Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі мемлекеттік стандарттарға сілтемелер
қолданылған:
Анықтамалар
Агротехника - ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерерінің жүйесі.
Ауыл шаруашылық жерлері - ауылшаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер телімдері. Олардың құрамына айдалатын, көпжылдық өсімдіктер егілген, шабындық жайылымдық жерлер кіреді.
Агроценоз - ұзақ жылдар бойына шабындық немесе жаылым ретінде пайдалану үшін, табиғи жағдайларға байланысты іріктеліп алынып өсірілген мәдени өсімдіктер жиынтығы.
Азық өлшемі - 1 кг құрғақ сұлы дәнінің жұғымдылығы мөлшерінде алынған бірлік, өлшем.
Ауыспалы жайылым - жайылымды жайылымдық телімдерді пайдалану мерзімдері мен кезектілігін беогілі тәртіппен (жыл, маусым немесе бірнеше жыл аралатып) өзгерте отырып пайдалану жүйесі.
Жаюдың қамақтық жүйесі - жайылымдық жер телімін бірнеше қамақтарға бөліп, малдарды соларда біртіндеп кезекпен жаю.
Жайылымдар -үнемі мал жаю үшін шабу үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығындағы алқаптар, сондай-ақ мал жаюға жарамды, бірақ шабындық үшін пайдаланылмайтын және тыңайған желер есебіне кірмейтін жер телімдері.
Жердің құнарсыздануы - адам қызметінің немесе ауа райының өзгеруі нәтижесінде жердің биологиялық және экономикалық өнімділігінің төмендеуі немесе жойылуы.
Белгілеулер мен қысқартулар
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде күріш егісінің көлемі экологиялық қолайлы және экономикалық тиімді деңгейде -70, 0-75, 0 мың. га болып тұрақталды. Осы көлемдегі күріш егісі бір жағынан Қазақстанның күрішке сұранысын қамтамасыз етсе (күріш шаруашылығы Қазақстанның ауыл шаруашылық салаларының ішінде азық-түлік қауыпсіздігі толық қамтамасыз етілген салалардың бірі), екінші жағынан - оны жердің мелиоративтік жағдайын жақсартушы дақыл ретінде пайдалануға болады. Ал күріш егісі көлемін одан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің апаттық жағдайға дейін тұздануына әкеліп соғуы мүмкін [1] .
Аймақта қолданылып жүрген күріш шаруашылығы технологиялары техникалық жағынан да, қаржылық жағынан да тиімділігі өте төмен. Мысалы, қолданыстағы күріш өсіру технологиясы бойынша себуге дейін 13 технологиялық операция, ал кем дегенде 7 операция қолдану ұсынылады. Соған қарамастан арам шөптермен агротехникалық жолмен күресу деңгейі өте төмен, топырақ ылғалдылығының шығыны жоғары, сонымен қатар осы жұмыстарды атқаруға пайданылатын ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері мен жұмсалатын жанар-жағар майдың қымбат болуынан өндірілген күріш салысының өзіндік құны өте жоғары . Оған қосымша күріш атыздарының тегіс болмауынан га 35 мың м 3 -тан жоғары су жұмсалады. Бұл тиісті жұмсалатын судан 1, 5еседен артық.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін мал шаруашылығы жемшөп базасын құру қажеттілігіне, нәтижесінде 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуына міндет қойды [2] .
Осы міндеттерге сәйкес, Қазақстандық Арал өңірінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығын өркендете
дамыту қолға алынуда. Соңғы жылдары асыл тұқымды малдар өсіріп, сүт және ет бағытындағы ірі кешендер салынып, өнімдерін өңірлерге және шет елдерге экспортқа шығаруда. Арал өңірінің қатал табиғи-климат жағдайында шетелдерден және басқа өңірлерден әкелінген асыл тұқымды малдар сүт өндіруші тауарлы фермалар мен мал бордақылау алаңдарында қорада бағылады. Сондықтан, бұл малдарды жыл бойы құнарлы азықпен қамтамасыз ету, әсіресе жаз айларында сапалы жасыл азық беріп отыру, маңызды мәселенің бірі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстандық Қызылорда өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын сараптау, оның болашақта су ресурстарының шектеулілігі жөнінен қазіргіден де қиын жағдайда дамитынын, ал ауыл шарауашылық өндірісіне және ауылдағы тауар өндірушілерге бөлінетін инвестиция, салыстырмалы түрде, төмен деңгейде жүретінін, және ол негізінен аз шығын жұмсалатын технологиялар мен жаңалықтарға бөлінетінін көрсетті.
Сондықтан, күріш шаруашылығын тиімді дамыту үшін күріш өндірісінің тұрақты дамуын күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірідің жалға (жүйектеп) егу технологиясы негізінде қысқартылған немесе кезектеп суаруды қолданып су және ресурс үнемдегіш технологияларды енгізу арқылы қол жеткізу көкейкесті мәселе болып отыр. Бұл технология төмендетілген себу нормасын қолдануға, суару мерзімін қысқартуға және суару суын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы секілді технология күріште де, атап айтқанда Үндістан мен Кореяда қолданылады. Ал Қазақстан жағдайында 2009-2011 жылдары бұл технология күріш, арпа, және қытай бұршағын өсіруге қолданылды. Жүргізілген тәжірибелер суаруға кететін су шығынын айтарлықтай (40%-ға дейін ) кемітіп, себу нормасын екі және одан да көп азайтып, топырақ өңдеуге жеткізетінін көрсетті. Бұл жағдайда топырақ жағдайы, әсіресе жүйек жалдарында жақсарады. Күрішті осы технология бойынша өсіру, облыстың суармалы жерлеріндегі өсімдік шаруашылығы рентабельділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Күрішті жалға егу технологиясын қолданду суды пайдалануды азайтып, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартады, аумақтың экологиялық ахуалының түзелуіне септігін тигізеді, тұқымдық материал мен жанар-жағар майды үнемдейді, соның нәтижесінде фермерлердің оларды алуға жұмсайтын қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу жалға себуге арналған жаңа сепкіштер, гербицидтер мен пестицидтер алу арқылы егіншілік мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді. Сондықтан ресурс шығынын үнемдеуде күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдары егістік жерлерінің топырағын өңдеуде лазерлік жер тегістеу негізінде кезеңдік немесе қысқартылған суаруды қолдана отырып минималды жер өңдеуді пайдалану көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанда күріш өсіру технологиясын одан әрі жетілдіру мақсатында топырақты минималды өңдеуде КПН-4, 0 культиваторын пайдаланып Ы. Жақаев атындағы Қазақ КШҒЗИ-да алғаш рет жүргізілген тәжірбиелер тек қана өнімділікті арттырып қоймай, сонымен қатар суаруға кететін су шығынын 25%-ға дейін кемітіп, себу нормасын 20%-ға азайтып, топырақ өңдеуге және жанар-жағар майға жұмсалатын шығынды бірнеше есе кемітуге болатынын көрсетті. Бұл жағдайда топырақ бетінің тегістігі бірнеше жылдар бойы бұзылмайды және атыз арамшөптен тазарады. Күрішті осы технология бойынша өсіру облыстың суармалы жерлеріндегі өсімдік шаруашылығы рентабельділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
2014-2016 жылдары жалға егу технологиясын күріш ауыспалы егісінде негізгі дақылдардың бірінен саналатын мақсары мен бидай өсіруге қолдану ерекшеліктері зерттелді [3] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау. Ғылыми жұмыстарды жүргізу барысында келесідей міндеттер қойылды.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Күріш ауыспалы егістік танаптарындағы топырағын минималды өңдеу технологияларын зерттеу;
- Күріш ауыспалы егісіндегі минималды өңдеу технологиясын растау;
- Күріш дақылдарын минималды егу технолосиясы арқылы ерекшеліктерін бағалау;
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Қазақстанның Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының даму қарқынына салалы жасалған талдау көрсеткендей, олардың болашақтағы дамуы су қорларының қатаң шектеуінде өтеді және ауыл шаруашылығы өндірісіне пайданылатын инвестициялық шығындарға тікелей байланысты.
Бұл жағдайдағы аймақтың агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағытының негізгі кезеңдері - алқаптың жер және су ресурстарын пайдалану саясатын өзгерту, негізгі салмақты күріштен басқа да бақталастыққа қабілетті, жергілікті аймақтың азық түлік саласының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дақылдарға алмастыру (өсімдік шаруашылығын әртараптандыру) арқылы жүзеге асырылуға тиісті [4] .
Ол негізінен аймақтың ауылшаруашылық жүйесінің орнықты дамуын қаматамасыз ететін, өндірістік шыңындарды үнемдеуге бағыталған үрдіс технологияларды кеңінен енгізу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады.
Ең алдымен қазіргі уақытта экологиялық оптимальды және экономикалық анықталған 65, 0-70, 0 мың. га деңгейде тұрақталған күріш дақылына қатысты. Осы көлемде күріш егу бір жағынан Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етуде, тағы бір жағынан күрішті мелиорациялайтын дақыл ретінде пайдалану мүмкіншілігі. Себебі күріш егуді онан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің тұздануының апаттық өсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Аймақтағы қазіргі күріш шаруашшылығының технологиясы техникалық та, қаржылық та көзқарастар бойынша тиімсіз. Мысалы, қазіргі күріш өсіру технологиясында тұқым себуге дейін 13 технологиялық операциялар жасау қажет, ең аз дегенде - 7. Бұл жағдайда топырақ ылғалының жоғалуы өте жоғары.
Осыған байланысты күріш жүйелерін тиімді пайдалану үшін өзектісі - күріш ауыспалы егістігіндегі барлық дақылдарды өсіруге су және ресурс үнемдеуші технологияларды ендіру арқылы өндірістің орнықтылығын арттыру мәселелері. Тиімді технологиялардың бірі қысқартылған немесе кезеңдік суғаруды пайдаланып, қәзіргі заманда кеңінен пайданыла бастаған, егінді жалға егу технологиясы (қатарлық) болып табылады. Бұл технология дақылдардың себу нормасын төмендетуге, суландыру мерзімін қысқартуға, сондай-ақ суғару суларын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан дақылдарды өсірудің жалға егу технологиясын пайдаланып, күріш суармалы жүйелеріндегі ауылшаруашылық дақылдарды өсіруді ғылыми негіздеу, мелиорация саласындағы өзекті міндет болып табылады [5] .
Топырақ эрозиясы деп жел, су тасқынының және ауылшаруашылық машиналар органдарының механикалық әсерінен топырақтың бұзылып және қозғалып кетуін айтады.
Ашық топырақ бетін ауа тасқынының әсер етуінен топырақтың бөлшектері қозғалысқа келіп ұша бастағанда жел эрозиясы пайда болады. Қозғалған бөлшектер ауа тасқынына қосылып, алыс қашықтыққа ұшып кетеді.
Жыртылатын жерлерді жел эрозиясынан қорғау үшін эрозияға қарсы агротехникалық шаралар кешені қолданылады. Бұл кешенге топырақ бетіне өсімдік сабақтарының қалдықтарын қалдырып, топырақ қыртысын аудармай жырту жүйесі және топырақ қорғауға бағытталған егіс ауысымдары кіреді, сонымен қатар танап бетінен ауылшаруашылық машиналардың өту санын азайту керек.
Аспалы КПГ-250А, ПГ-3-100, ПГ-3-5, КПГ-2, 2, ГУН-4 жазық кескіш- терең қопсытқыш культиваторлар топырақты негізгі аудармай өңдеуге және парды 25-30см-ге дейін қопсытуға арналған. Культиваторлар алымы 250 немесе 110см жебе тәрізді жазық кескіш табандармен жабдықталған . Терең қопсытқыш табанның тірегінің 4 төменгі жағына өкше пісіріліп бекітілген. Өкшеге қашаулы 6 башмақ 1 және өздігінен қайралатын түрендер 3 бекітілген. Тірекке пісіріліп бекітілген бұрыштамаға реттегіш винт 5 бұралған, винттің қалпақшасы раманың брусына тіреледі. Винтті 5 бұрау арқылы табанның көлбеулік бұрышын өзгертеді. Тіректегі 4 эллипстік тесік алдыңғы болт арқылы қозғап, табан көлбеулігін өзгерту мүмкіндігін береді.
Табанның түренмен кесілген топырақ қыртысы түреннің көлбеу жүзімен қозғалғанда қопсытылып, жерге аударылмай түседі. Өсімдіктердің кесілген сабақ қалдықтары аңыз бетінде қалып, эрозиялық процестерді болдырмайды.
Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-100 алым ені 110см үш жазық кескіш табандармен 7 жабдықталған. Түрендердің кескіш жүздерінің арасындағы бұрыш 100 0 . Алым ені 3, 1м, өңдеу тереңдігі 30см. Өңдеу тереңдігін тірек доңғалақтың 8 винттік механизмі арқылы реттейді.
Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-5 орталық 1 және екі бүйірлік 2 рамадан, жұмыс органдарынан 3, тірек доңғалақтардан 4 және гидрожүйеден тұрады. Бүйірлік рамалар транспорттық жағдайға гирожүйесінің көмегі арқылы келтіріледі. Алым ені - 5, 3м.
Культиватор КПГ-250А алым ені 250см бір немесе ені 110см екі табандармен жабдықталған. Бірінші вариантта ол топырақты 16 см-ге дейін тереңдікке, ал екінші вариантта 30см тереңдікке дейін өңдеуде қолданылады.
КПГ-2, 2 терең қопсытқыш-тыңайтқыш енгізгіш культиваторы алым ені 110 см болатын екі табанмен 14 (47 сурет), сыйымдылығы 450 л бункермен 6, тыңайтқыш сепкіш аппараттармен 7 және желдеткішпен 5 жабдықталған.
Сепкіш аппараттар тірек доңғалақтан 16 кардандық білік 15 пен шынжырлы беріліс арқылы қозғалысқа келеді. Желдеткіш дөңгелектерін гидромотор айналдырады. Табанға араластырғыштан 10, тыңайтқыш өткізгіштен 9, ауа өткізгіштен 8 және таратқыштан 11 тұратын тыңайтқышты топырақ астына енгізетін құрал орнатылған.
Тыңайтқыш енгізгіш табаны топыраққа кіргенде, сепкіш аппараттың берілісі жұмысқа қосылады, сонда тыңайтқыш тук өткізгіш арқылы араластырғышқа түседі. Ауа өткізгішпен желдеткіш туғызған ауа тасқыны араластырғышқа жетеді. Ауа тасқыны тыңайтқышты таратқыш тасымалдағышқа жеткізеді, ал таратқыш тыңайтқышты табан ені бойынша біркелкі себеді. Түреннен түскен топырақ тыңайтқыштарды жабады.
Культиваторды жұмыс және транспорт жағдайына гидроцилиндр көмегімен келтіреді. Тыңайтқыш енгізу және топырақ өңдеу тереңдігін 12см-ден 27см-ге дейін тартқышын бұрау арқылы реттейді.
Культиватордың алым ені 2, 15м, жұмыс жылдамдығы 10 км/сағ дейін.
Терең қопсытқыш-тыңайтқыш енгізгіш ГУН-4 құрылысы КПГ-2, 2 құрылысына ұқсас. Айырмашылығы ГУН-4 аспалы, алым ені үлкен және автотіркеуішпен жабдықталған.
Жазық кескіш-культиватор КПШ-9 үш секциялы рамадан тұрады. Орта секцияда автотіркеуіш, екі тірек доңғалақ және алым ені 100см үш табан орнатылған. Бүйірлік рамалар орта секциямен топсалы бекітілген, оларға екі немесе үш табан орнатуға болады. Сондықтан бұл культиватор алым ені 6, 4м немесе 8, 2 м болады.
КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11, КПЭ-3, 8А, КТС-10-1, КТС-10-2, КШ-3, 6 культиваторларын күзде топырақты аудармай 10…16см дейін, ал тұқым себер алдында 16 см-ге дейін тереңдікте өңдеуде қолданылады.
Ауыр КПЭ-3, 8А, КТС-10-1 және КТС-10-2 культиваторлары үш қатарға орналастырылған алым ені 40см табандармен жабдықталған (48 а сурет) . Табан грядильдері рамаға серіппелі 4 кронштейн арқылы бекітіледі (48 б сурет) . Серіппенің қысымынан асатын кедергіге табан тірелгенде, ол топырақтан шығып, ал кедергісін өткеннен кейін жұмыс жағдайына қайтады. Болтпен 9 серіппенің қысымын және табан жүзінің горизонталь жағдайда болуын реттейді. Өңдеу тереңдігін 5-16см арасында гидроцилиндр 7 штогындағы тіректі 6 жылжыту арқылы қояды.
Серіппелер және серпімді тіректерге бекітілген табандар жұмыс кезінде дірілдейді, сондықтан олар қатты топыраққа жақсы енеді және өсімдік қалдықтарымен бітеліп қалмайды. Бірақ олар өсімдік сабақтарын 50%-ға дейін зақымдап, топырақ бетінде жалдар құрайды. Осы себеппен культиваторға штангалық құрылғы орнатылады. Штанга (48 в сурет) топырақ ішінде берілген тереңдікте айналып, арамшөп тамырын жұлып, топырақ астындағы өсімдік қалдықтарын оның бетіне шығарады және танап бетін тегістейді.
КТС-10-1 культиваторының рамасы топсалы бекітілген екі бүйірлік және орталық секциялардан тұрады. Бұл культиватор екі КПЭ-3, 8А культиваторынан тұратын агрегатты ауыстырады, алым ені - 7, 37м.
КТС-10-2 культиваторының құрылысы КТС-10-1 культиваторына ұқсас, алым ені 10, 5м.
КШ-3, 6А культиваторы штангамен жабдықталған, оның құрылысы және жұмыс істеу принципі КПЭ-3, 8А культиваторының штангалық құрылғысына ұқсас. Алым ені 3, 6м, топырақты тұқым себер алдында өңдеуге арналаған, өңдеу тереңдігі 5…10см.
Штанга қозғалысқа культиватор доңғалағы арқылы келтіріледі. Рамада балластқа арналған жәшік орнатылған. Штанга топырақ арасында доңғалақ айналу бағытына қарсы бағытта айналады. Штанга арамшөп тамырын үзіп, топырақты қопсытады.
Тіркеме культиваторда өңдеу тереңдігін 4…10см арасында гидроцилиндр штогындағы тіректі жылжыту арқылы, ал аспалы культиваторларда жоғары тартқыштың ұзындығын өзгерту арқылы реттейді. Культиватор транспорттық жағдайына және, керісінше, шығарылған гидроцилиндрмен келтіріледі.
Штангалық КШЛ-10 культиваторы бес секциядан тұрады. Әр секцияға екі түрлі жұмыс органы орнатылған: алдыңғы брусқа алым ені 330 мм жебе тәрізді табандар бекітілген, ал артқы брусқа грядильдер арқылы кесіндісі 25х25 мм айналмалы штангалар орнатылған.
Жебе тәрізді табандар топырақты 7…14см тереңдікке дейін кесіп қопсытады. Кейін келе жатқан штанга топырақ ішінде айналып, арамшөп тамырын жұлып топырақ бетіне шығарады және танап бетін тегістейді. Штанганың топыраққа ену тереңдігін 5…10см арасында тірек пен доңғалақтың көтеру механизмінің гидроцилиндріндегі бұрандалы төлкені қозғау арқылы реттейді. Культиватордың алым ені 10, 6м.
Инелі БИГ-3А, БМШ-15 және БМШ-20 тырмаларын ылғал жапқанда немесе топырақты күзде өңдегенде, топырақ бетін қопсыту үшін пайдаланады. Тырмалар жер бетіндегі арамшөп және дақылдар тұқымдарын топыраққа енгізеді және аңыздықтағы өсімдік сабақтарының 75% сақтайды.
Тырмалар диаметрі 55см инелі дискілер 6 батареяларынан тұрады (49 сурет) . Батареялар рамада 1 екі қатарға орналасқан. Батарея шабуыл бұрышын 0 0 -тан 20 0 дейін өзгертуге болады. Әрбір дискіде кесіндісі дөңгелек 12 ине бар.
Топырақ жер қыртысының ең жоғарғы қабаты, ол өсімдіктерге нәр қорек береді. Топырақтың құнарлы үстіңгі қабаты- өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттардың орасан зор қоймасы. Мысалы қара топырақтың 1-гектарында 300-400 тоннаға дейін органикалық заттар, 15-16 т азот пен 10-20 т фосфор болады. Ал құнарсыз күлгін топырақтың 1-гектарында 3 т азот, 4 т фосфор мен 50 т калий болады. Ауылшаруашылық дақылдарын егіп, өсіруде топырақ өңдеудің маңызы зор. Топырақ өңдеу- арамшөптермен күресудің шешуші құралы. Топырақ дұрыс өңделсе, өсімдіктердің зиянкестер мен ауру қоздырғыштарын жойып жіберу де оңайға түседі.
Топырақ өңдеу жүйесі- Оған сүдігер жырту, топырақты тұқым себер алдында өңдеу, пар өңдеу сияқты негізгі жұмыстар кіреді. Топырақ өңдеу операцияларына жер жырту, сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, дискілеу, таптау, өсімдіктердің түбін көму, суару, топырақтың қыртысынбұзу, атыздар жүргізу, тегістеу жұмыстары жатады. Осындай қыруар шаруаларды өңдейтін машиналар атқаратын қызметіне технологиялық белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың қатарына соқалар, фрезалар, тісті тырмалар, щдискілі тырмалар, культиваторлар таптағыш, тегістегіштер жатады. Аспалы ПЛН-5-35 соқасы топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. Бұл соқа ДТ-75, Т -150 шынжыыырлы және доңғалақты тракторларға тіркеледі. Топырақты өңдеуде культиваторлардың да маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz