Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Мустафина Алия

Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5B011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»

Қарағанды 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Ағылшын тілі және

лингводидактика

кафедрасының меңгерушісі

Г. Н. Акбаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері»

5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы

Орындаған: А. Т. Мустафина

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы Э. Р. Тажибаева

Қарағанды 2016

Мазмұны

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1 Шетел тілін оқытуда оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық-әдістемелік негіздері . . .
6: 10
Кіріспе . . .: 1. 1 Аудармашылық құзыреттілік туралы түсінік және оның қағидаттары . . .
6: 10
Кіріспе . . .: 1. 2 Аудармашылық құзыреттілікті дамытуда оқытудың жаңа технологияларын қолдану . . .
6: 21
Кіріспе . . .: 2 Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері . . .
6: 34
Кіріспе . . .: 2. 1 Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған жаттығулар . . .
6: 34
Кіріспе . . .: 2. 2 Жаттығулар тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерудің нәтижелері . . .
6: 44
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
6: 57
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
6: 60
Кіріспе . . .: Қосымша (лар) . . .
6: 63

Кіріспе

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы - егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын, оның ішінде әсіресе, білім саласына айрықша көңіл бөлген. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі.

Бүгінгі таңда мектептегі білім берудің мақсаты - бәсекеге қабілетті, ұлттық мәдениетті, әр түрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын, ақпараттық кеңістікте икемді әрі тез қабылдайтын, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген тұлғаны тәрбиелеу.

Жолдауда білім саласы туралы Елбасымыз былай дейді: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет», - дейді [1] .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген [2] . Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және оны тиімді пайдалану керек. Аталған жолдар арқылы оқытушыға білім сапасын арттыру, оның мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру және жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай шығармашыл тұлға қалыптастыру мәселесін қойып отыр. Тек сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады. Олай болса, қазіргі кезеңдегі оқытушының міндеті - оқытудың шығармашылық сипатын күшейту және мақсатты білім беру. Осы тұрғыда оқушылардың оқыту үдерісінде алуан түрлі құзыреттіліктерін дамыту ерекше орын алуда.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған [1] . Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: орта мектеп жағдайында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзыреттілігін дамытуда әдіс-тәсілдердің тиімділігін көрсету.

Ғылыми жұмыстың мақсаты - ағылшын тілі сабағында оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытудың тиімді амалдарын қарастыру.

Ғылыми жұмыстың нысаны - орта мектепте шетел тілін оқыту үдерісі.

Ғылыми жұмыстың пәні - ағылшын тілі сабағындағы жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту үдерісі.

Ғылыми жұмыстың гипотезасы: егер ағылшын тілін оқыту үдерісінде оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесі тиімді қолданылса, онда ол оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытып қана қоймай, сонымен қатар олардың тілді түсіну және ақпаратты талдай алу білігін тез қалыптастырады.

Ғылыми жұмыстың міндеттері:

  • Шетел тілін оқытуда оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
  • Шетел тілін оқыту үдерісінде оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа технологияларын айқындау;
  • Жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған ағылшын тілі пәні бойынша жаттығуларжүйесін әзірлеу;
  • Әзірленген жаттығулар жүйесінің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеу барысында келесі ғылыми әдістер қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; білім берудің отандық және шетелдік жүйелерінің инновациялық тәжірибесінің қорытындысы; оқулық құжаттамасын зерттеу және педагогикалық құбылыстар мен фактілерді салыстырмалы талдау; классификациялау, жинақтау және зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес басқа теориялық және эмпирикалық әдістер; озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, бақылау және талдау; психологилық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау, оқушылармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздеріне: білім алу мазмұнының теориясы, тілдік және шетел тіліндегі білім теориясы мен әдіснамасы, таным теориясы, тұлғаға бағдарлы теория, лингвистика, тұлға және іс-әрекет теориясы, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, шеттілдік білім беру тұжырымдамасы, технологиялық білімді оқыту және т. б.

Зерттеу қайнар көздері: ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы, Қазақстан Республикасының тілдік саясатының Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңы», «2001-2010ж. ж. арналған Қазақстан Республикасындағы тілдер қызметінің мемлекеттік бағдарламасы», «2007-2010 жж. арналған мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мемлекеттік тілдің қызмет ету аумағын кеңейту Тұжырымдамасы» және т. б.

Зерттеу базасы: Қарағанды қаласы, М. Жұмабаев атындағы № 39 гимназиясы, 9-сыныптарында өткізілді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы және теориялық маңыздылығы:

  • шетел тілін оқытуда оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық және әдістемелік негіздерін айқындау;
  • шетел тілін оқыту үдерісінде оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытуға жағдай жасаушы факторлар айқындау;
  • шетел тілін оқыту үдерісінде оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамыту жолдарын анықтап ұсыну.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы ағылшын тілісабақтарында оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесі әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін енгізу және апробациясы Қарағанды қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының 9-сынып оқушыларына өткізілген ағылшын тілінен сынақ сабақтарына негізделген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан құралады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, оның ғылыми аппараты құрылады: мақсаты және алға қойылған тапсырмалары, зерттеу жұмысының пәні, нысаны, гипотезасы, басты идеясы анықталады, зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы мен ғылыми жаңашылдығы сипатталады, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар анықталды, зерттеу жұмысының әдістері мен кезеңдері сипатталады.

Зерттеу жұмысының бірінші тарауында аудармашылық құзыреттіліктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны, ағылшын тілі сабағында оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытудың шарттары, шетел тілін оқытуда аудармашылық құзыреттілігін дамытудың ерекшеліктеріне шолу жасалды.

Зерттеу жұмысымыздың екінші тарауында аудармашылық құзыреттілікті дамытуға бағытталған жаттығулар түрлері көрсетілді, оқушылардың аудармашылық құзіреттіліктерін дамытуда аталмыш жаттығуларды қолдану амалдары қарастырылды, әзірленген жаттығулар жүйесінің тиімділігін тексерудегі эксперименттік жұмысы сипатталды.

Қорытынды бөлімінде білім берудің жаңа педагогикалық үлгілерін пайдалана білім берудегі мұғалімнің рөлі, тілдесу іскерліктері мен дағдыларын дамытудашетел тілі сабағында кооперативті оқыту негізіндежоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзыреттілігін дамыту маңыздылығы туралы сөз етілген.

Пайдаланған әдебиет тізімінде зерттеужұмысын жазу барысында қолданылған ғылыми еңбектердің, сөздіктер мен жинақтардың тізімі берілді.

Қосымшада ағылшын тілі сабағында оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытуда мотивациялық-құндылықты қатынастын анықтауға бағытталған сауалнама, тақырыптық-күнтізбелік жоспар, эксперимент нәтижелерін анықтауға қажетті тапсырмалар берілді.

Зерттеу жұмысының жарияланымы: дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдары ғылыми мақалада баяндалған.

Тажибаева Э. Р., Мустафина А. Т. «Шетел тілі сабағында оқушылардың аудармашылық құзыретін дамытудың көкейкестігі» // «Ғылым, білім және инновация - «Қазақстан - 2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Талдықорған: І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2015. - Б. 303-306.

1 Шетел тілін оқытуда оқушылардың аудармашылық құзыреттілігін дамытудың теориялық-әдістемелік негіздері

1. 1 Оқушылардың аудармашылық құзыреттілігі туралы түсінік және оның қағидаттары

Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім тұжырымдамасының мақсатына сай: бәсекелістікке қабілетті, құзырлы, шығармашыл, білімді, дамушы, ортаға сай өмір сүруге, өзінің сол секілді ортаның қызығушылығына сай өзін-өзі өзектендіруге дайын тұлғаны қалыптастыру және дамыту, мұғалімнің қызметі нақты оқу үдерісінің мақсаттарын жобалауға, оқу үдерісін ұйымдастыруға, оқу материалдарын дайындауға және меңгеруді реттеуге, ақпараттық орта әлеуетін пайдалануға, оқушылардың білімдік кеңістіктерін кеңейту мүмкіндіктерін іздендіруге бағытталады [3] .

«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы оқушылардың білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады.

«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді. Құзыреттілік - оқушылардың іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау - негізгі мақсат болып табылады. Басты мақсаттың бірі - білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Құзыреттілік мәселелері туралы пікірлер отандық және шетелдік ғалымдар, педагогтар, психологтар еңбектерінде көрініс табуда. Оқыту үрдісіндегі құзыреттіліктерге ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген.

Айталық, ғалым С. М. Вешниякова «Кәсіптік білім беру» сөздігінде құзыреттілікке белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері деген анықтама берген болса, А. В. Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді» [4] . Ал ғалым Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама береді[5] .

М. Ж. Жадринаның пікірінше, құзыреттілік оқушының мәселелерді өзіндік даму, өзіндік басқару, білім, икемділік, дағдыны пайдалана отырып шешумен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, А. Ф. Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сала қызметі мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады[6] . Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К. Құдайбергенова «Құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты, хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді [7] .

Бұл жайлы Б. Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса [8], Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».

Кесте 1

«Құзыреттілік» ұғымына берілген анықтама

Берілген анықтамалар мен түсіндірмелер
Авторлар мен ақпарат көздері
Берілген анықтамалар мен түсіндірмелер: құзыреттілік - мектеп жасына дейінгі баланың тәрбие, даму, білімділік деңгейі, қалыптасқан жеке басының қасиеттері, білім нәтижесінің типі; негізгі құзыреттіліктер - күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы.
Авторлар мен ақпарат көздері: ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»
Берілген анықтамалар мен түсіндірмелер: белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, қандай да болмасын мәселеден хабардар болу, беделділік
Авторлар мен ақпарат көздері: С. Ожегов
Берілген анықтамалар мен түсіндірмелер: құзырлылық - адамның өздік даму жолындағы ізгілік идеялар мен ұстанымдарға негізделген кіріктірілген сипаттамасы
Авторлар мен ақпарат көздері: М. В. Рыжков
Берілген анықтамалар мен түсіндірмелер: құзыреттілік - тұлғаның теориялық білімді және практикалық тәжірибені белгілі бір міндеттерді шеше білуге қолдануға қабілеттілігі және дайындығы
Авторлар мен ақпарат көздері: Қ. С. Құдайбергенова

1-кестенің жалғасы

«құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес, әрі ол мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтық, яғни оқыту нәтижелерін (білім, іскерлік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды; - құзыреттілік - алған білім, іскерлік, тәжірибе, мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс- әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті; - құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы; - құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады
Ю. В. Варданян

Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып (1-кесте), біз «құзыреттілік» ұғымына - оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.

Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.

Ғалым Б. Т. Кенжебеков құзыреттіліктің мынадай түрлерін бөліп көрсетеді: арнайы құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, жеке тұлға құзыреттілігі, дара құзыреттілік.

  1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
  2. Әлеуметтік-кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.
  3. Жеке тұлға құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.
  4. Дара (индивидуалды) кәсіби құзыреттілік өзін-өзі басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады [9] .

Негізгі құзыреттіліктер тізімі әлеуметтік тәжірибе мен жеке басының тәжірибесін, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше білімін дамытуға қолданылатын негізгі қызмет түрлерін құрылымдық жағынан таныстыру негізінде анықталады. А. В. Хуторской біліктіліктің 3 негізгі түрін енгізген:

  1. негізгі құзыреттіліктер: құндылық-мәнді, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік-еңбектік, жеке тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі;
  2. жалпы пәндік құзыреттілік;
  3. пәндік құзыреттілік [10] .

Біздің қарастырып отырған мәселемізге оқушы бойындағы аудармашылық құзыреттілікті дамыту болғандықтан, бұл құзыреттілік түрін пәндік құзыреттілікке жатқызуға болады.

Л. К. Латышев аудармашылық құзыретті аудармашыға өзінің кәсіби міндеттерін шешуге көмектесетін білім-біліктері мен қабілеттерінің жиынтығы ретінде анықтайды[11] .

Аудармашылық түсіндірме сөздігінде аудармашылық құзыретті берілген мәтінді сәйкесінше талдап түсіндіруге көмектесетін, белгілі білімді қажет ететін, аудару технологиясы мен екі тілді «аудармашылық» деңгейде меңгерген аудармашыға тіларалық және мәдениетаралық тілдесімді қамтамасыз ететін біліктілік сипаттамаларынан тұратын күрделі көпөлшемді санат ретінде көрсеткен.

Роджер Беллдің ойынша, аудармашылық құзырет аударма жүргізілетін тілдерді білу, мәтін түрін анықтау, аударманың пәндік саласы мен ұғымдарды қарама-қарсы талдай білу қабілеті компоненттерінен тұратын жалпы, коммуникативтік құзырет болып қарастырылатын кешен ретінде сипатталады. Ғалымның айтуы бойынша, аудармашылық құзырет 4 түрлі дағдыдан тұрады: грамматикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, дискурсивті (логикалық пайымдау) және стратегиялық. Белл аудармашылық құзыреттілікті аудармашының мәтінді толыққанды аударуы үшін қажетті білім мен дағдылар жиынтығы деп анықтайды[12] .

Испания ғалымы, профессор Хуртадо үшін аудармашылық құзырет 5 аспектіден тұрады: өз ана тілі мен оқытылып жатқан тілде еркін қатысымға түсе алу; экстралингвистикалық білімдер (энциклопедиялық, мәдени, тақырыптық) ; ақпаратты жеткізе алу білігі; кәсіби және стратегиялық дағдылар [13] .

Ұсынылып отырған дағдылар бір-бірімен өзара байланысты әрі аудармашылық құзыретті қалыптастырады. Жалпы алғанда аударуға үйрету қандай да бір ережелерді, заңдарды меңгеруге әкелмейді, керісінше аударудың қағидаттары мен амалдарын меңгеруден, оларды әр түрлі мақсаттағы түрлі мәтіндерде дұрыс таңдай біліп, қолдана алуынан көрініс табады.

PACTE зерттеу орталығы бойынша, аудармашылық құзыреттілік - аударуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдылардың негізгі жүйесі. Бұл орталықтың ұсынуы бойынша аудармашылық құзыреттілік келесі 5 құрамдас бөліктерінен құрылады және психо-физиологиялық механизмдерді іске асырады (1-сурет) :

  1. Коммуникативтік құзыретке қос тілде қатысымға түсуге қажетті біліктер (прагматикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, мәтіндік, лексико-грамматикалық біліктер) ;
  2. Экстра-лингвистикалық құзырет жалпы әлем туралы немесе арнайы салаларға тән айқын немесе айқын емес декларативті білімдерден тұрады.
  3. Аудару білу құзыреті бастапқы мәтінді мақсатты тілге аудара алу және оның мазмұнын мақсатты тілде жеткізе алу мүмкіндігінен тұрады.
  4. Инструменталдық құзыреті аудармаға қатысты құжаттама көздерін, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білубіліктерінен (сөздіктердің барлық түрлері, энциклопедиялар, грамматика кітаптары, электрондық құралдар) тұрады.
  5. Стратегиялық құзыретке аударма әрекетінің тиімділігінқамтамасыз ете алатын және кездесетін мәселелерді шеше алатын процессуалдық білімдер кіреді.
  6. Психо-физиологиялық құзырет танымдық (ес, қабылдау, зейін, эмоция) және мінез-құлықтық (қызығушылық, табандылық, қаталдық, сенімділік, сын көтерушілік, мотивация) компоненттерінің барлық түрлерінен және психомотрлық тетіктерден (шығармашылық, логикалық ойлау, анализ және синтез) тұрады [14] .

1 сурет. Аудармашылық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері

Оқушылардың аудармашылық құзыретін дамыту ағылшын тілі сабағы аясында аудармаға оқытумен жүзеге асырылады. Аудармаға оқыту дегеніміз - мәтінді қабылдап, оны түсінуге, іштей сөйлеу арқылы айтылымдағы ойды қалыптастыруға және сол ойды жеткізуге үйрету. Оқыту үдерісінде аударманы оқытудың әдісі ретінде қолдану бірқатар кемшіліктерге (лексикалық минимум жатталатындықтан арыға бармайды, қолданысқа түсу механиздері іске асырылмайды) әкеліп соқтырады, бірақ жаттығу ретінде қолдану (сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс қою, идиомаларды және грамматикалық құрылымдарды үйретуде, оқушылардың білімдерін тексеруде) маңызды қызмет атқарады. Аударманың маңыздылығы оның мектептегі қызметтерінің мақсатында жатыр:

  1. Оқушының ана тілі мен шетел тіліндегі синтаксис (сөйлемдегі сөздердің реті) саласындағы айырмашылықтарды айқындап көрсетеді;
  2. Тұрақты сөз тіркестердегі айырмашылықтарды көрсете отырып ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқуға көмектеседі;
  3. Артикльдер мен предлогтардың қолданылуын түсіндіруге көмектеседі;
  4. Қазіргі ағылшын тіліндегі сөз қолданыстарын үйренуге көмектеседі;
  5. Ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдарды түсінуге көмектеседі;
  6. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейн тексеруге мүмкіндік туғызады.

Орта мектеп жағдайында аудармаға оқытуда келесі қағидаттарды ұстану керек:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Оқушылардың шетел тілі сабағында аударма құзыреттілігін қалыптастыру ерекшелігі
Жобалау мен шығармашылық
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін үйретудің мақсаты мен міндеттері, сабақты түсіндіру жолдары, әдістері, тыңдап түсіну ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
Бастауыш сыныптарында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты шетел тілін оқытудың мәселелері
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Компьютерлік технологияны пайдалану тәсілдері
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz