Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында



1. Балалардың құқықтарын
2 Балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс.қимылдардың ұлттық жоспары
3 Бала құқықтарын қорғау және қолдау
Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын айғақтайды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау
стандарттарының аясында. 1.1. Балалардың құқықтарын
Версия для печати

 
Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау – тарихи тұрғыдан алғанда,
салыстырмалы түрде жас құбылыс. Бала құқықтарының конституциясы деп
аталатын Бала құқықтары туралы конвенцияның тек
1989 жылы қабылданғанын еске түсірсек те жеткілікті. Сонымен бірге заң
әдебиетінде жиі еске алынатын, бала құқықтарын қорғау жөніндегі қозғалыстың
басталуы туралы классикалық мысал – шешесі жиі ұрып-соққан және Жануарларға
қатігездікпен қарауға қарсы күрес жөніндегі қоғамның жергілікті
бөлімшесінің мүшелері қорғауға келген Балтимордағы сегіз жасар Мари Элен
Уильсонның жағдайы жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің
балаларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардан бұрын пайда болғанын
айғақтайды.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі алғашқы ұйым әлемде
1919 жылы пайда болды, 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева бала құқықтары
туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары
декларациясы қабылданды, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды
және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция
қабылданды.
Балалардың ең абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасы бала құқықтарын қорғау мақсатын көздейтін неғұрлым маңызды
конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы конвенция
1994 жылы бекітілді, 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы
конвенция бекітілді, 2000 жылы - Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас
мөлшері туралы конвенция, 2001 жылы – балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі
мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға
Факультатив хаттама және әскери қақтығыстарға балалардың қатысуына қатысты
Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультатив хаттама, 2002 жылы - Балалар
еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар
туралы МОТ Конвенциясы (Конвенция 182), 2004 жылғы қарашада Қазақстан
Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікке пайдалануына қарсы
күрес туралы БҰҰ Конвенциясына және оған Қорытынды хаттамаға қол қойды.
Алайда, Қазақстан бекітпеген, бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге
жәрдемдесетін қағидаларды қамтыған бірқатар маңызды Конвенциялар бар.
Осындай халықаралық құқықтық құжаттардың ішінде – Барлық көшіп-қонушы
еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы
конвенция (1990 жылғы 18 желтоқсан) және Балаларды қорғау және
мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция
(Гаага, 1993 жылғы 29 мамыр).
Барлық көшіп-қонушы еңбекшілердің және олардың отбасы мүшелерінің
құқықтарын қорғау туралы конвенция негізгі құқық қорғау шарттарының
санатына жатады, олар бойынша конвенциялық бақылау органдары құрылған.
Конвенция көшіп-қонушы еңбекшілер балаларының мүдделерін қамтамасыз етуге
қатысты нормаларды қамтыған, атап айтқанда көшіп-қонушы еңбекшілер отбасын
қауыштыру, көшіп-қонушы еңбекшілердің балаларын жергілікті білім беру
жүйесіне, әсіресе оларға жергілікті тілді үйрету тұрғысында тарту, көшіп-
қонушы еңбекшілердің балаларына олардың ана тілін үйрету мәселелерін
реттейді, сондай-ақ көшіп-қонушы еңбекші бас бостандығынан айрылған
жағдайда, балаларының құқықтарын қорғау тетіктерін көздейді.
Балаларды қорғау мемлекетаралық бала асырап алу саласындағы ынтымақтастық
туралы Гаага Конвенциясы шетелдіктердің баланың абзал мүдделеріне орай оның
құқықтарын сақтай отырып, бала асырап алуды жүзеге асыруына кепілдіктерді
көздейді, сондай-ақ мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарының арасындағы
ынтымақтастық тетігін көздейді. 2004 жылғы
2 желтоқсанда өткен, Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары
жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
отырысында Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясына қосылуының
орындылығы және осы Конвенцияға қосылу жөніндегі жұмысты бастау қажеттігі
туралы шешім қабылданды.
Нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, балалар құқықтарын қорғау
саласындағы неғұрлым маңызды халықаралық құжат Бала құқықтары туралы
конвенция болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан
Республикасының қандай да бір ескертулерсіз бекітуі шеңберінде мемлекеттің
балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету кепілдіктерін қоғамға беруге
тиіс шекараларын белгіледі.
Конвенция нормалары баяндаманы шартқа қосылғаннан кейінгі екі жылдан соң
ұсынуды көздейтін уақытта, Қазақстан Республикасы Конвенцияның орындалуы
туралы бастапқы баяндаманы 2001 жылғы наурызда дайындады. Баяндама екі
бөлімнен тұрды, Қазақстан Республикасының 1994 және 2000 жыл аралығындағы
кезеңде Конвенцияны жүзеге асыру жөнінде қабылдаған шаралары туралы
ақпаратты қамтыды. Баяндамамен танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының
үкіметтік емес ұйымдары дереу шара қабылдады, олар 2002 жылы Қазақстанның
Конвенцияны орындауы туралы, үкіметтік баяндамаға түсініктемені қамтыған
балама баяндама дайындады.
Бірінші үкіметтік есеп 2003 жылғы маусымда Женева қаласында
БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің 33-сессиясында тыңдалды, оның
нәтижелері бойынша Комитет баяндамаға ескертулер мен ұсынымдардың
топтамасын дайындады. Осы сессияда БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитетінің
сарапшылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалар құқықтарын қорғау
саласында қабылдаған шараларына оң баға берген. Оң жетістіктердің бірі
ретінде жаңа заңнама базасының дамуы мен жетілдірілуін, сондай-ақ
мемлекеттік органдардың балалық мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымдармен
және БҰҰ-ның әр түрлі органдарымен ынтымақтастығын мойындады.
Қазақстанға бірқатар ұсынымдар берілді, олардың ішінде негізгілері ретінде
еліміздегі балалардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық
жоспарын әзірлеу қажеттігін және балалықты қорғау мәселелерін шешуде
ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін арнайы уәкілетті орган құру
қажеттігін атауға болады.
Балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспары, Бала
құқықтары туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық
жоспары сияқты Қазақстан Республикасында әлі әзірленген жоқ. Баланың
құқықтары туралы Заңда балалардың мүдделеріне орай мемлекеттік саясат
мақсаттары айқындалған, бірақ оны іске асыру тетіктері жоқ. Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан – балалықты қорғау
тұрғысында атты
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама жобасын әзірледі, алайда
қазіргі сәтте бағдарлама бекітілмеген. Осы бағдарлама балаларды қорғау және
олардың құқықтарын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
стратегиялық бағыттарын және бала жасындағы халықтың барлық санаттарының
әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етудің жүйелі жүйесін
жасауды көздейді.
Кәмелетке толмаған балалардың құқыққа қарсы қызметін ескерту мақсатында
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен
балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заң
кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыздықтың және панасыздықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асыруды жорамалдайды, бұл балалардың заңды құқықтары мен
мүдделерін сақтауға қатысты мемлекеттік саясат элементі болып табылады және
кәмелетке толмаған балалар үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерді
жасауды, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың,
қадағалаусыздықтың және панасыздықтың алдын алу жүйесін құрайтын органдар
мен мекемелерді материалдық-техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік және
кадрлық қамтамасыз етуді қамтиды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы ақпандағы қаулысымен 2003-2004 жылдарға арналған
Жастар саясаты бағдарламасы бекітілді. Алайда жекелеген проблемаларды
шешуге бағытталған, мұндай салалық бағдарламалар Балалардың жағдайын
жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарының орнын алмастыра алмайды
және балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің белгілі бір қырларымен
айналысатын мемлекеттік органдардың жұмысындағы келісушіліктің жоқтығын
ашық көрсетіп отыр.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін бала құқықтарының
сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган құрылған жоқ. Осындай органды
құруға 2004 жылғы наурызда талпыныс жасалған болатын: Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылы
11 наурыздағы қаулысымен Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау
жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын. Комиссия балаларды
және олардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске
асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылған
болатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-
кеңесші орган болып табылатын. Комиссияның жұмысшы органының функциялары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелді. Комиссия
құрамына білім және ғылым, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,
денсаулық сақтау, ішкі істер министрлері мен вице-министрлері, Адам
құқықтары жөніндегі уәкіл, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия
өкілі, саяси және қоғам қайраткерлері кірді. 2005 жылғы наурызда Комиссия
таратылды.
Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы Заң да бала
құқықтарының сақталуын бақылау жөніндегі мемлекеттік органды құру қажеттігі
туралы сұраққа біржақты жауап бермей отыр. Заңның Мемлекеттік органдар
және бала құқықтарын қорғау деген 44-бабы уәкілетті мемлекеттік органға
сілтеме жасамағанымен, 46-бап балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
уәкілетті органның балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік
баяндаманы дайындап, ұсынуын көздейді.
БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ұсынымдарының бірі Конвенция
нормаларын іске асыруға бөлінетін қаражатты ұлғайту ұсынымы болып табылады.
Балалардың абзал мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет балалардың
құқықтарына қатысты жекелеген бағдарламаларды іске асыруға жеткілікті ақша
қаражатын бөліп отыр. Алайда, тұтастай алғанда, Бала құқықтары туралы
конвенцияны іске асыруға қаражат бөлуді көздейтін жекелеген бап
республикалық бюджетте көзделмеген.
Жұртшылық пен балалар арасындағы Конвенция туралы хабардарлық деңгейі
бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Білім беру саласында балаларды
олардың құқықтарымен таныстыру факультатив сабақтар деңгейінде жүргізіледі,
алайда мұндай сабақтарды міндетті түрде оқу бағдарламаларында нормативтік
деңгейде бекіту тиімді болар еді.
Сонымен бірге Бала құқықтары туралы конвенцияда көзделген міндеттемелердің
орындалуы туралы елдік есептерді дайындау және мақұлдау рәсімінің жоқтығы
проблема болып отыр, атап айтқанда мәліметтерді жинау және Конвенция
нормаларының орындалуын мониторингілеу тетігі әзірленбеген. Алайда, мұндай
жағдай есептілік жүйесін көздейтін барлық құқық қорғау шарттарына қатысты
қалыптасып отыр. Қазақстандағы елдік есептерді дайындау практикасында осы
күнге дейін жүйелілік жоқ: есептердің бір бөлігін алқа органдары мақұлдап,
қалған бөлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданады,
мәтінін ұлттық заң базасынан табу тіпті мүмкін емес есептер де кездеседі.
Тұтастай алғанда, баланың оның көзқарасын құрметтеуге, туылғанын тіркеуге,
тиісті ақпаратқа қол жеткізуге, отбасының болуына, денсаулығы мен
медициналық қызмет көрсетуге, білім алуға, бос уақыты мен мәдени қызметіне,
кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің іске асырылуына, азаптаудан
және қатігездікпен қараудан қорғалуға, сондай-ақ панасыз балалар мен
мүгедек балалардың ерекше қорғалуына құқықтарымен байланысты қалған
мәселелер бойынша Қазақстан Комитеттің Ұсынымдарын орындау үшін ауқымды
шараларды қабылдады.
Қазақстанның Бала құқықтары туралы конвенцияны орындауы туралы келесі
есебін Комитет 2006 жылғы 10 қыркүйекке, яғни 3-ші кезеңді баяндаманы ұсыну
мерзіміне тапсыруды сұрады.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы халықаралық нормаларды
енгізу процесі Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын дамытуда және
жетілдіруде өз көрінісін тапты. Бала құқықтары туралы конвенцияның жалпы
принциптері мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптары) Қазақстан
Республикасының Коснтитуциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және
Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Негізгі қолданылу аясы балалардың
құқықтары мен мүдделері болған заңдардың толық кешені қабылданды
(Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Неке және отбасы
туралы, Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері
туралы, Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалар қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы және басқа да Заңдар). Ұлттық және халықаралық
нормалардың неғұрлым егжей-тегжейлі және толық сәйкестендіру мақсатында
қолданыстағы заңнама актілеріне түзетулер, толықтырулар мен өзгерістер
енгізілді.
Алайда, Конвенцияның ұлттық заңнамаға енгізілмеген бірқатар нормалары бар.
Атап айтқанда, босқын балаларға ерекше қорғау жасау мәселесі шешілген жоқ.
1954 жылғы Азаматтығы жоқ адамдардың мәртебесі туралы Конвенцияға және 1961
жылғы Азаматтығы жоқ адамдарды азайту жөніндегі Конвенцияға Қазақстан
қазіргі сәтте қосылмаған. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары
туралы Заңның 47-бабы босқын балалар мен мәжбүр қоныс аударушылардың өз
мүдделерін қорғауға құқығы бар екенін көздейді. Бала орналасқан жердегі
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары, аумақтық көші-қон қызметтері ата-
аналарының не өзге де заңды өкілдердің бар екені және тұратын жері туралы
мәліметтерді алуына жәрдемдеседі, қажет болған кезде баланы емдеу-алдын алу
немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын өзге
ұйымдарға орналастырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты
тұратын немесе уақытша келген шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға,
босқындарға медициналық-санитарлық көмек көрсету ережесіне сай босқындардың
тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне құқығы бар. Дегенмен, босқын
балаларға мемлекеттік көмек беру және оларды әлеуметтік қорғау
жүйеленбеген.
Өкінішке орай, білім беру саласын реттейтін кейбір нормативтік құқықтық
актілерде Конвенцияның нормаларын бұзатын бірқатар нормалар орын алған.
Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік
көмектің мөлшерлері мен көздері туралы Үкімет қаулысымен мынадай тәртіп
айқындалған, оған сәйкес мемлекет білім алу кезеңінде азаматтардың мынадай
санаттарын: жетім-балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды; кемтар балаларды, мүгедек және туғанынан мүгедек балаларды
интернаттық ұйымдарда тұратын мүгедек балаларды қамтуға арналған шығыстарды
көтереді. Осы қаулымен Білім туралы Заңның көп балалы отбасыларындағы
балалармен қоса, барлық мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді
көздейтін нормасының аясы тарылған, бұл олардың білім алу кезіндегі
мемлекет көмегіне құқығын бұзып отыр.
Дегенмен, халықаралық стандарттармен кепілдік берілген, мемлекет тарапынан
неғұрлым ауқымды көмекті және қолдауды қамтамасыз ететін бірқатар ұлттық
заңнама нормалары бар. Атап айтқанда, Конвенцияның
28-бабы мемлекеттің тегін және міндетті бастауыш білім берумен қамтамасыз
ету және тегін орта білім беру жөніндегі міндеттемесін көздейді, ал ҚР
Конституциясының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім алу
міндетті. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін
жоғары білім алуға құқығы бар. Осылайша, заңнама Конвенция нормаларын
кеңейте отырып, азаматтардың тек тегін бастауыш білім ғана емес, сонымен
бірге тегін орта білім алуына да кепілдік береді.
Балалардың құқықтарын іске асыруға балалардың әскери қақтығыстарға
қатысуына, балаларды сатуға, балалар жезөкшелігі мен балалар
порнографиясына қатысты Қазақстан бекіткен Бала құқықтары туралы
конвенцияға Факультатив хаттамалары да жәрдемдеседі.
Өткен жылғы мамырда Қазақстанның балаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында балаларды әлеуметтік қорғаудың теориялық негіздері
Баланың құқықтарын қоргау
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері және олардың алдын алудың тиімді жолдары
Қазақстандағы балалар құқығы
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық
Республикадағы балаларға қосымша білім беруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың жинағы
Жұмысбастылықтың экономикалық-құқықтық негіздерінің теориялық-методологиялық негізін
Жеке тұлғаның құқықтары және оларды қорғау механизмдері
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
Пәндер