Кәсіпорындағы материалдық емес активтерді бағалау және есептен шығарылу есебі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
«Кәсіпорындағы материалдық емес активтерді бағалау және есептен шығарылу есебі»
1. «НұрлыТрансКом» ЖШС-не жалпы сипаттама . . . 11
2. Материалдық емес активтердің сипаттамасы. . 13
3. Материалдық емес активтерді бағалау және тану…. . 21
4. Материалдық емес активтердің келіп түсуі мен есептен шығарылуы. . … 45
Қорытынды . . . ……50 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 53
Кіріспе
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында маңызды стратегиялық міндеттердің бірі ретінде бәсекеге қабілетті елдер арасында өз орнымызды табуымыз қажеттігі тұжырымдалған. Сондықтан мемлекет және жеке сектор өзара сенімге және пайдаға негізделген әріптестік қатынастарды қалыптастыруы тиіс. Еліміздің экономикасының әрі қарай шикізатсыз салаларға мамандануы қажеттілігі айқындалған. Ол үшін қызмет көрсетуші кәсіпорындар еңбек құралдарымен жоғары деңгейде жарақталуы қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың негізгі қорлармен қамтамасыз етілу дәрежесі, сатып алушылар және жеткізушілермен есеп айырысу мәселесі кеңінен орын алып отыр. Қаржылық ресурстардың жетіспеушілігі, өнім, жұмыстар және қызметтер өндірісі қарқынының төмендеуі өндірісті кеңейтілген негізде жүргізуде кері әсерін тигізуде. Кәсіпорындардың қаржылық төзімсіздігі өзін-өзі қаржыландыру принциптерінің тиімді қызмет етуіне, өзін- өзі ақтау процесіне кедергі келтіріп отыр.
Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесіне көшуге байланысты барлық кәсіпорындар алдында бухгалтерлік есепті жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеті тұр. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырмайынша экономикалық тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің жаңа жүйесінде материалдық емес активтер есебін жүргізуге жаңа талаптар қойылған. Ол жылдан-жылға амортизация есептеу нормаларының өзгеруіне, айналымнан тыс активтердің жаңа нысандарының пайда болуына, салықтық есептің талаптарына байланысты. Мұның барлығы кәсіпорындардың алдына көптеген мәселелердің шешімін табуда дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйену қажеттілігін туындатады. Осының барлығы курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін сипаттайды.
Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- материалдық емес активтер есебін ұйымдастыру;
- материалдық емес активтердің келіп түсуі және шығуы бойынша операцияларды зерттеу;
- материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістерін зерттеу;
- айналымнан тыс активтер аудитін жүргізу тәртібін қарастыру;
Тақырыптың өзектілігі- қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалдық емес активтердің рөлі біртіндеп артып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығы, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда. Осы тұрғыдан алып қарағанда курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Материалдық емес активтер отандық бухгалтерлік тәжірибесінде 1988 жылдың мамыр айында пайда болды. Бірақ, тек шетелдік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар үшін, 1990 жылдың шілде айында материалдық емес активтерді бухгалтерлік есепте қолдану акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де рұқсат етілді.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен материалдық емес активтердің деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
Материалдық емес активтердің әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен, еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайға өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі- субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген, кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулігімен тікелей байланысты. Субъектінің авктивтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған сәйкес, материалдық емес активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі рөлі мен орнын дұрыс түсіну, оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы, кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты.
Өндірісте бірінші рөлде тұратын нақты бар капитал- интеллектуалдық меншіктің болуы теріске шығарылды, ал бұл материалдық емес активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды. Дамыған елдерде әуендер мен әндер, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық әрекеттер нәтижелерімен сауда жүргізу басты табыс көзіне айналуда.
Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп, өте маңызды рөл ойнайды.
Материалдық емес активтер- дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді) өткізуде немесе өндірісте, әкімшілік мақсаттарға және өзге ұйымдарға ұзақ уақыт бойы пайдалануға арналған физикалық мәні жоқ, ақша емес активтер, оларды:
- Анықтауға болады;
- Ұйым бақылайды және
- пайдаланудан ұйым келешекте пайда күтеді.
Материалдық емес активтердің материалдық-заттық мазмұны жоқ, бірақ құны болады, құжаттармен куәландырылады, табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды, ұзақ мерзімді кезеңде пайдаланылып, иеліктен шығаруға жарамды болып табылады.
Материалдық емес активтерге келесілер жатады:
- патенттерден, лицензиялардан, авторлық шарттардан туындайтын құқықтар;
- жерді, жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары;
- ноу-хау;
- тауар белгілері.
Шетелде материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі, яғни кеңсенің дизайны, визиткалар, фирмалық бланкілер мен конверттер жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің қнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі.
ХҚЕС-на сәйкес 2700 «Материалдық емес активтер» - бұл физикалық нысаны жоқ, бірігейлендіретін ақшалай емес актив. Егер материалдық емес активтер өткен оқиғалар нәтижесінде мекеме бақылайтын және мекеменің болашақта экономикалық табыстарға жетуі күтілетін ресурс болса, бұл активтерді анықтауға болады.
Материалдық емес активтер шаруашылық субъектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп, кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады;
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер, сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады;
Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының ұосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшелітері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде жіне басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу- хау» деген ұғымды келтіруге болады.
«Ноу-хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдалануы барысында субъектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
«Лицензиялық келісімдер» дегеніміз- белгілі бір субъектінің немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір субъектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.
Материалдық емес активтердің «Бағдарламамен қамтамасыз ету» деп аталатын түрі бар. Шаруашылық субъектісін «Бағдарламамен қамтамасыз ету» деп субъектінің алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына қатысты табыс әкелеитін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.
«Патент» дегеніміз- жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрңыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар, «Патент»- кәсіпкерліктің кейбір түрімен айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік баж төлеуі керек.
«Ұйымдастыру шығындарына» шаруашылық субъектісін жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге жіне оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқада жұмсалған шығындар жатады.
Материалдық емес активтер танылған кезеңнен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т. б.
Егерде материалдық емес активтер бартерлік негізінде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны юойынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін немесе мемлекеттік субсидиясының есебінен алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтердің тап осы түрінің құны бойынша танылады.
Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді қабылдау- беру» актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтері көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акт әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ атк жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүлітік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледін оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде акт екі дана етіп жасалынды: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша- материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша- материалдық емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі.
2700- бөлімшеге төмендегі шоттар кіреді:
2710- Гудвилл
2731- Лицензиялық келісімдер;
2732- Бағдарламалық қамтамасыз ету;
2733- Патенттер;
2734- Ұйымдастыру шығындары;
2735- Басқада материалдық емес активтер.
«Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу «Материалдық емес активтердің мүліктік есеп карточкасында» жүргізеді. Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка «Материалдық емес активтерді алу-беру» актісінің техникалық және басқа құжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын құжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі «Материалдық емес активтерді алу-беру актісі» болып табылады.
Табыс алу үшін материалдық емес активтер әрқашан қайта қарастырылуы керек, егер материалдық емес активтерді қолданудан табыс таппасақ, онда оның бағасын бірден шығынға шығару керек. Негізгі құралдарға қарағанда, материалдық емес активтерді стандартқа сәйкес сақтауға болмайды.
Мысалы: 2011 жыл соңына қарай бағдарламалық қамтамасыз ету 1 теңге болды. Кәсіпорын бұл бағдарламаны қолданбағандықтан, оны пайдаланудан ешқандай пайда алмады. Сондықтан, бұл бағдарламасын шығынға шығару керек. Кезең шығындары- 1 теңге; Бағдарламамен қамтамасыз ету- 1 теңге.
Материалдық емес активтерді келесі міндеттемелер бойынша анықтауға болады:
- Идентификация. Патент, тауарлық белгі сияқты фирманың басқа авктивтерінен бөлек кейбір материалдық емес активтердің идентификациялануы мүмкін, басқаларының бөлек идентификациялануы мүмкін емес, керісінше материалдық емес активтердің бағасы басқа фирмалар активтерінің қарым-қатынастарынан алынады, бұл материалдық емес активтерге мысал ретінде жұмысшылар маман деігейі немесе клиенттердің сенімділігі негізінде қалыптасатын гудвилл бола алады.
- Иемдену түрі. Материалдық емес активтер топта, бизнес-комбинирования қорытындысында немесе кәсіпорын ішінде жасалған, бөлек алынуы мүмкін.
- Күтілген кезеңдегі заттың көрсетілуі. Бұл период экономикалық немесе адамдық факторымен байланысты заңдармен немесе келісім шартпен шектелуі мүмкін.
- Барлық кәсіпорындардың бөлектелінуі. Мысалы: кәсіпорындардың бөлінбейтін және сатылатын немесе оның негізгі бөлігі болатын қайтарылмай берілетін жеке меншік құқығы.
Құнның принципі, материалдық емес активтер шығарылуы жағынан бейнеленеді. Алу құны өзіне барлық шығыстарды, активтердің алынуы, соның ішінде бағаны, тасу шығыстары, алумен бірге. Сонымен қоса, қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды және активтерді тікелей пайдалануға байланысты жұмсаған кез келген шығындарын қосады. Бухгалтерлік есеп жүйесінде сатып алынған материалдық емес активтер былайша көрсетіледі: Дт- 2730 Кт- 1250.
Егер де материалдық емес активтер толық немесе жартылай ақшалай алу болса, онда оның бағасы сома болып табылады: ақшалай төленген және нарықтың ақшалай емес құны. Егер де бұл құн толықтай анықталмаса, онда материалдық емес активтердің нарықтық бағасы қолданылады.
Кәсіплорынды біріктіру кезінде сатып алушы келісім шартты жүзеге асыру уақытында материалдық емес активтерді мойындаудың критерийларына жауап беретін материалдық емес бөлімдерді мойындайды.
Несиеге алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны, олардың сатылу құны арқылы есептелінеді.
Субъектінің ішінде құрылған Гудвилл материалдық емес актив болып табылады, себебі субъектінің шығындары шамамен болашақтағы экономикалық табыстарды ақшалай емес материалдық бөлімдер бойынша көбейтеді және олар белгілі материалдық емес активтердің құрылуына себепкер болмацды. Мұндай шығындар субъектінің ішінде құрылған Гудвиллге кіреді және ол тек кәсіпорынды біріктіру кезінде бағалануы мүмкін.
Материалдық емес активтер басқа мекемелерге, болмаса жеке тұлғаларға сатылса, тегін берілсе және моральдық тозуына орай немесе пайда келтіруін тоқтатуына байланысты есептен шығарылады.
Материалдық емес активтер оларды сатып алуға төленген қаржы көлеміне бағаланады. Материалдық емес активтің бастапқы құнына ұйым сатып алуға жұмсаған нақты шығындарын кіргізеді. Сонымен қоса, қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды және активтерді тікелей пайдалануға байланысты жұмсалған кез келген шығындарын қосады.
Материалдық емес активтердің пайдалы өызмет көрсету мерзімі бір жылдан кем болмауға тиіс, болмаған жағдайда ондай активтер материалды емес активтердің қатарына қосылмайды.
Жасалынған материалдық емес активтердің өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:
материалдар мен қызмет түрлерінің шығындары;
активті жасау кезінде еңбек еткен қызметкерлердің еңбекақысы мен басқа да шығындары;
активті жасау кезінде тікелей жұмсалған кез келген шығындар;
қосымша шығындар.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады, егер де оларды жалға берсе,
сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса, бүгінгі күнге пара-пара қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
«НұрлыТрансКом» ЖШС-не жалпы сипаттама
Курстық жұмысты жазу барысында, мен танысу тәжірибесін өткен «НұрлыТрансКом» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігін зерттеуге алуды жөн көрдім. Курстық жұмысты жазу аясында қарастырылып отырған серіктестіктің материалдық емес активтеріне бағалау жүргізіп, олардың есептен шығарылу процесстерін қарастырдым.
«НұрлыТрансКом» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі өз бастауындағы ең алғаш нарыққа босатқан өнімі «Желен» шұжықтары болды. Қазіргі кезде серіктестік жалпы Қазақстан нарығындағы шұжық өнімдерін сатумен айналысатын ең ірі кәсіпорындардың бірі. Жыл сайын өткізілетін маркетингтік зертеулеріне сәйкес, кәсіпорын 2010ж. бастап нарықта танымал бола бастаған. Тиімді стратегияның және инновациялардың дер кезінде енгізілуі мен тиісті инвестициялардың көмегінің арқасында серіктестік 10 жылға жуық уақыт ішінде өнімнің жаңа түрлерін өндіре бастаған.
Бүгінгі таңда «НұрлыТрансКом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баршаға танымал «Желен» шұжықтарын өндіруші болып табылады. Сонымен қатар, серіктестік нарықтың даму тенденцияларына жауап бере отырып, тұтынушылардың кез келген қалауын қанағаттандырады.
Тиімді менеджменттің арқасында «НұралыТрансКом» компаниясы бірнеше жыл бойы республикадағы шұжық өнімдерін шығару нарығының ірі бір саласы болуда және өндірістік саладағы динамикалық дамитын серіктестіктің мәртебесіне ие. Қазақстандық өндірушінің көптеген жоспарларының арасына кәсіпкерліктің ілгермелі және белсенді дамуы, өндіріс индустриясындағы жаңа жобаларын іске асыру, сонымен қатар ішкі және таяудағы шетел нарығында позицияларды ары қарай күшейту кіреді.
«НұрлыТрансКом»- бұл ғұлама, дәйекті және қойылған тапсырмаларды творчествалық жолмен шеше білетін саналы мамандардың командасы. Серіктестік нарықта алдыңғы қатарда орналасуға ұмтылады. Жұмыс жасап отырған мамандар шығарылған өнімнің сапасы мен сервистің деңгейі бойынша озығы болу үшін барын салуда.
Өндірістің алға қойған мақсаты- пайдалы және сапалы өнімдермен қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және өнімін өткізу арқылы табыс табу. Пайда табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық- әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
Сырттан қарағанда «жетістіктің құпиясы» - деген оңай сөйлемнің өз астарында үлкен мағынасы бар және өз күшінің сенімділігін арттырады. Табысты кәсіпкерлікті жүргізудің құпияларын және оны шебер пайдалана бәлу- ол оңай және нарықта жетекші болудың бірден бір кілті. «НұрлыТрансКом»-ның жетістігінің құпиясы- өз клиенттері мен өз тұтынушыларының максималды қажеттілігін қанағаттандыру үшін өнім сапасының жоғары болуын өндірістің барлық кезеңдерінде қадағалап, өз портфелінің кеңейуіне қатал бақылау жүргізу.
«НұрлыТрансКом» жауапкершілігі шектеулі серіктістігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық кодекс, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да Заң актілері негізінде жүзеге асырады. Қоғамның жеке фирмалық атауы көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
Кәсіпорынның өндірістік базасы қызметінің табысты жұмыс жасауға қажетті алаңдары мен құрал-жабдықтары бар. Дайын өнімді өндіруге және олардың шикізаттарын сақтауға арналған қоймаларға ие. Өндіріске пайдаланатын шикізаттары сертификатталынған және үнемі қадағаланып, бақыланып отырылады. Кәсіпорын сапалы шұжық өнімдерін тұрақты жеткізу бойынша келісімдер жасасқан.
«НұрлыТрансКом» серіктестігінің құжаттарының нысандары: шаруашылықтың өнімі мен қызметі, еңбек және еңбекақы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, материалдар, автокөліктегі жұмыстар, түгендеу нәтижелері, кассалық және банк операциялары т. с. с.
Бухгалтерлік есеп регисторлар жазуының негізі болып алғашқы құжаттар болып саналады, олар шаруашылық операцияның болған шартын белгілеп алады. Алғашқы құжаттар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» заңына сай құрылады.
«НұрлыТрансКом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестер жөніндегі» Заңға сәйкес құрылған. Серіктестік ерікті салым жолымен құрылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz