Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде

Идентификациялық мәселелерді шешпейтін, сот сараптамасында жеке бағытқа ие зерттеулердің кең шеңберінің теориялық аспектілерін ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғына және 60 жылдарының басына жатқызуға болады, бұл уақытта алдыңғы қатарлы кеңестік криминалист-ғалымдар, өздерінің бұндай зерттеулерден алған бай практикалық тәжірибесін ескере отырып, өз жұмыстарының беттерінде негізгі теориялық ахуалдарды талқылауға және ғылымның бұл саласындағы мәселелерді реттеуге шешім табуға талпынды.

Өзінің кейбір еңбектерінде А. Р. Шляхов терминологияға «факті сараптамасы» түсінігін, ал бұл жағдайда «сарапшы криминалисттің қорытындысы фактінің боуына немесе жоқтығын нұсқайтын констатацияға әкеліп соғады» деген түсігінкті енгізу жолымен идентификациялық емес сараптамалардың мәнін ашуды ұсынды. Автордың пікірінше, «салыстырмалы зерттеулер сараптама алдына фактінің мәнін ашу тапсырмасы қойылған жағдайда жүргізілмейді, мысалы құжаттың жекелеген фрагменттерін - қолхат пен қолтаңбаның жасалу уақыты мен кезектілігін анықтау; бұзу жасауды немесе қолтаңбаны жасанды ұқсатуды жасаудың амалдары; көлік құралының қозғалысының бағыты және атқан тұлғаның орналасқан жері; заттың қасиеттерін немесе сапасын анықтау (металл балқымасының, бояудың және т. б. химиялық құрамы), қағаздағы, ағаштағы немесе басқа да метал заттардағы түсі кеткен, тазартылған немесе кесілген және басқа да көрінбейтін белгілердің қалпына келтірілуі және т. б. ». бұндай тұжырым қате, өйткені салыстырмалы зерттеуді бірнеше материалдық объектілердің қасиеттері мен белгілерін салыстыру деп тар мағынада түсінуге болмайды. Бұл түсінік өзіне бұған қарағанда кеңірек мағынаны құрайды. Мысалы, салыстыру объектісі әдебиет көздеріндегі, анықтамалық каталогтердегі және кестелердегі, бізбен жиналған практикалық тәжірибедегі және т. б. әр түрлі ғылыми деректер болуы мүмкін. Жоғарыда аталған мәселелердің шешімі көрсетілген объектілерді салыстырмалы зерттеусіз жүзеге асуы мүмкін емес. Сонымен бірге, мысалға алғанда, бұзу жасау амалын немесе заттың сапасы мен қасиеттерін анықтауда біз белгілі бір криминалистикалық топтамадағы (құралдар, қарулар, механизмдер, іздер көшірмелері, лакбояғыш жабындылар, металдар мен олардың қорытпалары және т. б) нақты бір үлгілермен салыстырмалы зерттеу жүргізе аламыз.

Өз кезегінде Н. В. Терзиев пен Л. Е. Ароцкер криминалистикалық сараптаманың пәні тек идентификация емес екендігіне нұсқай отырып және бұл жағдайда ату дистанциясы, қару жүйесін анықтау, көлік маркасы, іздер қалыптасуының механизмі, бұзылған құлыптың механизмінің күйін анықтау туралы мәселелерге сілтеме жасай отырып, идентификациялық емес зерттеулерді бөліп көрсетуді ұсынды. Алғашқылардан бірінші болып Л. Е. Ароцкер криминалистикалық сараптамалардың нақты түрлерін, шешілетін мәселелер жүйесін келтіріп отырып идентификациялық емес зерттеулердің міндеттерін құрастырды.

  1. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу:

Қолжазбалық мәтін бұрмаланған қол жазуымен жасалды ма, қай қолымен жазылды және нақты тұлғаның қол жазуына еліктеу арқылы жазылмады ма;

Өңдеу, тазалау фактісін белгілеу; алғашқы мәтінді қалпына келтіру, түзетулер немесе толықтыруларды анықтау, мөрлер мен штамптардың баспа-тамбасының жасалу жолын анықтау.

  1. Трасологиялық сараптама:

Қай жағынан және қандай жағдайларда бұзу жасалды; кілттеуші құрылғыда бөтен заттар бар ма; плом ба күштеп ашуға ұшыраған ба;

Қол саусақтарының табылу көнелігі және олардың пайда болуы мен механизмдері қандай;

Қолда бар іздер бойынша көлік құұралының кеткен бағытын, сондай-ақ лардың пайда болу механизмі мен жағдайларын анықтау;

Объектінің жекелеген бөліктерге бөлінуәнәі уақыты мен жағдайларын анықтау;

  1. Сот-баллистикалық сараптама:

Зерттеуге ұсынылып отырылған зат атыс қаруы ма және сол болса, оның өздігінен атылуы мүмкін бе.

60 жылдардың соңы, сот сараптамасына аналитикалық химияны белсенді тарту кезінде, жалғыз материалдық объектінің ұқсастығын бекітпей, оның табиғатын, шығу тегін, жекелегн қасиеттерін немесе мақсатын анықтауға бағытталған классификациялық зерттеулерді бөліп көрсете бастады. Бұл зерттеулер В. Я. Колдиннің пікірінше, «қарапайым физикалық, химиялық, биоогиялық және техникалық зерттеулерден еш айырмасы жоқ және сәйкесінше жаратылыстану және техниалық ғылым өкілдері тарапынан, криминалистика саласындағы қандай да бір алдын ала мамандандырусыз жүргізіледі».

Автордың бұндай пікірі, бір жағынан, егер бұл қылмыс оқиғасымен, сараптамалық тапсырмалар есебімен байланысты объектілерді зерттеуге қатысты болса, қазіргі күннің шынайы жарамдылығына жауап бермейді. Мысалға, азық-түлік өнімінің фальсификацисы фактісін белгілеу мәселесін қарастырайық. Бұл зерттеу физика-химиялық зерттеулердің көмегімен жүргізілсе де, фальсификация амалдары туралы қарап-білмеген маманнан қойылған мәселе бойынша жауап алу қиынға соғады. Бұл үшін қылмыстың түсінігін, оның негізін құрайтын барлық элементтерді білу қажет, криминалистикалық білімдер саласында құзіретті болу қажет, фальсификация мәселесін шешу қалай қылмыстың ашылуына, тергелуіне және ескертілуіне көмектесетіндігін білу қажет. Сондықтанда азық-түлік өнімініңи фальсификациясы фактісін белгілеу, тек мәліметті зерттеу барысында алынған сәйкесінше криминалистикалық бағалаумен ғана мүмкін болады.

Басқа жағынан, В. Я. Колдиннің пікірі, ішінара дұрыс та болып келеді, егер классификациялық зерттеу және классификацияны арнайы, аталған қылмыстың оқиғасымен байланысты емес, анықтау процесі, яғни объектілерді, құбылыстарды және түсініктерді олардың жалпы белгілеріне байланысты кластар, бөлімдер, топтар бойынша бөлу ретінде түсінуге болады. Сонымен бірге сәйкесінше жүйелер - классификациялар, анықтамалықтар, каталогтар, топтамалар, атластар және т. б қалыптасады. Және де классификациялар ретінде, біздің ақыл-ойымызбен бейнеленген, жүйелендірілген білім жүйесін есептеуге болады.

Айтылғаннан түсінгеніміздей, «классификация» терминінің екі түсінігінің бар екендігі анық: 1) тану процесі 2) нақты қалыптасқан жүйе. Өз құрамында екі мағынаға ие түсініктер криминалистикада өзіндік орнын алады. Мысалы, «алдын ала тергеу» терминін қолдану, оның астарында, біріншіден, тергеу екендігі (оқиға орнын тікелей қарау барысында табылған обьектілерді зерттеу), екіншіден, бүкіл зерттеу процесінің бастапқы кезеңі (мысалы, сараптама) . Бұл жерде қандай нақты жағдайдағы қандай нақты түсіндірме екендігін нақ түсіну маңызды.

Классификациялық зертеулер обьектілерінің сипаттамалық ерекшелігі, тану процесінің түсінігінен көрініп тұрғандай, олардың тергеліп жатқан қылмыс оқиғасымен түкте байланысы жоқтығы болып табылады. Бұл пікірді өзінің кейіннен жазылған еңбегінде В. А. Снетков қолдайды.

Бұл байланыста, классификациялық зерттеулер криминалисттік тобына жатқызылуы мүмкін, алайда олар еқашанда сараптамалық болмайды, яғни тану процесінің сипаты бойынша классификациялық зерттеулер және оның объектілері тергеліп жатқан қылмыс оқиғасына қатысты емес.

Классификациялық зерттеулерді түсінуге деген бұндай тәсілдеме негізделген болып табылады және дәстүрлі түрде тек қана криминалистика емес, сонымен бірге жаратылыстану ғылымдарында да қалыптасқан ахуалға жауап береді. Мысалы, бар химиялық қосылыстар (олардың табиғаты, құрамы, байланыстары және т. б. ) туралы зерттелген және өңделген деректер жаңа белгісіз затарды зерттеу кезінде кеңінен қолданылады; сәйкесінше жиналған, зертелген және өңделген отандық және шетелдік өндіріс арқылы шығарылатын, лакбояу жабындылары топтамасы туралы деректер оқиға орнынан жасырынған автокөліктер іздеуінде тиімді қолданылады.

Бізді негізінен қылмыстарды ескерту, ашу мен тергеуге бағытталған нақты тапсырмалар есебімен сәйкесінше классификациялық зерттеулер нәтижесінде алынатын классификациялар қызықтырады.

Классификациялық зерттеулердің басты айырмашылығы, оның ақырғы мақсатының осы не басқа классификацияны құруынан тұрады. Басқа зерттеулер өз алдына бұндай мақсаттар қоймайды, алайда бірқатар жағдайларда осы не басқа аралық тапсырмалар бойынша классификациялықпен ұқсас болуы мүмкін; оларды шешу барысында белгілі бір классификациялар пайда болуы сирек емес: қылмыс орнынан алынған және де жоғалған қарудың (оқгильзотека) ізі бар оқтардың, гильзалардың және патрондардың топтамалары, полиграфиялық амалмен жасалған жасанды ақшалар мен бағалы қағаздардың картотекалары, жасанды құжаттардың картотекалары және т. б. бұндай картотекалар мен топтамалар одан әрі идентификациялық мәселелерді шешуде жасалады, алайда олардағы мәліметтер идентификациялық емес зерттеулерді жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін: объектінің табиғаты мен мақсаты, оны жасаудың амалы мен мерзімі және т. б.

Аталған картотекаларды және топтамаларды құру кезінде бұл мақсат үшін қажетті болып табылатын классификациялар: каталогтар, анықтамалар, атластар, әдебиет көздері, басқа да тәртіпке келтірілген білімдер. Идентификациялы емес сараптаманың теориялық негіздерін іріктеу бойынша жұмыстың жалғасы Седых-Бондаренконың оқу құралы болды, бұл жерде криминалистикалық идентификациялы емес сараптаманың түсінігі, мәні және түрлері; оның қылмысты ескерту және тергеу бойынша әдістемесі мен рөлі туралы мәлімет берілген.

70-жылдардың басында криминалистикалыұ терминдердің құрамында криминалистикалық диагностика түсінігі қалыптасты, ол В. А. Снетковпен кең мағынада криминалистикалық объектілер белгілері бойынша анықтау заңдылықтары туралы ілім ретінде анықталды.

Бұндай түсінікті енгізудің негізділігі туралы тұжырымдар А. И. Винбергтің кейінгі жұмыстарында берілді, Винберг сараптамалардың идентификацилық және идентификациялық емес деп дәстүрлі бөлуді көмескілік деп санады: «бұл сараптамаларды химиялық және химиялық емес деп бөлумен тең». Осымен байланысты автор, қалыптасқан дәстүрді қорғауға байланысты барлық тұжырымдар, «барынша сендіретіндей бола алмайды, өйткені көмескі түсініктердің орнына өз тапсырмалары, мақсаттары және әдістері бойынша барынша нақты және белгілі диагностикалық және жүйелік сот сараптамасы келеді». Дәл осы уақытта, 70-жылдардың соңына қарай, Г. Л. Грановский, өзінің ғылыми жариялымында диагностикалық және ситуалогиялық тапсырмаларды және де трасологиялық зерттеулерді шешу алгоритмінің сипаттамасын қарастырды.

Криминалистикалық диагностиканың теориялық жағдайы фундаменталды дамуды 80 жылдары алды. Осылай, криминалистикадағы оы бағытқа арналған Ю. Г. Коруховтың жұмыстарында, криминалистикалық диагностика түсінігі мен пәнінің құрамына барынша терең, ұсынылғандай, тұтас және дұрыс мағына берілген. Автордың сөздері бойынша «криминалистикалық диагностика, бұл материалдық әлем объектілеріне ықпалы негізіндегі қылмыстық әрекеттің механизмі туралы көрініс беретін, танудың жекелен амалы ретінде анықталуы мүмкін». Диагноздау процесі бірнеше сатыдан тұруы мүмкін. «Басында идентификациялық тапсырмаларды шешудегі секілді, объектінің (құбылыс, оқиға) белгілерін зерттейді. Содан кейін объектінің сипаттары (қасиеттері) немесе оқиғаның жағдайы туралы түйін негізінде оларды осындай оқиғаның қарапайым жағдайларымен салыстыру жүргізіледі. Бұндай салыстыру әсердің жағдайларын түсінуге, берілген нақты жағдайдағы заңдылықтардың білінуін дұрыс түсінуге, байқалған ауытқушылықтарды түсіндіруге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде құбылыстың себептері туралы, белгілі бір жағдайдағы орындалу мүмкіндіктері туралы түйін қалыптасады».

Дәл осылай, сот сараптамасындағы және басқа криминалисттік - идентификациялық пен идентификациялық емес зерттеулерде екі анықтау процесінің бар екендігі туралы пікір ғылыми жағынан перспективалы болып табылады, идентификациялық емес зерттеулер ең алуан түрлі мәселелер тізімін, соның ішінде классификациялық және ситуациялық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, мысалы, жәбірленуші мен автокөліктің олардың байланысы кезіндегі өзара орналасуын, жәбірленушіге зиян келтірудің алғашқы орны, денені сүйреудің әдісі және бағыты және т. б.

Соңғы жылдары пәні қылмыстық қол сұғу кезіндегі өзгерістерді зерттеуге бағытталған, сондай-ақ қылмыстық оқиғаның механизмін тұтастай және жекелеген бөліктерін анықтау үшін өзара әрекеттесетін объектілердің қасиеттері мен күйін қарап білу негізінде олардың себептері мен жағдайларын анықтау болып табылатын криминалистикалық диагностика үлкен рөл ойнай бастады. Криминалистикалық диагностика күйді, оқиғаны, құбылысты анықтау, тану және айыра білуге бағытталған. Оны осы мақсаттарда алуан түрлі мақсаттарды қолдану арқылы криминалистикалық мәселені шешу процесі ретінде түсіну қажет. Дәл осылай, жалаң аяқ іздері бойынша адамды тек ұқсастыру ғана емес, және де оның бағыты мен қозғалу жылдамдығын, жүк алып жүру, тіректік-қозғалтқыштық дефектілерін, фиикалық жағдайын анықтауға болады. Бұзып кіру іздері бойынша бұзушының кәсіби машықтары және бұзып кіру амалы, бұзып кірушінің физикалық күші, жабдықтамасы және басқа да жағдайларды анықтауға болады.

«Дианостикалық зерттеу» түсінігіне кіреді:

  1. Объектінің қасиеттерін және күйін анықтау;
  2. Болған қылмыстық оқиғаның жағдайларын анықтау;
  3. Тергеуге белгілі фактілер арасындағы себептік байланысты анықтау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистикалық диагностиканың міндеттері
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Сот фотографиясы
Криминалистиканың әдістері
Бесінші оқиға
Қылмыс. Криминалистика
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Криминалистика пәнінен лекция тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz