Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

Тақырып: Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы. Эхинококкоздың профилактикасы мен диагностикасы. Бұл аурудың Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайы

Орындаған: Манап Ә.

Тобы: 102 А ҚДС

Қабылдаған: Жолдасов Қ

Шымкент 2016

Жоспар

  • Кіріспе
  • Эхинококкоздың биологиясы
  • Эхинококкоз белгілері
  • Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайы
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Отандық және шетел әдебиеттерінің мәліметтері бойынша 30-шы жылдардың басында иттерде паразиттік тіршілік ететін гельминттердің 125 түрі тіркелген.

Қазақстанда иттердің гельминтозооноздары мен басқа да ішек гельминтоздарын зерттеумен К. И. Скрябин, В. Т. Рамазанов, Н. Т. Кадыров сияқты көптеген ғалым - гельминтологтар айналысты. Қазақ ССР аумағында гельминттердің барлығы 27 түрі тіркелген, олардың 5 түрін трематода, 10 - цестода, 11 - нематода және 1 түрін - акантоцефалдар құрайды.

Мал сою пунктерінің, мал өлекселерін тастайтын орындардың (немесе олардың болмауы) антисанитарлық жағдайы эхинококк паразиттерінің иттер мен ауылшаруашылық жануарлары арасындағы айналымына мүмкіншілік жасайды. Иттердің эхинококтармен жаппай жұқтырылуы негізінен өлексе тастайтын арнайы орыны жоқ және малдәрігерлік бақылау нашар жүргізілетін жаздық жайылымдарда орын алады. Бұл ретте ең көп жұқтырылған болып ферма маңы иттері саналады.

Ғалым- гельминтологтар жасаған зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда иттерде гельминттердің 38 түрі, қасқырларда гельминттердің 27 түрі, түлкілерде - 32 түрі, қарсақтарда - 26 түрі және шибөріде 7түрі тіркелген, олардың 85%-дан астамы ит тұқымдастарының асқазан-ішек жолдарында тоғышарлық етеді.

Эхинококк (Echіnococcus granulosus) - таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 - 4 буыннан тұрады, ұзындығы 2 - 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген Эхинококк - іші сұйыққа толы, сырты қабықты көпіршік. Таспа түріндегі сатысы кейбір етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі - қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік бұғысы, ит, мысық, үй қояны, тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында (көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек эхинококк (ұзындығы 0, 5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 - 95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты, мал түгін, суды, т. б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде, қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Аралық иесі организмінде жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы) дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін дамиды. Эхинококк әсерінен пайда болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамға иттен жұғады. Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені, т. б. ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі, түкірігінде қан пайда болады. Ауруды ауруханада емдейді. [1]

Жылауық құрт кеселі (эхинококкоз) - адам мен мал ағзаларына құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын дерт. Ол көбінесе аңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан, ит, мысықтардан жұғады. Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм ден 1 см-ге дейін болады. Олар иттің, қасқырдың, түлкінің аш ішегінде өсіп өнеді де, солардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластайды және қоршаған ортада ұзақ уақыт өсу қабілетін жоғалтпай сақтайды. Бұл құрттар адам ағзасына аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, бұлақтар мен өзен суларын қайнатпай ішкенде адам ағзасына түседі.

Асқазанға түскен жылауық құрттың ұрығы сыртқы қабығынан айырылып ішек қатпарларына енеді, содан әрі қан тамырларына түсіп бауыр, өкпе, бүйрек, ми және басқа ағзаларға барып ұялайды. Уақыт өткен сайын ұялаған жерінде жылауық құрт өсіп өне бастайды. Олар көп ұялы және бір ұялы болып бөлінеді. Жылауық құрт қалтасы өсіп, сырқаттың белгісі біліне бастайды, құрт өскен жердегі ағзаның қызметі бұзылады. Егер науқас адам уақытында дәрігерге көрініп ауруын анықтап емделмесе, уақытылы ота жасатып тез арада жылауық құрт қалтасын алдырып тастамаса, ол ұлғая келе жарылып, науқастың өміріне қауіп келтіреді.

Ал, енді осы ауруға шалдықпаудың жолдары бар ма? «Сақтансаң сау боларсың», -дейді халқымыз.

Тазалық мұқият сақталған жерде аурудың болуы мүмкін емес. Көп жылғы тәжірибелерге қарағанда бұл ауру мал шаруашылығымен айналысатын кісілердің арасында жиі кездеседі. Аталған аурудың нағыз таратушы көзі ит пен мысықтар екенін жоғарыда айтып өттік. Бір ауру итте 200 мыңға жуық жылауық құрттың ұрықтары болады. Ал сырқат ит күніне қоршаған ортаға яғни үйдің айналасына, аулаға, сәкіге мыңдаған жұқпалы жылауық құрт ұрықтарын шашады. Ол ұрықтар шөптер мен су арқылы малға, тамақ пен су арқылы адамға жұғады. Ауру таратушы иттерді бұл аурудан сақтандыру жолдары қиын емес. Ол өлген малдардың етін, үйде сойылған малдардың жылауық құрт ұясы орналасқан ағза мүшелерін, өкпе бауырларын ит, мысықтарға жегізбей терең шұнқырларға көміп немесе өртеп жіберген дұрыс. Асыранды иттерді аулада байлап ұстау, нәжістерін өртеп жіберу, жыл сайын мал дәрігерлеріне тексеріп тұру, дәрі беру арқылы құрттардан тазартып тұру керек. Тазалық-денсаулық кепілі. Сондықтан барлық жерде тазалық сақтайық.

Ит және ит тұқымдастарына жататын басқа да жабайы етқоректі жыртқыштар адамдар мен ауылшаруашылық жануарларының ларвальді цестодоздарының, соның ішінде эхинококкоз ауруының басты жұқтырушысы болып табылады. Аталған инвазия иттерге мал сойған кездегі жарамсыз деп тасталған эхинокок беріштерімен залалданған ішкі мүшелерді жеу арқылы жұғады, ал бұл жағдай көбінесе тұрғын үйлер аулаларында, фермаларда және жайылымдарда мал сою кезінде орын алады.

Иттерде тіркелген гельминттердің 82 түрінің 32 түрі адамдарда, ал 26 түрі ауылшаруашылық жануарларында паразиттік тіршілік ете алады екен.

К. И. Скрябин өзінің «Түркістан үй жануарлары гельминттеріне сипаттама» атты диссертациялық еңбегінде иттерде табылған гельминттердің 12 түрін: Alaria alata, Taenia hydatiqena, Тaenia pisiformis, Multiceps multiceps, Dipyludium caninum, Toxocara canis, Toxascaris leoninа, Ancylostoma canimum, Uncininaria stenocephala, Spirocerca lupi, Dirofilaria immitis, Trichocephalus vulpis, сипаттаған.

Отандық және шетел әдебиеттерінің мәліметтері бойынша 30-шы жылдардың басында иттерде паразиттік тіршілік ететін гельминттердің 125 түрі тіркелген.

Қазақстанда иттердің гельминтозооноздары мен басқа да ішек гельминтоздарын зерттеумен К. И. Скрябин, В. Т. Рамазанов, Н. Т. Кадыров сияқты көптеген ғалым - гельминтологтар айналысты. Қазақ ССР аумағында гельминттердің барлығы 27 түрі тіркелген, олардың 5 түрін трематода, 10 - цестода, 11 - нематода және 1 түрін - акантоцефалдар құрайды.

Мал сою пунктерінің, мал өлекселерін тастайтын орындардың (немесе олардың болмауы) антисанитарлық жағдайы эхинококк паразиттерінің иттер мен ауылшаруашылық жануарлары арасындағы айналымына мүмкіншілік жасайды. Иттердің эхинококтармен жаппай жұқтырылуы негізінен өлексе тастайтын арнайы орыны жоқ және малдәрігерлік бақылау нашар жүргізілетін жаздық жайылымдарда орын алады. Бұл ретте ең көп жұқтырылған болып ферма маңы иттері саналады.

Ғалым- гельминтологтар жасаған зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда иттерде гельминттердің 38 түрі, қасқырларда гельминттердің 27 түрі, түлкілерде - 32 түрі, қарсақтарда - 26 түрі және шибөріде 7түрі тіркелген, олардың 85%-дан астамы ит тұқымдастарының асқазан-ішек жолдарында тоғышарлық етеді.

Эхинококкоз адам және ауылшаруашылық жануарларының паразиттік аурулары ішінде кең тарағаны және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан үлкен зиян тигізетін бірден-бір дерт болып табылады. Бұл инвазия клиникалық ағымы ауыр өтуі салдарынан әлеуметтік тұрғыдан маңызды болып есептеледі, өйткені ол кез келген мүшені зақымдауымен, организмді аллергизацияға ұшыратуымен және ауыр асқынуларымен, кейде мүгедектікке, өлімге соқтыруымен сипатталады.

Адам эхинококкозы Канада, Сардиния, Марокко, Алжир, Тунис, Иордания, Кувейт және тағы басқа мемлекеттерде кездеседі. ТМД елдері ішінен Литвада, Қазақстанда, Қырғызстанда кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық эпизоотологиялық бюро эхинококкозды бірінші кезекте жойылуы тиіс аурулар қатарына жатқызғанын атап өткен жөн.

Көптеген алыс шетел және ТМД елдерінде соңғы жылдары эхинококкоздың эпидемиялық және эпизоотологиялық жағдайы күрделене түсті. ДДСҰ-ы мәліметтері бойынша аурудың ұзаққа созылуы (10-15 жыл) салдарынан бір науқастың эхинококкозбен ауруы қоғамға 10 мың АҚШ доллары көлемінде зиян келтіреді. Эхинококкоз әлемнің әр жерінде әртүрлі инвазия экстенсивтілігімен тараған. Айталық, әр жылы 100 мың тұрғынға шаққанда: Мароккода - 6, 5-7, 8; Алжирде - 3, 4; Тунисте - 16, 5; Иорданияда - 15-тен жоғары; Кувейтте - 3, 6 тұрғын осы дертке шалдығады.

Әлемнің көптеген мемлекеттеріндегі эхинококкоз ауруына шалдыққан науқастар санының өсуі эхинококкоз мәселесінің өзектілігін айқындай түседі.

Қазақстанда адам эхинококкозы кеңінен таралған. Біздің республикамыз маңыздылығы жыл сайын өсіп жатқан эхинококкоз ауруы бойынша эндемикалық аймақтар қатарына жатады. Айрықша эпидемиологиялық қиын жағдай республикамыздың оңтүстік және батыс аймақтарында сақталып отыр, өйткені осы аймақтарда жыл сайын 400-ден көп адамға хирургиялық стационарларда операция жасалынады, бұл республика бойынша тіркелген бүкіл эхинококкоз оқиғаларының 70%-дан астамын құрайды.

Халықтың эхинококкозбен ауыруының жоғары деңгейде болуының басты себебі ауру ит пен ауылшаруашылық жануарларының кесірі екені даусыз, өйткені кейбір шаруашылықтарда олардың инвазиялануы көп жылдар бойы жоғары деңгейде қалып отыр және 40-80%-ға жетеді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2005-2009 жылдар аралығында Қазақ ғылыми-зерттеу институтының паразитология зертханасында және Жамбыл облысының шаруашылықтарында жүргізілді.

Жануарлар мен адамдарға қауіпті гельминтоздардың диссеминациясындағы үй етқоректілерінің эпизоотологиялық және эпидемиологиялық рөлін Жамбыл облысының түрлі аймақтарындағы әр түрлі мақсатта пайдаланылатын 34 итті 1%-ды бромсутекті ареколин ерітіндісімен 0, 5 мл/кг дозада диагностикалық дегельминтизациялау арқылы анықтадық. Ареколин бергеннен соң бірінші және екінші дефекациядан кейінгі шыққан гельминттерді нәжістерден бөліп, жуып-шайдық. Жиналған паразиттердің түрлері анықталып, инвазия интенсивтілігі, экстенсивтілігі және көптік индексі есептелді.

Етқоректілер гельминттер фаунасын жануарлардың ішек-қарын жолдарын толық гельминтологиялық К. И. Скрябиннің зерттеу әдісімен анықтады. Түлкінің ішек-қарын жолдарындағы гельминттердің түрлік құрамын 2005-2006 және 2006-2007 жылдар аралығында Жамбыл облысындағы кәсіпқой аңшылардың қыс мезгіліндегі аулаған 42 бас түлкісін сойып зерттеу арқылы анықтады.

Жамбыл облысындағы ең көп таралған 9 түрлі кеміргіштердің (қызылқұйрық және кіші құмтышқан, үлкен қосаяқ, күмістүсті тоқалтіс, қырғыз тоқалтісі, тянь-шань сары тоқалтісі, су тоқалтісі, сүйірбасты тоқалтісі, орман қарақасы) гельминтер фаунасын жалпы қабылданған толық гельминтологиялық сою әдістерін қолдана отырып анықтады. Кеміргіштер Геро қақпаны арқылы ауланды. Жұмыс альвеококкоздың негізгі аралық иесі болып табылатын аталмыш кеміргіштердің залалдануын анықтау мақсатында екі ландшафтта - тауда (1500-4000м теңіз деңгейінен жоғары) және далалы ландшафты басым тау етекті аймақта жүргізілді.

Қарындағы заттар реттік шаю әдісі арқылы зерттелді. Ащы ішекті шажырақайға бекітілген қарама-қарсы жақтайына қарай ұзына бойы жан-жағымен қоса тілдік және бинокулярлы лупа көмегімен гельминттердің бар-жоғына зерттелді. Зерттеу мөлшерінде эхинококтар мен альвеококтар табылмаған жағдайда матрикстан іріктеліп алынған барлық тұнбаларды қосымша тексеру жасадық, сонымен қатар ішектің шырышты қабығынан алынатын қырындының мұқияттылығы қадағаланды. Сою нәтижесінде жиналған цестодаларды 70° спиртте, ал нематодаларды Барбагалло сұйықтығында, акантоцефалдарды формалиннің 3%-дық сулы ертіндісінде консервіленді. Цестодаларды квасцтық карминмен бояған соң анықталды, нематодаларды анық көрінуі үшін глицерин сутегі ерітіндісінде ағартыңқыратылды.

Репрезентативтік қатемен есептелінген инвазия экстенсивтілігі және көптік индексі (соңғысы қарапайым орташа арифметикалық формула бойынша анықталады) Стьюденттің t критериясы көмегімен салыстырылды. Инвазияның экстенсивтілігін мына формуламен анықталды:

,

мұнда: р - дарақтардың залалдану үлесі;

m - зарарланған дарақты саны;

n - іріктеу көлемі.

Репрезентативтіктің іріктелген қатесін мына формула бойынша есептелді:

Екі таңдалған иедегі инвазия экстенсивтілігін Стьюденттің «t» критериясы көмегімен салыстырылды. Стьюдент критериясының нақты маңызы таңдалған үлестің айырмашылығы қатынасының осы қателік айырмасына тең:

Көптік индексін мына формуламен анықталды:

,

мұнда: - көптік индексі (таңдалған иедегі гельминттің орташа арифметикалық саны) ;

 x i - аталған таңдаудағы гельминт түрінің жиынтық саны;

n - иені іріктеу көлемі.

Токсокароз адамда сирек кездесетін ауру болып табылады, медициналық әдебиеттерде ол туралы мәліметтер жоқтың қасы. Кең таралғанына, ауыр клиникасына және патологияда, әсіресе балаларда, маңызды рөліне қарамастан тәжірибе өтуші мамандар токсокароз туралы аз біледі және клиникасына қарамастан одан сирек күдіктенеді. Статистикалық мәліметтер тек Ресей бойынша бар, ал Қазақстан бойынша жоқ. Ресейде мемлекеттік статистикалық бақылауды енгізгеннен бері токсокорозбен ауыратын науқастар саны 1991-1999 жылдар аралығында 15-тен 641-ге дейін ұлғайған, оның ішінде балалар арасында 9-дан 447-ге дейін оқиғалар тіркелген. Ауру саны жыл сайын, әсіресе Ресейдің ауылдық жерлеріндегі балалар арасында өсуде.

Токсокарозды жұқтырудың көзі тек инвазияланған иттер болып табылады, ал адамдар ешқашан ауру таратпайды. Токсокароз кезіндегі эпидемиологиялық процесс иттер арасындағы эпизоотологиялық процесске толық тәуелді болады. Адам ішегінде токсокаралар басқа адамдарды немесе жануарларды жұқтыру үшін жетілген инвазиялық элементтерді бере алмайды. Синантропты ошақтарда адам үшін инвазия ошағы ретінде топырақты нәжістерінен шыққан токсокар жұмыртқаларымен бүлдіретін иттер болып табылады. Инвазияланған адамдар инвазия көзі бола алмайды, өйткені адам организмінде толық жыныстық дамыған токсокаралар түзілмейді және пропогативті (жұмыртқа) сатылары бөлінбейді, бірақ аскаридаттармен адамдардың ауруы көбнесе мүгедектікпен, тіпті өліммен де аяқталуы мүмкін. Тіпті адам нәжісімен токсокара жұмыртқалары бөлінсе де, оларда қалыптасқан дернәсіл болмайды және олар инвазиялық жағдайға дейін дами алмайды. Адамдардың токсокарозбен ауыру деңгейі статистикалық мәліметтерде көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Бұл дәрігерлердің (жұқпалы ауруларды емдейтін және педиатрлар) аурудың клиникалық ерекшеліктерін және токсокароздың зертханалық балау әдістерін, оның ішінде серологиялық диагностикасын аз білуімен түсіндіріледі.

Эхинококкоз, токсокароз және альвеококкоз эпидемиологиясы осы гельминтозооноздардың жануарлар арасында, әсіресе, үй және жабайы ет қоректілер мен кеміргіштер арасындағы айналымымен байланысты.

Үй етқоректілерінің гельминтоздарының эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайын анықтау үшін Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы 314 итке бромсутекті ареколинді қолдана отырып диагностикалық дегельминтизация жасалды. Оның ішінде Тараз қаласының шеттеріндегі 48 жеке сектор иттері, 50 иесіз қала иттері, Жамбыл облысы ауылдарынан 84 ит және пәтерде ұсталынатын 32 қала иттері (негізінен ұсақ декоративті текті иттер) болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурудың диагностикасы
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Эхиноккозбен ауырған жануарларға диагностика жасау, емдеу
Ірі қара эхинококкозы
Эхинококкоз адамдар мен жануарлар арасында кең тараған ауру
Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі
Санитарлық паразитология - ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Жануарлардың инвазиялық аурулары
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz