Жылуөнімділігі 400 гдж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университеті
Ө. А. Байқоңыров атындағы тау-кен және металлургия институты
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
Жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығы
Алматы 201
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө. А. Байқоңыров атындағы тау-кен және металлургия институты
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
Кафедра меңгерушісі
техн. ғыл. канд., профессор
«»201 ж.
Дипломдық жобаға
ТҮСІНІКТЕМЕЛІК ЖАЗБА
Тақырыбы «Жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру»
5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары
Орындаған
Пікір беруші Ғылыми жетекші
Техн. ғыл. канд., доцент phD докторы
.
«___ » 201 ж. «___ » 201 ж.
Алматы 201
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық университеті
Ө. А. Байқоңыров атындағы тау-кен және металлургия институты
Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
5В072400 - Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
теxн. ғыл. канд., профессор
« » 201 ж.
Дипломдық жоба орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы:
Тақырыбы: Жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру.
Университет ректорының "23" желтоқсан 201 ж. № 602-п бұйрығымен бекітілген.
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі « 14 » мамыр 201 ж.
Дипломдық жобаның бастапқы берілістері Жылуөнімділігі 400 гДж
Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі:
а) Техникалық бөлімі: жылжымалы бу генераторы қондырғысын талдау, түпнұсқа таңдау жүргізілді;
б) Есептеу бөлімі және арнайы бөлім: негізгі элементтерінің параметрлері есептелінді, патенттік ізденістер жүргізілді;
в) Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі: қауіпсіздік шаралары және еңбек қорғау мәселелері қарастырылды;
г) Экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімі: ЖБҚ кезінде болатын қоршаған ортаның ластануы талданды;
д) Экономикалық бөлімі: жобаланатын ЖБҚ-ның экономикалық, пайдалану тиімділіктері салыстырылды.
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1. Бухаленко Е. И., Абдуллаев Ю. Г. Монтаж, обслуживание и ремонт нефтепромыслового оборудования. - М. : Недра, 1985.
2. Кириллов П. Л., Юрьев Ю. С., Бобков В. П. Справочник по теплогидравлическим расчетам: (Теплообменники, парогенераторы) . Под общ. ред. П. Л. Кириллова. - М. : Энергоатомиздат, 1990. 22
Дипломдық жобаны даярлау
Кестесі
Есептік және
арнайы бөлім
Дипломдық жобаның және оған қатысты диплом жобасының бөлімдерінің кеңесшілерінің және қалып бақылаушының
қолтаңбалары
Ғылыми жетекші, кеңесшілер
(аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, атағы)
Ғылыми жетекшісі .
(қолы)
Тапсырманы орындауға білім алушы. алды
(қолы)
Күні « 23 » желтоқсан 201 ж.
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
Дипломдық жобада жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру ұсынылған.
Жобаның мақсаты - қолданып жүрген жылжымалы бу генераторының кемшіліктерін ескере отырып пайдалану және экономикалық тұрғыдан тиімді жаңа жылжымалы бу генераторының конструкциясын жетілдіру.
Патенттік-ақпараттық анализ негізінде жылжымалы бу генераторының сенімділігі мен түп нұсқаны таңдау негізделген және конструкциясын жетілдірудің маңызды бағыттары анықталған.
Сонымен бірге техникалық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылған.
Ұсынылған агрегаттың конструкциясының тиімділігі технико-экономикалық есептермен дәлелденген.
Дипломдық жобаның түсініктемелік жазбасы 5 бөлімнен, сызба бөлімі
6 парақ А1 форматында жасалған сызбалардан және сипаттізімдерден тұрады.
АННОТАЦИЯ
Дипломная работа посвящена совершенствованию конструкции передвижной парогенетаторной установки 400 гДж.
Цель проекта - учитывая недостатки используемого передвижного парогенератора, усовершенствовать конструкцию нового передвижного парогенератора, который будет эффективным с эксплуатационной и экономической точки зрения.
На основании патентно-информационного анализа обоснована надежность парогенератора и выбор прототипа и определены важные направления совершенствования его конструкции.
Также рассмотрены вопросы технической безопасности, защиты окружающей среды.
Эффективность конструкции предложенного агрегата доказана технико-экономическими расчетами.
Пояснительная записка дипломного проекта состоит из 5 частей, чертежная часть состоит из 6 чертежей выполненных на листах формата А1 и спецификации.
ABSTRACT
Thesis is devoted to improving the design of a mobile installation, heating parogenetatornoy 400 GJ.
The aim of the project - given the shortcomings of used mobile steam generator, improve the design of a new mobile steam generator, which will be effective from an operational and economic point of view.
On the basis of patent information analysis proved the reliability of the steam generator and the choice of the prototype and identifies important ways of improving its design.
Also consider the technical safety and environmental protection.
The effectiveness of the proposed design of the unit proved technical and economic calculations.
Explanatory note graduation project consists of 5 parts, drawing part consists of 6 drawings made on sheets of A1 size and specification.
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта әлемдік экономиканың мұнай-газ секторында машина жасау саласының қарқынды дамуы жүруде. Бұл мұнай-газ шикізатын үлкен көлемде өңдіру қажеттілігімен қамтамасыз етілген.
Жаңа заман ЖБҚ-ның жаңа моделін әзірлеудің алғышарттары: біріншіден, мұнай-газ өнеркәсібінің күннен-күнге артып келе жатқан талаптарын, яғни мұнай өндірудің жаңа технологияларының және қолда бар ұңғымалар қыртысының, соның ішінде гидротермоирозионды бұрғылаудың мұнай қайтарымдылығын арттыру, мұнай құбырларындағы парафиндік және өзге де қалдықтарды өңдеу және жоюды қанағаттандыруға қабілетті қондырғы моделін жасап шығару қажеттігі; екіншіден, қыртыстың сулануының артуына байланысты мұнай өңдіруге кететін экономикалық шығындардың өсуі болды.
Көпшілік кен орнындарда мұнай құбырларын булау, ұңғымаларды және айнала орнатылған колонналарды жылыту, мұнайлы және сулы қабаттарға жылу жіберу бойынша жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, сондай-ақ, отандық және шетелдік мұнай өндіруші компаниялардың мұнай және газ өндірудің жаңа озық әдістерін дамыту бойынша жүргізген тәжірибе және талдау жұмыстары нәтижесінде барлық талаптарға сай қондырғы жасап шығаруды қамтамасыз ету үшін бір қатар есептеулер жүргізілді.
Экономикалық және тактико-техникалық шешімдердің үйлесімі басты міндет ретінде қойылды. Қондырғы барынша автоматтандырылған, оңтайлы, салыстырмалы түрде арзан, пайдалануда қарапайым, сенімді және бір қатар жүктемелік сипатқа ие болуы тиіс.
Ескі бу генераторының параметрлерін есептеу барысында, оның орнына өндіріске орнатып қою мезетінде барлық техникалық және экономикалық талаптарға сай жаңа оттық құрылғы және қауіпсіздік аспабы үйлесімін қамтитын комплексті пайдалану әлдеқайда орынды деген қорытынды шығады.
Жоғарыда аталған мәселелерге орай, менің дипломдық жұмысымда өндірістің түрлі салаларында техникалық қажеттіліктер үшін алдағы пайдалану мақсатында бу өндіретін жылжымалы бу генераторы қондырғысын жетілдіру қарастырылған.
Дипломдық жобаның мақсаты жылуөнімділігі 400 гДж жылжымалы бугенераторының конструкциясын жетілдіру, ұңғыманы экономикалық тиімділіктер мен мүмкіндіктерін арттыру жолындағы қондырғының құрылысын жетілдіру болып
табылады.
1 Техникалық бөлім
1. 1. Жылжымалы және стационарлы бу генераторлары
Бу генераторы қондырғысы - бұл жылу энергиясын қолдана отырып, берілген параметрлерге сай су буын алу үшін қызмет атқаратын агрегаттар мен түйіндер жиынтығы.
Бу генераторы қондырғысының үш түрі өндіріледі:
- жылжымалы (ЖБҚ - жылжымалы бу генераторы қондырғылары, автокөлік негізінде) ;
- трейлер базасында (тіркемелерде) ;
- стационарлы (СБҚ - стационарлы бу генераторы қондырғысы) .
Бу генераторы қондырғыларының аталған үш түріне мысал ретінде келесідей үлгілер схемаларын көрсетуге болады.
1. 1. 1 Бу генераторы қондырғыларының конструкциялары
Көп атқарымдық жылжымалы кәсіптік бу қондырғысы ЖБҚА (1. 1-сурет) .
1 - Платформа; 2 - Қыздырғыш; 3 - Мұнай құбырлары; 4 - Электржабдықтар КИП и А; 5 - Трансмиссиясы; 6 - Инерттік газды енгізу ; 7 - Отын жұйесі ; 8 - ДЗК; 9 - Қоршау және баспалдақ; 10 - Қосымша құбырлар ; 11 - ауақұбырлары; 12 - Выхлоп жұйесі; 13 - Автомобиль шассіы; 14 - Ағу-тамуларды жинау жұйесі ; 15 - Насос ПТ-50 және 3ПН-32; 16 - ЗЗУ.
1. 1-сурет- АДПМ ның схемасы
Мұнай ұңғымаларын, жер үсті және жер асты жабдықтарын жоғары қысымды (100 кгс/см 2 -ге дейін) қаныққан бумен депарафиндеуге, сондай-ақ, макроклиматтық аймақтардың суық және қоңыржай жағдайында төмен қысымды (6 кгс/см 2 -ге дейін дейін ) бумен жылыту, жуу және т. б. жұмыстар бойынша операцияларды жүргізуге арналған. Ол далалық жағдайларда бу шығаруға арналған автономды қазандық болып табылады. Урал, КАМАЗ, КрАЗ автокөліктері шассиінде орнатылады. Жұмысты басқару жүргізуші кабинкасынан дистанциялық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Дистанциялық байланыс келесілерден: жұмыс туралы ақпарат көрсетілетін аспаптар қалқанынан, бу қазанының оттығына берілетін отын көлемін басқару вентилі және реттеуші бу вентилі тұтқасынан тұрады, сондай-ақ, осы жерде желдеткіш жапқышын басқару тұтқышы орнатылған.
1 - автомобильдың КДОМы; 2 - карданды біліқ ; 3 - редуктор; 4 - карданды біліқ; 5 - насос ПТ-50; 6 - отын насосы; 7 - вентилятор.
1. 2-сурет- АДПМ ның кинематикалық сұлбасының көрінісі
ЖБҚА қондырғысында қазанның бу жасаушы бөлігіне су жіберуге арналған жоғары қысымды сорғы орнатылған. Стандартты комплектация құрамына қондырғы жұмысына үнемі бақылау жасауды және оны қызып кетуден сақтауды жүзеге асыратын заманауи аспаптар кіреді.
ЖБҚА-да орнатылған негізгі жабдық жетегі кардан білігі және клино белбеулі беріліс арқылы қуатты қосымша іріктеу жәшігінен жүзеге асырылады. Монтажды жақтаудың алдыңғы жағында жоғары қысым желдеткіші, бу қазаны, қазанға су айдауға арналған қоректендіргіш сорғы орнатылған. Монтажды жабдықтың қалған бөлігі жабдықты реттеу және мониториг жасауға арналған тетікпен жабдықталған, сонымен қатар, мұнда қоректендіруші суға арналған цистерна және бу қазанының жанармай багі орналасқан. Барлық жабдықтар құбырлар, электр сымдары және арматура арқылы бір технологиялық желіге нық байланысқан. ЖБҚА қондырғысы мұнай-газ өнеркәсібінде қарастырылған қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әзірленген.
АДПМ қондырғысының редукторы КамАЗ автокөлігі шассиіндегі құрылымдық орындалуының нұсқасы 1. 3-суретте көрсетілген (“Челябинский Завод Спецтехники” ААҚ өнімі) .
1 - дөңгелек; 2 - жетектегі білік; 3, 4 - жартылаймуфта; 5 - фланец; 6, 7 - аралық білік; 8, 9, 10 - шестнрнялар; 11 - жетекті білік; 12 - шкив; 13 -щуп.
1. 3-сурет- АДПМ қондырғысының редукторы
Аталған қондырғы ұңғыманың забойлы зонасын, мұнай өнеркәсібі жабдықтарын жоғары қысымды 10МПа (100 кгс/см 2 ) қаныққан бумен депарафинизациялауға, сондай-ақ, төмен қысымды (6 кгс/см 2 -ге дейін дейін ) бумен жылыту, жуу және т. б. жұмыстар бойынша операцияларды жүргізуге арналған.
Қондырғының КамАЗ автокөлігі шассиінде орнатылған кейбір конструкциялық орындалуында оператор кабинасының жабдықталуы қарастырылған. Ол қондырғыны және автокөлік жүйесін басқару аспаптары және құралдарымен жасақталған. Бақылау құралдарының, автокөлік қозғалтқышын іске қосу және тоқтату жүйелерінің, ажыратудың, оператор кабинасынан қуаттылықты таңдау жәшігін басқарудың қосарлануы жұмысты айтарлықтай тиімді және қолайлы түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Оператор кабинасы жылыту және желдету жүйелерімен жабдықталған.
Қондырғы бу температурасы мен қысымының белгіленген шамадан асып кетуі, қазанның оттығындағы алаудың өшіп қалуы, ауа өткізгіштегі ауа күшінің төмендеуі, цистернадағы су деңгейінің тиісті мөлшерден төмен түсуі, қоректендіргіш су шығынының төмендеуі кезіндерінде апатты жағдайлардан сақтандыратын қауіпсіздік автоматикасымен жабдықталған.
Қондырғының техникалық сипаттамалары 1. 1-кестеде келтірілген.
1. 1-кесте-ЖБҚА-1600/100 қондырғысының техникалық сипаттамалары
Урал автокөлігі («ТамбовПолимерМаш» ЖАҚ өнімі) шассиіндегі ЖБҚ-1600/100 жылжымалы бу генераторы қондырғысы мұнай ұңғымаларын парафинизациялауға, құбырларды, сұйыққоймаларды және өзге мұнай өнеркәсібі жабдықтарын жоғары қысымды қаныққан бумен өңдеуге, сондай-ақ, макроклиматтық аймақтардың суық және қоңыржай жағдайында төмен қысымды қаныққан бумен жылыту, жуу және т. б. жұмыстар бойынша операцияларды жүргізуге арналған.
Қондырғыны негізгі тұтынушылар - мұнай-газ өндіру кәсіпорындары, коммуналдық қызметтер.
Бұл қондырғы:
- түрлі жабдықтарды, коммунникация және материалдарды қысқы уақытта тиімді қыздыруға мүмкіндік береді.
1 - ручкасы 2 - ұшақсөндырғыш 3 - аралық 4 - бекітпе 5 - қақпақ 6 - тіреу құрылғысы 7 - пластина 8 - спиралды жұланша 9 - өткізгішкұбыр 10 - клапан 11 - қорғау қапшығы 12. сақина 14 - ішкі змеевик 15 - сыртқы змеевик 16 - патрубок 18 - негізі 19 - отқақарсы майлау 20 - қыздырғыш ГЖ-1, 3 21 - бекітушіа 22 - патрубок 23 - тесік 24 - тесік 25 - патрубок 26. - патрубок
Рисунок 1. 4 АДПМ қондырғысының қыздырғышы
Қондырғының техникалық сипаттамасы.
Жетілдірілген ЖБҚ моделі ("Торговый дом Нефтемаш" ЖАҚ өнімі) ПКУ-1, 6/4, 0-Ранко мұнай және газ өнеркәсібінде түрлі технологиялық операциялар барысында пайдаланылатын ауаны қыздыру және қанныққан буды генерациялау үшін қолданылады. Аталған қондырғының техникалық сипаттамасы төменде келтірілген.
ПКУ-1, 6/4, 0 “Ранко” қондырғысының сериялы ЖБҚА-1600/100 қондырғысынан артықшылықтары:
- қазанның жұмыс жасау көлемі 25%-ға арттырылған, жоғарылатылған ТӘК (3-5%-ға) және бу жасау шарттары жақсартылған жетілдірілген конструкциясы;
- жұмыс жасау тәртібін реттеу, жану үрдісін оңтайландыру және жанармай шығынын төмендету мүмкіндіктері;
- тәуелсіз жылыту жүйесімен жабдықталған жылу өткізбейтін кузов, соның ішінде қондырғыны тасымалдау барысында да;
- қондырғы агрегаттарын орталықтандырылған жүйеден немесе сыртқы ток көзінен электрмен қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- су жоғалтусыз бу айналымының жабық жүйесіне ие ыстық ауа генерациясы блогын қолдану барасында ауаны қыздыру тәртібін еңгізу есебінен қондырғының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту;
- дайындалған суды тиімді пайдалану мақсатында будың құрғақтық дәрежесін арттыру үшін қондырғы сепаратормен жасақталған;
- сыртқы көздерден су және жанармайды автономды түрде құю мүмкіндігі;
- экологиялық параметрлерді арттыру (шығарылатын газ температурасының 220°С-тан аспауы), бұл атмосфераға зиянды қалдықтар шығару көлемін азайтады;
- дайындалған суды тиімді пайдалану, бір толтыру барысында су багі жұмыс уақытын 20-25%-ға арттыру.
1. 1. 2 Бір білікті және екі білікті автотіркемедегі ЖБҚ
Бу өнімділігі сағатына 400 килограмм буға дейінгі жылжымалы бу генераторларын бір білікті және екі білікті автотіркемелерде қолдану аясы айтарлықтай кең. Олар тіпті ең ауыр далалық жағдайларда тез арада қанныққан бу алуға мүмкіндік береді және мұнай-газ кеніштерінде, қалалық коммуналдық шаруашылықта, құрылыс алаңдарында, сондай-ақ, кәсіпорын өндірісінде темір-бетонды бұйымдарды, шлакоблокты, пенополистиролбетонды және т. б. бұйымдарды буландыруда пайдаланылады. Сонымен қатар, ол полистирол өндірісінде түрлі мақсаттағы булау және кептіру камераларының жабдықтары үшін де қолданылады. Аталған бу генераторы қондырғылары айтарлықтай артықшылықтарға ие:
- құрамдастырылған жанармай түрі, аз жабысқақ - дизель жанармайы, солярка майы, қайта өңделген жанар-жағармай, қатты-ағаш, торф, көмір;
- қолданудың уақыт сынынан өткен қарапайымдылығы және сенімділігі;
- жөндеуге жарамдылық;
- жұмыс істеу үшін электр көзін қажет етпейді;
- пайдаланылатын су мен жанармай сапасын талғамауы;
- мобильділік, автономдылық.
Ұшфорсункалы қыздырғыштың горелкасы (1. 5-сурет) («Комплект» ААҚ өнімі) 0, 4-4 кгс/см 2 қысымда және 151°С температурадағы қаныққан бу алуға арналған. Қондырғының бу өнімділігі - сағатына 200 кг бу, сондай-ақ, ол келесілерді жағуға арналған: аз жабысқақ, сұйық отын (дизель оты, солярка майы, мазут, қалдықтар және т. б) ; қатты отын (ағаш, торф және көмір брикеті, көмір және т. б. ) . ИАПЗ-738 автотіркемеде ашылатын есікшесі бар металл кузовқа орнатылады . Аталған қондырғының техникалық сипаттары 1. 2-кестеде берілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz