Cұлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Сұлтанмахмұт Торайғыров және оның дәуірі
1.1 Ақын шығармаларының негізгі тақырыптық.идеялық өзегі ... ... ... ... ...6
1.2 Ақын өмір сүрген дәуір ... ... ... ... .25

ІІ Ақын шығармаларындағы ағартушылық көзқарастар
2.1 Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмаларындағы ағартушылық идея ... ... 33
2.2 С.Торайғыров өлеңдері тілінің әлеуметтік орта шындығымен байланыстылығы ... ... .64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ..71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... 75
Қазақ тарихында ерекше «ақыл-пікірді ұстартқан» тұс – Ағартушылық кезеңі. Қалпы ұлттық ой сана, Абай ұғымымен айтқанда, ағартушылықтың алдында борыштар. Ағартушылық – жақсылыққа, бақытқа ұмтылған күллі елдің бастан өткерер жетілу, өрістеу жолы. Сондай-ақ мұны әр ұлт бірі-біріне ұқсай бермейтін мазмұнда қилы жағдайда, сан түрлі мерзімде жүріп өтеді. Бұлай болуы қоғамдық-тарихи факторларға байланысты. Ағартушылық кезеңнің бар мақсат-мүддесін бойына жинақтайтын әдебиеттің функциясы білім-іліммен ғана шектелмейді.
Осы орайда қайраткер Әлихан Бөкейхан: «Оқу-білім болса, мақсат бәрі табылады дегендей көрінеді. Бұлай болса, бұл- адасқандық болды. Біліммен мақсат шықпайды. Ғәзәзіл ұжмақтан надандықтан шыққан жоқ. ...Ұлтына, жұртына қызмет қылу – білімнен емес, мінезден. ...Жақсы мінезге тоқтаған адам аз. ...Неше түрлі залалды қазақ мінезі бұзық орысша, мұсылманша хат білгендерінен көрініп жүр. Бұлар өзге қазақтан білімді. Білімнен жақсы мінез шықса, бұ қалай?» – дейді. Ағартушының «жақсы мінез» дегені – адамшылық, имандылық, елшілдік. Аталған кезеңнің қаламы осыны орнықтыруға жұмсалды.
«Басқадан кем болмас үшін біз білімді һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», ¬ деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы.
1 Әуезов Мұхтар. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Он жетiншi том. А, 1985ж.
2 Әуезов Мұхтар. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Жиырмасыншы том. А, 1985ж.
3 Ахмет Байтұрсынов. “Ақ жол” А, 1991ж.
4 Бердiбаев Рахманқұл. Роман және заман. А, 1967ж.
5 Бердiбаев Рахманқұл. Замана сазы. А, 1985ж.
6 Досмүхаметүлы Халел. Аламан. А, 1991ж.
7 Дербiсалин Әнуар. Әдебиет туралы толғаныстар. А, 1990ж.
8 Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары. А, 1958ж.
9 Кенжебаев Б. Ақын – жазушы, ақын - ойшы. Қазақстан мектебi, 1973ж, №10.
10 Кенжебаев Б. Қазақ әдебиетi тарихының мәселелерi. А, 1973ж.
11 Кекiлбаев Әбiш. Жыр сұлтаны туралы сөз. Егемен Қазақстан, 1993ж, 8 шiлде.
12 Кенжетаев Кәукен. Ойды ой қозғайды. Сарыарқа самалы, 1991ж, №165.
13 Қазақ әдебиетiнiң тарихы. II том. 2 кiтап. А, 1965ж.
14 Қазақ совет энциклопедиясы. II том. 1977 ж.
15 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. А, 1991ж.
16 Көпеев Мәшһүр-Жүсiп. Шығармалар жинағы. II том. А, 1992ж.
17 Қирабаев Серiк. Октябрь және қазақ әдебиетi. А, 1968ж.
18 Мұқанов Сәбит. Айтыс. Қазақ халық әдебиетi. А, 1988ж.
19 Мұқанов Сәбит. Таңдамалы шығармалар жинағы. 15 том.
20 А, 1979ж.
21 Негiмов Серiк. Жаныры жаңа, мазмұны соңы. Жұлдыз, 1988ж, №5.
22 Негiмов Серiк. Айтыс өлеңiнiң төзiлiсi. Қазақстан мектебi, 1973ж, №8.
23 Өтебаев Е. Жасасың, алаш, жасасың. Ана тiлi, 1991ж, 25 сәуiр.
24 Өтебаев Е. Өмiр өткелдерi. Егемен Қазақстан, 1993ж,
25 8-10 шiлде.
26 Өтебаев Е.Ақын жайындағы ақиқат. Қазақ әдебиеті, 1984 ж.
27 13 шiлде.
28 Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. А, 1992ж.
29 Ергөбеков К. Айтыс. Ана тiлi, 1992ж, №18.
30 Сүлейменов О. Аз и Я. 1989ж.
31 Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. Екiншi том. А, 1987ж.
32 Торайғыров С. Екi томдық шығармалар жинағы. А, 1993ж.
33 Әдебиеттер тізімі:
34 Нарымбетов Ә. Қазіргі қазақ поэмасы. Алматы: 1982.
35 Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. –Алматы: Ғылым. 1992.
36 Жұмағалиев Задан. Құпиясы ашылған қос дастан //”Жас алаш” республикалық газеті. № , 7 - тамыз, 1993 жыл.
37 Шапауов Ә. Сұлтанмахмұт шығармашылығының зерттелуі// «Шоқан тағылымы – 11». Халықаралық ғылыми конф. КМУ. Көкшетау-2006.
38 Шапауов Ә. С.Торайғыров поэмаларының көркемдік мұрасы // «С.Торайғыров оқулары -1». Республикалық ғылыми конференция. ПМУ. Павлодар. 2003
39 Сұлтанмахмұт Торайғыров /Екі томдық шығармаларының толық жинағы. Құрастырушылар: А.Еспенбетов, Б.Мамыраев, Қ.Ергөбеков/.–Алматы: ҚР ҰҒА, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. «Ғылым», - 1993.
40 Кенжебаев Б. Асау жүрек. – Алматы: Жазушы. 1975.
41 Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Монография. А.: Ғылым.1992.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Cқлтанмахмұт Торайғыровтың ағартушылық идеясы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Сұлтанмахмұт Торайғыров және оның дәуірі
1.1 Ақын шығармаларының негізгі тақырыптық–идеялық
өзегі ... ... ... ... ...6
1.2 Ақын өмір сүрген
дәуір ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25

ІІ Ақын шығармаларындағы ағартушылық көзқарастар
2.1 Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмаларындағы ағартушылық идея ... ... 33

2.2 С.Торайғыров өлеңдері тілінің әлеуметтік орта шындығымен
байланыстылығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .71
пАЙдаЛАнылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...75

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ тарихында ерекше ақыл-пікірді
ұстартқан тұс – Ағартушылық кезеңі. Қалпы ұлттық ой сана, Абай ұғымымен
айтқанда, ағартушылықтың алдында борыштар. Ағартушылық – жақсылыққа,
бақытқа ұмтылған күллі елдің бастан өткерер жетілу, өрістеу жолы. Сондай-ақ
мұны әр ұлт бірі-біріне ұқсай бермейтін мазмұнда қилы жағдайда, сан түрлі
мерзімде жүріп өтеді. Бұлай болуы қоғамдық-тарихи факторларға байланысты.
Ағартушылық кезеңнің бар мақсат-мүддесін бойына жинақтайтын әдебиеттің
функциясы білім-іліммен ғана шектелмейді.
Осы орайда қайраткер Әлихан Бөкейхан: Оқу-білім болса, мақсат бәрі
табылады дегендей көрінеді. Бұлай болса, бұл- адасқандық болды. Біліммен
мақсат шықпайды. Ғәзәзіл ұжмақтан надандықтан шыққан жоқ. ...Ұлтына,
жұртына қызмет қылу – білімнен емес, мінезден. ...Жақсы мінезге тоқтаған
адам аз. ...Неше түрлі залалды қазақ мінезі бұзық орысша, мұсылманша хат
білгендерінен көрініп жүр. Бұлар өзге қазақтан білімді. Білімнен жақсы
мінез шықса, бұ қалай? – дейді. Ағартушының жақсы мінез дегені –
адамшылық, имандылық, елшілдік. Аталған кезеңнің қаламы осыны орнықтыруға
жұмсалды.
Басқадан кем болмас үшін біз білімді һәм күшті болуымыз керек. Білімді
болуға оқу керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс
істеу керек, деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы.
Қазақ Ағартушылығы жат жұрттың бодандауы дәуірінде туып, қалыптасып,
дамыды. Бұл тұрғыдан ол отаршылдыққа қарсы күрес барысында жетілді. Кеңес
өкіметі тұсында шет ұлттардың ағартушылығы және сол бағыттағы әдебиет
белгілі бір идеологиялық шеңберге сыйдырылып қарастырылды. Ол бойынша, XIX
ғасырдағы Ыбырай, Шоқан, Абай сынды ағартушылар орыс төңкерісшіл-
демократтарының әсерімен өмір сахнасына көтерілген болып шықса, XX ғасырдың
басындағы оқығандар тап мүддесін ойлағандар ретінде сипатталып, олардың бір
бөлігі ғана ағартушы-демократтар еді делінді [1,25], – дейді алаштанушы
Диқан Қамзабекұлы. Орыс зерттеушісі Д.С.Лихачев: Ақынның көңіл-күйін
әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал жайына байланысты, өзін
қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса
да, жабырқай толғанса да, лирикада сол өз кезінің шындығы жатады [2,74], –
деген тұщымды пікір айқан-ды.
Ы.Дүйсенбаев та ақиық ақын Сұлтанмахмұттың ағартушылық идеяны
насихатттаған ақын екенін әділ таниды: С.Торайғыровтың айрықша назар
аударған тақырыбы: оқу, білім алу мәселесі болуы да кездейсоқ емес.
Өйткені, бір жағынан, сол кездегі қазақ даласы үшін бұл ең маңызды істің
бірі десек, сондай-ақ, ақынның өз басы да білім алуды аңсаған қазақ
жастарының ең алдыңғы қатарында болатын. Сөйтіп, жалпы халықтық мүдде мен
жеке тілегі дөп келуі жас ақынның бұл жөніндегі өлеңдеріне ерекше мағына,
мазмұн берді [3,114].
Демек, ХХ ғасыр басындағы қазақ қаламгерлерінің шығармаларындағы
ағартушылық идеяны бөліп-жарып қарастыру – басты мақсаттарымыздың бірі
болып саналады. Ендеше, ХХ ғасыр басындағы қоғам қайраткерлері әрі мұғалім,
әрі ақын-жазушылардың ішіндегі Сұлтанмахмұт, шығармаларындағы ағартушылық
идеяны танытатын дүниелерді сараламақпыз. Бұл орайда Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың өмірі мен шығаршылығы турасында ғалым Арап Еспенбет және
т.б. ғалым-зерттеушілер толағай еңбектер жазды, әлі де жазылып жатқандығы
белгілі. Алайда аталған ақынның өмірі мен шығармагерлігі толықтай
зерттелді яки зерттеліп жатқанымен нақты ағартушылық идеяны қаузап жазған
шығармалары әлі күнге жеке қарастырылмағаны белгілі. Сол себепті зерттеу
нысаны ретінде де жоғарыда аталған ақынның поэзиялық әлемінен тек қана
ағартушылық идеяға үндейтін өлеңдері алынды.
Зерттеудің мақсаты: Алға қойылған басты мақсат – XX ғасырдың басындағы
ағартушы – демократтық бағыттың ірі өкілі С.Торайғыровтың шығармашылығы,
өмір тарихы, заман және ақын арасындағы байланыс кезінде үлкен зерттеулер
тақырыбына айналып, әр түрлі бағаланып келді. Қазақ әдебиеттану ғылымында
Сұлтанмахмұттанудың өзіндік тарихы, қалыптасу жолы бар.
Дегенмен, ақын шығармашылығының бағалануында әр кезеңнің, уақыттың өз
ықпалы болды. Оның әр алуан мысалдарын ақын шығармашылығынан молынан табуға
болады. Бір ғана мысалмен шектелсек, кешегі кеңестік заманда
С.Торайғыровтың Таныстыру, Айтыс секілді ірі шығармалары тым аз
айтылып, айтыла қалған жағдайда тек сын тұрғысынан, ақынның адасушылығы,
ұлтшылдыққа ұрынуы бағытында ғана сипатталды. Ал бүгінгі тәуелсіздік
жылдарында тек бұл туындылар ғана емес, басқа да осы идеялық бағыттағы
шығармаларына жаңаша баға беру, тану мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Диплом
жұмысымызда ақынның өлеңдеріне осы жаңа таным, түсінік, бағалау тұрғысынан
келуді мақсат еттік. Курстық жұмысының тақырып өзектілігі де осымен
байланысты.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Жасындай жарқырап өткен
өршіл, әлеуметшіл ақын С.Торайғыровтың шығармашылығы қазақ әдебиеттану
ғылымында үлкен зерттеу нысанасына айналды, Сұлтанмахмұттануда М.Әуезов,
С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбиев, Б. Кенжебаев, Д.Әбілев, Қ.Жұмалиев. Е.Ысмайылов,
Б.Шалабаев, К.Бисембиев, Т.Әбдірахманов, Қ.Шәменов, Ә.Тәжібаев,
Қ.Нұрмаханов, А.Еспенбетов сияқты үлкен ғалымдар жан-жақты, сан-салалы
зерттеулер жүргізді. Курстық жұмыстың әдіснамалық негізі етіп, осы танымал
ғалымдардың еңбегі алынды. Белгілі әдебиет зерттеушілерінің еңбегімен
мүмкіндік болғанынша таныса отырып, өз ой-толғамдарымызды солардың ғылыми
тұжырымдары негізінде өрбітуге тырыстық.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақ әдебиеттануында елеулі орын алған
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы ағартушылық қырынан дипломдық жұмыс
деңгейінде зерттеу нысанына алынып, оның шығарма тақырыбы, образдар
жасалымы, идеялық-эстетикалық тұғыры тұрғысынан ғылыми тұрғыдан
зерделенді;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелеріндегі
ой қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында әдебиет тарихы
бойынша жүргізілген арнаулы курстарда пайдалануға болады.

Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді зерттеп саралау, мәтін
анализы.

І СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ
1.1 Ақын шығармаларының негізгі тақырыптық – идеялық өзегі
Сұлтанмахмұт Торайғыров мұраларына тоқталатын болсақ, 1912-1913
жылдары ақын Троицк қаласына келіп, онда әуелі медреседе оқып, кейін
Айқап журналының редакциясында қызмет істейді. Осы кезден басталатын
шығармашылық жолында оның ағартушылық көзқарасы анық танылады. Ол Абай
мен Ыбырайдың осы саладағы ойларын дамыта отырып, өнер мен білім жолына
үгіттейді, оқудың пайдасын әңгімелеп, мәдениетті елдердің тіршілігін үлгі
етеді. Үмітті жастарға артып, олардың ел, қоғам алдындағы міндетін
түсіндіреді. Ақынның Оқып жүрген жастарға, Талаптарға, Оқуда мақсат
не?, Анау-мынау сияқты өлеңдері, негізінен, осы тақырыпқа арналған.
Оларда ақын жастар алдына оқып білім алып, елге қызмет ету идеясын, осы
салада бірігіп, күш қосу қажеттігін ұсынады. Сонымен бірге Сұлтанмахмұт ел
ішіндегі өнерге, оқуға деген ескі көзқарасты, елдің қараңғылығын,
надандығын сынайды.
Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері бойынан, өзі айтқандай,
Қараңғылықтың көгіне ызалана алға ұмтылған, ізденімпаз, білім-өнер
аңсаған жаңа ұрпақтың өкілін танимыз. Өмір бойы халқы көрген азап пен
надандық, қазақи қыңыр мінездер ашындырған оның Шындықтың аулын іздеуге
бел шешіп кірісуі де осы кез. Осы жолда ол алдымен орыстың тілін, ғылымын
үйренуді мақсұт тұтады [3,280].
Бүтіндей алғанда, Сұлтанмахмұттың бірсыпыра шәкірттік өлеңдері (1917)
сақталған. Өлең түрі мен көркемдік ізденістерінде жетіспеушілік бола тұрса
да, олар жас ақынның қоғамдық құбылыстардың мағынасын, сырын, түсінуге
ұмтылысымен, өлең тілімен жасауға деген алғашқы талабымен ерекшеленеді. Ол
қоғамдағы әділетсіздік туралы, әйел тағдырына немқұрайлы қарайтын заман
жайлы, дін мен діни оқудың схоластикалық сипаты жайында айтады. Оларға өз
ұғымындағы әділеттілік, адамдық,ар туралы түсініктерді қарсы қояды.
Суреткерлікке ұмтылып бай қызы мен бай ұлының. Байлық пен кедейліктің
бетін танытуға арналған жырларынан байқалады. Алайда олар ұғымдағы саяси
көзқарасты, ақындық поэзияны таныта алмайтын еді. Мұндай ақындық таным мен
байсалдылық Сұлтанмахмұттың 1912 жылдан басталатын шығармашылығының жаңа
кезеңінде ғана бой көрсетеді. Соған қарамастан жас ақынның алғашқы талабы
оның ескі ұғым мен діни білімнің шеңберіне қоймантындығының белгісі сияқты.

1912-1913 жылдары Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, онда әуелі
медресе оқып, кейін Айқап журналының редакциясында қызмет істегені
жоғарыда айтылды. Осы кезден басталатын шығармашылық жолында оның
ағартушылық көзқарасы анық танылады. Ол Абай мен Ыбырайдың осы кезде
ойларын дамыта отырып, өнер мен білім жолына үгіттейтін өлеңдерінің
пайдасын әңгімелеп, мәдениетті елдердің тіршілігін үлгі етеді.
Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт ел жастарына
арнайды. Оқып жүрген жастарға өлеңінде оқыған адамның оқуға деген ынтасы
мен келешекке сенімін бейнелейді.

Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ.
Қусақ, бәрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз [32,128], - дейді.

Осы идеяны ақын Оқуда мақсат не? деген өлеңінде тереңдетіп,өлең
мақсаты молда болып ескілікті бағу емес, әкім болып, болуда емес, өнер
табу, халыққа пайдалы іс істеу екенін айтады. Ол Жетімдік көрсе тістей
қататын молданың арам мінезі сөз боп жем табуға ұмтылушыларды сынайды.
Сұлтанмахмұттың бұл тұста жазған өлеңдерінде ізденіс, ұмтылыс күшті.
Шығамын тірі болсам, адам болып деген өлеңінде:

Мен-балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белін буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған [32,132], -

Hадандыққа қарсы, азаматтық бағдарлама ұсынады. Осыдан бастап, ақын
өлеңдерінің лирикалық кейіпкерлерінде шарқ ұрып іздену басым. Сол жолда
нелер қиыншылықты жеңуді ойлайды. Ендігі бет алыс өлеңінде:
Ақтармын оқып жетіп адам атын,
Басқаға жоқ ықылас бөлуге мен.
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Торығып болымсызға жасу деген.
Ісіне құрт-құмырсқа ілтипатсыз,
Ойымда тек сол белден асу деген.
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Ризамын не көрсем де осы жолда,
Шаршармын,адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табармын деп көңілім сонда [32, 201],
-деп жазады.
Сұлтанмахмұт – тым ерте оянған және халық, ел мұның түсініп жырлаған
ақын. Осы балаң жігіт (19-20жаста) жазған өлеңдерінің өзінде ол әлеуметтік
теңсіздікті, өз халқының қоғамдық өмірінің мешеулігін, ескі ауылды
жанышқан әдеп-ғұрып заңдарының қырсығын жіті көреді. Ақын дәуірінің озата
ақыны есебінде аталған ауыртпашылықтарына жаны ауыра қарайды. Анау-мынау
өлеңінде қазақ халқының тіршілігін көрші елдермен салыстыра суреттеп, оның
басқалардан кейін тұрғанын көріп күйінеді:

Анау қырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Бастарында азап тұр [32,32].

Ақын өлең түрі жағынан бірқатар ізденістерін байқатқан бұл жылдар,
негізінен, үгіттік өлеңдердің дәрежесінен асып қойған жоқ-ты.
Оқу жолында үзіліс, Айқаптағы қызметтен кету, одан кейінгі
Баянауылға барып Шоң серіктігін ұйымдастыру талабының іске аспауы оның
шығармашылығына өзгеше бір леп алып келді. Өмірден қағажу көріп, ойындағысы
бола қоймай, қайсар талант жырларында бунтарлық мінез көріне бастайды. Оны
да заман дарытқан еді. Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіп бойынан, өзі
айтқандай, Қараңғылықты кегіне ызалана ұмтылған, ізденімпаз, білім-өнер
аңсаған жаңа ұрпақтың кейпін танимыз. Өмір бойы халқы көрген азап пен
надандық , қиық қыңыр мінездер ашындырған оның Шындықтың аулын іздеу үшін
бел шешіп кірісуі де осы кез. Осы жолда ол алдымен орыстардың тілін,
ғылымын үйренуді мақсұт тұтады.

Оллаһи, ант етемін Алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен.
История, география пәнд і білмей,
Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен.

Келгенше осылардың отыз жасқа,
Іншалла,бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсам, мәз болмаймын ішер асқа [32,156]!

Сұлтанмахмұттың ақындық, азаматтық жаңа бағдарламасын ұсынған осы
сөзінен лапылдап тұрған ақындық мінездің табандылыққа ұласуын көреміз. Ол
нені айтса да жеңіл-желпі айта алмайды,таусылып, жеріне жеткізе, оқырманын
сендіре айтады. Оның Шоң серіктігін ұйымдастыруға жәрдем берген
Шорманның Садуақасына айтқаны мен сол ауылдан шығып келе жатқанда
достарына айтқан сөзінде де осы ой байқалады. Ешбір кедергіге мойынұсынбай,
ілім-білім халыққа қызмет ету,жұлдыз болып емес, толған айдай алып туып
еліне жарық болу, сөйтіп Қараңғы қазақ кегіне жарқырап шығып күн болу ,
Мұздаған елдің жүрегін жылытуға-Сұлтанмахмұт мұрат тұтқан асқақ идеялар.
Сол ғана айтып, сол ғана армандаған тың жол, тың мақсат! Осы арқылы ол өз
кейіпкерінің бойына дәуірдің рухын дарытты.
Осыдан бастап Сұлтанмахмұт ағартушылығы бірсыпыра байқалды. Бұрынғы
үгіттік өлеңдердің орнын лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін
суреттейтін жырлар туады. Өр характерді алға ұстайды, өмір шындығын соның
ұғымы мен танымы ашыға ұмтылады. Өмірдің күрделілігі сияқты нақты адам
ұғымы да күрделі, қайшылықты. Ойлаған іс орындала бермейді,ойлаған арман
жеткізбейді. Әрбір сезім адамы сияқты ақын да бұған налиды,күйінеді,
күйзеледі. Сұлтанмахмұт та, оның лирикалық кейпі де оны бастан аз кешпеген.
Ол кешкен қиыншылықтармен сәтсіздіктер ақын жырларында мол із қалдырған.
Алайда бұл лирикалық кейіпкердің тағдырға мойынұсынбай, жалынды от боп
қасарыса алға ұмтылғаны, ауытрпашылыққа шабар өжет мінезі көрінеді.

Ден сау болса тағдырдың
Көкке ұшырам күлдерін.
Жігермен талап еткен соң,
Қоям ба екен сүлдерін.
...Серпіп тастап түндерін
Туғызамын күндерін,
Қаңқылдадып қаздарын
Шығарамын жаздарын, [32,133] - дейді ол.

Тағдырға ақын өз менін қарсы қояды. Оның филосифиясы - адамның өзін
өзі билеуі, өз еркін өзі бағындыруы, Еркіме жүрер менің қай дүние, көнбесе
еркіме өзім денем дейді сондықтан да ол:

Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды деулерді,
Шығарамын сөзімнен.
Өзім қылдым деулерді,
Таса қылман көзімнен.
Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күткіш наданның
Орны тозақ әрқайда.
Теңгерер соңыра деген сөз
Тек жұмбақтан бір айла, - деген қорытындыға келеді. Адам еңбегін,
рухын көтеру зор леппен, ойшылдықпен, батыл, әрі анық айтылған! Бұл өлеңде
Сұлтанмахмұттың қандай күйде болса да, келешекте үміт үзбей өр,
романтикалық сезім күйін, зор талабы мен асқақ арман танылады. Ол туған
халқын шын жүректен беріле сүйеді. Туған еліме өлеңінде ол: Балалыққа
жарасаң, аталыққа жарайсың дейді халқына.

Қайтейін, елім, қимаймын.
Қия алмай жанды қинаймын.
...Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын [32,312].

Сұлтанмахмұт та Оқып жүрген жастарға, Шығамын тірі болсам адам
болып, Анау-мынау, Қандай, Туған еліме, Алаш ұраны т.б.
өлеңдерінде туған ел-жұртының жай-күйін, уақыт шындығын, өз болмыс-
бітімімен астастыра жырлайды.
Сыршыл ақын өзінің жүрекжарды ойлары мен сезім-сырларын ашуда, оқыған
азаматтардың шыбын жандары шарқ ұрып, елді тәуелсіздікке жеткізу жолында
Оян қазақ деп жар салғанымен, оларға жауша қараған кейбір надандардың
да іс-әрекетін, сезім күйін қатар алып көрсетеді. Өлеңнің соңында ақын
өнерден құр алақан қалып бара жатқан елінің жағдайын баяндай отырып,
жастарды осымен күресуге, алға қарай баруға үндейді. Сондықтан да
оқырман алдында ақынның азаматтық өршіл рухы биіктей береді. Елінің ауыр
халін, өзі өмір сүрген кездің жай-жапсарын анық аңғартқан ақынның ойлы
бейнесі шыңдала түседі.
Яғни Сұлтанмахмұт лирикасындағы типтелген, жинақталған образ әрқашан
алашшылдығымен, оқу-білімге ұмтылған, адамзаттың әлеуметтік теңдігін
армандаған, қазақтың болашағынан үміт күткен патриотизмімен дараланады.
Мұндай лирикадағы әлеуметшілдік, халықшылдық қасиет – Сұлтанмахмұт
лирикасына тән ерекшелік, -дейді. Ал Оқуда мақсат не? (1912) лирикалық
шығармасынан Торайғыров кейіпкері ғұмырын сарп етіп, белін бекем буған
қандай оқу еді дейтін мәселеге қаныға түсеміз. Өлең Зарландым туындысымен
үндес. Зарландым әңгімесінде қаламгер қазақ ауылында білім беру жүйесін,
жастардың мағынасыз күн өткізетіндігін қатаң сынаған еді.Сахарада өмір
кешіп жүрген қазақ балалары үш түрлі жолда болады.
Біріншісі: жасынан бір ауыз ғылым оқымаған, әліпті таяқ деп білмейтін,
айуан секілді ішіп-жеп, мал бағып, өсек аңдып, айтуға ауыз шошитын неше
түрлі бұзық мінездерменен қараңғылықта күнін өткізіп барады. Екіншісі:
бұрынғы аян молда, надан қожа имандардың жолымен кетіп, атсаң оқ, айтса сөз
өтпейтін миларын шатастырған қияли болады...
Үшіншісі – біздер. Біздердағы сахарада өмір өткізген қазақтың көк өрім,
қыршын жастарымыз. Ең әуелі бұрыңғы атақты молда, ауақты қожалардан оқып,
келіншектерімізге Әліп үсүн ән мен Әбжат таусылмай, тәуірлеріміз Кесік
бас, Тақи ғажап секілді пайдасыз кітаптардың санын түгесе алмай, миымыз
шіріп, алтыннан аяулы асыл өміріміздің ең қымбатты уақытын босқа кетіріп
әбден шатасқан едік. Сол уақытта тәртіпті медреседен тәртіпті оқу оқып,
Ұсұл тағлым көрген молдалар еліміздің әр жеріне келе бастады, - дейді.
Автор жастардың оқудан гөрі ауыл үйдің қыбыр-сыбыры, жөнсіз-жосықсыз
дөрекелікке жақын тұратын әдетін батыл айыптап, міллетімізге пайдалы адам
боламыз ба деген зор үміт пен таудай талабы бар шәкірттердің іріктеліп
көріне бастауына қуанышын жасырмайды.
`Зарландымда надандыққа, тоғышарлыққа төзбесті білдірсе, Оқуда
мақсат не? лирикасында халқында, еліне қызмет істеуді азаматтық борышы
санамайтын, жеке басының қамын ойлайтын оқығандарды сын тезіне салған.
Оқуда мақсат не?! Лирикалық кейіпкер өзіне сұрақ қоя отырып, бүкіл қазақ
халқының тағдырына қатысты жәйді көтерген. Мақсат не? Хашия мен мантық
шайнап медреседе жату ма? Әлде, молда атанып төрде отыру ма? Яки тілмаш боп
жем табу ма? Жоқ,өнер,білім алу ма? Жоғарғы сұрақтар төңірегінде
кейіпкерін ойланып, ақыр аяғында авторлық тұжырым жасайды.

Кім дейсіз әр халықты тентіреткен?
Әуелгі үш түрлі оқу түпке жеткен.
Бұл үшеуі көзі батып, көмілгенде
Кейнгі жалғыз мақсат көкке жеткен.

Демейміз оқымады біздің халық,
Болса да оқу анық, мақсат танық.
Болса егер ойларында соңғы мақсат,
Еш мұндай болмас еді артта халық.

Осы екі шумақтағы қорытынды Торайғыров ағартушылығының бағдарламалық
сипатын айқындайды. Медресе тамамдап, хатымгер атағын иеленуден бойын
тартып, өліп-жіттүймелі тілмаштықтан жеріген лирикалық кейіпкер жалғыз –
ақ мақсат көздейді. Ол: Өнер, білім алу, алға қарай бару [34, 240].
Сыршыл ақынның Өмірімнің уәдесінде жасынан ұмтылып, жеткізбей келе жатқан
арманы оқу, білім алу мәселесіне назар аударады.Лирикалық кейіпкер білімге
құштар. Орыс тілін меңгеру, түрлі пәндерді оқып – білу оның өмірінің
уәдесі. Ақын лирикалық кейіпкердің оқудағы ғылымды игерудегі мақсатын
жеткізеді [34, 245].
Ғалым А.Еспенбетов Шәкәрім және Сұлтанмахмұт атты ғылыми-зерттеу
еңбегінде: ...Ең алдымен Торайғыровты толғандыратын сұрақ – оқу, білімге
талпыну. Қазақ ауылындағы оқуға ықтиятсыздық, тәрбиесіздікке қамкөңілдік
білдіріп, не болмаса ескі ишан-қожалардың алдын көріп, құр жаттаудан әрі
аспаған шәкірттер тұрмысына налып ақыр соңында, жаңа тәртіпті оқу
жүйесінің біртіндеп ене бастауына балаша қуанады. Ұсұл тағлым көрген
молдалардан үміт сәулесін көргендей, тәртіпті программ түзетілмеген болса
да, барлық ыждапатын сарып қылып, қандай ауыр машақаттарға шыдап, мүмкін
қадар тәртіппен, шамасы келгенше пайдасын тигізуден жалықпай, аз да болса
ғылым-өнер тарата бастады деп шаттанады. Жаңа тәртіппен үйрететін
мұғалімдеріне шәкірттерінің де ықыласты, көңілдерінің жат екендігін
жасырмайды.Сондықтан шәкірттердің мақсаты зорайып, өнер-білімді игеріп,
ұлтына пайдалы адам болу қамында. Неге десең, бұл уақытта, бағымызға
қарай үйретушіміз түзелді және тәртіптеліп ғылым да түзелді. Түзу ғылымнан,
түзу молдадан оқыған шәкірт неғып түзелмесін?! – деп оқушылар көңіл – күйін
айна қатесіз жеткізеді.
Өзі де шәкірт Сұлтанмахмұт Торайғыровты алаңдататын жағдай -
балаларын оқытуға ата-аналардың ықылас – ниеттерінің түзелмеуі.
Балаларын оқуға бергенде оқысын, білсін, ғылым білімге сусындасын
деген мақсат емес, елден қалмасын, қара-құранын ішінде жүрсін, намаз
үйренсін деген ниет жас жазушының жанын жегідей жейді. Ата-ананың балаларын
оқытуға құлықсыздығы немқұрайлы көзқарасы қазақ арасында білімнің жолға
қойылып, ғылымның таралуына орасан бөгет туғызатындығына назар аударады.
Зарландым туындысымен үндес, туыстас ойларды өрбітетін Қазақ
ішінде оқу, оқыту жолы қалай? мақаласы. Тұңғыш рет Айқапта басылып, ақын
жинақтарының бәрінен орын алып келеді.
Мақалада тереңдете айтылған пікір бір арнаға саяды: қазақ аулында
оқу, оқыту жолы қалай? Мұғалім жаңаша оқып, педагогика ғылымнан хабардар
қол-аяғы шырмаулы. Екі-үш ауыл жиылып, бір молда ұстайды да, елдің беделі
адамдары: мектеп басың мынадай ... бір жерде екі-үш ауылымыз оқитын бала
маңайымызда адам айтар көп емес, кемпір-семпір жығылып қалса тағы өз
бақытын,- дей келе, мұғалімді тосып тұрған шырғаланды баян қылады. Бала
саны жиырма шақты болса, білім дәрежесі де сондайлық: молда алдын көргені
бар, қара танитыны бір бөлек, әліпті таяқ деп білмейтіндері де жеткілікті.
Топ, сынып жайын ұғарлық жан таба алмайсың, ана жаман-жәутіктің баласы
менің баламнан қалайша оқып тұр дейді өркөкірек қазекең. Ал топқа бөліп,
реттеп көр.Бұдан шығатын қорытынды Торайғыровтың ойынша мынадай: Қазақ
ішінде оқудың таралмауы, таралса да, ілгері баспауының бірінші себебі
молдалардың үйрете білмегендігінен емес, үйрету тізгінінің қолдарына
берілмей, осындай бәлелерге ұшырауларынан деп білемін. Мақала түйіні
мұғалімдердің иығына түскен қырың батпан жүкті жеңілдету керек, ол үшін
шәкірт әкелері мұғалімнің қолын қақпай, жәрдемдесулері қажет, сонда ғана
оқу, оқытудың жолға қойылуы мүмкін [34, 211].
Әсіресе, зеттеушілер С. Мақпырұлы мен Т.Сыздықовтың Қазақ әдебиеті
атты еңбегінде Сұлтанмахмұттың шоқтығы биік өлеңдерінің ішінен: Жарлау
деген өлеңінде бұл талабының қандай мақсаттан өрістегені айқындалады.

Қарасақ басқалардың жастарына,
Өнер-ғылым толып тұр бастарында,
Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,
Алланың сайран етер аспанында,

Міне, біз қолдағыныны ұқсата алмай, бар астық дегенімізде жеткен
биігіміз хатшылықты, сопылықты, тілмаштықты өнер санап жүрміз, олар
құдайдың ең ақыры, оты, желі, суына дейін өзіне қызмет еткізіп қояды,
надандыққа, жалқаулыққа, шаруаға қырсыздыққа енді төзбейтін күн туды, Руға
бөлінбе, жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін, ағайынды алалама, бәрін берсең де
балаңа ғылым алуға жағдай жаса, өнері бар жұртты жатырқама, ақылы аса, аға
тұт- Сұлтанмахмұттың өнер – білім тақырыбына жазған лирикалық жырларының
кредосы осы,

Кәпір бар, мұсылман бар – барлығы адам,
Оларды алалайтын қандай надан
Өнер, білім, әділет кім қолдаса
Қай ұлт болсын – бәрі бір бауыр маған, – деп
жазады

Ұлт атты өлеңінде. Ұлттың тар шеңберінде шектеліп қалмауға, іздену
көкжиегін кеңітіп, кім ақыл-ойына оріс алса, соны дос тұтып, бауыр санап,
өзің де жоғыңды алуға кеңес береді. Халықтың көсегесін көгертетін де бізше
осындай ірі мінездер. Оқудағы мақсат не, Оқып жүрген жастраға, Бір
баланың тілек батасы, Шәкірт ойы, Жақсылық көрсем өзімнен, Өмірімнің
уәдесі, т.б. өлеңдер ақынның өзгені өнер жарысына, білім алуға шақыра
отырып өзінің де қажыр-қайратын іс жүзінде дәлелдегенінің айғағы тәрізді
[73,145], – деп таңдап алуынан-ақ ақынның осынау өлеңдерінің оқу-ағарту
турасындағы мән-маңызын ұғына түсеміз. Оның Қамар сұлу романында
жастардың бір-біріне сезімі, қазақтың салты мен санасы, ел ішіндегі қожа –
молдалар, бақсы балгерлердің қорлау, қара жүректігі, көрсоқырлығы,екі
жүзді,аярлығы ел жуандарының шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз қылық
әрекеттері қанымды, бояуы қаның бейнелейтіні ешбір талас тудырмайды
[73,153], – деп осынау қасіретке душар еткен жайттардың бірі – оқу-білім
алудың кенжелігінен, өйтпегенде халық ескіліктің шырмауынан шығып, мұндай
жайтты болдырмас еді деген толағай ой тастайды.
Шығамын тірі болсам адам болып (1913) өлеңін турасында Дәл осы
бірінші тармақта шәкірт ақын Шалқар ой, терең мағына сыйғызған.
Адам болу – салмақты сөз. Адам, Сұлтанмахмұттың түсінігінше, халқын
емірене, елжірей сүйетін, жүрегімен жұртына жылылық тілейтін асыл азамат.
Шумақтағы адам, надан сөздері поэтикалық контраста алынып, Торайғыров
идеясын айқын аңғаруға қызмет еткен.

Мен балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған,
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған, – десе,

Балалық көңілін бүкпей, бар дауысымен құдіретінен жырлаған, болашағын
барлаған асқан ақын бейнесі көз алдымызджа елес береді.
Өлеңде кездесетін символдың образдары – Жұлдыз, Күн, Айжарық,
жақсылық нышандары, ізгілік белгілері. Надан сөзінің ар жағынан мұнартып,
күңгірт көрінетін тұтасқан қараңғылыққа қарама-қарсы әдейі қолданылған
образдар. Әрі табиғат тамашалары жұлдыз, Күн, Ай күллі жемге ортақ болса,
елінің тағдыры қабырғасын қайыстырып, тебем деп тірі болса надандықты
серт еткен адамзат та барша халыққа ортақ деген ұғымға меңзейді.
Жарық күннен сәуле қуған ізденіс, талпыныс үстіндегі жастық адамзат
алдындағы борышын елгезек тікпен түйсінуі оқырманды жігерлендіреді,
көнірегіне нұр сеуіп, кеудесін қуанышқа бөлейді. Адамға ғибрат беріп, оны
әсерлі ақиқатымен баурамайтын өлеңді оқудың қажеті жоқ (Вольтер)
екендігіне Сұлтанмахмұттың Шығамын тірі болсам адам болып туындысы тағы
да нұр.
Торайғыров ақынға тән бір ерекшілік – лирикалық кейпкердің көңіл-
күйін, сыр сипатын романтикалық асқақ пафоспен, көтеріңкі леппен шалқи
жырлау. Кейіпкердің ірілігі, яғни асқақтың, тазалық, пәктік, алға қойған
мақсатына қалайда жетемін деу Сұлтанмахмұттың дәуір талабы һәм заман
деңгейінен көрініп, халыққа қажетті азамат болу ниетімен сабақтас.

Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп надан болып...

Сұлтанмахмұт кейіпкер тебіренісіне романтикалық бояу қосқанымен, оны
реалдық шындықтан тым биіктетіп алып кетпейді. Сондықтан да субъектінің,
яки лирикалық кейіпкердің жан дүниесіедегі бұлқынысты романтикалық
стильмен өрнектеу ақын поэзиясына гармониялық тұтастық дарытады [74,85], –
десе, ғалым Б.Кенжебай ХХ ғасыр басындағы әдебиет еңбегінде:
... Сұлтанмахмұттың іздеген шындығы – халықтың дертіне ем табу, қараңғы
қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болу, Халықтын мұздаған жүрегін жібіту,
Көз жасын тыю, Теңсіздікті, мұқтаждықты жою, сөйтіп, халықты ерікті,
мәденитетті, бақытты ету еді [75,248], – деген-ді.
Кемел ақын қазақ халқын ояту, ілгері бастыру жолдарын, халықтың
теңдік алу, саясат, шаруашылық, мәдениеттік жағынан өркендеу, жетілу
жолдарын талмай қарастырады. Бұл ретте Сұлтанмахмұттың бірден бірі тапқан
жолы – халықты, халықтың жаңа өспірім жастары еңбекке, оқуға шақыру,
халықты ағарту мәселесі болды.
Түйсек,Сұлтанмахмұт заманында қазақ халқын, қазақ жастарын солай
оқуға шақырған, үгіттеген адамдар, ақын-жазушылар көп еді. Бірақ олардың
көбі халықты, жастарды жалпы оқуға шақырды: діни оқуға, тілмаштік оқуға
үгіттеді.
Дейтұрғанмен, Сұлтанмахмұттың бір артықшылығы – ол діни оқуды,
тілмаштік оқуды қатты сынады. Зарландым деген фельетон мақаласында: боз
қазақ жастары тіпті оқымады дейміз, олар ептеп оқыды. Оқығанда олардың
кейбір молда, қожа, иман, елден қайыр, пітір, зекет, ұшыр жинап, неше түрлі
өтірік айтып, халықты материалдық жақтан да, рухани жақтан да езу үшін,
кейбіреулері тілмаш болып, қазақша-орысша шатып-бұтып пара алу, бұқараны
жеу үшін оқыды. Қазақта мынадай оқудың керегі жоқ дегенді айтты.
Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниелік оқуға, өнер, кәсіп үйренуге,
мәдениетке жетілуге, өркениетті елдерден үлгі алуға, сөйтіп, ілгері
өркендеуге, басқалармен теңелуге шақырады:

Ұмтыл, ілгері аяқ басқан қандай!
Фән оқып, тараққиға асқан кандай!
Қарасақ басқалардың жастарына,
Өнер, ғылым толып тұр бастарында.
Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,
Алланың сайран етер аспанында!

Бізде солардай болайық, жабыла ғылым үйренейік: елді ілгері
бастыруға, басқалармен теңелдіруге қызмет етейік дегенді айтады.
Шығармаларының көпшілігі қазақ халқын ояту, өнер, ғылым, мәдениетке шақыру,
бостандық, теңдік алу үшін ұмтылуға үгіттеу болып келеді. Сондықтан
Сұлтанмахмұтты қазақтың өсы кездегі үлкен ағартушы демократы деп айтуға
болады [75,248].
Сұлтанмахмұт лирикасындағы типтелген, жинақталған образ әрқашан
алашшылдығымен, оқу-білімге ұмтылған, адамзаттың әлеуметтік теңдігін
армандаған, қазақтың болашағынан үміт күткен патриотизмімен дараланады.
Мұндай лирикадағы әлеуметшілдік, халықшылдық қасиет – Сұлтанмахмұт
лирикасына тән ерекшелік [68].
Зерттеуші К.Ахмет Сәбит Мұқановтың Сұлтанмахмұт туралы пікірлерін
жинақтай келе: Шығармалардың түріне назар аударғанда аздап бағаламай
болмайды, сөзді еркін билейтін шын ақын. Мейлінше күшті жазылған өлеңдер
Сұлтанмахмұтта толып жатыр деп біледі де, сөзінің соңын Жалпы алғанда
Сұлтанмахмұт күшті ақын. Қазақ әдебиетінде ірі орын алатын ақын,
зерттелетін және зерттеуді керек қылатын ақын деп қорытуы Сәбит Мұқановтың
байшыл, ұлтшыл деп тапқан қаламгерге жанашырлығын көрсетсе керек [76,108],
– деген ой айтса, С.Торайғыровтың 1918-1919 жылдары жызылған Адасқан өмір
поэмасы турасында ғалым Ә.Дербісәлин: ...Сұлтанмахмұт бұл поэмасында өз
кезіндегі ғылым, білімнің де билеуші таптың мүддесіне қызмет етіп
отырғандығы туралы тамаша пікірлер айтты.

Бірақ, бүгін ғылымның тапқандары,
Пайдасын көрсеткен жоқ кедейге әлі,
Азусыз қасқырларға азу болып,
Қой халін ауырлатты оннан әрі, – деп

қынжылды ол. Бұл сөзден де ақынның бүкіл қоғамдық құбылыстарды
еңбекші бұқараның рухани немесе материалдық өмірін өзгертуге тигізген
пайда, зиянымен өлшейтін озық түсінігін көру қиын емес. Бай жағы жүз,
мың болса, кедей жалғыз, қорықпай жалғыз жақта қалар едім деген ақын, әр
мәселенің тұсында да өзінің халықтық өлшемінен қол үзген жоқ,өмірдің
қандай құбылысына да сол тұрғыдан қарап, баға беруді творчестволық
міндетіне айналдырды.

Таң қаламын, кедейге оқы дейді,
Оқуға келтірместік қылып халін.
Атақты чиновниктің баласынан,
Аз көрдім стипендия артылғанын, – деп жазды ол.

Осы бір жалғыз шумақ арқылы ақын патшалық Россиядағы халық ағарту
жүйесінің сиқын дәл береді [77,237].
Ендеше, ақынның тұңғиығы терең әрі сұлу, өнегелі поэзиясының қасиетті
көкжиегінінен ағартушылық идеяны үндеп жазған өлеңдерін талдай отырсақ.
1908 жылы жазылған Орнымыз медресе оқып жатқан өлеңінде оқуды өнер деп
танып, оны атқан таңға, алып күшке теңейді:

Өнер ғой оқу деген таңдай атқан,
Оқу білсең орынды болар мақтан.
Білімге қарсы тұрар қандай күш бар,
Бас иер талай мырза кеуде қаққан.

Енді бірде ақын ғылымды таусылмайтын шалқып жатқан теңізге теңеп,
ғылым жолына түскен жан оны ешқашан тауыса алмайтынын дәл танып:

Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,
Соңынан қалмас оның дәмін татқан.
Өмір бойы оқысаң бір таусылмай,
Қиындығы қинайды жанға батқан[22,32], – десе,

сонымен бірге ғылымның мал мен байлықтан артық екенін, ал оқу оқып не
керек, мал таппай деген қазақтың айтқан сөзін надандық салдары, дүмше
молдалардың өздерінің жөнді хат танымай:

Молда көп, молда деген атын сатқан,
Бас алмай, өтірік соққан шариғаттан.
Өзі хат білмесе де оқуы көп,
Бас айналған, мылжыңнан діңкең қатқан, – деп,

молданы мылжыңға теңейді.
Шәкірттердің адасуына жол бермеудің кепілі – бұл оқудағы адалдық
екені айдан анық.
Яғни:

Шынында, ғылым артық мал мен бақтан,
Ғылым болса қара су тасып аққан.
Оқу оқып не керек, мал таппай деп
Қазақтың айтқан сөзі надандықтан[22,56], – деп

ақын ғылымның адам өміріндегі орасан орнын айқындап өткен.
Сыршыл ақын 1910 жылы жазылған Кедейлік өлеңінде автор кедейлікпен
сырласады. Кедейліктің кез келген адамды құл қылуын, байғұсты жарытпай
киер киім, ішер асқа, малы барлау надан, насқа сөктіріуін айта келіп,
кедейлікті жексұрынға, жан алғышқа, жыланға теңеуі негізінде:

Кедейлік, сен жексұрын, жүзің суық,
Іздемес сені адам керек қылып, -десе,

Немесе:

Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,
Түсі суық жыланмен бірдей теңсің[22,35], –деп,

көзі ашық, көкірегі ояу жандарды одан сақтандырып, құтылудың бір жолы –
талап, тұтылудың жолы – жалқаулық дейді.
Яғни:

Талайды осы күні-ақ жүрмін көріп,
Жалқауды қаталайсың аттай мініп.
Талаптының маңына жоламайсың,
Талаптанып қууға өзімде ерік[22,95].

ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократ ақындардың арасынан біз
қарастырып отырған Сұлтанмахмұт өлеңдерінің басым көпшілігінде әкесінің
баласын оқытпай, ақшасының көбін мал жинаумен, сайлау мен болыстыққа я
болмаса барымтаға жұмсайтынын ашына жырлайтынын байқадық.
Ал Сұлтанмахмұттың 1911 жылы жазылған Сарыбас өлеңінде ақын
керісінше, жалаң аяқ, жалаң бас, ішерге асы болмаған кедейдің тұрмысын
сипаттай келе:

Жалаң бас, жалаң аяқ, жыртық дамбал,
Кір көйлек, қамыт күпі, шидем шалбар,
Сары үрпек, көгілжім көз, өңі жүдеу,
Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал.

Немесе,
Кірсіз киім, дәмді асты арман қылып,
Қайғылы жоқшылықпен күні өткен,

-дейді де, байдың жалшысы бола жүріп, тапқан-таянғанын баласының
оқуына жұмсаған Шүкібай ерлігіне таң қалмасқа болмайды. Ақын Шүкібайдың
мақсатын:

Сарыбасын оқытуға былтыр берген,
Жалшы боп пайда тапсын бұл да демей,-деп

өзі сияқты кедейліктен, жоқшылықтан арылудың жолы ретінде көрсетеді.
Ал бұған кекесінмен, өткір зілді тілімен байлар күлгенде:

Артында жоқ көсеумен қамшылайды,
Ақымақ әуре деген әлін білмей,

-деген кезде Шүкібай налымай, үйреншікті кедейлік қажытпай:

Сарыбасымды оқытам, адам қылам,
Деген ой барған сайын шалықтайды[22,13],

-деп жауап қайтарады. Үміт еткен Сарыбасы өткір зейінімен дараланады.
Мұны автор оны көк шолағы жүйрік шықты метонимиясын тамаша келтіріп:

Қойшының көк шолағы жүйрік шығып,
Шабысты барған сайын дамытқаны[22,48],-дей келіп,

қатарлас оқыған бай баласын піскен бас, көбік өкпеге балап,
топастығын әжуа етеді де, өлең соңында ақын ғибраттық ой тастап, өнеге
етеді:

Кедейдің ақылы жоқ мәңгі деген,
Растыққа бай сөзін дарытпады.
Малға бас, бай баласы кеще деген,
Асанның мақал сөзін анықтады[22,78].

1912 жылы жазылған ағартушы ақынның Оқу өлеңі жастарға насихат
ретінде берілген. Әрбір жастың оқуы міндет. Оқумен ғана өнерді, адалдық пен
ар-намысты танымақ, қадірін ұғынбақ. Надандықты елсіз індет метафорасын
қолдану арқылы тамаша сипаттайды:

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой елсіз індет[22,46].

Немесе:

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса басқа елдердей қатарға енбек[22,47],

-деп ғылымды зор қуат-күшке теңестіреді. Сонымен қатар көрші елдерден
үлгі ал, талаптан, себебі:

Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,
Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек,

-десе, енді бірде Қарынбайдай қарын қамын ойлай берсең, тіптен өз
малыңа өзің ие бола алмай қаласың:

Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,
Байлығыңа иелік бермес күндеп.

Өнермен өрге жетіп, техниканы да игересің, ал талаптанбай А,
құдай,өзің бер дегеннен түк шықпайды. Ел болу үшін де, ел басқару үшін де
білім керек. Сондықтан да, ағартушы ақын надандықтан арылып, жалқаулыққа
жолама, әйтпесе:

Наданды әркім жейді нандай илеп,
Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп,

-дейді де, сауатты, жүйелі білім алсаң, ешкімнен кем болмай, халқыңның
сүйікті ұлына айналасың:

Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек,

Немесе:

Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек[22,78],-дейді.

Ал ақынның Оқып жүрген жастарға мен Бір баланың тілек батасы деп
аталатын өлеңдері өзара үндес келеді. Оқып жүрген жастарға өлеңінде
жігерлі жалын,оқу-білімге үндеу,намысты қайрайтын күш бар:

Үмітпенен жоқ қуған,
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтып қаламыз,-десе,

бірде оқу-білім бәрін жеңбек, оқу-біліммен талай белестерді бағындыра
аласың:

...Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні де аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз[22,123],-дейді де,

өлең соңында әлеуметке ұран тастайды:

Ойынды енді азат қыл,
Қалсын былай балалық.

...Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар
айтады. Батагөй шалдар – бас табақты тартуға алып келгенде де, асты әкеп
болғанда да бата қылады. Көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі
[3,256], – әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынов.
С.Торайғыровтың Бір баланың тілек батасы деген өлеңі сол дәуірдегі
бата өлеңдерінің қайта өрлеуін танытқандай.

Оқыт бізді әкетай,
Қам көңіл болсын жай.
Надандықтан құтқарып,
Қуанта көр, құдай-ай!
Көңіл менен көзді ашып,
Уанта көр, құдай-ай!
Надандарың пішінесін,
Суалта көр, құдай-ай[22,100].

Бұл әдеттегі бата өлеңдерден сыртқы айырмашылығы жоқ өлең. Бата
өлеңдерге сәйкес 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқас түрінде жазылған. Ал, мазмұны
мен сөз қолданысында өзгешілік бар. Өлең ауыз әдебиетінде кездесетін бата
өлеңдеріндегідей қолдасын, оңдасын, жаусын, болсын, берсін т.б.
сөздер жоқ. Бала өзіне-өзі тілек тілейді, яғни бар мақсаты, тілегі оқу,
білім алу. Өлеңде бата өлеңдерге лайық тілек-ниетпен қатар, барша тыңдаушы,
оқушы қауымға тың ой салу, жаңалыққа үндеушілік сипаты басым. Оқудағы
мақсат не? өлеңінде ақын оқудағы мақсаттың не екенін ұғындыру үшін,
көптеген жайттарды тізбелеп өтеді. Мәселен, медреседе бостан-босқа жүруде
ме, молда атанып төрде отыруда ма не болмаса:

Яки мақсат: тілмаш боп жем табу ма,
Жылтыратып сары түйме шен тағуға,

-дей келе, оның бәрі өткінші. Оқудың мақсаты:

Яки мақсат: өнер, білім алуға,
Алға қарай баруға.
Намыстанып қорланып,
Хұқықтан махрұм қалмауға [22,96].

Яғни:

Миллет көзін ашуға,
Терістіктен қашуға.
Заманаға көз салып,
Аяқты жөндеп басуға,

-дейді. Арманым атты өлеңінде де айқындай келе:

Оқу-білім өркеймек,
Елге егіп пайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын,

-деп тек оқу мен ғылым арқылы әлемнің құпиясы ашылмақ дейді:

Әлемдегі терең сыр,
Ғылыммен ғана ашылмақ.
Асау, тағы, ой мен қыр
Керекке жарап бас ұрмақ[22,147].

Ұлт атты шағын ғана өлеңінде автор барша ұлтты ынтымаққа,
елдікке,өнер-білімге, әділдікке, ауызбіршілікке шақырып, оны көздің
қарашығындай сақтауды үндейді:

Кәпір бар, мұсылман бар – барлығы адам,
Оларды алалайтын қандай адам?
Өнер,білім, әділет кім қолдаса,
Қай ұлт болсын – бәрі бір бауыр маған[22,89].

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Жарлау (Жұртыма) атты өлеңінде жалпы
қазақ жұртына ғибраттық ой тастап, елдің надандық шырмауынан арылып, өзі
де, баласы да көршілес елдерге қарап, оқу,өнер, ғылымды игеруін қалап:

Қарасақ басқалардың жастарына,
Өнер,ғылым толып тұр бастарында.
Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,
Алланың сайран етер аспанында[22,32],-дейді.

Ақын көлікті – отқа, ұшақты – желге, кемені – суға балау арқылы
ұтымды түрде сөз айшықтарын қолдана отырып, оқу-білім мен ғылым игерген
жанның бағындырмас белесі мен алар асуы қалмайды дей келіп, жастарды өнер-
білімге үгіттейді.
С.Торайғыров лирикасында саяси лирика, азаматтық әуен мен пафос,
жалпы халықтық мәселелерді жырлауға деген ерекше құштарлық пен ұмтылысты
байқаймыз.Мысалы, С.Торайғыров көңіл - күй тақырыбында жазылған өлеңдерінде
көңіл - күй сезімдерін толғай отырып, арасында өзінің азаматтық, саяси
көңіл әуендерін білдіріп отырады. С.Торайғыров өз тұстастары
С.Дөнентаев,С.Көбеев, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді өз
дәуірінің көкейтесті тақырыптарының бірі я әйел теңсіздігі тақырыбынан
сырт айналып кете алмады.
Аталмыш ақындардың өлеңдерінде қымыз байлықтың,сән-
салтанаттың,мақтанның құралы ретінде көрінеді.Дулат пен
Абай,Сұлтанмахмұттың қымызға арналған өлеңдерінде қоғамдық-әлеуметтік
теңсіздік жағдайындағы қымыздың алатын орнына тоқталады.Қымыз өзіндегі
байлықтың, мақтан құмарлықтың белгісіндей. Жұрттың бәрі жақсы да, үлкені
де, байы да, төресі де, кедейі де сенің қолыңдағы қымызыңа қарап
бағалайды.Қымызың мол,болса дүниедегі ең жақсы адам, мырза адам сенсің.
Соған жағынбайтын адам болмайды. Қиюын тауып мақтағысы келіп тұрады.
Жарамсақтанып, жағымпазданып қалуға арланбайды. Қымызға құлқынын салып,
арын саудаға салып жүргендерді Дулат ақын былайша түйрейді:

Майға тойып алған соң,
Қымыз керек тағы да.
Орынсыз сөз сөйлейсің,
Қымызы барға жағына.

Қымызы бар қылтиса,
Сүмірейіп кетесің.
Ақау түсіп сағыңа
Қымызы бар қош алса.
Дүрдиесің мінгендей
Қара орын хан тағына;
Қымызға тойып алған соң,
Сөз сөйлесін қағына;
Қымызы бар құтыртса,
Соқтығасың, әркімге
Қарамай қара,ағыңа,
Алдыңда не бар көрмейсің,
Артыңда не бар білмейсің,
Жарға барып күп дейсің,
Қарамай екі жағыңа .

Сұлтанмахмұттың Қымыз өлеңінде де осыған ұқсас жәйттер сөз
болады. Қымыздың күші арқылы бүкіл ауыл-аймақ сенің ырқыңда,бәрі саған дос-
жаран,ешбір дұшпаның жоқ дейді. Сонымен қымыздың жіпсіз байлайтын құдіретін
төменде былайша суреттейді:

Бас иіп айдыныңа ауыл-аймақ,
Қоясың қоғамыңды жіпсіз байлап.
Құдай иіп құлқынға түсе қалсаң,
Есілдей есіп шалқып алақайлап.

Шалдардың піскен даусың есін алып,
Отыртпай үйлерінде түрткі салып.
Мейлің теп, мейлің ақыр,мейлің зекір,
Кек қылмас саған ешкім көңілі қалып [80,95].

Міне, бұл ақындарда қымызға құл болған жандардың әлеуметтік-
психологиялық типі, қоғамдық мінез-құлқы,өзіндік характерлік ерекшеліктері
мен сипаттары осындай ащы сарказм арқылы берілген. Мінезсіз,құлқынға құл
болған жандар сенің айдағаныңа жүріп,ақырғаныңа көніп,тепкілесең де кек
қылмас можантопай парықсыздыққа дейін барады.Адам ретінде өзінің қадір –
қасиетін түсіретінін көрсетеді.Бұл өлеңдерден осындай әлеуметтік астарлары
бар ойды байқаймыз.
Оқу, білімге шақыру қазақ поэзиясына Абай, Ыбырайдан басталған дәстүр.
ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басы кезінде қазақ поэзиясында не көп, Кел,
балалар, оқылықты мын сан түрлендіріп қайталаулар көп.
Орыс поэзиясы бұл дәуірді сонау Михаил Ломоносов тұсында өткен. О, вы,
которых ожидает, Отечество от недр своих, и видеть таковых желает,
Каких зовет от стран чужих дегенге орайлас бізде жазылған өлеңдердің ұшы-
қиыры жоқ.
Сөйт-бүйт дейтін ұстаздық әуеннін қазақ поэзиясында ұзақ жылдар
орнығуы оқырманның өресіне де байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
С. Торайғыров шығармалары
Араш әдебиетінің негізгі идеялары
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармалары
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес
С.торайғыров пен а.байтұрсынов, м.дулатовтың шығармашылығына арналған бейне фильм сценариі
Пәндер