Бұрғылау тереңдігі 4000м дейінгі диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышты модернизациялау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университеті
Ө. А. Байқоңыров атындағы тау-кен және металлургия институты
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
Сатанов Н. С.
Бұрғылау тереңдігі 4000 м дейінгі диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышты модернизациялау
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары
Алматы 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө. А. Байқоңыров атындағы тау-кен және металлургия институты
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
техн. ғыл. канд., профессор
Б. Ә. Мырзахметов
«»2015 ж.
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Тақырыбы «Бұрғылау тереңдігі 4000 м дейінгі диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышты модернизациялау»
5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы
Орындаған Сатанов Н. С.
Пікір беруші Ғылыми жетекші
т. ғ. к. доцент аға оқытушы
Куандыков Т. А.
«___ » 2015 ж. «___ » 2015 ж.
Алматы 2015
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университеті
Ө. А. Байқоңыров атындағы тау-кен және металлургия институты
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
теxн. ғыл. канд., профессор
Б. Ә. Мырзахметов
« » 2014 ж.
Дипломдық жоба орындауға ТАПСЫРМА
Білім алушы Сатанов Нұрлан Серікқалиұлы
Тақырыбы Бұрғылау тереңдігі 4000 м дейінгі диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышты модернизациялау.
Университет ректорыны ң "23" желтоқсан 2014 ж. № 602-п бұйрығымен бекітілген.
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «15» мамыр 2015 ж.
Дипломдық жобаның бастапқы берілгендері диаметрі 172 мм., бұрғылау тереңдігі 4000 м.
Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі:
а) Техникалық бөлімі: Бұрандалы түптік қозғалтқыштың (БТҚ) құрылымы, жұмыс істеу принципі мен мақсаты, құрастыру, қолдану аймағы және тиімділігі;
б) Есептеу бөлімі және арнайы бөлім : БТҚ-172 бұрандалы түптік қозғалтқыштың негізгі өлшемдері есептеу, геометриялық және энергетикалық параметрлерін есептеу;
в) Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі: Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы, өртке қарсы іс-шаралар ;
г) Экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімі: Бұрғылау кезіндегі қойнауды қорғау және ұңғыманы жерасты жөндеу;
д) Экономикалық бөлімі: Жобалаудың экономикалық тиімділігінің жоспары, пайдалану саласындағы шығындар, пайдаланушының үнемділігін есептеу;
Сызбалық материалдар тізімі (6 А1 парақ сызбалар көрсетілген) .
Ұсынылған әдебиеттер: 21 атау.
Дипломдық жобаны даярлау
Кестесі
Дипломдық жобаның және оған қатысты диплом жобасының бөлімдерінің кенесшілерінің және қалып бақылаушының
қолтаңбалары
Ғылыми жетекші, кеңесшілер
(аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы)
Қол
қойылған
мерзімі
Экономикалық
бөлім
Мухамедгалиева О. К.
аға оқытушы
Бутебаева Ж. Т.
аға оқытушы
Куандыков Т. А.
аға оқытушы
Ғылыми жетекшісі Куандыков Т. А.
Тапсырманы орындауға білім алушы Сатанов Н. С.
Күні « 23 » желтоқсан 2014 ж.
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
Дипломдық жобада ұңғыларды бұрғылауда қолданылатын бұрғылау тереңдігі 4000 м диаметрі 172 мм болатын бұрандалы түптік қозғалтқышының конструкциясы ұсынылған. Құрылымды дамытуда шетелдік қолданыстағы аналогтары және олардың ерекшеліктері талданды.
Жұмыс үрдісінің теориясының негіздері, бұрандалы түптік қозғалтқыштардың (БТҚ) классификациялары және құрылымдарының сипаттамалары тұжырымдалды. БТҚ дамытудағы және пайдаланудағы сипаттамаларына назар аударылды. Пайдалы өнертабыс негізі ротордың сыртқы бетін шашыраңқы жоғары жылдамдықты жалындаған газ әдісімен тозу мен коррозияға төзімді жабынмен қамтамыз етіп, ротордың пайдаланудағы сипаттамаларын жақсартып, жұмыс қабілеттілігін ұзарту болып табылады.
Сонымен қатар, жобада қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары қарастырылды.
Ұсынылған жабдықты жобалау тиімділігін техникалық және экономикалық есептеулермен расталады.
Дипломдық жобаның түсініктеме жазбасы 5 бөлімнен, сызба бөлімі 6 А1 парақтарынан және осы сызбаларға сипат тізімдерден тұрады.
АННОТАЦИЯ
В дипломном проекте разработана конструкция винтового забойного двигателя с диаметром 172 мм, который используется в бурений скважины. В процессе разработки конструкций проанализированы зарубежные аналоги эксплуатационных винтовых двигателей и их особенности.
Изложены основы теории рабочего процесса, приведены классификация и описание конструкций винтовых забойных двигателей (ВЗД) различного назначения. Разработана характеристики ВЗД и уделено внимание эксплуатации и техническому обслуживанию. Полезная модель обеспечивает покрытие поверхности ротора материалом, обладающим отличной стойкостью к износу и коррозии, что позволяет улучшить эксплуатационные характеристики ротора, продлевая срок его службы.
Кроме того в проекте рассмотрены вопросы техники безопасности, охраны окружающей среды.
Эффективность предлагаемой конструкции оборудование подтверждена технико-экономическими расчетами.
Пояснительная записка дипломного проекта состоит из 5 частей, графическая часть из листов 6 А1 и спецификаций к ним.
ABSTRACT
In the degree project the design of the screw bottomhole engine with a diameter of 172 mm which is used in drillings of a well is considered. In the course of development of designs foreign analogs of operational screw engines and their feature are analysed.
Bases of the theory of working process are stated, classification and the description of designs of the screw bottomhole engines (SBE) of different function are given. Characteristics of VZD are considered and the attention of operation and to maintenance is paid. Chosen useful model provides a rotor surface covering with the material possessing excellent resistance to wear and corrosion that allows to improve operational characteristics of a rotor, prolonging the term of its service.
Besides in the project questions of safety measures, environmental protection are considered.
Efficiency of the offered design the equipment is confirmed with technical and economic calculations.
The explanatory note of the degree project consists of 5 parts, graphic part from the sheets A1 and specifications to them.
КІРІСПЕ
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде гидравликалық және бұрандылы қозғалтқыштар қолданылады, олар сәйкесінше, жуу сұйықтығының гидравликалық энергиясын қозғалтқыштардың шығару білігінде механикалық энергияға түрлендіреді. Гидравликалық ұңғы түбі қозғалтқыштарды гидродинамикалық және гидростатикалық типте шығарылады. Олардың біріншісін бұрандалы, ал екіншісін электробұрғылы түптік қозғалтқыштар деп атайды.
Бұрандалы түптік қозғалтқыш (БТҚ) - гидравликалық түптік қозғалтқыштың көлемді түрі, планеталық механизм схемасына сәйкес жасалған жұмыс органдары жуу сұйықтығының энергиясымен қозғалады. Бұрандалы түптік қозғалтқыш бағытталған, терең, тік, көлденең және басқа да ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Сонымен қатар құмды тығындарды, цемент көпірлерді, тұз кен орындарын және т. б. бұрғылауда да қолданылады.
БТҚ мынадай негізгі құрамдас бөліктер мен компоненттен тұрады:
- Қозғалтқыш бөлігі: оның ішіне ротор және статор кіреді;
- Шпиндель бөлігі: қабатты осьтік подшипник, радиалды мойынтіректерді және алдыңғы сальникті қамтиды;
- Асыра құю клапаны, жалғағыш және жұмыс аударғылары.
Қозғалтқыш ротор мен статордан тұрады. Болат статор ішінде сол бағытта бұрандалы тісті ысытылған резеңкелі қоршауы бар. Болат роторда сол бағытта сыртқы бұрандалы тістер кесілген. Ртор тістерінің саны статор тістерінің санынан бірге кем болғандықтан, нәтижесінде ротор осінің ілінісу үшін статор осінің тіс биіктігінің жартысына тең эксцентритетіне қатысты жылжытылған. Ротор мен статор бұрандалы қадамдары тістерінің санына тура пропорционал.
Патенттік өнертабыс негізі ротордың сыртқы бетін вольфрам карбидінің бөлшектерінің мөлшері 5 - 40 мкм ұнтағымен шашыраңқы жоғары жылдамдықты жалындаған газ әдісімен тозу мен коррозияға төзімді жабынмен қамтамыз етіп, ротордың пайдаланудағы сипаттамаларын жақсартып, жұмыс қабілеттілігін ұзарту болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты тереңдігі 4000 м дейінгі, диаметрі 172 мм бұрандалы түптік қозғалтқышпен бұрғылаудағы экономикалық тиімділіктер мен мүмкіндіктерін арттыру жолындағы қондырғының құрылысын модернизациялау болып табылады.
1 Техникалық бөлім
1. 1 Түптік қозғалтқыш
Түптік қозғалтқыш - бұрғылау кезінде гидравликалық, пневматикалық немесе жоғарыдан жеткізілетін электр энергиясын жыныс бұзушы аспаптың (қашау) механикалық жұмысына түрлендіретін батырмалы машина. Энергия түптік қозғалтқышқа бұрғылау құбырлары тізбегі немесе кабель арқылы жеткізіледі. Қуаттың механикалық жұмысқа түрленуі түптік қозғалтқыштың жұмыстық органдарында жүзеге асады. [1]
Түптік қозғалтқыштардың жіктелуі:
1. Қозғалыс түріне сәйкес, жыныс бұзушы аспапқа хабарлауына қарай түптік қозғалтқыштар ажыратылады:
- айналмалы;
- соққылы.
2. Энергия көзі түрі бойынша:
- гидравликалық;
- пневматикалық;
- электрлік.
3. Жыныс бұзушы аспап ерекшеліктеріне қарай:
- үздіксіз түптік бұрғылауға;
- колонкалы.
4. Конструкциясына қарай:
-жекеленген;
- секциялық;
- щпиндельді;
- бәсеңдеткішті;
- т. с. с. .
1. 1. 1 Түптік қозғалтқыштың айналмалы түрі
Түптік қозғалтқыштардың ең елеулі түрлі дизайнімен және жұмыс принципімен ерекшеленетіні айналмалы (турбобұрғы, бұрандалы түптік қозғалтқыш және электрбұрғы) және соқпалы (гидро- және пневмотоқпақ) түрлері. Түптік қозғалтқыштың айналмалы түрінің (1. 1-сурет) жұмыс органы роторлы-статор жүйесі болып табылады. [1]
1. 1-сурет- Түптік қозғалтқыштың айналмалы түрі
Статор түптік қозғалтқыштың айналуға қарсы корпусында тіркелген, ал ротор - білікте. Түптік қозғалтқыштың корпусы бұрғылау құбырларымен қосылған, білік - қашаумен. Энергия тасымалдаушы түптік қозғалтқыштың айналмалы түрінің жұмыс органдары ротор мен статорда ауқымы бойынша және қарама-қарсы бағытта тең күш моменттерін тудырады (активті және реактивті деп аталатын) . Активті момент қашауды бұру үшін пайдаланылады, реактивті момент бұрғылау құбырлары колоннасына қабылданады және жоғарыда орналастырылған жетек механизмдері мен ұңғы қабырғаларында тоқтатылады.
Түптік қозғалтқыштың айналмалы түрінің жұмыс органдарының қосымша негізгі элементтері: осьтік және радиалды подшипниктер, біліктің шыға берісін тығыздау.
Түптік қозғалтқыштың айналмалы түрін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда ең көп пайдаланылады (жалпы 80% астам) .
1. 1. 2 Түптік қозғалтқыштың соққылы түрі
Түптік қозғалтқыштың соққылы түрі (1. 2-сурет) қашауға қайталама-ілгерілемелі қозғалыс арқылы әсер етеді. Мұндай түптік қозғалтқыштың негізгі жұмыс органы поршень-балғанының қашауға берілетін соққы энергиясы болып табылады. Балғаның төмен (жұмыстың жүрісі) және жоғары (кері жүріс) қозғалысын автоматты айналмалы сұйық немесе сығылған газбен қамтамасыз етеді. Соққылы түптік қозғалтқышының түрлі конструкцияларында ұңғымаға енгізілген сұйықтықтың (газдың) энергиясы поршень-балғаның тек түзу немесе қарама-қарсы жүрісіне немесе тек қана түзу жүрісі үшін және сол сияқты қарама-қарсы жүрісі үшін пайдаланылады. Соққылы түптік қозғалтқыштар сұйықтық (гидротоқпақ) және сығылған газбен (пневмотоқпақ) әрекетке келтіреді.
1. 2-сурет-Түптік қозғалтқыштың соққылы түрі
Гидро- мен пневмосоққыштар негізінен қатты пайдалы қазбалардың 1500 м тереңдікке дейін шағын диаметрлі ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары үшін пайдаланылады. Түптік қозғалтқышты пайдалану (ротормен салыстырғанда) бұрғылау жылдамдығын арттыру арқылы бұрғылау техникалық және экономикалық параметрлерін арттырады, энергия тұтынуды азайтады, бұрғылау колоннасының апаттарының санын азайтады.
1. 1. 3 Бұрандалы түптік қозғалтқыш
Бұрандалы түптік қозғалтқыш (БТҚ) - гидравликалық түптік қозғалтқыштың көлемді түрі, планеталық механизм схемасына сәйкес жасалған жұмыс органдары жуу сұйықтығының энергиясымен қозғалады. Бұрандалы түптік қозғалтқыш бағытталған, терең, тік, көлденең және басқа да ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Сонымен қатар құмды тығындарды, цемент көпірлерді, тұз кен орындарын және т. б. бұрғылауда да қолданылады.
1. 3 - сурет - Бұрандалы түптік қозғалтқыш
БТҚ мынадай негізгі құрамдас бөліктер мен компоненттен тұрады:
- қозғалтқыш бөлігі: оның ішіне ротор және статор кіреді;
- шпиндель бөлігі: қабатты осьтік подшипник, радиалды мойынтіректерді және алдыңғы сальникті қамтиды;
- асыра құю клапаны, жалғағыш және жұмыс аударғылары.
Болат статор ішінде айнала сол бағытты бұрандалы тісті ысытылған резеңке қоршауы бар. Болат роторда хромдалған қабатпен сол жақ бағытта тістер кесілген. Ротор тістерінің саны статор тістерінің санынан бірі кем болады. Ротор мен статор тістерінің арнайы профильі статордың жұмыс камераларының бір қадам ұзындығын қалыптастыру арқылы бір-бірімен үздіксіз контактіні қамтамасыз етеді. Қозғалтқышқа сорғыдан түсетін жуу сұйықтығы теңдестірілмеген күштердің әсерінен ротор статорға қатысты бұрылған кезде ғана қашауға өтуі мумкін.
Ротор сағат тілімен (абсолютті қозғалысы) планетарлық қозғалыс істей айналғанда, ротордың геометриялық осі статор осіне қатысты сағат тіліне қарсы (аударма қозғалысы) қозғалады. Статор мен ротордың тіс санының айырмасына байланысты (БТҚ түріне байланысты беріліс қатынасы 9/10, 6/7 және т. б болуы мүмкін) ауыспалы қозғалыс абсолютті беріліс қатынасы санына дейін төмендейді, бұл қозғалтқыш білігінде төмендетілген айналу жиілігі мен жоғары бұраушы моментті қамтамасыз етеді.
Шпиндель бөлімі қашауға бұрғылау құбырларынан осьтік жүктеме беру үшін қызмет етеді, гидравликалық жүктеме мен түптің реакцияларын, қашаудың радиалды тербелістерінің азаюын қабылдайды.
Артық ағынды клапаны тізбекті БТҚ-мен бірге көтеру кезінде бұрғылау құбырларынан жуу сұйығын ағызу және бұрғылау тізбегін ұңғымаға түсіру кезінде толтыру үшін арналған.
Бұрғылау қондырғысына бұрандалы түптік қозғалтқыш сақтандырғыш тығындарымен жинақталған күйде жеткізіледі.
Қозғалтқыштың жұмысын бастамас бұрын сыртқы сараптама жасалуы тиіс. Статор мен шпиндель корпусында жарықтар мен майысқан жерлерінің болмауына, қозғалтқыштың корпус бөліктері қосылатын бұрғылау құбырлары мен қашауға жалғанар жерінің резбасының жағдайына, бұрап нығайтылған аралық резбаның нығыздығына ерекше назар аударылуы қажет.
Қозғалтқыш пайдаланылуы тиіс, егер:
- жуу сұйықтығы ретінде су немесе тығыздығы 2⋅10 кг/м аспайтын балшық қолданылады;
- құрамында құм салмағы 2% -дан артық емес;
- қатты бөлшектер мөлшері 1 мм-ден кем;
- түптік температура 100 ° С артық емес.
Жуу сұйықтығының құрамында қатты бөлшектердің артуы жұмыс органдарының (ротор-статор) жылдам тозуына әкеледі. Түптік аймақта температураның өсуі статор эластомерінің қаттылығына әсер етеді және қозғалтқыш ресурсын азайтады.
Көмірсутекпен негізделген реагенттер қамтитын бұрғылау сұйықтығы статордың резеңке қаптауларының (эластомерлер) ісінуіне және қозғалтқыштың мерзiмiнен бұрын істен шығуына әкеледі.
Көлемдік қозғалтқыш жетегіндегі дифференциалдық қысым ұсынылған ең жоғары жұмыс көрсеткішінен асуы статор жұмысын қысқартады.
1. 2 Бұрандалы (көлемдік) түптік қозғалтқыштың (БТҚ) құрылымы Бұрандалы түптік қозғалтқыштың құрылымы мысалына Д1-172 қозғалтқышын қарастырайық. Қозғалтқыш түптегі температура 120°С - тан төмен мұнай және газ ұңғымаларын диаметрі 215, 9 . . . 244, 5 мм қашаумен бұрғылауға арналған.Д-172 бұрандалы түптік қозғалтқышы көлемдік (гидростатикалық) әсерлі машиналарға қарайды. Басқа түптік гидравликалық қозғалтқыштарға қарағанда бұрандалы қозғалтқыштың бірнеше артықшылықтары бар:
- қозғалтқыш білігінің жоғары айналу моментінде төмен айналу жиілігі қашау рейсына енуінің артуына мүмкіндік береді (турбиналық бұрғылау салыстырғанда) ;
- қозғалтқыштың жұмысы кезінде сораптардың қадаушасы қысымының өзгеруін көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндігі бар;
- қозғалтқышта қысымның төмендеуі өнімділігі жоғары гидро - мониторлы қашауды қолдануға мүмкіндік тудырады.
Әсер етуі бойынша БТҚ ішкі бұрандалы берілісті планетарлы-роторлы көлемдік түрдегі гидравликалық машинаны ұсынады.
Қозғалтқыш ротор мен статордан тұрады. Болат статор ішінде сол бағытта бұрандалы тісті ысытылған резеңкелі қоршауы бар. Болат роторда сол бағытта сыртқы бұрандалы тістер кесілген. Ртор тістерінің саны статор тістерінің санынан бірге кем болғандықтан, нәтижесінде ротор осінің ілінісу үшін статор осінің тіс биіктігінің жартысына тең эксцентритетіне қатысты жылжытылған. Ротор мен статор бұрандалы қадамдары тістерінің санына тура пропорционал.
Бұрғылау қондырғысының сорабынан қозғалтқышқа келетін бұрғылау сұйығы қашауға ротор теңдестірілмеген гидравликалық күштердің әсерінен статорға қатысты айналған жағдайда ғана өтуі мүмкін. Ротор сағат тілімен (абсолютті қозғалысы) планетарлық қозғалыс істей айналғанда, ротордың геометриялық осі статор осіне қатысты сағат тіліне қарсы (аударма қозғалысы) қозғалады. Статор мен ротордың тіс санының айырмасына байланысты (БТҚ түріне байланысты беріліс қатынасы 9/10, 6/7 және т. б болуы мүмкін) ауыспалы қозғалыс абсолютті беріліс қатынасы санына дейін төмендейді, бұл қозғалтқыш білігінде төмендетілген айналу жиілігі мен жоғары бұраушы моментті қамтамасыз етеді.
Д-172 бұрандалы (көлемдік) түптік қозғалтқышы құрамына келесі негізгі бөлісдер кіреді: қозғалтқыш 2 бөлімі, шпиндель 4 бөлімі, төгу клапаны 7 және кардан білігі 3. Төгу клапаны арқылы бұрғылау құбырларынан бұрғылау сұйығын тізбекті эксцентрлі (планетарлық) айналыстағы роторымен көтеру кезінде шпиндель бөлімінің білігіне ағызып жіберу жүзеге асырылады. Шпиндель бөлімі қашауға бұрғылау құбырларынан осьтік жүктеме беру үшін қызмет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz