаға қан жүгіртіп, жасартып, жаңғыртып, жер үстін Иран бағына айналдырғанда жаратылыстың жан бөбегі одан сырт қалсын ба? Оларға бұл да өзінің азаматтық қатысын білдіріп отырды.
Ақындық - Алла сыйы. Оны әркім әрқалай пайдаланады. Ұрпақтарға өлмейтұғын сөз қалдырған Омар Хайям дәуірі де аса күрделі еді. Басынан Иран мен Тұранның бір-біріне жұлдызы қарсы болса да бұл халықтардың перзенттері барыс-келісті шектемей, тату-тәтті қарым-қатынастарды ұстанды. Азия құрлығындағы біздің тағдырлас екенімізге ешкім күмән келтіре алмайды.
Әлі күнге бұл елде поэзия десе ішкен асын жерге қояды. Мәселен, Хафиз жырларымен бал ашып, бағдар сілтеу қалыптасқан дәстүр. Гүлдер мен ғашықтар тілі бірдей түсінетіндей бұнда. Сондай үйлесімді.
Омар Хайям жержүзілік кұбылыс. Көркем ойды бұған дейін дәл ондай қысқа қайырып көкейде бұлқынып жатқан сезімді жеткізген ешкім жоқ. Егер бұған дейін Гомер (Өмір), Фердоуси және басқалардың кең тынысты шығармалары арқылы дәуірлердің көкейкесті мәселелері, адам баласының, басқалардың арманы мен мұраты, діттегені мен көксегені көрініс тапса, бұдан былай да еңбектенудің осындай жолы бар екенін көрсетті. Тәжірибе мен тәлім қандай! Оның табиғаты ешқашан тарылмайды. Бірақ, оны қабылдап, күн нұрындай бойға сіңіру оңайлықпен келе ме?
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы (толық аты - Абуль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған.
Ақынның толық аты Гийас ад-Дин Абу-л-Хатх Омар ибн Ибрахим Хайям. Ғалым Омар парсыша Хайям деп, арабша әл-Хайями деп аталып кеткен. «Хейям» - араб тілінде «шатыр тоқушы» деген сөз. Оның әке-шешесі шатыр-палатка тоқып, керуендерге сатып кәсіп еткен болуы керек. Хайямның нақтылы аты-жөні - Ғиясэддин Әбілфатих Омар ибн Ибраһим ән-Нишапури, Нишапури - Омардың ныспысы, туған жерінің аты [10] .
Ол шамамен 1048 жылы Нишапур қаласында дүниеге келген кезінде, яғни ХІ ғасырда Иранның шығысында орналасқан Нишапур ел аузына ілінген шаһар болатын. Мұнда бай кітапхана, жоғары және орта білім беретін медресесі болыпты.
Омардың балалық шағы осы қалада өткен, оның әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, «Хайям» - осы кәсіпке байланысты туған атау. Омар алғашқы білімді медреседен алып, әрі қарай Балхы Самарқандта білім алған.
Оның негізгі ұстазы Нишапурдың белгілі ғалымы Насыреддин шайх Мұхаммед Мансур (1104 жылы өлген) деп есептеледі. Дарынды Хайям өз бетімен оқып та көп білім алады.
Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.
Ғалымның жігіттік шағы Балх қаласында өткен, ол онда математика, физика, астрономия, философия, дін негіздері, тарих ілімдерімен шұғылданған, араб тілін еркін меңгеріп шыққан. Одан кейін Самарқан, Мерв, Исфаған, Рей тағы басқа қалаларда тұрып қызмет істеген.
Омар Хайям - жасынан тынығу дегенді білмеген жан, оны әркез математика мәселелері толғандырды. Дегенмен ол поэтикалық ізденістері кезінде демалды десек қателеспеспіз. Бірақ бұның да еңбек етудің бір түрі екенін есте ұстағанымыз жөн . . .
Жас шағында Омар Хайям Бұхара мен Самарқанда тұрды. Жиырма жетісінде алыстағы Исфахандағылардың көзіне шалынды. Мәлік-шахтың бас уәзірі Низам әл-Мүлік жас ғалымды Исфаханға шақырды. Осы жерде Омар Хайям қырық жылдан астам ғұмырын өткізді.
Исфаханда Омар Хайям арнайы философиямен шұғылданады. Ол, әсіресе, Ибн-Сина еңбектерін мұқият зерттейді. Осы кезде арабтың ақыны әрі философы Абу-л-Ала әл-Маарри еңбектерімен танысады.
«Хайямның өмір сүрген дәуірі ел тағдырында елеулі із қалдырған уақиғаларға толы. Бұл кезде Иран мен Орта Азияда ислам діні орнығып, қалаларда мешіттер салынып, араб тілі халықаралық ғылыми тілге айналған еді. Иран мен Орта Азия жерінің көпшілігі Ғанза сұлтандары билейтін. Ғанза - қазақтың «Қобыланды батыр» дастанында айтылатын Қазан қаласы» [42, 7] .
Алайда ғанзалықтардың дәурені шолақ болды, олар сәджүктердің шоқтарына кездесті. ХІ ғ-дың І-ші жартысында Түркменстан жерінен шыққан сәлжүк түріктері Ғанза хандығын талқан етті. 1040 жылы Данданақан түбінде болған шайқаста Масғұт сұлтан әбден жеңіліп, жерінің көпшілігінен айырылып қалды. Солтүстік Иран мен Орта Азияның негізгі облыстары сәлжүктерге қарады. Сәлжүктер мұнымен тоқтамады, шапқыншылықты үдете берді. Тынымсыз соғыстар, шамадан тыс салықтар, шариғат ережелері халықтың тұрмысын нашарлатты. Ғалымдардың да төбесіне қамшы ойнады. Бұл жөнінде Омар Хайям былай деді: «Біз ғалымдардың қырғынға ұшырауының куәсі болдық, олардан тек ауыр азапқа шыдаған бірен-сарандары ғана қалды. Бұл тірі қалған ғалымдарға түгелінен беріліп, өз ғылымын жетілдіруге және тереңдетуге қатыгез тағдыр мүмкіндік бермеді. Осы күні ғалым түрінде жүргендердің көпшілігі болар-болмас білгендерін зұлымдық мақсаттарға ғана пайдаланып, алдамшылық пен екіжүзділіктің шеңберінде қалқып жүр, шындыққа өтірікті кигізіп жүр». [21, 19] .
Омар Хайямның ғалым ретінде қалыптасуына Орта Азия ғылымы мен мәдениетінің алыптары - Хорезмидің, Фарабидің, Бирунидің, ибн Синаның, Рудакидің, Фердаусидің, Қысыраудың және т. б. басқалардың еңбектері зор әсер етті. Хайям солардың дәстүрлерін дамытып, ілгері бастырды. Ол әділеттілік пен адамгершілікті жақтады, шариғат ережелерін сықақ етіп, ақыл мен білімге жүгінді, бұқара халық жағында болды. Соның арқасында оның даңқы бүкіл Шығыс еліне жайылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz