Операциялық жүйелер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
Операциялық жүйелер, қоршамдар, орталар.
Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.
Операциялық жүйе - барлық программаның, ЭЕМ аппараты қүралдарының және желілердің жұмысын жургізуді қамтамасыз ететін программлар кешені.
Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді және одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются) . Операциялық жүйе компьютердің қосылған сәтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сәттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.
Дербес жумыс істейтін компьютерді қосудың рет-тэртібі оте царапайым:
1. Модем, дыбыс колонкасы, принтер, сканер және т. б. аса қажетті сыртқы құрылғылардың электрлік қоректендіргіші ерікті рет-тәртібімен қосылады.
2. Дисплейдің электр қоректендіргіші қосылады (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана) .
3. Соңғы сәтте Power кнопкасын басу арқылы компьютердің жүйелік блогын қосады.
Компьютерді ажырату (сөндіру) керісінше рет-тәртіппен жүзеге асады:
1. Алдымен Power кнопкасын басу арқылы жүйелік блогы қосылады.
2. Содан кейін дисплейдің электр қоректендіргіші сөндіріледі (егер дисплейдің коректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана) .
3. Ерікті рет-тәртіппен бұрын қосылып қойылған барлық сыртқы құрылғылардың электр қоректендіргіші сендіріледі.
Әрбір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады. Біріктірілген дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше әр түрлі операциялық жүйелер әзірленеді; MS DOS, Windows, OS/2, Unix және тағы басқалар, Oперациялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдаланылатын эрі бір программалы МS DOS операциялык жүйесі ең қарапайым деп саналады.
МS DOS операциялық жүйесінің алгашқы нұскасы 1981-1982 жж. эзірленген болатын. МS DOS пайда боліалы бері осы жүйенің көптеген іху-сқалары мен улгілері эзірленді. МS DOS 6. 22. ең соңғы нұсқасы. МS DOS - командалық (текс-тік) ОЖ. Бұл мъшаыы білдіреді: қажетті операцияларды орындау үшін пернетақтаныц комегімен тиісті команданы теру қажет. Мү-ндай енгізу (ввод) қолайсыз жэне көптеген қателіктердің пайда болуына океи соғады.
Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалды. Қоршамдар тәуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық жүйелермен бірігіп қана жұмыс істей алады. Олар (қоршамдар) сол үшін де (операциялық жүйелер) жасалынған, МS DOS үшін бірнеше әр түрлі қоршамдар жасалды - QDos, Dos Shell, Norton Commnader, Volkov Commander, Windows Зх, осылардың ішіндегі ең әйгілі қоршамдар - Norton Commander (NS), Volkov Commander (VС) .
Қоршам - бұл ОЖ-дың басқаруымен іске қосылатын және ОЖ-мен адамның жұмыс істеуіне көмектеседі. Қоршам - программасы компъютердің барлық файлдың құрылымын дискілерді каталогтарды және файлдарды экранан көрнекті (наглядно) етіп көрсетеді.
Мұндай программа мен командалык жол арқылы (в командной строке) МS DOS -тың күрделі командасын теріп жатудың еш қажеті жоқ. Файлдарды бар-жоғы бірнеше пернені пайдаланып, іздестіруге, көшіруге, ауыстыруға, жоюға, сұрыптауға, өзгертуге және іске қосуға болады. Қоршам-программасы командаларды МS DOS (DOS Navigator, Volkov Commander) тіліне «аударады».
Қоршам-программасының пайда болуы компьютермен және оның операциялық жүйелерімен жұмыс істеуді біршама оңтайлатқанмен, ол ұзақ уақыт бойы графикаландырылмады.
Бұдан сәл кейін тағы бір қоршам - Windows жасалды, ендігі жерде пайдаланушының графикалық интерфейсін пайдалануға мүмкіндік туды. Windows-тың графикалық интерфейсі терезе ұғымына (понятия окна) негізделеді, сондықтан да оны кейде терезелі интерфейс деп атайды. Windows интерфейсіндегі терезенің айрықша рөлін өзінің атауынан да көруге болады (Windows -терезе) . Бұл қоршамның бірнеше нұсқалары жасалған болатын. Ең танымал болған нұсқалары - Windows 3. 0, Windows 3. 10 жэне Windows 3. 11. Бұлар кейін Windows З. х-тың сыбайлас коршамдары (семейством оболочек Windows З. х) деп аталып кетті.
Содан кейін MS DOS-тың орнын Windows 95, Windows 98 және Windows МЕ (Millenium Edition) дербес операциялық жүйелері басты. Оларға Windows 9х жалпы белгіленді. Екі топ айырмашылықтары бар ұқсас интерфейстерге ие. Операциялық жүйелерінде дамыған желілік мүмкіндіктері бар Windows NT, Windows 2000 және Windows ХР ұқсас интерфейстерге ие. Жиі айтылатын «графикалық орта» сөз тіркесі «графикалық интер-фейс» ұғымымен толық эквивалентті екенін байқауға болады.
Windows 9. х (Windows 95, Windows 98) - бұл графикалық интерфейсті дербес компьютердің танымал операциялық жұйесі, алдындағы нұсқалардан айырмашылығы - Windows 3. 1 және Windows for Workgroups 3. 11 программалық қоршамдары өз құрамында DOS 7. 0 операциялық жүйені қамтиды әрі 32-разрядты операциялық жүйенің жаңа буынына жатады. Ол осы заманғы дербес компьютердің әлеуетін (потенциалын) әлде-қайда толық пайдалануға мүмкіндік береді және Windows -тың осы нүсқасындағы көптеген операциялар оңай әрі жылдам орындалады. Windows 9. х - жақсы қорғалған, көп есепті ОЖ, ол мультимедия жүйесіндегі және информациялық-есептеу желілеріндегі (оның ішінде Интернеттегі) жұмыстың тиімділігін, электрондық поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Windows 9. х-тың графикалық ортасында жұмыс істегенде файлдардың ұзынсонар (длинные) информативтік атауларын пайдалануға, тіпті ондағы бос орындарды да назарға алмауға (допускаются даже пробелы), кез келген объектіні экранның кез келген жерінен ауыстыруға әрі экранның кез келген жерінен контекстік мәзірді (контексное меню) шақырьш, контекстік көмекке жүгінуге болады.
ОЖ-дың бірінші нұсқасы Windows NT нарықта алғаш рет 1993 жылы пайда болды, қазіргі уақытта оның 3. 5 және 4. 0 нұсқалары әр түрлі ұйымдар, банктер, өнеркәсіптік және жекелеген пайдаланушылар кеңінен қолданылып жүр.
Windows 2000 - көптеген сервистік пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілсе де, пайдалануда үлкен қиындықтары бар Windows NТ және Windows 9х екеуінің мүмкіндіктерін біріктірген операциялық жүйе. Windows 2000 негізінде оңтайландырылған нұсқа ретінде Windows ME - Windows 9. х. -ны дамытушы болып табылатын ОЖ нұсқасы жасалды. Windows ОЖ-дың жаңа - 2002 жылғы нұсқасы - Windows ХР жасалды. Windows ХР Windows 2000-да пайдаланылған технологиялардың негізінде әзірленді. Ол үйдегі және кеңседегі компьютерде жұмыс істеуге қолайлы әрі оны пайдаланушылардын, саны күннен күнге артып келеді. Windows ХР жүйелік ресурстарға қоятын талабы жоғары (оперативті есте сақтау 128 Мб-тан және қатқыл дискідегі кеңістік 2 ГБ-тан кем болмауы керек) .
ІВМ РС-тың графикалық операциялық жүйесімен жұмыс істеу Microsoft компаниясында 1981 жылы басталған болатын, алайда мұндай жүйе алғаш рет 1995 жылы Microsoft Windows 95 пайда болғанға дейін ІВМ РС компьютерлері MS DOS графикалық жүйесімен жұмыс істеген жоқ болатын, бірақ ол графикалық қоршамдар жасалды.
Мәтіндік экранмен жұмыс істеу ұзақ уақыт бойы қызметтік мақсаттарға өте қолайлы болып келеді. Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарда графикамен жұмыс істеуге деген қажеттілік бола қойған жоқ, егер мұндай қажеттілік пайда бола қалған күннің өзінде Масіпіозһ компьютерлері пайдаланылды. Алайда ІВМ РС-ты үй компьютері ретінде пайдалану туралы мәселе көтерілгенде информацияны экраннан көрнекті етіп көрсететін әрі тышқан-тетіктің көмегімен баскаруға болатын графикалық операциялық жүйеге деген қажеттілік (зәрулік) өткір сезілді.
ІВМ РС компьютерлерінің бір ерекшелігі - онда экранмен жұмыс істеуде мәтіндік және графикалық жұмыс режимдері бөлек болады. Компьютер не осы режимге, не басқа режимге қосылады. Мәселен, экранның бір бөлігін текстік режимде, ал тағы бір бөлігін графикалық режимде етіп жасауға болмайды. Бұл режимдер бір-бірімен қатар тұра алмайды.
Windows тобындағы операциялық жүйенің артықшылығы - пайдаланылатын интерфейстер (қоршам) бірыңғайластырылған. Осының арқасында - әр түрлі программаларда олардың жұмысын басқарудың біркелкі (бірдей) принциптері сақталады. Бұл ОЖ бір мезгілде бірнеше міндеттерді қатар орындаудың мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Мұнда әрбір программа терезе деп аталатын жекелеген тік бұрышты аймақтарға орналасады. Терезені экран бойынша жылжытуға, мөлшерін өлшеуге, бір-біріне келтіруге немесе графикалық таңбашасына (ярлык) (пиктограммалар немесе таңбаша) дейін кемітуге болады.
Windows ОS/2, Unix жүйелері көп программалығына қарай әрі оларға қосылатын желілік мүмкіндіктерге қарай әлдеқайда күрделі болып келеді.
Unix ОЖ-дың басты ерекшелігі - модульдігінде, ЭЕМ-ның басқа тұрпаттарын (типтерін) жеңіл тасымалдайтындығында және негізгі міндеттері жаңа жүйелік программаларды жасау болып табылатын мамандарға жайлы жағдай тудыруға мүмкіндік беретін жүйелік программаның мол жиынына ие.
Жүйе 1969 жылы жасалып, әсіресе телефон компанияларының арасында ерекше танымал болып үлгерді, өйткені ол диалог режимінде және уақыттың белгілі бір аралығында желілердегі жұмыстың орындалуын қамтамасыз етті.
Windows ОЖ-ды жасауда Micosoft фирмасы объектік-бағдарланған тәсілді пайдаланды. Пайдалану деңгейінде мұндай тәсіл мынаны білдіреді: интерфейс нақты әлемге ұқсастықты (подобие реального мира) білдіреді, ал ЭЕМ-мен жұмыс істеу жай ғана объектімен әрекет етуге (іс-қимыл жасауға) келіп тіреледі (сводится) . Папканы ашуға, жабуға, жылжытуға, портфельге жинауға болады. Құжаттарды қарап көруге, түзеуге, бір орыннан басқа орынға ауыстырып қоюға, жоюға немесе кәрзеңкеге тастауға болады.
Windows ОЖ-де жұмыс істегенде программаларды қолданбалар деп атау әдетке айналған.
OS/2 операциялық жүйесі (Operationg System/2) бір жолғы пайдаланылатын, көп есепті ОЖ, МS DOS -пен (МS DOS -> OS/2) программасы бір жақты біріккен, ол МП 80386 және одан жоғарғысымен (ПК ІВМ РС и PS/2) жұмыс істеуге арналған. ОS/2 бір мезгілде 16 программаға дейін (олардың әрбіреуі өзінің жадында сақтау сегментінде болады) орындай алады, алайда олардың ішіндегі біреуі ғана МS DOS әзірленген.
ОS/2 (Ореrationg System/2) операциялық жүйесінің тобы бірнеше қолданбалы программалардың жұмысын параллель ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Операциялық жүйе ығыстырушы көп міндеттердің режимінде (в режиме вытесняющей многозадачности) жұмыс істейді. Бұл арада жүйе әрбір қолданбаның (приложения) жұмысына қатал шектеумен белгілі бір уақыт бөледі.
ІВМ фирмасы жасап шығарған бұл ОЖ Microsoft фирмасы әзірлеген Windows ОЖ-іне бәсекелес болып табылады. Осы топтағы ОS/2 Connect: нұсқасы желілік ОЖ болып табылады.
ОS/2-ніц аса маңызды ерекшеліктері мыналар:
• көп терезелі пайдалану интерфейсі;
• мәліметтер базасының жүйесімен жұмыс істеудің программалық интерфейстері;
• жергілікті есептеу желілерінде жұмыс істеудің тиімді программалық интерфейстері.
ОS/2 оперативті жадыны (ОЖ) көлемі 16 Мб-қа дейін және виртуалдық әрбір міндетті 512 Мбайтқа дейін физикалық қолдау көрсетеді. ОS/2-нің кемшіліктеріне ең алдымен қазіргі уақытқа арналып жасалған программалық қолданбалардың көлемі айтарлықтай төмен.
Unix операциялық жүйесі. Unix - әр түрлі пайдаланушылар мен программаларды қорғаудың аса қуатты құралдарын қамтитын, көп пайдалануға болатын, көп міндетгі ОЖ (операциялық жүйе) . Unix ОЖ программаларының көп бөлігі С тілінде (DOS жэне ОS/2-дегі сияқты ассамблерде емес) жазылған, ол машинаға тәуелді болып табылмайды, бұл қасиеті (өзгешелігі) ОЖ-нің мобильдігін (жылжымалылығын) арттырады әрі әмбе-бап (универсальные) компьютерлерде және әр түрлі архитек-турадағы дербес компьютерлерде қолданбалы программалардың жеңіл тасымалдануын қамтамасыз етеді.
Файл ұғымы, файл атаулары
Файл - бұл магниттік немесе оптикалық дискілерде, магниттік таспаларда, ОЖ-да (оперативті есте сақтау немесе басқа да информацияны тасушыларда болатын, жалпы атауға ие, компьютерде біртұтас ретінде қабылданатын өзара байланысты деректердің жиыны.
Файл әдетте жалпы атауға ие, логикалық тұрғыдан байланысқан деректер орналастырылған жадтар учаскесімен (СЖҚ, ОЖҚ, ТЖҚ) теңестіріледі. Файл санаудың екілік жүйесіндегі информация тасушыда сақталып, ОЖ-да ол байланысқан байттардың жиынтығы ретінде болады. Файлда программалардың, құжаттардың, деректердің және т. б. мәтіндері сақталады. Компьютер дискілерінде файлдарды сақтаудың тәсілі файлдық жүйе деп аталады.
Осы немесе басқа файл дискісінің қай тұсында жазылғаны туралы деректер файлдарды орналастырудың арнайы кестесіндегі немесе FАТ-кестелеріндегі (FАТ - Fail Allocation Table, (файлдарды орналастыру кестесі) дискінің жүйелік саласында сақталады. Бүгінгі таңда дербес компьютер үшін операциялық жүйелерде оншақты файлдық жүйелер пайдаланылады: DOS-та дискет үшін FАТ16, FАТ32 және FАТ12 пайдаланылады, Windows 9. х-ке FАТ16 және FАТ32 тән, Windows NT және Windows 2000-да NTFS әйгілі (танымал), Linux ОЖ үшін Ext2FS лайықты және т. б. Алайда осылардың ішінде DOS-тың FАТ16 және FАТ32 файлдық жүйелері ең көп тараған, Дискінің файлдары мен қапшыктарын бейнелейтін операциялық жүйе түрінде иерархиялық құрылым файлдық құрылым деп аталады.
Әрбір файл өзіне тән өзгешеліктерге - атрибутқа ие. Файлдың маңызды атрибутына мыналар жатады: атау, кеңейту, ұзындық, уақыт және жасау (құру) күні (дата создания) .
Файлдардың атауы қапшықтағы, каталогтардағы магниттік және оптикалық дискілерде тіркеледі. «Каталог» термині DOS тобындағы ОЖ-да, «қапшық» («папка») термині Windows тобының операциялық жүйелерінде пайдаланылады.
Каталог ұғымы және файл маршруты
Файлдар оларды (файлдарды) жасаушылардың берген кез келген жалпы белгісі бойынша каталогқа бірігеді (тұрпаты бойынша, тиістілігі бойынша, тағайындалуы бойынша, жасалу уақыты бойынша және т. б. ) . Каталог файлдарының ерікті топтары бірігіп, бағыныңқы каталогтарды (подкаталог) қалыптастырады. Бірқатар бағыныңқы каталогтардың операциялық жүйелерін қапшықтар деп атайды. Нақты бағыныңқы каталогтар түпкі каталог секілді - бұл дискіге орналастырылған әрі файл-дың бағыныңқы каталогына жіберілгені туралы информацияны қамтитын кестелер. Түпкі каталогтан айырмашылғы - дискідегі бағыныңқы каталогтардың жағдайы жүйелік аймаққа байланбаған. Соңдықтан да бағыныңқы каталогтардың мөлшері жеткілікті дәрежеде ерікті болады, бұл файлдардың бағыныңқы каталогында көрсетілгендердің санына қойылатын шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді. Төменгі деңгейлердің каталогтары әлдеқайда жоғары деңгейдегі каталогтарға салынады. Әрі олар үшін қабаттасушы (вложенными) болып табылады. Дискінің түпкі каталогы иерархиялық құрылым қабаттасуының жоғары деңгейі ретінде болады. Түпкі каталогты оған қосылған бірінші деңгейдегі бағыныңқы каталогқа қатысты аталық деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz