Ауыл шаруашылығы кешенін экономикалық дамытудың мәселелері
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМА
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ 7
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ауыл шаруашылығының экономикадағы алатын орны және оны дамытудың мәні
11
1.2 Ауыл шаруашылығы саласында кластерлік құрылымның қалыптасуы мен іске асуының әдістемелік негіздері
21
1.3 Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың шетелдік тәжірибесі 29
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын талдау
38
2.2 Ауыл шаруашылығы саласының инновациялық дамуын талдау
50
2.3 Ауыл шаруашылығы саласының кластерлік дамуына талдау
57
3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы кездесетін мәселелер
66
3.2 Ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру шаралары 71
ҚОРЫТЫНДЫ 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 82
ҚОСЫМША 84

Агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары - аграрлық азық-түліктік нарыққа реттеушілік ықпал жасау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларының жедел пайдаланылатын қоры;
ауыл шаруашылығы өнімі - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты және өнімі, оның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер.

1 «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы», Астана, 2015 жылғы ақпан //Егемен Қазақстан, 2015 жыл.
2 Тұрсынбаева М. Ж. «Қазақстан Республикасы кластерді мемлекет тарапынан қолдаудың маңызы». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.- 2006ж. №2.
3 Молдашева А. «Азық–түлік кластері алдыңғы кезекке шықса» Егемен Қазақстан 2011ж. – 9 қаңтар.
4 Медеубекова Қ. Ү. «Қазақстан агро өнеркәсібі: экономикасын ұйымдастыру немесе басқару». Алматы – 2011ж. Автореферат.
5 Көпешев А. Ш. «Ауыл шаруашылық өндірісінде кәсіпкерлікті жетілдіру» Халықаралық бизнес уневерситетінің хабаршысы. – 2013ж.
6 Исабаева Е. И. «Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуы» Алматы. - 2011ж. Автореферат.
7 Әлия С. «Қазақстанда сүт кластері құралдары шетелдік озық техналогиямен тәжірибе оған негіз болады» Дала мен қала. - 2012ж. - №1. - 8 қаңтар.
8 Иманбаева А. А. «Мақта кластерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын жетілдіру» Алматы. - 2013. Автореферат.
9 Сатылғанов Ж. Қ. «Кластер - өндірісті кешенді ұйымдастыру» ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. - 2011.ж. - №4.
10 Имашева А. О. «Ауыл шаруашылық өндірісінің дамуын болжау әдістемесін жетілдіру жолдары» Астана. - 2013. Автореферат.
11 Сайлыбаева А.Б «Агроөнеркәсіп кешенін басқаруды жетілдіру үлгісі». Альпари. - 2015 ж. - №4.
12 Байзақов. С. «Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді». Ақиқат.- 2015ж. - №1.
13 Әзірет Бергшенова Г. «Мақта саласын дамытуда маркетингтің алатын орны» ҚазҰУ хабаршысы. – 2015ж.
14 Шалабаев. М. Б. «Қазақстан Республикасындағы агро-өнеркәсіптік кешенінің тамақ кластері» ҚазҰУ хабаршысы. - 2015ж.
15 Жағажин. А. «Кластер» Орталық Қазақстан 2013.
16 Борбасова З. «Кластерный подход – основа управления конкурентноспособностью предприятии зернопродуктового комплекса» Транзитная экономика – 2013г.
17 Вардиашвили Н.Н. «К вопросу кластерного народного хозяйства» Казахстана Альпари. - 2012 г.- №1,2.
18 Бейсенбина А.Ш. «Кластерное развитие» Банки Казахстана. - 2015г.- №2.
19 Ашимова И.Д. «Перспективы формирования и развития молочного кластера в Казахстане» Альпари. - 2015г - №1.
20 Рахимбекова А.А. «Совершенствование межотрослевых в заимоотношении на рынке молочной продукций» Алматы. - 2015г. Автореферат.
21 Исахметов Т.Н. «Кластерное развитие оснавная часть конкурентноспособности экономики страны» Вестник сельской науки Казахстана. - 2015г.
22 Жусупбекова Л. «Кластерное развитие экономики – проблемы и перспективы наука» Наука высшая школа Казахстана .- 2015г. - №5.
23 Ашимова И.Д. «Перспективы формирования и развития молочного кластера В Казахстане» Транзитная экономика. - 2012г. - №1.
24 Галимова Э.Г «Использование кластерного подхода к повышению региональной конкурентноспособности продукций АПК» Вестник сельскохозяйской науки Казахстана. - 2011г. - №4.
26 Ризаходжаев А.А. «Экономическое основы и эффиктивность формирования кластеров в АПК» Туран. - 2015. Автореферат.
27 Алимбаев. А. «Методологический подход выбора стратегии развития кластеров» Саясат – Policy. - 2005г - №1.
28 Сатылганов Ж.К. «Формирование и развитие территориально–отреслевых кластеров в АПК» Алматы. - 2015. Автореферат.
29 Баяндинова А.М. «Формирование продовольственного рынка в условиях развития пищевого кластера» Астана. - 2012. Автореферат.
30 Дроздецкая Т.Г. «Перспективы формирования кластеров по перероботке мяса в Казахстане» Альпари. - 2011г. - №1.
31 Бельгибаева А. «Кластер как инструмент повышения конкурентноспособности сельскохозяйственной продукций» Транзитная экономика. - 2006г. - №4.
32 Бейсенбина А.Ш. «Кластерное развитие Казахстана проблемы и пути их решения» Банки Казахстана. - 2015г. - №2.
33 Таубаев Н.А. «Проблемы регулирования землепользования в аграрном секторе Казахстана» Алматы. - 2013. Альпари 2011г. - №2.
34 Дулатбекова Ж.А. «Ауыл шаруашылығының өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыруды жетілдіру жолдары» Түркістан. - 2013. Автореферат.
35 Сайлыбаева А. Б. «Дамыған мемлекеттердегі агроөнеркәсіп кешені маркетингінің даму тәжірибесі».Альпари - 2013ж. - №4.
36 Деминисова А. Ж. «Ауыл щаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдірудің бағыттары» Тұран университет хабаршысы. - 2013ж. - №4.
37 Бекбауов Б. «Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін талдау» Қаржы Қаражат. – 2015ж - №4.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЕШЕНІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМА
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ 7
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ауыл шаруашылығының экономикадағы алатын орны және оны дамытудың
мәні 11
1.2 Ауыл шаруашылығы саласында кластерлік құрылымның қалыптасуы мен
іске асуының әдістемелік негіздері 21
1.3 Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың шетелдік тәжірибесі 29
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын талдау
38
2.2 Ауыл шаруашылығы саласының инновациялық дамуын талдау
50
2.3 Ауыл шаруашылығы саласының кластерлік дамуына талдау
57
3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы
кездесетін мәселелер 66
3.2 Ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру шаралары 71
ҚОРЫТЫНДЫ 79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 82
ҚОСЫМША 84
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы диссертацияда келесі нормативті сілтемелер қолданылады:
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз халқына
Қазақстан -2030 Жолдауы.
2 Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы Ереже 2010 ж. 30-қаңтардан,
№155-11 Алматы, БИКО, 2006. 350 б.
3 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы
15.05.2009 ж № 251-III.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бизнестің жол картасы 2020
бағдарламасы
5 Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы
Қазақстан-2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына Жолдауы.
6 Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты 2009 жылдың 6 науырызындағы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы.
7 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл
селоларды дамытудың басты бағыттары туралы бағдарламасы
8 Аграрлы несиелік корпорация АҚ-ның кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19-шы шілдедегі №742 Қаулысы.
9 Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-
2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы.
10 Ауылды дамыту туралы 2008 жылғы 9 шілдедегі № 225 Қазақстан
Республикасы Үкіметінің бағдарламасы.
11 Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі
индустриалды инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы.
АНЫҚТАМАЛАР
Осы диссертацияда келесі анықтамалар қолданылады
агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін
өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді,
сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен,
технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен
қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-
санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен
кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде
қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган -
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге
асыратын мемлекеттік орган;
агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық
және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және
консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық,
электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл
шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері,
сондай-ақ ауыз су мен тұз;
азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік
тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі,
әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік
тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары - аграрлық азық-
түліктік нарыққа реттеушілік ықпал жасау және азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын астықты қоспағанда, азық-түлік
тауарларының жедел пайдаланылатын қоры;
ауыл шаруашылығы өнімі - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік
шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты және өнімі, оның ішінде оларды
бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы диссертацияда келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АӨК - агро өнеркәсіптік кешен
АҚ - Акционерлік қоғам
ӘКК - әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация
ҰТ - ұлттық табыс
ҒТП - ғылыми техникалық прогресс
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҚР - Қазақстан Республикасы
КСРО - кеңестік социалистік республикалар одағы
МКК - мемлекеттік комуналдық кәсіпорын
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елдегі ауыл шаруашылығының дамуынсыз
Қазақстанда жоғарғы әсерлі ұлттық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес.
Әлемдегі дамыған елдерде ауыл шаруашылығы көбіне экономикалық өсім ырғағын,
ұлттық жалпы өнімнің құрай отырып, оның құрылымын және сапасын анықтайды.
Ауыл шаруашылығы қоғамдағы орта топтың қалыптасуының негізгі іргетасы болып
табылады және оның қызмет ету саласының ұлғаюы республикамызда айқын
көрініп тұрған әлеуметтік жіктелудің әлсіреуіне әкелуі мүмкін.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы
туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі
екендігін атап өтті: ... біздің ауыл шаруашылықты дамытудың түбірінен жаңа
идеологиясын түзуіміз қажет. Біз бизнес ортаның бастамашылығын іске асыру
үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек [1].
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған бірнеше
мемлекеттік бағдарламалар болса да, елімізде ауыл шаруашылығы экономиканың
ерекше секторы ретінде әлі құралмады. Оның дамуына тежегіш болып тұрған
себептер бірнеше. Соның негізгілерінің бірі болып жетілмеген несиелеу
жүйесі табылады.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын қолдаудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламалары қабылданып және солар іске асырылуда.
Қазақстанда осы сектордың қоғамның әлеуметтік және экономикалық
дамуына әсері жалпы ішкі өнімнің жартысынан астамы оның үлесіне тиетін
Батыс Еуропаның, Американың және Оңтүстік Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған
елдердегідей аса елеулі болмағанымен, ауыл шаруашылығы біздің елімізде
іскерлік өмірдің бұқаралық, серпінді дамушы бөлігі болып отыр.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында жеке
секторды қосылған құны жоғары өндірістерді құруға ынталандыратын ауыл
шаруашылықты қолдаудың таяу перспективаға арналған, оның ішінде бизнес
ахуалды, бәсекелі ортаны қалыптастыруға, жоғары қосылған құны бар жеке
секторды ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесін қалыптастыру жөніндегі
негізгі бағыттарды айқындады.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қадам басып
жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық
қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін
нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің
біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының
жағдайын жақсартуда, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған
бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз
мәселелер іске асырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға инвестициялар
таратылды, ауылдың әлеуметтік транспорттық, инжинерлік және де басқа
инфрақұрылымдарын қалпына келтіру жолында едәуір жұмыс атқарылды. Жер
кодексі, салық жүйесі, меншік туралы, техниканы лизингке беру туралы заңдар
қабылданды. Бюджеттік төлемдер, жеңілдетілген несие беру түрлері
қалыптасты. Мұның барлығы ауылдың дамуына, ауыл шаруашылығында бизнестің
кең көлемде, тиімді жүргізілуіне қолайлы жағдайлар жасалды. Агроөнеркәсіп
кешенінің әлемдік ашық экономика жағдайында жұмыс жүргізуіне мүмкіндік
берді, сол арқылы республиканың азық–түлік мәселесін шешетін негізгі
өндіріс ауыл шаруашылығының дамуына мүмкіндік жасалуда.
Дегенменен, ауыл шаруашылығындағы негізгі мақсаттар, нарық қатынас
жағдайындағы кейбір негізгі мәселелер әлі де болса шешілмей келеді. Олар,
ауылдағы тауар өндірушілердің өнімділігін көтеру, тиімділігін арттыру, өнім
өндірудегі шығынның көптігі, тауар өндірушілердің табысының төмендігі,
өндірістегі өнім өндірушілермен ауыл шаруашылығындағы өнім өндірушілердің
өнімдерінің баға айырмашылығының алшақтығы, көптеген ауылдағы өнім
өндірушілердің зиянға ұшырауы. Бұлардан басқа отандық ауыл шаруашылық тауар
өндірушілердің өнімінің сапалылығының төмендігі, бәсекеге қабілетсіздігі.
Мұның барлығы олардың тұрақты өнім өндіруге теріс әсерін беретіндігін
көрсетіп отыр.
Тәжірибелік сараптаудың нәтижесіне қарағанда, республиканың ауыл
шаруашылық саласының сапалы, кең көлемде өнім өндіруге мүмкіндігінің
жеткілікті екендігін көрсетуде. Аграрлық сектор мол өнім өндіруде және оны
өңдеуде жоғары мақсатқа жету, мемлекеттің халқын отандық тауармен толық
қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін өндірістің тұрақтылығын
қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы мемлекеттің Президенті өзінің Қазақстан
халқына Жолдауында аграрлық сектордың экономикасын дамыту, оның өндірісінің
тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері әлі ол болса толық орындалмай
жатқандығын айта келіп, оны шешу үшін 2011 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан Жолдауында: - КазАгроның негізгі міндеті - ауыл шаруашылығының
өнімділігі деңгейін арттыра беру, жердің тозуына жол бермеу, еліміздің су
және басқа да табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен
қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолданылуына тосқауыл қою,
аграрлық ғылымның дамуындағы баяулықты, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының
бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу керек деген
тұжырымдаманы айтты.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Ауыл шаруашылығы дамуының теориялық және
тәжірибелік негіздерін, оның құрылымдық және технологиялық аспектілерін
көптеген экономист - ғалымдар зерттеген. ТМД ғалымдары – Л.И. Абалкин, И.Н.
Буздалов, В.Р. Боев, А.Л. Никинов, Л.А. Андреев, Б.З. Сергеев, Н.К. Каюмов,
Т.К. Койчуев, А.У. Оразбаев, М. Трейси, А. Петриков, К.А. Багриновский, М.
Ионов, А.Х. Хусанов және тағы басқалар.
Ауыл шаруашылық саласының тұрақты өнім өндіруін оның құрылымдық
жаңғыртуына Қазақстанның ғылым – экономистері де жұмыстарында өз үлестерін
қосты. Олардың қатарына белгілі отандық ғалымдар – А.Т. Әймен, Р.Р. Аутов,
Т.Ә. Әшімбаев, С.Ә. Әбдилдин, М.Б. Кенжегузин, К.М. Белгібаев, У.К.
Есқараев, Т.И. Есполов, Т.А. Есіркепов, Г.А. Қалиев, К.А. Сағадиев, Ж.К.
Қорасбаев, А.К. Қошанов, Г.А. Кубаев, А.Ш. Құралбае, Ш.К. Көпешев, Р.Ю.
тағы басқалар жатады. Бірақта, республиканың жеке аймақтарының табиғи,
әлеуметтік, экономикалық және де басқа ерекшеліктеріне байланысты,
агроқұрылымдардың тұрақты дамуына бәсекеге лайықты өнім өндіруіне, оның
құрылымдық жағдайын нарық қатынасына қалыптастыру, технологиялық
аспектілерін анықтау, интеграция негіздерін реттеудің теориялық және
тәжірибелік жағынан зерттеудің әлі де болса керектігін уақыт талап етіп
отыр.
Зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеті. Магистрлік жұмыстың мақсаты
– ауыл шаруашылығы саласының нарық қатынас жағдайындағы құрылымдық
өзгерістерін, ұйымдастыру - экономикалық негіздерін зерттей келе, оны
келешекте жетілдіруге негізделген ұсыныстарды тұжырымдау. Бұл мақсатты
орындау үшін магистрлік жұмысқа келесідей міндеттер қойылды:
- агроөнеркәсіп кешенінің институционалды-инфрақұрылымдық,
технологиялық жаңғыртудың теория - әдістемелік жүйесін негіздеу;
- ауыл шаруашылығының экономикасы дамыған шетелдер тәжірибесін талдау
барысында аграрлық саланың жаңа құрылымын ұйымдастыруға ұсыныс жасау;
- агроқұрылымдарды реформалауда, оның экономикаға тигізетін әсерін
бағалау;
- аграрлық сектордың нарық қатынас кезеңдегі технологиялық
қамтамасыздандырудың жағдайын сараптау, ерекшеліктерін анықтау;
- агроөнеркәсіп кешеніне индустризациялау мен интеграцияны енгізудегі
бағыттарын нақтылау.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының кешенді
дамуы болып табылады.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласы
болып табылады.
Ауыл шаруашылығының ары қарай өркендеуі мүмкіндікті, егер
экономиканың осы секторында шығарылатын өнімнің бәсекелестік қабілетін
жоғарылатуға бағытталған сапалы өзгерістер жүргізілетін болса.
Экономиканың қаралатын секторындағы жұмыстың күрт өзгерісі болуы үшін
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын өркендету және қолдаудың кезектегі
мемлекеттік бағдарламасында осы мәселелерді жоятын шаралар енгізу қажет.
Отандық ауыл шаруашылығын одан әрі көркейту және дамыту мақсатында,
шетел тәжірибесіне сүйене отырып іске асыруға болады, яғни жағымды жақты
қабылдап, өз тәжірибемізде қолдану.
Сондықтан да, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жүйесін қалыптастыру үшін
қажетті іс-шаралар жүзеге асырылуда. Нәтижеде ауыл шаруашылығы бастан
кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып
кележатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы ауыл шаруашылығы саны өсіп, онда
жұмыс істейтіндер саны көбеюде.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Магистрлік жұмыстың
теориялық және әдістемелік мәселесінде отандық және шетелдік ғалым-
экономистерінің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары,
Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілері негізге алынды.
Зерттеудің ақпараттық базасын Республикалық статистика агенттігінің
мәліметтері, агроөндіріс кешендерінің түрлі салаларының есеп құжаттары,
ғылыми - зерттеу мекемелерінің тәжірибелік-эксперименттік мәліметтері және
шетел ақпарат көздерінің статистикалық мәліметтер материалдарын құрады.
Магистрлік жұмыстың ғылыми жаңалықтары. Экономикалық байланыстарды
жаңарту арқылы өндірістердің экономикалық құрылымдылығын өзгерту, бөлек
бағытын белгілеу анықталды. Ол өндірістік және инновациялық-құрылымдылық
саясат саласында мемлекеттің ықпал жасауының нақты әдістерімен
ынталандыруына мүмкіндік береді. Сонымен қатар отандық экономиканың
құрылымдылығы мен міндеттері байланыстырылды. Айтылып өткен міндеттер
шикізаттық нысандардың төмендетуіне және үдемелі салалардың - жаңа
экономикасының саласы болсын, не көтеріңкі қосымша бағаланған өнім
өндіретін сектор болсын - оларға пайының көтеруіне мүмкіндік туғызады.
Қалыптасқан реттеу тетіктерін тәртіпке келтіруден бастап нарықтық
институттардың дамуына, ынталандырудың біршама әдістерін енгізуге жағдай
жасай отырып, мемлекеттік кәсіпкерлік саласындағы инструментарийлерді
пайдалану сияқты түрлі әдістер қолдану арқылы мемлекеттің қатысуын талап
етеді.
Қорғауға шығарылатын қағидалар ретінде осы ауыл шаруашылығын
әлеуметтік-экономикалық дамудағы мемлекеттік реттеудін ғылыми мәселелері
сараланып негізделу табылады, сонымен қатар:
- аграрлық сектордың ауыл шаруашылығын мемлекетгік реттеудің негізі
ретіндегі ерекшеліктері жүйеленіп анықталды;
- өркениетті денгейдегі аграрлық нарықтың тиімді калыптасу жағдайлары
жан-жакты зерттеліп, оны мемлекеттік реттеу саясатының қайта қажетілігі
дәлелденді;
- дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығын қаржылық-несиелік реттеудің
тәжірибелері мен әдістері ғылыми сараланып және ауыл экономикасын қолдаудың
ерекшеліктері айқындалып, оның негізгі бағыттары мен оған мемлекеттік
қатысуы зерттелді.
Магистрлік жұмыста алынған ғылыми жаңалық саланың экономикалық даму
кезеңіндегі оны жаңғыртудың, ұйымдастыру - құрылымдық негіздерін, өнім
өндірудің тұрақтылығын теориялық негіздерін қалыптастыру болып
табылады:нарық қатынас жағдайында агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртудың
модернизациялаудың құрылымдық негізі; саланың технологиялық
қамтамасыздандыру мәселелерімен ерекшеліктері анықталды; аймақтардағы
агроқұрылымдарды қайта құрудың салыстырмалы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Зерттеудің негізгі
нәтижелері мен тұжырымдары келесі халықаралық ғылыми-тәжірбиелік
конференцияларда баяндалып талқыланды: Қазақ хандығының 550 жылдығы және
ХХХ университетінің Қазақстантану ғылыми орталығының 10 жылдығына
арналған Қазақстантану-10 халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды.
Магистрлік жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік жұмыс кіріспеден,
үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

мәні
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық
орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік
экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет.
Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның
әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс
жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның
нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңдегі ауыл шаруашылығы, ең алдымен,
нарықтың тауармен молаюына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік
берді. Жалпы алғанда бизнес экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны
қалыптастырып ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында
оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Ауыл
шаруашылығынң әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін
қамтамасыз ету, адамның өмірге деген сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру
жатады.
Қазақстанда бүгінгі күні ауыл шаруашылығы бастан кешіріп отырған
қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі
болып отыр. Ең бастысы: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шағын
кәсіпкерлер саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғарыда емес. Дегенмен, өсім
бар.
Бүгінгі күнде тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу
деңгейі төмендеді. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік
кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Ауыл шаруашылығы нысандары
арасында тауар айналымының ең жоғары деңгейі коммерциялық және делдалдық
қызмет бөлігінде, сонымен қатар ол жұмыс орнының саны жағынан да алда.
Ауыл шаруашылығы, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап
дамуы тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі шағын
кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты
бағыттары туралы бағдарламада: Агроөнеркәсіптік кешені құрамына шаруа
қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар
кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті
қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен шұғылданатын,
шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді
қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді, - деп атап көрсетілген.
Нарықтық экономикаға көшуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері
пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік түрлері қатарына жаңа
түрлер көптеп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа
қожалықтарының өзіндік салмағы бар [2].
Ауыл шаруашылығы тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге,
қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы
болып табылады. Ол шағын қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың
әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Ауыл шаруашылығы
мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын
жұмсалмайды.
Республикада ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы көптеген кедергілер
бүгінгі күні жойылып жатқандығын атай кеткен жөн. Алайда, ауыл
шаруашылығының дамуына күрделі мәселелер әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі
мәселелер:
- несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
- ауыл шаруашылығын қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның әлі де
қалыптаспауы;
- ауыл шаруашылығын қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі;
- несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несиені өтеу пайызының
жоғары болуы;
- несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы.
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын дамыту мен қолдаудың
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген.
Бағдарламада ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада
оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, айқын
бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің
бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
- ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып, дамыту;
- салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада
ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету;
- несие беру ісіне жеке сектордың араласуы;
- ауыл шаруашылығын қолдау аясында нормативтік-құқықтық актілерді
жетілдіру; сақтандыру жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар.
Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығын
монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа
кәсіпорындарға беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда
өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын бизнес ретінде ауыл
шаруашылығы қызметті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын кәсіпорындардың
қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі бір
ілгерілеу шаралары көзделген. Ұйымдық-құқықтық нысанына кіріс деңгейіне
қарай ауыл шаруашылығы субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимін
беруге сараланған көзқарас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын
өндірушілер үшін айрықша режим енгізу олардың ішіндегі маңыздысы болып
табылады [3].
Банк секторын тұрақты дамуы қаржылай қызметтер көрсету нарығын
дамытуға және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары активтерінің ұлғаюын
ынталандыратын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін
әзірлеуге мүмкіндік береді.
Экономикалық дамудың жаңа деңгейінің айтарлықтай ерекшеліктеріне -
әлемдік сауда ұйымдары нарықтарында тауарларды еркін сауда, әлемдік нарық
сегментіндегі бәсеке және экономикалық қарым – қатынаста елдердің әлемдік
қауымдастыққа жаһандануы жатады. Қазақстан Республикасы бұл қарым
қатынастарда ең соңғы орында емес. Соңғы жылдардағы республика
экономикасының дамуы жоғары экономикалық өсу қарқынымен, 10% - дан жоғары
жалпы өнімді шығарумен сипатталады. Мұндай жағдайда аймақтық экономика
тұрақтылығы, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікке табысты қолайлылық
жағдай орнатуға тәуелді болады. Әр аймақ басқа аймақтарға қарағандағы
өзінің жеке артықшылықтарын ұтымды пайдалануы керек және жекеленген
экономикалық кластерінің тұрақты дамуына жол ашу қажет. Аймақ экономикасын
дамытуда кластерлік бағытты қолдану жөнінен ғылыми басылымдар көздеріне
шолу жүргізілгенде, ғылыми әдебиеттерде Қазақстан экономикасын дамытуда
кластер түсінігі экономикалық категория есебінде және басқару объектісі
ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігін көрсетеді. Алғашқы кластер
түсініктері шетелдік әдебиеттерде ғана кездеседі. Бұл саладағы зерттеу
жұмыстарына Альфред Маршаллдың шығармасы, инновация және оны өндіріске
ендіру туралы әдебиеттерде француз ғалымдары Е. Дахменнің бір саланың
дамуы, екінші бір саланың қарқынды ілгері жылжуына әсер ететіндігін
көрсететін және Л.Г. Мэтсонның еңбегінде кластер ішіндегі фирмалар
арасындағы байланыстардың әр қилы формада болатындығын көрсететін еңбектері
жатады. Мемлекет немесе аймақтағы кластерлік дамудың әр деңгейлі
байланыстары және бәсекелестіктері жайында толық талдауды М. Портер жасады.
Ол кластерді географиялық көршілес байланыстағы компаниялар мен қарым
қатынас жасаушы ұжымдардың, жалпы қоғамдық істегі бірін - бірі толықтырушы
сипатындағы анықталынған саладағы қызмет көрсетуші топтар ретінде деп
анықтайды.
Аймақ тарапынан кластерлік даму технологияларын қолдану кәсіпорындар,
мемлекет және білім беру ұйымдары ара қатынастарының тиімді жүргізу
механизмі тетіктерін құруға бағытталуы мүмкін. Жұмыс нәтижесі аймақтық
билік және басқару органдарына, ғылыми және білім беру ұйымдарына, сондай -
ақ және аймақ кластеріне қатысуына мүмкін басқа да қатысушыларға
бағытталады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің жүргізіп
отырған экономикалық саясаты бәсекеқабілетті ұлттық экономиканы
қалыптастыруға, оны түбегейлі өзгертуге бағытталған. Ол өзінің халыққа
Жолдауында: Алдағы уақытта бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз
бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі
жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндірумен өңдеу саласында кластерлік
бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға
айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жеке меншік сектордың назарын нақ
осыған аудару керек, сондай - ақ кредиттерді де, атап айтқанда,
агроиндустриалдық саясат арасында, осында тарту керек. Демек, кластерге
деген қажеттілік, біріншіден, түптеп келгенде бәсекеге қабілетті сапалы
өнім өндіруге деген ұмтылыстан туындайды. Оның арғы жағында еңбек
ұйымдастыруды ширату, жауапкершілікті арттыру, жаңа технологияларды игеру.
Өзінің тереңділігі мен күрделілігіне қарай кластерлер әр алуан түрге ие
болады. Бірақ көп жағдайда дайын өнім өндіретін кәсіпорындардың, белгілі
бір өнімді жеткізушілердің және сервистік қызмет көрсетушілердің басын
біріктіреді. Кластерге сондай - ақ өткізу каналдарымен жұмыс істейтін
кәсіпорындар, қосалқы өнімдерді өндірушілер, тұтынушылар, мамандандырылған
инфрақұрылым нысандары, арнайы оқу мен ақпараттық қызмет көрсетуді
қамтамасыз ететін үкіметтік және басқа ұйымдар, бәсекеге қабілетті дайын
өнім алуға ықпал ететін кәсіпорындар да қосылады.
Кластердің тиімді жұмыс істеуі үшін технологиялық қатардағы барлық
элементтердің арасындағы байланыстар жүйесінің берік, ретті айқын болуы
керек. Бір сөзбен айтқанда, кластер жүйесіндегілердің барлығының жүрегі бір
мезгілде сағат механизміндей соғып отырады. Демек, кластерлік бағытты қолға
алу үшін бірлескен саналы ынтымақтастық қажет. Әлемдік тәжірибеде дамыған,
өркениетті елдер экономиканы көтерудің, өндіріс ресурстарын ұтымды
пайдаланудың құралы ретінде қолданады. Бұған қоса кластердің өзіндік
қалыптасу қағидалары бар. Біріншіден, сол кластердің нәтижелі жұмыс істеп,
табысқа жетуі үшін оған кіргендердің барлығының мүддесі бір болуы керек.
Екіншіден, кластерге бірін - бірімен байланысы бар өнім өндіретін шаруа
қожалықтарынан бастап, ол өнімді өңдеуші басқалары осы заманға сай жаңа
инновациялық технологияларды игеру тиіс. Себебі өндірілетін өнім сапасы
әлемдік, халықаралық стандарт талаптарына сай және тиісті сапа сертификатын
алатындай болуы тиіс. Өйткені, кластердің құрамындағы кез келген
талаптардың біреуінде қандай да бір ақау кездессе, онда жұмыс нәтижесі
төмендейді. Сондықтан да кластерге кірген барлық кәсіпорындар сапалы да
саналы жұмыс істеп, қажетті көрсеткіштерге жетуге бірдей мүдделі болуы
қажет. Мұндай кластерді қалыптастыру ғылыммен тікелей ынтымақтастықты қажет
ететіні айдан анық.
Агроөнеркәсіптік кешенде қазір қалыптасып келе жатқан астық, сүт, ет
өндеу жөніндегі кластерлерді бөліп көрсетуге болады. Тоқыма өнеркәсібінде
мақта, жөн өндеу жөніндегі кластерлерді дамыту көзделінуде. Сондай - ақ бұл
жерде тігін бұйымдары, тері өңдеу және аяқ киім өндіру кластерлері дамитыны
анық.
Республиканың солтүстік - шығыс өңірінде негізінен сүт, астық және ет
кластерлері дамиды. Мақта, ет, сүт және жеміс - көкөніс кластерлері елдің
оңтүстік өңірлерінде құрылады.
Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда, сондай – ақ облыс орталықтарында
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және дайын тағамдық өнімдерді өндіру
жөнінде ірі агроөнеркәсіптік фирмалар бар. Сондай – ақ оларда ғылыми -
зерттеу институттары, ғылыми - өндірістік орталықтар жобалау инструкторлық
ұйымдар, ғылыми кадрлар даярлайтын оқу орындары, ірі қаржылық мекемелер
шоғырланған [4].
Өндіргіш күштерді ұйымдастырудың түрі ретінде өндірістік жүйелердің
кластерлік моделі әлемдік рынокта өзара талаптарды күрделендіре және
бәсекелестікті күшейте отырып, барған сайын танылып, дамып келеді.
Сондықтан алдағы кезеңде кластерлік дамудың ғылыми негізді Қазақстандық
моделін жасау еліміздің аграрлық саласының басым міндетіне айналады.
Алдымен өндірушілер психологиясына ықпал ету жағы бәсең. Ғылым жетістігін,
әсіресе жергілікті, өз ғалымдарымыздың ұсыныстарын сараптап, пайдалану жолы
ойластырылмаған. Ғалымдар ізденістерінің нәтижелері көбінесе шаруашылыққа
жетпейді, тұтынушылырға таратылмайды, пайдаланушыларға ұсынылмайды. Ондай
механизм ойластырылмаған. Осыдан шаруашылықты ғылыми негізде жүргізу жағы
кемшіл.
Ғылым жетістіктерін пайдаланбай, әлемдік сапаға сай өнім өндіру мүмкін
емес, бәсекелестікке төзу тек қиялға айналады. Өкінішке қарай, шаруа
қожалықтарының ғылым жетістігін пайдалануға мүдделілігін қалыптастыру
жолдары да жоқ. Бұл - өнім сапасын арттырудың бірден - бір тиімді бағыты.
Ғылым жетістіктерін пайдаланып, жұмысын ғылыми негізде жүргізетін
шаруашылықтарға жеңілдіктер жасаған жөн.
Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ұйымдастырудан ұрандау нақтылы іс -
әрекеттен гөрі көпсөзділік басым. Мысалы, өндірушілер өз өніміне қойылатын
талаптарды - стандарттарды айқын білуі керек. Бұл - Әлемдік сауда ұйымына
сәтті ену, бәсекеге дайын болу шарттарының бірі. Сүт кластері жағдайында
сүттің химиялық құрамы, оның ара мөлшері дегендері есепке алынады. Ал
ғалымдар сол құрамды қалыптастыру жолдарын зерттеп, анықтап, мол
организміндегі үдерістерге оң ықпал ететін шаруашылықты жүргізу
технологиясын ұсынуы керек. Бұл үшін іргелі зерттеулерге қажет жағдайлардың
бәрі болуы шарт. Ғылыми мекемелер, тіпті озық шаруашылықтар арнаулы
зертханалармен, құрал - жабдықтармен, қажетті реактивтермен қамтамасыз
етілуі керек. Сонда ғана ғылыми негізді ұсыныстар пайда болады, ол нақтылы
нәтиже береді. Өндіруші соны басшылыққа алып, жүзеге асырады.
Сонымен қатар тұқымы нашар малдан жақсы өнім алынбайтынын ескерген
жөн. Демек, мал шаруашылығында кластерлік жүйені еңгізудің бір шарты –
селекциялық жұмыстарды жандандыру. Мал басын көбейтуді мақсат тұтпай, оны
асылдандыру стансалары, асыл тұқымды мал зауыттары жойылып кеткен жоқ. Ал
ауыл шаруашылығында қазіргі қалыптасқан жағдайда кластердің толыққанды
жұмыс істеп кетуі тіпті де мүмкін емес. Себебі кластерлік технология
принциптерін толық орындауға мүмкіндік жоқ. Біріншіден, заман талабына сай
технология болуы шарт. Мұның үстіне кәдуілгі үй жағдайында қолмен сауылатын
сиыр сүтінің сапасы тіпті де талапқа сай келмейтіні айқын. Сиыр табыны
құрылымында олардың үлесі 80% деңгейде. Ал жаңа технологияны қолданбай,
өнім сапасы жақсармайды. Екіншіден, қазіргі күні біз: Әлемдік сауда
ұйымына кіреміз, ашық экономикалы ел боламыз, - дейміз. Ал енді ашық
экономикалы ел болатын болсақ, онда күні ертең нарықтық экономика заңына
сәйкес басқа елдер де өздерінің артық өнімдерін тықпалайды. Сонда сол
өнімдердің бірсыпырасының бізге келуі ықтимал. Демек, біздің елімізде
өндірілетін әр өнім сапасы жағынан халықаралық бәсекелестікке төтеп бере
алатындай болуы тиіс. Әрине бұл үшін жаңа технология ауадай қажет. Мысалы,
малды азықтандыру – мол өнім алудың кепілі. Мал өнімдерінің сапалы болуының
80 пайызы сапалы азықтандыруға байланысты екенің біздің ғалымдарымыз
ертеден айтып та жүр. Алайда, еліміздің ауыл шаруашылығындағы қазіргі
жағдайда малды азықтандыру әлемдік деңгейге сай келеді деп айтуға болмайды.
Өйткені дәл қазір қолданылып жүрген мал азығының сапасы да, құрамы өте
төмен. Мұның өзі аз шығынмен көп өнім алу талабына сай келмейді. Себебі
шаруа қожалықтары негізінен малды далада жайып бағады да, мал азығының
рационалдық сапасына тіпті де көңіл бөлмейді. Мысалы, малға берілетін
азықтың бір микроэлименті жетпейтін болса, онда ол малдан мол және сапалы
өнім алу, әсте, мүмкін емес. Мұндай жағдайда өнімнің өзіндік құнының артуы
салдарынан бәсекелестікті қамтамасыз ету қиын. Осыдан бәсекелестікте
ұтыламыз, келенсіз жағдайларға ұшыраймыз. Оған мысал ретінде елімізде биязы
жүнді қойлар үлесінің күрт төмендеп кеткенің келтіруге болады. Қазір
халықаралық стандартқа сай жүн дайындай алмай отырмыз. Осыдан біздің
тауарларға деген сұраныс жоқ. Өз кезегінде оның себебі шаруашылықты ғылыми
негізде жүргізбеуге барып тіріледі. Бірінен – бірі туындап жатқан тізбек.
Ауыл шаруашылығында кездесетін бір кемшілікті ғана айтып отырмын. Әрине,
жан – жақты зерделесек, бір сиырды бағып – күтудің өзі қымбатқа түседі әрі
бәсекелестікті қамтамасыз ете алмайтын жағдай. Демек, бас – басына өзінше
тірлік кешіп жатқан сол жеке меншіктер күні ертең малын да, жерін де бір
ортаға біріктіріп, кооперативтерді қалыптастырып, өнім алу бағытындағы
барлық шараларды ғылым талаптарына сәйкес жүзеге асырса, онда өндірілген
өнімнен пайда табуға болады. Бір ортаға шоғырландырылған шаруашылықтар құру
– бүгінгі өмір талабына сай.
Біз жекешелендіру кезінде кейбір елдердің қол жеткен табыстарын ғылыми
тұрғыдан бағалап, өзіміздің өндіріске енгізуге тырыстық. Ал оның жергілікті
жағдайға қаншалықты ыңғайлы болатыны, демек, өміршендігі ескерілмеді. Егер
ғылым саласындағы тамаша ұсыныстарды қабылдай отырып, кластерге кірген
шаруа қожалықтары жұдырықтай жұмылатын болса, онда кластерлік бағыттың еш
қиындықсыз дамитыны сөзсіз. Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығының қай саласын
алсаңыз да, оны жан – жақты дамыту үшін ең алдымен шаруашылықты жүргізу
тәсілдерін ғылым жетістіктерімен тығыз байланыстыра білудің маңызы ерекше.
Соның бірі- кластерлік бағытты қалыптастырып, дамуын негіздеу, осы бағытқа
жол ашу.
Бір жағынан айтқанда, бұл өндірісті кешенді ұйымдастыру дегенді де
білдіреді. Қазір біз өзіміздің тарапымыздан сол кластерді қалыптастырудың
бағыт – бағдарын белгілеп, оны дамытуға байланысты ұсыныстарымызды беріп
жатырмыз. Әрине, кластердің жолға қойылып, жұмыс істеп кетуіне, біріншіден,
көп мүмкіндіктер қажет. Екіншіден, міндетті түрде мемлекет тарапынан қолдау
керек. Мысалы, қайталап айтатын болсам, кластерге кірген барлық
шаруашылықтар мен кәсіпорындар бүгінгі замаңғы жаңа инновациялық
техникалармен жабдықталуы тиіс. Әзірге ауыл шаруашылығында пайдаланып
жүрген техникалардың барлығы да бұл талапқа сай емес. Сондықтан жаңа құрал
– жабдықтар қажет. Ал ол техникаларды сатып алу үшін мемлекет кластерлік
шаруашылыққа мол көлемде инвестиция құюы шарт. Ал инвестицияның құйылмай
жатуы – ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі әлі төмен деген сөз.
Осыған қоса күні бүгінге дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын
реттеу жолға қойылмай отыр. Осыдан жарты жыл бұрын мемлекет тарапынан ауыл
шаруашылығын реттеу туралы заңда бұл мәселе баса айтылса да, өкінішке
қарай, әлі күнге бағаны реттеудің механизмі жоқ. Көптеген шетел
тәжірибесінде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын
құлдыратпау механизмі нақты ескерілген. Егер баға төмендейтін болса, үкімет
әлгі өнімді өзінің ресурсы белгілі бір тұрақты бағамен сатып алады да,
кластерге қатысушылардың шыққан шығынының өтелуіне ықпал етеді. Бұл – ауыл
шаруашылығы өндірісін тұрақтандыруға бағытталған шара. Бізде де осы
мақсатта Продкорпорацияжәне басқа да мемлекеттік ұйымдар құрылған, бірақ
олар әлі күнге дейін нарықтық бағаны қалыптастыруға айтарлықтай ықпал ете
алмай келеді. Мысалы, биыл 18,5 миллион тонна астық жиналды. Ал мемлекет
тарапынан тек 500 мың тонна астықты сатып алуға қаражат бөлінген. Егер
өндірілген астықтың 1 тоннасының бағасы 100 АҚШ доллары болса, онда
бөлінген қаржы жиналған әлгіндей астықтың бағасын қалыптастыруға ықпал ете
ала ма?Әрине, ықпал ете алмайды. Демек, мемлекет тарапынан белгіленген
сатып алу бағасы өнім бағасын тұрақтандыратындай деңгейінде болуы тиіс.
Мысалы, қазір астықты сатып алумен шұғылданатын кәсіпорындар бар. Олар
өнімді бір жағынан мемлекетке, бір жағынан жеке меншікке сатуға құқықты.
Осы жекеше кәсіпорындардың өнімді мемлекет белгіленген бағадан төмен бағаға
сатып алуын шектейтін механизм қажет. Егер осындай механизмдер енгізілсе,
онда ауыл шаруашылығы өнімін өткізуде ешқандай кідіріс болмас еді. Оның
үстіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын реттеу жолға қойылмай отыр.
Бағаны реттейтін механизм ауадай қажет. Өткен жылы Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығының министрлігі осы кластер мәселесіне
байланысты бір конференция өткізді. Сонда мынандай дерек келтірілді:мысалы,
өнімді сатқанда түскен пайданың тек 25 пайызы ғана ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірушілердің үлесіне тиеді екен. Ал қалған 15 пайызын арада
жүрген делдалдар мен сатып алушылар иемденеді. Мұндай жағдай ауыл
шаруашылығында ұдайы өндірістің экономикалық негізін қалыптастырмайды. Ал
шетелдің тәжірибесінде әрбір өнім құнының 60–65 пайызы бастапқы өндірушінің
үлесіне тиеді. Шетелде бұл заң жүзінде реттелген.
Біздің еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің табатын
пайдасы төмен болғандықтан, мұның өзі ұдайы өндірісті қалыптастыруға әлі
күнге мүмкіндік бермей келеді. Сондықтан олар өнімін өткізуден түскен
қаржыға жаңа техника сатып алуға шамасы жоқ болғандықтан, ауыл
шаруашылығында техниканың тозып, санының азайып, өнім сапасының төмендеуіне
соқтырады. Әрине, бұл тұста мемлекет тарапынан қолдау жоқ деп айтуға мүлде
болмас. Мемлекет ауылға лизинг беріп, техниканы жаңартуға көмектесуде.
Бірақ сол бөлінген техникалардың көлемі ауыл шаруашылығында инновациялық
үрдісті қалыптастырып, нақты табысқа қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр.
Себебі, біріншіден, осы заманғы техникалар жеткіліксіз. Екіншіден, қайсібір
шаруа қожалықтары техниканы лизингке алуға үрке қарайды. Сондай – ақ ауыл
шаруашылығын дамытудағы көлденен тұрған тағы бір мәселе, ол – банктердің
несие алу. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасы төмен,
бактердің пайыздық ставкасы жоғары болса, онда ауыл шаруашылығын қолдап
отырмыз деп айту қиын.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру өте өзекті
болып табылады. Қазақстан Республикасы ірі аграрлық потенциалға иелік
етеді. Отыздай позиция тұрғысынан әлемдік аграрлық нарықта 1-ден 35–ші
орынға дейін иелік етеді, оның ішінде 11–і бойынша бірінші ондыққа кіреді.
Астық, ет және сүт өнімдері бойынша ірі аграрлық ел болып танылады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуында астық өндірісі ең, артықшылықпен
дамыған сала болып табылады. Республикада барлық егіс көлемінің 90% дәнді
дақылдар үлесіне тиесілі оның ішінен бидай егілген егіс көлемі 82-89%
қамтиды [5].
Қазақстан бидайы сыртқы нарықта баға және сапасы жағынан бәсекелестік
қабілетті деп есептелінеді. Қазіргі таңда Қазақстан ұнды шетелге шығаруда
екінші орынға бидай мен арпаны шығаруда жетінші орынға шықты, макарон
бұйымдарын шетелге шығаруда үлкен болашағы бар, шын орыны бесінші бағытта
болғанына қарамастан, бірінші орынға да қолы жетерлік. Елдің ауыл
шаруашылығы оның селекциялық жұмыстарын жақсартқанда, тиісті агротехника
болса, егіс дақылдарының ара жігі дұрыс таңдалып отырса - әлем нарығында өз
тұрғысын айтарлықтай нығайтуға, бәсекелестік қабілеттігін арттыруға барлық
негіз бар деп есептелінеді.
Мемлекет Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымы ену жағдайында,
агроөнеркәсіп кешені бәсекелестік қабілеттігін күшейту мақсатында, тиімді
агробизнес жүйесін қалыптастыру, ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекеттік
қолдаудың ұтымды шараларын қолдануда, агро азық-түлік кешенінің мемлекеттік
басқарылуын оңтайландыруда жұмыс істеулері керек.
Нақты бір өлкенің, аумақтың, сала экономикасының бәсекелестік
қабілеттілігін арттыру аспабы ретінде қазіргі уақытта ел экономика
салаларында кластерлік тәсілдерді қолдану болып табылады.
Осы мақсатта Республика үкіметімен Елдің 2015 жылға дейінгі
индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасында белгіленген міндеттерді
жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның бәсекелестік қабілеттілігі және
кластерлік даму болашағы деген жоба жүргізіліп отыр. Көрсетілген осы
жобаның жүзеге асырылуы 2013 жылдың шілдесінде басталған болатын.
Президенттің халыққа жолдауында республика экономикасын әр тарапты
қылудың негізгі әдістемесі ретінде көрсетілген болатын. Атап айтқанда осы
әдіс көптеген елдердің экономикасын табысты қайта құрылуын қамтамасыз еткен
болатын. Класткрлік тәсілдің мәні, өндірістік және басқа да ресурстарды
кәсіпорындармен, бірлестіктермен өндірістік кластер қамқорлығымен бірлесіп
қолдану барысында, ортақ әсер алу болып танылады.
Ауыл шаруашылығын кластері деп, қазіргі экономикалық ғылым,
географиялық белгілер бойынша шоғырланған және өзара байланыстағы ірі,
шағын және орта компаниялардың мамандандырылған тобын құрған, шикізат,
материалдар, тауарлар және қызметтер түрін беріп тұратын, ал сондай –
ақсалалардың қызметімен байланыстағы ұйымдарды (мысалы, университеттер,
стандарттау жөніндегі агенттіктер, кәсіби бағдардағы орталықтар және
басқалар) түсініледі. Мынадай нәтижелер болғанда, ауыл шаруашылығын
кластерлер кәсіпорындар мен салалардың өнімділіктерін арттырады:
- технологияға, өнім берушілерге, ақпаратқа қол жетерлікті жақсарту;
- бәсекелестіктің арқасында кластердің ішінде тым тиімділерін арнайы
бағытқа (іске) бағындыру;
- тым талғампаз тұтынушылырдың көрініс бере бастау нәтижесінде, тауар
және қызмет сапасын арттыру;
Кластерге бірігу, бірыңғай технологиялық тізбекпен байланысқан
кәсіпорындарға, яғни кімде болмасын жұмыстары бір ғана соңғы өнімді алуға
бағытталғандарға ұсынылады. Жалпы алғанда, кімде болмасын соңғы өнімге
жақын болатын болса, сол ғана ең көп қосылған құн алады және қаншама жақын
болса, соншама пайдалы болады. Бірақта кластерлік тәсілдің арналуы тек қана
соңғы өнім иесінің пайдасына емес, ал кластердің барлық қатысушыларының
пайдалы болуына арналған.
Азды - көпті көріністегі дағдарыстың болып тұруы (өнімді сатып өткізу,
қайта өңдеу) кәсіпорынды кластер құру қажеттігіне итермелеуі тиіс.
Жеткілікті түрде әйгілі шындықтың дәнді дақылды өндірістегі кластердің тым
тиімді екенін, оған ұн өнімін және одан жасалатын бұйымдарды қосуға
болатынымен келіспеуге болмайды. Өндірсті кластерлік пен ұйымдастыру
кәсіпорынға астық нарығындағы баға тұрақсыздығының салдарын жұмсартуға
мүмкіншілік береді, ал оны өсіргендегі және қайта өңдеуден алынған пайда
делдалдарға немесе шикізатты тұтынушыларға кетпей бір жерде жиналатын
болады. Қазақстанда кластер құрудың бірден – бір басымдылық саласы болып,
астық өнеркәсібі танылады. Астық индустриясының тиімділігін ұлғайту үшін,
бидай өндірісі мен қайта өңдеу кластерін дамыту қажет, оның өзі әрі қарай
кластер құрайтын салалар аралық бәсекелестік қабілеттілікті арттыруға
ынталандырады. Бұл кластер, Республиканың азық–түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, халықты отандық сапалы өніммен және қол жетерлік бағамен
жабдықтау және басқалары сияқты мемлекеттің тап осындай стратегиялық
мақсаттарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы астық кластерін, солтүстік өңірдегі кәсіпорындарды
бірлестіру немесе Республиканың солтүстік және орталық өңіріндегі
кәсіпорындарды бірлестіру жолдарымен ұйымдастыруға болады. Ең бастысы,
өңірлердегі астық кластерін құру үшін, қажетті олардағы бар алдын ала
жасалған жағдайлар анықталуы тиіс. Ондай алдын ала жасалған жағдайларға
жататындары – шикізат қорының, қажетті өндірістік инфрақұрылымдардың, осы
салада жұмыс істейтін кәсіпорындардың барлығы.
Қазақстандағы негізгі егін егетін өңірлер болып, Қостанай, Солтүстік
Қазақстан және Ақмола облыстары танылады, олардың дәнді дақылдың егіс
көлеміндегі, Республика астық 70% құрайды. Дәнді дақылдардың ішінен ең көп
тарағаны бидай болып есептелінеді, ал оның ішінен әсіресе қатты сорттары –
макарон бұйымдарын өндіру үшін қажетті негізгі шикізат болып есептеледі.
Қазақстан бидайының сыртқы нарықта бәсекелестік қабілеттілігі астықтың
жақсы сапасымен байланысты, ал өз кезегінде одан жасалған өнімдердің
бәсекелестік қабілеттілігін анықтайтын болады. Қазақстан бидайын шетелге
шығаруды ұлғайту, елден бірінші кезекте астықтың жақсы сапаларын шығаруға
мәжбүрлейді. Сонымен, ішкі нарықта сапалы шикізаттың тапшылығы қалыптасады.
Сондай – ақ кластердің жұмыс істеуі үшін айтарлықтай маңызды рольді
инфрақұрылым мен негізгі қатысушылардың, оның ішінде өндіріс және қайта
өңдеу кәсіпорындарының орналасуы ойнайды. Астық қабылдау пуктерінің ең
көптеген сандары Ақмола облысында (58), Солтүстік Қазақстан облысында (53),
және Қостанай облысында (41) жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығында астық кластерін қалыптастыра қалған жағдайда,
барлық салаларға қатысты мынадай жалпы көкейтесті мәселелер орын алады:
- Ауыл шаруашылығы кластерге қатысушылардың өзара іс - әрекеттерінің
нашарлығы;
- олардың төменгі деңгейіндегі хабардар болуы және өзара іс әреттен
түсетін пайданы түсінбеуі;
- негізгі қорлардың жоғары дәрежедегі тозуы;
- жаңа үдемелі технологияны еңгізу үшін өзіндік қаражаттарының
жетіспеушілігі;
- басқару топтағы білікті мамандардың тапшылығы және саланың негізгі
көкейтесті мәселелері болып табылатындар:
- өндірістік қуаттың жұмыс көптілігінің толық еместігі;
- ауыл шаруашылық технологиясымен төменгі деңгейдегі қамтамасыз
етілуі;
- шикізаттың терең өңделуінің жоқтығы.
Мынадай тізбектің ауыл шаруашылық өнімін өндіруші – оны қайта өңдеуші
– сатушы, кәсіпорындар шикізаттан жоқшылық көреді және жиілеп үштен бір
қуатпен ғана жұмыс істейді, яғни астықты қайта өңдеу кәсіпорындарының
өндірістік қуаттарының төменгі дәрежедегі жұмыс көптілігінің толық еместігі
байқалады. Сондықтан тіктеп кіріктірілген құрылымдарға, ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және жүзеге асыру кәсіпорындарын
бірлестіретіндерге (кластерлерге) агроөнеркәсіп кешенін құруға көмектесу.
Астық индустриясы үшін шешілмеген көкейтесті мәселе болып, көптеген
кәсіпорындардың техникалық қайтадан жабдықталмауы болып отыр. Тіпті табысты
жұмыс істейтін ұн тарту өнеркәсібінде негізгі қорлардың тозу дәрежесі 26%
құрайды. Бұның өзі астық кластерінде Республикалық жағдайлармен нашар
үйлестірілген шетелдік өндірушілердің технологиясын кеңінен таратуға себеп
болып отыр. Ауыл шаруашылық техникасының негізгі түрлерінің жетіспеуі 70-
83% құрайды. Сондай – ақ саланың дамуындағы айтақаларлықтай көкейтесті
мәселелерінің бірі, ауыл шаруашылық өндірушілерінің ғылым саласымен
жеткіліксіз тиімді байланысының жоқтығы болып табылады. Қазақстанның ауыл
шаруашылық ғылыми потенциалы едәуір көлемді, бірақ ол өндірістен
жекеленген.
Бұған себеп болып табылатындар, біріншіден, астық өндірушілердің
едәуір бөлігінің астық дақылдарының жаңа сорттарын енгізуге және оларды
егіп өсіруге қаржылардың жетіспеушілігі, екіншіден, Республикадағы шағын
инновациялық бизнестің жоқтығы. Осының бәрі Қазақстандағы астық
индустриясының сапалы жаңа деңгейге дамуын іріктеп отыруда. Жоғарыда
айтылғандай, Республиканың солтүстік өңірінде астықты қайта өңдеу кластерін
дамыту үшін барлық алғашқылық жағдайлар бар. Бірақта саланы дамыту үшін
қажетті жағдай шикізат жіберушімен тұрақтанған байланысты қамтамасыз ету
болып табылады, оған тек, ұсақ шаруашылықтарды тым іріленген
шаруашылықтарға бірлестіру есебінде ғана қол жеткізуге болады. Әлемдік
машық көрсетіп отырғандай, кластерлік тәсіл және оның бірінші кезегінде
аймақтық кластерлер шағын және орта бизнестің дамуына күшті түрткі береді.
Кластердің жетекші компаниялары, ережедегі сияқты өз қызметтерін басты
бағыттарда шоғырландырады да, аралық өнімдердің өндірісін және қызмет
көрсетулерді шағын кәсіпорындарға жүктейді. Мұндай тәсіл әсіресе аймақтарға
пайдалы, өйткені ол жергілікті бизнестің бәсекелестік қабілетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz