Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
1.1 Ағылшын тілін оқыту теориясы бойынша мультимедиялық лекциялар курсының әдістемелік аспектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Мультимедиялық оқулықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3Ағылшын тілі сабағында Интернет ресурстарын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2 Ағылшын тілі сабағында қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану
2.1Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.2 Ағылшын тілін оқытуда Power Point презентацияларды қолдану әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
2.3 Білім беруде интерактивті және мультимедиялық құрылғыларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
2.4Білім берудің жаңа мазмұны аясында ағылшын тілін оқытуда ақпараттық. коммуникативтік технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және ғаламдық Интернет желісінің дамуы еліміздің барлық салаларындағы қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беруде.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.
Компьютерді және басқа да мультимедиялық технологиялар, компьютерлік желіде телекоммуникацияларды, яғни АКТ-ды пайдалану дағдыларын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
Сондықтан, бүгінгі таңда студенттердің алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі студенттерге танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық
пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады.

1. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994
2. Биболетова М.З. Мультимедийные средства как помощник УМК “Enjoy English” для средней школы. ИЯШ, №3. 1999.
3. Весновская В.В. Формирование информационной компетентности Студенов в Ачинском педагогическом колледже. В сборнике материалов I региональной конференции: Открытое образование: опыт, проблемы, перспективы. Красноярск, 2004.
4. Владимирова Л. П. Интернет на уроках иностранного языка. ИЯШ, №3, 2002.
5. Скибицкий Э.Г., Егоров В.В. Дистанционное обучение: теория, практика и перспективы развития. Моногр. - Алматы, 2004.
6. Галишникова Е. М. Использование интерактивной Smart-доски в процессе обучения // Учитель. – 2007. - № 4.
7. Данкин А.А. Проектирование информационной инфраструктуры вуза // Педагогическая информатика. - 2001. - №2.
8. Донцов Д. Английский на компьютере. Изучаем, переводим, говорим. М., 2007.
9. Досжанов Б.А. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері. Пед.ғыл.канд дәреж. дайындалған диссер. Қызылорда-2007.
10. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003
11. Зубов А. В. Информационные технологии в лингвистике. – М., 2004
12. Иванова Н.В. Эффективное использование новых информационных технологий в преподавании английского языка в средней школе. В сборнике материалов I региональной конференции: Открытое образование: опыт, проблемы, перспективы. Красноярск, 2004.
13. Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторы-составители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006.
14. К.М.Беркімбаев, Н.И.Байтерекова. Болашақ филолог мамандарын даярлауда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы кәсіби құзырлығын қалыптастыру. «Құрылыс материалдарындағы химия және ХХІ ғасырдағы материалтану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның еңбектері. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент – 2008.
15. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. - 2004.
16. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - 2004. - № 2.
17. К.М.Беркімбаев, Н.И.Байтерекова. Ағылшын тілін оқытуда компьютерлік телекоммуникация технологияларын пайдалану.//Зерттеуші-Исследователь, №11-12. 2008ж.
18. Карамышева Т. В. Изучение иностранных языков с помощью компьютера. (в вопросах и ответах). СПБ., 2001.
19. Карпов А.С. Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка. ИЯШ, №4, 2002.
20. Кирко И.Н., Пак Н.И. Педагогическая система открытого обучения предметам в условиях информационно-образовательной среды. В сборнике материалов I региональной конференции: Открытое образование: опыт, проблемы, перспективы. Красноярск, 2004.
21. Клоков Е. В., Денисов А. В. Технология проектного обучения // Школа. – 2006. - №2.
22. Коноплева И. С., Чубова А. П. Компьютерные обучающие системы // Учитель. – 2007. – № 5.
23. Кораблёв А. А. Информационно-телекоммуникационные технологии в образовательном процессе// Школа. – 2006. - №2.
24. Мильшина А.М. Использование ресурсов глобальной сети Интернет при подготовке к урокам страноведения. В сборнике материалов I региональной конференции: Открытое образование: опыт, проблемы, перспективы. Красноярск, 2004.
25. Лекерова Г., Маджуга А. Инновационные педагогические технологии в образовательном процессе // Высшая школа Казахстана. - 2001. - № 6.
26. Моисеева М.В., Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Нежурина М.И. Интернет обучение: технологии педагогического дизайна. Камерон, Москва, 2004.
27. Овсишер Г.М., Овсишер М.В.Интернет и образование: первые шаги. В сборнике: Стратегии обучения английскому языку: теория и практика. Самара, 1998.
28. Нелунова Е.Д. К проблеме компьютеризации обучения иностранным языкам. Якутск, 2004.
29. Нелунова Е.Д. Информационные и коммуникационные технологии в обучении иностранному языку в школе. Якутск, 2006.
30. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учеб. пособие / Под. ред. Е.С.Полат. - М., 2002.
31. Пахомова Н. Ю. Компьютер в работе педагога М., 2005.
32. Петрова Л.П. Использование компьютеров на уроках иностранного языка -потребность времени.ИЯШ,№5, 2005.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
1.1 Ағылшын тілін оқыту теориясы бойынша мультимедиялық лекциялар курсының
әдістемелік
аспектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8
1.2 Мультимедиялық
оқулықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
1.3Ағылшын тілі сабағында Интернет ресурстарын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2 Ағылшын тілі сабағында қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану
2.1Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.2 Ағылшын тілін оқытуда Power Point презентацияларды қолдану
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
2.3 Білім беруде интерактивті және мультимедиялық құрылғыларды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
2.4Білім берудің жаңа мазмұны аясында ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-
коммуникативтік

... ... 56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 64
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
Кіріспе
Қоғамның ақпараттануы бүкіл дүние жүзінде шексіз ақпараттық кеңістік
қалыптастыра отырып, өндірісті, білім беруді және адамдардың тұрмыс-
тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
(АКТ) және ғаламдық Интернет желісінің дамуы еліміздің барлық
салаларындағы қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беруде.
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық
технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және
тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық
және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.
Компьютерді және басқа да мультимедиялық технологиялар, компьютерлік
желіде телекоммуникацияларды, яғни АКТ-ды пайдалану дағдыларын меңгеру
қазіргі өмірдің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.
Сондықтан, бүгінгі таңда студенттердің алдында тұрған міндет: табысты
және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті
мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті,
отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы
тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында,
сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша
құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық
және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті
факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы,
өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім
жүйесі студенттерге танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі
емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы
тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде
студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа
белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (3 бап)
белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім
саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып
табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін
қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды,
сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін
дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында
дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық
пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және
т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін
қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде
болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес.
Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа
технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын
ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер
технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.
Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б.
әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер
оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және
оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының
белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды
және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер
- адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік
қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру
процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық
қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-
технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты.
Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру
жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процесі жүріп жатыр. Жалпы білімді
жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық
технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Дегенмен, оқыту процесіне компьютерлік технологиялардың қарқынды
енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану
техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процесінде
компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы
ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы
зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе
зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: Шет тілін оқытуда
компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты – компьютерлік технологияларды қолдану арқылы
шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.
Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың
маңыздылығын суреттеу;
2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде
сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3.
Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және
монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.
Зерттеу құралы – шет тілін үйрету процесіндегі мультимедия мен
видеофильмдер.
Зерттеу процесінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға
арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген
мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық
практикада қолдану.
Зерттеудегі ғылыми жаңалық:
Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін
айқындау;
Білім беру процесінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын
қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде
компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау.
Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы:
Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге
асырылу мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен шет тілін
тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін
арттырады, әрі студенттің ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген
материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;
Объект: Ағылшын тілін үйретудегі жаңа ақпараттық әдістемелері.
Тақырыбы: Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларлы қолдану
ерекшелігі.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық
әдебиеттерді зерделеу; психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу
мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу,сауал
сұрақ жасау.
Талдау барысындағы материал: шет тілдерін оқытуға арналған
психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер; отандық және
шетелдік журналдар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады.
1 А
Aғылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
1.1 Ағылшын тілін оқыту теориясы бойынша мультимедиялық лекциялар
курсының әдістемелік аспектісі
Қазіргі заман шет тілін оқытуға деген жоғары талаптар қойып отыр.
Ақпарат көлемі күннен-күнге өсу үстінде және олардың дәстүрлі түрде
берілуі, сақталуы мен өңделуі тиімді болып келмейді.
Компьютерлік технологияларды қолдану, өміріміздің барлық салаларына
енуі бізге пайдалы құралдар ұсынады, кейбір құбылыстар мен әрекеттердің
автоматтануына мүмкіндік береді, көбейіп бара жатқан ақпарат ағымын іздеу
мен өңдеуін жеңілдетеді, шығармашылық идеяларды жүзеге асырады. Ақпараттың
электронды түрде ұсынылуы шет тілдерін оқыту теориясы үшін жеткілікті түрде
тиімді болып келеді.
Мультимедиялық дәрістер оқытушыға өзінің жұмысының кейбір бөлігін оқыту
үрдісін қызықты, қарқынды ете отырып компьютерге жүктеуіне мүмкіндік
береді. Бұл жағдайда компьютер оқытушының орнын баспайды, керісінше, оны
толықтырады.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінде қолданылуы дәлелденген MS PowerPoint
қолданбалы бағдарлама құралын қарастырып көрейік. Microsoft PowerPoint
(толық атауы — Microsoft Office PowerPoint) – бұл Microsoft Office бөлігі
болып табылатын және Microsoft Windows және Mac OS операциялық жүйелеріне
арналған тұсаукесер жасау мен жүзеге асыруға арналған танымал бағдарлама.
Microsoft Office PowerPoint басқа тұсаукесер жасауға арналған
бағдарламалар секілді жеке беттер, құрамында мәтін, сурет, графика, видео
және т.б. бар слайдтар жасауға мүмкіндік береді. Слайдтарды жұмыс соңында
қағаз бетіне шығаруға, экранда көрсетуге немесе вебкаст ретінде ғаламтор
арқылы таратуға да болады.
MS PowerPoint тұсаукесер жасау бағдарламасын қолдану аудиторияда және
аудиториядан тыс жұмыста қолдану материалдың көрнекі түрде берілуіне
септігін тигізеді, студентке материалды тез әрі толық көлемде меңгеруіне
көмектеседі. Материалдың көрнекілік күшін арттыру мақсатынан басқа келесі
оқыту міндеттері жүзеге асырылады:
➢ Жаңа материал негізінде тұсаукесер жасауда, баяндамаға дайындық
кезінде, қосымша материалды өз бетінше оқығанда, тірек
конспектілер үшін презентация жасағанда, сабақта материалды
бекіткенде студенттің қатысуымен қол жетікізілетін оның танымдық
әрекетін ынталандыру;
➢ Оқылып жатқан материалды терең түсінуге септігін тигізу;
➢ Материалды көрнекілендіру;
➢ Оқылып отырған пәнге деген студенттердің қызығушылығын арттырып,
олардың оқуға деген ынтасын көтеру;
➢ Аудиториялық және аудито
➢ риядан тыс өзіндік жұмыста қолдану мүмкіндігі;
➢ Студенттердің сөздік ойлау әрекетін ынталандыру;
➢ Практикалық тапсырмаларды орындауда шығармашылық әдістің дамуына
тиімді әсер ету.
Электронды дәріс курсымен жұмыс кезінде оқу үрдісінің барлық
заңдылықтары сақталады, соның ішінде дидактикалық қағидаларда белгіленген
заңдылықтар да.
Ғылымилық принципі бірнеше аспектілерде жүзеге асырылады:
➢ Оқытушының мәтіндердің автоматтандырылған анализ жүйесін қолдану
негізінде оқу материалын саралау үрдісін оңтайландыруда;
➢ Адамның интеллектуалдық заңдылықтарын ескере отырып оқу
материалын көрсету мен ұйымдастыру әдістерін жақсартуда;
➢ Компьютердің мүмкіндіктерін қолдана отырып білімді меңгеру
үрдісін басқару тиімділігін арттыру.
Мультимедиялық дәрістер курсын қолданумен оқытудағы қол жетімділік
принципі студенттердің физиологиялық ерекшеліктеріне бағытталу үрдісі, шет
тілін меңгеру деңгейі, мүмкін тіпті олардың өз бетінше жұмыстағы
компьютерді қолдана алу дағдылары арқылы жүзеге асырылады. Қол жетімділік
деңгейі шет тілінде дәріс жазу барысында қате жазу қаупін азайтатын
көрнекі тіректер бойынша компьютердің кең мүмкіндіктерін қолдану, сонымен
қатар конспект жасауға арналған оңтайлы уақыт таңдау мен меңгерілмеген
материалға қайта бару мүмкіндігі арқылы көтеріледі.
Ақпараттың қол жетімділігі оның қосымша құрамдастырылуымен, баяндау
стилін таңдаумен, қолданылған ұғымдардың қарапайымдылымен қамтамасыз
етіледі.
Студенттің белсенділік принципі оның конспект жасауға алған материалы,
тұсаукесерде көрсетілген мысалдарды саралап, пікір білдіруі, сонымен қатар
ұсынылып отырған материалды конспектілеуде саналы белсенділігі.
Жүйелілік және бірізділік принципі меңгерілуі тиіс белгілі бір алдын-
ала бағдарламамен қарастырылған оқу материалының берілу реті арқылы оқу
әрекетін басқарумен жүзеге асырылады.
Студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеру принципі келесі алғышарттармен
қамтамасыз етіледі:
➢ Оқу әрекетін жеке тәсілмен басқару;
➢ Жұмыстың жеке жылдамдығын таңдай алу мүмкіндігі (дисплейдегі оқу
ақпаратын ұсыну жылдамдығының ауысуы);
➢ Шет тіліндегі теоретикалық материалды меңгеруде қиындық көріп
жүрген студенттердің аудиторияда және аудиториядан тыс жеке
жұмыста қолдану мүмкіндігі.
Материалды ұсынудың негізгі тәсілдеріне қарағанда тұсаукесердің басты
ерекшелігі оның мазмұнының байлығы мен интерактивтілігі, яғни белгілі бір
жолмен өзгеру қабілеті мен қолданушының әрекетіне әсер етуі болып табылады.
Оған қоса бұл жағдайда қолданушы пассивті тыңдаушы емес, ол белсенді
әрекет етуші рөлін ойнайды.
Компьютерлік тұсаукесердің артықшылығы оқытушының жұмысын жеңілдетуде,
сонымен қатар тиянақты түрде дайындалған ақпаратты тартымды етіп ұсыну
мүмкіндігінде.
Компьютерлік тұсаукесер баяндау логикасы мен бір ғана файлда сақтауды
ұстана отырып, бар материалды реттеп топтастыруға көмектеседі.
Көрнекі материалдардың сақталуы мен олардың түзетуге деген мүмкіндігі
де оқытушы үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әр оқытушының
өзінің тәжірибе жинағы, яғни оқытушы портфелі болады. Ақпаратты ауызша
таныстыруға қарағандағы презентация арқылы ақпаратты көрестудің мызғымас
артықшылығы студент өзіне қажет кезде меңгеріп үлгермеген ақпараттың
бөлігіне қайтып бара алуынан тұрады, мысалы: тақтадағы мәтін немесе кесте
кетіріліп тасталды, ал студент керекті ақпаратты жазып үлгергемесе,
оқытушыға дәрісті тоқтатып ақпараттың меңгерілмеген бөлігіне қайтып келуіне
тура келеді, ал бұндай жағдай берілген материалдың әрі қарай ағынды түрде
түсіндірілуі бұзылып, басқа студенттердің жұмыстануына кері әсерін тигізіп,
кедергі жасайды. Және керісінше, слайдтарда көрсетілген материалдарды
таныстыра отырып, оқытушы ақпараттың кейбір бөлімдеріне толығырақ тоқталып,
ең маңызды деген ақпаратқа екпін түсіріп баяндауына болады. Оған анимация
эффектін қосып, ерекше түрде белгілеуге болады. Слайдтың бөлек-бөлек
бөлімдерінің қозғалуы студенттердің көңілін аударады, және ол ақпараттың
анимациялармен сүйемелденген бөлігіне өзінің зейінін шоғырландырады. Осылай
оқытушының баяндау тезистері студентпен естіліп көрінеді. Бұның барлығы
оқуға деген қызығушылықты арттырып, жаңа материалды сапалы түрде меңгеруіне
септігін тиігзеді, ал бұл оқытушы жұмысының басты мақсаты болып табылады.
Microsoft PowerPoint-тың мультимедиялық дәрістерді жасаудағы
артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
➢ Түсініктілік (қазіргі таңда 97 нұсқасындағы Microsoft Office
пакеті барлық дербес компьютерлерге арналған стандартты
бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады);
➢ Меңгеруде жеңіл және мультимедиялық тұсаукесерлерді жасаудың
қарапайымдылығы (мүмкіндіктердің кең көлемде болу жағдайында
әсіресе Power Point XP-дегі анимациялық эффектілерді безендіруді
жүзеге асыруға арналған);
➢ Microsoft Office-тің басқа қосымшаларынан мәліметтерді
тасымалдау мүмкіндігі, ал бұл жағдай мамандандырылған емес
пайдаланушыға мазмұнды толықтыру мүмкіндік аясын кеңейтуге
көмектеседі, сонымен қатар жасалып жатқан тұсаукесерге бұрын Word
және Excel бағдарламалары арқылы жасалған ақпаратты қосу, қажет
жағдайда талап етілетін интерактивті қызметтерді жүзеге асыруға
септігін
➢ тигізетін Visual Basic енгізілген бағдарламалау тілінің болу
мүмкіндігін береді.
Әрине, жоғарыда айтылған мультимедиялық материалдарының
артықшылықтарының астарында дәрістік сабақтарды жүргізудегі әдіс-тәсілді
түбегейлі өзгертудегі қажеттілікпен байланысты белгілі бір қиындықтар
жатыр. Ғалымдардың ортақ ойды пайымдауынша, ең алдымен мәселені жан-жақты
талқылау керек, содан кейін алдын-ала дайындалған ақпаратты бөлік-бөлігімен
экран бетіне шығару қажет. Қолда бар барлық ақпаратты беру жай ғана тиімді
емес, сонымен қатар өте қате әрекет, өйткені, студенттің ешбір ой
қалыптастырмай-ақ берілген мәтінді көшіруге және суреттерді түсінбей жатып
салып алу әрекетіне алып келеді. Дегенмен, көрсетіліп жатқан мәтінде
анимацияларды сауатты түрде қолданатын болса, ұқсас нәтижеге қол жеткізуге
болады, бірақ тұсаукесерді дайындауда көп жұмыстануға тура келеді.
Дәрістің электрондық курсты қолданудың тиімділігі тікелей оны жасауға,
оны безендіруде белгілі бір ережелерді сақтауға тәуелді болып келеді.
Тәжірибесі жоқ қолданушылармен жасалған мамандандырылған емес
тұсаукесерлерді жиі көруге болады. Бұл берілген жүйемен жұмыстың алғашқы
кезеңінде болуы мүмкін. Сонда осы секілді тұсаукесерлерді не нәрсе
айқындайды? Логикаға сай келмеуі, мәтіндік ақпараттық тым көп болуы,
қарапайым дизайн – бұның барлығы материалдарды қабылдауға кері әсерін
беріп, негативті сезімдер ұялатады. Power Point жасау үшін курстың берілген
тақырып бойынша ақпараттарды жинау мен таңдалған материалдарды тиянақты
зерделеуге үлкен дайындық жұмысын жүргізу керек.
PowerPoint аясында электрондық тұсаукесерлерді жасау материалды
жинаумен қатар жүзеге асырылады. Тұсаукесерді жасай отырып оның құрылуының
мақсатын ұмытпаған жөн. Бұл үшін белгілі бір көлемдегі тұсаукесерлер
жасаған жөн, өйткені, слайдтардың санының көп болуының өзі студентті
шаршатып, оның зерттеліп жатқан материалдың негізінен алаңдатады. Бұндай
жағдайда еш мағынасы мен түсіндірмесі жоқ артық слайдтар болмауы тиіс.
Слайдтарда берілген әр сөзді ойластырып, олардың мағынасының дұрыс
түсінілуін қамтамасыз ету, студенттердің білімі мен тәжірибесін ескеру,
ашық түстермен безендірілген иллюстрацияларды (мысалдар, графиктер,
кестелер, суреттер және т.б.) қолдану қажет. Тұсаукесерді қолдану кезінде
зерттеліп отырған мәселеге деген жеке тәсіл жүзеге асырылады, қабылдау жеке
мүмкіндіктерін ескеріледі. Тұсаукесер жасаудағы маңызды кезең мәтінмен
жұмыс болып табылады. Ол слайдқа енгізуге қажетті сөздер санын, қаріп
таңдауды және сөздердің орналасуын белгілеуді көрсетеді. Тұсаукесер
жасаумен айналысатын мамандар бұндай жағдайда слайдтарда отыз сөзден артық
емес және тізімнің тек бес пунктін қолдануды ұсынады. Егер слайд бетінде
тізім болса, оның параллельді түрде болу тиіс, яғни әр жолдың бірінші сөзі
бірдей формада тұруы тиіс.
Мақсатты тақырып атауының қаріп өлшемі 18пт-дан кем болмауы тиіс. Бір
слайдта оған сәйкес бір идея берілуі тиіс.
Жеке аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс ретінде тұсаукесер жасау
студентке жоғары көлемдегі ақпараттың ішінен негізгі аспектілерді бөліп
және ойлануға, маңызды тезис жасауға үйренуге мүмкіндік береді, сонымен
қатар олардың аналитикалық қабілеттерін дамытады.
Оқыту тұсаукесерлерінде мәтіндік ақпараттың көлемі қысқартылады. Оны
схемалармен, диаграммалармен, суреттермен, фотосуреттермен, фильмдердің
фрагменттерімен ауыстырған жөн. Мәтін хабарламаның негізгі түрінде
беріледі. Тұсаукесердің тиімділігін оның қызықты дизайнына ғана негізделе
отырып айтуға болмайды. Әр тұсаукесердің кәсіби дизайны белгілі бір
тұжырымдамалармен үйлесімділігі мен тұсаукесердің оңтайлылығымен қызықты
болып келеді.
Қажетті түстерді таңдаудың өзі тұсаукесерді дұрыс қабылдауына әсерін
тигізеді, ең көп таралған қателіктердің бірі – бұл бір-біріне мүлдем
үйлеспейтін түстерді қолдану болып табылады.
Сонымен қатар қабылдауға оңтайлы әрі тиімді болып келетін слайдтар мен
анимациялық эффекттердің ауысу темпін дұрыс таңдау өте маңызды. PowerPoint-
тың құндылығы слайдтар мен анимациялардың қажетті параметрлерін қою
мүмкіндігінде.
Айналдыру кезінде слайдтардың үлгілерін қолданған жөн, бұл
тұсаукесердің сапасын жақсартатын қарапайым және түсінікті үрдіс.
Анимация слайдтарды едәуір жандандырады. Бірақ слайдтардағы
элементтердің әрлі-берлі қозғалыстар, нақтырақ айтқанда оңнан солға,
жоғарыдан төменге адам үшін табиғи заңдылықтан тыс жағдай және ол дұрыс
динамиканы беруде жағымсыз әсер береді (солдан оңға, төменнен жоғарға).
Осы жағдайда PowerPoint-тағы айналымға ғана емес, сонымен қатар
визуалды тұжырымдама мен слайдтардың оңтайлылығын өңдеуге үйрену керек.
MS PowerPoint бағдарламасын қолдану тәсілдері әртүрлі. Төменде солардың
бірнешеуі берілген:
1. Оқытушыны сабаққа дайындағанда:
➢ Жаңа материал негізінде тақырыптық презентациялар құру;
➢ Бақылау материалдарын жасау;
➢ Қосымша материалдар бойынша түрлі шолулар жасау;
➢ Тірек конспектілерге арналған презентациялар дайындау;
➢ Өз бетінше оқуға арналған презентациялар дайындау;
➢ Түрлі пәндік және оқу жағдайларын үлгілеу.
2. Студенттердің жұмысында:
➢ Шығармашылық жұмыстардың дәрістері мен практикалық сабақтарына
дайындық, есеп, баяндамалар жасау кезінде, конференция
дайындағанда;
➢ өткен материалды бекіту мақсатында тұсаукесер жасау;
➢ Тірек конспектілерін жасау;
➢ Тұсаукесерлерді өзара алмасып тексеру.
Шығармашылық тәсіл арқылы жұмыстанғанда бағдарлама ауыспалы ортада
күрделі құрамдас үрдістерді үлгілеуге мүмкіндік береді. Соның өзінде
оқытушы толық қарастыруды талап ететін қандай да болмасын кезеңде тоқтай
алады.
Бұндай мүмкіндіктерге мыналар жатады:
➢ Көрсетілім кезінде слайдтар бойынша өтуді автоматты немесе қол
арқылы ұйымдастыру;
➢ Гиппер сілтемелер арқылы тұсаукесер материалдары бойынша
навигация ұйымдастыру;
➢ Суреттер, кестелер, диаграммалар, басқару объектілері сияқты
түрлі типтегі объектілерді енгізу;
➢ Мысалдарды жазу, дұрыстау;
➢ Белгілі бір мәтіндік материалға зейін қоюға мүмкіндік беретін
мәтінмен жұмыста түрлі эффектілерді қолдану;
➢ Графикалық объектілерге арналған эффектілер қолдану;
➢ Мультипликация эффектін және динамикалық суреттер құру;
➢ Дыбыстық эффектілер және дыбыстық жазбалармен жұмыс.
Сөзсіз MS PowerPoint тұсауксерлері дефактоның стандарты болды.
Электронды лекторияның артықшылығы оның көрнекілігінде, әрі қарай жылжуының
қарастырылуында (белгілі бір жоспар), мәтіннің оқыла алынуы, ақпараттық
материалдың ұсынылуында көрінеді, ал кемшіліктері – олардың алдын-ала
дайындалу керектігі, соның ішінде мүмкін деген сұрақтарға, алдын-ала
слайдтарды жасай отырып, қағазда жасалған плакаттарды, тақта мен борды,
көрнекі құралдарды және т.б. қосымша қолданылуы.
Берілген технологияны қолдану дәріс оқу әрекетін жаңа сапалы деңгейге
көтереді. Дегенмен ол тиянақты түрде ойластырылуы және оқыту әдістемесінің
өзгерістерімен қатар жүруі тиіс.
Мультимедиялық технологияларды қолдана отырып дәрістік курстарды
сауатты түрде ұйымдастыру үшін ең алдымен олардың қандай мүмкіндіктер
беретінін білу қажет. Ал екіншіден, оларды тиімді түрде қолдана білген жөн.
Бұл тұсаукесер дайындау барысында көп күш және уақыт талап етеді. Бұл
уақыт талабына сай технологиялардың дамуын ескермегенде. Дегенмен алынатын
нәтижелер құнды болып келеді.
1.2 Мультимедиялық оқулықтар
Қазақстанда қазір интенсивті оқыту мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдарда, ересектерге арналған формада, кейбір оқытушылардың өз калауымен,
өз әдістемесімен жургізіліп жүр. Қазақстанның білім беру жүйесінде
интенсивті оқыту білім беру жуйесіне міндетті түрде енетін шетел тілін
оқытудың бір формасы ретінде мемлекеттік стандартқа енгізілмеген. Шын
мәнінде, егер дұрыс
әдістемесі анықталып, оқулыктар мен аудиовизуалды құралдармен
жабдықталған болса, интенсивті оқыту тілді үйретуде жақсы нәтиже беретін
әдістердің бірі.
Жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес
қабілеті белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын өзінше пайдалану
аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Жаңаша белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивтік) студенттерге
өзін-өзі ыңғайлы сезінетін жағдайды қалыптастырып, олардың окуға деген
қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі үшін практикалық тұрғыдан
қолдануға деген ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге деген талабын арттырады
және де сабактың нәтижесін жоғарылатады.
Интерактивтік тәсіл шетел тілі сабағындағы субъект болып табылатын
студенттің жеке тұлғасының сезімін, түйсігін шынайы қажеттілігімен
сәйкестендіріп, оның тілдік, танымдық, шығармашылық қабілетін оятумен,
шетел тілі сабағын тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданылуын көздейді,
тілді аутенттік контексте колданылуын қамтамасыз ететіндігімен сипатталады.
Міне, біз осы сияқты тілді шетел тілі ретінде окытудың көптеген
әдістемелік ағымдарын және олардың тиімділігін қарастырдық. Сондықтан да
бүгінгі заман талабы дербес (индивид) білім алу (баска тілді үйрену)
жүйесінің өркендеуімен байланысты (өзіндік жеке дара, өз бетімен білім алуы
және үйренуі, танымдық қызығушылығынын әр түрлі салалы болуы) мәселелерді
шешу жолындағы бағыттар дәстүрлі оқыту
жүйесінің тиімділігінің аздығын көрсетіп отыр.
Дәл осы жағдай оқыту процесінің тілді шетел тілі немесе екінші тіл
ретінде оқытып - үйретудің жаңа тәсілдері мен жолдарын жаңаша қарастыруға
итермелейді және өзге тілде сөйлейтіндерге жаңаша үйретудің әдістемесін
іздеу, зерттеу және тілді практикада қолдану, оның қайнар көзін іздеуге,
оқытудың техникасын өзгертуге ықпалын тигізіп отыр.
Оқыту-студенттердің жаңа білімді қабылдауы, кәсіби дағдыларын және
еңбек іскерлігін қалыптастыру арқылы білім алуын ұйымдастырушы оқытушының
іс-әрекеті.
Бұл іс-әрекет түрлері тығыз бірлікте болғандықтан, сабақ мұғалімдер мен
студенттердің өзара әрекеттерін ұйымдастыру түрі ретінде қарастырылады.
Сабақты психологиялық-педагогикалық жүйе ретінде қабылдау білім беру
теориясының даму үрдісінде қалыптасады. Ол сабақтың мазмұнын, құрылымын,
типтерін, оған қойылатын талаптарды негіздейді, оны ұйымдастыру және өткізу
әдістемесіне әсер етеді, үлгерім факторларын анықтайды, яғни білім берудің
теориялық бастауы сабақтың ерекшелігін, типтерін, түрлерін, қүрылымын және
т.б. анықтайды деген қорытынды жасауға болады.
Біз зерттеу барысында шетел тілі сабактарына қойылатын негізгі
мақсаттар мен олардың теорияларына сәйкес құрылу принциптеріне, сабақ
типтері мен
түрлеріне, жаңашыл педагогтардың сабақ бойынша тәжірибелеріне талдау
жасадық
Жалпы ғалым-әдіскерлер шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі
ретінде мыналарды атап көрсетеді:
- фонетикалық жаттығу;
- жаңа тілдік материалмен танысу;
- жаттықтыру;
- сөз тәжірибесі;
- сабақты қорыту.
Ал сабақ типтеріне келетін болсақ, шетел тілдерін окыту әдістемесінде
сабақтардың бірқатар типологиясы кездеседі, олардың негіздерінде әр алуан
критерийлер жатыр: дидактикалық мақсат; тапсырмалар көлемі; танысу
кезеңінің болуы; тілдік аспектінің басымдылығы; сөз әрекеттерінің түрлері;
сөз әрекеттерінің сипаты; оқу материалының мазмұны; оқу құралдары; жеке іс-
әрекеттер және т.б.
Қазіргі таңда шетел тілі әдістемесінде шетел тілі сабақтары екі негізгі
типке бөлінеді:
- тілдік материалдарды пайдалану қабілеті мен дағдыларын дамытуға
бағытталған сабақтар;
- сөз әрекетіне студенттердің қатысуы орын алатын сабақтар.
Бірінші типтегі сабақтарда жаңа материалмен және оларға катысты іс-
әрекеттерді орындау әдістерімен танысу орын алады; жаңа материал негізінде
тілдік материалдарды меңгеру студенттердің сөз әрекеті процесінде жүзеге
асырылады. Материалды меңгеру және сөйлеу қабілетін дамыту арасындағы тығыз
өзара байланыс жаттығулардың мақсатты түрдегі
жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Екінші типтегі сабақтарда сөз әрекеттерінің бір түрі (көбіне ауызша
жеткізу) ғана дамуы мүмкін немесе сөз әрекеттерінің бірнеше түрлері өзара
байланысуы мүмкін, мысалы, тыңдауға үйрету және тыңдалған мәтін негізінде
ауызша айту қабілеті мен дағдыларын дамыту.
Шетел тілі сабақтарының бірінші және екінші типтерінің құрылымы - сөз
әрекетінің сипатына, оқу құралдарына, оқу материалдарына байланысты өзгеруі
мүмкін.
Біз зерттеу жұмысымызда бір топ ғалымдардың шетел тілі сабақтарын
негізгі дидактикалық (окытушы, дамытушы, тәрбиелеуші және практикалық)
мақсаттарын сай жіктеген типологиясын қарастырып, жүйелі түрде көрсеттік.
Әдіскер ғалымдар М.Уэст, Е.И.Пассов, И.Ф.Комков, А.Д.Климентенко,
А.А.Миролюбов, Н.Н.Гез, М.В.Ляховицкий, Г.В.Рогова, А.А.Леонтьев,
Л.З.Якушина, С.К.Фоломкина, А.П.Старковтар жаңа тілдік материалдармен
студенттердің іс-әрекеттерін, білім, білік пен дағдыларды, сөз тәжірибесін
(тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу), сөйлеу дағдыларын дамытуға, жетілдіруге,
сөйлеу іскерліктерін дамытуға бағытталған шетел тілі сабақтарының типтерін
анықтайды.
Е.С.Полат проблемалық әдістер бойынша сабактардың мынадай типологиялық
жүйесін жасайды: зерттеуші, шығармашылық, рөлдік ойындар, ақпараттық,
практикалық-бағдарламалық, көп жоспарлы, пәнаралық байланыс, т.б.
Я.М.Колкер, Е.С.Устинова, Т.М.Еналиевалар С.К.Фоломкина көрсеткен сабақ
түрлері негізінде шетел тілдері сабақтарын жоспарлаудың екі типін ұсынады:
бір мақсаттық және көп мақсаттық. Бұл әдіскерлердің теорияларына сәйкес
сабақтарды кұру принциптері сол күйінде қалады: дағдыларды қалыптастырушы
сабақтар міндетті түрде коммуникативтік тапсырмалар сериясымен аяқталады,
ал негізгі мақсаты-дағдыларды қалыптастыру болып табылатын сабақтарға
жаттығу тапсырмалары кіреді. Бұл жағдайда тілдік материалды қолдану аркылы
сабақта жаттықтыруға болады.
Біз зерттеу барысында осы авторлардың әдістемесі бойынша берілген сабақ
типтерін ағылшын тілін окытудың қазіргі заман талабына сай сабақтардың
үлгілері ретінде қарастырып, талдау жасадық.
Сабақтардың типологиясының бірінші маңызды критерийі ретінде авторлар
сабақта алынатын тапсырмалар көлемін алады, ал екінші маңызды
критерийі ретінде авторлар таныстыру кезеңінін болу-болмауын алға қояды.
Осылайша әдіскерлер сабақтарды олардың негізгі мақсаттары бойынша
дағдыларды қалыптастырушы сабактарға бөлуді ұсынады: грамматикалық,
лексикалық және фонетикалық.
Педагогикалық және әдістемелік зерттеулер көрсеткендей, критериялық
негіздегі сабақтардың ерекшелігі сөйлеу арқылы әдет пен дағдыны
қалыптастыру: олар жазба жұмыстар, ойлау, оқу және сөйлесу арқылы жүзеге
асады.
Ал сабақтардың деңгейін көтерудің негізгі ерекшеліктері: сабақтың
жүйелілігі, көрнекілігі, ойлау жүйесінің негізділігі, сөйлесу мен пікір
алмасу түрлері. Бұл реттегі кешендік, әдістемелік, интеллектуалдық сабақ
жүйесін таңдау мен талдау, сабақтардын түрлерін жақсарту негізгі мақсат
коюға жеткізеді, сабактың сапасын көтереді.
Біз зерттеу жұмысымызда қазіргі шетел тілі сабақтарының құрылымына,
типтеріне, сабақ өткізу әдіс-тәсілдеріне талдау жүргізе отырып, сабак
ұғымына өз анықтамамызды беруге ұмтылдық: қазіргі заманғы сабақ
дегеніміз—мұғалімнің оку-тәрбие үрдісінде дидактикалық мақсаттарға сай
оқытудың әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияны пайдалана отырып, шетел тілінде
коммуникация жүйесін ұйымдастыруда жеке тұлғалық-бағдарлық және ақпараттық
жүйелік әдіс-тәсілдерді жүзеге асыратын кешен.
Зерттеуімізде жеке тұлганы тәрбиелеу мен дамытудың критерийлері мен
көрсеткіштерін анықтаған бірқатар ғалымдар [Нұрғалиева Г. Қ., Жүсібалиева
Д. М., Ахметов А. К., Түселбаева Ж. А. және т.б.] еңбектерін негізге ала
отырып,
сабақта электрондық оқулықты пайдалануға болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін қалыптастырудың
критерийлері мен көрсеткіштерін анықтадық.
Электрондық оқулықты пайдалануға болашак ағылшын тілі мұғалімдерінің
әдістемелік білімдері мен іскерліктерін калыптастырудың критерийлері мен
көрсеткіштері оқытудың (білім, білік, іскерліктерінің) жиынтығы болып
табылады, олар оның мазмұндылық және психологиялық сипаттамаларын жасап,
негіздеу аркылы жүзеге асырылады. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің
әдістемелік білімдері мен іскерліктерін қалыптастырудың мазмұндылық бөлігі
болашақ мұғалімнің педагогикалық бағыт-бағдарына байланысты сабактың
теориясы, типтері мен құрылымын сипаттайды.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінін сабақта электрондық окулықтарды
пайдалануға даярлығының мынадай критерийлері анықталды:
1. Психологиялық даярлық.
2. Дидактикалық даярлық.
3. Әдістемелік даярлық.
Сабақта электрондық оқулықтарды пайдалануға болашақ ағылшын тілі

критерийлері мен көрсеткіштері - бұл педагогикалық-психологиялық күрделі
жүйе. Бұл жүйе мазмұндылық сипатымен бірге, психологиялық сипатымен де
толықтырыла түседі. Мұнда біз жеке тұлға дамуының теориялық негіздеріне
сүйене отырып, дамудың негізгі үш саласын: танымдық, мінез -кұлық және
мотивацияны белгілейміз.
Танымдық саласының мазмұны төмендегідей білімдермен анықталады: жеке
тұлғаның жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы ағылшын тілін
оқыту әдістемесінің маңызы; оқытудың педагогикалық заңдылықтары мен
принциптері; оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жайлы білім негіздерін
меңгеру.
Дамудың мінез - қүлық саласы: жеке тұлғаның жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілін окыту әдістемесі; оқытудың
педагогикалық зандылықтары мен принциптері; оқытудың ғылыми-әдістемелік
жүйесін қалыптастыруға қажетті мінез-құлық пен дағдылардың болашақ ағылшын
тілі мұғалімдерінің бойынан көрініс табуымен аныкталады.
Мотивация саласының мазмұны: білім беру мазмұнының ғылыми құрылымын
меңгеруге; сабақтың әр кезеңінде оқыту тәсілдерін дұрыс таңдауға; жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілін оқыту процесінің
әдістемелік жүйесін меңгеруге, оны қалыптастыруға деген қызығушылық пен
ынта-ықыластың пайда болуымен анықталады.
Сабақта электрондық окулықты пайдалануға студенттердің әдістемелік
білімдері мен іскерліктерін қалыптастырудың анықталған критерийлері мен
көрсеткіштерін негізге ала отырып, біз М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университетінің әлем тілдері факультетінің, А.Яссауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының шетел тілі
кафедрасының, Семей мемлекеттік университеті филология факультетінің
студенттері арасында анықтау эспериментін жүргіздік. Экспериментке 420
студент қатысты. Эксперимент нәтижесі төмендегі кестеде пайыз есебімен
көрсетілген [1 кесте],
Дамудың негізгі танымдық, мінез-құлық және мотивация салалары арқылы
болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің сабақта электрондық оқулыкты
пайдалануға даярлығының үш деңгейі анықталды: жоғары, орта, төмен.
Төмен: ақпараттық технологиялар туралы түсінігі бар, бірақ олардың
түрлерін ажырата алмайды, жаңаша жаңғыртып оқыту әдістері бойынша білімдері
бар, алайда сабақты жоспарлауды білмейді, жаңа ақпараттық технологияның
жүйелі өсу заңдылықтары туралы білімі бар, бірақ акпараттық-коммуникациялык
технологияларды сабақ үрдісінде пайдалану маңызын түсінбейді, сабақ
типтері, сабақты ұйымдастыру жөңінде білімдері бар, бірақ сабақты дұрыс
өткізудің жүйелі тәсілдерін білмейді.
Орта: оқытылатын пән бойынша ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістерінің
мазмұны жайлы білімдерді меңгерген, бірақ жаңаша жаңғыртып оқыту әдістерін
сабақта қолдануды түсінбейді; оқытудың педагогикалық заңдылыктары мен
принциптерін біледі, бірақ жаңа ақпараттық-технологияның жүйелі өсу
заңдылықтары туралы мәлімет бере алмайды; шетел тілі сабағының құрылымы мен
кезеңдері жайлы біледі, алайда оларды сабақты жоспарлауда нақтылы көрсете
алмайды; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақ үрдісінде
пайдалану маңызынан білімдері бар, бірақ оларды сабақ үрдісінде пайдалана
алмайды; сабақты жоспарлай алады, бірақ сабақты ұйымдастыру мен дұрыс
өткізудің жүйелі тәсілдерін білмейді.
Жоғары: оқытылатын пән бойынша ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістерінің
мазмұны жайлы біледі, оқытудың педагогикалық заңдылықтары мен принциптерін
біледі, жаңа ақпараттық-технологияның жүйелі өсу заңдылықтары туралы
мәлімет бере алады; шетел тілі сабағының құрылымы мен кезеңдері жайлы
біледі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақ үрдісінде
пайдалану маңызынан білімдері бар, электронды оқулыктарды сабақта пайдалана
алады; сабақты жоспарлау, сабақты ұйымдастыру мен дұрыс өткізу, сабақты
талдаудың жүйелі тәсілдерін біледі.
Анықтау экспериментінің нәтижесі болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің
сабақта электрондық оқулықты пайдалануға белгілі бір білім қажеттілігін
түсінуі жеткіліксіз дәрежеде екенін, қажетті әдістемелік білімдер мен
іскерліктерді толық меңгермегенін, оған қызығушылығы мен ұмтылысының нашар
жетілгенін байқатты.
Бұл қажеттіліктерді шешуде жоғары оқу орындарында Шетел
тілдерін оқыту әдістемесі оқу пәнінің мүмкіндіктерін пайдалану болашақ
ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін
қалыптастырудың негізі болып табылады.
Сондықтан біз зерттеу жұмысымызда болашақ мамандарды кәсіби деңгейде
ағылшын тілінен сабақ беруге даярлау мақсатында оқу үрдісінің білім, білік
және дағдыларды қалыптастыру әдістеріне талдау жасап, электрондық
оқулықтарды қолданудың мақсат-міндеттерін анықтадық. Сонымен бірге жас
мамандарды даярлауда қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдерді үйрету,
соның ішінде интерактивтік тәсілдерді қолдану мәселелерін қарастырдық.
Оқытудың кез келген технологиясы өзгерістерге сай студенттер мен
оқытушылардың жалпы өмір практикасының талаптарына орай ыңғайланып отырады.
Мәселен, 70-ші жылдары ақпараттың қағаз (кітаптар) және пленка
(диапозитивтер, киноматериалдар) сияқты тасымалдаушыларына негізделген
ақпараттық технологиялар ұғымы пайда болса, кейінгі жылдары ақпараттық
технологиялар дамуында компьютерлер, аудио-бейнетехника және коммуникация
жүйелерінің әртүрлі электрондық құралдары ерекше орын алды. "Оқытудың жана
ақпараттық технологиялары" ұғымы дәл осы құралдарға байланысты анықталды.
Қазакстанда қашыктықтан оқыту Республикалық ғылыми-әдістемелік білімді
ақпараттандыру орталығы (РБАО) жасаған электрондық оқулықтарды және оқу
бейнефильмдерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқу электрондық оқу
залында - мектеп жанындағы теледидарлық-техникалық орталықта өткізіледі.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуы кезеңінде электрондық
оқулықтардың ерекшелігі - үлгіге сәйкестілігі мен жоғары мобильділігі,
оқуға, үйренуге икемділігінде болып табылады. Электрондық окулықтар оқу
және зерттеу материалдарын толықтыратын, қосымша қолдануға толық жарайтын
қажетті қүрал болып есептеледі. Электрондық оқулықтарды мына мақсаттарға
пайдалануға болады:
1. 1. Электрондық анықтама ретінде;
2. 2. Электрондық есеп ретінде;
3. 3. Иллюстративтік материал ретінде;
4. 4. Оқулық ретінде.
Электрондық оқулык - ғылыми-педагогикалық құрал. Электрондық
оқулықтардың жасалуы, модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып
есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады. Оған
әрбір пәннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен педагог -дидакттар,
әдіскерлер, программист - дизайнерлер, операторлар қатысады.
Электронды оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:
1. − "оқу"
2. − "окыту"
3. − "бақылау және тексеру ".
Электрондық оқулықты біз оқу үрдісін автоматтандыру тұрғысынан
алып қарап, оның мынадай құрамдарын көрсеттік: ырғақты-мақсатты (модульдер
арқылы жүзеге асырылады), мазмұнды (гипермәтін), жедел-қызметті
(интерактивтік тапсырмалар) бағалык-қорытынды-нәтижелі (тесттер).
Электрондық оқулықтар студенттердің өз бетінше жұмысын және олардың
жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім
алу сапаларын көтереді.Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған
мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды,
студенттерге үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді.
Ақпаратгық білім беру - танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік
анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік әдістерін даярлап
береді. Тест - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде даярланады. Электрондық
оқулықтар әртүрлі ақпарат жиынтығын, студенттерге білім берудің негізгі
пайда болу орталықтары туралы толық мәлімет бере алады.
Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі
ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы - модульден тұрады, ол
студенттің толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Модуль тиянақты білім жүйесі, оқу үрдісінде ырғакты-мақсатты бөлігін
қамтамасыз етеді. Модульдік оқудың технологиясы оқытушыға педагогикалық
жүйенің негізін түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен
практикасын өзара байланыстыруға, оны технологиялық деңгейге дейін көтеруге
жағдай жасайды. Модульдер электрондық оқулықтардың ғылыми білім жүйесін,
өзара байланыс қызметінің жиынтығын аша түсетін мазмұнды дидактикалық
бірлік болып табылады.
Модульдік оқу жұйесінің тиімділігі және оның нәтижесі, көбінесе
қолданылатын материалдың сапасына байланысты. Сондықтан модульдік оқудын ең
басты міндеті, модульдік негізде сапалы модульдік түрлендіру жүйесін ұдайы
жасап отыру. Модульдің тағы бір ерекшелігі - пәнаралық байланысты ұдайы
жетілдіріп отыру, педагогика курсының мазмұнын түрлендіріп отыру және
белгілі модульдік жүйені жасау болып табылады.
Оқу үрдісін ақпараттық техникамен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі
оқулықтар дамуының жаңа кезеңі электрондық оқулықтың пайда болуына әсер
етті. Өйткені нақты жағдайда қысқа мерзімде ақпарат тасқынын іріктеп,
пайдалануға үйрену керек, әрбір кұбылысқа шығармашылықпен қарап, өз бетінше
ақпараттардың ең тиімділерін, мазмұндыларын таңдап алуға қалыптасу қажет,
сонымен бірге біз болашақ мұғалімдердің өз кабілетін үздіксіз арттыруына,
шығармашылықпен ойлай білуіне жағдай жасауымыз керек.Ал бұл мақсаттарға
жетуге оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың маңызы өте зор.
Сондай оқулықтардың бірі шетел тілдері мамандығы студенттеріне арналған
Ағылшын тілі сабағы электрондық курсы.
Ағылшьш тілі сабағы электрондық оқулығының бағдарламасы Қазақстан
республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары оқу орындарына
арналған типтік бағдарлама негізінде жасалған. Бұл электрондық оқулық
коммуникативтік-практикалық мақсатты көздейді және сауатты болашақ ағылшын
тілі мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлау, студенттердің сөйлеу
мәдениетін жетілдіру, өзара коммуникативтік қарым-қатынасты жандандыру,
интеллектуалдық біліктілікті арттыруды басшылыққа алады.
Бұл электрондық оқулықта студенттердің өз білімдерін толықтыруларына
және өз бетінше жұмыс істеулеріне арналған қосымша теориялық материалдар,
сонымен бірге әр түрлі тақырыптарға арналған сабақ жоспарлары мен үлгілері
берілген. Электрондық тәсіл сапалы және жоғары деңгейде білім беру
мүмкіндігін, оқытудың автоматтандырылған жүйесін туғызады.
Жаңа ақпараттық технология негізінде жасалған бұл оқулық модульдік
технология негізінде құрылған бір модульден тұрады. Қашықтықтан оқытуда
маңызды рөл атқаратын дыбысталған "Ағылшын тілі сабағы" электрондық курсы
иерархиялық блок-сұлба түрінде берілген. Ол мынадай тақырыптар бойынша
жүйелі байланысқан: Әдіснама, Ұғым, Сабақ, Принциптер, Сабақ
типтерінің негізі, Мұғалімнің сабаққа даярлығы, Сабақтың құрылымдары
мен кезеңдері, Тапсырма, Сабақтың жоспары, Сабақты талдау, Тест
тапсырмалары.
Біз Ағылшын тілі сабағы электрондық оқулығын пайдалануға даярлық
кезінде төмендегі аспектілірді негізгі нысанға алдық:
1. Пәндік-мазмүндық. Біздің сабағымызда бұл аспект ақпараттандырудың
қажетті минимумы болып анықталады,
2. Тілдік. Студенттердің өз білімдерін ағылшын тілінде көрсетуі үшін
қажетті де жеткілікті лексикалық бірліктерді іріктеуден тұрады.
3. Коммуникативтік. Бұл аспект коммуникативтік міндеттерді шешу үшін
ақпаратты жеткізу, берілген ақпаратты іріктеп алу үшін лексикалық
бірліктерді мақсатты түрде пайдалану арқылы іске асады.
Бұл курс студенттердің оқу үрдісінде ұйымдастырушылық кабілетін
көрсетуінен, жеке тұлға ретінде даму дәрежесінен, ұжымдық түрде орындайтын
қызметтерінен, жауапкершілікті сезінуінен, кысқаша айтқанда олардың
шығармашылық белсенділігінен құралады.
Ағылшын тілі сабағы электрондық оқулығын жасауда шетел тілін оқытудың
дидактикалық, психологиялық және лингвистикалық негіздеріне сүйене отырып,
төмендегі міндеттер қойылды:
1. − студенттерді жаңа және бұрыннан таныс сөздік қорларын пайдалана
отырып, сөздік тәжірибеге жаттықтыру;
2. − студенттердің сөздік қоры көлемін мүмкіндігінше ұлғайту;
3. −студенттердің сөздікпен, гипермәтінмен, өз бетінше жұмыс жасаудағы
4. дағды мен іскерліктерін жетілдіру.
5. Оқу процесін ұйымдастыру мен тапсырмалар жүйесін құру типтік оқу -
тәрбие мәселелерін шешу процесінде оқытудың негізгі тәсілдерін қолдануға
мұғалімнің шығармашылық әдісті колдануын талап етеді. Студенттерге арналған
тапсырмалар, олардың орындалуы шығармашылық әдісті талап ететіндей, оқу
ситуацияларының шартын талдауға үйрететіндей, олардың ішінен осы нақты
жағдайда окыту әдістері мен тәсілдерін таңдауға әcepiн тигізетіндей және
сабақ міндетті талабын анықтайтындай eтіп келтіріледі.
Тапсырмалар жүйесін құрастырғанда маңызды орын психологиялық
ерекшеліктер мен әдістемелік icкeрлікке қалыптастыру кезеңіне бөлінеді.
Әдістемелік іскерліктің сапалы сипаттамаларының табысты қалыптасуының басты
шарттарының бipi болып, практикалық қызмет пен теориялық білмнің оптимальді
үйлесу принципін сақтау болып табылады. Тапсырмалар жүйесінің барлығы
әдістемелік icкeрлікке сай қалыптасуына бағытталғандықтан дайындалған
тапсырмаларды орындау тәсілін анықтауда психологиялық сипаттама,
операциялық құрылымы мен әдістемелік іскерліктін қалыптасу мүмкіндіктерін
ескеру қажет.
Бұл электронды оқулыктың әр шағын модуліне қосымша материалды толық
меңгеру үшін, студенттердің өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы
үшін өтілген оқу материалдарына сәйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі
берілген.
Тапсырмаларды тексеру шағын модульді аяқтағаннан соң, ал тест арқылы
бақылау негізгі модульді өткеннен соң жүргізіледі. Студенттердің
дидактикалық және әдістемелік даярлықтарына арналған тапсырмалар олардың
белсенділігін қалыптастырады.
Жеке тұлганың белсенділігін өлшемі оның өз алдына байыпты, нақты
мақсаттарға жетудің кабілеттілігін, оларға жетудің сенімді құралдарын
анықтайды. Оқытудың мақсаттарын өз бетінше жеке қабылдау өз білімін
жетілдірудің мақсаттары мен міндеттері белгілі қызмет түрлеріне ауысуы аса
маңызды болып табылады.
Микромодуль - бұл білімді тереңірек әрі жан-жақты ашатын білім жүйесі.
"Ағылшын тілі сабағы" электрондық оқулығындағы қосымша модуль төмендегі
тақырыптарды қамтиды: "Студенттердің танымдық қызметінің кезеңдері бойынша
сабақтар типологиясы", "Сабақ оқыту әдістерін жүйелеу, Оқыту әдісінің
танымдық белсенділігін арттыру классификациясы, "Сабақты талдаудың түрлері
мен типтері", "Мұғалімнін, өз сабағын бағалауы мен талдауы".
Ағылшын тілі сабағы электрондық оқулығының мазмұнды құрамдарын
зерттеу кезінде алған білім болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің сабақты
ұйымдастыруға дайын болуына және мектепте студенттерді тәрбиелеу үрдісінде
кәсіптік біліктілік танытуына жол ашады. Гипермәтінде елестететін мәтінді
пайдалану негізгі сөзді түрлі бояумен және шрифпен еркешелеу, жоғары сапалы
бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап береді, оқып
отырған материалды қабылдауды жеңілдетеді.
Сонымен бірге электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын кеңінен
пайдалану, біртұтас бағдарламалық басқару ортасында сан алуан ақпарат
түрлерін-бейнелеу, анимация (көрнекіліктер), дыбыстауды қамтамасыз етеді.
Мультимедиа технологиясы оқулық материалының көрнекілігін және нақтылығын
арттырады, оқылатын ақпараттардың компьютерді пайдалану есебінен арнаға
кешенді әсер етуін қабылдауды күшейтіп, әсерін тигізеді. Яғни электрондық
окулықты сабақта қолдануда әртүрлі оқыту әдістері сабақта тек айтып
түсіндіріп қана жеткізетін тәсіл түрленіп, көрсету арқылы, соның көмегімен
білім берудің сапасы артады.
Біз түсіндірген әдістемеде электрондық оқулыктардың ерекшеліктеріне
тоқталып, оларды сабақта пайдалану барысындағы ағылшын тілі сабақтарының
бірнеше үлгілерін бердік және осы электрондық оқулықтын тиімділігін
тексеруге бағытталған қалыптастыру эксперименті жұмысының қорытындылары
берілген. Бүгінгі таңда қоғамдық өндірістер мен ғылым салаларында, білім
беру жүйесінде ақпараттық технология кеңінен пайдаланылуда. Сондықтан
окытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жас мамандарды даярлау барысында
ақпараттық технологияны оқу құралы ретінде пайдалана отырып, компьютерлік
үлгілеудің көмегімен шетел тілін оқытудың белсенділігін арттыруға болады.
Қалыптастыру эксперименті барысында біз Ағылшын тілі сабағы модулінің
мазмұнын анықтап, сұрыптау жасадық. Ағылшын тілі сабағы модулінің мазмұны
"Шетел тілдерін
оқыту әдістемесі" ғылымының соңғы жетістіктерін, жоғары оқу орындарының
озық ғылыми-әдістемелік тәжірибесіне сүйене отырып жасалынған.
Зерттеу барысында дайындалған теориялық кағидалар мен педагогикалық
эксперимент жұмыстарының нәтижесінде алынған мәліметтер мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік берді:
- педагогика ғылымы меп практикасындағы сабақ мәселесі күрделі және
көпаспектілі процесс. Сабақ теориясын оқып-үйрену, болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі мамандығы
бойынша әдістемелік білімдері мен іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған;
- электрондық окулықты пайдалануға болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің
әдістемелік білімдері мен іскерліктерін алыптастырудың критерийлері мен
көрсеткіштері білім, білік, іскерліктерінің жиынтығы бола отырып, жеке
тұлға дамуының мазмұндылық және психологиялық сипатын аныктайды;
- Ағылшын тілі сабағы бөліміне жасалған электрондық оқулықтың мазмұнының
тиімділігі анықталған критерийлер мен көрсеткіштер жиынтығына сәйкес
студенттердің әдістемелік білімдері мен іскерліктерінің қалыптасу
диагностикасының нәтижелерімен дәлелденеді;
- сабақта электрондық оқулықтарды пайдалануға болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің әдістемелік білімдері мен іскерліктерін калыптастыру
процесінің теориялық негіздеріне білім берудің жаңа теориялары, жеке
тұлғаны бағдарлау теориялары және педагогикалық-психологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz