ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. СПОРТТЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
1. 1. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спорттық білім беру жүйесі ретінде қарастырылуы
1. 2. Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау
1. 3. Жас футболшылардың спорттық дайындығының жүйесінің әдістемесі
ІІ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖҮЙЕСІ
2. 1. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
2. 2. Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу
2. 3. Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
2. 4. Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары
2. 5. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
ІІІ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАҒЫ СПОРТТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮЙЕСІ
3. 1. Жеңіл атлетика спорты түрлері және классификациясы
3. 2. Жеңіл атлетикадағы жаттығу негіздері
3. 3. Жүгіру түрлеріндегі жаттығуды орындау қарқыны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісінің өзгеше ерекшелігі қосымша білім беру жүйесіне қатынасымен анықталады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі дене мәдениеті бойынша қосымша білім беруді қалыптастырулың негізгі жағдайы оқушылардың мотивтері мен мазмұны бойынша әртүрлі білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды педагогикалық бағдарламаларды іске асыру болып саналады.
Күнделікті өмір тіршілігіндегі спортпен шұғылдану барысында қалыптасқан жеке ерекшеліктерін пайдалана білу оқушының спорт мектебінің тіршілік тынысына енуіне мүмкіндік жасайды. Спорт болашақ спортшылардың жоғары нәтижелерге жетуі үшін тек дене қозғалысы сапаларын жаттықтырумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге олардың алдына психологиялық дайындығын қамтамасыз ететін қатаң талап қояды.
Спортшыны нәтижелі дайындау жағдайларының бірі оның тіршілік ұстанымдарының күшейтілген шыйрығуын, жоғары талаптану бастамасын құру болып табылады.
Балалар мен жасөапірімдер спорт мектептерінде білім берудің ерекшелігі оны басқару жүйесінде де көрінеді.
Курстық жұмыстың мақсаты : Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі педагогикалық үдерісті тиімді басқарудың негізгі шұғылданушылардың (оқушы, студент) дене дайындығы деңгейін арттыруға, олардың салауатты өмір бейнесіне қызығушылық ынтасын дамытуға бағыттау, өз қабілеттерін көрсетулері үшін дайындауда қоғамның әлеуметтік сұранысын орындауда қолда бар қоғамдық қатынастарды жетілдіру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- спорттық қызметтің қандай да бір қызықтыратын түрлерінің есебінен негізгі білім түрлерін дамыту,
- шұғылданушыларды толық жабдықталған, қолайлы, қуаныш сезімі ұялайтын, яғни «күтілмеген нәтижелі жағдай» және қарым-қатынасты жақсаратын ортамен қамтамасыздандыру;
- дербес білім алу жолын таңдауына көмектесу.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі қосымша спорттық білім берудің әлеуметтік маңыздылығы жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мақсаттарының келесі кешенімен қамтамасыздандырылады:
• қосымша бағдарламалар арқылы іске асырылатын танымдық дамумен;
• жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесі кіретін, әлеуметтік бейімделумен;
• әлеуметтік бастамалардың дамуымен;
• кәсіби бағдарламалар арқылы спорттық қызметті сапалы түрде және нәтижелі таңдаумен;
• спорттық дайындықты кәсібилікке дейін бағдарлаумен;
• әртүрлі спорт түрлерінен деңгейі мен мазмұны бойынша әртүрлі бағдарламаларды меңгеру арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын ашумен;
• бос уақытты тиімді ұйымдастырудың құралдары мен формаларын таңдауға мүмкіндік туғызатын бағдарламалардың әртүрлігі бейнедегі танымдық проблемалар жиынтығы (пролематика) бойынша жалпы мәдениетті, оның ішінде қызметтік бос уақытты тиімді өткізу мәдениетін дамытумен байланысты.
І. Спорттық басқару жүйесі
1. 1. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спорттық білім беру жүйесі ретінде қарастырылуы
Білім беру мақсаттары өзінің дамуын оқу материалының мазмұнынан, оқыудың білім беру бағдарламаларын дұрыс құрудан алады. Дене мәдениеті мен спорт саласындағы спорт мектептерінде қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны мыналарды алдын-ала қарастырады:
• жеке тұлғаның спорттық шығармашылыққа және спорттағы өз қажеттіліктерін орындау мотивацияларын дамыту;
• оқушылардың қарым-қатынастық қабілеттерін, дербестігін, жеке мәдениетін дамыту;
• шұғылданушылардың дене және ақыл, ой дамуын түзету;
• балалар мен жас жеткеншектердің мінез-құлық, іс-әрекетінің алдын алу шаралары.
Дене мәдениеті бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жеке тұлғаның өзін-өзі еркін анықтау аясы ретінде қосымша білім беруді тиімді ұйымдастырудың жағдайы оқушылардың білім алу қажеттіліктерінің мотиві мен мазмұны бойынша әртүрлі қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды оқу бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
Шұғылданушылардың басты қажеттіліктеріне мыналар жатады:
• оқушылардың өздерінің жеке қабілеттерін тамытуға, сол сияқты олардың өз таңдаған спорттық қызметіне қызығушылығын өздігінен жүзеге асыруға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ұмтылуы ретінде алдын ала келісілген шығармашылық (креативті) қажеттіліктер;
• спорт түрлері бойынша негізгі білім беру бағдарламасына кірмейтін білім көлемін арттыруға ұмтылумен анықталатын спорт мектебі оқушыларының танымдық қажеттіліктері;
• өз қатарларымен, ересектермен, әріптестерімен, педагогтармен, жоғары дәрежелі спортшылармен қарым-қатынаста жүзеге асырылатын, қатынастық қажеттіліктер;
• қосымша білім алу нәтижесінде жеке проблемаларын шешу қызығушылығымен пайла болатын, оқып, үйрену немесе қарым-қатынас аясында жатқан компенсаторлы қажеттіліктер;
• кәсіпке дейінгі және кәсіби спорттық дайындыққа белгілеумен байланысты кәсіби бағдарлық прогматикалық қажеттілік;
• қол бос кездерді мазмұнды ұйымдастыруға ұмтылумен байланысты бос уақыт қажеттілігі.
Оқу материалдардың мазмұнында шұғылданушылардың жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерді жүзеге асыру барысында балалар мен жасөспірімлер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісін басқаруды ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыты ретінде нормативтік құжаттарды өңдеп дайындау қарастырылуы мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде шұғылданатындарды спорттық дайындаудың өзгеше ерекшелігі бағдарлама мазмұнына енген барлық теориялық білімдер спорттық практикада сынақтан өткізіледі, спорттық қызметтің әртүрлі салаларының тәжірибесіне ұласады.
Өзінің бағыттылығы бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің педагогикалық бағдарламалары негізгі үш түрге бөлінуі мүмкін: білім беру, оқытып үйрету және бос уақытты тиімді пайдалану.
Мұндай бағдарламаның идеологиясы төтенше әртүрлі бейнеде, оның негізгі сипаттамалары келесі үлгілік құрылымда ұсынылуы мүмкін:
• жасы бойынша: мектеп жасына дейінгілер, бастауыш, орталау, орта мектеп оқушылары мен жасжеткіншектер үшін;
• жынысы бойынша: аралас, ер балалар үшін, қыздар үшін;
• созылу ұзақтығы бойынша: бір жылдық, екі жылдық және т. б. ;
• іске асыру үлгілері бойынша: топтық, жеке;
• спорттық қызмет түрі бойынша.
Спорттық қызмет түрі бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің спорттық бағдарламалары мамандық саласы және көп салалы болып бөлінеді.
Меңгеру деңгейі бойынша бағдарламалар мыналарға бөлінеді: жалпы мәдени, тереңдетілген, кәсібі бағдарланған және т. б.
Қосымша спорттық білім беру бағдарламасының бірқатар жіктелуі бар.
Бағдарламалық жобалауды бастауға кірісер алдында педагогқа бағдарламаның «негізгі бағыттылығын» (түрін) бірден айқындау ұсынылады.
Әдетте бағдарламаның мына бес түрі айырмаланады:
1. Бағыт көрсету, хабардар ету. Мұндай бағдарламалардың негізгі бағыты балалардың дене мәдениеті мен спорттың қандай да бір түрі бойынша жеке тұлғалық хабардарлық бағдарын қалыптастырумен байланысты.
2. Маңызды, күрделі, іргелі: Мұндай бағдарламалардың мақсаты - қандай да бір спорт түрінен маңызды білімді меңгеру.
3. Қолданбалы (технологиялық) . Бұл бағдарлама түрінің басты мәні қандай да бір спорт түрі бойынша балалардың белгілі бір қызмет тәсілдері мен біліктіліктер жиынтығын меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады.
4. Ақпараттық. Курстың мақсаты - әрбір баланың, жасөспірімнің иелігіне қандай да бір спорт түрі туралы ақпараттар ағымын беруге мүмкіндік жасау.
5. Бос уақытын тиімді өткізу бағдарламалары - бұл бағдарламалар спорт мектептерінде тұрақты негізде оқитын тәрбиеленушілерге, сол сияқты шұғылдануға кезеңдермен қатысатындарға арналады.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спортшыларды дайындаудың іс тәжірибесінде балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану бағдарламасына үлкен маңыз берілуде.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалану бағдарламаларын дене мәдениеті мен спорт саласында потенциалды мүмкіндеріне мына тапсырмалар жатады:
• өзін-өзі жетілдіру;
• әлеуметтік-тарихи ортақ мүддегілікке жататынын саналы ұғыну;
• жалпы адамзаттың адамгершілік құндылықтарын сақтау;
• әлеуметтік белсенділік;
• спорттық жоғары жетістіктерге жетуге бағыттылық.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған бағдарламалар білім беру бағдарламаларына қарағанда адамның дене дайындығын, интелектуалдық, әсерленушілік мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсетеді.
Шет елдердегі озық білім беру практикасында технологиялық өңделіп, дайындалған мұндай бағдарламалар «curriculum», яғни «жүгіру жолағы», «мақсатқа жету жолы» деп аталады, олар дәстүрлі «syllаbus» оқу бағдарламасынан (курс бағдарламасы, лекция, жоспар, сабақ кестесі) айырмаланады.
«Сurriculum» бағдарламаларында терең анық және нақтылы ойластырылып дайындалған білім беру немесе спорттық мақсаттар мазмұндалған. Егер алға қойылған мақсаттар барлық мәселелерді қамтитын глобальды сипатта болса, онда соңғы мақсатты тапсырмалар мен одан әрі бөлінетін арасындағы бір ізді байланысты көрсетумен сипатталады. Мақсаттарды анықтауға ерекше назар аударылады, немесе мақсат-барлық бағдарламалар мазмұнының тұтастығына кепілдік беретін жүйеге жасаушы элемент. Мақсаттарды тұжырымдаудың алгоритмін Д. Л. Моррисей орындалатын әрекетті сипаттайтын етістіктің анықталмаған формасынан немесе бұйрық райынан басталатын келесі сәттерді атап көрсетті:
• талап соңғы нәтижені анықтайды;
• мақсатқа жетудің тапсырылған мерзімін нақтылайды; күш, құрал, уақыт және қуаттардың мүмкін болатын максимальды мөлшерін белгілеу;
• бұл мақсатқа жетудің дәлелін айқындау үшін қажетті қай жерде мүмкін, спорттық жұмыстардың талап етілген нәтижелерінің сандық сипаттамасын көрсету;
• не және қайда істелінген болуы тиіс екенін түсіндіру;
• бірегей оқу циклының нақтылы кезеңдеріндегі оқытып, үйрету міндеттерін қою;
• спорттық жаттығуларды меңгеру үдерісінде жаттықтырушы мен оқушылар қызметін үйлесімді ұйымдастырудың тәсілдерін, мүмкіндік жағдайлары мен формаларын сипаттау;
• оқушыда бұрыннан бар, даму үстіндегі спорттық біліктілігі мен дағдыларын, пәндік саласын, танымдық, әлеуметтік аясын меңгеру үшін қажетті әртүрлі біліктілік дәрежелерін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін сипаттау;
• диагностика тәсілдерін анықтау және нәтижелерін бағалау;
• егер нәтижелер күтілген нәтижеге жетпесе, оқытып, үйрету үдерісін түзетудің варианттарын бағдарлау;
• дене жаттығуларының барлық курсын меңгеру үшін қажетті материалдық, уақыт, адам және ресустарды есептеу.
Бұл бағдарламалардың немесе технологиялардың стандартты бағдарламалардан айырмашылығы, олар оқушыларға спорттық қызметті белсенді меңгерудің құралы мен мүмкіндік жағдайын белгілейді, яғни оларға өзін және өз күшін байқап көруге, қызықты шығармашылықпен шұғылдануға және қарым-қатынас жолдарын іздеуге өз ісін таңдауға және оны айқын, айтарлықтай нәтиже түрінде лайықты аяқтауға, ойлап табушылық, фантазияларды еркін көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың мұндай қызметке қатысуының ерекше мәні бар, яғни оларға бұрыннан бар спорттық қабілеттерін жетілдіруге және жаңаларын меңгеруді қамтамасыз етеді, спортта жоғары нәтижелерге жетудің мүмкіндік деңгейлерін арттырады.
1. 2. Спорттық жаттықтыру үрдісін жоспарлау.
Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Тактикалық дайындық дегеніміз -жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс, амалдарды, айла тәсілдерді қолдана білу өнері.
Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:
а) спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігіне, қарысластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау.
ә) осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек.
1. Қазіргі кездегі өзі айналысып спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу.
2. Мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу.
3. Өтетін жарыстың ережелерін, шарттарын, қарсыластырының мүмкіншіліктерін зерттеу. (уақыты, жарыс өткізілетін орын т. б. )
4. Жарыстың тактикалық жоспарын жасау.
5. Тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру.
6. Қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету.
7. Өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру. Тактикалық дайындық кезінде мынадай әр түрлі жолдар қолданылады: алдын-ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларды қайталау, арнайы кітаптар оқу, әңгіме өткізу, бейне жазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:
- Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
- Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық-жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған. Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді. Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.
Тиянақты жаттығу әдісі- дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.
Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі- көңіл күйді көтеру, көңілдену, қиыншылықтары жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу. Және т. б. әдіс-тәсілдер.
Идеомоторлық жаттығулар әдісі - жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.
Спорттағы психодиагностика әдісі- КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар, тәсілдер арқылы анықтау.
Теориялық дайындық әдісі- Спортшыларды дайндайтын заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы сонымен қатар арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн. Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше Спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.
Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.
2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.
4. Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.
5. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.
6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.
7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.
8. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.
9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.
1. 3. Жас футболшылардың спорттық дайындығының жүйесінің әдістемесі
Футболшылардың жақсы ойнау қасиетін, кәсіптік шеберлік деңгейін жоғарлату үшін жаппай дайындықты жоспарлы түрде балаларды өте ерте, бала кезден бастап оқыту болып табылады. Оқу әдістерін және жаттығуларды уақытылы орындау арқылы ғана жасөспірімдердің жақсы дамуына, жоғары дәрежелерге қол жеткізулеріне болады.
Футбол ойнауды жаңа бастаған балалардың дене дайындығы.
1. Футболшылардың жалпы және арнайы дене дайындығы күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік сияқты қабілеттерді дамытады.
2. Футболда күш алдымен динамикалық немесе, бейнелеп айтқанда, қопарылыс күшін керек етеді. Мұндай күш уақыттың қас қағым сәтінде жасалатын жедел қимыл барысында (доп соғу, допқа атырылу, тез жүгіру, тоқтау) айқын көрінеді.
3. Жылдамдық ойыншылардың тез орын ауыстыруынан, техникалық әдіс-тәсілдері тез орындауынан, тактикалық шешімдерді тез ойлап таба қоюынан көрінеді.
4. Төзімділік - бұл белгілі бір қимыл-әрекет кезінде организмнің шаршауға қарсы тұра алу қабілеті.
5. Ептілік ойыншы қимыл-әрекеттерінің үйлесімді көрсеткіші болып табылады. Епті ойыншылар ойынның өзгермелі жағдайларына кез келген ойын тәсілдерін сәнді әрі техникалық жағынан дұрыс орындап шығады.
6. Иілгіштік - бұл буындардың жоғары дәрежеде қозғалтқыштығы, бұлшық еттердің тез босаңсуы мен қатайғыштығы, сондай-ақ қозғалыс әрекеттерін барынша үдете түсу қабілеті. Иілгіштік жас футболшылардың қимыл-әрекетіне еркіндік, сенімділік береді. Иілгіштік пен ептілік ойыншыға елеулі жарақат алу қауіпінен сақтануға, қарсыласының кез келген әрекетіне қарсы әрекет жасауға дайын болуына көмектеседі. Иілгіштік пен төзімділікке жаттықтыратын айналма жаттығулар. Қолға нығыздап толтырылған доп ұстап, екі аяқты алшақ қойып тұрған қалыптан кеудені алға ию.
1. Ілгерілей отырып гимнастикалық орындықтан секіру.
2. Қарын бұлшық еттерін нығайту жаттығуы - аяқтың ұшын гимнастикалық қабырғаға іліп еденде отырған қалыптан (екі қол желкеге қойылады) шалқадан жатып, кеудені қайта көтеріп бастапқы қалыпқа келу
(кемінде 6-8 рет) .
3. Екі аяқты бір-біріне тигізіп тұрып, бір орында секіру.
4. Қолды тіреп етпеттен жатып, шынтақты бүгіп-жазу (кемінде 10-15 рет) .
Футболмен айналысудың мазмұны спорттық ойындардың басқа да түрлері секілді, мынадай қабілет-қасиеттерді дамытуға бағытталған.
1. Жалпы дене даярлығы, 2. Арнайы дене даярлығы, 3. Техникалық даярлық.
Футбол ойынының техникасын меңгеруге талаптанған бала жалпы және арнайы дене даярлықтарынан өтуге тиіс. Ол үшін бала ойын техникасын тікелей доппен ойнау арқылы меңгеруден бұрын оны допсыз меңгергені жөн. Ойын техникасын допсыз меңгеру мынадай элементтерден тұрады: жүру, жүгіру, тоқтау, секіру. Бұлар әдетте өзара былайша үйлесіп келеді: жүру мен жүгіру, тоқтау мен бұрылу, секіру мен жүгіру. Футболшының жүрісі өзгеше. Алаңдағы ойыншы аяғы сәл ғана бүгілген қалыпта жүреді. Бұл футболдағы ойынның жағдайына қарай дұрыс және тез орын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Футболшының орын ауыстыруы жүгірістен, жүрістен, тоқтаудан, бұрылыстан және секірістен тұрады. Бұл элементтерді ең алғашқы сабақтан бастап, әуелде жеке-жеке, кейін бірлесіп үйренуге тура келеді. Жаттығу барысында жүгірудің әр түрі қолданылады. Жүгіру әдетте жүрумен алмасып отырады. Футболшының жүгіру тәсілдері әркелкі: алға қарап жүгіру, теріс қарап жүгіру, аяқты қайшылай адымдап жүгіру, ілеспелі (қосалқы) қадам жасап жүгіру. Жүгіру кезінде футболшының қадамы қысқа әрі жеңіл болады. Жүгірудің мұндай түрі ойыншының жағдайды дәл бағдарлай алуын қамтамасыз етеді және өз қарқыны мен қозғалу бағытын тез өзгертуге мүмкіндіқ туғызады. Сонымен қатар, футболшы түзу сызық бойымен тез жүгіру техникасын меңгеріп алуға тиіс. Тоқтау, бұрылу, бір орында тұрып немесе жүгіріп келіп секіру - «техникалық» ептілікті дамытудың өте маңызды элементтері. Бір қадамнан соң, сондай-ақ секіргеннен кейін кілт тоқтай қалуды үйрену қажет. Бұрылуды әуелі бір орында тұрып, сонан соң жүгіру кезінде де орындап үйренуге болады. Тоқтау және бұрылу техникасын үйренуге, оны жетілдіруге арналған жаттығулар: - жай жүгіру; - бір бүйірге қарай жүгіру немесе аяқты қайшыластырып жүгіру; - орташа жүгіру, 90°-қа бұрылып, тез жүгіру; - жүріс немесе жүгіру; 180°-қа бұрылып, тез жүгіру; - 360°- қа бұрылып, тез жүгіру; -бір қолмен екінші аяққа ауыса отырып, көптеген секірулер жасау; - жүгіріп келіп, бір немесе екі аяқпен итеріле секіру барысында жоғарыда ілулі тұрған допқа басты тигізу. Ойын техникасының элементтері: допты аяқпен және баспен алып жүру; допты әр түрлі тәсілмен соғу; допты аяқпен, баспен, кеудемен тоқтату; бағытты өзгерте, тоқтаумен алмастыра, жұлқына, жылдамдықты арттыра жүгіру.
Дене тәрбиесінің жүйесі
2. 1. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.
3. Тәрбиелік міндеттері - адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
2. 2. Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz