«Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Романтикалық эпостар немесе лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Романтикалық эпостарда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.
Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге, бір -бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.
Романтикалық эпостар негізінен екі түрге бөлінеді:
- Қазақ халқының төл туындылары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім - Зылиха"
- Шығыс әдебиеті негізінде назира гөйлік дәстүрде жазылған қиссалар "Мұңлық - Зарлық", "Сейфілмәлік", "Бозжігіт", "Таһир - Зуһра", "Жүсіп - Зылиха", "Шәкір - Шәкірат", т. б.
Жұмыстың мақсаты. «Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
1. Жалпы қазақ жыры жайлы, оның ішінде «Қыз Жібек» жырына қатысты айтылған ой-пікірлерді саралап, отандас және шет ел музыкатанушылары мен әдебиеттанушы ғалымдардың методикасын жаңа көзқараспен зерделеу;
2. «Қыз Жібек» жырының құрамына кірген фольклорлық жанрлардың орнын және олардың өз қызметін қаншалықты сақтағанын көрсету;
3. Жыршылардың эстетикалық көзқарастарын, орындаушылық ерекшеліктерін және әр автордың шығармашылық әдістемесінің өзгешелігін анықтау;
4. Қазақ эпосының қазіргі эпикалық ортада көрініс табуын ашу және жыршыға қойылатын талаптар мен маңызды шараларды жіктеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Нақты эпикалық шығарманың әртүрлі әдісте орындалған нұсқаларын салыстыра қарастырған өнімді әрі орынды;
2. Романикалық эпосты зерттеудің басты ерекшелігі - бай фольклорлық материалдың сұрыпталуында, орындалатын нұсқалардың жан-жақты әрі салыстырмалы түрде зерделенуінде, әртүрлі әдіс;
3. Романтикалық эпостарда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері кең көрініс тапқан.
Зерттеудің дерек көздері. Дипломдық жұмыстың материалы ретінде Қазақтың романтикалық эпостары, әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектері.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Романтикалық эпостарда тұрмыс-салт жырларының айтыс, жоқтау, жар-жар, жұбату, жұмбақ айтыс, қоштасу, сыңсу сияқты түрлері өте жиі кездеседі. Қазан төңкерісіне дейін Лиро-эпостық жырларын жинап, жариялауда орыс ориенталистері В. В. Радлов, И. Н. Березин, Г. Потанин, т. б. көп еңбек сіңірді. Лиро-эпостық жырларды С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, М. С. Сильченко, Н. С. Смирнова, М. Ғабдуллин, т. б. ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбектер жазған.
Зерттеудің нысаны қазақтың романтикалық эпостары болып табылады. Ашып айтқанда, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырларындағы салт-дәстүр көріністері мен эпостардағы ұлттық дүниетаным.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеудің әдістері мен тәсілдері эпостарды зерттеуге байланысты алдымызға қойған мақсат пен міндеттерге байланысты айқындалды. Зерттеуде нақты талдау, сипаттау және салыстырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі теориялық нәтижелері мен тұжырымдарын әдебиеттану салаларында қолдануға болады. Жұмыстың тәжірибелі нәтижелерін орта мектептерде әдебиеттен арнаулы курс сабақтарында пайдалануға болады.
Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Романтикалық эпостарды салыстыра зерттеу мен баспа беттерінде жарық көруінің теориялық мәселелері
І. 1 Романтикалық эпостарды салыстыра зерттеудің теориялық мәселелері
Екі ғашықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігін жырлайтын романтикалық эпостарда, негізінен, бір-біріне ғашық болған екі жастың қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың қосылуына кедергі келтіретін факторлар: ата-аналарының қарсылығы, немесе, қызға ғашық болған басқа жігіттің жауыздығы, я болмаса екі рудың араздығы. Романтикалық эпостағы оқиғалар осы негізде өрбиді.
Романтикалық эпостар батырлық жырлардан кейін дамыды. Эпостың бұл екі түрі де көп уақыт бірге, бір-бірімен байланыса, қатарласа өмір сүрген. Сондықтан олардың ұқсастықтары да аз емес, айырмашылықтары да баршылық.
Романтикалық эпостағы басты тақырып - бейбіт өмірдегі екі жастың махаббаты. Сүйгеніне қосылу үшін күрескен қыз бен жігіттің бүкіл тіршілігі, іс-әрекеті кәдімгі қазақ аулында өтеді, сол себепті елдің тұрмысы, ғұрпы жан-жақты көрсетіледі. Романтикалық эпостың бар болмысы, ауаны - тыныш жағдай, кейіпкерлердің іс-қимылдары, тартысы - шым-шытырық емес, ал оқиғаның өрбуі оңай, күнделікті өмірдің ағымына сәйкес.
Қазақ романтикалық эпостары жеке көркем шығарма ретінде қазақ хандығы кезінде қалыптасқан. Әлбетте, оның кейбір сюжеттері мен сарындары сонау рулық қауымның ұғым-түсініктеріне, алғашқы мемлекеттер мен Түркі қағанаты замандарындағы наным-сенімдерге, дүниетанымға меңзейді. Мұның өзі романдық эпостың көркем түрге дейінгі даму жолы өте ұзақ болғанын аңғартады. Мұны, мәселен, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырынан көруге болады.
Бұл жырдың пайда болу кезеңі жөнінде ғалымдар түрлі пікір айтады. Зерттеушілердің бір тобы жыр Жошы ұлысында дүниеге келген десе, екінші топтағы ғалымдар Ноғайлы дәуіріне телиді. Ал, үшіншілері аталмыш эпостың пайда болуын Қазақ хандығымен байланыстырады. Бұлардың бәрінен өзгеше пікір білдірген М. Әуезов пен Ә. Марғұлан болды. Олардың пікірін Сейіт Қасқабасов өз еңбегінде атап көрсетті [1, 231 б. ] . М. Әуезов 1927 жылғы кітабында былай деп жазады: «Қозы Көрпеш нағыз қазақ жұртының әңгімесі болса да, өлгенше ескі заманның әңгімесі. Бұған дәлел - барлық түрік жұртына тегіс жайылғандығы, екіншісі, елдің салтын суреттеген жерлерінен білінеді . . . Меніңше, «Қозы Көрпештің» өте ескілігін білдіретін дәлел: осы әңгіменің якут(саханың) ішінде болғандығы, олар мұсылман емес. Алыс солтүстікке кеткеніне көп заман, қазақтан оларға «Қозы Көрпеш» әңгімесі артынан қуа баруға қисынбайды. Ол ел жалпы түрік шеңберінен жырылып кеткен күнінде осы жақтан ала кеткен жолдасы болуға лайық. Олай болса, «Қозы Көрпеш» тым кәрі әңгіме болуға керек» [2, 115-116 б. ] .
Ал Ә. Марғұлан былай дейді: «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жырының қай кезде шыққанын жақсылап айыратын белгінің бірі - оның күмбезі. Бұл күмбез өте ерте уақытта, исламнан көп бұрын, ғұн заманында не Түркі қағанаты кезінде тұрғызылған белгі» [3, 23 б. ] . Осы еңбегінің тағы бір жерінде Ә. марғұлан бұл күмбездің, оның ішіндегі тас мүсіндердің жасалған мезгілі - Түркі қағанаты, яғни ҮІ-ҮІІІ ғасырлар шамасы» - деп нақтылай түседі [3, 5 б. ] .
Алғашында Алтай өлкесін мекендеген түркілерде әңгімеленген жігіт пен қыздың үйлену тарихы туралы сюжет Түркі қағанаты ыдырап, туыс тайпалар жан-жаққа ауа көшіп кеткенде әр тайпаның меншігіне айналып, солармен бірге әр жаққа тарайды.
Қазақ хандығы тұсында бұл жырдың эпостық негізі қаланады. Ал, оның бізге жеткен қалпындағы нағыз көркем шығарм аға айналуы - ХҮІІІ және ХІХ ғасырға тұспа-тұс келеді. Бұл кезеңде қазақ елі, басқа да біраз түркі халықтары сияқты Ресей империясына қарайды. Осы тұста романдық эпос та кең өріс алып, ақындар мен жыршылар бйырғы «Қозы Көрпеш» тарихын үлкен, кең құлашты эпосқа айналдырды. Енді ежелгі сюжет көптармақты, эпикалық пафосты, нағыз сөз өнеріне лайық көркем туынды болып баяндалады. Шығарманың сюжеті бірнеше есе өсіп, кеңейіп, композициялық жүйеге түседі, сөйтіп, жырдың басталуы, коллизиясының дамуы, шарықтау шегі, аяқталуы - түгелімен бір ізге келеді. Сонымен бірге кейіпкерлердің образдары сомдалады, олардың тартысы күшейеді. Эпостың тілі көркем, бейнелі сипат алады. Көптеген ескі мифтік ұғымдар шеттетіліп, шығарма біршама реалистік, әсіресе, романтикалық сарынға ие болады [1, 233 б. ] .
Эпостың басты тақырыбы - сүйіспеншілік мәселесі жаңаша, сол кезеңге сәйкес түсіндіріліп, жырланады. Қозы мен Баян - бір-біріне жай ғана ғашық болған қыз бен жігіт емес. Олар екі әкенің сертін орындаушылар болып көрінеді. Сөйте тұра, олар бірін-бірі көргенде үлкен сезімге бөленіп, шын ғашықтарға айналады. Жалпы алғанда, бізге жеткен жырда сүйіспеншілік пен имандылық, адалдық пен адамгершілік мәселелері ең басты, ең негізгі болып көрсетіледі.
Романтикалық эпостардың тағы бірі - «Қыз Жібек» жыры. Бұл да ерте заманда туып, Қазақ хандығы тұсында өнерге айналған көркем шығарма. Мұның ең басты ерекшелігі - үлкен екі сюжеттен тұрғандығы. Яғни, «Қыз Жібек» екі бөлімнен тұратын шығарма. Бірінші бөлімінде Төлеген мен Жібектің сүйіспеншілігі мен Төлегеннің қарақшы Бекежанның қолынан мерт болғаны баяндалады. Ал, екінші бөлімінің мазмұны - Төлеген өлгеннен кейінгі Жібектің тағдыры және оның Сансызбаймен қосылуы.
Жырдың жалпы нобайы мен тақырыбына, сюжеттің, оқиғаның даму логикасы мен композициясына қарағанда, оның бірінші бөлімі өзінше жеке шығарма болып туып, ел арасына тараған болу керек. Мұндай пікірді кезінде Ғабит Мүсірепов те айтқан екен [4, 91 б. ] . Бұл бөлім жеке күйінде нағыз ғашықтық жырдың үлгісі болып көрінеді, яғни бірін-бірі сүйген екі жастың бақытсыз тағдырын баяндаған болу керек. ондай жағдайда жеке жыр ретінде өмір сүрген бұл бөлім трагедиямен аяқталған деп ойлауға болады: Төлеген опат болғанын білген Жібек өмірімен өзі қоштасқан тәрізді.
«Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің қызды іздеу сапары, арудың аулына келуі Қозыдан гөрі өзгеше. Ол Қозы сияқты ұзақ жүрмейді, жасырынбайды, қиналмайды да. Төлеген ашық келіп, өзінің мақсатын ашық айтып, елге жария етеді. Ол ұнатқан қызының әкесіне қалың малын төлеп, заңды күйеуіне айналады. Қайын жұртында Жібекпен үш ай бірге тұрып еліне қайтады. Бірақ әкесі Төлегенге қайын жұртыңа келесі жылы барасың деп рұқсат бермейді. Әкесін тыңдамай жолға шыққан Төлеген жолда қарақшылардың қолынан мерт болады.
Жырдың бұл құрылымы ертегіге келеді. Әрине, эпос бұларды өте көркем әрі лирикалық мағынада көрсетеді. Мысалы, Төлеген жай ғана, еріккеннен қыз іздемейді. Ол тек өзі ұнатқан, сүйген қызды алмақ ниетпен іздейді. төлеген ондай қызды тауып, үйленеді. Екеуі аз уақыт болса да бақыт құшағында болады. Төлегеннің Жібекті сүйгені соншалық әкесінің тыйымына қарсы шығады.
Төлегеннің мерт болған жағдайы да ғашықтық жырға сай көрсетіледі. Төлеген қырық қарақшымен күні бойы алысып, қапыда Бекежанның қолынан қаза табады.
Ғашықтық жыр жанрының заңы бойынша Төлегеннің өлгенін естіген Қыз Жібек өзі де өмірмен қоштасуы керек еді. Алайда ол олай етпейді, тірі қалады. енді оқиға әрі қарай дамиды. Осылай «Қыз Жібек» жырының екінші бөлімі басталады.
Бұл бөлім батырлық эпос түрінде баяндалады. Төлегеннің інісі Сансызбай хабарсыз кеткен ағасын, оның әйелін іздеп шығады, бірақ ол тек Жібекті ғана табады.
Қазақ әдебиеті тарихындағы көркем туындылардың қай-қайсысы да өзінің түп төркіні - халық ауыз әдебиетінен нәр алып дәстүрлік жалғастық табады. Бүгінгі таңдағы әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған іргелі туындылары бар қазақ әдебиетіндегі алуан тақырыптар, сан түрлі сарындар, өлмес идеялар, өміршең мұраттардың бәрі де о баста ауыз әдебиетінде, оның ішінде поэзия саласында көрініс тапқан. Бұл орайда біз нысана етіп отырған махаббат тақырыбы да алғаш осы халық ауыз әдебиетінде, яғни, халықтық ән-өлеңдерде, эпостық жырларда көрінген. Мәселен, көнеден жеткен авторы белгісіз мына шумақтар соның бір дәлеліндей:
Көрдім де бір сұлуды болдым ғашық,
Алашқа білдірмедім аузымды ашып.
Жарасқан бал, шекерге күміс қасық,
Жүреміз сүйтіп қашан араласып [5, 188 б. ] .
Фольклорлық үгілердің қашаннан-ақ эстетикалық сипаты мол болған, онда әсемдіктен, ойдан жырақ, сұлулықтан тыс дүние жоқ. Бұлар халықтық ой-сананың туындысы ретінде үнемі эстетикалық оймен терең астасып жатады. Фольклор туындыларында көркемдік сын мен эстетикалық таным егіз ұғым ретінде әуел бастан әсемдікті жырлау талабымен ұштасып отырады. Өмірдегі құбылыстар: ел қорғаған батыр, бас бостандығы үшін күрескен ұл мен қыз, ақылгөй қарт әсемдік заңдарына сәйкес жырланады.
Сұлулық, әсемдік, әдемілік символы болған әйелдер туралы сөз қозғасақ, әрбір ұлттың әдемілікті сезінуі мен әсемдікті қабылдауында өзіндік ерекшелік болатынын естен шығаруға болмайды. Мәселен, қазақ ауыз әдебиетінде, поэтикалық шығармаларда әйел сұлулығын, кескін-келбетін, мінез-құлық, іс-әрекетін суреттейтін туындылар аз емес. Бұл тұрғыда қазақ батырлар жырының да, лиро-эпостық жырлардың да, ертегілердің де орны ерекше.
Қай халықтың болса да фольклоры өзіндік, даралық ерекшелікке сай қалыптасқан.
Жалпы қазақ эпосы, оның өзі батырлар жыры, лиро-эпос болып екі салаға бөлінсе, қазақ лиро-эпостары негізінен үш түрге жіктелген:
- Халықтың төл туындылары - ел арасына кең тараған, баспа бетін көрген дастандар. Олар: «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан»;
- Халық арасына ауызша тараған нұсқалар: «Күлше қыз», «Құл мен қыз», «Мақпал қыз», «Есім - Зылиха»;
- Шығыс әдебиетінен алынған қиссалар. Олар: «Мұңлық - Зарлық», «Сейфілмәлік», «Бозжігіт», «Таһир - Зухра», «Жүсіп - Зылиха», «Шәкір-Шәкірат» т. б. Лиро-эпостар халық дастандарына, жұртшылық сүйіп оқитын шығармаларға айналған [6, 449 б. ] . Әйел тағдырын арқау еткен бұл жырларды қазақ зерттеушілері әр қилы атап келеді. Бірде жанрына қарай «лиро-эпос» десе, бірде мазмұнына сай «тұрмыс-салт жырлары» деп атаған. Дұрысында бірін лирика сарынына құрылған лиро-эпостық жырлар, екіншісін ұсақ салт өлеңдері деп білу ләзім [6] . Бұл жырлардың қай-қайсысында да ғашықтық сарын, махаббат тақырыбы шырқау биікке көтеріле, дамытыла жеткізіліп, тыңдаушысын барынша баурап алған.
Эпостық жырлардың ең көне үлгілерінің бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры. Оның сюжеті біздің заманымыздан үш-төрт ғасыр бұрын шығып, Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Алатауда қоныстанған тайпалар ортасында кең тараған.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры басталғаннан-ақ оның басты тақырыбы сұлулық пен әсемдік екендігін бірден-ақ байқауға болады. Нәзік әуен сазындай жайдары, ашық, әсем әнмен басталатын жыр қалың тоғай ішінде адасып елеңдеп жүрген маралды әдемі сезімге әсер ету мақсатымен суреттейді. Марал мен Баян арасында үлкен жақындық бар. Бірі - табиғаттың еркесі, аң сұлуы болса, екіншісі - ел еркесі, адамзаттың сұлуы. Жырдағы осы ғайыптан келген табиғаттың ерке сұлу маралы кіршіксіз, таза махаббаттың символындай жарқ етіп көрінеді. Табиғаттың өзі елжіреп, сұлулық нұрын төгіп тұрғандай сезіледі. Жыр әсемдікті тап басып, тілсіз табиғат пен адам өмірін қатар алып, сұлулықтың құпия әсем сырына бой ұрады.
Қазақ халқының асыл қазынасы, бай мұрасы не дегенде - эпостық және лиро-эпостық шығармаларды алдымен атай аламыз. Қазақ халқының және бірге туысқан түркі халықтарына ортақ болып келетін эпостық жырлары мыңдаған жылдар бойы, бізге сақталып жетті. Эпостық шығармалардың бойынан халықтың қилы тарихын мәдениетін, эстетикалық ойлау ерекшеліктерін, дәстүрлерін көре аламыз. Фольклортану ғылымы эпостық және лиро- эпостық шығармалардың туыстығын, ұқсастығын байқауда үш түрлі ұқсастық типін ерекше атайды [7, 35 б. ] . Біріншіден, халықтардың тарихи туыстығына, тектестігіне байланысты тарихи-генетикалық ұқсастық. Екіншіден, ел мен елдің тарихи-мәдени қарымқатынасы арқылы тарайтын ұқсас, үндес сюжеттер. Үшіншіден, халықтардың шаруашылық кәсібінің, қоғамдық дамуының бірыңғай болып келуінен туындайтын тарихи-типологиялық ұқсастық. Лиро-эпостық жырлардың қазақ халқындағы нұсқаларын басқа халықтарындағы осы тектес жырлармен салыстырып, олардың халықтық, фольклорлық негіздерін ашуға, қосылған жерлерін ажыратуға, сонымен бірге тарихи фактілер мен эпикалық ерекшелігінің ара қатынасын анықтауға мүмкіндік туады. Ғалымдар тарихи-типологиялық тәсілді фольклортануға әр саладан қозғау салатын, ұғымды әдіс деп қарайды [8, 230 б. ] . Қазақ фольклорын басқа халықтардың ауыз әдебиетімен салыстыру, ондағы ортақ нәрселерге баға беру ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңінен басталды. Бірақ та, салыстыра зерттеу әр кезеңде әр түрлі сипат ала отырып, мақсаты да әр түрлі болды. Зерттеуші ғалым Ш. Ибраев ХІХ ғасырдың 30-жылдары жарық көрген А. Левшиннің “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордаларымен далаларының сиаттамасы” деген еңбегінен осындай өзгешеліктерді байқап, ол жөнінде былай дейді: “Зерттеуші өзінің қазақ фольклорына қатысты байқауларын арагідік ежелгі замандағы халықтар мен тайпалар туралы сақталған тарихи деректермен салыстырып отырады және ондай салыстырулар белгілі бір ой-пікірлерді қорытындылауға қызмет етеді. Қазақтың поэзиясы ертеде өмір сүрген халықтар мен тайпалардың фольклорымен сабақтас деген тұжырымға тоқтайды” [9, 22 б. ] . Сонымен бірге салыстырмалы зерттеудің кейбір жаңа өзгешеліктерін қазақтың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов еңбектерінен көреміз. Шоқан зерттеулерінде ежелгі халықтардан римдіктер, скифтер, гректер, қытайлар секілді елдердің әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі, фольклоры туралы мәліметтер түркі-монғол халықтарының этнографиясымен, ауыз әдебиеті үлгілерімен әдемі салыстырылып отырған [10, 212 б. ] .
Жалпы Шоқан қазақ халқының фольклорын дүние жүзі халықтарының мәдени-әдеби байланысын биік деңгейде тани білген. Ш. Уәлихановтың салыстыру арқылы тұжырымдаған мәселесі, ол - қырғыздың әйгілі “Манас” эпосын көне грек эпосымен байланыстыра отырып, жыр - бір халықтан екінші халыққа ауыспалы жүретін ұқсас сюжеттің жиынтығы емес, белгілі бір халықтың даму тарихында қалыптасатын, қоғамдық өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасып жатқан, тарихи қажеттіліктен туған көркемдік ойдың жемісі екенін байқап, келелі мәселе қозғайды. Түркі халықтарының фольклоры, оның ішінде қазақ ауыз әдебиеті дегенде тілімізге алдымен академик В. В. Радлов есімі түседі. В. В. Радлов түркі халықтарының асыл мұраларын жинап, қазақ халқының поэзиясы қырғыз, Қырым мен Осман түрктері және Алтай мен Сибирь халықтарының байланысты екенін анықтады. Сонымен қатар Радлов қазақ халық поэзиясының көне бастауын іздеуге де із салды [11, 37 б. ] . Ғалым эпостың шығу тарихына тоқтала отырып, қырғыздың “Манасын”, гректің “Илиадасымен”, финнің “Калеваласымен” салыстырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz