Хан тәңірі шыңы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Хан Тәңірі шыңы
«Хан-Тәңірі» шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүкте. Орталық Тян-Шань Орта және Орталық Азияда, негізінен Қырғызстанда (батыс бөлігі) және Қытайда (шығыс бөлігі), жарым-жартылай Қазақстан мен Өзбекстанда орналасқан. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге жуық, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км. Жоғарғы нүктелері: Жеңіс шыңы (7439 м. ) және «Хан-Тәңірі» (7010м. ) .
Орталық Тянь-Шаньға альпі үлгісіндегі ландшафттар тән: үшкір қырқалары сұр және көгілдір мұздықтармен, сондай-ақ көз шағылыстырар қар жамылғысымен көмкерілген; альпі жайылымының түрлі-түсті гүлдері Тянь-Шань шыршаларынан тұратын қылқанжапырақты ормандармен көршілес орналасқан.
Бұл жерде негізінен биік тау туризмі дамыған. Өрлеу маршруты әртүрлі: тасты, қарлы- мұзды, құрамдас. «Хан-Тәңірі» шыңы әлемдегі бірден-бір солтүстік жетімыңдық болып саналады, сондықтан, оның шыңына шығу туризмнің айрықша қауіпті түріне жататанына қарамастан туристерді көптен-көп қызықтырады. Ол, үшкір төртқырлы пирамида түріндегі, әлемнің аса әсем шыңдарының бірі. Бір жағындағы шүбәсіз мәрмәр қабырға анадайдан көз тартады. Хан-Тәңірі шыңының солтүстік-батыс жағында Алматы облысы орналасқан. Шыңның биігіне жету үлкен Оңтүстік Иныльчек (Қырғызстан) және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқылы жүзеге асырылады. Тамыз айының ортасына дейін Солтүстік Иныльчек мұздығына барар жолды, сырға толы мұзды көл Мерцбахера (3400 м. ) жауып тастайды, ол кенеттен толысып пайда болады да, бір сәтте жоқ болады. Шыңның солтүстік жағы тасты болып келеді де, тіп-тік болып Солтүстік Иныльчек мұздығына түседі және өте құлди болғандықтан мұз қатпайды десе де болғандай. Хан-Тәңірі алғаш рет, осыдан 1200 жыл бұрын Қытай хроникаларында атап өтілген болатын.
Хан-Тәңірін бірінші болып Петр Семенов, кейін Семенов-Тянь-Шаньский баяндап суреттеген. Хан-Тәңірінің шыңына 1931 жылы бірінші болып, пирамиданың оңтүстік жағымен шыққан адам, украиналық альпинист М. П. Погребецкий болды. Бұл маршрут бүгінгі күндері де классикалық маршрут болып саналады. «Хан-Тәңірі» шыңына шығу - әлемнің көптеген альпинистерінің алдына қойған мақсаты. Шыңына 10-нан астам маршрут жүргізілген. Туристердің басым көпшілігі тікұшақты пайдалана отырып, Хан-Тәңірінің етегіндегі базалық лагерьге жетеді.
Шыңның ең биік төбесіне жету үшін кем дегенде 14 күн қажет. Өрлеу жыл бойына жүзеге асырылып жатады, бірақ ең қолайлы кезеңі - маусы-тамыз айлары. Таудың айналасында, Мәрмәр тасты Қабырғаны (6400 м. ) қоса алғанда, биіктігі 6000 м. болатын шыңдар көптен саналады. Бұл әдемі көлдер мен өзендерге бай альпі алқабы.
Шыңның астында, бір маусымда 2000-ға дейін альпинистер мен тау туристерін қабылдайтын «Хан тәңірі» Халықаралық альпинистік лагері (ХАЛ) орналасқан. Облыстық әкімдік пен ЦСКА альпклубының қамқоршылығымен ХАЛ-ң базасында халықаралық фестивальдар өткізіліп тұрады.
Хан-Тәңірі шыңында альпиниада басталды
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, Хан-Тәңірі шыңына шығу бойынша халықаралық альпиниада басталды.
Еліміздің түрлі аймақтарынан келген өкілдер, ұлттық-мәдени орталықтар, сондай-ақ, кәсіби альпинистер мемлекеттік туымызды, символикалық Жеңіс жалауы мен «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының рәміздерін тау шыңына көтермек. Халықаралық альпиниада Ел Тәуелсіздігімен қатар, 20 жылда Қазақстанды бүгінгідей дәрежеге жеткізген Ел Президентінің құрметіне арналады. Шараны үйымдастырушы - альпинизм және құзға шығу федерациясы. Оның басшысы Қазыбек Уәлиев шыңға көтерілер алдында «Нұр Отан» партиясының ардагері Серікқали Мұқановқа мұз шапқыш берді. Өткен жылы Іле Алатауындағы «Нұрсұлтан» шыңына шыққан уақытта, осы Хан-Тәңірі альпиниадасын ұйымдастыру жөніндегі идеяны алғаш айтқан адам осы - Серікқали ағамыз.
Серікқали Мұқанов, «Нұр отан» ХДП ардагері:
-Саяси қолдау тапқаннан кейін осы идеяны жүзеге асыруға дайындала бастадық. Құрамды белгілеу қажет болды. Жоғары классты спортшыларды жинауға тырыстық.
Хан-Тәңіріне көтерілу сапарына облыстардан қонақтар, ұлттық диаспора өкілдері, шет елдік альпинистер қатысты. Альпиниада Солтүстік Іңілшек мұздағында басталды.
Қазбек Уәлиев, ҚР альпинизм федерациясының президенті:
-Алпиниадада 40 адам қатысуда. 10 шыңға шығуға машыққан кәсіпқой-спортшылар, 10 құтқарушы, сосын Хан-Тәңіріндегі 500 метрлік биіктікке көтерілуге көмектесетін 10 адам.
Хан Тәңірі . . . десе, Шер-ағамыздың «Бір кем дүниесі» еріксіз еске түседі. Неге десеңіз, бұл шың бар-жоғы бес метрге «бойын» ұзартса, «жетімыңдық» шыңдардың жампозы болғалы тұр еді. Қайтесіз, бір кем дүние . . . Енді бір есеп-қисап бойынша, оның биіктігі 7010 метрден де асып жығылатын көрінеді. Қалай болса да, Аспантаудың (Тянь-шань) алып шыңдарының бірі - Хан Тәңірін (Тәңір тауы немесе «қанды тау» деп те аталады) білмейтін жан жоқ. Қызық болғанда, шың Қазақстан, Қырғызстан және Қытай секілді үш мемлекеттің шекарасын түйістіріп тұр. Бізге қарайтыны - оның солтүстік бөлігі. Шыңның ерекшелігі неде десеңіз, оның жып-жылтыр мұздан жасалғандай үшкір пирамида пішіндес болып келуі, әрі жапонның Фудзияма шыңындай басын үнемі тұман бүркеп тұруы оның төңірегінде талай аңыз-әфсананы туғызған. Мысалға, көзкөргендердің айтуынша, күн ұясына қонарда кешкі шапақпен шың басы өзгеше алаулап, тау басымен жүгірген ала көбең бұлт көлеңкелерімен құбылып, қып-қызыл қан шапшып тұрғандай көрінеді екен. Осыдан да Хан Тәңірі шыңын «қанды тау» деп атап кеткен деседі. Ең алғаш қазақ жерінің ең биік нүктесі турасындағы мәліметтер бұдан 1200 жылдан астам уақыт бұрын Қытай жылнамаларында кездессе керек. Алайда, шыңның алғаш рет ғылыми түрде ашылған кезі - XIX ғасырдың ортасы, 1856-1857 жылдары Тянь-Шаньға жасаған атақты сапарында орыс географы және саяхатшысы Семенов Тянь-Шаньский Хан Тәңіріне банланысты көрген-білгенін бірінші болып хатқа түсірді. Жауһарларымызды бағалай білейік, жамағат!
Хан Тәңірі шыңының басына Қазақстанның туын желбірету Азиада қарасаңында спортшыларға жасаған үлкен сыйымыз болды- альпинист А. Сафрыгин
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz