Электрондық почта


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТА

Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып саналады да, ол кәдімгі почтаның екінші балама түрі болып есептеледі. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен (қызметінің салыстырмалы бағасы төменгі деңгейде) қазіргі почта қызметінің ертеңі электрондық почта болады деп күтілуде. Компьютерлер көмегімен кез келген ортаны (олар қандай қашықтықта орналасса да) дайын болған өртүрлі құжаттармен, жаңа жобалармен жылдам таныстырып, олардың да осыларға деген пікірін тез жинап алуға болады.

Электрондық почта кез келген құжатты - ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма (адресі, аты-жөні, тақырыбы) немесе жәй хабар түріндегі текст (хаттың өзі) бола ма - бәрібір олардың информациялық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты өрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электрондық почтаны пайдалану кезінде компыотерде әртүрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыстар атқарады:

- алынған мәліметтерді талдау және жаңа мәліметтер дайындау;

- байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу;

Байланыс желісіндегі ең алғашқы программаның жұмысы компьютердегі текстік информациямен жұмыс істеген сияқты болады. Бұл кезеңде белгілі бір редакторлық программа көмегімен тексті дайындап, оны артынан қарап шығуға тура келеді. Тексті оқу, толықтыру, талдау жүмыстары әдеттегі почтамен жұмыс істегенмен бірдей. Компыотерде әрқашанда жинақталған мәліметтер архиві болуға тиіс, соларды қарап отырып бұрынғыларын тағы қайталап оқып шығып, керек еместерін "қоржынға" тастап, керектеріне жауап жазып, кейбірін қайта архивке салып сақтап қоямыз. Ең соңында дайындалған хатты немесе келген хатқа жазылған жауапты "почта жәшігіне" салып, керекті адреске жөнелтеміз.

Сонымен, электрондық почтаның кәдімгі почтадан айырмасы "байланыс бөлімі" өз компыотерімізде орналасады және тек өзімізге ғана қызмет етеді.

Дайындалған корреспонденцияны жөнелту мен келген хаттарды қарап шығу ісін әркім өзіне ыңғайлы кезде арнаулы программа бойынша жүргізеді. Ол программа хаттарды дайындаумен қатар сол компьютерді бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасату негізі болып саналатын тораптық компьютермен кез келген сәтте байланыс сеансын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сол сеанс кезінде программа дайын хаттарды жөнелтіп, келген хаттарды қабылдап алу істерін қатар атқарады. Компьютеріміздің ішіндегі өз "почта жәшігіміздегі" бұрынғы салынған хаттар түгел тораптық компьютерге жіберіліп, сырттан біздің адресімізге келіп түскен мәліметтер ғана "жәшікте" жатады.

Дербес компьютерде жеке өз адрестері бар бірнеше адам жұмыс істейтін болса, тораптық компьютермен байланысқан кезде келіп түскен барлық корреспонденция бір жәшікке түспей, адреске сәйкес олар осы компьютердегі өз иелерінің почта "жәшіктеріне" сұрыпталып салынады, олардың да жіберілуге тиіс мәліметтері керекті адрестеріне жөнелтіледі.

Осындай ортақ компьютерде істейтін бір адам, почта администраторы болып тағайындалады. Адрестері не аттары дұрыс көрсетілмеген, бірақ сол компьютерге бағытталған хаттар осы администраторға табыс етіледі. Сонымен программаның басқаруымен компьютерге келіп түскен хаттар "талап етілгенше" келіп түскен почта жәшігінде жата береді. Мұның қолайлы жағы - компьютер өшіп тұрғанда келіп түскен хаттар бірден "жәшікте" сақталып тұрып қалады. Егер бұлай болмаса, тораптық компьютердің жады алынбаған хаттарға толып кетер еді. Соның өзінде де көптеген иелері алмаған немесе қате кетіп адрестері дұрыс жазылмаған хаттар торапта біраз сақталған соң, оларға арнайы белгі қойылып келгеп жеріне қайтарылады.

Хатты толтыру

Кәдімгі почта тәрізді электрондық почта да бір абонент пен екінші абонент арасында мәлімет алмасу үшін қолданылады. Жіберілетін мәліметте ("конвертте") екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші мен оны алушының мекен-жайы кәдімгі хаттағы сияқты жазылады. Әрбір адресте хатты алушыныц аты-жөні мен оның компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің (жіберушінің) адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады.

Келген почтамен жұмыс істеу

Почталық серверден хат алу Мини-Хост Клиент жүйесінде орындалып, оның жұмыстары WinUUСР программасымен атқарылады. Сонымен, тек анда-санда осы программаны іске қосып тұрсақ, бізге келген хаттар өз компьютеріміздегі портфельге келіп түседі. Енді тек сол хатты столга алдырып, ашып оқу ғана қалады.

Ол үшін Деректер менеджері программасын іске қосамыз. Егер спулда (портфельде) бізге келген хат болса, онда экранда көрсетілген хабар көрінуі тиіс.

Егер Иә деп жауап қатсақ, ол бірден #Келген хатгар (Входящие письма) атты (хаттар) немесе #Келген мақалалар (Входящие статьи), яғни телеконференциялар деген бумаларға түседі. Енді сол бумаларды ашып (олар келісім бойынша ашық тұруы тиіс), келген хатты тауып тышқанды екі рет сырт еткізсе болғаны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды почта
Компьютерінде хат
Электрондық почта ( E- mail)
Электрондық почта туралы ақпарат
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
Хатты толтыру
Байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу
Электрондық почта жайында
Компьютерлік телекоммуникациялар. интернет жұмысына жалпы сипаттама
Почталық файлдық сервер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz