«Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста төмендегідей нормативтік сілтемелер қолданылды:
- ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері
- ҚРСТ 2. 4-2000 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшем бірлігін камтамасыз ету»
- ИСО 9004:2000. Сапа менеджмент жүйелері. Қызметті жақсарту бойынша нұсқаулар.
- МС ИСО 9001-2000 Сапа менеджмент жүйесі. Талаптары.
- ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар
- ҚР СТ ИСО/МЭК 17025/2009 Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2015 ж. «7» қарашадағы № 112 бұйрығы
ҚЫСҚАРТУЛАР
Дипломдық жұмыста төмендегідей қысқартулар қолданылды:
ЛЕЖ- Локальды есептеу желілерінің
РМК-Республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Қазгидромет-Қазақстандық гидрометеорологиялық орталық
ӨҚ- Өлшеу құралы
ӨМҚ- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету
МӨЖ- Мемлекеттік өлшем жүйесі
ДМҰ- Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым
ГҮК-Гидрометеорология бойынша Үкіметаралық Кеңес
МББЖ-Мәліметтер базасын басқару жүйесі
АБЖ- автоматтандырылған басқару жүйесі
АБЖ- автоматтандырылған жобалар жүйесі
ДАҚ- Дүниежүзілік ауа райы қызметінің
ХМҚ- Халықаралық Метрологиялық Ұйым
ҮМГ- Үкіметаралық мұхитграфиялық
ГӨҚ- гидологиялық өлшеу құралдары
ЭЕМ-Электронды есептеуіш машина
АЖО- автоматтандырылған жұмыс орны
ГЕЖ- глобальді есептеу желілерін
БТК-бағдарламалық-техникалық кешендер;
БӘК-бағдарламалық-әдістемелік кешендер;
ЖАҚК-жобалауды автоматтандыру құралдарының кешені.
БҚ- бағдарламалық қамту
МҚ- метрологиялық қамтамасыз ету
МО- метеорологиялық орталық
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Дипломдық жұмыста төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
Қазгидромет - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі орталық басқару мекемесі.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету - бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және техникалық құралдар кешені.
Метеорология - атмосфера туралы ғылым.
Метеорологиялық бақылаулар - ол метеорологиялық шамаларды өлшеу және метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сапалы бағалау.
Метеорологиялық станса - атмосфералық өзгерістерді бакылап отыратын мекеме.
Метрология (грек. metron - өлшем және logos - сөз, ілім) - өлшеу туралы, өлшеудің бірлігі мен қажетті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Өлшем бірлігі - бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі - Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүйесі.
Автоматтандырылған жүйе - басқару міндетінің бір бөлігін адам (оператор) орындайтын, басқаратын объектілер мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы.
Үлестірілген басқару жүйесі (ағылшын тілінен аударғанда Distributed Control System, қысқаша DCS) - бұл автоматтандырылған басқару жүйесін құру үшін аппараттық және бағдарламалық шешімдердің жиыны, оған тән ерекшеліктеріне орталықтандырылмаған деректерді өңдеу және үлестірілген жүйелердің мәліметтерін енгізу және шығару, жоғарғы төзімділік, стандартты және ортақ дерекқор құрылымы жатады.
Computer Aided Engineering (CAE) - инженерлік есептерді автоматтандыру, физикалық үрдістерді талдау және имитация жасау құралдары;
КМ - 1 - бақылау мерзімдерінде жүргізілетін метеорологиялық бақылауларды жазуға арналған кітапша.
КМ - 2 - қосымша бақылауларды жазуға арналған кітапша.
КМ - 3 - топырақ температурасына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша.
КМ - 4 - сымдардағы мұз қабаттануларына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша.
КМ - 5 - қар жамылғысына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша.
КІРІСПЕ
Ауа райының күрт өзгеруі, аяқасты сан түрлі құбылуы салдарынан төтенше жағдайлар тіркеліп жатады. Кейде материалдық шығынды айтпағанда, төтенше жағдайлардың соңы адам шығынына әкеліп соғады. Қарап отырсақ, мұның бәрі «Қазгидромет» қызметінің, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жүргізуге арналған өлшеу-құралдарының дәлдігінің төмендігінің салдарынан орын алып отырғандай. Мәжіліс депутаты Камал Бұрханов: «Бүгінгі күні метеорологиялық болжамдардың дұрыстығын арттыру халық үшін өте пайдалы болар еді. Өйткені біздің күнделікті тіршілігіміз ауа райымен тығыз байланысты. Апат айтып келмейді, десек те, табиғи апаттарды алдын ала сезіп, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, ең болмаса халықты дер кезінде құлақтандырып отырудың пайдасы зор. Алдын ала зерттеу жасау жұмыстары оңай емес, сол себепті «Қазгидромет» РМК-ны дәлдігі жоғары өлшеу құралдарымен қатамасыз ету керек. Сондай-ақ әлемдік метеорологиялық озық технологияларды сатып алып, ел игілігіне асырған жөн»-деп депутаттар жиынында ұсыныс білдірген.
Өлшеулер - адамзаттың табиғатты түсінуінің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Қандай да болмасын тәжірибелік жұмыс жүргізу аумағында әрекеттер өлшеусіз жүзеге асырылмайды. Танымал кеңестік метеорология, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Николай Багров атмосфералық процестерді физикалық және статистикалық сипаттамасы негізінде ауа райы болжау саласындағы жаңа бағыт жасай отырып, гидрометеорология саласында ауа-райы зерттеу жұмыстарын жүргізуде метрологиялық өлшеу- құралдарының рөлін анықтап, қажетті дәлдіктерді алып өлшеу жұмыстарын жүргізу - метрологияның қызметі болып табылатынын дәлелдеп берген.
Н. И. Тюриннің «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттылықпен өткізілгенімен, дұрыс нәтижеге жету үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының маңыздылығы орасан зор» екендігі айтылған. Сол себепте гидрометеорологиялық стансаларда өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дұрыс нәтижеге ие болу үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының рөлі үлкен.
Гидрометеорологиялық стансалардағы метрологиялық өлшеу - құралдарының рөлі мен маңыздылығын анықтай отырып, Қазақстанның гидрометеорологиялық стансаларындағы өлшеу- құралдарын жаңарту (модернизациялау) жұмыстарын ұйымдастыруды қажет етеді.
Тақырыптың өзектілігі: Соңғы онжылдықта Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде су тасқыны, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні және де қатты жел секілді табиғи апаттар жиі орын алуда. Бұндай апаттар кезінде мемлекет үлкен шығынға, яғни адам шығыны және де экономикалық шығындарға ұшырамас үшін, табиғи апаттарды алдын алу мақсатында көптеген метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Метеорологялық бақылаудан аз уақыт ішінде дұрыс нәтиже алу үшін метеорологиялық алаңдар мен зертханалар жаңа, ыңғайлы метрологтялық өлшеу құралдарымен жабдықталуы керек. 10 жылдан астам уақыт бойы Қазгидромет метеостансаларында метрологиялық өлшеу құралдарына қатысты ешқандай жаңғыртулар жасалынбаған, ал ол өз кезегінде дамыған елдердің метеорологиялық қызметтерінен әлдеқайда артта қалуының себепкері болады. Гидрометеорологиялық орталықтардың метрологиялық өлшеу-құралдарын жаңғырту жобасы бойынша 2030 бағдарламасына сәйкес «Қазгидромет» алыс аймақтардағы, қол жетімсіз стансаларын ғана жаңа жабдықтармен жабдықтаған. 2030 жылға дейін бүкіл «Қазгидромет» гидрометеорологиялық стансаларындағы метрологиялық өлшеу- құралдарын жаңғыту көзделіп отыр.
Тақырыптың мақсаты: Гидрометеорологиялық орталықтардың қызмет сапасын арттыруда өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлін зерттеу.
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды және жүзеге асырылды:
- гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы теориялық зерттеулер жүргізу;
- шетелдік гидрометеорологиялық орталықтар қызметі және қолданылатын өлшеу құралдарының артықшылықтары туралы зерттеулер жүргізу;
- Қазақстан гидрометеорологиялық стансаларының қызметтеріне сапалық талдаулар жүргізу;
- «Қазгидромет» РМК зертханаларының метрологиялық қамтамасыз етілуін зерттеу;
-кәсіпорынға автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу арқылы жетілдіру жұмыстарын ұсыну.
Зерттеу жұмысын орындау барысында төмендегідей әдістер қолданылды:
- Автоматтандырылған жүйелерді жобалауға арналған AutoCAD арнайы бағдарламалық құралдары негізінде бағдарлама жасау әдісі қолданылды.
-Гидрометеорологиялық стансаларды метрологиялық қамтамасыз етуде шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.
Қазақстандағы гидрометеорологиялық орталықтардағы метрологиялық өлшеу құралдарын жаңарту қажет. Қазгидрометті модернизациялау арқылы Қазақстанның дамыған елдердің метеорологиялық зерттеу жұмыстарынан артта қалу мәселесі және оны шешу жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмысты орындау барысында «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» және « СТК және СФС шаралары жөнінде ақпарат алмасу арқылы мемлекет пен бизнес қауымының өзара әрекеттестігі» тақырыптары бойынша оқыту семинарларына қатысып арнайы сертификаттар алынды. (Сертификаттар қосымша А және Б-да тіркелген) .
Дипломдық жұмыс мәтіні 76 беттен, соның ішінде кіріспеден, негізгі бөлімнен тұрады. Сонымен қатар, дипломдық жұмыста 8 кесте, 26 сурет және 3 қосымша берілген.
1 «Қазгидромет» метеорологиялық орталығының қызметінің сапасын арттырудағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі
1. 1 « Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Қазіргі кезде бүкіл жер шарында метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулар жүргізілуде және олардың нәтижелері кеңінен қолданылуда.
Қазгидромет Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі орталық басқару мекемесі.
Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станса мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері - О. Жандосов болды.
1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. Қазіргі кезде «'Қазгидромет» жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз стансалары мен бекеттерінің саны 750.
«Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:
- республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
- әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;
- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т. б.
«Қазгидромет» табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған. ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.
Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл Энергетика министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы №185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын - РМК «Қазгидромет» мәртебесі берілген. Бүгінгі күні РМК «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 14 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 3, 5 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 328 метеостанса, оның 83 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі. Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 307 гидрологиялық бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70-тен аса түріне жасалынады. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК, агрометеорологиялық және экологиялық ақпарат береді және бекітілген бағаға сай жұмыстың жеке түрлеріне қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
"Қазгидромет" РМК 192 мемлекеттердің қызметтерімен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі және Жер атмосферасының жай-күйі мен сипаты, оның мұхиттармен өзара әрекеті, құрылатын климат және туындайтын су ресурстарын бөлу мәселелері жөніндегі БҰҰ жүйесінің беделді ақпарат көзі болып табылатын Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымға (ДМҰ) кіреді.
«Қазгидромет» РМК - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымды ресми ақпаратпен қамтамасыз ететін құқылы заңды орган.
Бүгінгі«Қазгидромет» РМК ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар Қазақстан ДМҰ мүше-мемлекеттерімен бірге 21 ғасырдағы адамзатқа төнген табиғат қауіптерімен күресуге белсенді қатысуда.
«Қазгидромет» кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы «Сурет 1» көрсетілген.
Сурет 1-«Қазгидромет» кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы гидрометеорологиялық мониторинг және табиғи орта мониторингi саласындағы мемлекеттiк басшылықты жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдарын, ұйымдары мен халқын табиғи орта және климатының жай-күйi, гидрометеорологиялық жағдай және табиғи орта жай-күйiндегi нақты және күтiлетiн өзгерiстер, өзгерiстердiң себептерi туралы ақпараттармен қамтамасыз етедi, сондай-ақ осы саланың одан әрi дамуына жауап бередi.
Қазгидромет, басты ұйымдар, аумақтар органдар, ғылыми-зерттеу мекемелерi, байқау стансалары мен постары және басқа да оған қарасты мемлекет пен кәсiпорындар бiрегей жүйенi құрайды. Қазгидрометтiң құрамына кiретiн ұйымдардың тiзiмi ұсынылып отыр.
Қазгидромет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталады, заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде өз атаулары жазылған дөңгелек мөрi, сондай-ақ фирмалық үлгi қағаздары болады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар:
- республикада гидрометеорологиялық мониторинг және табиғи орта мониторингi саласында бiрiңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
- атқарушы өкiмет органдарына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, республика ұйымдары мен кәсiпорындарына, мекемелерiне және басқа да тұтынушыларға тегiн және шарттық негiзде гидрометеорологиялық ақпараттар мен мәлiметтер беру. Бюджеттiк қаржыландыру есебiнен республикалық ұйымдарға тегiн берiлетiн ақпараттардың тiзбесi мен көлемi жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен белгiленедi;
- мемлекеттiк гидрометеорологиялық жүйелер мен табиғи ортаның ластану жайын бақылау пунктерiн ұстау және дамыту;
- қысқа және ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжауды әзiрлеу мен жасау, гидрометеорологиялық құбылыстарды, климат өзгерiстерiн, жер бетiнiң радиациялық ахуалын зерттеу;
- гидрометеорологиялық табиғи құбылыстардың алдын алу;
- Қазақстан Республикасы ұйымдарының, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң мүддесiндегi гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсендi әсер ету жұмыстарын ұйымдастыру;
- гидрометеорологиялық және табиғи ортаның жай-күйi жөнiндегi Республикалық қорды жүргiзу;
- Қазақстан Республикасы аумағында өзге ұйымдардан алынған гидрометеорологиялық мәлiметтерге мемлекеттiк сараптау жүргiзу;
- өз құзыры шеңберiнде заң және заңға қосымша актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
- өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен гидрометеорологиялық және табиғи ортаның мониторингi саласында белгiленген тәртiппен ынтымақтастық орнату болып табылады [1] .
Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мына қызметтердi жүзеге асырады:
- ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi негiзiнде сенiмдi тiршiлiк етудi, табиғи ортаның жағдайын байқау мемлекеттiк жүйенiң одан әрi дамуын қамтамасыз етедi;
- атмосфераның, су бетiнiң, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдардың, жер бетiндегi радиациялық жағдайдың жай-күйiне ұдайы байқау жүргiзедi;
- табиғи орта мен климаттың жай-күйiне әртүрлi табиғи факторлар мен адамның өндiрiстiк қызметiнiң әсерiне талдау жасайды, төтенше жағдайлар мен апатқа соқтыратын гидрометеорологиялық табиғи құбылыстарды болжаудың әдiстерiн жетiлдiредi;
- арнайы уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы үшiн бiртұтас жүйе бойынша судың сандық және сапалық көрсеткiштерi және оларды пайдаланудың мемлекеттiк есебiн сондай-ақ шарттық жағдайда Мемлекеттiк су кадастарын жүргiзудi жүзеге асырады;
- мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа да орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының құрылыстарын жобалауға арналған гидрометеорологияның сипаттама есебiнiң әдiсi бойынша нормаларды, ережелердi және шаруашылық саласына гидрометеорологиялық қызмет көрсету жоспарын жасайды және бекiтедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
- гидрометеорологиялық өлшеулер мен табиғи ортаның жай-күйiн бақылауға арналған аспаптар мен жабдықтардың номенклатурасын белгiлейдi, осы аспаптар мен жабдықтарға техникалық талаптарды әзiрлейдi;
- табиғи ортаның жай-күйiн бақылаудың мемлекеттiк жүйесiндегi өлшемдер нәтижелерiнiң бiрлiгi мен салыстырмалылығын, Қазгидрометтiң кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметiн метеорологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаларын, ережелерi мен нормаларын стандарттауды қамтамасыз етедi, метеорологиялық бақылауды, метеорологиялық, гидрологиялық, актинометриялық, теңiз гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық аспаптар мен құрғыларды тексеру мен аттестацияларды жүзеге асырады;
- министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың гидрометеорологиялық стансалар мен постарын ұйымдастыру мен таратуға келiсiм бередi;
- гидрометеорологиялық, геофизикалық байқау материалдарын, сондай-ақ табиғи ортаның жай-күйi туралы мәлiметтерiн орталықтандырылған есепке алуды, сақтауды және берудi жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның жай-күйi, климаттың, агроклиматтың жағдайы және су ресурстары туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттердi дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;
- Қазгидромет кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының басшы, инженерлiк-техникалық және басқа қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасының аумағында басқа ұйымдар алған гидрометеорологиялық деректердiң барлық түрiн, сондай-ақ олардағы гидрометеорологиялық ақпараттың пайдаланылуына қатысты кез-келген жобаларды сараптамадан өткiзедi;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz