Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


I БӨЛІМ. Қаһармандық жырлардағы бейнеленген әйелдер образы мен олардың әлеуметтік ортадағы алар орны

1.1. «Қобыланды» жырындағы Құртқа мен бейнесі ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Қалмақ қызы Қарлығаның гротескі образы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


II БӨЛІМ. Қаһармандық жырлардағы жағымды,жағымсыз категориядағы әйелдер легі

2.1. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын және «Қамбар» батырдағы Назым бейнелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүністің өжет бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.3.Қаһармандық жырлардағы адамзат тіршілігіне оралғы болған жағымсыз бейнелердің мифтік көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақтың батырлық жырларындағы Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар сынды батырлардың елі мен жері үшін, діні үшін қаһармандық ерліктері халқымыздың, елдің болашағына және өзінің күш қуатына деген сенімін арттырып отырған. Қаһармандық бейнелер бойында ұлтжандылық, батырлық, қайырымдылық, әділдік сынды құндылықтар айшықталған. Әрбір азамат үшін Отанын қорғау қасиетті борыш. Жырларда батырлар ел-жұртын, дінін қорғау үшін аянбай соғысқан. Қаһармандық жырлар жас ұрпақты ерлікке, қайырымдылыққа, әділдікке, намыстылыққа тәрбиеледі
Ауыз әдебиеті ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы десек, батырлар жыры осы мол мұраның бір бөлігі болып табылады.Сонау аласапыран заманда жері мен елін найзаның ұшы,білектің күшімен қорғап қалған ерлерін дәріптеу мақсатында,әрі арманындағы суға салса батпайтын,отқа жақса жанбайтын,елі үшін жанын пида ететін ғажайып қаһарманды аңсаудан батырлар жыры туған.Ауыз әдебиетінің басқа да салалары секілді эпос та ауызша жасалған мұра.Ол өзінің бастау негізін тұрмыс-салт өлеңдері,ертегі,аңыздардан алады.Көркемдік табиғатынамұқият үңілсек,эпос бүкіл ауыз әдебиетін жинақтап тұрған көркем шежіре іспеттес,.Алғашында бір ғана эпизодтан туған үзік жырлар келе-келе дамып,ұзақ жырларға айналған,жырда батырдың тууы,өсіп жетілуі,ерлік сапарлары,батырдың үйленуі сияқты оқиғалар да тұтастанған.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы – « Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі». Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатым – қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесін және олардың әлеуметтік ортадағы алар орны қандай екенін ашу болып табылады. Мақсатқа жету жолындағы алдыма қойған міндеттер мыналар болып табылады:

1) қаһармандық жырлардағы бейнеленген әйелдер образы мен жағымды, жағымсыз категориядағы әйелдер легін көрсету;
2) қаһармандық жырлардағы адамзат тіршілігіне оралғы болған жағымсыз образдардың мифтік көріністерін анықтау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма.
1. Бердібай Р. Қазақ эпосы. Жанрлық және стадиялық мәселелер. – Алматы: «Ғылым», 1982. – 230 б.
2. Батырлар жыры. – Алматы: «Жазушы», 1986. 1 т. – 470 б.
3. Батырлар жыры. – Алматы: «Жазушы», 1986. 2 т. – 364 б.
4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының батырлық жыры. – Алматы: «Ғылым», 1972. – 337 б.
5. Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері – Алматы: «Ғылым», 1978. – 184 б.
6. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991.
7. Батырлар жыры. I том. А., 1960.
8. Батырлар жыры. ҮІ том. 1987.
9. Қазац ертегілері. II том, А., 1989.
10. Аникин В.П., Круглов Ю.Г. Русское народное творчество. Л., 1987.
11. Қазац ертегілері. I том. Алматы, 1989.
12. Батырлар жыры. I том. Алматы, 1960.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Н.Т.Орынбаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі

5В011700 - Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
мамандығы

Орал,2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,ф.ғ.к.,доцент
___________________ А.А.Раманова
____ _________ 2017ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі

5В011700 - Қазак тілі мен қазақ әдебиеті
мамандығы бойынша

Орындаған:
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті,
күндізгі бөлім,
02403-топ студенті _________________ Н.Т.Орынбаева

Ғылыми жетекшісі:

Ф.ғ.к., доцент: _______________ Р.Қ.Мұхамбетқалиева

Орал,2017

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Мамандық 5В011700-Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі,ф.ғ.к.,доцент
________________ А.А.Раманова
____ ________ 2017 ж.

Дипломдық жұмысқа тапсырма
Студент

___________________________________ _________________________________

Жұмыстың тақырыбы___________________________ ______________________

___________________________________ _________________________________

Мәліметтер_________________________ _________________________________

___________________________________ _________________________________

___________________________________ _________________________________

Дипломдық жұмыстың бөлімдерінің мазмұны____________________________ _

___________________________________ _________________________________

___________________________________ _________________________________

___________________________________ _________________________________

Сызба материалдарының тізімі

___________________________________ _________________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

___________________________________ _________________________________
Филология: қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 02403 топ студенті
Орынбаева Назым Темирбековнаның
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
дипломдық жұмысын орындау барысына берілген тапсырмалар кестесі


Бөлім

Орындау уақыты

1
Қосымша әдебиеттер, анықтамалық материалдар іздеу

Қырқүйек-қазан 2016ж

2
Теориялық бөлімнің жазылуы

Қараша-желтоқсан 2016ж

3
Жұмыстың эксперименттікпрактикалық бөлімінің орындалуы

Қаңтар-ақпан 2017ж

4
Қорытынды бөлімнің жазылуы

Наурыз айының бірінші бөлігі 2017ж

5

Кіріспе бөлімнің жазылуы

Наурыз айының екінші бөлігі 2017ж

6
Дипломдық жұмысты тексеру және талқылау үшін кафедраға тапсыру

29-шы сәуірге дейін 2017ж

Ғылыми жетекші
ф.ғ.к.,доцент Р.Қ.Мұхамбетқалиева

Кафедра меңгерушісі
ф.ғ.к.,доцент А.А.Раманова

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I БӨЛІМ. Қаһармандық жырлардағы бейнеленген әйелдер образы мен олардың әлеуметтік ортадағы алар орны

1.1. Қобыланды жырындағы Құртқа мен бейнесі ... ... ... ... ... ... ..

1.2. Қалмақ қызы Қарлығаның гротескі образы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..

II БӨЛІМ. Қаһармандық жырлардағы жағымды,жағымсыз категориядағы әйелдер легі

2.1. Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршын және Қамбар батырдағы Назым бейнелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Ер Тарғын жырындағы Ақжүністің өжет бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.3.Қаһармандық жырлардағы адамзат тіршілігіне оралғы болған жағымсыз бейнелердің мифтік көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қазақтың батырлық жырларындағы Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар сынды батырлардың елі мен жері үшін, діні үшін қаһармандық ерліктері халқымыздың, елдің болашағына және өзінің күш қуатына деген сенімін арттырып отырған. Қаһармандық бейнелер бойында ұлтжандылық, батырлық, қайырымдылық, әділдік сынды құндылықтар айшықталған. Әрбір азамат үшін Отанын қорғау қасиетті борыш. Жырларда батырлар ел-жұртын, дінін қорғау үшін аянбай соғысқан. Қаһармандық жырлар жас ұрпақты ерлікке, қайырымдылыққа, әділдікке, намыстылыққа тәрбиеледі
Ауыз әдебиеті ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасы десек, батырлар жыры осы мол мұраның бір бөлігі болып табылады.Сонау аласапыран заманда жері мен елін найзаның ұшы,білектің күшімен қорғап қалған ерлерін дәріптеу мақсатында,әрі арманындағы суға салса батпайтын,отқа жақса жанбайтын,елі үшін жанын пида ететін ғажайып қаһарманды аңсаудан батырлар жыры туған.Ауыз әдебиетінің басқа да салалары секілді эпос та ауызша жасалған мұра.Ол өзінің бастау негізін тұрмыс-салт өлеңдері,ертегі,аңыздардан алады.Көркемдік табиғатынамұқият үңілсек,эпос бүкіл ауыз әдебиетін жинақтап тұрған көркем шежіре іспеттес,.Алғашында бір ғана эпизодтан туған үзік жырлар келе-келе дамып,ұзақ жырларға айналған,жырда батырдың тууы,өсіп жетілуі,ерлік сапарлары,батырдың үйленуі сияқты оқиғалар да тұтастанған.

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы - Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі. Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатым - қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесін және олардың әлеуметтік ортадағы алар орны қандай екенін ашу болып табылады. Мақсатқа жету жолындағы алдыма қойған міндеттер мыналар болып табылады:

1) қаһармандық жырлардағы бейнеленген әйелдер образы мен жағымды, жағымсыз категориядағы әйелдер легін көрсету;
2) қаһармандық жырлардағы адамзат тіршілігіне оралғы болған жағымсыз образдардың мифтік көріністерін анықтау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Батырлар жыры -- ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар -- ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) "Ең көне заманғы эпос", "ертегілік эпос", "архаикалық эпос", "көне эпос", "мемлекетке дейінгі эпос" дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына "Ергенеқон", Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар ("Қорқыт Ата кітабы", "Алпамыс", "Қамбар", "Қобыланды", "Ер Тарғын", т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, "Еспенбет", "Өтеген", "Нарқыз", т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың -- Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Батырлық жырлар бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі -- батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, "Қобыланды", "Алпамыс" жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, "Қобыланды" жырындағы Құртқа -- батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған.
Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де -- эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, "атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді" сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын "мәдени ілкі қаһарман" (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.

Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):
1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3) батырға тән балалық шақ;
4) алғашқы ерлік;
5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);
7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
1) жаудың шабуылы туралы хабар;
2) жорыққа аттану;
3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:
1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;
3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;
4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
6) той.
Бұл жіктелуден байқалатын жағдай -- бірқатар батырлық жырларда осы үш сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық көрінетіндігі. Мәселен, "Қобыланды", "Алпамыс", "Қарабек" жырларында осы үш сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған "Қырымның қырық батыры" сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. "Дотан", "Құбығұл", "Құламерген", "Жоямерген", т.б. көне эпостар, жоғарыда айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І сюжеттің төңірегіне топталады. Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі (контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған. Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да, бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып шығады: батырдың мекені -- жау елі -- батырдың мекені. Жау елінде қаза таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді. Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те болған шындық деп қарайды. Эпостың оқиғасы "Баяғы заманда", "Бұрынғы өткен заманда", "Ноғайлы заманында" деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп, "ішкенге мас, жегенге тоқ" жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да, батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да -- осы қалыпты өмірдің бұзылуы. Батыр -- бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу -- батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең -- айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той -- сол жақсылық атаулының жеңіс мейрамы.
Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар:
1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, "Алпамыс" жырында -- қоңырат, "Қобыланды" эпосында -- қыпшақ заманы;
2) ноғайлы дәуірі.
Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол бейнелейді. Мәселен, "Қобыланды", "Алпамыс" жырларында сюжеттердің толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді. "Қырымның қырық батыры" сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып, бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған. Батырлық жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі. Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов]], т.б. болды.
Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде "Едіге", "Тоқтамыс", т.б. эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. "Алпамыс", "Қобыланды", "Ер Тарғын", "Қозы Көрпеш -- Баян сұлу" эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. "Ер Тарғын", "Қобыланды", "Едіге", "Батыр Бекет", "Ер Сайын" жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды. XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. 1950 -- 1960 жылдары тұңғыш рет эпостың ғыл. мәтінін жариялау жұмысы жүзеге асты, сөйтіп "Қозы Көрпеш -- Баян сұлу" (1959), "Қамбар батыр" (1959), "Алпамыс батыр" (1961), "Қыз Жібек" (1963) жырларының академиялық басылымдары жарық көрді. Осы кезеңдерде батырлық жырлардың төңірегінде идеологиялық айтыстар да өрбіді.[5.48]

20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев "Сұраншы", "Өтеген" жырларын шығарған. Драматургия саласында "Қарақыпшақ Қобыланды" (Әуезов), "Арқалық батыр" (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, "Ер Тарғын" (Е. Брусиловский), "Алпамыс батыр" (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, "Батыр Баян" кинофильмі түсірілді.

1. Қаһармандық жырлардағы бейнеленген әйелдер образы мен олардың әлеуметтік ортадағы алар орны

1.1. Қобыланды жырындағы Құртқа бейнесі.

Халықтың батырлар жырында суреттелетін әйелдер көбінесе батырдың сүйікті жар-жолдасы,сенімді серігі,ақылшы досы ретінде алынады.Халық әйелдер жөніндегі әділетті,турашыл көзқарасын ауыз әдебиетіне енгізгенде,ақылды,білгір,дана адамдар әйелдер арасынан да шығатындығын көрсетеді.Мұндай әйелдерді ерлермен қатар қойып жырына қосады,олардың жағымды образын жасайды.
Осы негізде туған көркем образдардың бірі-Құртқа.
Халық жырында Қобыланды қандай ардақты болса,Құртқа да сондай.Егер халық жыры Қобыландыны ел қорғаған,халқына қамқор болған батыр деп көрсетсе,Құртқаны ақылды,білгір,дана адам деп жыр етеді.
Құртқаның аса ақылды,білгір адам екендігі оның Қобыландыға көрсеткен қамқорлық істерімен суреттеледі.Бұл ретте халықтың Қобыландыға айтар ақылы да,көрсетер көмегі мен қамқорлығы да осы Құртқа арқылы берілген деуге болады.Құртқаның осындай ақылды,білгір адам екендігі Қобыландыға керекті тұлпарды,қару-жарақты даярлап беруінен басталады.Мұны ол батырдың даңқын көтеру үшін емес,ел қамын ойлағандықтан жасайды.
Осыдан былайғы әңгімелерде Құртқа бейнесі жырда айқындала береді.Ол қысылған жерде жол табатын,ақылға салып іс қылатын,жағдайды шолып,болашақты болжайтын білгір адам бейнесінде жырға қосылады.
Қараман келіп,Қобыландының Қазанға қарсы аттануын өтінеді.Қобыландының: Бұл сапарға барар-бармасымды үйдегі Құртқам біледі,-деген сөзін естігенде,Қараман оған тіл тигізеді.Қараманның бұл сөзіне қатты ызаланған Қобыланды Құртқаның басын алмақ болып аулына шаба жөнеледі.Осы бір қысылшаң шақта,Құртқа: Ақылмен ойлап,жол табады,-батырдың алдынан бүкіл қару-жарағын және Тайбурылды алып шығады.Сөйтіп батырдың ашуын тарқатады.
Қазанға қарсы аттанбақ болып тұрған Қобыландыға Құртқа ақыл айтады,Қараманның қандай адам екендігін сипаттап береді және осы сапардан қашан ораларын,ел-жұртының қандай күйге ұшыраған кезінде қайтып келерін болжайды.Кейіннен Құртқаның сөзі шынға айналады.Әрине,Құртқаның бұл айтқандары аруаққа,балгерлікке сүйенгендіктен туған емес.Ол сол кездің шындығына негізделген.Ол заманда ел мен елдің арасында әр түрлі айқасулар,бірін-бірі аңду,торулар көп болған.Елдің батыры шетке шыға қалса-ақ,оны аңдып жүрген жаулары пайдаланып шабуыл жасаған,шауып әкеткен.Ондай жау Қобыландыда көп болған.Құртқа болжау айтқанда,осыны еске алады.Қараман көмек сұрағанда,оның батыр емес екендігін Құртқа бірден-ақ таниды.Қасында қырық мың әскері бар адамның көмек сұрауы қорқақтықтың белгісі деп біледі және ондайлар өз қара басының қамын ойлайтындығын түсінеді.Мұның бәрін халық жыры Құртқаның ақылды,білгірлігін көрсету үшін келтіреді.Құртқа қандай күйге ұшыраса да,Қобыландыны есінен шығармайтын адал жар бейнесінде суреттеледі.Ел-жұртын Алшағыр шауып алып байлауға түскен кезде де,Құртқа ақылмен іс істейді.Қобыландының келетініне сенедіде,бір кезде Тайбурыл байланған алтын қазықты және күлге көміп азық тастап кетеді;жолыбай тұлпардың жемін шашып отырады.Бұларға Қобыланды кез болады да,ел-жұртын қандай жаудың қалай қарай алып кеткенін біледі.Құртқаның білгірлікпен істеген осы бір ісінің кейіннен Қобыландының ел-жұртын жау қолынан босатып алуына көп көмегі тиеді.Алшағырдың қолына түсіп қамауда жатқан күнінде де Құртқа Қобыландыдан күдер үзбейді,қайта сағынышы арта береді.Қобыланды келіп,Алшағырдың қорғанын қалай алу жайын ойлап тұрған шақта оның алдынан Құртқа шығады,ол ақыл-айласымен Алшағырды алдайды және Қобыландыға қорғанды қалай бұзудың жолын айтады.Сөйтіп ол бұл жерде де батырға көп жәрдем жасайды.
Құртқа Қобыландының достары мен дұшпандарының алдында абыройы түспеуін де қатты ойлайды.Алшағырдан ел-жұртын босатуға келген кезінде,алдынан шыққан Құртқаға Қобыланды сағыныш сезімін білдіреді.Батырдың мұнысы аңғалдық екенін білген Құртқа: Әуелі жау қолынан ел-жұртыңды босатып ал,олай етпей тұрып,менімен болып кетсең - досқа күлкі,дұшпанға таба боларсың,елін босатпай жатып,әйелімен кетті деген сөзге қаларсың,-деп ақыл айтады.Жұрт алдына батырдың өсек сөзге ілікпеуін,абыройы түспеуін ойлайды.
Тағы бір мысал: Мұрын жыраудың жырында Алшағыр хан той жасап Қобыландыны қонаққа шақырады,тойда ат жарысы болатындығын хабарлайды.Тойға барар алдында Құртқа Қобыландыға мынадай ақыл береді: Алшағыр хан сені сынамақ,ретін тапса,сені бала деп мазақ етпек.Сен өзіңді ханнан кем ұстама,алдыңнан қыз-келіншек,бозбалалар шықса,оларға қарама, хан ордасына тура тарт та,төріне отыр.Ат шабысы болса,бәйгіге қосатын тұлпарыңа өзің мінбе,басқа бір баланы мінгіз,-дейді.
Жыршы ақындар Құртқаның ақылын,даналығын,білгірлік істерін аса жоғары бағалайды,оны жастарға үлгі етеді.Құртқаның істеріне сүйсінген халық Қобыландының сөзімен ақылы артық Құртқажан,хан болуға лайықты деп көрсетеді.Бұдан халықтың халыққа қорған болған ерлермен қатар ақылды,дана әйелдерді де ардақтағаны көрінеді.
Қай жырда болмасын, батырға серік болған жұбайы болады. Бірақ олардың табиғаты бірдей емес. Қалмақ торынан құтылған Гүлбаршын көбіне от басының көлемінде көрінеді. Ақжүніс жеке басының мүддесі үшін әкесінен безеді.Назым қыз да батыр етегінен ұстайды.Бұл жырлардың негізгі оқиғасы сұлу жар үшін күрестен басталады.Ақжүніс болмаса, Қамбардың қалмақ ханымен соғысы да болмас еді.
Қобыланды жырына келсек, айтушылар Қобыланды мен Құртқаны күн бұрын қосып,барлық оқиғаны ері мен ел басындағы оқиғаларға құрады. Құртқаның барлық әрекеті үйленуден кейін туып, дамиды. Оның басты сипаты - айнымас махаббат, ақылгөйлік қана емес, Құртқа Қобыландының батырлығына да ортақ , халықтық арнада көбірек көрінетін тұлға. Ол Сәлімбайдың көк - ала биесін қалап алып, батырға ат, сауыт-сайман әзірлейді.
Құртқа Тайбурылды бағып күтуші ғана емес, ел күніне жарайды деп, алты жасар аңғал бала Қобыландыны да ерлікке әзірлейтін, батырдың ақылшысы, қамқоры. Қандай қиын іс болмасын, соның бәрін Қобыланды Құртқаның ақыл-болжамдарымен істейді. Оның барлық айтқандары шындыққа айналады. Батыр Құртқадан жауға аттануға рұқсат сұрағанда, ол: Бұл сапарға бармасын, бұл олжадан алмасын деп ақыл береді. Сол үшін Қобыланды қатын деген сөзге дұшар болып, әйелін шауып тастай жаздайды. Бірақ Бурылды жетелеп шығып,өксіп жылаған Құртқаны көргенде, Қобыланды өз жарының ақылдылығына риза болады:
Құртқа-жан неге қамықтың,
Жолбарысың мен есенде.
Осы барған сапардан
Есен барып, сау қайтсам,
Әйел де болсаң, басыңды,
Хан қылармын халыққа,-
дейді.
Ешбір жырда әйелді хан қою сарыны болған емес. Мұның сыры неде?
Құртқа от басындағы әйел ғана емес, ел мен ер қамын бірдей ойлайтын әйел. Бәлкім оған ел қамы қымбатырақ. Бір ған мысал. Қобыланды қайтқанда,Құртқа оның жолына алтын қазық, қазы-қарта, нан көміп кетеді. Қобыланды Алшағыр хан қамалының сыртына келгенде, ол батырға жолығады. Осы тұста Тайбурыл анасына батырдан бұрын келеді.Мұның бәрі Қобыландыны елмен, халықпен туыстырудың көрінісі. Ала қапты беліне бүге келу әзіл ғана емес, батырға еліңді, жарыңды ұмытқан жоқсың ба деудің белгісі. Дәл осы жерде тағы бір нәрсе анықталады.Қобыланды сағынып көрген жарын құшағына алмақ болғанда, Құртқа: Еліңді жаудан азат етпей табыспалық, дұшпандарың бетіңе салық қылады,- дейді. Сөйтіп Құртқа ең бір нәзік сезімдер тұсында да батырдың намысын қорғап, оның халықтық тұлғасына кір жұққызбайды. Ел қамын жеуде Құртқа Қобыландымен тепе-тең түседі. Ол - асқан Отаншыл, патриот әйел, батырдың халықпен бірлігін көрсету үшін берілген образ. Осы себепті Марабай Қобыландыға Құртқа үстіне Қарлығаны алдырмайды. Алғаш от басында көрінетін Құртқа кейін елімен бірге жау қорлығын көреді, өзі Алшағырға жем бола жаздайды.Бұл тұста Құртқаның жеке басының еркіндігі үшін күресі көмескі тартып, ол халық тағдырымен тығыз байланыста көрінеді.

Дiн - қоғамның, топтың, жеке адамның рухани өмiрiнiң іргелі бір саласы, дүниенi рухани меңгерудiң тәсiлi және рухани өндiрiс саласы. Тап мұндай сипатында дiн: 1) қоғам болмысының көрiнiсi; 2) адам мен қоғамның қалыптасу процесiнде мiндеттi түрде пайда болатын олардың тiршiлiк әрекетiнiң аспектiсi; 3) адамдық өзiн-өзi жатсынуды көрсету мен оны жеңудiң әдiсi; 4) ақиқаттың айнасы, көрінісі; 5) қоғамдық жүйенiң жүйесi; 6) мәдениет феноменi; 7) адамның жаратушыны тану әдісі.
Дiннiң негiздерi мен алғышарттары
Әр алуан байланыс түрлерiмен бiрге социумдық, әлеуметтiк-мәдени, антропологиялық, гносеологиялық негiздер мен алғышарттарды анықтауға болады. Социумдық негiздер тұтас қоғамның тiршiлiк әрекетiмен байланысты, олар санадан тыс қатынастар қатарына жатады. Ең ақырында шешушi болып табылатыны - материалдық қатынастар - бұлар бiрiншi детерминанталар, бiрақ олардың әсерi жанама түрде. Дiнге қосымша әсер ететiн - рухани сфераның әр түрлi салалары - саясат, мемлекет, мораль, өнер, философия, ғылым. Сыртқы жағдайлардың алдында адамдардың дәрменсiздiгiн көрсететiн қоғамдық қатынастардың жиынтығы дiннiң негiзiн құрайды.
Дiннiң пайда болуы мен өмiр сүруiне қажеттiлiк пен мүмкiндiк жасайтын факторлар.
Байланыстар жүйесi
Дiндi түсiндiруде дiн қандай факторлардың әсерiнен пайда болады, өмiр сүредi және көрiнiс бередi деген сұраққа жауап беру аса маңызды. Факторлар жүйесiн әр қырынан қарастырайық, алдымен бұл жүйеде байланыс түрлерiн көрсетейiк. Себептiлiк қатынастар - дiндi, әр түрлi дiни құбылыстар мен процестердi салдарлар ретiнде туындатады, себептiлiк байланыстар басты генетикалық фактор болып табылады. Тарихи байланыстар аса маңызды: дiн - бұл бұрын әрекет еткен және уақыттың осы сәтiнде әрекет етiп тұрған себептердiң салдары ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның, оның әр түрлi салаларының дамуының нәтижесi, өзiндiк дамудың нәтижесi. Дiнге себепшi болатын факторлардың қатарына тұрақтылық, бiр қалыптылық, өзгермейтiндiкке бейiм тұратын қоғамның iшкi құрылымы, оның жүйеасты салалары, дiннiң өзiндік құрылымдық байланыстары жатады. Дiнге үлкен әсер ететiн жайттар - функционалдық қатынастар. Нақты бiр типтегi қоғамдарда бiрқатар функцияларды дiн атқарады, бұл функцияларды орындауға қажеттiлiк оның орын алуына септеседi. Дiн детерминанталарының кешенiнде дiннiң қалыптасу ортасын, оның туындауы, шығу тегi, өмiр сүруi, қызмет етуiне септесетiн байланыстар, ықтималдылық, кездейсоқтық байланыстарды атауға болады.
Психологиялық алғышарттар
Дiннiң психологиялық алғышарттары - дiндi туындату және меңгеру үшiн қолайлы психологиялық негiз, мүмкiндiк жасайтын жағдайлар, құбылыстар, қоғамдық, топтық және жеке адам психологиясының механизмдерi. Мұнда қоғамдық-психологиялық және дербес-психологиялық алғышарттар ажыратылады. Бұл ажырату шартты түрде ғана: қоғамдық және топтық психология феномендерi жеке дербестiктен тыс болса да, олар жеке адамдардың психологиясы арқылы көрiнiс табады.
Қоғамдық-психологиялық алғышарттар
Дiннiң қоғамдық-психологиялық алғышарттары қоғам мен топтардың психологиясының феномендерін құрайды. Оларға: қоғамдық-психологиялық атмосфераның дағдарыстық жағдайлары, қатынастың құбылмалы сипаты, қоғамдық және топтық пiкiр, сендiру, елiктеу, психикалық сіңдіру механизмдері, дәстүрлер, салттар және т.б. жатады.
Жеке тұлғалық-психологиялық алғышарттар
Жеке тұлғалық-психологиялық факторлар жеке адам психологиясында әрекет етедi. Бұл - басқа адамдардан жан-жақты тәуелдi болу күйзелiсi, психика мен тұлғалық қасиеттер механизмiнiң берiлгендiгi, жеке қасiрет шегу және қайғы (айықпайтын дертке, жақын адамының қазасына байланысты), өлiмнен қорқу, тұлғаның рухани құлдырауы, жалғыздық пен қажет болмаушылық сезiмдерi, индивидтiң өзi түсiп қалған дағдарыстық жағдаятта тығырыққа тiрелгендiгiн сезiнуi, авторитеттерге табынуға, ерiк пен шешiмдiлiк танытуға бейiмдiлiк, ойлаудағы стереотиптер.
Гносеологиялық алғышарттар: танымның сезімдік және рационалды сатысындағы діннің алғышарттары.
Танымның шексiздiгi мен шектеулiгi
Гносеологиялық алғышарттар дiни түсiнiктер, ұғымдар, идеялар, тұғырнамалардың пайда болуына мүмкiндiк беретiн танымдық әрекеттi бiлдiредi.
Дiнге қолайлы гносеологиялық негiз - танымның сезiмдiк және рационалдық сатыларын бiр-бiрiнен бөлу, оны практикадан алшақтатады. Бұл негiз сезiмдiк таным сатылары - түйсiнулер, қабылдау, елестетулерде, сондай-ақ абстрактi ойлау деңгейi - ұғымда, ой-пiкiр, ой тұжырымдарда да болады.
Танымның сезiмдiк сатысында дiннiң алғышарттары
Түйсiну мен қабылдау сананың дүниемен тiкелей байланысын, қатынасын қамтамасыз етедi. Таным формаларының күшi де осы тiкелей байланыста, қатынаста болып табылады. Түйсiну мен қабылдау осы қасиет пен затқа жұмылдырылған, сезiмдiк аңдау сол сәтте сезiм мүшелерiне әсер ететiн қасиеттер мен заттардан басқаны қабылдамайды.
Танымның рационалды сатысында дiннiң алғышарттары
Ойлау түйсiну, қабылдау, елестетуге қарағанда, шындықты тереңiрек таниды. Ойлаудың қалыптасуы, дамуы және қызмет етуi тiл арқылы жүзеге асады, ойлау әрекетiнiң нәтижелерi сөздiк формада көрiнедi. Тiлдiк ұғымдардың тiкелей сезiмдiк элементтерден тәуелсiз мазмұны бар.

3 Дін ұғымы және классификациясы
Дiн терминi religio деген латын сөзiнен шыққан. Бұл терминнiң Цицерон (б.э.д. 106-43) мен Лактанций (шамамен 250-325 жылдан кейiн қ.б.) берген нұсқалары танымал болып табылады. Цицерон бұл терминдi relegere - артқа жүру, оралу, қайта оқу, ойластыру, жинау, аңдау, қорқу деген латын сөзiнен жасаған және дiндi құдайдан қорқу, қорқыныш және құдайларды құрметтеу, осы құрметтеуге қатысы бар барлық нәрсенi мұқият ойлап байқау ретiнде сипаттады. Лактанций religio сөзi латынның religare - алу, буу, байлау, шырмау сөзiнен шыққан - және байланыс, адамды Құдайға қызмет еткенде және оған тақуалық арқылы бағынғанда бiрiктiретiн дәнекер дегендi бiлдiредi деп санаған. Танымал француз лингвисi Э. Бенвенист (1902-1976) бастапқыда religio - бұл әрекетке түрткi болатын немесе салтты орындауға мәжбүрлейтiн сезiм емес, бұл адамды ұстап тұратын күдiк, қайсыбiр әрекетке деген iшкi кедергi деген. Қайта жинау, жинау, бастапқы түрге келтiру, бұрын жасалған таңдауды қайта бастау - religio сөзiнiң нақты мағынасы осындай. Тек христиан жазушыларында алғаш рет religio сөзiн religare сөзiмен түсiндiру орын алады, religio сөзi тақуалық мағынасынан шығарылады, себебi Құдай адамды өзiне бiрiктiредi және өзiне тақуалық арқылы байлайды. Христиандықта religio сөзi адамның Құдайға тәуелдiлiгi, адамның Құдай алдындағы мiндеттерi мағынасында түсiндiрiлген. Сөз семантикасының эволюциясы сөздiк аудармаларда көрiнiсiн табады. Religio терминi сөздiктерде былайша аударылады: бiрдемеге ар-ұят тұрғысынан қарау - iшкi сезiмде орныққан ұяттың болуы; әсiресе, қасиеттi бiр нәрсеге ар-ұят тұрғысынан қарау; дiни сезiм, сенiм; дiни құрмет, Құдайды құрметтеу; культ, дiн.
Басқа мәдениеттерде латынның religio сөзiне сәйкес келетiн терминдердiң мағыналары басқаша. Санскритше dharma (арий тiлiндегi dhar - бекiту, қолдау, қорғау) iлiм, iзгiлiк, ақылақтық сипат, борыш, әдiлеттiк, заң, үлгi, мұрат, норма, нысан, ақиқат, шарт, себеп, әлем тәртiбi және т.б. мағыналарды бiлдiредi. Араб тiлiнде din (дін) деген атау қолданылады, ол алғашқыда исламға дейiнгi кезеңде билiк, бағыну, әдет-ғұрыптар дегендi бiлдiрсе, кейiнiрек Аллаға деген шексiз бағыну, өзiн-өзi Құдайға арнау, дiни бұйрықтарды орындау, сенiмнiң шынайылығын жетiлдiру мағынасында қолданыла бастады. Қытай тiлiнде латынның religio сөзiне Chiao - iлiм деген сөзi сәйкес келедi. Көне славян тiлiнде сенiм, наным, ал орыс тiлiнде дiн сөзi XVIII ғасырдың басынан белгiлi.
Діннің классификациясы.
Діннің шығу генезисіне, таралу аймағына байланысты ежелгі діни наным-сенімдер, ұлттық діндер және әлемдік діндерге бөлінеді. Алғашқы діни наным-сенімдерге фетишизм, анимизм, тотемизм, магия жатады. Ұлттық діндерге белгілі бір ұлтқа тән, дәстүрлі сипаттағы діндер жатады. Мысалы индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизм және иудаизм сияқты. Дегенмен ұлттық діндер деген ұғымның өзі біршама шартты ұғым болып табылады. Өйткені белгілі бір шарттарда ұлттық діндерді басқа ұлт өкілдері де ұстана алады. Бұл жағдайда басқа ұлт адамдарына ұлттық діннің талаптарын қабылдап қана қоймай, сонымен бірге сол дінді ұстанушылардың жалпы көпшілігіне тән этникалық сипаттарын да меңгеруге тура келеді. Қазіргі заманғы ұлттық діндердің басым бөлігі политеистік (көптәңірлі) саналады және өз негіздерінде ертедегі діни ілімнің іргелі қағидаларын сақтай алған.
Әлемдік діндерге буддизм, христиандық, ислам жатады. Әлемдік деген ұғымның өзі оларды әртүрлі халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың ұстанатындығын және бұл діндердің бір ұлттың шеңберінен асып, бүкіл әлемге таралғанын көрсетіп отыр. Әлемдік діндерде айқын көрінетін прозелитизм, уағыздық белсенділік тән және олардың уағыздары этносаралық, космополиттік сипат алып, әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдеріне арналған. Бұл діндерде адамдардың бір-бірімен теңдігі уағыздалады. Адамдарды бір-бірінен бөлетін және өзара қарым-қатынастарды қиындататын белгілер оларға жат. Әлемдік діндердің барлықтарында еркек пен әйел, кедей мен бай, әртүрлі нәсілдердің Құдай алдындағы теңдігі уағыздалады.
Дiннiң элементтерi мен құрылымы
Дiннiң элементтерi мен құрылымы тарих барысында қалыптасып, өзгередi. Алғашқы қауымдық құрылыста дiн салыстырмалы түрде дербес құрылым ретiнде әлi бөлiнiп шықпады. Кейiнiрек, рухани өмiрдiң салыстырмалы түрде дербес саласына айналып, неғұрлым жiктеле түседi, дiннiң алғашқы элементтерi пайда болып, осы элементтердң байланыстары қалыптасады. Жоғарыда айтылып өткендей, қалыптасқан дiндерде дiни сана, әрекет, қатынастар, институттар және ұйымдар анықталады.
Дiни сана
Дiни санаға сезiмдiк көрнекiлiк, қиялмен жасалған образдар, шындыққа барабар мазмұнның қиял, сенiм, рәміздiлiк, сұхбаттылық, эмоциялық толықтылық, дiни лексиканың (басқа да арнайы белгiлердiң) көмегiмен қызмет ету тән. Аталған белгiлер тек қана дiни санаға тән емес. Сезiмдiк көрнекiлiк, қиял бейнелерi, эмоциялық өнерге тән, қиялдар мораль, саясат, әлеуметтiк ғылымдарда пайда болады.
Дiни сенiм
Дiни сананың өзегі - дiни сенiм болып табылады. Соңғысы адамның жаратылысындағы ерекше феноменнiң арқасында өмiр сүредi. Сенiм - мақсатқа жетуге, оқиғаның болатынына, қойылған мақсат жөнiнде нақты ақпарат жетiспеген жағдайда идеяның ақиқаттылығына, оқиғаның соңғы қорытындысына, тексерудiң нәтижесiне сенiмдi болу. Онда қалаған нәрсенi iске асыруға деген үмiт артылады. Бұл психологиялық күй табысты әрекет жасауға мүмкiндiк болған кезде, оның нәтижелi аяқталатыны туралы және сол мүмкiндiк туралы бiлген кезде ситуацияның ықтималдығында пайда болады.
Дiни әрекет
Дiни әрекет қоғамдық әрекет жүйесiнде өзiндiк орын алады. Дiни әрекеттiң екi негiзгi түрi бар: культтiктен тыс және культтiк. Культтiктен тыс түрi рухани және практикалық салада жүзеге асады. Культтiктен тыс рухани әрекет дiни идеяларды жасаудан, теологияның қасаң қағидаларын жүйелеу мен түсiнiктемелеуден, дiни шығармаларды жасаудан және т.б. құралады. Культтiктен тыс практикалық әрекет түрлерi - дiни культ құралдарын өндiру, миссионерлiк, соборлардың жұмысына қатысу, оқу орындарында (мектептерде, университеттерде, дiни оқу орындарында) дiни пәндердi оқыту, дiни ұйымдар мен институттарда басқару әрекетi, баспа, радио, теледидар арқылы дiни көзқарастарды үгiттеу, жанұя мен басқа да қарым-қатынас топтарында дiни насихат. Әдетте, дiни емес әрекетке азды-көптi дәрежеде культ элементтерi де енетiнiн басып айтқан жөн.
Культ және культ құралдары
Дiни әрекеттiң маңызды түрi культ болып табылады (лат. cultus - күтiм, құрметтеу). Оның мазмұны сәйкес дiни түсiнiктермен, идеялармен, қасаң қағидалармен анықталады. Дiни сана культте бәрiнен бұрын культтiк мәтiн түрiнде көрiнедi, культтiк мәтiнге Қасиеттi Жазбаның дұғалардың, псалымдардың, ән айтулардың және т.б. мәтiндерi жатады. Бұл мәтiндердi культтi орындау кезiнде айту культке қатысушылардың санасында дiни образдар мен баяндауларды жандандырады. Мазмұн тұрғысынан қарастырылатын культ дiни мифтi сахналау ретiнде сипатталуы мүмкiн. Өнерде (мысалы, театрда) көркемдiк мәтiндi қайта шығару, оның қаншалықты нақты және шебер жасалғанына қарамастан, әрекеттiң шартты түрде жасалып жатқандығын жоймайды. Ал дiни культте мәтiндi сахналау мәтiнде суреттелген оқиғалардың шынымен iске асатынына, бұл оқиғалардың қайталанатынына, дiни кейiпкерлердiң қатысатынына, объективтi деп мойындалатын жаратылыстардан жауап алуға деген сенiммен байланысты.
Культтiк әрекеттiң негізі дiни образдар ретiнде түсiнiлетiн әр түрлi объектілер мен тылсым күштер болады. Әр түрлi типтегi дiндерде, әр түрдi дiни бағыттар мен конфессияларда культтiң заты ретiнде материалды заттар, жануарлар, өсiмдiктер, ормандар, таулар, өзендер, Күн, Ай және т.б. дiни сана атрибуттаған қасиеттермен және байланыстармен бiрге алынады.
Культтiң субъектiсi дiни топ немесе дiншiл жеке адам бола алады. Бұл әрекетке қатысудың түрткiсi дiни стимулдар: дiни сенiм, дiни сезiмдер, қажеттiлiктер, талпыныстар, үмiттер болып табылады. Культ нысаналарына сиыну үйi, дiни өнер (сәулет, бейнелеу, музыка), әр түрлi культтiк заттар (крест, балауыздар, аса таяқ, шiркеу аспаптары, священник киiмдерi) жатқызылады. Маңызды культтік нысана культтiк ғимарат болып табылады. Культтiк ғимаратқа ене отырып, адам әлеуметтiк кеңiстiктiң арнайы аймағына кiредi, басқа өмiр жағдаяттарынан ерекшеленетiн жағдайға тап болады.
Культтiк әрекеттiң нәтижесi бәрiнен бұрын дiни қажеттiлiктердi қанағаттандыру, дiни сананы тiрiлту болып табылады. Дiншiлдердiң санасында культтiк әрекеттердiң көмегiмен дiни образдар, рәмiздер, мифтер қайта елестетiледi, сәйкес эмоциялар қоздырылады.
Дін - қатынастар және байланыстар жүйесі
Әр алуан әрекет түрлерiне сәйкес дiннен тыс және дiни қатынастар қалыптасады.
Дiни қатынастардың қасиеттерi
Дiни қатынастар дегенiмiз - рухани саладағы дiни санаға сай қалыптасатын, дiни әрекеттiң арқасында өмiр сүрiп, жүзеге асатын қатынастардың түрi. Оларды индивидтер, топтар, институттар, ұйымдар жасайды.
Дiннiң әсер ету дәрежесiне байланысты дiни қатынастарға этнос, жанұя, кәсiптiк топ, мемлекет немесе көрсетiлген топтардың бөлiктерi, яғни өкiлдерi өздерiн ортақ бiр сенiмге жатқызатын әлеуметтiк және саяси бiрлестiктер түседі. Әсiресе, дiни қатынастарды сақтауда, жасауда дiни белгiлерi бойынша бөлiнген әлеуметтiк топтар үлкен рөл атқарды, - ежелгi үндi қоғамындағы брахмандар варнасы, ежелгі мемлекеттердегi абыздар, ортағасырлық феодалдық монархиялардағы дiн басылардың жiгi және т.с.с.
Дiни қатынастардың сипаттары әр түрлi бола алады - ынтымақтастық, төзiмдiлiк және бейтараптық, бақталастық, қақтығыс және күрес сипаттары, кейбір жағдайда дiни фанатизм үрдiсi де байқалады. Дегенмен бiрге бейбiт өмiр сүру болған кезде де, әдетте, белгiлi бiр бiрлестiктiң, конфессияның, бағыттың, дiннiң басымдылығы туралы түсiнiк болады.
Дiни ұйымдар
Әрекет пен қатынастарды тәртiпке келтiрушi инстанциялар ретiнде институттар мен ұйымдар қызмет атқарады.
Дiни ұйымдардың түрлерi мен құрылымы
Дiнде де ұйымдар қызмет етеді, олар культтен тыс және культтiк болады. Культтен тыс мекемелерге культтен тыс әрекеттi басқаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жыры мен «Шаһнама» дастанындағы тақырып үндестігі
«Қазақ батырлық эпосының» ерекшеліктерін таныту үшін эпос жанрының көрнекті өкілі Р.Бердібаев еңбектерін салыстыра зерттеу
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
ДАСТАНДАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ
Эпостағы тұлпар образы
Батырлар жырындағы тарихи шындық
ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ ОБРАЗЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Қазақ әдебиттану ғылымында көне түркі ескерткіштерінің әдеби тұрғыдан зерттелуі
Бұрынғы өткен батырлар
Пәндер