Оқиға болған жерді қарау кезіндегі қылмыс іздерін белгілеу үшін криминалисттік техниканы қолдану



1. Оқиға болған жерді қарау
2. Фототүсірілімнің тапсырмалары
3. Көлік құралдарының іздерін белгілеу.
4. Бұзу құралдарын белгілеу
Оқиға болған жерді қарау кезіндегі іздермен жұмыс барысындағы маңызды кезең белгілеу болып табылады. Оқиға болған жердегі іздерді белгілеудің негізгі екі түрін ажыратады: хаттамада сипаттау және криминалисттік техника құралдарымен белгілеу.
Қарау кезіндегі табылған және іске жататындығы дәлелденген барлық іздер оқиға болған жерді қарау және жүргізілуіне байланысты олар табылған немесе қаралған басқа тергеу әрекеті хаттамасында толық сипаттауға жатады. Қарау хаттамасында келесілер көрініс табу керек:
- Іздер табылған заттың атауы (белгілі бір жердің, бөлменің бөлігі), оның жағдайы, әсіресе іздерде обьектінің көріну сапасына және олардың жағдайына әсер етуі мүмкін қасиеттер;
- Заттың ( белгілі бір жердің немесе бөлменің бөлігі) қай жерінен, және қалай, қандай құралдарды қолдану арқылы іздер табылды. Қарау кезінде анықтау мүмкін болған болса, олар немен қалдырылған (мысалы, саусақ іздері, аяқ-киім табаны, автокөлік шиналары және т.б.);
- Іздердің түрі (қабылданған классификацияға сәйкесінше), олардың саны, басқа ориентирлерге немесе салыстырмалы түрде бір-біріне қарағандағы арақашықтығы. Әсіресе соңғысы өте маңызды болып келеді, мысалы, бірнеше дөңгелектердің шиналарының іздері, аяқ іздерінің сүрлеулері және т.б.;
- Іздердің өлшемі мен конфигурациясы, нақты белгіленген ерекшеліктердің болуы және орналасуы;
- Қарау хаттамасына енгізуге жататын, іздердің қалайша тіркелгендігі және алынғандығы;
Бұл тізілім үлгілік болып табылады. Әрбір нақты жағдайдағы хаттаманың құрамы іздердің спецификасына және олардың табылу орындарына тікелей тәуелді.
Қарау хаттамасына қосымшалар іздердің суреттемелері болып табылады. Олар сипаттауды жеңілдетеді және заттағы іздердің оргаласуының көрсетілімін, олардың конфигурациясын және өлшемдерін көрнекі етеді.
Алайда бұл суреттемелер оларды жасаудың толық мұқияттылық жағдайында да схемалық болып қалады, және де белгілеудің техникалық амалдарын алмасытыра алмайды. Оқиға орнындағы іздерді қарау барысындағы іздерді белгілеудің техникалық амалдарына суретке түсіру және бейнежазбаға түсіру жатады.
Оқиға орнындағы тергеулік қарау кезінде жасалған фотографиялық түсірілімдер өарау хаттамасына маңызды қосымша болып табылады. Олар оқиға орнындағы жағдай туралы көрнекті көрініс береді және оның максималды сандағы бөлшектерімен белгілейді. Жекелеген жағдайларда фототүсірілімдер хатамадағы сипаттаулардағы дәлсіздіктер мен толымсыздықтардың орнын толтырып отырады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Оқиға болған жерді қарау кезіндегі қылмыс іздерін белгілеу үшін криминалисттік техниканы қолдану

Оқиға болған жерді қарау кезіндегі іздермен жұмыс барысындағы маңызды кезең белгілеу болып табылады. Оқиға болған жердегі іздерді белгілеудің негізгі екі түрін ажыратады: хаттамада сипаттау және криминалисттік техника құралдарымен белгілеу.
Қарау кезіндегі табылған және іске жататындығы дәлелденген барлық іздер оқиға болған жерді қарау және жүргізілуіне байланысты олар табылған немесе қаралған басқа тергеу әрекеті хаттамасында толық сипаттауға жатады. Қарау хаттамасында келесілер көрініс табу керек:
Іздер табылған заттың атауы (белгілі бір жердің, бөлменің бөлігі), оның жағдайы, әсіресе іздерде обьектінің көріну сапасына және олардың жағдайына әсер етуі мүмкін қасиеттер;
Заттың ( белгілі бір жердің немесе бөлменің бөлігі) қай жерінен, және қалай, қандай құралдарды қолдану арқылы іздер табылды. Қарау кезінде анықтау мүмкін болған болса, олар немен қалдырылған (мысалы, саусақ іздері, аяқ-киім табаны, автокөлік шиналары және т.б.);
Іздердің түрі (қабылданған классификацияға сәйкесінше), олардың саны, басқа ориентирлерге немесе салыстырмалы түрде бір-біріне қарағандағы арақашықтығы. Әсіресе соңғысы өте маңызды болып келеді, мысалы, бірнеше дөңгелектердің шиналарының іздері, аяқ іздерінің сүрлеулері және т.б.;
Іздердің өлшемі мен конфигурациясы, нақты белгіленген ерекшеліктердің болуы және орналасуы;
Қарау хаттамасына енгізуге жататын, іздердің қалайша тіркелгендігі және алынғандығы;
Бұл тізілім үлгілік болып табылады. Әрбір нақты жағдайдағы хаттаманың құрамы іздердің спецификасына және олардың табылу орындарына тікелей тәуелді.
Қарау хаттамасына қосымшалар іздердің суреттемелері болып табылады. Олар сипаттауды жеңілдетеді және заттағы іздердің оргаласуының көрсетілімін, олардың конфигурациясын және өлшемдерін көрнекі етеді.
Алайда бұл суреттемелер оларды жасаудың толық мұқияттылық жағдайында да схемалық болып қалады, және де белгілеудің техникалық амалдарын алмасытыра алмайды. Оқиға орнындағы іздерді қарау барысындағы іздерді белгілеудің техникалық амалдарына суретке түсіру және бейнежазбаға түсіру жатады.
Оқиға орнындағы тергеулік қарау кезінде жасалған фотографиялық түсірілімдер өарау хаттамасына маңызды қосымша болып табылады. Олар оқиға орнындағы жағдай туралы көрнекті көрініс береді және оның максималды сандағы бөлшектерімен белгілейді. Жекелеген жағдайларда фототүсірілімдер хатамадағы сипаттаулардағы дәлсіздіктер мен толымсыздықтардың орнын толтырып отырады.
Оқиға орнын қарау кезінде табылған іздердің фотосуреттері қылмыскерді іздеу кезінде және фототүсірілімдердегі іздер арқылы қалдырылған обьектілерді идентификациялау істерінде қолданылуы мүмкін. Дәл осылай, оқиға орнының фототүсірілімінің тапсырмасы оқиға орнындағы жағдайды, әртүрлі заттар мен іздерді суретке түсіруде жатыр.
Оқиға орны, сонымен бірге тергеу-тексеруге қатысты оқиғаға қатысы бар әртүрлі заттар мен іздер, қиын жағдайларда орналасуы мүмкін, сондықтанда қарау нәтижелерін белгілеу үшін қолданылатын фотографиялық аппарат, кез-келген қолайсыз жағдайларда фотосуреттерді алуды қамтамасыз етуі керек. Оқиға орнын қарау барысында табылған фактілік деректерді фотографиялық әдіспен белгілеу үшін, сарапшы-криминалистке келесідей жабдықтар керек: Зенит және Зоркийтиптес фотоаппараттар; ауыспалы фотообьективтер; макроприставкалар мен созғыш сақиналар; жарықтандырғыш құралдар; электронды импульсті жарықтандырғыш шамдар мен аккумуляторлы электрлі фонарь; түсіргіш жарықфильтрлері; экспонометр; штатив; масштабты сызғыштар, ленталар және шаршылар; кассеталарды қуаттандыруға арналған жең; кассеталар; қабықтар қоры; мөлдір оргшынылардан жасалған пластиналар; көлеңкесіз түсірілімдерге арналған экрандар; қиын жерлердегі іздерді түсіруге арналған айналар; цифрлары бар кестелер және фотоға түсірілген обьектілерді белгілеу үшін нұсқаулар және т.б. Фотоаппаратура және басқа да керек-жарақтар оқиға орнын қарау үшін қолданылатын кіру аппаратуранысының жинағына немесе арнайы жабдықталған фотосөмкелерге не фотошабадандарға кіреді (№7 қосымша).

Фототүсірілімнің тапсырмаларына байланысты түсірілімнің төрт түрін ажыратады: бағдаршы, шолу, бөлшектік, торапты.
Бағдаршы түсірілім қылмыстың жасалу орнын қоршаған обьектілер арасында, оның мән-жайын фотосуретке қарап анықтауға мүмкін болуы мақсатында оқиға орнын қоршаған орта фонында түсіріп алу үшін жасалады (№8а қосымша). Түсірілім бағытын кадрға фототүсірілімге жататын жағдайдың, келудің мүмкін болатын жолдардың (көшелер, жолдар, соқпақтар), қылмыскерлердің мүмкін болатын жасырыну орындарының, мысалы қарақшылық шабуылдарда, барынша сипатты обьектілері енуі негізінде таңдайды. Бағыттаушы түсірілім кезінде ауқымды кеБұндай жағдайларда кеңбұрышты обьективтерді немесе понармалы түсірілімді қолданады. Егер оқиға орнының жанында ғимараттар немесе басқа да биік құрылыстар болса, түсірілімді жоғарыдан жүргізу ойға қонымды, үйдің 2-3 этажды биіктігінен. Түсірілімді сонымен бірге автокөлік төбесінен де түсіруне болады.
Шолушы түсірілім тікелей оқиға орнының жалпы көрінісін фотографиялық белгілеу үшін қолданылады. Шолушы түсірілімдерде қылмыс жасалған орынның, және де іске қатыстылығы болуы мүмкін затар мен іздер табылған орындардың маңызды элементтері түсірілуі керек (№8б қосымша). Оқиға орнының жекелеген шолушы суреттері жағдайды тек бір жағынан ғана көрсетеді, сондықтанда фотоға түсірілетін обьектілер түсірілімін қосымша басқа жақтарынан да жүргізеді.
Егер оқиға орны ғимаратта орналасса, онда бұл фотосуреттерді екі қарама қарсы бұрыштардан немесе екі қарама-қарсы қабырғалар жағынан түсіреді. Оқиға орнын ашық жерде белгілеуде, мысалы шосседе екі автомобиль соқтығысқан жағдай да шолушы фототүсірілімді үш немесе төрт жағынан жасауға болады; екі фотосурет жүргін бөліктің осьтік сызығының бойымен (қарама-қарсы бағыттарда) және бір немесе екі фотосуретті - зақымданған машиналарды және түсірілім арақашықтығын көрсету үшін жанынан жасалады, әсіресе тар аулалар мен тар көшелерде кеңбұрышты обьективтер мен панорамалы түсірілімді қолдануға болады.
Торапты түсірілім оқиға орны жағдайының фонындағы барынша маңызды, мысалы мәйіт, бұзып ашылған сейф секілді жекелеген обьектілерді түсіруге арналған .(№8в қосымша). Бұндай фотосуретті орындау кезіндегі міндетті талап кадрға оқиға орны жағдайының бөліктерін түсіру болып табылады, бұл өз кезегінде одан әрі де фотосуретке қарап-ақ тек қана суретке түсірілген заттарды ғана емес, сонымен бірге олардың орналасу орындары мен бір-бірінен арақашықтығында анықтау мүмкін болуы үшін жасалады. Торапты фотосуреттің шектерін, торапты суретте бейнеленген кез-келген обьект, шолушы фототүсірілімде де анықталуы мүмкін болатындай етіп таңдайды. Торапты түсірілім қарау кезінде табылғандағыдай етіп, сол табылған заттарды заттарды түсіреді.
Бөлшекті түсірілім оқиға орнының бөлшектерінің фотосуреттерін алу үшін жасалады, мысалы, жекелеген заттар мен іздер. Бөлшекті фотосуретте белгілі бір заттың немесе іздің қоршаған ортасымен байланыссыз берілген бейнесі көрсетілуі мүмкін (№8г қосымша). Сондықтанда, егер зат түсірілімдер үшін қолайсыз жағдайда орналасса, торапты фототүсірілімді жүзеге асырғаннан кейін, барынша қолайлы жерге көшіріп, сәйкесінше қараудан соң суретке түсіруге болады. Бөлшекті түсірілім заттай дәлелдемелерді белгілеу үшін, оларды тәркілеуге және қылмыстық іске қосуға мүмкін болмаса міндетті түрде жүргізіледі. Іздерді, ережеге сәйкес, кез-келген жағдайда түсіреді. Бөлшекті түсірілім өлшемді фотосурет ережелеріне сәйкес орындалады.
Оқиға орнын қарау кезінде іздерді белгілеу үшін сонымен бірге түсті фотосуреттер де қолданылады ( № 9 қосымша). Бағыттаушы фототүсірілімде түсті материалдарды қолдану қажеттілігі сирек туындайды, өйткені бұндай түсірілімдерде түс негізінен эстетикалық жүктеме рөлінде болады. Алайда, бағыттаушы фотосурет түрлі-түсті материалдармен жасалуы ойға қонымды жағдайларда (мысалы, таулардағы, саябақтардағы және т.б. оқиға орны) кезедесуі мүмкін. Түрлі-түсті суретпен жергілікті жерде бағытталу оңайырақ болып келеді.
Адам өлтіру, зорлау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, автокөлік апаттары, өрттер, жарылыстар және т.б. істер бойынша шолушы түсірілімдерді жасау кезінде, ережеге сәйкес түсті материалдар қолданылады. Олар үлкен дәлдікпен тек арақашықтықты ғана емес, сонымен бірге қан шашырандыларын және жұғындыларын, машиналардың жағдайы мен өзара арақашықтығын, жол жабындысын және т.б. анықтап көрсетеді.

Олардың көмегімен істі тергеуге қатысты максималды маңызды мәліметтер тіркелуі мүмкін болатын, торапты және бөлшекті түсірілімді жасау кезіндегі фотосуреттер барынша пайдалы болып келеді.
Адам өлтіруге байланысты істер бойынша оқиға орнын қарау кезінде жалпылама іздермен бірге, қарапайым, сипатты іздерде пайда болады. Бұндай іздердің суреттері өлімнің уақыты мен себебін анықтауға мүмкіндік береді, өлтіру кезіндегі жәбірленушінің жағдайы қылмыскер мен оның құрбанының арасында болған күрес туралы көрініс береді, мәйіттегі зақымдардың сипатын және орналасуын көрсетеді. Мәйіттегі жаралар, қанталау, мәйіт іздері, тері сыдырылулар және т.б. мәйіттегі іздерінің қарау кезіндегі түсі мен оқшауы өлім туындауының жағдайлары туралы қосымша мәлімет береді. Бұндай іздерді көп бөлігі ұзаққа шыдамайды, және де оның жүзеге асуының әрбір кезеңі түсті өзгерістермен қатар жүреді. Тері қабаты мен мәйіт дақтарының реңкі өлім уақытын анықтау кезіндегі негізгі белгілер болса, улану кезінде - оның себепін анықтаудың белгілерінің бірі болып табылады. Мысалы, цианисттік калиймен улану кезінде мәйіт дақтары ашық қызыл-қошқыл түске, ал көміртектің тотығымен уланған кезде - алқызыл немесе қызыл күрең түске ие болады. Брқатар жағдайлардағы дене жарақатттарының сипаты жарақат механизміне нұсқайды, сондықтанда мәйіттегі барлық зақымдар мұқият қаралып, міндетті түрде түсті материалдарға суретке түсірілуі керек.
Қарапайым фотосуреттерде қан іздері, тері сыдырулары, сызаттар ақ-қара реңктерде қарапайым дақтар болып көрінуі мүмкін немесе соңғысынан ажыратылуы қиын болуы мүмкін. Сондықтанда бұндай бөлшектер міндетті түрде түрлі-түсті материалдарға жасалуы керек.
Оқиға орнын қарау кезінде іздерді белгілеу үшін кинотүсірілімдер мен видеомагнитофонды жазбалар қолданылады.
Оқиға орнын қарауды белгілеуде қолданылған кинотүсірілім мен видеомагнитофонды жазба, бұл қиын тергеу әрекетін жақсырақ реттеуге мүмкіндік береді, оқиға орнын соттың зертттеуіне көбірек мүмкіндік жасайды, қарау кезінде алынған дәлелдемелердің бағалануының обьективтілігін арттырады.
Кино-, видео түсірілім жылдам, дәл, әрі көрнекі белгілеуге, алғашқы жағдайдың өзгеруімен тығыз байланысты, апаттармен, жол апаттарымен және өрттермен байланысты оқиға орнын қарау кезінде, орын алған оқиға салдарын тез арада жою керек болған жағдайда,егер оқиға орны зиян немесе арнайы аумақ (шахта, суасты құрылыс, цех, зерттеу лабораториясы және т.б.) болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлықты тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері
Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау
«Сезікті мен айыпталушының процесуалдық жағдайы»
Жол - көлік оқиғаларының болған жерін қарау
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Ұрлық объектісі - меншік
Оқиға болған жерді қараудың сатылары
Сот сараптамасының түрлері
Пәндер