Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері.
Жоспар
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзeктілігі . Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы барлық құқықтық жүйенің, соның ішінде құқыққолданушы қызметтің, тиімді және кезекті жетілуін бағамдайды. Бұл процестегі маңызды орын қылмыстық іс жүргізуге тиесілі.
Сөзсіз, қылмыстық процесті реформалау демократиялық қауымдастықта жалпықабылданған әлемдік стандарттарға бағытталған, өйткені Қазақстан динамикалы түрде әлемдік қауымдастыққа ене бастады.
Құқықтық реформаның басты міндеттерінің бірі іс жүргізу процедурасының жетілдірілуі мен іс жүргізуден ескі қалыптарды шеттету, сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігін арттыратын жаңа ережелер мен жағдайлардың ендірілуі болып табылатындығы белгілі.
Қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды тәжірибе тудырады. Ал ұсыныстар шын мәнінде тиімді сот төрелігінің міндеттеріне жауап беруі үшін дәл сол тәжірибетерең талдауды соның ішінде ғылыми талдауды талап етеді. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-процестік кодексінің қабылдануынан кейін, қылмыстық іс жүргізудегі сот қорғауы обьектілерінің басымдылықтары да, сот процесінің сайыскерлігі жағдайындағы процессуалдық шешімдерге талаптар да жүйелі түрде өзгерді.
Қылмыстық-процессуалдық қатынастар саласына тартылған адамдардың тағдырына, сөзсіз, қандай да бір амалмен әсер ететін, алдын-ала тергеп-тексеру, прокуратура органдары мен соттың қызметіне қорытынды келтіретін, ең маңызды процессуалдық актілердің бірі - үкім болып табылады.
Үкім, қылмыстық іс бойынша барлық мәселелерді сотпен шешудегі алғашқы саты ретінде, сот қорғауының институттарының, дәлірек айтсақ сот қадағалауының барлық нысандарының мәнін ашу үшін негіз болып табылады.
Алайда сот төрелігін жүзеге асыру әлі де болсын қоғам мен азаматтарды толықтай қанағаттандырмайды. Бұл жағынан соттармен негізделмеген, заңдылыққа сай келмейтін үкімдердің шығарылуы орын алып отыр. Және де бұндай жағдайлардың астарында заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарда болуы мүмкін.
Бағыты өз азаматтарының мүдделерін қорғау болып табылатын мемлекет, ең алдымен өзі кез-келген азаматқа қатысты тәлкек жасамауы қажет.
Қазіргі уақытта қылмыстарды тез және толық ашу мен ьұны жасаған тұлғаларды анықтау, - құқыққорғау жүйесі қызмет етіп отырған міндет емес. Қылмыстық іс жүргізудің басты мақсаты сот кінәлілігіне менімді емес тұлғаларды соттау талабы болмауы керек, өйткені қылмыстық процестегі тұлға үшін орын алуы мүмкін ең жаманы - бұл кінәсіздің жазалануы болып табылады.
Сот тәжірибесінің статистикалық деректері сот қателіктерінің көптігіне, материалдық және процессуалдық заңнаманың дұрыс қолданбауына куә болып отыр.
Сот қателіктерінің салдары өте ауыр, және де бұндай залалдың салдарының кейде орны толтырылмайтындай да болып келеді.
Сол себепті үкімнің шығарылуына ден қою керек, оған қойылатын талаптарды, принциптерін егжей-тегжейлі зерттеп ашу бұл саланың қажеттіліктерінен туындайды. Осымен байланысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығаруға жататын мәселелер оданда мәнді, терең, өзекті болып отыр, және де маңызды заңи мәнге ие.
Зepттeу объeктісі болып қылмыстық іс жүргізудегі үкімді шығару кезінде қалыптасатын қылмыстық-процессуалдық қатынастар танылады.
Зерттеу пәнін іс бойынша үкім шығарумен байланысты теориялық және практикалық мәселелер құрайды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері . Зерттеудің мақсаты қылмыстық процестегі үкімнің теориялық негіздерін, сот үкімдерін шығаруға қатысты мәселелерді кешенді зерттеуде, қылмыстық-процессуалдық заңнаманы жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау мен сот төрелігін жүзеге асыру процесінде оның қолданылу тәжірибесінде жатыр.
Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру дипломдық жұмыстың алдына келесідей міндеттерді қояды:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде берілген үкімнің түсінігін зерттеу, ұғындыру.
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінде, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық құқық ғылымындағы үкімге қойылатын талаптарды зерттеу.
- Үкімнің түрлерін жеке қарастырып, олардың құрылымы мен шығару негіздерін қарастыру.
- Үкімді шығару кезіндегі Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік заңнамасында туындайтын проблемалы мәселелерді және оларды шешу жолдарын зерттеу.
- Үкімді шығару кезіндегі судьяның ерекше пікірінің болмысы мен оның құқық институты ретіндегі маңыздылығын анықтау.
Жұмыстың тәжipибeлiк мaңызы. Жұмыстa жaсaлғaн тұжыpымдық қopытындылap, ұсыныстap мeн нұсқaулap қылмыстық іс бойынша сот төрелігінің қорытынды актісі ретіндегі, сот үкімін шығару тәжірибесінің жетілдірілуіне ықпал етеді жәнe жұмыста көрсетілген ұсыныстар қылмыстық-процессуалдық заңнаманың және қылмыстық-процессуалдық құқық ғылымының одан әpi дамуына ықпал етеді.
Жұмыстың көлeмi мeн кұpылымы . Жұмыс Кіріспеден, бес бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I БӨЛІМ. СОТ ҮКІМІНІҢ ТҮСІНІГІ, ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ МЕН ШЫҒАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Сот үкімінің сот төрелігі актісі ретіндегі түсінігі мен мәні.
Сот төрелігі - бұл қажет жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеудің елеулі шараларын қолдана отырып, нақты қоғамдық дауларға қатысты құқық қолдану жолымен жүзеге асырылатын, қоғамдық қатынастарды қорғау бойынша мемлекеттік қызметтің бір түрі.
Сот төрелігі Қазақстан Республикасында тек сот арқылы жүзеге асырылады. 1 Дәл осылай ҚР Конституциясы аталған қызметтің мемлекеттің басқа бірде-бір соттан тыс органдарына берілуіне жол бермейді. Тек сот қана тұлғаны кінәлі деп танып, оған жаза тағайындай алады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жолында соттарға ерекше орын берілген, оған ерекше тектегі құқықтар мен міндеттер берілген. Судья - бұл тек әділеттілік белгісі ғана емес, сонымен бірге Республикадағы ерекше маңызды «құқықтық» фигура.
Судьяның құқықтық жағдайының мәні Конституцияның 77 бабындағы, судья сот төрелігін атқару барысында тәуелсіз және тек Конституция мен заңдарға ғана бағынады деп көрсетілген, конституциялық талап бойынша анықталады, ал құрамын «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңының баптарында бекітілген талаптар құрайды.
ҚР Конституциясында және қылмыстық-процестік заңнамада бекітілген, Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің негіз қалаушы жағдайлары жүйесінде келесілерді атап өту керек. Біріншіден, Қазақстан Республикасында сот төрелігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады, екіншіден, ешкімде заңды күшіне енген сот үкімінен тыс, қылмыс жасауда кінәлі деп танылып, қылмыстық жазаға тартыла алмайды. 2
Өзара байланыста бұл жағдайлар, тек қылмыстық істер бойынша сот төрелігінің мәнін ғана барынша нақты ұғындырып қана қоймай, сонымен бірге оның барысында қабылданатын акті - сот үкімінің де толық түсінігін қалыптастыра алады, оған қойылатын талаптарды, тән қасиеттерді кеңірек ашып көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің 386 бабына сәйкес, сотталушының соңғы сөзін тыңдап болған соң, сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, бұл туралы төрағалық етуші сот отырысы залында қатысып отырғандарға хабар береді. Бұл жерде заң сотталушының соңғы сөзінен кейін кеңесу бөлмесіне кетуін талап етеді.
Сонымен қатар, «соңғы сөздің аяқталуы мен сот кеңесінің арасында ешқандай үзіліс болмауы керек. Соңғы сөз айтылғаннан кейін және соттың кеңесу бөлмесіне кетуінің алдында, қандай да бір соттық іс-әрекеттердің жүзеге асырылуы тіптен мүмкін емес» - деп айтылған Зеликсон Э. С. тұжырымы, байқап отырғанымыздай, абсолютті түрде дұрыс болып отыр.
Үкім кеңесу бөлмесінде сотпен сәйкес шығарылады. 3 Заңды күші бар қылмыстық-процестік заңнамада, кеңесу бөлмесінде болған кездегі және үкім шығару кезіндегі, сот әрекеттері мен судьялардың құқықтық мүмкіндіктері егжей-тегжейлі түрде атап көрсетілген.
Қылмыстық-процестік құқық ғылымында, үкім сот төрелігін жүзеге асыру актісі ретінде көрсетілген.
Алайда заңнамада және теорияда үкім түсінігі әртүрлі анықталады, жиі түрде оның түсінігі, сот актісі ретіндегі негізгі қасиеттерін аша алмайтындай деңгейде қысқа болып келеді. Егер қылмыстық-процестік заңнамада қамтылған тұжырымдар көзқарасы жағынан қарасақ, сот төрелігі ретіндегі үкімнің түсінігін анықтаудағы бұндай бағыт барынша түсінікті, әрі оңай түсіндірілетін болып келсе, ғылыми жағынан қарайтын болсақ, бұл түсінік сот үкімінің ұғымын толықтай аша алмайтыны анық. Бұл қылмыстық процестегі сот үкімінің барлық қырларын ашардай, нақты, әрі толық түсінікті қалыптастыруды қажет етеді.
ТМД-ның көптеген мемлекеттерінің қылмыстық-процестік кодекстерінде «үкім» сот отырысында сотталушының кінәлілігі не кінәсіздігін анықтайтын және оған қатысты жаза қолдану немесе қолданбау мәселесін реттейтін шешім ретінде түсіндіріледі.
Мысалы, Ресейлік заңнама бойынша үкім - сотталушының кінәлілігі не кінәсіздігі және оған жаза қолдану не жазадан босату туралы бірінші немесе апелляциялық инстанция сотымен шығарылған шешім ретінде анықталған. 4
«Үкім» терминінің түсінігін ашатын заңнамалардың ережелерін талдау, үкімнің қылмыстық процестегі сот төрелігі актісі ретіндегі түсінігін қалыптастыруда шешуші рөлді атқаратын негізгі белгілерді анықтауға мүмкіндік береді.
М. С. Строгович үкім түсінігін аша отырып, оған келесідей анықтама берді: «Үкім - бұл сотталушының кінәлілігі не кінәсіздігі туралы және сотпен кінәлі деп танылған жағдайда жаза қолдану туралы сот отырысында судьямен шығарылған шешім.
Сонымен, үкім дегеніміз - сот отырысында бірінші инстанция сотымен шығарылған, қылмыстың болуы не болмауы туралы, сотқа берілген тұлғалардың кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы; егер кінәлілігі сотпен бекітілген жағдайда жазаның түрі мен мөлшері туралы жауаптарды қамтитын шешім болып табылады.
Үкім элементтерінің бұндай заңнамаға сүйенген және оның сот төрелігі актісі түсінігі ретіндегі жалпылама сипаттамасы, тек барынша толық дефиницияның қалыптасуының мүмкіндіктерін кеңейтетіндігін, бірақ бұл түсінікті толық қалыптастыра алмайтындығын байқамау мүмкін емес. Үкімнің басқа да, оның ғылыммен жасалып жатқан түсінігіне қосуға тұрарлықтай елеулі белгілері бар екендігін есепке алуымыз қажет.
Қылмыстық-процестік құқық ғылымына келер болсақ, үкім түсінігін қалыптастыруда, ол да кемшіліктерден кенде емес. Бірқатар ғалымдар заңның сәйкесінше ережелерін толық немесе сөзбе-сөз дерлік жаңғыртады. Басқалары сот төрелігінің шешуші актісі ретіндегі үкімнің түсінігін барынша кең мағынада, әрі толық беруге тырысады. Мысалы, Ф. Н. Фаткуллин үкімді, тағылған айып мәні бойынша шешілетін, сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы шешім қалыптасатын, жаза тағайындау немесе одан босату, сондай-ақ заңнамада көрініс тапқан басқа да мәселелер реттелетін, құқық нормаларының қолданылуының дербес актісі ретінде мойындайды. Өз кезегінде венгерлік ғалым-заңгер Надь Л., «үкім процессуалдық акті ретінде процессуалдық-құқықтық қатынастар шеңберінде сот шешімімен шығарылған, сот шешімімен шектелген, және де шығару тәртібі мәнімен бірге, құрылым мәнінде де заң талаптарымен шектелген болып табылады» -деп жазады.
Жоғарыда келтірілген дефинициялардан түсінгеніміздей, бұлардың бірде біреуінің арасынан үкім мемлекет атынан шығарылатынын меңзейтін нұсқау табылмады.
Қазақстан Республикасындағы соттар, конституциялық ережелердің әрекет күшіне сәйкес, үкімді Қазақстан Республикасының атынан шығарады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасында заң шығарушы үкімге келесідей түсінік береді: Үкім - бұл айыпталушының кінәлілігін не кінәсіздігін анықтау немесе оған жаза қолдануға байланысты мәселе бойынша, бірінші инстанция сотының бас сот отырысында немесе апелляциялық инстанцияның отырысында шығарылатын сот шешімі. 5
Үкімнің сот төрелігі актісі ретіндегі мәні мен маңызын аша отырып, көптеген процессуалисттер оның мемлекет атынан шығарылатындығына меңзейді, бірақ бұл сот актісі ретіндегі оның негізгі қасиетін ашатын, маңызды әрі елеулі белгісі, ереже ретінде, ҚР ҚПК 7 б. 52 т. жазылған үкім түсінігінде бұл атап көсетілмеген, және де бұл негізінен көптеген ғалымдар пікірінше, оның негізгі жетіспеушілігі деп есептелінеді.
Сондықтан да бұл жерде менің ойымша, үкімге «қылмыстық істің негізгі мәселелері - сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған тағайындалатын жаза мен жазадан босату, сондай-ақ оны ақтау және т. б. бойынша сот талқылауы нәтижесінде бірінші инстанция сотымен қабылданғанының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған тағайындалатын жаза мен жазадан босату, сондай-ақ оны ақтау және т.
Келтірілген анықтама, басқа тұжырымдардан айрықшаланатын болса да, бір елеулі дәлсіздік орын алады - ол үкімде тек негізгі мәселелер шешіледі деген қате түсінік. Үкімде тек негізгі мәселер ғана емес, сот отырысында қозғалған барлық түйіткілдердің реттелетіні бізге белгілі. Ал негізінен аталған дефиниция үкімнің қылмыстық процесс теориясы ретіндегі де, заң ережесі ретіндегі де түсінігін толық қамтиды. Және де жоғарыда көрсетілген барлық тұжырымдар мен дефиницияларға назар аударатын болсақ, үкім процессуалдық актілер арасынан орталық мәнге ие екендігі сөзсіз.
Сонымен қатар әрекеттегі Қылмыстық-процестік заңнама айыпталушының қылмыстық процесс қатысушысы ретіндегі қалыптасуы мен мәртебесін, тұлғаны айыпталушы ретінде (тергеу алдын ала тергеумен жүзеге асырылатын істер бойынша) тарту туралы қаулы шығарумен немесе айыптау хаттамасымен (айыптау анықтау нысанында жүргізілетін істер бойынша) немесе сотпен қылмыстық іс қозғау кезінде жәбірленуші арызы бойынша (жеке айыптау істері бойынша) анықталған қылмыстық - процестік қатынастардың субьектісімен байланыстырады. Бас сот талқылауы тағайындалған іс бойынша сотқа тапсырылған айыпталушы, сотталушы мәртебесіне ие болады. 6
Және соған сәйкес үкім бас сот талқылауында, ҚР ҚПК 7 бабы 52 тармағындағы үкім анықтамасында берілгендей, мүлдем айыпталушыға қатысты емес, сотталушыға қатысты шығарылады.
Баяндалғанға сәйкес, сонымен қатар ҚР ҚПК 7 бабы 52 тармағында көрсетілген үкімнің анықтамасы талаптарға сәйкес келмейтініне, яғни берілген түсінік Қылмыстық-процестік Кодекстің ерекше бөліміндегі үкім шығару туралы талаптарға сәйкес келмейтіндігіне байланысты, ҚР ҚПК берілген үкімнің анықтамасының құрамы өзгертілуге тиіс деп санаймын.
Заң әдебиеттерінде үкімнің түсінігін анықтау әлі де болсын талас-тартысқа ие тақырып болып табылады. Қылмыстық процестегі құқықтық актілердің арасындағы үкімнің нақты орнын анықтау, біздің пікірімізше, үкімді басқа процессуалдық актілерден айрықшалайтын спецификалық ерекшеліктерді анықтау барысында мүмкін болады. Сонымен байланысты біз сот үкімінің табиғатына жаңа тұрғыдан қарау қажет деп санаймыз.
Біріншіден, үкім - бұл сотпен мемлекет атынан шығарылатын және жарияланатын процессуалдық актілердің арасында жалғыз акті болып табылады. Дәл осылай, ҚР Қылмыстық-процестік Кодекстің 387 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы барлық соттар үкімді мемлекет атынан шығарады. Қазақстан Республикасының атынан шығарылған үкім сот төрелігін жүзеге асырудағы маңызды актілердің бірі ретінде танылады, және де басты сот талқылауының логикалық қорытындысы болып табылады, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша қабылданған процессуалдық актілердің бірі ретінде, үкім тек сот талқылауына ғана қорытынды жасап қоймай, іс бойынша өндірістің бәріне нүкте қояды. Әдебиеттерде үкімді егеменді мемлекеттің атынан шығару сот төрелігін жүзеге асырудың кепілі болып табылатын үкімнің міндетті белгісі деп босқа атамаған.
Екіншіден, үкім сотталушыға тағылған айыпқа баға береді және істі мәні бойынша шешеді, дәлелдеу пәні болып таылатын жағдайларды ег-тегжейлі тексеріп, талқылайды. Үкім белгіленген қасиетінен, егер оның құрамынан айыптың шешілуі болмысы жағы ғана көретін болсақ, айырылады. Үкімнің болмысын барынша сәтті, бірақ қайшылықты түрде Маликов М. Ф. анықтайды. Ол: «айыптау мен істі шешудің жалғыз амалы ретінде сот үкімі қызмет атқарады», -деп жазады. Біріншіден, айыптың негізділігі тек үкімде ғана емес, сонымен бірге басқа да процессуалдық актілерде береді. Екіншіден, айыптау өзінің барлық жан-жақтылығы есебінде, оның елеулі бағыттарының бірі қылмыстық істің материалдарында көрініс табады, сондықтанда айыптау мен істі бір-біріне қарама-қарсы қою үшін негіз жоқ болып табылады. Істің сотпен қаралуы сонымен бірге айыптаудың негізділігі туралы мәселелерге үкімде бейнеленген жауап ретінде де көрініс табады. Алайда айыптауды шешу амалы ретіндегі үкімнің интерпретациясы мүлдем дұрыс емес. Оның негізінде, айыптауды қылмыстық іспен жол берілмейтін ұқсастыру жатырғандығы, және де айыптауды қылмыстық іспен қараумен, сот төрелігін жүзеге асырумен шешу жатқандығы белгілі.
Егер айыптау, бұл туралы Ф. Н. Фаткуллин жазғандай, құзыретті органдар мен тұлғалардың оған айып тағылып отырылған және оның қылмыстық жауаптылығын негіздейтін айыпталушыны әшкерелеу бойынша заңда негізделген процессуалдық қызметін білдірсе, онда бұл мағынада айыптауды шешу сот үкімінде жасаған қылмыс бойынша айыпталушыны әшкерелеу бойынша процессуалдық қызметті шешуді айқындайтындығы анық. Бұнымен келісу мүмкін емес, өйткені сотқа және онымен шығарылатын актіге - үкімге олар шын мәнінде орындамайтын, роль тағайындалады.
Үшіншіден, үкім нақты қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім қабылданатын, сот өндірісінің негізгі мәселесі - қабылданатын шешімдердің фактілік және заңи салдарының көзқарасы жағынан құқыққорғаушы органдардың қызметінің ақырғы нәтижесі ретінде сипатталатын» тұлғаның кінәлі не кінәлі еместігі туралы, кінәліні жазадан босату не жазаға тарту шешілетін жалғыз процессуалдық акті болып табылады. Нұсқалған үкімде шешілетін мәселелердің барлық жиынтығын қамтымаса да, алайда оның болмысынан негізгіні айқындайды: тек үкіммен тұлға қылмысты жасағаны бойынша кінәлі деп танылады, және де тек сот үкімінің негізінде ғана тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартыла алады.
Төртіншіден, үкіммен соттың бірінші инстанциясымен істі қарау аяқталады. Соттық және сотқа дейінгі өндірістердің қатынасын үкімнің қалған барлық процессуалдық актілермен қатынасы анықтайды. Сот талқылауы бойынша алдыңғы шешімдерді үкімді шығаруға дайындық актілері ретінде қарау керек деп есептейміз. Сонымен, егер айыптау қорытындысы сотқа дейінгі өндірісті аяқтайтын болса, үкіммен басты сот талқылауына нүкте қойылады. Сәйкесінше бұл актілер апелляцияда, кассациялық сатыда - тексерілетін актілер ретінде белгілі, бұл үкімді, ережеге сәйкес, шағымданудан тәуелсіз, заңды күшіне бірден енетін құқыққолданушы актілерден айыратын белгісі болып танылады. Бұл ара-салмақ үкімнің басқа процессуалдық актілер шеңберіндегі орнын айқындайды.
Біздің ойымызша, аталған белгілердің жиынтығы үкімді басқа процессуалдық актілер арасынан айыруға және үкімді сот төрелігінің ең маңызды актісі деп атауға мүмкіндік береді.
Сонымен байланысты Э. Г. Дусейнованың пікірі назарға лайық: « . . . алдын-ала тергеп-тексеру кезінде де, сот талқылауы барысында да қабылданатын қылмыстық-процессуалдық актілер арасында, сот аудиториясы алдында мемлекет атынан шығарылатын, процессуалдық қызметтің биігі - үкім асқақтайды».
Сөзсіз, үкім, соттың процессуалдық функциясы - қылмыстық істі шешу функциясын барынша толық нысанда жүзеге асыратын процессуалдық акт болып табылады. Дәл аталған актіде нақты бір қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығатыны күмәнсіз, яғни қылмыстық процесс бойынша дәл осы сотпен шығарылатын актіде нүкте қояды. Әрбір сот талқылауы, ережеге сәйкес, үкімнің шығарылуымен аяқталады.
Үкімнің мәнін түсіну үшін, үкімнің қатынасы туралы оны келесідей қасиеттер тұрғысынан қарау қажет:
Сот билігінің беделі мен күшінің белгісі ретінде болса да, үкім құқық нормаларын қалыптастыра алмайды. Ол қылмыстық процестегі басқа шешімдер секілді, индивидуалды, құқыққолданушы сипатқа ие, және де нақты бір құқық қатынастарына байланысты құқық нормаларын қолдануды білдіреді, бұл Перлов И. Д. жазғандай, « актіге таймаушылық, орындалу міндеттілігін және төтеншелік қасиетін береді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz