Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама



Жоспар

I Кіріспе 3
I Бөлім. Экологиялық зиянның жалпы сипаттамасы. 5
1.1 Экологиялық зиянның түсінігі мен ерекшеліктері 5
1.2 Экологиялық зиянның біліну нысаны 10
ІІ Бөлім. Экологиялық зиянды жоюдың негіздері мен тәртібі. 20
2.1 Экологиялық зиянды жою принциптері 20
2.2 Экологиялық зиянды жою амалдары және қазақстандық заңнамамен реттелуі 28
2.3 Экологиялық зиянды жою бойынша даулардың сотта қаралу тәртібі. 36
ІІІ Бөлім. Экологиялық зиянды жою қатынастарының халықаралық құқық нормаларымен шешілуі. 44
3.1 Экологиялық зиянның жойылуының заманауи халықаралық құқықпен реттелуі 44
3.2 Экологиялық зиянды жоюдың халықаралық жеке құқықпен реттелу мәселелері 49
ІІІ Қорытынды 61
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экологиялық қауіпті технологиялық процестермен және қоршаған ортаға зиянды заттардың елеулі шығарылуымен бірге жүретін жаһанданудың, өндірістің белсенді қарқынының заманауи жағдайларында әлемдік қауымдастық үшін адам өмірі мен қоршаған табиғи орта қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қолайлылығын қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады. Қазақстан экономикасына 90-жылдардың қолайлы инвестициялық жағдайының арқасында, әсіресе жер қойнауын пайдалану саласына елеулі шетел инвестициялары тартылды.
Өкінішке орай, өндірістің қарқанды дамуымен қоршаған ортаның белсенді түрде ластануы жүріп отыр, бұған жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан төленген миллиардты сомалы айыппұлдары мен өзге төлемдері дәлел. Қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғауды және адам мен табиғаттың өміршеңдігі үшін қауіпсіздігін, қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Дәл осылай ҚР Конституциясының 31 бабына сәйкес: «Мемлекет қоршаған ортаны қорғаудың алдына адамның өмірі мен денсаулығын қолайлы ету мақсатын қояды».
Экологиялық зиянды жою, экологиялық құқық бұзушылық жасағанына байланысты жеке және заңды тұлғалардың субьективті құқықтарының қорғалуын, сонымен бірге қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін экологиялық құқықтың орталық институттарының бірі болып табылады. Әр алуан заңды тұлғалардың әр түрлі жауаптылыққа тартылуының сот және әкімшілік тәжірибесінің материалдары заңды жауаптылықтың бүкіл жүйесі мен экологиялық зиян келтіруге және экологиялық құқық бұзушылық жасауына байланысты құқықбұзушыларға қолданылатын әсер ету шаралары тұтастай қайшылықты әрі негізсіз болып келетіні туралы куәлік етеді, сондықтанда олардың түбегейлі қайта қаралуы мен реформалануын талап етеді. Әкімшілік салық және азаматтық құқық нормаларымен байланыстағы экологиялық құқық нормаларын қолдану тәжірибесінің мәселелері заңды жауаптылық түрлерін, атап айтқанда азаматтық-құқықтық және әкімшілік жауаптылықты жүзеге асыру кезінде белгілі бір қиындықтар туындатады. Сонымен қатар, бүгінгі күні, экологиялық зиянды жою тек қана классикалық азаматтық-құқықтық жауаптылық емес, сондай-ақ әкімшілік жауаптылық және салық қатынастарын тиімді қолдану арқылы да жүзеге асырылады. Әр алуан құқық салалары нормаларының өзара әсері кешенді құқық саласы ретіндегі – экологиялық құқық табиғатымен түсіндіріледі.
Мемлекеттің табиғат қорғау және экологиялық саясаты әлі де болсын толықтай пысықталмады, экологиялық зиянды жою ретінде алынған елеулі сомалар ортақ бюджетке түседі, және одан әрі олардың мақсатты қолданылуы қадағаланбайды, нәтижесінде экологиялық зиян фактілік жағынан қалпына келтірілмеген болып қалады. Бізге белгілі, бұдан бұрын болған табиғат қорғау іс–шаралары бойынша арнайы экологиялық қорлар жойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚР Конституциясы 8 бабына сәйкес халқаралық құқық нормалары мен принциптерін қадірлейтіндігін, әр түрлі аспектілерде, соның ішінде қошаған ортаны қорғау саласында мемлекеттермен серіктестік саясатын жүргізетіндігін атап өткен жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Респуликасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Экологиялық Кодексі.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 "Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасын мақұлдау туралы" жарлығы.
4. Еркинбаева Л.К. Жерге зиянды өтеуді құқықтық реттеу. – заң ғыл. канд. ғыл. дәр. ізд. дисс. – Алматы, 1995. – 159 б.
5. Сулейменова, С.Ж. Суды антропогендік ластаудан, бітеуден және сарқылудан құқықтық қорғау. - заң ғыл. канд. ғыл. дәр. ізд. дисс. – Алматы, 2001 ж. – 136 б.
6. Рахимбердин К.Х. ҚР атмосфералық ауасын қорғаудың құқықтық негіздері. - заң ғыл. канд. ғыл. дәр. ізд. дисс. – Алматы, 2000 ж. – 148 б.
7. Стамкулова Г.А. Правовые вопросы охраны воспроизводства и использования нелесного растительного мира. – Дис. на соиск. учен. степ. канд. юрид. наук. – Алматы, 2000. – 109 с.
8. Тундикбаев А.Д. Правовая охрана животного мира. – Дис. на соиск. учен. степ. канд. Юрид наук. – Алматы, 2004. – 179 с.
9. Тілешова Г.Ж. Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасында орман қорын қорғаудың құқықтық негіздері. - з.ғ.к. Дис. - Алматы, 2001. – 146 б.
10. Байтанаев Е.Б. Правовая охрана окружающей среды от загрязнения агрохимикатами. – Дис. на соиск. учен. степ. канд. юрид. наук. – Туркестан, 2005. – 187 с.
11. Сайлибаева Ж.Ю. Ответственность за нарушение законодательства о недрах. – Дис. на соиск. учен. степ. канд. юрид. наук. – Астана, 2009. – 120 с.
12. Бринчук, М.М. Экологическое право (право окружающей среды). Учебник. – М.:Юристъ, 1998. – 688 с.
13.Сабикенова А.С. Международно-правовое сотрудничество РК с другими государствами в сфере охраны окружающей среды. Учебное пособие – Караганды: Болашак – Баспа, 2006. – 188 с.
14. Boyle A., Birnie P. and Redgwell C. International Law and the Environment. - 3 edt. – Oxford, 2009. – 851 p.
15.Конвенция по охране и использованию трансграничных водотоков и международных озер (Хельсинки, 17 марта 1992 года), Конвенция об оценке воздействия на окружающую среду в трансграничном контексте (Эспо (Финляндия), 25 февраля 1991 г.), Конвенция о трансграничном загрязнении воздуха на большие расстояния (Женева, 13 ноября 1979 г.) // Информационный справочник «Параграф».
16.Луганская конвенция Совета Европы 1993 года «О гражданской ответственности за ущерб, причиненный в результате деятельности, опасной для окружающей среды. // www.springerlink.com/index/r7671032mw156g04.pdf.
17. International Law Commission. Report on the work of its fifty-eighth session (1 May to 9 June and 3 July to 11 August 2006)
18. Абдраимов Б.Ж., Жарылкасын, Е. Возмещение экологического вреда. Монография. – 47 с. Доступен в Информационном справочнике «ПАРАГРАФ».
19. Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. – Алматы , 1993. –137 c.
20. Мисник Г.А. Возмещение экологического вреда в российском праве. – Дис. на соиск. учен. степ. докт. юрид. наук. – М., 2008. – 430 с.
21. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Азаматтық Кодексі.
22. 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі.
23. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
24. 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі.
25. 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi.
26. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі).
27. 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.
28. Мисник, Г.А. Правовые формы возмещения экологического вреда. // Государство и право. - № 7. – 2006. – с. 48-58
29Тимошенко А.С. Формирование и развитие международного права окружающей среды. – М.: Наука, 1986. – 378 с.
30. Стокгольмская декларация ООН от 16 июня 1972 года // Информационный справочник «ПАРАГРАФ».
31. Декларация по окружающей среде и развитию, Рио-де-Жанейро, 14 июня 1992 года // Информационный справочник «ПАРАГРАФ».
32. Международное публичное право. Учебник. Отв. ред. Бекяшев К.А. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.:ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005. – 784 с.
33. Рюмина Е.В. Оценка экономического ущерба от экологических нарушений при разработке планов и программ.
34. Калиев М.М. Административно-правовое принуждение в сфере налогообложения. – Дис. на соиск. учен. степ. канд. юрид. наук. – Алматы, 2003. – 122 с.
35. Шайгалиев М.Г. Юридическая ответственность: проблемы теории и практики. – Дис. на соиск. учен. степ. канд. юрид. наук. – Алматы, 2006. – 121 с.

Тақырыбы: Қоршаған ортаға келтірілген экологиялық зиянды жою саласындағы
халықаралық және ұлттық заңнама.

Жоспар

I Кіріспе 3
I Бөлім. Экологиялық зиянның жалпы сипаттамасы. 5
1.1 Экологиялық зиянның түсінігі мен ерекшеліктері 5
1.2 Экологиялық зиянның біліну нысаны 10
ІІ Бөлім. Экологиялық зиянды жоюдың негіздері мен тәртібі. 20
2.1 Экологиялық зиянды жою принциптері 20
2.2 Экологиялық зиянды жою амалдары және қазақстандық заңнамамен28
реттелуі
2.3 Экологиялық зиянды жою бойынша даулардың сотта қаралу 36
тәртібі.
ІІІ Бөлім. Экологиялық зиянды жою қатынастарының халықаралық44
құқық нормаларымен шешілуі.
3.1 Экологиялық зиянның жойылуының заманауи халықаралық құқықпен44
реттелуі
3.2 Экологиялық зиянды жоюдың халықаралық жеке құқықпен реттелу 49
мәселелері
ІІІ Қорытынды
61
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экологиялық қауіпті технологиялық
процестермен және қоршаған ортаға зиянды заттардың елеулі шығарылуымен
бірге жүретін жаһанданудың, өндірістің белсенді қарқынының заманауи
жағдайларында әлемдік қауымдастық үшін адам өмірі мен қоршаған табиғи орта
қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қолайлылығын қамтамасыз ету мәселесі өзекті
болып табылады. Қазақстан экономикасына 90-жылдардың қолайлы инвестициялық
жағдайының арқасында, әсіресе жер қойнауын пайдалану саласына елеулі шетел
инвестициялары тартылды.
Өкінішке орай, өндірістің қарқанды дамуымен қоршаған ортаның белсенді
түрде ластануы жүріп отыр, бұған жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан
төленген миллиардты сомалы айыппұлдары мен өзге төлемдері дәлел. Қоршаған
ортаны ластанудан құқықтық қорғауды және адам мен табиғаттың өміршеңдігі
үшін қауіпсіздігін, қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мемлекеттің басты
міндеттерінің бірі болып табылады. Дәл осылай ҚР Конституциясының 31 бабына
сәйкес: Мемлекет қоршаған ортаны қорғаудың алдына адамның өмірі мен
денсаулығын қолайлы ету мақсатын қояды.
Экологиялық зиянды жою, экологиялық құқық бұзушылық жасағанына
байланысты жеке және заңды тұлғалардың субьективті құқықтарының қорғалуын,
сонымен бірге қоршаған ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін
экологиялық құқықтың орталық институттарының бірі болып табылады. Әр алуан
заңды тұлғалардың әр түрлі жауаптылыққа тартылуының сот және әкімшілік
тәжірибесінің материалдары заңды жауаптылықтың бүкіл жүйесі мен экологиялық
зиян келтіруге және экологиялық құқық бұзушылық жасауына байланысты
құқықбұзушыларға қолданылатын әсер ету шаралары тұтастай қайшылықты әрі
негізсіз болып келетіні туралы куәлік етеді, сондықтанда олардың түбегейлі
қайта қаралуы мен реформалануын талап етеді. Әкімшілік салық және азаматтық
құқық нормаларымен байланыстағы экологиялық құқық нормаларын қолдану
тәжірибесінің мәселелері заңды жауаптылық түрлерін, атап айтқанда
азаматтық-құқықтық және әкімшілік жауаптылықты жүзеге асыру кезінде белгілі
бір қиындықтар туындатады. Сонымен қатар, бүгінгі күні, экологиялық зиянды
жою тек қана классикалық азаматтық-құқықтық жауаптылық емес, сондай-ақ
әкімшілік жауаптылық және салық қатынастарын тиімді қолдану арқылы да
жүзеге асырылады. Әр алуан құқық салалары нормаларының өзара әсері кешенді
құқық саласы ретіндегі – экологиялық құқық табиғатымен түсіндіріледі.
Мемлекеттің табиғат қорғау және экологиялық саясаты әлі де болсын
толықтай пысықталмады, экологиялық зиянды жою ретінде алынған елеулі
сомалар ортақ бюджетке түседі, және одан әрі олардың мақсатты қолданылуы
қадағаланбайды, нәтижесінде экологиялық зиян фактілік жағынан қалпына
келтірілмеген болып қалады. Бізге белгілі, бұдан бұрын болған табиғат
қорғау іс–шаралары бойынша арнайы экологиялық қорлар жойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚР Конституциясы 8 бабына сәйкес
халқаралық құқық нормалары мен принциптерін қадірлейтіндігін, әр түрлі
аспектілерде, соның ішінде қошаған ортаны қорғау саласында мемлекеттермен
серіктестік саясатын жүргізетіндігін атап өткен жөн.
Сондықтан да аталған жұмыс мемлекет іші және халықаралық құқық
негізінде халықаралық құқық нормаларының қазақстандық сот және әкімшілік
тәжірибесіне енгендігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты экологиялық
зиянды жою мен өтеу бөлігінде әрекеттегі қазақстандық заңнаманы және
заманауи халықаралық құқық нормаларын қаралып жатқан салада заңнаманы
жетілдіру бойынша ұсыныстарды шығару мақсатымен талдау болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыс алдына
келесідей міндеттер қойылады:
- Экологиялық зиянның түсінігін, құрамын және ерекшеліктерін ашу;
- Экологиялық зиянның қоршаған ортада біліну нысанын анықтау;
- Экологиялық зиянды жою тәртібін ашу;
- Экологиялық зиянды жоюдың барлық амал-тәсілдерін талдау, әрекеттегі
заңнаманы жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау;
- Экологиялық-құқықтық жауаптылықтың қолданылуын заманауи жағдайларда
негіздеу;
- Экологиялық зиянды жою бойынша нормалардың дамуын және заманауи
халықаралық құқықтағы мемлекеттердің жауаптылығын талдау,
халықаралық-құқықтық нормалардың Қазақстан Республикасының ұлттық
заңнамасына енуін көрсету.
Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының және халықаралық құқық
нормалары бойынша экологиялық зиянның жойылуымен байланысты қоғамдық
қатынастардың жиынтығы.
Зерттеу пәні болып ұлттық және халықаралық заңнамамен реттелген,
экологиялық зиянды жою процесінде пайда болатын құқықтық қатынастардың
жиынтығы танылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмыстa жaсaлғaн тұжыpымдық қopытындылap,
ұсыныстap мeн нұсқaулap экологиялық құқық бойынша экологиялық зиянды жою
негіздерінің, тәртібінің ұлттық және халықаралық заңнамада жетілдірілуіне
ықпал етеді жәнe жұмыста көрсетілген ұсыныстар ұлттық заңнаманың және
аталған мәселелерге қатысты экологиялық құқық ғылымы қатынастарының одан
әpi дамуына әсерін тигізеді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс 61 бетте мазмұндалған,
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

I БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1.1 Экологиялық зиянның түсінігі мен ерекшеліктері.

Заң ғылымында түсініктердің нақты анықтамасы маңызды тәжірибелік мәнге
ие. Көбінесе, заңнамалық актілердің жалпы ережелерінде біз заңшығарушымен
келтірілген терминдер мен анықтамалардың дефиницияларын көреміз, олар бір
жағынан, құқық нормаларын қолдануды жеңілдетеді, егер түсініктердің
семантикасын дәл анықтайтын болса, және басқа жағынан алғанда, егер де
біркелкі айқындалмаған болса, әр түрлі түсіндірілетін болса, қатысушыларды
шатастыруы мүмкін. Заңнамада бірқатар терминдер мен түсініктердің
анықтамасы келтірілмейтін жағдайлар кезедеседі, сондықтанда заңгерлер мен
судьялар доктринаға жүгінеді.
Экологиялық құқыққа өз түсінік апараты тән. Дәл осы жұмыстың шегінде
бізге келесі түсініктермен айқындалуымыз шарт болып отыр: экологиялық
зиян немесе қоршаған ортаға зиян, және де сәйкесінше нұқсан және
қоршаған ортаның ластануы түсініктерінде анықтау қажет болады. Әр
терминнің түсінігін айқындау бізге оларды одан әрі талдау кезінде және
экологиялық зиянды жоюға қажет болатын, құқық нормаларын талдау және
түсінуде нақты, әрі дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
Ең алдымен бізге экологиялық зиян мен қоршаған ортаға зиян
түсініктерінің ара-жігін ажырату қажет. Негізінен, экологиялық құқық
теориясы үшін атау принципиалды емес, ғалымдар бұл сала үшін әр түрлі
атауларды қолданады, бірақ мәні мен шешілетін қатынастары бұның салдарынан
өзгермейді.
Сонымен, аталған мәселені қарауды түсініктерді айқындаудың үш амал-
тәсілінен кейін көшке жөн деп санаймыз: біріншіден, сөздің сөзбе-сөз
мәнінен шығатын түсінік (көбінесе бұл мақсаттар үшін түсіндірмелік сөздер
қолданылады), екіншіден, экологиялық құқық теоретиктарымен жасалған
түсініктер, үшіншіден, заңшығарушымен қарастырылатын, яғни экологиялық
заңнамада қарастырылған түсінік.
Зиян неге тигізілетінін білу үшін, алдымен қоршаған орта терминімен
және құрамымен таныс болуымыз керек. Экологиялық сөздікте келесі анықтама
беріледі: Қоршаған орта - адамның өмір сүру және өндірістік қызметінің
ортасы болып табылады. Табиғи ортаға (биотикалық және абиотикалық орталар
жиынтығы) және социосфераға бөлінеді; табиғи – жаратылыс және табиғи-
антропогендік даму ортасы ретінде сипатталады, ал басқа сөздікте бұл термин
адамды қоршаған орта және де адам жасаған материалдық әлем ретінде
анықталады, яғни қоршаған орта түсінігі жасанды ортаны құрайтын
элементтерді қамтиды. Сәйкесінше, егер аталған түсінікті кең мағынада
қолданатын болсақ, бұл жағдайда зиян табиғи қорларына, адамға, сондай-ақ
материалдық әлем объектілеріне келтірілетін болып саналады.
Заманауи халықаралық құқықта қоршаған орта термині айқындалмайды.
Проф. Бойль тұжырымына сәйкес, бұл идентификацияның өзімен байланысты да,
анықтамамен биосферадан бастап, ең кіші организмдердің мекен ету ортасына
дейін қамтитын аморфты жағдайдың қиындықтарымен байланысты.[1]
Көптеген экологиялық конвенциялар дәл осы саладағы мәселелерді
шеше отырып, қоршаған ортаның түсінігін айқындамайды. Және де тек 1993
жылғы Луганскілік Қауіпті қызмет түрінен болатын залал үшін азаматтық
жауапкершілік туралы конвенциясының 2 бабында ғана келесідей анықтама
келтіріледі. Қоршаған орта қамтиды: табиғи қорлар, ауа, су, топырақ,
фауна мен флора және бұл факторлар арасындағы өзара қатынас секілді
абиотикалық және биотикалық қорлар; мәдени мұраның бір бөлігі болып
табылатын мүлік; ландшафтінің сипаттық аспектілері. Белгілі болғандай,
аталған конвенция заңды күшіне енген жоқ.
Негізінен халықаралық құқық қоршаған ортаның нақты анықтамасын
халықаралық конвенцияларда өкрсетуден не себепті қашатыны белгілі.
Мемлекеттердің ұлттық заңнамасы оны әр түрлі анықтайды, бұл нәтижесінде
конвенцияға қол қою және бұндай құжаттардық келесі имплементациясы процесін
қиындата түседі. БҰҰ халықаралық құқық комиссиясы халықаралық құқықпен
тыйым салынбаған қауіпті қызмет түрінен ластанудан болып отырған
экологиялық залал үшін халықаралық-құқықтық жауаптылық бойынша мақалалар
жобасын қарау кезінде жоғарыда аталған Луганскілік конвенцияның берген
анықтамасына анологиялық болып келетін қоршаған ортаның түсінігін
қарастырды.
Дәл осы халықаралық анықтамадан шыға келе, проф. Бринчук М.М. шетелдік
заңнамаға жаңа түсініктің енгізілуі оның құрамына табиғи факторлармен
бірге, әлеуметтік ортаның бірқатар элементтері (тұрмыс жағдайлары, тарих
ескерткіштері) қамтылғандығына негізделген. Сондай-ақ проф. Бринчук М.М.
қоршаған орта негізінен қоршаған табиғи орта ретінде айқындалуы мүмкін
екендігін тұжырымдайды, яғни атмосфералық ауа, сулар, жер (топырақ),
қойнаулар, жануарлар және өсімдіктер әлемі, сондай-ақ ауа-райы мен жақын
космосты қосқандағы табиғи объектілер мен табиғи қорлар, табиғи жүйелер
жиынтығы ретінде анықталады деп есептейді. [2]
Біздің пікірімзше, кеңес заңнамасында қолданылған табиғи орта
түсінігі дұрыс. Алайда 1991 жыл 18 маусымдағы Қазақ КСР қоршаған табиғи
ортаны қорғау туралы Қазақ кеңес Социалисттік Республикасы Заңында сонымен
бірге қоршаған табиғи орта түсінігі де қолданылды.
Келесі, Қоршаған ортаны қорғау туралы 1997 жылғы ескі заңда да, ҚР
Экологиялық Кодексінде де табиғи сөзі алынып тасталды.
Сонымен, қоршаған орта - атмосфералық ауаны, жердiң озон қабатын, жер
бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын
климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы.
Дәл осылай біздің заң шығарушы аталған терминді тар мағынада қоршаған
табиғи орта ретінде түсінеді. Берілген анықтамада заң шығарушымен
белгіленетін келесідей елеулі жағдайларды атап көрстеуге болады:
1) табиғи объектілер – бұл белгілі бір шектері, көлмеі мен өмір сүру
режимі бар табиғи объектілер;
2) жасанды объектілер – адамның қолымен жасалған объектілер;
3) табиғи қорлар – бұл тұтынушылық құндылығы бар, жер, оның қойнаулары,
су, өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Ендігі де экологиялық зиянның теоретикалық анықтамаларына оралайық. Дәл
осылай, қазақстандық ғалымдар Б.Ж. Абдраимов пен Е. Жарылқасынның пікірінше
Экологиялық зиянның астарынан қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы
бұзумен туындаған қоршаған ортаның жағдайының нашарлауын, не негативті
салдарларға алып келетін, оның санды сипаттамаларының төмендеуін, сондай-ақ
сонымен байланысты заңмен қорғалатын адамның өмірі мен денсаулығын
қосқандағы, материалдық не материалдық емес игіліктердің кез-келген
кемітілуін түсіну қажет. Жекелеген табиғи объектілерге зиян келтірілуге
тікелей нұсқаудың болмауы, қоршаған ортаның қандай дабір жекелеген
компонентіне жағымсыз әсер міндетті түрде оның тұтасынан алғандағы
жағдайына әсер етеді. Дәл осылай, табиғи ортаға келтірілетін зиян, қоршаған
ортаға келірілетін зиян ретінде көрініс табады.[3]
Осыған ұқсас анықтама, сонымен қатар ресей ғалымы проф. Бринчукпен
беріледі.
Оның біліну нысанының айқындалуымен зиянның баынша толық анықтамасын
қазақстандық ғалым Еркінбаева Л.К.: береді: Кең мағынасында табиғи ортаға
келтірілетін зиян табиғи қорлардың ластануы, бұзылуы, таусылуы нысанындағы
қоршаған орта сапасының төмендеуі, не табиғат ішілік және табиғат заңдары
есебінсіз жүргізілетін адамның шарушылық қызметімен туындаған, табиғат пен
қоғамның арасындағы энергия мен зат алмасуын қамтамасыз ететін табиғаттағы
экологиялық байланыстардың бұзылуы ретінде айқындалған.[4]
Проф. Байделдинов экономикалық және экологиялық зиянды табиғатқа
келтірілген зиянның жекелеген түрлері ретінде қарауды ұсынады. Экономикалық
зиян табиғатпайдаланушылардың мүліктік мүдделерін қозғайды және материалдық
айқындалуға көнеді. Бұндай залалдың қайта қалпына келтірілуі азаматтық-
құқықтық жауаптылық негіздерінің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Экологиялық зиян табиғаттың хал-жағдайына нұқсан келтіреді. Және де
экологиялық зиянның қалпына келтірілуі ақшалай төлем жүргізудің емес,
табиғи объектінің бастапқы болмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды
жүргізумен мүмкін болады.[5]
Ресейлік ғалым проф. Петров В.В. экологиялық зиянды қоршаған ортаға
келтірілген зиянның бір түрі ретінде қарастырады. Ол сонымен қатар зиянның
екі түрін қарастырады: экологиялық және экономикалық. Және де дәл бұл
жағдайда адамның денсаулығына не адамазаттың генофондына келтірілген зиян,
яғни антропологиялық зиян экологиялық зиянның бір түрі болып табылады.
Проф. Петров В.В. идеяларын одан әрі дамыта отырып, заманауи ғалымдар
зиянды тар мағынасында – табиғи ортаға, оның компоненттеріне келтірілген
зиян ретінде, ал кең мағынасында – қоршаған табиғи ортаның қолайсыз
факторларының әсер ету нәтижесінде адамның денсаулығына (әлеуметтік зиян),
мүлкіне (экономикалық зиян) келтірілген зиян ретінде түсіндіреді, және де
оны экологиялық (қоршаған орта жағдайының құқықтық-экологиялық талаптарының
бұзылуы салдарынан кез-келген нашарлауы) және экогенді (азаматтардың не
заңды тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне табиғаттың алуан түрлі
деградациясы әсерінен келтірілген зиян) етіп бөледі.
Басқа ресейлік ғалым Мисник Г.А. құқыққа қайшы әсердің тікелей
объектісі болып табиғи обьектілер танылатындығын, ал жанама әсердің
объектісі болып адамның денсаулығы болып тсаналатындығын атап өтеді.
Мүліктік мүдделерге қолсұғушыық қоршаған ортаға зиян келтіру белгісі
ретінде қарала алмайды, өйткені экологиялық және мүліктік мүдделер бір-
біріне объективтік жағынан қайшы болып табылады.[6]
Біздің пікірімізше, бұл жерде қоршаған ортаға зиянды кең және тар
мағынасында қарастыру қажет. Экологиялық құқықбұзушылық жасаған кезеде
зиян тек табиғи қорларға ғана емес, адамның денсаулығына, сондай-ақ заңды
және жеке тұлғалардың мүлкіне, мемлекетке де зиян келтіріледі. Және де
соңғысы экологиялық мәнге мүлдем ие емес. Сәйкесінше, біз экологиялық
зиян туралы таза деп айтамыз, біріншіден, қоршаған ортаға зиян
келтірілген жағда йда, табиғи қорларға, оның компоненттеріне, сондай-
ақ мемлекеттің жне жеке тұлғалардың мүлкіндегі табиғи обьектілерге де зиян
келтіріледі, екіншіден, адамның денсаулығына моральдық және физикалық зиян
келтіріледі. Соңғысы экологиялық болып танылады, өйткені адам – табиғаттың
бөлшегі және қоршаған ортаның қолайсыз әсері оның денсаулығына тікелей әсер
етеді. Сондықтан, сөзбе-сөз талдау кезінде қоршаған ортаға зиян мен
экологиялық зиян жалпы және жеке қатынаста деп айтуға болады.
Бірақта біз, заңшығарушы қоршаған ортаны қоршаған табиғи орта
ретінд қарастыратындығын атап өттік, сәйкесінше, бұндай мәнде экологиялық
зиян түсінігі де, қоршаған ортаға зиянда айтылуы мүмкін.
Сонымен бірге, заң шығарушы зиян келтірудің басқа да нысандарын тізіп
көрсетеді:
1) табиғи қорларды жою немесе зақымдау;
2) табиғи қорларды өз бетімен және ұтымсыз пайдалану;
3) қоршаған ортаны өз бетімен ластау, соның ішінде төтеншелі,
келісілмеген дүркін шығарылулар мен түсірулер, өндіріс және тұтыну
қалдықтарын орналастыру;
4) қоршаған ортаны нормативтен аса ластау.
Алайда бұл көптеген ғалымдардың есептеуінше зиян келтіру формалары
емес. Проф. Абдраимов Б.Ж. мен Жарылқасын Е. қосымша экологиялық жүйелердің
бұзылуында зиян келтіру формаларына жатқызады.[7]
Мисник Г.А. дұрыс тұжырымдағандай, экологиялық құқық түсінігі тек
қоршаған ортаға фактілік зиянды сипаттау үшін ғана емес, сонымен бірге
қоршаған ортаға негативті әсер етумен туындаған және өзіне қоршаған ортаға
келтірілуі мүмкін фактілік зиянның алдын-алуға бағытталған шығындар
жиынтығын қосатын потенциалды экологиялық зиянды да сипаттау үшін де
қолданылады.
Проф. Абдраимов экологиялық зияндардың келесідей ерекшеліктерін
айқындайды:
Біріншіден, экологиялық зиянның спецификасы қоршаған орта
элементтерінің өзара байланысымен және өзара тәуелділігімен уәжделген одан
әргі зиянды садардың туындау мүмкіндігіне негізделеді;
Екіншіден, барлық зияндв салдар бірден білінбейді, олардың көп бөлігі
потенциалды сипатқа ие болып табылады;
Үшіншіден, негативті антропогендік әсердің салдарының физикалық көлемін
анықтау экономикалық бағалаудың алдында болуы қажет. Сондықтанда
экологиялық зиян ретінде қоғамның даму деңгейіне сәйкес қолданылатын ғылыми-
техникалық мүмкіндіктермен анықталған және өлшелген негативті өзгерістерді
атауға болады;
Төртіншіден, экологиялық зиян білінудің спецификалық нысандарына ие
болып табылады (табиғи ресурстардың ластануы, жойылуы, зақымдалуы,
сарқылуы, табиғи экологиялық жүйеледрің бұзылуы).[8]
Проф. Бринчук М.М. экологиялық зиян демографиялық көрсеткіштерге әсерін
тигізетін қоғамдық маңызды біліну нысандарына: өмір сүру ұзақтығының
қысқаруы, халық саны өсімінің азаюы т.б. ие екендігін атап өтеді.
Жоғары да аталғандарды жалпылай отырып, экологиялық зиянның келесідей
ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. экологиялық зиян келтірілген кезде барлық негативті салдарлар бірден
білінбейді. Келтірілген зиянның бір бөлігі белгісіз уақытта біліуінің
мүмкіндігі жоғары, сондықтанда келтірілген шығынның толық жойылуы туралы
сөз қозғауға ерте болып табылады.
2. экологиялық зиян тек қана қоршаған орта мен жекелеген табиғи қорлар
үшін ғана емес, сонымен қатар экожүйенің ажырамас бөлігі ретінде адам үшін
де белгілі бір салдарларға ие болуы мүмкін, және де бұл салдарда бірден
білінбей, болашақ ұрпақтан ған айқындалуы ғажап емес.
3. Экологиялық зиян трансшекаралық сипатқа ие болуы да мүмкін,
сондықтанда оның салдарлары халықаралық құқықтың екі немесе одан да көп
субьектілерін және оның халқына әсерін тигізуі мүмкін, бұл да өз кезегінде
зиянды жоюдың процесін қиындатады.
4. Экологиялық зиянның міндетті құраушысы ретінде экономикалық залал
танылады, яғни экологияға зиян келтіріле отырып, біз экономикаға да зиян
келтіреміз.
5. Экологиялық зиянды туындату кезінде оның фактілік өлшемдерін бағалау
өте қиын болып табылады, өйткені оның салдарлары әрдайым сезіле бермейді
және де бүгінгі күні қолда бар құралдармен өлшенуі мүмкін, сондықтанда
тәжірибеде жиірек экологиялық зиянды бағалаудың шартты әдістеріне жүгінеді.
6. Экологиялық зиянның салдарын әрқашан материалды өлшеу мүмкін бола
бермейді, яғни оны экономикалық жағынан бағалау мүмкін бола бермейді,
өйткені экологиялық зиянды келтіру кезінде бірқатар жағдайларда табиғи
қорларға және қоршаған ортаның басқа да құрамдас бөліктеріне орны толмас
задаптар тигізілуі мүмкін, олардың жоғалуы тек жекелеген мемлекеттердің
экожүйесіне ғана емес, тұтасынан алғанда бүкіл планетаның экожүйесі үшін
орны толмастай болып келеді.
7. Жоғары да аталғандарды біріктіретін экологиялық зиянның тағы да бір
ерекшелігі, оның салдарын толықтай бағалау мүмкін бола бермейтіндігінде
жатыр. Мысалға, атмосфераға тұрақты түрде көмірқышқыл газын шығару
климаттың жаһандық жылуын туындататын парниктік эффектілерге әкеп соғады.
Біз планетамыздың табиғи ресурстары шексіз еместігін, табиғатты және
экожүйенің тұтастығын сақтау бүкіл адамзаттың өмір сүруі үшін өте маңызды
болып табылатындығын түсінуіміз қажет. Сондықтанда біз қоғамның тұрақты
дамуы концепциясын ұстануымыз қажет. Бұл байланыста мемлекет пен табиғат
пайдаланушылардың экологиялық саясаты превентивті сипатқа ие болуы қажет,
яғни экологиялық зиянның туындауының алдын-алуға бағытталуы қажет.

1.2 Экологиялық зиянның біліну нысаны.

Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасы елдің Конституциясына
негізделеді, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінен, Қазақстан
РеспубликасыныңХалық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы, Жер,
Орман, Су кодекстерінен, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі
№ 219-I Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы, 2001 жылғы 16
маусымдағы № 242-II Архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы, 2004 жылғ 9 шілдедегі № 593-II Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы
өндіру және пайдалану туралы, 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175-ІІІ Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы, 2010 жылғы 24 шілдедегі № 291-IV Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарынан және басқа да
нормативтік құқықтық актілерге негізделеді. Экологиялық Кодекстің оның
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін халықаралық
шарттармен, және басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен қайшылығы
барысында пайдаланылу ережелері Экологиялық Кодекстің 2 және 3 баптарында
көрсетілген. Экологиялық заңнама табиғи объектілерді қорғау, қадағалау,
пайдалану, өндіру және адам өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша
қатынастарды реттейді.
Қоршаған ортаны қорғау түсінігі ЭК 1 бабының 46 тармақшасында берілген.
Шарушылық қызметте пайдаланылмайтын жер қойнауларын, суларды, ормандарды
және басқа да табиғи қорларды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды,
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен
өсімдіктерді пайдалану және күзету мәселелері ЭК қарастырылмаған реттерде,
жануарлар әлемін қорғау туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы,
жер қойнаулары туралы, және басқа да арнайы заңдармен, нормативтік құқықтық
актілермен реттеледі.
Сонымен Экологиялық зиян – бұл қоршаған табиғи ортаның сапалық және
сандық сипаттмаларының нашарлауы, сондай-ақ осымен байланысты жеке және
заңды тұлғалардың, ШФҚ, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды
мүдделерінің кемуі болып табылады.
Экологиялық зиянды қоршаған ортаға келтірілген зиян және жеке және
заңды тұлғалардың, ШФҚ, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды
мүдделеріне келтірілген зиянның объектілеріне қарай бөлуге болады.
Қоршаған ортаға келтірілген зиян білінеді:
- Табиғи объектілердің ластануынан;
- Табиғи объектілердің тығындалуынан;
- Табиғи объектілердің сарқылуынан;
- Табиғи боъектілердің жойылуынан;
- Табиғи боъектілердің зақымдалуынан;
- Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан.
Табиғи обьектілердің ластануы – бұл табиғи объекті сапасының физикалық,
химиялық және биологиялық текті компоненттердің түсуі әсерінен негативті
өзгеруі.
Табиғи объектілердің тығындалуы – оларға химиялық және биологиялық
түрлі компоненттердің түсуінен сапалық қасиеттері өзгермесе де, оның
пайдалануының қиындай түсуі.
Табиғи объектілердің сарқылуы – бұл табиғи объектінің сандық
көрсеткіштерінің төмендеуі немесе оның пайдалы қасиетерінің сарқылуы.
Табиғи объектілердің жойылуы – бұл табиғи жолмен қайта қалпына
келтірілуі мүмкін емес, оның сапалық және сандық қасиеттерін толық
жоғалтуы.
Табиғи объектілердің зақымдалуы - бұл табиғи жолмен не экологиялық іс-
шаралар жүргізілуі нәтижесінде қайта қалпына келтірілуі мүмкін, оның
сапалық және сандық қасиеттерін ішінара жоғалтуы.
Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы – бұл оның тұтас және қалыпты
тіршілігін қамтамасыз ететін, экологиялық жүйенің компоненттерінің табиғи
сандық және сапалық қатынасының бұзылуы.
Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық құқықтарына және заңды
мүделеріне келтірілген зиянды антропогендік зиянға және әлеуметтік
экологиялық зиянға бөлуге болады.
Антропогендік зиян – бұл қоршаған орта сапасының нашарлауы нәтижесінде
адамға келтірілетін зиян. Оның құрамынан физиологиялық зиянды, яғни адамның
өміріне келтірілетін зиян, генетикалық зиянды, яғни адамдардың болашақ
ұрпақтарына келтірілетін зиян, және моральдық зиян, яғни адамдарды мүліктік
емес игіліктерінен айыру, бұзу немесе кеміту, адамға моральдық не физикалық
зиян тигізу, мысалы, экологиялық қолайсыз ауданнан мәжбүрлі көшумен кәсіп
ауыстырумен балалы болу мүмкіндігінен айырылу немесе балалардың туа пайда
болған кемістіктермен дүниеге келуімен байланысты моральдық азаптар.
Сонымен қатар, табиғат адамның тек экономикалы емес, және де эстетикалық
қажеттіліктерін де қанағаттандыратындықтан, қалаларда жасыл алқаптарды д
жою моральдық зиянды келтіру түрінде қарастырылуы мүмкін. Азаматтық
заңнама бойынша моральдық зиян тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен бірге
заңды тұлғаларға да келтірілетіндігін ескеру қажет.
Әлеуметтік-экологиялық зиян – қоғамда жүзеге асырылатын адамның
экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне және тұтасынан қарасақ,
қоғамның экологиялық қауіптерден қорғалғандығына тигізілген зиян.
Қазақстан Республикасында табиғи қорлар жалпы не арнайы табиғат
пайдалануға жатқызылуы мүмкін.[9] Табиғат пайдалану құқығының объектісі
ретінде физикалық айрықшаланған (жергілікті жерде шектерін бекітіу арқылы)
табиғи қорлардың белгілі бір бөліктерін ( жер учаскесі, су объектісі, орман
қоы учаскесі және т.б.) атау керек. Жалпы табиғат пайдалану кезінде тұрғын
халық қоршаған орта объектілерін әрдайым және тегін негізде өмір сүру үшін
қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін, айрықша пайдалануға табиғи
қорды ұсынусыз, экологияық заңнамадағы шеттетулерді қоспағанда пайдалануға
құқылы.
Арнайы табиғат пайдалану анықтамасы Экологиялық Кодекстің 10 бабы 4
тармағында қамтылған. Шаруашылық және басқа да қызмет түрін жүргізу
процесіндегі қоршаған ортаға эмиссиялар табиғат пайдаланушылармен арнайы
рұқсаттамалар негізінде және ақылы түрде, Экологиялық Кодекспен не басқа да
заңжарен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады. Дәл осылай қоршаған ортаға
эмиссиялар үшін ақылар жекелеген табиғат қорларын пайдаланғаны үшін
міндетті төлемдермен тең, және де Қазақстан Республикасының салық
заңнамасымен бекітіледі.[10]
Қоршаған ортаға эмиссияларға бекітілген лимиттер шегінде жол беріледі,
яғни қоршаған орта күзеті саласындағы уәкілетті органмен, не облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органдарымен белгілі бір мерзімге және объектінің деңгейіне байланысты
қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемдері шегінде ғана жол
беріледі.
Нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссияларға жол берілетін шаруашылық және
басқа да қызметті жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар бірыңғай жер
салығын төлеушілер болып табылатын табиғат пайдаланушылар шаруа немесе
фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимі қолданылатын қызметте
пайдаланылатын объектілер бойынша қызметтерді қоспағанда, эмиссияның нақты
бір түрлерін жүзеге асыруға арнайы табиғат пайдалануға экологиялық рұқсат
немесе лицензия не қоршаған орта күзеті саласындағы уәкілетті органмен, не
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органдарымен берілетін кешенді экологиялық рұқсат алу тиіс.[11].
Қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсатсыз (кешенді экологиялық
рұқсат) немесе бұндай рұқсатты мерзімінде рәсімдемей шаруашылық не басқа да
қызмет түрін жүзеге асыру экологиялық заңнамамен көзделген жауаптылыққа әке
соғады, және де шаруашылық не басқа да қызметті тоқтата тұруға, не қоршаған
ортаны ластау көзі болып табылатын объектіні қолдануды тоқтата тұруға негіз
болып табылады.
Рұқсат табиғат пайдаланушының қоршаған ортаға эмиссияға құқығын
куәландыратын, табиғат пайдаланушының өзі туралы және де оның тарапынан
жүзеге асырылатын шаруашылық не басқа қызмет туралы, сондай-ақ рұқсат
әрекет ететін мерзім уақытына қоршаған ортаны күзету бойынша іс-шаралар
жоспарын құрайтын құжаттар жиынтығын қамтиды.[12] Кешенді экологиялық
рұқсаттама табиғат пайдаланушының экологиялық заңнамамен бекітілген
эмиссияның техникалых нормативтерін орындау және ең жақсы деген қол жетімді
технологияларды енгізу талабымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру
құқығын куәландыратын біртұтас құжат болып табылады.
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттама (кешенді рұқсаттама) белгілі
бір мерзімге беріледі немесе мерзімсіз болып табылады, бұл әрекеттегі
рұқсаттамада нұсқалған өндіріс объектісінің категориясы мен қызмет түріне
және қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану талаптарының өзгеру
уақытына тәуелді.[13]
Қоршаған ортаға ауыртпалықтың артуын тудырмайтын табиғат пайдаланушының
атауы немесе ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны не қайта құрылуы
жағдайларында заңмен қоршаған ортаға эмиссияларға бір ай мерзімдік
рұқсаттама қайта рәсімделуі қарастырылған.[14] Дәл осындай жағдайларда
қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттаманы қоршаған ортаның табиғи қорын
пайдалану құқығымен үшінші тұлға алған кезде қайта рәсімдеу жүргізіледі.
Табиғат пайдаланушымен эмиссияларға рұқсаттамаларды қайта рәсімдеу
бойынша міндеттемелерді орындамауды қоршаған ортаға эмиссияны заңсыз жүзеге
асыру деп есептеу қажет.
Табиғат пайдаланушыны қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттамалардан айыру
тек сот тәртібінде жүзеге асырылады.
Табиғи қорларды қолдану (алу) және қоршаған ортаға эмиссиясыз қоршаған
ортаны күзету саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру
экологиялық рұқсаттаманы талап етпейді және Үкіметтің немесе жергілікті
атқару органдарының табиғи қорларды заңдарда бекітілген тәртіппен ұсыну
туралы лицензиялар немесе шешімдер не арнайы табиғат пайдалану құқығы
шегінде, заңнамалық актілермен белгіленген тәртіппен жасалатын табиғат
пайдалануға шарттар негізінде жүзеге асырылады.[15]
Экологиялық Кодекс қоршаған ортаның ластануы түсінігін қамтиды.
Қоршаған ортаның ластануының алуан түрлері: химиялық, механикалық
(ластану), биологиялық және радиактивті (зақымдану), физикалық
(радиациялық, акустикалық немесе электромагниттік сәулелену, вибрация және
басқа физикалық әсерлер).
Экологиялық заңнаманы қолдану кезінде заңи маңызды болып қоршаған
ортаның нормативтерінен асатын, аспаған жағдайда да оған елеулі нұқсакн
келтіретін ластанудың танылатындығын ескеру қажет. Қоршаған ортаның
жекелеген объектілерінің ластануы түсінігі заңнамада қамтылады.
Қоршаған ортаның сапасы нормативтері ретінде адам өмірі мен денсаулығы
үшін қолайлы болып келетін қоршаған орта мен табиғи қорлар жағдайын
сипаттайтын көрсеткіштер түсініледі. Қоршаған ортаның ластануының негізгі
факторларына жатады: қоршаған ортаны күзету саласындағы белгіленген
нормалар мен ережелерді бұза отырыр жүзеге асырылатын шаруашылық және басқа
қызметтер; авариялар, апаттар, дүлей апаттар, ел аумағында қалдықтарды
орналастыру.
Ластану көздері болып қоршаған ортаға зиянды заттар эмиссиясы
жүргізілетін объектілер танылады.
Істердің аталған категориясын қарау кезінде соттарға эмиссия көздері
зиянды заттардың қайсысына жататындығы (жылжымалы немесе стационарлы), осы
не басқа құрылғы екендігі оның мақсатына, технологиялық сипаттамаларына
және жасалатын жұмысқа, физикалық габариттерге жіне басқа да көрсеткіштерге
қарап анықталады.
Экологиялық құқықбұзушылық болып экологиялық заңнаманы бұзатын және
қоршаған ортаға, адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды
тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, мемлекеттің мүлкіне шын қауіп туғызатын
әрекет (әрекетсіздік) танылады.
Экологиялық құқықбұзушылық объектілері қоғам мен табиғаттың өзара
байланысындағы қоғамдық қатынастар, табиғат пайдалану саласындағы
басқарушылық қатынастар, жойылудан, деградациядан, бұзылу, ластанудан және
басқа зиянды әсерден қоршаған ортаны қорғаудың обьектісі ретіндегі табиғи
қорларға меншік құқығы мен басқа құқықтардың қатынастары, бұл құқықтық
қатынастардың субьектілері болып табылатын қоршаған орта және онымен табиғи
байланыста болып келетін жекелеген компоненттері, сондай-ақ адамның өмірі
мен денсаулығы, заңды және жеке тұлғалардың мүлкі, мемлекеттің мүдделері
болып табылады.
Ластанудың субьектілері (зиян келтіруші) болып кез-келген жеке және
заңды тұлғалар: мемлекеттік және мемлекеттік емес, резиденттер және
резидент еместер танылады. Қоршағаг ортаға, азаматтардың өмірі мен
денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, мемлекеттің
мүлкіне зиян келтірген не экономикалы заңнаманы бұзған жағдайда келтірілген
зиянды жоюға міндетті, тек Азаматтық Кодекстің 917 бабы 2 тармағына сәйкес
олардың кінәсінен туындамаған жағдайдан басқа барлық зиян келтіру
жағдайларында міндетті болып табылады.
Экологиялық заңнаманың бұзылуы мүліктік (азаматтық – құқықтық),
әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады.
Өтеуге қоршаған ортаға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, заңды және
жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, мемлекеттің мүлкіне зиян келтірген
жағдайда: табиғи қорларды жою не зақымдау, соның ішінде келісілмеген дүркін
шығарулар мен түсірілімдер, өндіріс және тұтыным қалдықтарын тастау, табиғи
қорларды заңсыз және тиімсіз пайдалану, өз бетімен қоршаған ортаға
эмиссиялар шығару, қоршаған ортаға заңнамамен белгіленген нормадан асыра
отырып эмиссия шығару.[16]
Қоршаған ортаға залал ретінде табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен
сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе
туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды
белгiленген нормативтерден артық алу түсініледі.[17]
Шығаруларды, ластаушы заттарды қалдықтар тастауға негізделген және
арнайы жабдықталған, сонымен қатар ағын сулардың тасталуына арналған
объектілерге белгіленген нормадан асыра лақтыру, сондай-ақ химиялық
заттардың немесе ағын сулардың жер үсті қабатының, қойнауларының және
жерасты сулардың ластануының алдын алатын қорғаныс құрылыстармен шектелген
өндірістік алаңшаларға орналастырылуы қоршаған ортаға залал ретінде
қарастырылмайды. Өз еркімен және инормативтен асатын эмиссияларға іліспе
газдарды өңдеуді дамыту бағдарламасынан, сондай-ақ қоршаған ортаға
эмиссиялардың нормативтерінің құжаттамасы мен жобалары, соның ішінде
табиғатпайдаланушылармен мемлекеттік сааптамаға ұсынылған және зиянды
заттардың жол берілетін мөлшері мен эмисииялардың шектік нормативтерінен
аспайтын газды жағу сценарийлері мен кестелерінің өзгеруі жатпайды. [18]
Экологиялық қауіпті шаруашылық немесе басқа қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер өз қызметін міндетті сақтандыру
шартын жасамай жүзеге асыруға құқығы жоқ. Заңды тұлғаның бір адамнан көп
иесі анықталса аталған шарт нұсқалған иелердің кез-келгенімен жасалады.[19]
Табиғи қорларды жою не зақымдау және табиғи қорларды заңсыз және
тиімсіз пайдалану түсінігі ретінде соттар: табиғи қорларды жою немесе
зақымдау – қоғамға қауіпті салдардың қауіптілігі деңгейінен қарасақ, бұл
олардың тарапынан спецификалық шаруашылық, тауарлық, ландшафтылық-
рекреациондық және экожүйелік (суреттеуші, топырақ қорғау, климат түзуші,
және басқалар) құндылығын, қайта қалпына келтірілуі мүмкін емес немесе
жерлердің рекультивациясы, ағаш отырғызу, түптазалалау және басқа
жұмыстардың жүргізілуін талап ететін, не қайта қалпына келтірілуі
топырақтың үстіңгі ластанудан шалғындандыру және жобалау жұмыстарын
жүргізуі, не не табиғи қорлардың өз бетімен қалпына келтірілуі арқылы жол
берілетін, ішінара олармен спецификалық құндылығын жоғалтуы түсінілуі
қажет; табиғи қорларды заңсыз және тиімсіз пайдалану – Экологиялық
Кодекстің 12 бабымен белгіленген тәртіпте алынатын арнайы табиғат пайдалану
рұқсатынсыз, жер учаскесін иелену немесе пайдалану құқығына акті немесе
шартсыз, ағаш кесетін билетсіз немесе қосалқы орман пайдалану құқығына
ордерсіз не шаруашылық және технологиялық көрсеткіштің төмендігінен табиғи
қорлардың спецификалық құндылығынын түсуіне әкелген рұқсат етілген арнайы
табиғат пайдаланусыз жасалған әрекет.
Нормативтен жоғары және ерікті эмиссиялар анықтамалары сәйкесінше ЭК 1
бабының 56-1 және 61-1 тармақшаларында қамтылады. Және де ескеретін жайт,
инструменталды, аналитикалық немесе есептік әдістермен мемлекеттік бақылау
және ведомствалық және өндірісті бақылаумен анықталған шығарылымдар,
түсірілімдер және ластаушы заттардың орналастырылуының белгіленген
шектерінің асуымен айрықшаланған қоршаған ортаға эмиссиялар сондай-ақ
қоршаған ортаға өз бетімен эмиссиялау болып табылады.
Қоршаған ортаның төтеншелі ластануының түсінігі ЭК 1 бабының 49
тармақшасында және экологиялық сақтандыру туралы заңның 1 бабының 2
тармақшасында берілген.
Қоршаған ортаға келтірілген зиянды жою туралы сотқа талап қою, ол
уәжделуі қажет, материалдық және процессуалдық нормаларға сілтемелер қамтуы
қажет, келтірілген зиянның дәлелдемелері және құқыққа қайшы әрекеттер мен
келтірілген зиянның арасындағы себептік байланыс болуы шарт.
Істі қарау кезінде соттар зиянды салдардың туындағаны туралы
куәландыратын жағдайларды анықтауы қажет. Негізінен, қоршаған ортаны ластау
немесе табиғи қорлардың жұтаңдануы мен сарқылуына әкелген немесе тірі
организмдердің қырылуына әкелген табиғи қорларды белгілгенген
нормативтерден жоғары деңгейде алу орын алды ма. Сонымен қатар жасалған
экологиялық құқықбұзушылықтың басқа жағдайларын анықтауға шаралар қолдану
қажет.
Жалпы ережелерге сәйкес кінә қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін
мүмліктік жауаптылыққа тарту үшін негіз болып табылады.[20]
Жекелеген жағдайларда қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін
жауаптылықты арту зиян келтіруші адамның кінәсінен тәуелсіз орын алады.
Дәл осылай теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушы, теңізді ластаған жағдайда, егер зиянның тойтарылмас күш
әсерінен немесе жәбірленушінің ниетінің болуынан туындағанын дәлелдемесе,
кінәсінің бар не жоқтығына қарамастан жауаптылыққа тартылады.[21]
Азаматтық Кодекстің 931 бабы 1тармағына, Экологиялық Кодекстің 321 бабы
5 тармағына сәйкес, қызметі қоршаған ортаны қорғау үшін аса жоғары қауіппен
байланысты заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, егерде зиянның
тойтарылмас күш әсерінен немесе жәбірленуші ниетінен туындағанын
дәлелдемесе, олардың кінәсіне қарамастан келтірілген зиянды өтейтін болады.
Егер жауаптылығы міндетті экологиялық сақтандыруға жататын сақтанушы
қызметі үшінші тұлғаларға зин келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі
ретінде сақтанған болса, бұл жағдайда міндетті экологиялық сақтандыру шарты
қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты
сақтандыру бөлігінде жасалады.[22]
Заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер қызметі қоршаған орта үшін
жоғары қауіптілігі мәселесі экологиялық заңнама ережелері, соның ішінде
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы
№27 Экологиялық қауіпті шаруашылық және басқа да қызметтердің тізімін
бекіту туралы бұйрығының есебімен соттың тарапынан шешіледі.
Азаматтық Кодекстің 932 бабына сәйкес, қоршаған ортаға зиян бірнеше
тұлғалардың тарапынан келтірілген болса, олардың жауаптылығы өсе түседі.
Талапкердің шағымы бойынша кніәлі тұлғаларға үлестік жауаптылықты артуға
болады, егер өтеудің бұндай тәртібі қоршаған ортаны қорғау мүдделеріне
қайшы келмейтін болса әрине, келтірілген зиянды тиімді әрі толық жоюды
қамтамасыз етеді. Сот кінәлі тұлғаларға үлестік жауаптылықты арта отырып,
әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне қарауы шарт. Әрбірі зиян туғызушының
кінәсін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жауаптылық үлестердің теңдігіне
негізделеді. Экологиялық құқықбұзушылық бірнеше тұлғалардың тарапынан
жасалатын болса, келтірілген зиян үшін үлестік не салмақты жауаптылығы
нұсқалған тұлғалардың бірлесіп қатысқан эпизодтар бойынша ғана жол
беріледі. Сот АК 935 бабы 5 тармағына сәйкес зиян келтірушінің мүліктік
жағдайын назарға алуы тиіс және зиян жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, жеке
кәсіпкердің тарапынан қасақана жасалатын жағдайларды қоспағанда зиянды
Қжоюдағы төленетін соманың мөлшерін азайтуға құқылы. Қоршаған ортаға
клтірілген зиянды өтеу не жою бойынша істер бойынша, сондай-ақ жеке және
заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің қоршаған ортаға, адамның өмірі мен
денсаулығына кері әсерін тигізіп отырған шаруашылық не басқа қызметті
шектеу, тоқтату немесе тоқтата тұру туралы істер бойынша талапкерлер
ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті орган және қоршаған
ортаны қорғау, күзету, табиғи қорларды қайта өндіру және пайдалану
саласындағы арнайы мемлекеттік құзыретті органдар, олардың аумақтық
бөліністері, өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік органдар, заңды және жеке
тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, өз құзыреті шегінде прокурорлар бола алады.
Жеке тұлғалар сотқа экологиялық заңаманы бұзу салдарынан олардың
өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап
арыз, және де құрылыстарды, өндіріс орындарын және басқа да экологиялық
қауіпті объектілерді орналастыру, салу, қайта қалпына келтіру туралы
шешімдерді болдырмауға бағытталған талаптар, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің қоршаған ортаға, адам өмірі мен
денсаулығына кері әсерін тигізетін шаруашылылқ және басқа да қызметін
шектеу не тоқтату туралы талаптар бере алады.
Қоғамдық бірлестіктер Экологиялық Кодекстің 14 бабының негізінде сот
тәртібінде құрылыстарды, өндіріс орындарын және басқа да экологиялық
қауіпті объектілерді орналастыру, салу, қайта қалпына келтіру туралы
шешімдерді болдырмауды, жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің
қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізетін
шаруашылық және басқа да қызметін шектеу не тоқтату туралы талап етуге,
сотқа адамның өміріне, денсаулығына және мүлкіне, қоршаған ортаға
келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыз беруге құқылы.

Қазақстан Республикасының Бюджетке салық және басқа міндетті төлемдер
туралы Кодексінің 541 бабы 8-2 тармақшасына сәйкес, талапкерлер (шағым
берушілер) заңды және жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы, соның ішінде белгісіз
тұлғалар мүдделері талабы бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғи
қорларды пайдалану мәселелері бойынша талапты сотқа берген жағдайда
мемлекеттік салықтан босатылады.
Заңды және жеке тұлғалар сот тәртібінде МЭС қорытындыларына қарсылық
білдіруге құқылы. МЭС қорытындыларының пікіріне жол берілмейді, оның
қорытындысы тек сот тәртібінде ғана күшін жоя алады.
Міндетті МЭС жататын объектілердің тізімі Экологиялық Кодекстің 47
бабымен реттелген. ЭК 51 бабының күшіне МЭС оң нәтижелі қорытындысысыз
қызметті жүзеге асыру экологиялық заңнаманы бұзу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2015 жылғы 16
ақпандағы №100 бұйрығымен бекітілген МЭС жүргізу ережелерінің 9 және 13
тармақтарына сәйкес, сараптамаға жөнелтілген материалдар басқа құжаттар
есебінде, сонымен қатар қоғамдық пікір есебінің нәтижелерін де қамтуы тиіс.
Басқа мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын салалық сараптамалар,
сондай-ақ ұсыныс білдіруші сипатқа ие ішкі сарапшылардың қорытындылары
ескеріледі.
МЭС жүзеге асыру кезіндегі қайшылықтар келіссөздер олымен немесе сот
тәртібімен қаралады. Бұндай дауларды реттеу барысында экологиялық
заңнаманы, Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы
және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу
туралы Конвенцияның ережелерін жетекшілік ету қажет ( Орхус қ., 1998 жыл 25
маусым, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы № 92-ІІ Ақпаратқа кіру,
шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға
қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны
бекіту туралы заңымен ратификацияланды, Орхус конвенциясы).

ІІ БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯНДЫ ЖОЮДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

2.1 Экологиялық зиянды жою принциптері.

Жалпыға белгілі, құқық принциптері құқықтың өзінің болмысы мен маңызын
анықтайтын негіз қалаушы идеялар, бастамалар болып табылады. Жиі олар
құқықтық нормаларда тікелей көрсетілуі мүмкін, ал кейде нормалардың мәнінен
шығуы мүмкін. Сондықтанда құқық принциптерінің рөлін күшейту үшін олардың
объектіленуі қажет, яғни олардың субьективтілік қаралуын болдырмау үшін
нормативтік – құқықтық актілерде айқындалуы тиіс. Құқық теориясында атап
өтетіндей, құқық принциптері – заң шығарушылардың немесе ғалымдардың
субъективтік қарауының нәтижесі емес, құқыққа органикалық тән қасиеттер.
Ғылым тек айқындайды, негіздейді, зерттейді жәе жүйелейді.
Құқық принциптерінің мәні олар заңшығару процесі кезінде заң шығарушы
үшін де, құқыққолдану тәжірибесіндегі басқа субьектілер үшін де, әсіресе
сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар үшін жетекші бастамалар ретінде
қызмет етуі шарт. Кеңес ғалымы Шестерюк А.С. тұжырымдағандай,
Принциптердің құқыққа қатысты қыметтік рөлі құқық саласының принциптерінің
енгізілуі, аталған саланың нормаларының дұрыс қолданылуына әсер
ететіндігінде, оның болмысы мен әлеуметтік маңызын жақсы түсінуге
көмектесетіндігінде жатыр.
Құқық теориясында барлық құқық салаларына тән жалпықұқықтық принциптер,
салааралық – бірқатар құқық салаларына аралас және де құқық саласының
жекелеген салаларына тән – салалық принциптер айқындалады.
Проф. Мухитдиновтың пікірінше, құқық принциптері – бұл барлығы үшін
жалпылай міндетті сипатқа ие және елдің құқықтық шынайылығын тұтасынан
түйрейтін, оның пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жетекші
бастамалары болып табылады.
Проф. Байсалов С.Б. принциптерді құқық саласының барлық салаларын
қамтитын, саланың негізгі құрамын алдын-ала айқындайтын және осы не басқа
дәрежеде оның барлық нормаларында белгіленетін негіздер, жетекші бастамалар
ретінде анықталады.
Халықаралық құқықта қоршаған ортаны қорғау принциптері және де
жеткілікті түрде шетелдік ғалымдар тарапынан: А.Бойль, П.М. Дюпю, П.Сэнд,
Тимошенко А.С., Петров И., Бекяшев К. Және т.б., сондай-ақ қазақстанды
ғалымдармен: Тюлеубекова С.Ш., Лаптева Н.Г., Гаврилова Ю.А зерттелген.
Халықаралық экологиялық құқықтың даму тарихының да бірқатар маңызды
принциптердің жариялануынан кейін басталғандығын атап өтуіміз қажет. Ең
маңыздысы болып екі декларация танылады: бұл 1972 жылғы 16 маусымдағы БҰҰ
Стокгольмдық Декларациясы және 1992 жылы 14 маусымда Рио-де-Жанейрода
қабылданған қоршаған орта және БҰҰ дамуы бойынша Декларациясы. Аталған
декларацияларда қарастырылған принциптер халықаралық экологиялық құқықтың
прогрессивті дамуы және одан әргі кодификациясы үшн негізқалаушы болды.
Стокгольмдік декларация бірінші рет екі негізгі принциптің: өзінің жеке
табиғи қорларына мемлекеттің тәуелсіздігі және ұлттық құзырлықтың
шектерінен тыс қоршаған ортаға зиян келтірмеу принципінің пайда болуына
әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар
Пәндер