Карьерлердегі таужыныстарды қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін есептейтін бағдарламалық жүйе құру



Кіріспе
1. Зерттеу нысанын сипаттау
1.1 Ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы ашық тау кен саласындағы қазу.тиеу жұмыстары бойынша жобалау тапсырмаларын шешу маңыздылығы
1.2 Ашық тау кен саласындағы қазу.тиеу жұмыстары
1.3 Бір шөмішті экскаваторлардың технологиялық параметрлері
1.4 Қазудың технологиялық сұлбалары және бір шөмішті экскаватор кенжарының параметрлері
1.5 Бір шөмішті экскаватордың өнімділігін есептеу
2. Ашық тау кен жұмыстарындағы қазу тиеу жұмыстарынның параметрлерін есептеуге арналған бағдарламалық жүйені құрастыру
2.1 Ашық тау кен жұмыстарындағы қазу тиеу жұмыстарын есептеуге арналған бағдаламалық жүйені құрастыру үшін қажетті техникалық құралды таңдау
және орындау функцияларын анықтау.
2.2 Ақпараттық жүйеде орналасатын компоненттерді таңдау
байланысты болып келеді және есепті жоғары дәлдікпен орындайды.
2.4 Ақпараттық жүйенің кіріс және шығыс мәліметтер құрылымы
2.5 Ақпараттық жүйенің математикалық моделі
2.6 Бағдарламаның алгоритмі
2.7 Бағдарламалық модульді пайдалану
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы басты бағыты, экономикасының қайнар көзі – жер асты кен байлықтарымыз. Кенорындарын игеруде тау-кен өнеркәсібінің алатын орны ерекше. Техникалық , экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы қазындыны ашық әдіспен өндіру келешегі зор және тиімді әдіс болып саналады. Қазіргі кезеңде еліміздің халық шаруашылығында пайдаланылатын қатты минерал шикізаттың шамамен алғанда 75% -тен астамы ашық тау-кен қазбаларымен өндіріледі. Пайдалы қазынды кендерін ашық әдіспен қазу тау-кен өндірісінің техникасын , технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру негізінде келешектеде дами түседі.
Қазу-тиеу жұмыстары- карьерлердегі негізгі және маңызды процестердің болып саналады. Қазу-тиеу жұмыстары ашық кен орынын игеруге кеткен шығынның 25%-35% алады. Қазу-тиеу жұмыстары циклдік (бір шөмішті экскаваторлар және тиегіштер) және үздіксіз (роторлы және шынжырлы экскаваторлар) қазу-тиеу машиналарымен орындалады. Қазу-тиеу жұмыстарында қолданылатын техниканың түрін таңдау бұрғылап аттырудан бастап байыту фабрикасына немесе үйіндіге тасымалдауға дейінгі барлық технологиялық үрдістер арқылы жүргізіледі. Қазу-тиеу жұмыстарындағы жынысты автосамосвал немесе темір жол көлігіне тиеудің тиімділігі қазу-тиеу машинасының басқа процесстермен байланысы, кемерлердің ыңғайлы орналасуы, қазу-тиеу машиналарына техникалық көмекті уақытылы жүргізу және т.б. факторларға байланысты. Егер осы жұмыстарды тиімді жүргізсе онда уақытты екі есе үнемдеуге болады. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігімен экономикалық әсерін ұмытпау керек. Қазу және тиеу процестерінің басқа жұмыстармен байланысы (қазуға дайындау және т.б.) технологиялық сұлбалардың процессін және кенжардың паспортын жасауда көрсетіледі. Бүгінгі таңда көптеген тау-кен компанияларында қазу-тиеу жұмыстарын жобалауды қағаз немесе сандық түрінде жүргізіледі. Бірақ ақпараттық технологиялардың қолданылуы аз. Қазіргі кезде белгілі тау-кен кәсіпорынына ыңғайланып жасалынған көптеген бағдарламалық жабдықтар бар және олар тапсырыспен орындалады. Олардың кемшілігі жұмыс істеу аймағының шектеулі болуы.
Осы факторларды ескере отырып дипломдық жобаның маңыздылығы күмән тудырмайды. Бағдарламалық жабдықты енгізіп жұмыс істейтін болса, онда жобаға кететін шығындармен уақытты үнемдеп сапасын арттырады.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Тау-кен металлургия институты

Техникалық үрдістерді компьютерлендіру және

жобаларды басқару кафедрасы

Карьерлердегі таужыныстарды қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін
есептейтін бағдарламалық жүйе құру

Дипломдық жобаға

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА

050707 – Тау-кен ісі мамандығы

Алматы 201

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Тау-кен металлургия институты

Техникалық үрдістерді компьютерлендіру және

жобаларды басқару кафедрасы

Қорғауға ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісі

техн. ғыл. канд., доцент

___________

____ ___________201 ж.

Дипломдық жобаға

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА

Тақырыбы: Карьерлердегі тау жыныстарын қазу-тиеу жұмыстарының
параметрлерін есептейтін бағдарламалық жүйе құру

050707 – Тау-кен ісі мамандығы

Орындаған
Пікір беруші Ғылыми жетекші
аға ғылыми қызметкер техн.ғыл.канд., доцент
_____________ __________.
_______________201 ж. ________________201 ж.

Алматы 201

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университеті

Тау-кен металлургия институты

Техникалық үрдістерді компьютерлендіру және

жобаларды басқару кафедрасы

050707 – Тау-кен ісі

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

техн. ғыл. канд., доцент

_________.

21 ақпан 201 ж.

Дипломдық жобаны орындауға

Тапсырма

Білім алушы

Тақырыбы Карьерлердегі таужыныстарын қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін
есептейтін бағдарламалық жүйе құру

Университет ректорының № бұйрығымен
бекітілген

Аяқталған жұмыстың тапсыру мерзімі 15 сәуір 2014ж.

Дипломдық жобаның бастапқы мәліметтері Диплом алды практикадан алынған
мәліметтер

Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі:

а)Зерттеу нысанын сипаттау; ә) бағдарламалық жүйе құру;б) Қауіпсіздік және
еңбекті қорғау; в) экономикалық бөлім.

Графикалық материалдардың тізімі: жұмыс презентациясы 11 слайд түрінде
көрсетілген және бағдарламаның қосымшасы бар

Ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімі:

1 Ә. Бегалинов, Н. А. Жайсаңбаев, Е. С. Зұлқарнаев, Т. Қалыбеков, М.
Н. Сәндібеков. Ашық тау-кен жұмыстарының технологиясы. Алматы,2012. 31-51
беттер.

2 Ржевский В.В. Открытые горные работы. Часть 1. Производственные
процессы, М.: Недра, 1985, с. 123-126.

3 Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 7 – М, Бином, 2005.

Дипломдық жобаны дайындау

Кестесі

Бөлім атауы, Ғылыми жетекші мен Ескерту
қарастырылатын мәселелер тізімі кеңесшілерге көрсету
мерзімі
Зерттеу нысанын сипаттау
Бағдарламалық жүйе құру
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Экономикалық бөлім

Дипломдық жоба бөлімдерінің кеңесшілері мен норма бақылаушының аяқталған
жобаға қойған

қолтаңбалары

Бөлімдер атауы Кеңесшілердің Қол Қолы
аты-жөні (ғылыми қойылған
дәрежесі, атағы) күні
Зерттеу нысанын сипаттау
Бағдарламалық жүйе құру
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Экономикалық бөлім

Ғылыми жетекшісі __________________П.П. Цеховой

Тапсырманы орындауға алған білім алушы ______________ Олжабаев С.С.

Күні
ақпан 2014ж.

Аңдатпа

Ашық тау-кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстарының
параметрлерін есептеитін бағдарламалық жүйе құру бойынша жоба жасалды.
Жобада қазу-тиеу жұмыстарында қолданылатын экскаваторлардың параметрлері
мен өнімділігін есептейтін бағдарламалық модуль құрастырылды. Бағдарлама
Delphi XE3 нысанды-бейімдеу бағдарламалық ортасында жасалынды.
Бағдарламалық жүйе есепті орындау барысында жоғары дәлдікпен әрі тез
орындайды.

Бағдарламаның кіріс мәліметтері “ Шығыс Аят боксит кен орынын
ашық әдіспен игеру” жобасының түсініктеме жазбасынан алынды.
Бағдарламалық жүйе тау-кен саласына қажет бағдарламалық қамтамасыздандыру
талаптарына сай келеді.

Аннотация

Сделан проект на разработку программной системы для расчеты
параметров выемочно-погрузочных работ на открытых горных разработках. В
проекте составлен программный модуль для расчета параметров и
производительность экскаваторов на выемочно-погрузочных работах.
Программная реализация осуществлена в объектно-ориентированной среде
программирования Delphi ХЕ3. Модуль существенно облегчает деятельность по
расчету, обеспечивает точность вычислений и быстроту выполнения операций.

Входные данные программы были выбраны из пояснительной записки
проекта "Разработка Восточно-аятского месторождения бокситов открытом
способом" . Модуль отвечает требованиям, предъявляемым к программному
обеспечению, разрабатываемому для нужд горной промышленности.

Annotation

A project is done for development of the programmatic system for
calculations of parameters of extraction-and-loadings on mountain
openworks. In a project the programmatic module for the calculation of
parameters and productivity of power-shovels are made on extraction-and-
loadings. Programmatic realization is carried out in the object-oriented
programming of Delphi ХЕ3 environment. The module substantially
facilitates activity upon settlement, provides exactness of calculations
and quickness of implementation of operations.

Program inputs were chosen from the explanation message of
project "Development of East-aiat of deposit of bauxits open a method" .
The module answers the requirements, produced to the software developed
for the needs of mining industry.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы басты бағыты,
экономикасының қайнар көзі – жер асты кен байлықтарымыз. Кенорындарын
игеруде тау-кен өнеркәсібінің алатын орны ерекше. Техникалық ,
экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы қазындыны ашық әдіспен өндіру
келешегі зор және тиімді әдіс болып саналады. Қазіргі кезеңде еліміздің
халық шаруашылығында пайдаланылатын қатты минерал шикізаттың шамамен
алғанда 75% -тен астамы ашық тау-кен қазбаларымен өндіріледі. Пайдалы
қазынды кендерін ашық әдіспен қазу тау-кен өндірісінің техникасын ,
технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру негізінде келешектеде дами
түседі.

Қазу-тиеу жұмыстары- карьерлердегі негізгі және маңызды
процестердің болып саналады. Қазу-тиеу жұмыстары ашық кен орынын игеруге
кеткен шығынның 25%-35% алады. Қазу-тиеу жұмыстары циклдік (бір
шөмішті экскаваторлар және тиегіштер) және үздіксіз (роторлы және шынжырлы
экскаваторлар) қазу-тиеу машиналарымен орындалады. Қазу-тиеу
жұмыстарында қолданылатын техниканың түрін таңдау бұрғылап аттырудан бастап
байыту фабрикасына немесе үйіндіге тасымалдауға дейінгі барлық
технологиялық үрдістер арқылы жүргізіледі. Қазу-тиеу жұмыстарындағы жынысты
автосамосвал немесе темір жол көлігіне тиеудің тиімділігі қазу-тиеу
машинасының басқа процесстермен байланысы, кемерлердің ыңғайлы орналасуы,
қазу-тиеу машиналарына техникалық көмекті уақытылы жүргізу және т.б.
факторларға байланысты. Егер осы жұмыстарды тиімді жүргізсе онда уақытты
екі есе үнемдеуге болады. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігімен
экономикалық әсерін ұмытпау керек. Қазу және тиеу процестерінің басқа
жұмыстармен байланысы (қазуға дайындау және т.б.) технологиялық сұлбалардың
процессін және кенжардың паспортын жасауда көрсетіледі. Бүгінгі таңда
көптеген тау-кен компанияларында қазу-тиеу жұмыстарын жобалауды қағаз
немесе сандық түрінде жүргізіледі. Бірақ ақпараттық технологиялардың
қолданылуы аз. Қазіргі кезде белгілі тау-кен кәсіпорынына ыңғайланып
жасалынған көптеген бағдарламалық жабдықтар бар және олар тапсырыспен
орындалады. Олардың кемшілігі жұмыс істеу аймағының шектеулі болуы.

Осы факторларды ескере отырып дипломдық жобаның маңыздылығы
күмән тудырмайды. Бағдарламалық жабдықты енгізіп жұмыс істейтін болса, онда
жобаға кететін шығындармен уақытты үнемдеп сапасын арттырады.

Дипломдық жобаны орындау барысында келесі тапсырмалар
қойылды:

1. Ашық тау-кен жұмыстарындағы қазу-тиеу процессін жобалау бойынша
сараптама жасау;

2. Тек бір тау-кен кәсіпорынына арналған бағдарламалық жүйе емес осындай
тектес тау-кен кәсіпорындарына арналған бағдарламалық жүйе құру;

Бағдарламалық жүйенің жаңашылдығы:

1. Бағдарламалық жүйенің әмбебап болуы;

2. Қазу-тиеу жұмыстарына қатысты соңғы уақытта қолданылатын техникалардың
мәліметтер базасы ;

3. Алдыға қойлыған тапсырманың бағдаламалық шешімін бір модульге
біріктіру (ВПР);

1. Зерттеу нысанын сипаттау

1.1 Ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы ашық тау кен саласындағы қазу-
тиеу жұмыстары бойынша жобалау тапсырмаларын шешу маңыздылығы

Өміріміздің кез-келген саласында ғылыми-техникалық прогресс жүріп
жатыр. Бұл прогресстен тау-кен саласыда тыс қалған жоқ. Машина жасау және
прибор жасау салаларындағы жетістіктер тау-кен саласынада бірқатар
өзгерістер алып келді. Бірақ соңғы кездері инновациялық ақпараттық
технологиялардың енгізілуі тау-кен саласындағы жобалау бойынша уақытты
үнемдеу және экономикалық тиімді болуына септігін тигізуде. Осыдан
бірнеше жылғы тау-кен саласы осы кезбен салыстырғанда арасы жермен көктей.
Оның басты себебі шетелдік және отандық компаниялардың инновациялық
ақпараттық технологияларға басым беруі, бәсекелестіктің жоғары болуы және
бағдарламалық жүйе шығаратын компаниялардың санының көбейуі т.б.. Осының
нәтижесінде пайдалы қазбаны игеру саласы және жекелей салаларының (қазу-
тиеу жұмыстары) жан-жақты дамуына алып келді. Кен орынын жобалау бірнеше
сатыдан тұрады. Техника-экономикалық негіздемесі одан сараптама жасау жан-
жақты зерттеу т.б. жұмыстары жобалауға жатады. Жобалау институтарының және
де басқа да ұйымдардың көп жылдық тәжірбиесі көрсеткендей жобалау белгілі
этаптар арқылы өтеді. Параметрін , өнімділігін және экономикалық
тиімділігін анықтау осылардың бәрі белгілі бір алгоритммен орындалады және
ол стандартталған. Осы алгоритмдерді ақпараттық технологияларға енгізудің
арқасында жобаның тиімділігін жоғарылату және автоматттандыруға
бағытталған бірнеше жобалар ұсынды. Ол тек жобалай емес тікелей өндіріс
орынында қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердің қысқа уақытта пайдалы
қазбаны игеру саласына енгізілуі шешімі таппай жүрген күрделі немесе көп
шығынды қажет ететін (уақыт, ақша, қағазбастылық және т.б.) мәселелердің
шешімін тауып берді. Бірақ әліде болса шешімі әлі табылмаған мәселелер
көп болып саналады. Ондай мәселелер қазу-тиеу процессінде де бар. Осы
мәселелерді шешуге отандық және шетелдік алдыңға қатарлы компаниялар
бірнеше бағытта жұмыс істеп жатыр. Атап айтсақ жаңа технологияларды
енгізу, отандық және шетелдік білікті мамандарды тарту, инженерлік
жүйелерді өзгерту , кәсіпорынның қорын жаңарту және осылардың бәріне
тиімді басқару жүйелерін енгізу. Қазіргі таңда пайдалы қазбаны игеру
саласындағы отандық кәсіпорындар шетелдің автоматтандырылған және
ақпараттық жүйелерін, білікті мамандарын тарту үшін көп қаражат жұмсайды.
Осыдан қорытынды шығара келіп отандық кәсіпорындарға жергілікті
мамандармен бағдарламалық жүйелерге көп көңіл бөлу керек.

Ашық тау-кен саласында қазу-тиеу жұмыстары негізгі үрдістердің
бірі болып саналады және ол осы тау-кен жұмыстарының 25-30% шығыны болып
саналады. Қазу-тиеу машинасының параметрлері , өнімділігі жобалануы,
кенжарлардың саны тікелей кен орынын игеруге байланысты. Қазу-тиеу
машинасына байланысты сіз тасымалдау көлігін таңдайсыз және олар бір-біріне
бағынышты. Ашық тау-кен саласына ақпараттық жүйені енгізу ол өмірлік
қажеттіліктен туындаған. Себебі кәсіпорындағы кез-келген бағыт бойынша
тиімді және әрі нақты нәтиже бере алады.

1.2 Ашық тау кен саласындағы қазу-тиеу жұмыстары

Карьердегі тау-кен жыныстарын қазып көлік жабдықтарына тиеу немесе
қазып ,машинаның жұмыс құралымен тасымалдап үйіндіге төгу қазу-тиеу
жұмыстары немесе тау-кен жыныстары қоспасын экскавациялау деп аталады.

Карьердің өнімділігі жоғары кезінде жұмсақ аршыма тау жыныстарын ауа
райы орташа болған жағдайда қазу үшін роторлы көп шөмішті экскаваторлармен
драглайндарды қолданған тиімді. Қазу жабдықтарын өте қысқа мерзімде
қолданып жұмыс жасау кезінде шөміш сыйымдылығы көбірек скреперлерді
пайдаланған жөн.

Өнімділігі аз карьерлерде, әсіресе жұмысты маусымды тәртіппен
жасағанда және жазғы уақытта бульдозерлерді, шөміш сыйымдылығы аздау
скреперлерді және мұнаралы экскаваторларды қолдану мүмкіншілігі болады.
Осы процесті механикаландыру үшін әр түрлі технологиялық және
эксплуатациялық сапасы бар карьерлік және әмбебап машиналар қолданылады.

Ауа райы қалай болсада жартылай тасты және тасты тау жыныстарын алдын-
ала қопсыту арқылы қазу үшін механикалы күректер, ала ауа райы жұмсақ
жағдайда жүк тиеуіштер, шөміш сыйымдылығы жоғары драглайндер қолданылады.

Жартылай тасты тау жыныстарын, әсіресе көмірді қазуға кесу күші
жоғары роторлы экскаваторларды, шнекті бұрғылау қондырғыларын және өндіру
комбайндарын қолданады.

Оларды қолдану нақтылы тау-кен техникалық және әмбебап машиналар
қолданылады. Тау-кен көлік машиналарының технологиялық жинағының негізгісі
экскавациялық машиналар болып есептеледі және олар циклдық және үздіксіз
әрекет ететін экскавациялық машиналар болып бөлінеді.

Циклдық әрекет ететін машиналар (бір шөмішті экскаваторлар,
доңғалақты және шынжыр табанды бульдозерлер, тиеуіштер және доңғалақты
скреперлер) қазу тиеу жұмыстарын орындайтын жұмыс органы ретінде бір шөміш
немесе кесу құралдардан тұрады.

Үздіксіз әрекет ететін машиналарда (роторлы және шынжырлы көп
шөмішті және т.б.) жұмыс органы бірнеше шөміштен тұрады және үздіксіз
жұмыс істейді.

1.1-сурет Қазу-тиеу машиналарының схемалары: а-тура механикалы
күрек, б-кері механикалы күрек; в-драглайн; г-грейфер; д-шынжырлы көп
шөмішті экскаватор; е-роторлы экскаватор; ж-доңғалақты скрепер; з-
бульдозер; и-шнекті бұрғылау машина; к-жүк тиеуіш

Көлік құралдарына қатынасы бойынша машиналар былайша ажыратылуы мүмкін:
кенжарда тау-кен жыныстары қоспаларын қазуға және көлік құралына тиеугге
арналған (роторлы және көп шөмішті экскаваторлар, механикалы күректер,
шнекті бұрғылау қондырғылар, мұнаралы экскаваторлар және бұрғылау оқ-дәрі
комбайндары) –қазу-тиеу; кенжарды қазу, шөмішпен тау-кен қоспаларын
машинаның конструкциясына байланысты белгіленген ара-қашықтыққа тасымалдау
және үйіндіге төгуге арналған (драглайндар)-экскавациялық; тау-кен
жыныстарын қоспаларын қазуға дайындау сапасынан және көлікпен уақытылы
қамтамасыз етуге байланысты. Кенжардың параметрлері мен жұмыс технологиясы
экскавациялық машиналардың өнімділігіне зор әсер етеді.

Кенжар деп қазылатын кемерлерді айтамыз. Кенжар құрылымы бойынша
біртекті және әртекті болып келеді. Біртекті кенжарларда тау жыныстары
біртекті қасиетке ие болады. Әртекті кенжарларда тау жыныстары әркелкі
қасиетке ие болады. Біртекті кенжарларда тау жыныстарын қазу-тиеу жұмыстары
жаппай жүргізіледі. Ал әртекті кенжарларда пайдалы қазбаның әр түрлі
сорттарын қазу-тиеу жұмыстары жеке жүргізіледі. Кенжардың орналасуына
байланысты қазу-тиеу машиналары үстіңгі, астыңғы және аралас кенжарларда
тұрып қазу және тиеу жұмыстарын жүргізе алады.

1.3 Бір шөмішті экскаваторлардың технологиялық параметрлері

Карьерлерде механикалы күрек түрлі экскаваторлар ең көп таралған
қазу-тиеу машиналары болып есептелiнедi. Конструкциялық жасалынуы, тау-кен
техникалық жағдайы бойынша үздіксіз қимылды қазу-тиеу машиналарын пайдалану
тиiмсiз кезде, оларды қолдануға мүмкіндiк туғызады. Механикалы күректер
тығыз тау жыныстарын негiзiнен алдын ала қопсытпай - ақ қазуға, ал қатып
қалған, жартылай тасты және тасты тау жыныстарын алдын ала қопсытып қазуға
арналған. Арнайы солтүстік аймақтарға ыңғайланып жасалынған механикалы
күректер ауаның температурасы төмен, климаты қатты жағдайлы жерлерде қазу-
тиеу жұмыстарын қамтамасыз етедi. Механикалық күректердің жұмыс құралдары
ретінде шөміш, сап және жебе болып саналады. Қазіргі кездегі карьерлік
экскаваторлар шынжыр табанды, электрикалық немесе дизелдік жетекті болып
бөлінеді. Кенжардан тау жынысын экскавациялау процесі шөміштің кескіш
жиегімен қабатты кесіп алып, экскаватордың төгетін жеріне айналуынан,
шөмішті төгуден және жұмыс құралын кенжарға қайтып әкелуден тұрады.

Қазіргі экскаваторлар саппен шөмішті жылжыту әдісі бойынша болат
арқанды және гидравликалық болып бөлінеді.

Болат арқанды экскаваторлардың көсіп алуы жебедегі орналасқан қысым
күшімен және де оны көтеру шығырының көтеру болат арқанның көмегімен
жасалынады. Осы кезде көсіп алу траекториясы кенжардың төменгі бөлігінен
басталып тұрақты түрде сақталады.

Гидравликалық экскаваторлардың елеулі жақсы жағына машинаның орындау
құралының күшін басқару тетігі арқылы хабарлау жатады. Осы жағдай оның
жұмысының жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді де және жүргізушіге нәтижелі
көсіп алу үшін тиімді траекторияны таңдауға мүмкіндік жасайды.
Гидравликалық экскаватордың төгілуі не шөміштің төңкерілуімен, не жағының
ашылуымен жүзеге асырылады. Ал болат арқанды экскаваторлардың төгілуі
төгілетін жердің үстінде шөміштің ашылуымен жүзеге асырылады.

Бір шөмішті экскаваторлар түріне шөміш сыйымдылығы 4-120 м3
адымдаушы драглайндарда жатады. Олар тұрған орынан төмен және жоғары
орналасқан кенжарларды қазуға арналған және тау жыныстарын қазылған
кеңістікке тасымалдап төгуге қолданады. Драглайнның адымдап жүруі
үймеленген тау жыныстарының үстінде жылжуын қамтамасыз етеді.

Бір шөмішті экскаваторлар конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты
бес түрге бөлінеді:

ЭС-шөмішінің сыйымдылығы 0,16 – 2,5 м3 құрылыстық шынжыр немесе
пневматикалық табанды экскаваторлар жатады;

ЭКСГ-шөмішінің сыйымдылығы 1,25 – 8,0 м3 карьерлі-құрылыстық
экскаваторлар жатады;

ЭКГ- шөмішінің сыйымдылығы 2,0 – 20,0 м3 карьерлі шынжыр табанды
экскаваторлар жатады;

ЭВГ- шөмішінің сыйымдылығы 4,0 – 100,0 м3 аршыма шынжыр табанды
экскаваторлар жатады;

ЭШ-шөміішінің сыйымдылығы 4,0 – 120,0 м3 адымдаушы экскаваторлар
және драглайндар жатады;

Бір шөмішті экскаваторлардың негізгі жұмыс параметрлеріне шөміш
сыйымдылығы, салмағы ,габариттері, қазып алынатын бұрышы т.б. жатады.
Экскаваторлардың жұмыс параметрлері кенжар параметрлерін және оның тұру
технологиялық жұмыс жасау схемасын анықтайды.Механикалық күректердің
негізгі технологиялық параметрлері төмендегідей:

Көсіп алу радиусы Rч - экскаватордың айналу осінен шөміштің кескіш
жиегіне дейінгі горизонталь ара қашықтық;

Көсіп алудың барынша көп радиусы Rч.max - барынша көп ілгері
жылжытылған сапқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау жыныстарын ашуға дайыдау
Карьер жолдарының құрылысы
Бұзылған жерлерді қалпына келтіру туралы жалпы мағұлмат
Кен орнының геологиялық сұлбасы
Кертпеш ұзындығы
Тас блоктарын өндіру технологиясы
Интрузиялық тау жынысы
Жұмыстарды жүргізу жөніндегі нұсқаулар
Алматы метрополитені нысандарының технологиясы
Инерциялы ротордың параметрлерін таңдаудың өндірістік зерттеулері
Пәндер