Арал мәселесі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Арал теңізінің проблемалары...
2.2. 16.07.2009ж Ашхабадта Арал теңізіндегі су ресурстарын басқару мәселесі талқыланды
2.3. 16.07.2010ж Аралды құтқару мәселесі
2.4. “ҒАСЫРДЫҢ ҒАЛАМАТ ЖОБАСЫ”
3. Қорытынды
4. әдебиеттер
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмідария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
 жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
 ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
 суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
 жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау;
 табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
 http://www.azattyq.org/content/article/1149826.html
 http://kz.government.kz/site/news/main/2009/04/135?cl=201109
 http://karaganda-akimat.kz/kaz/news_rk/1459/
 http://alashainasy.kz/society/16449/
 http://www.khabar.kz/kaz/politics/Araldi_kutkaru_maselesi.html
 http://www.bnews.kz/kk/news/post/5963/
 http://www.azattyq.org/content/news/1778017.html
 http://murat_nasimov.yvision.kz/blog/192909.html
 http://semestr.kz/refkaz/30/850-aral-te1187zn1187-problemalary.html
 http://www.egemen.kz/6735.html
 http://www.inform.kz/kaz/article/1140984

АРАЛ МӘСЕЛЕСІ

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Арал теңізінің проблемалары...

16.07.2009ж Ашхабадта Арал теңізіндегі су ресурстарын басқару мәселесі талқыланды

16.07.2010ж Аралды құтқару мәселесі

“ҒАСЫРДЫҢ ҒАЛАМАТ ЖОБАСЫ”

Қорытынды

әдебиеттер

кіріспе

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмідария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

http:www.azattyq.orgcontentart icle1149826.html

http:kz.government.kzsitenews main200904135?cl=201109

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау;

табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

http:karaganda-akimat.kzkaznew s_rk1459

Арал теңізінің проблемалары...

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;

Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;

Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

http:alashainasy.kzsociety1644 9

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, Байқоңыр ғарыш аймағын және қауіпті Возрождение аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді.

16шілде 2009ж Ашхабадта Арал теңізіндегі су ресурстарын басқару мәселесі талқыланды

Бүгін Ашхабадта Аралды құтқарудың халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттерінің Алматыда өткен саммитінің қорытындысы бойынша аймақтық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі халықаралық кездесу басталды, — деп хабарлайды АҚХҚ атқару комитетінің хатшылығы.

Бұл жиынға БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуродақ ұйымдарының жетекшілері мен АҚХҚ атқару комитеті және Орталық Азияның бес мемлекетінің өкілдері қатысады. Кездесу барысында Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын басқару мен аймақтық экологиялық мәселелер талқыға түспек. Жиын соңында қатысушылар біріккен тұжырымды құжатқа қол қоймақ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы жылдың 15-мамыры күні Алматыда өткен халықаралық донорлық ұйымдардың алғашқы кездесуінде БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы Аралды құтқарудың халықаралық қоры (АҚХҚ) құрылтайшы мемлекеттер басшыларының бірігіп қабылдаған құжаттарының орындалу барысын талқылаған болатын.

Аралды құтқарудың халықаралық қоры ( АҚХҚ) 1993 жылы құрылған. АҚХҚ президенттері болып Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары сайланған еді. 2008 жылдың тамыз айынан бастап оның кезекті президенті —Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

http:www.khabar.kzkazpolitics Araldi_kutkaru_maselesi.html

16шілде 2010ж Аралды құтқару мәселесі

16шілде 2010жылы Алматыдағы Халықаралық Аралды құтқару қорында Арал теңізінің мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының орынбасары Ян Кубиш пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық Комиссиясының аймақтық кеңесшісі Бо Либерттің қатысты. Онда Арал дағдарысымен күресу, теңіз бассейніндегі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайды жақсарту жайы талқыланды. Бұрын ауқымы жағынан әлемдегі төртінші орынды иеленген Арал теңізінің тереңдігі 56 метрге дейін жететін және онда жыл сайын 40 мың тоннадан астам балық ауланатын. Ол күндердің көзден бұл-бұл ұшқанына да бірталай уақыт болды. Осыдан жарты ғасыр бұрын басталған Арал дағдарысы бұл күнде ғаламдық түйткілге айналды. Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттерінің басшылары Алматыда өткен Орта Азия мемлекеттері басшыларының Саммитінде Арал теңізінің бассейнінде орналасқан елдерге 2011-2015 жылдарға арналған арнайы көмек беру бағдарламасын әзірлеп, бекіту туралы мәлімдеме қабылдаған болатын. Аралды құтқару қоры бүгінде сол келісімге сәйкес Дүниежүзілік банк, Еуразиялық Даму банкі, Швейцариялық қатынас және даму агенттігі, Неміс техникалық қатынастар қауымдастығы сияқты көптеген халықаралық донорларлармен тығыз жұмыс істеуде. Аралды құтқару мақсатына соңғы 8 жылда 2 миллиард доллардан астам қаржы жұмсалса, халықаралық донорлардан бөлінген ақша соның 2 пайызын ғана құрайды. Қалғаны республикалық бюджет қаржысы. Арал дағдарысымен кешенді түрде күресіп, бұл мәселеге өзге мемлекеттер мен қоғамның назарын аудару үшін бірлесіп жұмыс істей білу аса маңызды,- деді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының орынбасары Ян Кубиш

“ҒАСЫРДЫҢ ҒАЛАМАТ ЖОБАСЫ”

Қызылорда қаласында “Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің су және эко­логиялық қауіпсіздігінің қазіргі заманғы проблемалары және оларды шешудің жолдары” атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы ұйымдастырған мәжіліске Қазақстанда тіркелген елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, инвестициялық және даму банктерінің, министрліктер мен ведомстволардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жобаны орындаушылар қатысты. Мәжілісте 2011-2015 жылдарда Арал теңізі бассейні елдеріне көмек беру бағдарламалары мен су ресурстарын интегралды басқару жобалары шең­беріндегі әлеуметтік, экологиялық жобалар талқыланды.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста ашық айтыла бастаған бұл проблеманы шешуге еліміз тәуелсіздігінен кейін мүмкіндік туды, – деді облыс әкімі Болатбек Қуан­дықов. – Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан ортақ айдынды құт­қаруға ұйытқы болды. Осының арқасында халықаралық қор құрылып, жұмыс істей бастады. Теңіздің қазақстандық бөлігін қалыпқа келтіру үшін “Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын ретке келтіру” бағдар­ламасы қолға алынып, бірінші кезеңі сәтті аяқталды.

Халықаралық Аралды құтқару қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы да жаңа жобаларға жол ашты.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Орталық Азияға сапары барысында Арал проблемаларын шешудегі халықаралық қор жұмысын жоғары бағалады. Бе­делді ұйым қолдауының, Қазақстанның барша әлемге танымалдығы мен ЕҚЫҰ-ға төрағалығының, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделінің арқасында қор қызметінің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туды.

http:www.bnews.kzkknewspost5 963

http:semestr.kzrefkaz30850-ar al-te1187zn1187-problemalary.html

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, теңіз суының деңгейі 1961 жылдан төмендей бастаған. Бұдан 4,2 млн. гектар аумақ (оның 2 млн. гектары Қазақстан жағында) құрғап кетті. Соның салдарынан климат нашарлап, өзендер құрғады, алқаптар тұзданып, мал жайылымдары құнарынан айырылды. Құрғақшылықтың теріс әсерлерінің алдын алуда фитомелиоративтік жұмыстардың маңызы зор. Соңғы 10-15 жылдың тәжірибесі теңіздің құрғаған табанына сексеуіл мен сарсазан егу арқылы тұз бен тозаңның жайылуына тосқауыл қоюға болатынын дәлелдеп берді.

Елбасы 2005 жылдың сәуірінде САРАТС-1 жобасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Арал теңізінің тарихы
Арал теңізінің экологиясы жайында
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
«Арал теңізі мен Балхаш көлінің экологиялық проблемалары»
Арал
Арал, Балқаш, Каспийдің экологиялық проблемалары
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу
Экологияның күрт нашарлап кетуі
Арал теңізінің зерттелу тарихы, экологиялық жағдайлары
Пәндер