«Шет тілін оқыту әдістемесіндегі мәселелер»


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Шетел тілдері кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі,

п. ғ. к., доцент

Г. Н. Кисметова

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Шет тілін оқыту әдістемесіндегі мәселелер»

5В011900 - «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы

Орындаған: Айжарықова А. Қ

Ғылыми жетекші Полянина О. Г

аға оқытушы:

Орал, 2017

03402 топ студенті Айжарықова Айдана Қайратқызының

«Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі мәселелер» тақырыбындағы дипломдық жұмысын орындау барысында берілген

тапсырмалар кестесі

5В011900 - “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы

Бөлім

Орындалу уақыты

№:

1.

Бөлім:

Қосымша әдебиеттер, анықтамалық материалдарды іздеу

Орындалу уақыты:

Қыркүйек - қазан 2016ж.

№:

2.

Бөлім:

Теориялық бөлімнің жазылуы

Орындалу уақыты:

Қараша-желтоқсан

2016 ж.

№:

3.

Бөлім:

Жұмыстың эксперименттік/практикалық бөлімнің орындалуы

Орындалу уақыты:

Қаңтар-ақпан 2017 ж.

№:

4.

Бөлім:

Қорытынды бөлімнің жазылуы

Орындалу уақыты:

2-14 наурыз 2017 ж.

№:

5.

Бөлім:

Кіріспе бөлімнің жазылуы

Орындалу уақыты:

16-31 наурыз 2017 ж.

№:

6.

Бөлім:

Дипломдық жұмысты тексеру және талқылау үшін кафедраға тапсыру

Орындалу уақыты:

6-11сәуірге дейін

2017ж.

Ғылыми жетекші Полянина О. Г

Аға оқытушы:

Кафедра меңгерушісі Кисметова Г. Н

п. ғ. к. доцент

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

I БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР

1. 1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері . . . 6

1. 2. Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның мәселелері . . . 14

1. 3. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі . . . 20

ІІ БӨЛІМ. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ ӘДІСІ

2. 1 Ағылшын тілін оқытудың қажеттігі . . . 25

2. 2. Оқытудың модульдік технологиясы арқылы оқушыларға ағылшын тілін меңгерту . . . 42

2. 3. Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

ҚОСЫМША . . . 64

Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді.

Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту қолға алынып отыр.

XXI ғасырдың талабы мәдени деңгейі жоғары маман даярлап шығару болып табылады, олай болатын болса, жоғары мәдениетті маманның: жалпы, кәсіби, әдіснамалық, кәсіби-этикалық, ақпараттық, тілдік, саяси, психологиялық-педагогикалық, көркемдік эстетикалық мәдениетінің болуы шарт. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің талабы.

Америкалық ғалым философ Дейл Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін, оның ішінде ағылшын тілін білу -заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.

Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға қарағанда, олардың есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.

Шет тілін ерте жастан оқыту - баланың дүниега келген кезден бастап мектепке барғанға дейінгі интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін оқыту. Шет тілін оқыту әдістеменің бір тармағы ретінде ХІХ ғасырда дами бастады. Бұл кезде балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту Ресейде кеңінен таралды. Кейбір ақпараттарға қарайтын болсақ, Ресейде ХІХ ғасырда бір емес үш шет тілінде: ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлей алатын балаларды кездестіруге болатын.

Шет тілін ерте жастан оқыту мәселесі педагогикалық баспа басты назарында болды және орыс журналдарының, сонымен қатар К. Д. Ушинский, Е. Водовозова, Е. И. Тихеева сияқты әдіскерлердің педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерінде талқыланды. Бұл - балаларды ерте жастан оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңі болып есептелды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Мектепке дейінгі жас ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Зерттеу жұмысының пәні - балаларды шетел тілін оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты -балаларды шет тілін оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:

  • ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;
  • мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;
  • балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;
  • сөздік қорды кеңейту;
  • ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы қосымша ақпарат беру.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін Асеев В. Г., Бим И. Л., Вайсбурд М. Л., Толстиков С. Н., Витлин Ж. Л., Даниленкова Г. Г., Зимняя И. А., Сахарова Т. Е. сияқты әдіскер ғалымдардың жұмыстары мен мақалалары құрайды.

Көрсетіліп отырған дипломдық жұмыс-жүйелі де, мазмұнды II бөлімнен тұрады.

Зерттеу көлемі мен құрылымы . Жұмыс кіріспе, екі бөлім, бөлімдер бойынша қорытынды және қосымшалардан, қолданылған адебиеттер тізімінен, қолданылған мәтіндер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлім зерттеу тақырыбының маңыздылығы, , ғылыми жаңалығы жұмыстың мақсат, міндеттері, теориялық маңыздылығы, практикалық құндылығына негізделеді.

І. Ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі мәселелері.

1. 1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері.

Көптілді оқыту - жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық қабілетін;

- өзіндік шығармашылық әрекетін;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді. [34]

Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.

Көптілді оқыту жас ұрпақтың кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін, бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, баланы ерте жастан ағылшын тілін жетік үйренуге бейімдеу қажет. Баланы жастан демекші, неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғырлұм жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан ол балаға көңіл аудармасақ, жан-жақты жетілдіруіне, дамуына көмек жасамасақ, оның ақыл ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті де баяу дамиды. Сол себепті мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырып барған жөн.

Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай, есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге дамып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді [25, 15б. ] .

Балалардың еркн сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.

Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.

Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып, сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады.

Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.

“Үш жастағы балаларға мүмкіндік іс жасаған жағдайда олар өзінің, оқуына, дамуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті” деп 2008 жылы ағылшын зерттеушісі White Bread айтқан болатын, яғни олар жас ерекшелігіне қарамастан, өздерінің оқуына, дамуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс - тәсілдерді қолдану.

Қорыта келе: мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт талабына сай білім беру, одан әрі жетілдіру ағылшын тілін үйретудің маңыздылығы оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға, басқа да белсенділіктерін көрсетуге деген қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Шет тілін оқу әдістемесі шет тілін оқыту орындарында қолданылатын, ғылыми негізделген теория. Әдістеменің негізгі мәселесі мыналар: шет тілін оқытудың мақсаттары; шет тілін оқытудың мазмұны; шет тілін оқытудың әдстері мен тәсілдері; әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы; оқыту құралы; әдістеменің негізгі қағидалары.

Шет тілін өзекті оқыту әдістемесінің мәселесі интеграцияланған тәсілмен қарастырылады. Автор ағылшын тілі фонетикасының орыс тілімен ұқсастығын көрсетеді. Сондай-ақ тәжірибеде тілді қолдану үшін оның құрылысын дұрыс меңгеру қажет. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу маңызды болып табылады.

Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты. Педагогика жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогика оқытудың негізгі жолдарын зерттейді. Әдістер - дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары.

Шет тілін оқыту, математиканы, тарихты оқыту мәселелері сияқты дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады. Мысалы: «көрсету» принціпі тұңғыш рет шет тілін оқыту әдістемесінде қолданылды. Қазір ол дидактиканың негізгі принцптерінің біріне айналды және басқа да пәндерді оқытуда қолданылады. Шет тілін оқыту дегеніміз - студентте тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Егер біз дағды мен біліктіліктің психологиялық мәнін түсінбесек, оны біз оларды қалыптастыра алмаймыз. Шет тілін оқытуды психологияның негізгі қағидаларын сөйлеу әрекетіне байланыстыра отырып пайдалану қажет.

Көрнекті психолог Н. И. Жинкин сөйлеу әрекетің зерттей келіп, сөздер мен оларды пайдалану мидың кинетикалық орталығы арқылы жүзеге асатынын айтты . [1] Оқытушы студентті тілге үйрету барысында, тыңдау мен сөйлеудің бар мүмкіндіктерін жасау керек.

Екінші тілде сөйлеу дегеніміз - жаңа таңбалы білім алудың жаңа жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде маңызды орын алады. Шет тілін үйренуде оқушының есте сақтау қабілетінің маңызы зор. Сондықтан оқытушы жаңа тақырыпты есте сақтау, еске ұзақ сақтау жолдарын білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз есте сақтау болады. Бұл мәселені зерттеген ғалым П. К. Зинченко еріксіз есте сақтау қабілеті бір нәрсені қайталап жаттағанда емес, керісінше осы нәрсе туралы белгілі бір қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатынын айтады. Ол үшін мынадай тәжірибе өткізілген. «А» тобындағы студенттерге жаттауға сөздер тізімі берілген. Ал «В» тобындағы студенттерге сөздер берілмей, оларға ағылшын тілінде мәтін берілген және сөздермен жұмыстың түрлері және сұрақтар берілген. Келесі сабақта екі топ студенттері бақылау жұмысын жазған эксперимент «В» тобы студенттерінің есте жақсы сақтағанын көрсетті. Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу т. б. психология ғылымының негіздерін білу қажет [37, 87б. ] .

Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі психологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты орыс ғалымы Павловтың айтуынша адамның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі - сөйлеу және ойлау, жүйке жүйесінің ерекше қызметі. Бұл қызмет түрі тек адамда ғана дамыған. Павловтың теориясы бойынша, дабылдар адамның сезіну мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі - сөйлеу әрекеті. Әдістеме ғылымы лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, себебі лигвистиканың негізгі проблемаллары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т. б. әдістемеге де қатысы бар. Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктедегі зерттеулері негізге алынады. Көптеген атақты лингвистер лингвистика теориясы ғана зерттеп қоймай, оларды тілді оқытуда қалай пайдалану керек екенін зерттеген. Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар сияқты зерттеу мәселелері бар: Әртүрлі оқу орындарында алдыңғы қатарлы студенттердің тәжірибесін зерттеу және қолдану. Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу. Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет тілін оқыту әдістемесінде зерттеуді қажет ететін мәселелер көп. Жаңа оқыту материалдары мен технологиялсы жаңа идеяларды, шешімдерді, әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Оқу шет тілінде оқытылатын оқу орындарында ағылшын пәнін білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәдермен байлынасты жүргізілген. Пәнаралық байланыс екі бағытта іске асырылады:

Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі.

Студенттерге тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбекке қатысты мағлұматтары бар мәтінде ағылшын тілінде беріліп оқытылады.

Осының нәтижесінде сабақта студенттер аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тілінде сапалы түрде ұғып, сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға үйренеді. Ағылшын пәні өзге пәдермен тығыз байланысты, сондықтан студенттер өзара байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын-ала іріктеп, анықтап алады. Өйткені екінші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті тіл пәнін басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады. Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәнімен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тіл мен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдер т. б. ) студенттің лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Көркем шығармалар мазмұнындаға ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлім-тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материал ретінде пайдаланылады.

Ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері өзара тығыз болып келеді, бірлікте өткізіледі .

Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, септік жалғауларының кейбір ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ, студент өзінің үйренген сөздерін ағылшынша айтып, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тілі дамиды, тілдік білімі жетіледі, оқығанын, түсінгенін ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.

Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгіме, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінгендерін ағылшынша айтатын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
ҚАЗАҚ АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕРІ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ МАЗМҰНЫ
Шет тілін оқытуда дағдысын қалыптастыру
Интерференция құбылысының теориялық негіздері
Шет тілін оқыту теориялық негіздері
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Сөйлеуге үйретуде монолог пен диалогты тиімді қолдану
Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz