Эшерихиоздар


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Эшерихиоз

Эшерихиоздар-бұл жиі ерте жастағы балаларда тіркелетін патогенді ішек таяқшаларының әр түрлі сероварларымен шақырылатын, патологиялық үрдістің асқазан-ішек жолдарында шоғырлануымен, улану, эксикоз және диарея синдромымен сипатталатын, сирек жағдайда-басқа да мүшелердің зақымдануымен немесе сепсиске дейін алып келетін жайылмалы түрде өтетін жедел жұқпалы ауру.

Этиологиясы

Ішектік коли инфекцияның қоздырғышы E. colі, -ішек таяқшасы, Esherichia туысына, Enterobacteraceae әулетіне жатады. Эшерихий таяқшасы(1, 1-2 - 6мкм) . Грам теріс, спора түзбейді, капсуласы жоқ, қозғалмалы және факультативті анаэроб болып табылады. Эшерихиоздардың соматикалық термотұрақты о-антигенімен, беткейлі к-антигені, жіпшелі термолабильді н-антигенімен көрінеді. Олар энтеротоксин бөлуге қабілетті.

Ауруруға патогенділігіне байланысты E. coli-нің 5тобы бар.

  • Энтеротоксинді, энтеропатогенді, энтероинвазивті, энтерогеморрагиялық және энтероагентті ішек таяқшасы.
  • Энтеротоксигенді E. coli- Энтеротоксин өндіреді және балалар мен үлкендерде диареяны тудыру қабілеті бар.
  • Энтеропатогенді E. coli-емшектегі балаларда колиэнтериттер және ащы ішектің зақымдануын тудыратын ауру.
  • Энтероинвазивті E. coli-ішек эпителиясының инвазиясын тудырып, энтеротоксин өндірмейді, бірақ эндотоксин бөледі.

Эпидемиологиясы

  • Негізгі инфекция көзі - эшерихиозбен ауратын адам немесе тасымалдаушы.
  • Жануарлар(бұзау, шошқа, тауық)
  • Берілу механизмі- фекальды-оралді
  • Жұғу жолдары :қарым-қатынас, тағам, су кейде ауа арқылы жұғуы мүмкін.
  • Берілу факторларына-ыдыс, ойыншық, сусындар, өнделмеген жеміс-жидектер .

Классификациясы

  • Типі бойынша: типті (энтерит, энтероколит, гастроэнтероколит, гастроэнтерит, колит) ; атипті (септикалық, айқын емес, симптомсыз, транзиторлы бактериятасымалдаушы) ;
  • Ауырлығы бойынша:(жеңіл, орташа ауыр, ауыр)
  • Ағымы бойынша:(жедел 1ай, созылыңқы 6 айға дейін)
  • Сипаты бойынша:(тегіс, тегіс емес)

Клиникалық көрінісі

Энтеропатогенді эшерихиоз жасырын кезең 4-8 күн. Ауру энтерит немесе гастроэнтерит түрінде ішек дисфункциясымен басталып, дене қызуының жоғарлауымен, құсуы (2-3рет), нәжісі әр түрлі -ботқа тәріздес, сулы; сарғыш түсті, түссіз қоймалжың шырышпен, 10күнге дейін созылады. Аурудың 5-7күндері токсикозбен эксикоздың клиникалық көрінісі басым болады. Тахикардия, тахипноэ, жүрек тондарының әлсіреуі, АҚ төмендеуі, олигоурия.

ЭИЭ клиникалық ерекшелігі

Жасырын кезең бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін созылады. Ауру жедел дене қызуының жоғарлауымен, бас аурумен, толғақ тәрізді іштің ауруымен, құсумен басталады. Ішек дисфункциясы энтероколиттік типте дамиды-сұйық нәжіс тәулігіне 4-8 рет бұлыңғыр шырышпен, кейде жасыл және қан аралас болады. Қызба 1-2 күн, ішек дисфункциясы 5-7 күн.

ЭТЭ клиникалық ерекшелігі

Жасырын кезең бірнеше сағаттан 1-3 тәулікке дейін созылады. Ауру тырысқақ сияқты гастроэнтерит түрде өтеді. Көп реттік құсу, жиі сулы нәжіс, патологиялық қоспаларсыз. Дене қызуы қалыпты. Кейбір науқастарда токсикоз дамуы мүмкін. Энтеротоксикалық эшерихиоз қатерсіз өтеді. Нәжісінің қалыпқа келуі 4-6 күндері дамиды, ал айығу 7-10 күні болады.

ЭГЭ клиникалық ерекшелігі

Жасырын кезең 3-8 күн. ЭГЭ жиі колит сияқты өтеді, сирек энтеритті және симптомсыз өтеді. Геморрагиялық колитпен науқасқа аурудың біртіндеп басталуы тән, тәбеттің төмендеуі аурудың 2-3 күні қызуы фебрилді цифраға дейін жоғарлайды, уыттану белгілері айқын көрінеді, қатты толғақ тәрізді іштің ауруы, нәжісінде қан байқалады. Жедел бүйрек жетіспеушілігі немесе уремиялық синдроммен жүреді.

Лабораториялық диагностика

  • Тән эпид. Анамнез
  • ЖҚА, ЖЗА
  • Бактериологиялық әдіс : Егуге алынатын материалдар (құсық массасы, асқазан жуындысы, ауыз-жұтқыншақ кілегейі, нәжіс, кейде ликвор)
  • Серологиялық әдіс : Тура емес геммаглютинация (аурудың 3-5 күні оң болады)
  • Люминесцентті әдіс : (1-2 сағатта дайын болады )

Эшерихиоздардың емі

  • Төсектік режим
  • Диета (ана сүті, бифидок, бифилайф, ацидофилин)
  • Этиотропты терапия: Антибиотиктер-аминогликозидтер (гентамицин, нетилмицин) ; Цефалоспориндер (цефотаксим, цефтриаксон)
  • Нифуроксазид, налидикст қышқылы, полимиксин М
  • Ферментті препараттар:(креон, мезим форте, панкреатин, абомин, фестал)

Патогенетикалық терапия

  • Регидратациялық терапия- Оралит(калия хлорид- 1, 5г; натрий хлориді - 3, 5г; натрий бикорбонаты - 2, 5г; глюкоза -20, 0г; су- 1л), глюкосолан.
  • Регидратация 2 этаптан тұрады:
  • Жедел регидратация-тұз-су жетіспеушілігін алдын алу
  • Ұстап тұрушы регидратация: 2жасқа дейін - 50-100мл; 2жастан жоғары 100-200мл ішкен сұйықтық шыққан сұйықтықпен тең болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы және Микроорганизмдер антигендері
Ішектік инфекциялар жалпы түсінік, нозология, этиологиясы мен эпидемиологиясының жалпы ерекшеліктері
Қызылша бөртпелері
Аурулар туралы
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы туралы
Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Құрғақ Bifidobacterium bifidum-ның қайта жандандырту жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа Bifidobacterium bifidum дақылдық өнім алу
Жара және жараны жазушы таңғыштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz