Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген дипломдық жұмыста келесі заңнамалық актілер мен стандарттарға сілтемелер қолданылды:

«Білім туралы» Заң - Астана: ИКФ «Фолиант», 2007. - 41 б.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225-2. «Ғылым туралы» Заңы.

11. 07. 97 N 151-1 «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң Астана: ИКФ «Фолиант», 2000. - 12 б.

24. 02. 2004 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту Концепциясы.

Қазақстан Республикасындағы шет тілдік білімді дамыту Концепциясы Алматы, Абылай хан ат. ҚазХТ және ХҚМУ, 2004. - 27 б.

АНЫҚТАМАЛАР

Ирония - бірдей пікірдің болымсыз және болымды модальдықтары арасында немесе оң және теріс бағалау пікірінің объектісі арасында интонация және контекстің көмегімен жүзеге асатын семантикалық ауысым механизмі (Богомолова С. И. ) .

Тіларалық дубляж - түпнұсқадағы актерлердің сөздерін толық аударма тіліне алмастыру (Горшкова В. Е. ) .

Тіларалық субтитрлеу - фильм диалогтарының негізгі мазмұнын көрсететін қысқартылған аудармасы (Горшкова В. Е. ) .

Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл (Бархударов Л. С. ) .

Эквиваленттілік - бірдемеге тең, тең мағыналы, барабарлық - дәлдеу, ал тепе-теңдік бірдеңенің бірдемемен толық ұқсастығы, үйлестігі (Виноградов В. С. ) .

Аударма - тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас процесінде түп нұсқа мәтінді аудармашылық талдау негізінде жаңа тілдік және мәдени ортада алмастыратын екінші бір аударма мәтінді тудыру (Бреус Е. В. ) .

Эквиваленттік аударма - эквиваленттік деңгейдің бірінде орындалған аударма болса, толыққанды аударма - бұл прагматикалық жағынан эквиваленттік деңгейдің дұрыс таңдалуы (Комиссаров В. Н. ) .

Трансформация - бұл туынды сөздердің жасалуы. Яки сөзжасамның лексика-семантикалық және морфологиялық-синтактикалық тәсілдермен сөздердің жасалуы (Немченко В. Н. ) .

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР

Берілген дипломдық жұмыста келесі қысқартулар пайдаланылған:

т. б - тағы басқа

м/ы - мысалы

ТТ - түпнұсқа тілі

АТ - аударылатын тіл

ағыл. - ағылшын

жарг. - жаргон

Мазмұны

Кіріспе . . .
9
Кіріспе . . .: 1 Зерттеудің теориялық негіздері . . .
9: 12
Кіріспе . . .: 1. 1 Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктері . . .
9: 12
Кіріспе . . .: 1. 2 Мультипликациялық фильмдерді аудару ерекшеліктері және түрлері . . .
9: 20
Кіріспе . . .: 1. 3 Иронияны беру аударма теориясының мәселесі ретінде . . .
9: 28
Кіріспе . . .: 2 Мультипликациялық фильмдердегі иронияны аудару . . .
9: 38
Кіріспе . . .: 2. 1 «Монстрлар Университеті» мультипликациялық фильміндегі иронияны аудару ерекшеліктері . . .
9: 38
Кіріспе . . .: 2. 2 «Көліктер-2» мультипликациялық фильміндегі иронияны аудару ерекшеліктері . . .
9: 50
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
9: 64
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
9: 67

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда шетелдік комедиялық мультипликациялық фильмдер күн сайын танымал болуда. Оларды балалар ғана емес, ересектер де қызыға тамашалайды. Мультипликация кино өнеркәсібінің ең қызықты және еліктіретін жанрларының бірі болып табылады. Берілген жанрдағы мультипликациялық фильмді көру кезінде біз көптеген иронияның мысалдарын жиі кездестіреміз, себебі, бұл мультипликациялық фильмнің ажырамас бөлігі болып табылады. «Иронияны не үшін қолданады және оның қажеті не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Ирония - қарама-қарсы мағынада сөздерді қолданып, мазақтау мақсатында қолданылады [1, 69] . Ирония - игілікті және жасандылық идеясын сақтай отырып, адамдың қадір-қасиетін кемсітпеуге мүмкіндік береді. Иронияны қолданатын адамның ақылы алғыр, байқағыштығы, қалыптан тыс ойлау қабілеті жоғары болып келеді. Ирония ақылды, керемет, талғамды механизм болғанымен, бұл қорғаныс механизмі болып саналады. Сөйлеу мәнерінде иронияны қолдану арқылы өзге адамдарды не кемсітуге, не әзілінің нысаны етуге де болады.

Ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей дубляждалған мультипликациялық фильмдер - ирониялардың дубляждауда аса назар аударуды қажет ететін бөлшегі екенін тағы бір мәрте дәлелдейтін материал. Ағылшын тілінен қазақ тіліне дубляждау - қазақ кинемотографиясы мен қазақ тілінің дамуының барысына зор үлес қосқан мадақтауға тұрарлықтай іс. Ағылшын тіліндегі мультипликациялық фильмдер әлемдік рейтинг бойынша өте жоғары белестерден көрінетіні бәрімізге мәлім, ал осы фильмдердің қазақ тіліндегі дубляждарының биік шыңдардан көрінуі немесе көрінбеуі тікелей ирониялардың аудармасының сапасына тәуелді. Американдық мультипликациялық фильмдер балаларға қызық болуы сөйлеу мәнерінің ерекшелігімен түсіндіріледі, яғни көбінесе әдеби нормаға сай емес, жасырын мазаққа, келемежге ие және балалардың жадында таңба басқандай сақталатын ирониялардың болуымен сипатталады. Американдық фильмдерді қай тілге болмасын дубляждау кезінде істің ақталып, көрермен тұрғысынан жақсы қабылдануы ирониялардың аудармасының сәтті шығуымен тығыз байланысты.

Ғылымда иронияны әртүрлі сөйлеу нақышына келтіріп қолдану жайлы бір мәнді анықтылық жоқ. Осы себеп иронияны бірнеше тілдер аясында қарастыруға түрткі болды. Біздің жағдайымызда, ағылшын және қазақ тілдер аясында зерттеліп жатыр, берілген ғылыми ізденістер тілдерге қызығушылық танытып оқитын зерттеушілердің аударманың теориялық және практикалық курсында, мәдениеттануда, аударматануда, стилистикада, тіл дамыту салалары бойынша оқылатын дәрістерде, тілтануда, кинемотографияда өзге шетел фильмдерін дубляждау барысында, ирония мәселесі қозғалатын ғылыми еңбектерде, курстық, дипломдық жұмыстар немесе ғылыми жобалар жасау барысында мақсаттылықты дамыту үшін және де біршама саналы аударма тәжірибесіне қол жеткізу үшін қажет.

Біздің зерттеу жұмысының практикалық бөлімі толықтай осы иронияларды аудару тәсілдері мен ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған. Практикалық бөлімде теориялық бөлімдегі жиналған бар мағлұмат ой елегінен сұрыпталып, теориялық білім деңгейін тәжірибе жүзінде іске асырылады десе болады. Зерттеудің барысында талданған Комиссаров В. Н. ұсынған эквиваленттілік деңгейлері, трансформация түрлері, аударма түрлері практикалық жұмыстың тірегі болады десе де болады, себебі иронияларды аудару ерекшеліктері тікелей сол эквиваленттілік деңгейлерін, аударма түрлерін анықтаумен байланысты.

Зерттеу нысаны - стилистикалық тәсілдің бірі ирония.

Зерттеу пәні - «Monsters University», «Cars 2», «Монстрлар Университеті», «Көліктер-2» мультипликациялық фильмдердегі иронияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мультипликациялық фильмдердегі иронияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін анықтау. Берілген мақсат бірқатар жеке міндеттердің орындалуын талап етеді:

  • Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктерін анықтау;
  • Мультипликациялық фильмдерді аудару ерекшеліктерін және түрлерін анықтау;
  • Иронияны беру аударма теориясының мәселесі ретінде иронияны аудару тәсілдерін, ерекшеліктерін анықтау;
  • «Monsters University», «Cars 2» мультипликациялық фильмдеріндегі ирониялардың ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармасын талдау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі - ағылшын тіліндегі мультипликациялық фильмдердегі иронияны бірден түп нұсқадан қазақ тіліне аудару сапасының төмендігінен қазақша дубляждалған фильмдерге деген қызығушылықтың жоқтығы немесе төмендігі мәселесінің қозғалуы.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - «Монстрлар Университеті», «Көліктер-2» мультипликациялық фильмдеріндегі иронияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерінің осы күнге дейін әлі мүлдем зерттелмегендігі.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Жұмыста логикалық, салыстырмалы және компоненттік сараптау әдістері, мәліметті эмпирикалық тәсілмен жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылған.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.

Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары салыстырмалы лингвистикада, мәдениеттану, мәдениетаралық қарым-қатынаста, аударма ісінің теориясы және практикасында белгілі бір шешімге келіп, ирония ұғымы жайлы теориялық негіздерді тереңдете зерттеу жұмыстарында барынша үлесін қосты. Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары ағылшын тілінде ирониялардың тек қана жалпы сипаттамасын емес, сонымен қатар ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдамалары аударматануда, стилистикада, тіл дамыту салалары бойынша оқылатын дәрістерде, тілтануда, кинемотографияда өзге шетел фильмдерін дубляждау барысында, ирония мәселесі қозғалатын ғылыми еңбектерде, «Аударма ісі теориясы мен практикасы» пәндері бойынша дәріс оқуға, курстық, дипломдық жұмыстар немесе ғылыми жобалар жасау барысында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының дереккөздері . Жұмыстың негізгі дереккөзі ретінде қазақ кинемотографиясының қол жеткізген үлкен жетістігі болған «Monsters University», «Cars 2» мультипликациялық фильмдерінің қазақ тіліне дубляждалған нұсқасы мен түпнұсқасы алынған.

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері . Шетелдік тіл танушы ғалымдар Матасов Р. А., Швейцер А. Д., Комиссаров В. Н., Казакова Т. А., Штемпель В. Д., Козинцев А. Г. еңбектері жұмыстың теориялық бөлімінің әдіснамалық негіздеріне алынды.

Зерттеу жұмысы барысында иронияны аударудың Казакова Т. А. жіктеген ережелерінен өзге Комиссаров В. Н. трансформациялары ашылды. Ирония -тілдің жаңаруы мен дамуының айқын көрінісі болғандықтан әрдайым өзгеріске ұшырап, әрқашан жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді.

Ирония ұғымы тек тілдер аясында емес, елдер мәдениеті тарапынан және де тіпті адамның психологиялық жағынан да қарастырылған зерттеу нысаны болып келетініне зерттеу нәтижелері арқылы көз жеткізуге болады. Иронияның психологиямен тығыз байланысын екі қысқа да нұсқа оймен келтірген: 1) Ирония - бұл күйзеліс ахуалының өзгертілген белгісі; 2) Ирония қорқынышты, жамандықты, төзімсіздікті, қарама-қарсыға айналдырады. Тұжырымды теріске шығара алмаймыз, себебі шынымен де ирония - адамның сезімдерін тура жеткізу мақсатында сөздермен ойнау нәтижесінде туындаған.

Зерттеу қорытындысы ретінде қол жеткізілетін келесідей нәтижелерді атап өте аламыз:

1) Теориялық еңбектерге сүйене отырып, ирониялардың қай трансформацияларға сүйеніп аударылғаны ажыратылады;

2) Аударманың қандай тәсілдері қолданылғандығы анықталады;

3) Ирониялардың ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі эквиваленттілік деңгейлеріне де назар аударылады;

4) Мультипликациялық фильмдердегі иронияларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде аудиовизуалды құрауышқа назар аударылады;

5) Аударма дұрыстығы немесе бұрыстығына көз жеткізіледі Бұрыс деп саналған аударма орнына өз тарапынан орынды аударма ұсынылады;

6) Иронияларды аудару кезінде қолданылған аударма тәсілдерінің, эквиваленттілік деңгейінің есебі диаграмма түрінде беріледі.

Берілген жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Зерттеудің теориялық негіздері

1. 1 Мультипликациялық фильмдер және оның ерекшеліктері

Мультипликация кино өнеркәсібінің ең қызықты және еліктіретін жанрларының бірі болып табылады. Мультипликация - бұл көркем фильмдер сияқты көптеген өнер түрлерін біріктіретін кино өнеркәсібінің жинақтамалы түрі. Мультипликацияны анимация деп атайтыны да кездейсоқ емес. Латын тілінен «multiplicatio» көбею, өсу, үлкею деп аударылып, мультфильмдердің өндіру технологиясын толық көрсетеді. Осылайша графикалық мультипликацияда кадрлық түсірілімді бастамас бұрын бір кейіпкердің бірнеше ондаған суреттерін жасау қажет. «Мультипликация» көптеген суреттер дегенді білдіреді. Ал «анимация» латын тілінен аударғанда кадрлап кино түсіру әдісімен жүзеге асырылатын кейіпкерлердің жандануын білдіреді.

Анимацияның кез келген басқа өнер түрі сияқты өз тарихы бар. Алғаш рет анимация негізінде жатқан көзбен қабылдау селқостық принципі 1828 жылы француз Пауль Рогетпен (Paul Roget) көрсетілді. Көрсету объектісі диск болды. Яғни оның бір жағында құс бейнесі, ал екіншісінде - торлар болған. Дискті айналдыру уақытында, көрермендердің алдына тордағы құстың елесі көрінген.

Фильмдермен салыстырғанда (актерлердің қатысуымен құрылған) анимацияда артықшылықтар мен кемшіліктер бар. Анимацияда нақты өмірде бола алмайтын әрекеттер мен эффекттер болуы мүмкін. Кейіпкерлері ауамен жүреді, оларды кесектерге бөліп тастағаннан кейін өздерін қайта құрайды және өз еріктерімен өзгереді. Құм өздігінен көбейеді және құмды сарай тұрғызады, қаламдар өздері жазады, кірпіштерден үй өседі. Сондықтан, фантастикада нақты актерлерге қарағанда көбінесе анимация пайдаланылады.

Тарихтан бұрынғы замандарда бұл бағыттағы бірінші түрткі жанып тұрған алау болды. Яғни оның үнемі өзгеріп тұратын көлеңкесі. Одан әрі суреттен қозғалыс елесін алуға ұмтылу қытайдың көлеңке театрын құруға әкелді. Суреттер көлеңкесі жарықтандырылған жазықтықта қозғала бастаған кезде өмір сүру де басталды. Мультипликацияның болашақ өнерінің негізгі элементтердің бірі қаланды.

Суретшілер өз шығармаларында өмірдің шынайы қозғалысын беру мүмкіндігі туралы армандаған. Адамзаттың суретте өмір мен табиғаттағы байқалатын қозғалысты түсіріп алуға талпынысын, көне замандағы ескерткіштерден табамыз [2] . Біз оны ертедегі суретші тастарда әр түрлі жануарлар мен адамдарды немесе ағаш пен сүйектегі оюларды суреттегенін көреміз.

Мәселен, еліміздің солтүстік ұлыстарының ертедегі суреттерінде біз көп аяқты болып суреттелген, оның жүгіру жылдамдығын көрсететін жүгіретін бұғыны көреміз; Сондай-ақ сегіз аяқты және сегіз қолды билейтін аңшыны көреміз. Яғни сол арқылы әр түрлі бидің қозғалыс сәттері берілген. Осындай суреттерді біз Оңтүстік Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың үнділіктерінде және басқа да көптеген халықтардан табамыз. Адам өмірді бақылаған, өмірдегі қозғалысты көрген және бұл қозғалысты өз суреттерінде қолжетімді құралдармен түсіруге тырысқан.

Мультипликацияның пайда болу тамыры стробоскоппен де байланысты. Бельгияның өнертапқышы Жозеф Плато 1832 жылы оптикалық ойыншықты ойлап тапты. Бұл құрылғының принципі қарапайым болды. Шеңбер шетіне циклды сурет койылған. Мысалы, жүгіріп тұрған жылқыны бірнеше рет әр түрлі қозғалыс сатыларында бейнелеген. Шеңбердің айналу кезінде сурет тұтасатын және объектінің қозғалыстағы елесі туындайтын.

Мультипликациядағы алғашқы қадамдар Люмьер ағайындылардың кинематографияны ойлап тапқанға дейін жасалды [3] . Қозғалыстарды суретке түсіріп алу талпыныстары алғашқы дәуірлерде басталып, антикалық кезеңдерде өз жалғасын тапты. XIX ғасырдың бірінші жартысында қарапайым мультипликацияның пайда болуына әкеп соқты. Бельгиялық физик Жозеф Плато, австриялық профессор-геометр Симон фон Штампфер және басқа да ғалымдар мен өнертапқыштар қозғалатын кескіндерді экранында ойнату үшін айналмалы диск немесе суреттері бар таспаны, айналар мен жарық көзі (шам) - фенакистископ және стробоскопты қолданды. Бұл технологияның суретпен үйлесе отырып одан әрі дамуы киноаппаратты табуға әкелді. Және өз кезегінде, ағайынды Люмьер үшін кинематографияны табуға технологиялық негізін туғызды.

1914 жылы Уинзор Маккей тарихта тұңғыш мультфильм батыры, жарқын жеке қасиеттерге ие динозавр Гертиді жасайды [4] . Сонымен бір мезгілде, фильм үшін жасалған көптеген суреттер, кинематографиялық өндірістің жаңа технологиясын ойлап табуды талап етті. Алғаш рет суретші-аниматор мен суретші-фоншы арасындағы еңбектің бөлінуіне әкелді. Маккей динозавр қозғалысының фазаларын салған кезде, оның жалданған студенті үлгіден әрбір параққа таулар, көлдер және ағаштардың контурларын көшіріп отырған. Сөйтіп, киноматографиялық мультипликацияның бастапқы тәсілі толық мультипликация болды деп санауға болады.

Әрине, мультипликация кинематографияның бір бөлігіне айналды. Жанрлардың бірі ретінде онда берік орынды иеленді. Мультфильмдерді дайындау үшін жеке кадрлап түсіруге жарамды кино түсіретін аппараттар қолданылды. Салынған мультипликацияны құру үшін мультстаноктар жасалынған болатын. Мұндай аппараттар мультипликацияны орындау үшін арнайы шығарылып отырған. Тік орнатпасымен және ыңғайлы болу үшін арнайы күнтартқышымен ерекшеленеді. Кәсіби мультстанкілердің құрылысы жекелеген жеткізгіштерде көп қабатты бейнені құруға мүмкіндік берген және жарықтандыру жабдықтарын қамтыған. Қазіргі уақытта салынған мультипликация үшін компьютер немесе сандық фотоаппараты бар мультстанок пайдаланылады.

Анимацияның одан әрі серпінді дамуына бұрын түсірілген фильмдер ғана емес, кинематографиялық технологиялардың дамуы да ықпал етті. Осы саладағы ең маңызды жетістік Рауль Баррдың жаналық ашуы болды. Тесілген целлулоид штифттер көмегімен суреті бар парақты бекітуге мүмкіндік берген.

Анимация әлемінде нағыз революция жасаған Уолт Дисней (1901-1966), американдық режиссер, суретші, продюсер. Диснейді мультипликацияның әкесі деп санауға болады. Оның шығармашылығы жеке баяндауға лайықты, өйткені, ол «Оскарды» 26 рет алған.

1923 жылы ол «Алиса мультипликациялар елінде» сериясын шығарады. 1928 жылы кейіпкері Микки Маус болған «Кеме Вилли» атты дыбыстық мультипликациялық фильм шығады. Кейінірек барлық әлем балаларының сүйіспеншілігіне ие болған Дональд Дак пайда болды. Дисней студиясы өз жұмыстары үшін 12 «Оскар» алды.

Эмиль Рейно анимациялық киноның әкесі болып саналады [5] . Ол праксиноскоп деген аппаратты құрған. Ол айналғыш барабан, айналар және шам жүйесінен тұрды. 1892 жылы Рейно «оптикалық театр» атты өзіндік аттракционды іске қосты. Ол жерде көрермендерге ұзақтығы 15-20 минут болатын күлкілі сюжеттерді көрметкен. 28 қазан халықаралық анимация күні болып табылады (ағылш. International Animation Day) .

Оның «Кабина айналасында» ("Аutor d'une cabinе", 1894) лентасын француздық кино тарихшысы Жорж Садуль анимациялық кино дамуындағы шешуші сәт деп атады. Онда нағыз әзіл, сюжет элементтері бар. Лентада 12 минут аралығындағы көрсетілімге есептелген 500-ге жуық суреттер болды.

Эмиль Рейно техника өнертапқышы ғана емес, бірақ ең алдымен қарапайым мультипликацияның негіздерін құраушы. Кинематографияның пайда болуына дейін суреттердің жандануының негізгі әдісін тауып алған. Францияда атауы «image par image». Яғни бейне артынан бейне, сурет артынан сурет, қазіргі таңда кинематографияда кең әзірленген сурет салынғын фильмнің өнері.

Бір қызығы, сол кездің өзінде Эмиль Рейно өз кейіпкерлерінің қозғалыс суреттерінің декорациялардан бөліну тәсілін тапты. Оның пантомимдері үшін суреттердің жасалуы айқын желатинді пластикаларда жүргізілген. Әр жоғарғы және төменгі жағында екі тесік болды. Бұл Эмиль Рейноға заманауи суреттердің орналасқан жерін дәл түзетуге мүмкіндік берді.

Эмиль Коль - тағы бір жарқын режиссер және суретші, өз қызметін актерлік қойылымдардан бастаған. 1908 жылы ол алғашқы мультипликациялық фильмдерді құрды. Олар тек қозғалыстағы сурет салынған комикстерге ұқсайтын. Эмиль Коль оларды жандандыру үшін мыңдаған суреттер салған. Ол шынайылыққа қол жеткізуге тырысты. Ол үшін ол шын заттарды көшіріп, тіпті фотосуреттерді пайдаланған. Оның мұрасын қазіргі мультипликаторлар бағалы деп санайды.

Гомонның танымал француз кинофабрикасы Кольді жұмыс басында сценарий жазушы, содан кейін әзіл және сатиралық мультипликациялық фильмдердің суретші - авторы ретінде тартты [6] . 1908-1913 жылдар аралығында Коль бірнеше кинофабрикалар үшін қысқа сурет салынған фильмдер жасады. Оның жанданған суреттерінің көрермендерге арналған бірінші көрсетілімі 1908 жыдлың 17 тамызында Парижде «Жимназ» театрының экранында өтті.

1908 жылы Эмиль Коль өзінің алғашқы анимациялық фильмі «Фантасмагория немесе фантошаның сұмдық түсі» ("Fantasmagorie") көрсетті. Ол «фантоша» деп атаған сурет салынған фигураларды өмірге жандандырды (француз тілінен fantochе, ол, өз кезегінде, итальян тілінде fantoccio - қуыршақ, марионетка) .

Эмил Кольдің сурет салынған мультипликацияда бірінші тұрақты кейіпкері - фантастикалық, гротескты батыр Фантош. Оның қадір-қасиеті сол кездің өзінде ол суреттің қарапайымдылығына қарамастан, өзінің белгілі бір өзгешелігімен ерекшеленгендігінде.

Мультипликацияда Эмиль Коль өзінің сурет стилін құрды. Онда графиканың қарапайымдылығы үстем болды. Әрқашан онда карикатура сезімі болды. Бұл оған әр түрлі суреттер жасауға мүмкіндік берді. Оның суреттерінің сызықтары ғажап өзгеретін, экранда суретшінің қиялынан пайда болатын әр түрлі нәрселердің шығуына себепкер болатын. Осындай енгізілген жаңалықтарға оған анимация міндетті. Актерлік фильмнің сурет салынған және қуыршақтық фильмдермен бірігуі ("Испан айының жылтырауы" / "Сlaire de Cartier espagnol", 1909) .

Графикалық мультипликацияда қозғалатын кейіпкерлерді құрудың әжептеуір көптеген жолдары бар. Есте сақталатын кейіпкерлерді құру үшін, аниматорлар, әдетте әр түрлі материалдарды пайдалана алады. Мысалға ермексаз, қуыршақтардың жалпақ сұлбасын, тіпті ашық хаттар мен суреттерді қолдана алады. Силуэттік түсірілім ойынға ұқсас. Қалың қағазға суреттелген кейіпкерді кесіп алады. Бұған қоса оның басы, денесі, аяқ-қолдары бөлек кесіледі. Содан кейін декорация аясында қағаз бетіне суреттелген қиындылардан адам жасалынады. Мультипликатор біртіндеп, қозғалыс кезеңін есептеп, кейіпкердің аяқ-қолдарын және басын жылжытады. Әрбір қозғалыс кезеңі суретке түсіріледі. Содан кейін барлық кадрлар арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен жөнделеді. Міне, біздің кейіпкер жандана бастап, жүгіреді, секіреді, сөйлейді, күледі және сценарийге сәйкес басқа да сезімдерін білдіре бастайды. Бірақ әлі дыбыс білінбейді. Мультипликациялық кейіпкерді дыбыстайтын актер оған өз дауысын береді.

Графикалық мультипликацияда бір кинокадр жазық қуыршақтарға негізделген салынған объектілердің суреті болып табылады. Жекеленген заттардың немесе кейіпкерлердің қозғалыс фазалары мөлдір жұқа қабықшаның парақтарында салынады. Содан кейін суреттің фоны немесе кейіпкерлердің тіршілік ету ортасынан жоғары орналасқан шыныға салынады. Көлемді мультипликацияда кадр көлемді, жарты көлемді және жазық қуыршақ-актерлердің суреті болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультипликациялық фильмдердегі иронияны аудару
Анимациялық фильмдер және оның ерекшеліктері
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
Маркетинг жайлы
Әннің аудармасының ерекшеліктері
Қазақстанда анимациялық мультфильмдер арқылы ұлттық құндылықтар қалай дамуда
XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
Қазақ кинематогрфиясының және кинодраматургиясы
Кинодраматургияның жанрлары
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz