Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі



Мазмұны
І. Кіріспе.
Негізгі бөлім
ІІ. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
2.1.Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі
2.2. Сабақты өткізу әдістемесі.
2.3. Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.
2.4.Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
2.5. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
- Сабақтың мазмұны;
- Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
- Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
1. оқыту;
2. жаттықтыру;
3. бекіту;
4. қайталау;
5. дамыту;
6. шығармашылық, яғни іздену мақсатында;
7. бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
- диктант;
- өзіндік және бақылау жұмыстары;
- тестік тапсырмалар;
- әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.
б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.
в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Л.Искакова, Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.
2. Ә.Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
3. О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.
5. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл.
6. Занков Л.В. Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960 год.
7. «Библиотечные компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год.
8. А.Шәріпов. Информатика. Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл.
9. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика. Астана, 2004 жыл.

Мазмұны
І. Кіріспе.
Негізгі бөлім
ІІ. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
2.1.Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі
2.2. Сабақты өткізу әдістемесі.
2.3. Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.
2.4.Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
2.5. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
- Сабақтың мазмұны;
- Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
- Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
1. оқыту;
2. жаттықтыру;
3. бекіту;
4. қайталау;
5. дамыту;
6. шығармашылық, яғни іздену мақсатында;
7. бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
oo диктант;
oo өзіндік және бақылау жұмыстары;
oo тестік тапсырмалар;
oo әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
а) диктанттың негізгі мақсаты - оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.
б) Бақылау жұмысы - алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.
в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.

Негізгі бөлім
ІІ. Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
2.1.Бастауыш сыныпта информатика пәнін енгізудің қажеттілігі

* Оқыту барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін ақпарыттық технологияларды (электрондық оқыулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.
12 жылдық білім беру барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды алдын ала болжайды.
Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.
Елбасымыз Н.Назарбаев Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет - бұл аңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық - психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік - тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.
Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.
Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым - қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.
Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:
- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;
- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру Қазақстан 2030 бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс - тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:
1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
2. Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.
Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.
Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын - бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.
Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.
Ғалымдардың, практик - мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі - бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
2. Ақпаратты - логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты - оқушы зерттеуші есебінде.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады.:
1. Проблемалық оқытуды қолдану;
2. Алгоритмдік оқыту;
3. Оқытуды ақпараттандыру;
4. Пәнаралық кіріктіру.
Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

2.2. Сабақты өткізу әдістемесі

1. Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын PowerPoint презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір фарматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, студентке, оқышуға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен Актив экран бағдармалық-техникалық кешенін қолдану барысында студентке дәрістің мәтінін жазу қажет емес екендігі анықталады.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқышуның (студенттің) білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы студентті тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен студенттің орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық-техникалық кешенді қолданып келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызуғышылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объекттерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтық игеру үшін студенттер графикалық ақпаратты қолданады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу матералдарды - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, Актвті экран кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

2.3. Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация - бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс педагогикалық технология деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір - дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады.
Қашықтан оқыту - ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Мұғалімдердің алдын - ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:
· экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді;
· коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану зат болып табылады, оған деген сұраным күннен-күнге өсуде;
· педагогикалық, оқыту мативациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;
эргономикалық, қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар;
коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, тыңдаушылардың мамандықтар саны көбеюде.
Мұғалім оқушының ішкі жан - дүниесінің сырын ашып, оның эмпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан - дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс - жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.
Телекоммуникация тақырыпты оқытуда әрбір оқушыға компьютерлік телекоммуникация жөнінде білім және қолдану туралы мағлұмат береміз. Негізгі мақсат компьютерлік телекоммуникацияны сабақта қолданып, оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындауда. Компьютерлік телекоммуникация қоршаған ортаны білудің ең негізгі құралы болып табылады. Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа мектептермен оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Мектептерде телекоммуникация тақырыбын оқыту мүмкіндігі төмен, себебі пән мұғалімдері осы тақырып бойынша өз беттерімен орыс тіліндегі оқулықтарды оқымаса, бұл пәнді оқыту үшін оқу - әдістемелік кешен, мұғалім мен оқушыға қажетті бағдарлама, қазақ тіліндегі оқулықтар мен көмекші құралдары жеткіліксіз. Пән мұғалімдерінің Интернетті осы уақытқа дейін 1 рет қана пайдаланып, тіпті қолданбағандары да бар. Мектептер жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталғанымен, мұғалімдердің осы тақырып бойынша білімін жоғарылататын, яғни мұғалімдерді дайындайтын ешқандай мекеме жоқ. Ал, жалпы білім беру ісі жөнінен басқа озық елдердің тәжірибесін зер салып отыру, өзінің білімін жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны үйрену - әрбір мектеп пен пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы. Қаншалықты барлық құралдар жеткілікті болғанымен, пән мұғалімінің білімі төмен болса, оқушылардың телекоммуникация жөніндегі білімі төмендеп, болашақта Қазақстандағы телекоммуникациялық ортаның дамуына әсерін тигізеді.
Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда.
Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптары іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.
Әр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы шығармашылық бірігу және жарысу эффектісін береді. WEB - беттер жасауда оқушылар өздерінің жұмысын желіден көріп оқушы ғылыми, суретші немесе басқа шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді. Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда мәдениеті, білімдері, діни бөлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. Басқа елмен байланысу үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау керек. Ол үшін әр түрлі тренинг өткізу керек. Бұл тренингте басқа елдердің мәдениетімен, олардың арсындағы айырмашылықтарды таныстыру бағытымен өтеді. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық болады. Осы жерде электрондық конференциялар көмектеседі, одан керекті ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.
Қашықтан оқытудың міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторингтік сараптама жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне жағымды әсер етеді (кестені қараныз)



Жағымды әсері

1.

2.

3.

4.

5.

Ақпараттық мәдениетінің дамуы

Жаңа мәлімет

Қызығушылық

Логикалық ойлауды дамыту

Қашықтықтан оқытуды болашақта жалғасуын сұраймыз

65%

85%

90%

55%

87%

Кемшіліктері:
Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы. Бұл проблеманы шешу үшін, мынадай ұсыныстар бар:
- кабинеттер компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі керек;
- қашықтан оқыту курстары және бағдарламалары болу керек, оқытудың әдіс - тәсілін жасау, жобалау, арнайы курстар, үйірмелер ашу;
- қашықтан оқытудың өмірде жиі пайдалану, пайдаланудың тиімді әдістерін ойлап табу;
- алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибесін оқып-үйрену;
- қашықтан оқытуда оқушының білім сапасын бағалаудың жаңа критерийін жасау;
- ақпаратты-техникалық жабдықтау қызметі қашықтан оқытудың программалық, ақпараттық және техникалық құралдарын дайындау;
- мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталуы керек.
Әрине, мектептің компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек. Қорыта келе айтарым - оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады.

2.4.Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш т.б) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар - баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

1. Балада жағымды Мен-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты
а) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
в) өзінің маңызды орын алатынын сезінуі. Жағымды Мен-тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті
сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы оқыту әдістері
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Төменгі сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Пәндер