Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қолжазба құқығында

Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы

Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары

5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Қазақстан Республикасы

Астана, 2017 ж.

Жұмыс «Астана Медицина Университеті» АҚ-ның

№1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: Байгенжеева Р. Қ., денсаулық сақтау магистрі, аға оқытушы.

Ресми оппоненті: Магзумова Р. З., медицина ғылымының кандидаты, ассоцирленген профессор.

Дипломдық жұмыс 01, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а мекен-жайында орналасқан «Астана Медицина Университеті» АҚ-нда Мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында 2017 жылдың 13 маусымында 9. 00 уақытында қорғалады.

Дипломдық жұмыспен «Астана Медицина Университеті» АҚ-ның кітапханасында танысуға болады (01, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 49а) .

«Астана медицина университеті» АҚ

Отызбаева Гүлжанат Ержанқызы

Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін анықтау және оның алдын-алу шаралары.

5В110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Ғылыми жетекшісі:

(аты-жөні, қолы)

Ресми оппоненті:

Астана 2017

МАЗМҰНЫ

ҚҰЖАТТЫҚ СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

АНЫҚТАМАЛАР . . . 6

ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 7

КЕСТЕЛЕР МЕН СУРЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 8

  1. КІРІСПЕ . . . 9Тақырыптың өзектігі . . . 9Зерттеудің мақсаты . . . 10Зерттеудің міндеті . . . 10Зерттеудің ғылыми жаңалығы . . . 10Зерттеудің практикалық маңыздылығы . . . 11Жұмыстың апробациясы . . . 11Қорғауға ұсынылған негізгі ережеле . . . 11Жариялымдар . . . 11Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . . . 11
  2. ӘДЕБИ ШОЛУ . . . 12Өзіне -өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік . . . 13Суицид туралы жалпы түсінік және оның шығу тарихы . . . 16
  3. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД . . . 18Әскери қызметкерлер арасындағы суицидтің пайда болу себептері . . . 18
  4. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 25Зерттеу жұмысының материалы, әдісі және объектісі . . . 25Зерттеудің нәтижелері мен көрсеткіштері . . . 26
  5. СУИЦИДКЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР . . . 38

ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44

ЖҰМЫС БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР . . . 45

ҚОСЫМШАЛАР (А) . . . 46

ҚҰЖАТТЫҚ СІЛТЕМЕЛЕР

Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттардың сілтемелері қолданылған:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығы;
  1. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi №193-IV Кодексi;
  2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы;
  3. Психикалық денсаулық саласындағы іс-әрекеттердің кешенді жоспары.

2013-2020 жылдарға жоспарланған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 27 мамыр 2013 жылғы 66-сессиясында бекітілген.

  1. Психикалық денсаулықты сақтау бойынша іс-әрекеттің Европалық жоспары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық комитетінің 2013 жылғы 16-19 қыркүйектегі 63-сессиясында бекітілген.

АНЫҚТАМАЛАР

Өзіне өзі қол жұмсау - девиантты мінез-құлықтың модельдерінің бірі, нашақорлықпен, жезөкшелікпен, қылмыскерлікпен және алкоголизммен қатар жүретін әлеуметтік патологияның бір бөлігі.

Психикалық дезадаптация - адамның тiршiлiк ету ортасына, ішкі факторларға бейімделе алмауымен, жаңа әлеуметтік ортадағы мәртебесін және ортадағы қарым - қатынасты мойындамауымен сипатталатын жағдайы.

ҚЫСҚАРТУЛАР

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ХСАҚ - Халықаралық суицидтің алдын алу қауымдастығы

АХЖ-10 - Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-қаралуы

БӘДСҰ - Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы

КЕСТЕЛЕР МЕН СУРЕТТЕР ТІЗІМІ:

Дипломдық жұмыс бойынша 4 кесте, 17 сурет қолданылды.

Кесте 1- Респонденттерді жасы бойынша бөлу;

Кесте 2 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 1- 25 респондент) ;

Кесте 3 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 26- 50 респондент) ;

Кесте 4 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі ( 51- 70 респондент) ;

Сурет 1 - Респонденттердің жынысы бойынша;

Сурет 2 - Респонденттердің борыщын өтеуге келуі бойынша (%) ;

Сурет 3 - Суицид себебі бойынша көрсеткіш;

Сурет 4 - Суицид себебі бойынша пайыздық көрсеткіші;

Сурет 5- Дембельдер тарапынан қысым көруі бойынша (%) ;

Сурет 6 - Жетекшілер тарапынан суицидке алып келетін әрекетте;

Сурет 7 - Алкогольдік ішімдік пайдалану деңгейі (%) ;

Сурет 8 - Соматикалық аурулары бар адамдар (%) ;

Сурет 9 - Жауапкершілік себебі бойынша;

Сурет 10 - Респонденттердің әскери қызметтің қиындығын бағалау деңгейі;

Сурет 11 - Отбасындағы қиындықтары бойынша;

Сурет 12 - Әскери бөлімде психолог маман жұмысы бойынша;

Сурет 13 - Әскери қызметкерлердің психолог көмегіне жүгіну деңгейі;

Сурет 14 - Суицид жасаушыға көмек көрсету деңгейі;

Сурет 15 - Көмек көрсету түрі;

Сурет 16 - Респонденттердің сенім телефонымен танысу деңгейінің проценттік көрсеткіші;

Сурет 17 - Респонденттердің арасында суицидке бейімділік деңгейін анықтауға жүргізілген сауалнама нәтежиесі.

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі

Қазіргі уақытта өз-өзіне қол жұмсаған феноменді барлық аспектілері бойынша зерттеу өте өзекті болып келе жатыр. Себебі суицид әрекетінің қарқындылығына және суицид көрсеткішін жоғарылатуға алып келетін, психикалық түрде зақымдайтын факторлардың көбеюі экономикалық, әлеуметтік, психологиялық жағдайларға кері әсерін тигізіп жатыр.

Суицид көрсеткіштерінің санының көбеюі (әсіресе біздің елімізде) суицид көрсеткіштерін анықтау үшін жүргізілген зерттеулердің тереңділігіне сонымен қатар олардың теориялық жеткіліксіздігіне және олардың суицид көрсеткішіне қаншалықты әсер етіп жатқанын көрсетеді.

ДДҰ-ның берген мәліметі бойынша 2012 жылы суицидтен қайтыс болған адамдардың саны 804000-ға жетті. Осы сандық көрсеткіштер бойынша 1 халыққа 11, 4 суицид жағдайы, осы есепте ер адамдарда 15 жағдай, әйел адамдарда 8 жағдайға сәйкес келеді. Сонымен қатар суицид әлемдегі барлық өлім себептері бойынша 1, 4%қамтып, 15-орынды алып отыр.

Әлемде 1 халыққа шаққандағы суицид саны бойынша ең төмен көрсеткіш Латын Америкасы, араб және кейбір азия елдерінің(Аргентина, Бразилия, Кувейт, Тайланд) елшісінде, ал орташа көрсеткіш Орталық және Солтүстік Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Шығыс Азия, Тынық мұхит аймағының Батыс бөлігінде (Австралия, Канада, Индия, Жаңа Зеландия) .

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша (ДДҰ), қазіргі заманда Қазақстан суицид саны бойынша әлемде үшінші орынды алады. Қазақстанда суицид саны бойынша ресми статистика халыққа айтылмайды. Бірақ тәуелсіз мамандармен жүргізілген статистика көрсеткіші бойынша суицид мәселесі қауіпті масштабты қамтиды. Еліміздегі жұмыссыздар санының көбеюі, кірістің азаюы, өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі қазақстандықтар арасында болашаққа сенімділікті және жеке тұлғаның өз-өзін бағалау деңгейін төмендетеді.

Берілген мәліметтер бойынша, егер жылына шамамен бір миллион адам суицид жасаса, оның 8000 - қазақстандықтар, олардың көбісі - еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Егер әлем бойынша әрбір 40 секунд сайын бір адам өз-өзіне қол жұмсаса, бір сағат сайын Қазақстанда біреу өз еркімен өмірімен қоштасып жатыр.

Суицидті көбінесе 15-44 жас аралығындағы адамдар жасайды. Мамандарды алаңдататын әлем бойынша соңғы 45 жылда суицид көрсеткіші жыл сайын 60 пайызға көтеріліп жатырғаны.

2000 жылдары шамамен бір миллиондай адам өз өмірлерімен қош айтысса, мамандардың болжамы бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылы бір жарым есеге көбейеді.

2015 жылы Қазақстанда 3735 жасалған суицид саны тіркелген. Салыстыру үшін 2014 жылы бұл көрсеткіш 2957 болса, ал 2013жылы - 3251, 2012 жылы - 3055 тең болды.

Қазақстандық "Азаттық" Радиосының мәліметтері бойынша Қазақстанда соңғы онжылдықта өзіне-өзі қол жұмсаушылар саны 100 мың адамға шаққанда 52-53-ті құрайды. Қазақстан бойынша суицид көп мөлшерде жасалған, ең тоқыраған аймақтар тізіміне Оңтүстік Қазақстан облысы, Актау, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Қарағанды қаласы жатады.

Сонымен қатар, суицид көрсеткіші салыстырмалы түрде тұрақты, әрі үнемі өте жоғары болып келетін ерекше орталарға тоқталып кетсек. Бұл сыртқы қоғамнан оқшауланған және өте қатал регламенттелген орталар. Оларға: әскер, түрме, балалар үйі және колониялар. Бұл ұжымдардағы суицидтің ресми статистикасына қол жеткізу мүмкін емес деуге болады, бірақ қолға түскен толық емес мәліметтер бойынша суицидті және суицид жасауға тырысқандар көрсеткіш деңгейінің қаншалықты жоғары екенін анықтауға болады. Менің бүгінгі жүргізілген зерттеуімде суицидке қауіптілік деңгейін және суицидтің себептерін әскери қызметкерлер арасында жүргізгелі отырмын, себебі қазір бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселе өте өзекті болып отыр.

Зерттеудің мақсаты:

Әскери қызмерткерлер арасындағы суицидке қауіптілік деңгейін, суицидке алып келетін факторларды анықтау және алдын-алу шараларын халыққа насихаттау.

Міндеті:

1. Суицид бойынша мәліметтерді талдау

2. Әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін

анықтау.

3. Суицидке қарсы жүргізілетін профилактикалық шаралар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Бұл дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - әйелдердің ЖМО-ның алдын алу туралы ақпараттылық деңгейінің зерделенуінде. Сонымен бірге ЖМО-ның алдын алуды жетілдіру үшін ұсынылатын шаралар.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

Осы жүргізілген зерттеу нәтижелерін сараптай келе, әскери қызметкерлер арасындағы суицидке бейімділік деңгейін, суицидке алып кеетін себептерді анықтап, болашақта бұл деңгейді төмендету мақсатында шараларды жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Жұмыс апробациясы

Зерттеу жұмысы «Астана медицина университеті» АҚ-нда, №1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында 2017 жылдың 17 ақпанында көрсетілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі ережелер

Халықтың ақпараттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу кезінде, әскери қызметкерлердің өз денсаулығына деген жауапкершілігі, қауіп факторлары және еліміздегі суицидтің алдын алу шараларын анықтадық. Халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру мақсатында бірнеше шаралар ұсындық.

Жариялымдар

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша, 2016 жылы Санкт-Петербург, Астана және Алматы қалаларында өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларының тезистер жинағында жарияланды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі

Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік терілген беттен, 2 кестеден және 21суреттен тұрады . Дипломдық жұмыс кіріспеден, әдеби шолу, төрт бөлімнен, қорытындыдан, практикалық ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

  1. СУИЦИД МЕДИКО-ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ (ӘДЕБИ ШОЛУ)

Өз өміріне қол салу - кез-келген елде, кез-келген қоғамда өте маңызды медико-әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Кенеттен болған өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім, өте күрделі экономикалық, әлеуметік және жеке адамдар үшін, отбасы үшін, жергілікті қоғам үшін және мемлекет үшін психологиялық мәселелер тудырады.

Жеке деңгейде қарастыратын болсақ, кез-келген суицид жағдайын моральдық, психологиялық, рухани тұрғыдан суицид жасаушының отбасысына қабылдауға өте қиын. Ал, аяқталмаған суицид, яғни өліммен аяқталмаған суицид салдарынан суицид жасаушы мүгедек болып қалуы мүмкін.

Денсаулық сақтау саласындағы өте күрделі мәселе ретінде өз өміріне қол салудың мағынасын бағалау әдісі болып суицидтің жалпы қасақана өлімге қатынасы жатады. Қасақана себепті өлімге суицидтен басқа жеке тұлғалар арасындағы күш көрсету салдарынан немесе қарумен болған конфликтілер салдарынан болған өлім жатады. Берілген мәліметтер бойынша, әлемде күш көрсету салдарынан болған жалпы өлімнің 56% суицидтің үлесінде(ерлер арасында - 50%, әйелдер арасында - 71%) .

ДДҰ-ның ресми өкілінің мәлімдеуі бойынша, "өзін-өзі өлтіру - қоғамның рухани денінің саулығының ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Егер қоғам бұл мәселеге көбірек көңіл бөлетін болса және биліктегілер күресуге ұмтылса, бұл мәселені шешуге болады . "

Әлеуметтану тұрғысынан, өзіне өзі қол жұмсау - девиантты мінез-құлықтың модельдерінің бірі, нашақорлықпен, жезөкшелікпен, қылмыскерлікпен және алкоголизммен қатар жүретін әлеуметтік патологияның бір бөлігі.

Өзін өлтіру барысында, адам өзін бұл әлемнің бір бөлігі екенін мойындаудан бас тартады, осылайша, қайтыс болғаннан кейін болса да, өз тұлғасына, өзіне көңіл аударта алмаған, қоғамды тартады.

Осыған байланысты, Қазақстанда суицид мәселелері шешімі негізіндегі ғылыми-теоретикалық жобалаулар және жастар ортасында өмір сүруге деген белсенділікті қалыптастыру қоғамды сауықтыруда және жастар ортасында әлеуметтік-патологиялық қозғалыстардың профилактикасының мақсаты ретінде басымырақ болып табылады.

Қазір қоғамда суицид мәселелерін жою мақсатында көптеген жұмыстар жасалуа, бірақ потенциальды суицид жасаушының жасырын ниетінен және туындайтын шешімдердің қауырттығы салдарынан арнайы бағдарламаны әзірлеу өте қиын, біздің ойымызша кері қарай жүру керек: барлық өңірлерде антисуицидалдық тенденцияны қалыптастыратын -позитивті ойлау, оптимистік көңіл-күй, болашаққа деген сенімді және т. б., бағдарламаны енгізу.

1960 жылдан бастап Халықаралық өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу қауымдастығы (ХСАҚ) жұмыс жасауда. Бұл халықаралық ұйымның басты мақсаты - барлық планета бойынша суицидті болдырмау. Халықаралық қауымдастықтың негізін қалаушы Эрвин Рингел және Норман Фарбер болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және Халықаралық өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу қауымдастығының бастамасы бойынша 10 қыркүйек - Дүниежүзілік суицидпен күресу күні болып табылады.

Бүгінгі таңда ХСАҚ -ның ұсыныстары бойынша, әлемнің көптеген қалаларында және біздің елімізде өзіне-өзі қол салудың алдын алу мақсатында қызметтер ұйымдастырылған.

Бұл білікті кеңеске немесе медикаментозды емге мұқтаж адамдарға медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңа формасы. Қызмет халықтың көп бөлігіне, бірінші кезекте, психологиялық дағдарыс жағдайындағы тұлғаларға, стрессогенді факторлардың әсеріне ұшыраған және әлеуетті суицидке қауіпті болып табылатын адамдарға бағдарланған. Қауымдастықтың қызметкерлері суицид жасауға тырысқан, сонымен қатар суицидтік әрекеттен зардап шеккен адамдарға ықтимал көмек көрсетеді.

Бүгін суицид мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамыту "Салауатты Қазақстан" 2011-2015 жылдарға бағдарламасы жұмыс жасады. Қазір «Денсаулық» бағдарламасы қабылданып, жұмыс істеуде.

1. 1. Өзіне -өзі қасақана зиян келтіру туралы жалпы түсінік.

Өлімге алып келетін өзіне -өзі қасақана зиян келтірудің синонимдеріне өзіне өзі қол жұмсау және суицид жатады. Суицид (лат. “sui caedere”- өзін-өзі өлтіру, ағылш. - “suicide”) - ерікті және мәжбүрсіз акт болып табылатын, өз өміріне қол салу.

Өзіне-өзі қасақана зиян келтіру өліммен аяқталуы да мүмкін немесе өлімге алып келмеуі де мүмкін. Сондықтан, суицид өзіне-өзі қасақана зиян келтірудің нәтежиелерінің бірі болып табылады.

Өзіне-өзі қасақана зиян келтіру патологиялық немесе патологиялық емес механизмдер салдарынан немесе мәдени және әлеуметтік рәсімдердің бір бөлігі, жеке бастың даму урдістің бір бөлігі, яғни белгілі бір жас ерекшелігіне немесе әлеметтік, мәдени орталарға сәйкес келуіне байланысты болуы мүмкін. Өзіне-өзі қасақана зиян келтіру іс-әрекеті суицид жасау мүмкіндігімен тікелей байланысты. Сонымен, өзіне-өзі қасақана зиян келтірген адамдар арасында суицидтік актінің таралуын анықтауда, 28-85% -ы белгілі бір суицидтік әрекет жасаған(суицидтік әрекет ретінде өліммен аяқталмаған барлық суицидтік әрекеттерді есептейді, мысалы өзін улау, өзіне зақым келтіру, т. б. ) .

Суицид жасауға әрекеттену және өзіне-өзі қол салу суицид туралы ойдан, оны жоспарлаудан және суицидтің өзінен тұратын суицидтік әрекеттің салдары болып табылады.

Аурулардың халықаралық жіктемесінің 10-қаралуында(АХЖ-10) суицид өзіне қасақана зиян келтіру категориясына. (Х60-Х84), оның ішінде суицид жасау әдісі мен түріне байланысты анықталады. (1-кесте)

Өліммен аяқталатыын өзіне қасақана зиян келтіруді жан-жақты суицидология ғылымы қарастырады. Ол ғылым дисциплиналар арасында өзі ХХ ғасырдың ортасынан бастап жекеленді. Қазіргі уақытта суицидология теориялық және практикалық жағынан өте қарқынды дамуда және психология, психиатрия, заң, әлеуметтану, қоғамдық денсаулық сақтау сияқты пәндермен тығыз байланысып ғана қоймай, берілген салаларда суицид өзекті мәселе ретінде зерттеліп, қарастырылып жатыр.

1-кесте. АХЖ-10 бойынша өзіне қасақана зиян келтірудің классификациясы

АХЖ-10-ның коды
Классификаторлар атауы
АХЖ-10-ның коды: Х60
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және неопиоидты аналгетиктермен, қызу түсіретін, ревматитке қарсы дәрілермен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х61
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және қалтырауға қарсы, седативті, тыныштандырғыш, паркинсонға қарсы, пихотропты басқа рубрикаларда айтылмаған дәрілермен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х62
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және наркотикалық заттармен психодислептиктермен(галлюциногендер) әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х63
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететін басқа дәрілік заттармен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х64
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және басқа анықталмаған дәрі-дәрмектермен, медикаментттермен және биологиялық заттармен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х65
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және ішімдікпен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х66
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және органикалық ерітінділермен, құрамында галогені бар қоспалармен және олардың буымен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х67
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және басқа газдармен және бу тәрізді заттармен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х68
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және пестицидтермен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х69
Классификаторлар атауы: Қасақана улану және басқа, анықталмаған химиялық улы заттармен әсер ету.
АХЖ-10-ның коды: Х70
Классификаторлар атауы: Асылу, қысылу және тұншығу жолдарымен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х71
Классификаторлар атауы: Суға бату жолымен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х72
Классификаторлар атауы: Тапаншамен ату жолымен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х73
Классификаторлар атауы: Винтовкамен, мылтықпен және ірі калибрлі атыс қаруымен өзіне қасақана зиян келтіру.
АХЖ-10-ның коды: Х74
Классификаторлар атауы: Басқа анықталмаған қарумен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х75
Классификаторлар атауы: Жарылатын заттарды пайдалану арқылы өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х76
Классификаторлар атауы: Түтін, өрт салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х77
Классификаторлар атауы: Булармен, ыстық заттармен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х78
Классификаторлар атауы: Үшкір, өткір заттармен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х79
Классификаторлар атауы: Доғал заттармен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х80
Классификаторлар атауы: Биіктен секіру жолымен өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х81
Классификаторлар атауы: Қозғалып бара жатқан транспорттың астына түсу арқылы өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х82
Классификаторлар атауы: Моторлы транспортты көлікпен авария салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х83
Классификаторлар атауы: Басқа белгілі бір әрекеттердің салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру
АХЖ-10-ның коды: Х84
Классификаторлар атауы: Басқа анық емес әрекеттердің салдарынан өзіне қасақана зиян келтіру

1. 2. Суицид туралы жалпы түсініктер.

Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты. Суицидалды мінез-құлық - адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша - қылмыскерлер деп санаған.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.

Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суицидке бейім адамдармен әлеуметтік-оңалту жұмыстары
Оқушылардың суицидологиялық мінез-құлыққа бейімділігін анықтау
Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде
Суицид және Суицидтік мінез құлықты нактылау
Жастардың өзіне – өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары
Тәрбиесі қиын оқушыларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид)
СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz