Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНА ӨЗБЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. 1 Білім берудегі инновация туралы түсінік . . .
1. 2 Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы . . .
1. 3 Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасында өэбеттілігінің қалыптасуы . . .
II-тарау. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНА ӨЗБЕТТІЛІГІНІҢ ТӘЖІРБИЕЛІК ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының педагогикалық жұмыстар мазмұны
2. 2
2. 3
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Н. Ә. Назарбаев
Бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу -тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттілі туындайды.
ХХІ ғасыр - ақыл-ойдың дәуірі, ақпараттық қоғам, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бұл кезеңдегі әрбір елдің әлеуметтік - экономикалық дамуының кілті - білімді де білікті маманнның қолында.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Мұғалім - оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. [3]
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
- Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
- Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
- Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
- Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
- Білімді, іскер, шебер болу керек;
Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының инновациялық технологияларды меңгеруі аса маңызды. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес, танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор . Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің баспалдағы. Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бастауыш сыныпта инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К. Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы - бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосатынын ескерген. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 3 таруының 11 бабында осылай айтылған:
1 ) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; . . .
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді
пайдалану;
Сондай- ақ Қазақстан Республикасының жалпы білім беру Мемлекеттік стандартының 4 бөлімінің 4, 6 тарауында: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекмелері стандарт бойынша берілген оқушылардың дайындық деңгейіне жету үшін тәрбиелеудің, оқытудың, дамытудың денсаулық сақтау ортасын қамтитын әр түрлі әдіс- тәсілдер мен педагогикалық технологияларды қолдануға болады, деп жазылған.
Осыған сүйеніп, өз басым оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқымыз келеді.
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.
Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. Технология сөзі / techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім /
Осыған сүйеніп, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатында жаңа технологияларды үйреніп, олардың сабаққа берер пайдасы және оқушы білімін кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, оқуға деген ынтасын жоғарлатудың оңтайлы жолдарын табуды көздедім. Қазіргі кездегі кеңінен қолданылып жүрген деңгейлеп саралай оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын осы жұмыста барынша көрсетіп, олардың сабақтың тиімділігін арттырудағы әсері мол екенін айтқымыз келеді.
21 ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен өлшенбейді, оның критерийі - функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.
Дипломдық зерттеу жұмыстың өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: « . . . Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, . . . бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі эканомикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер- қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан зор ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі-жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 - бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда мектептегі оқу үдерісінде қолдануға неғұрлым тиімді, білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше, керісінше оқу пәндерінің типтік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрынан қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл педагогикалық технологиялар философиялық, психологиялық және адамгершілік тұрғыдан гуманистік сипатқа ие болады, болашақ мамандардың адамгершілік және интеллектуалдық жағынан дамуын, өз бетімен әрекет етуін, қары-қатынас жасау қабілетінің артуын қамтамасыз етеді.
Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты: Оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа технология түрлерін сабақтарда пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз ету.
Зерттеу жұмысының объектісі. Инновациялық технологияның бастауыш мектеп оқушыларына өтілу процесі.
Зерттеу жұмысының болжамы. Инновациялық оқыту технологиясын бастауыш мектеп оқушыларына оқытудың озық үлгісі ретінде тиімді және орынды қолданған жағдайда жеке бастың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі болып «Саралап деңгейлеп оқыту» Қараев Ж. А., Кобдикова Ж. У. ; «Модульдік оқыту технологиясы» Жампеисова М. М. ; «Дамыта оқыту технологиясы» Тұрғымбаев Т., Эльконин Д. Б. Давыдов В. В., Зайцев В. ; «Проблемалық оқыту технологисы» Монахов М. ; «Ірі блокпен оқыту технологиясы» Шаталов, Эрдниев П. М. ; «Жобалау әдістемесі» Дж. Дьюи; «Сын тұрғысынан ойлау» Джинни, Л. Стил, С. Крутис, Ч. Темпл; «Жеделдетіп оқыту технологиясы» (тілді дамыту) Жүнісбеков Ә. ; «Алдын-ала оқыту технологиясы» Лысенкова А. ; «Тұлғалық гумандық технологиясы» Амонашвили Ш. ; «Шоғырландырып- қарқындап оқыту» (Концентрированно- интенсивное обучение) Нұрахметов Н. Н. Абдығалиев К. А. ; «Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы» Ғалиев Т. Т. ; «Интерактивті оқыту технологиясы» Я. А. Каменский.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім. Жаңа технологияларды меңгеру оқушы үшін аса маңызды.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
- оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қол жеткіздіреді;
- адамның жеке басының қадыр-қасиетін сезініп, бағалауға әрі тұлғааралық қарым-қатынасты жақсартуда көмекші құрал қызметін атқарады;
- шығармашылық қабілетті (креативтілікті) дамытуға септігін тигізе отырып, адамның өзін-өзі тануына жол ашады;
Зерттеу жұмысының базасы. Ақтөбе қаласы, Мартук ауданы, Саржансай ауылы, Саржансай орта білім беретін мектебі.
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
1. 1. Білім берудегі инновация туралы түсінік
Қазіргі кезде тәуелсіз елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау - оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. [1] .
Оқу-тәрбие процесінде жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқытушы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:
1 кезең - оқып үйрену; 2 кезең - меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4 кезең - дамыту.
Педагогикалық технология - оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлаған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - студенттердің оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдісін жаңашаландыру студенттердің оқу материалын теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологиялар игерулеріне тікелей байланысты болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру оқытушыдан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қадыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В. Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз -тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана” - деген тұжырымдама берді. [2] .
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру оқытушының зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz