Келісімшартты жасау, оның тәртібі мен сатылы құрылымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Келісімшартты жасау, оның тәртібі мен сатылы құрылымы

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша келісімшарт жасаудың тәртібі
  2. Келісімшартты жасаудың сатылы тәртібі. Оферта мен акцепттің ерекшеліктері
  3. Азаматтық-құқықтық қатынастардағы шарттың құрылымы мен оның бірқатар ерекшеліктері
  4. Келіспеушіліктер хаттамасы
  5. Шарттың ㅤ жарамдылығының талаптары

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Келісім-шарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шартқа Азаматтық Кодекспен көзделген екі немесе көпжақты ережелер қолданылады.

Мәмілелер секілді, шарттар қозғайтын мәселелеріне байланысты бірнеше түрге жіктеледі.

Шарттар ұсыныс жіберу (оферта) мен ұсынысты қабылдау (акцепт) арқылы жасалады.

Шартты өзгерту мен тоқтату тәртібі егжей-тегжейлі азаматтық заңнамамен реттеледі.

Азаматтық-құқықтық шартты әдетте міндеттейтін құқықтық қатынаспен байланыстырады. Көп жағдайда ол дәл осы мағынаға сай. Алайда міндетті құқықтық қатынастардың сызбасына әрең кіретін құқықтық қатынастарда бар. Жекелеген жағдайларда, бірлескен қызмет туралы шарттан жалпы меншіктегі обьектіні иелену және жалпы пайдалану бойынша оның қатысушылары арасында қатынас туындайды, олар міндеттеуші болып табылмайды, мүліктік салыстырмалы құқықтық қатынастың (жалпы мүліктің қатысушылары және барлық басқа да тұлғалар арасында өмір сүретін мүліктік абсолюттік қатынастар) қатарына жатады.

Шарттан авторлық құқықтар (тең авторлардың арасында) және өнертапқыштық (тең өнертапқыштар арасында) қатынастар туған кездегі оқиғамен ұқсас қарауға болады.

Құқықтық қатынастар жиынтығы ( мүліктік жіне міндеттейтін) негізінде заңды тұлға пайда болатын құрылтайшы шарттан туындайды. (ҚР АК 41 б. түсіндірмелерден қарау)

Белгілеп өту керек, ТМД-ң басқа елдерінің азаматтық заңнамасында шарт тек міндеттейтін қатынастармен ғана байланыстырылады.

Шарт деп аталатын келісім юридикалық факт болып табылады, өйткені ол белгіленген азаматтық-құқықтық салдарларға әкеп соғады. Осыған байланысты шарт, еріктілік сипатындағы келісім ретінде, оқиғалар деп аталатын, юридикалық факторларға қарағанда, өзі тудыратын азаматтық қатынастарға басқаша ықпал тигізеді.

1. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша келісімшарт жасаудың тәртібі

Белгілі болғандай, келісімшарт мән-жайлардың туындауындағы барынша кең тараған негіз болып табылады. Дәл осы келісімшарт арқылы материалдық-техникалық жабдықтау, өнімді жүзеге асыру немесе қол жеткізу, құрылыс, жолаушылар және жүк тасымалы, азаматтарға арналған тұрмыстық қызмет, бөлшек сауда және т. б. Компанияның барлық коммерциялық қызметі азаматтық -құқықтық келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылады. Заңмен азаматтық-құқықтық келісімшартқа екі немесе оданда көп тараптар арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім ретінде белгіленген.

Екі субьект белгілі бір мәселе бойынша өзара әрекеттесуге келісімге келіп, өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілеген жағдайда, өзара қрым-қатынасты келісімшарт жасау жолымен бекітетіні сөзсіз. Азаматтық-құқықтық келісімшарттың жасалу рәсімі(тәртібі) қандай? Бұл сұрақ дәл жауапты кез-келген адам бере алмайды. Келісімшарттың екжасалу рәсімінің 2 рәсімі бар екенін қаперге алу керек: 1. Келісімшарттарды жасаудың жалпы тәртібі(рәсімі) Келісімшарттарды жасаудың жалпы тәртібіне(рәсіміне) сілтеме. 2. Келісімшартты жасаудың арнайы тәртібі(рәсімі) (келісімшартты жасау берілген келісімшарттың заңнамамен мамандандырылған, сәйкесінше құқықтық қатынастарды реттейтін нормалармен реттеледі) :

- Сауда-саттықтағы келісімшарт жасау туралы арнайы ережелер; - келісімщартты міндетті жасау барысында;

- алдын-ала жасалған бастапқы келісімшарт шегінде, оның болашақ қатысушылары тарапынан жасалған келісімнен туындайтын;

Қосымша рәсімдердің орындалуын қарастыратындар келісімшарт жасаудың жалпы тәртібімен бірге қолданыла алады. Мысалы, сауда-саттық кезінде келісімшарт жасау мен міндетті түрде келісімшарт жасау барысында келісімалды даулар туындауымы мүмкін, олар заң бойынша сотпен шешіледі.

Азаматтық-құқықтық келісімшарттарды жасаудың жалпы тәртібі(рәсімі) ҚР Азаматтық Кодексімен бекітілген: осы немесе басқа азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін арнайы нормативтік акті болмаған жағдайда; арнайы акт бар, алайда онда келісімшарт жасаудың рәсімі бекітілмеген болса; келісімшарттың болашақ қатысушылары арасында жсалған бастапқы келісімшарттан жасалатын келісімшарттың арнайы тәртібі белгіленбеген жағдайда.

Келісімшарт жасаудың жалпы тәртібі заңмен белгіленген рәсімі бар, екі сатыдан тұрады:

Оферта - келісімшарт жасауға ұсыныс.

Акцепт - келісімшарт жасауға келісім.

Келісімшарт жасаудың жалпы тәртібі ҚР Азаматтық Кодексінің 397 б. айқындалған. Бұл ереже оферта ауызша, акцептке арналған мерзімді белілемей жасалған жағдай үшін бекітілген.

Жазбаша офертаны ала отырып, адресат уақытында (яғни жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде) акцептті жолдайды, бірақ оның келісімі кешіктіріліп алынған (яғни, офертада белгіленген мерзімдер өтіп кеткен кезде) Бұл жерде заңнамалы түрде іс-әрекеттің екі түрі бар деп көрсетілген: -акцепт кешіктіріліп алынған және тарап бұл жөнінде хабарлаған, бірақ бірден емес

Бұл жағдайда акцепт кешіктірілген, ал келісімшарт жасалмаған болып табылады;

- акцепт кешіктіріліп алынған, ал акцептті алған тарап бірден келісімшарт жасау туралы хабарлаған болса, онда бұл жағдайда келісімшарт жасалған болып табылады;

- офертаны жіберген тарап, акцептті кешіктіріп ала отырып, үндемейді және де акцептті жіберген тарапқа хабарламады. Бұл жағдайда акцепт кешіктірілген болып саналмайды. Алайда заң егер тарап акцептті кешіктіріп ала отырып үндемеген жағдайда келісімшарт жасалған болып саналады деп тікелей көрсетпейді, яғни салдарын анықтамайды. Бірақ ҚР АК 397 б. 3 т. нормадан келісімшарт жасалды деп саналуы үшін, офертаны жіберген тарап, кешіктіріп алынған акцептті қабылдағаны туралы жедел түрде хабарлауы керек екені туындайды.

Басқаша айтқанда, кешіктіріліп алынған акцепт, келісімшарт жасауға тек бұндай акцептті қабылдағаны туралы бірден хабарлаған кезде ғана әкеп соғады. Аталған саты шегінде жасалатын іс-әрекеттің рәсімі соған сәйкес айқындалатын, офертаға және акцептке заңнамамен қатаң ережелер бекітілген, ол туралы мына жерде оқуға болады Келісімшарттарды жасаудың жалпы рәсіміне сілтеме. Азаматтық-құқықтық келісімшартты жасаудың жалпы рәсімі.

Кез-келген келісімшарттың жасалуының жалпы рәсімін сақтау маңызды, өйткені оларды сақтамау өте үлкен келіспеушіліктерге және қолайсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Келісімшартты жасаудың рәсімі, ұсақ тұрмыстық мәмілелерді қоспағанда, іс-әрекеттердің жиынтығын сатыларда жасауды жорамалдайды. Әрбір саты өзіндік құқықтық мағына ие.

Келісімшарт жасау үшін біреу басқа бір тұлғаға ұсыныс жасап және де өз ұсынысына сол адресаттан келісім алу керек екені түсінікті. Бұдан жалпы ереже бойынша, келісімшарт жасаудың рәсімі екі міндетті сатыдан тұратыны айқындалады: оферта және акцепт. Алайда міндетті емес қосымша болуы мүмкін сатыларда жасалуы мүмкін, ол бойынша шартты түрде келісімшарт жасау рәсімін келесідей сатыларға бөлуге болады: 1. Келіссөздер жүргізу 2. Офертаны дайындау және бағыттау 4. Офертаны қарау және қарама-қайшылықтарды реттеу 5. Офертаның акцепті.

Оферта мен акцепт заңи тұрғыда(ҚР АК) міндетті саты ретінде белгіленген.

Келіссөздер мен офертаны қарау, заңға сәйкестендіріле отырып рәсімдеу мен қол қою міндетті саты деп көрсетілмеген. Бұл саты барлық жерде көрініс таба бермейді, өйткені заң бойынша міндеті болып табылмайды. Келіссөз жүргізу бойынша қатысушылар еркін, яғни олар: - шектелмеген потенциалды клиенттер тобымен келісімшарт жасасу жөнінде еркін түрде келіссөздер жүргізе алады, және - оларға келіссөз жүргізуге барынша қолайлы жағдайларды ұсына алады. Бұл саты құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. Келіссөздер - бұл мәмілелесу процесі, ол келісімшарт жасасуды міндетті түрде қозғамауы керек. Келіссөздер жүргізу келісімшарттың потенциалды қатысушылары арасында жүзеге асырылады, оның мақсаты жасалуы мүмкін келісімшарттың шарттарын айқындау болып табылады, яғни оларға қолайлығы, мүдделеріне сәйкестігі, болашақ келісімшарттың жобасының мәтінін келісуі. Бұл саты да болашақ келісімшарттың талаптарын белгілеуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттердің әртүрлі нұсқаларын жасауға болады.

Шарттық тәжірибеде келіссөз жасау рәсімдерінің келесідей бірнеше нұсқалары жасап шығарылған: келіссөздер жүргізудің жалпы рәсімі; ниеттер жөніндегі келісімге қол қою рәсімі; Парафирлеу.

Мәміле алды қатынастардың жалпы рәсімі шегінде әрекеттердін әртүрлі нұсқаларын жасау мүмкін болады, олар жасалуы мүмкін келісімшарттың шарттарын келістіруге бағытталады, негізінен олар келесілерге түйіндеседі:

-Бір-біріне жазбаша материалдар жолдау( сауалнамалар, мәлімет, жекелеген шарттық талаптардың жобалары және т. б. ) ;

-болашақ келісімшарттың талаптарын уәкілетті тұлғалардың жекелеген кездесулерінде талқылау, нәтижелерін хаттамаларда белгілеп отыру;

-келісілген материалдарға бірлесіп қол қою;

Мәміле алды қатынастардың жалпы рәсімі шегінде тараптар құжаттарды жасап, қол қоя алады, олар келесідей аталады:

-ниеттер жөніндегі хаттар. Бұндай хаттармен пошта, электрондық пошта, факс және т. б. әдістермен алмасуға болады.

-ниеттер жөніндегі хаттама.

Келіссөз процесінің тараптарына хаттамаларды келіссөздер жүргізу барысында жасау ұсынылад. Олар бірнеше қызмет атқарады: - келіссөздер процесінің өзін ұйымдастырады және жүйелейді; - болашақ келісімшарттардың талаптарына қатысты қажетті мәліметті айқындаудың, сонымен бірге келіссөздер жүргізу барысында тараптардың адал мінез-құлығының дәлелі қызметін атқарады.

Ережеге сәйкес бұндай протоколдарды жасаумен және рәсімдеумен қабылдауш тарап айналысады. Ол қатысушы тараптардың санына тең данада жасалады, және де протоколды жасаған тараппен қол қойылып, басқа тараптарға жіберіледі.

Жоғарыда аталған тараптармен қол қойылған құжаттар алдағы келісімшарттың шарттарынна қатысты мәліметтерді қамтиды және де құқықтық мағынасы жоқ деп саналады, яғни болашақта шарт жасасқаннан кейін міндеттер жүктемейді.

Келіссөздердің жалпы рәсімі келісу рәсіміне және ниеттер туралы келісімге - алдыңғы мәмілеге қол қоюға ұласуы мүмкін.

Ниеттер туралы келісім кез-келген азаматтық-құқықтық келісімшартты жасау ережелері бойынша жасалады.

Мәмілелерді жасау тәжірибесінде, сонымен бірге парафирлеу секілді рәсім де кездеседі. Аталған процедура тараптармен келісілген мәміле қатысушылары инициалдарының мәтінін шарт жобасына енгізуге түйінделеді. Осы тұлғалар, ережеге сәйкес, келесідегі шартқа да қол қоюға құзіретті болып табылады. Алайда парафирлеу заңи мағынаға ие емес, яғни қатысушыларды келесіде парафирленген шартқа қол қоюға міндеттемейді.

Келіссөз алды қатынастарда кейде келіссөз процесінің және оның барысында қол қойылған құжаттардың, олардың мазмұнының құпиялығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Бұндай кездерде құпия мәліметтерді жарияламау туралы арнайы келісім жасау қажеттілігін естен шығармау қажет.

2. Келісімшартты жасаудың сатылы тәртібі. Оферта мен акцепттің ерекшеліктері

Тараптар алдағы шарттың барлық талаптарын келісіп алғаннан кейін және ереже бойынша бастамашы келісілген тараптар бойынша қарсы тарапқа келісімшарт жасауға оның келісімін алу үшін жіберу мақсат болып табылатын шарт жасасуды ұсынған анық ұсынысты қамтитын құжатты дайындауды бастаған кезден, заң бойынша келесі міндетті саты - офертаны дайындау және жіберу басталады.

Офертаны жолдау келісімшарт жасасудың міндетті сатысы болып табылады.

Оферта келісімшарт жасауға ниетті білдіретін ұсыныс болып табылады.

Оферта рәсімі келесідей әрекеттерді жасауды жорамалдайды:

  • Заңнама бойынша шарт жасасуға ұсынымдар дайындықтары;
  • Келісімшарт жасау туралы ұсынысты жіберу;

Офертаны дайындау кезінде ұсыныс формасына заңмен талаптар бекітілмеген, яғни офертаның формасы заңи тұрғыда бекітілмеген.

Оферта мынадай формада бол алады:

  • Ауызша ұсыныс
  • Пошта немесе электронды пошта, факс, телеграмма
  • Шарт жобасы. Бұл офертаның ең кең қолданылатын формасының бірі болып табылады. Бұл жерде екі әдіс бар: өздігінен жеке өзіндік жобаны жасап шығару немесе керісінше қарама-қарсы тараппен дайындалған шарт жобасын алу және тексеру. Ережеге сәйкес, келісімшарт жобасының екі қол қойылған данасы жіберіледі, бұл адресат бір дананы қол қойып, қайтару жолымен өз келісімін шарт жасасуды ұсынған тарапқа жіберу үшін жүзеге асырылады.

Оферта құрамына келер болсақ, бұл жерде заңмен офертаны дайындау кезінде басшылыққа алу керек болатын міндетті талаптар бекітілген. Басқаша айтқанда, кез-келген ұсыныс оферта күшіне ие емес.

Заңмен офертаның құрамына талаптар бекітілген (ҚР АК 395 б. ), ал нақтырақ айтар болсақ ұсыныс болу керек:

а) бір немесе бірнеше нақты тұлғаларға бағытталған жолдауды қамту керек, яғни

оферент кімге ұсыныс жасап отырғаны түсінікті болуы керек. Бұл қағида тек көпшілік офертасына ғана таралмайды.

Егер офертада нақты адресат болмаса(тұлғалар тобы), онда бұндай үндеу оферта жасауға шақыру болып бағаланады( ҚР АК 395 б. 4т. ) ;

б) Барынша анықталған болуы керек. Анықталған болып оферта, елеулі талаптарды қамтыса немесе оферта елеулі талаптарды анықтау тәртібін қамтыса, және де ол белгілі бір балама түсінусіз адресатқа түсінікті болса;

в) Тұлғаның келісімшарт жасауға деген анық ниетін білдіруі керек.

Міндетті элементтерден басқа офертада адресаттың келісім беру мерзімін де нұсқау ұсынылады, офертаның қайтарып алынбайтын емес екендігін де ескерту керек(яғни ол оны қайтарып ала алатындығын) .

Офератны жіберу рәсімі заңмен бекітілмеген. Офертаны адресатқа қалай жіберу/бағыттау/ беру керек?

Келесі әдістердің кез-келгенін қолдануға болады:

  1. Офертаны қамтитын құжаттың данасында әдейі қолхатпен:

- алушыға берген кезде - жеке тұлғаға - алушының толығымен тегі, аты, әкесінің аты, алу мерзімі және алушының қол таңбасы нұсқалуы керек.

- алушыға берген кезде - заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге - құжаттың бірінші бетінің беткі жағының төменгі оң жағында, түскені туралы белгі қойылады, құжаттың алғашқы бетінің беткі жағында сонымен бірге кіріс құжатының реттік саны және түскен уақыты көрсетіледі.

  1. Поштамен телеграмма арқылы немесе міндетті тіркелетін пошталық жөнелтумен (ескертуі бар тапсырыс хатымен) және де жөнелтілетін құжаттардың толық тізімімен болады. Нәтижесінде жөнелтушіде болуы керек: -пошта операторының хабарламаны жіберуге қабылдауы туралы квитанция, сонымен бірге оферта-құжатты жолдаған фактісін нақтылайтын салымдар тізімі, ; - адресатқа құжатты бергені туралы офертаны алған фактісін құптайтын қолхат (хабарламаны алушыға) ;
  2. Электронды поштамен
  3. Факспен
  4. Бетпе-бет кездесу кезінде немесе телефонды және басқа да байланысты қолдну арқылы ауызша;

Офертаны қарау, ережеге сәйкес, егер заң бойынша келісімшарт жасасу тараптардың біреуіне міндетті болып табылса, саты ретінде құқықтық мағынаға ие.

Бұндай жағдай үшін заңмен офертаны қарау мен келіспеушіліктерді реттеудің мерзімі мен тәртібі бекітілген(ҚР АК 399 б. ) . Басқаша айтқанда, офертаны қараудың жалпы ережелері заңмен бекітілмеген. Бірақта барлық жағдайда офертаға жауап берудің алдында, оның қаралатыны анық.

Заңмен тек офертаны қараудың мерзімдерінің мерзімдері ғана реттелген (офертаны алған тұлға оған жауап беру керек мерзімдер) .

Жалпы ереже бойынша офертаны қарау мерзімі офертаның өзінде өзінде нұсқалуы мүмкін, онда ол дәл осы мерзім ішінде қаралып, жауабы жіберілуі керек.

Егер оферта өзіндік келісімшарт жобасын құраса, онда офертаны қарау, шарт жобасын тексеріп шығу қажеттігіне саяды. Бұл сатыда келіспеушіліктер туындау мүмкін. Сәйкесінше, қатысушылар осы кліспеушіліктерді реттейтін әрекеттер істей алады(бірақ міндетті емес) . Дәл осылай, офертаны алған және талаптармен келіспейтін тарап келіспеушілік протоколын толтыра алады және оны өзінің жауабы ретінде жібере алады.

Егер офертаны алған тараптың болашақ келісімшарттың барлық талаптары қанағаттандырса, онда ол өзінің жауабы - акцептті жібереді. Бұл ендігі де келісімшарт жасаудың келесі міндетті сатысы, және де оның оферта жіберген тараптың қолына жетуі келісімшарт жасасқандығы болып табылады.

Акцепттің түсінігі, ерекшеліктері. Оферта секілді, акцептте - шарт жасаудың міндетті сатысы болып табылады.

Акцепт оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдағандығы туралы жауабы болып табылады. Заң акцепт ретіндегі офертаға жауапқа қатаң талаптар қояды:

  • Ол толық, әрі сөзсіз болмауы керек (ҚР АК 396 б. 1т. ) - үндемеу бұл акцепт болып табылмайды, егер тек ол заңнамалық актіден, әдет-ғұрыптан немесе тараптардың бұрынғы қатынастарынан тікелей шықпайтын болса ғана;
  • Шартты офертада көрсетілген талаптардан басқа талаптар шегінде жасауға келісім, акцеп емес. Бұл жағдайда ол офертадан бас тарту, және жаңа офертаны жолдау деп есептеледі.

Акцепт формаларына заңмен талаптар қойылмаған. Ережеге сәйкес, акцепт оферта жасалған формада жасалады.

Акцепт келесідей түрде жасалуы мүмкін:

  • Ауызша жедел жауаптан(оферта ауызш жолдаған жағдайда)
  • Оферта-хат алынған жағдайда және келісімшарт хат алмасу арқылы жасалған жағдайда хаттар, телеграммалар, факстер;
  • Келісімшарт жасауға теңестірілген, шартты орындау бойынша нақты әрекеттер жасау. Әрекеттер конклюдентті сипатта болады, яғни шартпен келісетінін білдіреді.
  • Алынған Мәміле-оферта жобасына қол қою (кейде талаптар келіссөздер сатысында келісіліп қойылған жағдайда қарсы тараптың қолы қойылған жобаға) . Шарт жобасы - офертаның ең кең қолданылатын түрлерінің бірі. Сондықтанда офертаны алған тарап, бірнеше әдістердің біреуімен әрекеттесе алады: - акцептілейді( белгілі бір сылтауларсыз, толығымен өз келісімін береді), ереже ретінде, қол қоя арқылы; - келіспеушіліктер хаттамасын жіберу. Бұл жағдайда тараптар келіспеушіліктерді реттеу сатысын өтетін болады.
  • «елемеу» - «үндемей қалу». Бұл жағдайда, әлбетте, келісімшарт жасалған болып табылмайды. Алайда шарт жасасу тараптардың біреуі үшін міндеті болатын жағдайлар болатынын ескеру қажет. Офертаны ала отырып, тарап оны акцептілеуге міндетті болады, ұсынылған талаптарды акцептілеуден бас тарту немесе қарсы тарапқа шарт жобасына келіспеушіліктер хаттамасын жіберу, яғни қалайда болсын өз неркін білдіру, тек елемей қалмау керек.
  • Шарт жасасуға келісімін бергенін білдіретін нақты әрекеттер жасау (мысалы, таурды жүктеуді жүзеге асыру, төлем жасау) .

Акцептті алған сәттен бастап келісімшарт жасалған болып табылады. Алайда шарт жасасу мерзімі акцептті алу мерзімінен басқа болып белгіленуі де мүмкін.

ҚР Азаматтық Кодексінің 397 бабының нормаларымен, келісімшарт жасалған болып тек, келісім ұсыныста көрсетілген уақыт шегінде алынған жағдайда ғана, не заңмен бекітілген мерзім шеңберінде алынса, егерде заң бойынша мерзім белгіленбесе, онда жауап әдетте уақыт алатын мерзім ішінде жауап берілуі керек болып бекітілген.

Жазбаша офертаны ала отырып, адресат уақытында (яғни жоғарыда көрсетілген мерзімдер ішінде) акцептті жолдайды, бірақ оның келісімі кешіктіріліп алынған (яғни, офертада белгіленген мерзімдер өтіп кеткен кезде) Бұл жерде заңнамалы түрде іс-әрекеттің екі түрі бар деп көрсетілген: -акцепт кешіктіріліп алынған және тарап бұл жөнінде хабарлаған, бірақ бірден емес

Бұл жағдайда акцепт кешіктірілген, ал келісімшарт жасалмаған болып табылады;

- акцепт кешіктіріліп алынған, ал акцептті алған тарап бірден келісімшарт жасау туралы хабарлаған болса, онда бұл жағдайда келісімшарт жасалған болып табылады;

- офертаны жіберген тарап, акцептті кешіктіріп ала отырып, үндемейді және де акцептті жіберген тарапқа хабарламады. Бұл жағдайда акцепт кешіктірілген болып саналмайды. Алайда заң егер тарап акцептті кешіктіріп ала отырып үндемеген жағдайда келісімшарт жасалған болып саналады деп тікелей көрсетпейді, яғни салдарын анықтамайды. (ҚР АК 397 б. 3 т. )

Басқаша айтқанда, кешіктіріліп алынған акцепт, тек бірден жедел түрде бұндай акцептті қабылдайтыны туралы хабарлаған жағдайда ғана шарт жасауға әкеп соғады. Жіберілген акцепт кері қайтарылып алынуы мүмкін. Бұл үшін оферта жіберілген тұлғаға оның қайтарылып алынатын хабарлау ғана қажет болады. Егер хабарлау акцепттен бұрын немесе бір уақытта келетін болса, акцепт қайтарып алынған және шарт жасалмаған болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Келісімшарттардың басқа шарттары
Ипотекалық несиенің мәні
Келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері
Тауар қоймасында сақтаудың түсінігі мен жалпы жағдайлары
Қамыр бөлшектеу машиналарын жіктеу
Лизинг-іскерлік қарым-қатынастың бір түрі
Тараптардың міндеттері
Депозит қаражатын басқару
Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу
Депозиттік операциялар түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz