Өндірістегі мәмілелерді нотариалды куәландыру


Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Өндірістегі мәмілелерді нотариалды куәландыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100-мамандығы - «Құқықтану»

Түркістан-2015

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з. ғ. к., (PhD) қауымдастырылған профессор

«Қорғауға жіберілді»«Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, з. ғ. к., (PhD) қауымдастырылған профессор: «___»2015ж №___Хаттама
:

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өндірістегі мәмілелерді нотариалды куәландыру

5В030100-мамандығы - «Құқықтану»

Орындаған студент
Орындаған студент: Ғылыми жетекшісі
:
:
:
:
Орындаған студент: Түркістан-2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Нотариалдық іс-әрекеттердің құқықтық негіздері

1. 1 Нотариалдық іс-әрекеттердің негіздері мен оларды жүргізу тәртібі . . . 6

1. 2 Нотариалдық іс-әрекеттердің түрлері, оларды жүзеге асыру . . . 12

1. 3 Мәмілелерді куәландырудың тәртібі . . . 22

2 Өндірісте мәмілелерді нотариалдық күәландыру

2. 1 Мәмілелердің түрлері, куәландыру ерекшеліктері . . . 41

2. 2 Мүліктік қатынастардан туындайты мәмілелерді куәландыру . . . 53

Қорытынды . . . 62

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . 65

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Ата заңының 4-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. »- делінген [1] . Осы орайда, Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы ерекше мазмұнға ие. Келешектің келелі міндеттері сараланып көрсетілген құжатта, әсіресе, отандық өндіріс саласында бәсекелестікті арттыру, инновация арқылы ел экономикасын жаңғырту, мемлекеттік тілді құрметтеу, әлеуметтік жағдайды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық көрсету басты бағдар етіп көрсетілген. «Мәңгілік Елдің» жеті қағидасын, біздің дамуымыздың базалық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтайтын бұл құжаттың маңыздылығы да өзекті. Дамыған 30 елдің қатарына қосылудың негізгі бағыт-бағдары ұсынылған бағдармалық құжаттағы идеяны жүзеге асыруда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла еңбек етуді біз алдымызға міндет етіп қоямыз [2] .

Елбасы Мәнгілік Ел болуды жарқын болашағына жол сілтеді. Ал, «Қазақстан-2050» Стратегиясы алдағы онжылдықтарға бағыт айқындап берумен қатар, бізге сенім мен міндеттер жүктеген құжат болып отыр. Осы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда Нотариаттың алатын орны маңызды. Отандық заңнама мемлекеттік және жекеше нотариустардың құзіреттерінің шегін айқындайды. Сонымен бірге нотариустар атқаратын нотариалдық іс-әрекеттердің тізімі көрсетілген арнайы нормативтік актіге негіз болады. Кез-келген нотариалдық іс-әрекет салалық және арнайы заң нормаларымен реттелетін өзіндік ерекшелігі бар күрделі құқықтық процесс болып табылады. Бұл іс-әрекет нормативтік тұрғыдан реттелгендіктен нақты, заңды мәні бар нәтижеге жетуге бағытталады, ал нотариус - осы іс-әрекеттердің құқытық салдары үшін заңмен уәкілдік берілген жауапты тұлға. Барлық уақыттарда нотариус қандай да бір маңызды заң фактіні куәландыру арқылы жазылған және жазылмаған заңдарды сақтауға міндеттеме қабылдайтын, ал солардың сақталуы мен орындалуы нәтижесінде оның қоғамдағы кәсібі және рухани бейнесі қалыптасты.

Отандық құқықтық салаларға әрекет етуші нормативтік ережелерге талдау жасау негізінде заң шығарушының нотариалдық іс-әрекеттің әр түрін куәландыру ережелерін құқықтық тұрғыдан реттеуде заң шығарушы сабақтастықты қолдайтындығы анық көрініп отыр. Бұл жағдайды түрлі тарихи құжаттар мысалынан анық байқауға болады, яғни әр уақытта нотариус мамандығына және олар іске асыратын әрекеттерге жоғары талап қойылғаны белгілі.

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы нотариат - бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт. Мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттiк нотариустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қандай да бір маңызды заңды айғақты куәландыратын нотариус барлық уақытта да жазылған және жазылмаған заңдылықты сақтауға мәжбүр болған, және оларды сақтағаны мен орындағанынан оның іскерлік және жағымды бейнесі, оның қоғамдағы кәсіби, адамгершілік беделі орнығады, [3, 48 б. ] .

Қазіргі отандық құқықтағы нормативтік ережелерді талдау барысында кейбір нотариалдық іс-әрекеттердің түрлерін куәландыру ережелерімен байланысты құқықтық реттеулерді бақылауға болады. Олар нотариус қызметіне қойылатын талаптардың қаншалықты қатаң болғанынан және олардың істеген іс-әрекетеріне қаншалықты мән берілгенінен көрінеді. Қазіргі таңдағы нотариустар «Нотариат» тарихына өте сирек көңіл бөледі, оның арасында нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты қазіргі заманғы нормативтік ережелердің неге негізделгенін осы тарихи мәліметтерден алуға болады. Дипломдық жұмыста осы аталған өзекті мәселелерді мәмілелерді куәландыруда қолданудың жаңаша әдістерін үйреніп, зерттеу.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147-бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Заңмен көзделген түпкілікті ауызша мәміле тізбесі жоқ. Азаматтық айналымдағы қатынастардың сан түрлілігін ескеріп және нарықтық қатынастардың үдемелі түрде дамуы негізінде қазіргі жағдайда мәміленің ауызша нысандары өте жиі кездеседі және олар заңдылық нормалары мен тараптары келісіміне қайшы келмесе, барлық жағдайда қолданылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында жоғарыда айтылған себептерін, құқықық негіздерін теориялық тұрғыдан зерттеп, тәжірибелік мысалдармен ұштастыру, әдіс тәсілдерін қолдану болып табылады.

Диплом жұмысының міндеттері: Дипломдық жұмыстың тақырыбы болып табылатын « Өндірістегі мәмілелерді нотариалды куәландыру » тақырыбында зерттелген ғылыми әдебиеттерді, дерек көздерін пайдалана отырып тақырыптың мақсатына жету.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден құралады.

1 Нотариалдық іс-әрекеттердің құқықтық негіздері

1. 1 Нотариалдық іс-әрекеттердің негіздері мен оларды жүргізу тәртібі

Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңының 4-бабына сәйкес, нотариалдық іс жүргізу Қазақстан Республикасы архивтері мен құжаттаманы басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі бекітетін нотариалдық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңдағы шынайы жағдайға келсек, іс жүргізу және нотариус архивін жүргізу тәртібі заңнама негізінде нотариалдық тәжірибе мәселелерінің толық реттелгендігін көрсетіп отырады. Бұрын мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істеп көрмеген нотариалдық қызметпен жаңадан айналысып бастағандар үшін іс жүргізуді ұйымдастыру ерекше қиындық алып келеді. Сонымен қатар нотариус жұмысын нақты, дұрыс ұйымдастыру осы мәселемен тығыз байланысты, азаматтарға қызмет көрсетуді нақты және уақтылы ұйымдастыру қажет, ол өз кезегінде нотариат құрастырған құжаттардың сақталуына кепілдік береді. Аталған нұсқау талаптарын орындау барысын қадағалау ісін аумақтық әділет органдары мен нотариалдық палаталар жүзеге асырады [4, 29 б. ] .

«Қазақстан Республикасы тілдер туралы» Заңның 4-бабына сәйкес, нотариалдық іс жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік нотариалдық кеңселерде іс жүргізудің дұрыс ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне нотариус жауап береді. Жеке тәжірибемен айналысушы нотариус іс жүргізу және архив жұмысын ұйымдастырғаны үшін өз бетінше жауапкершілік жүктелген. ҚР «Нотариат туралы» заңында нотариалдық іс жүргізу мына шаралардан тұрады:

-нотариалдық іс-әрекеттерді тікелей асырумен байланысты құжаттарды жүргізу (нотариус куәландыратын құжат құрастыру және рәсімдеу, нотариалдық іс-әрекетті тіркеуге қатысты тізімдемеге оны тіркеу және т. б. ) ;

-әкімшілік-ұйымдастыру мәселеріне қатысты барлық құжаттар тізімдемесін жүргізу (бұйрықтар кітабы, қызмет ететін персоналдың жеке құрамына байланысты құжаттар және басқа құжаттар) ;

-азаматтар мен ұйымдардың өтініштері және хаттарымен (сұраныстарымен) жұмыс;

-нотариус істерінің номенклатурасын құрастыру істердің (нарядтар) орындалуынан соң топтастыру және құрастыру;

-нотариалдық кеңсе архивін жүргізу істі архивтік сақтау үшін тізім жасау; жою үшін құжаттарды іріктеу.

Әрбір нотариалдық әрекетке іс-жүргізу тәртібіне сәйкес жеке реттік нөмір беріледі. Нотариаттық іс-әрекет жасалып, тізімдемеге енгізілген нөмір нотариус беретін әрбір құжатта және куәландыру жазбасында көрсетіледі. Осындай тіркеу бірлігін талап ету нотариалдық іс-әрекеттердің тәртіптілігін, анықтылығын және заңдылығын қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар аталған талап азаматтық айналым қалыптасушыларын қорғау үшін қажетті шарт болып табылады, себебі болашақта соттық дау пайда болған жағдайда азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы адал ниетті адамдар тарапынан қолданылуы мүмкін.

Нотариустың іс-жүргізуді өз деңгейінде іске асыруы нотариалдық палаталарымен бірлесе жұмыс атқаратын уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан нотариус қызметінің мүмкіндігін бақылауға көмек көрсетеді.

Нотариалдық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариалдық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Нұсқаулық талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әділет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.

Жоғары заң білімі және әдетте заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке нотариус сынағынан өткен, Әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттаған, нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариус бола алады. Жекеше және мемлекеттік нотариустардың нотариалдық қызметті жүзеге асырған кездегі құқықтары, міндеттер тең болады. Олар ресімдеген құжаттардың бірдей заң күші болады.

Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады. Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға ғана құқылы.

Нотариат қызметі туралы заңның 8-бабына сай нотариус мемлекеттік лицензия негізінде қызмет ете алады. Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариалдық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді. Нотариус лицензиясы алуға қажетті құжаттардың тізбесі лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Реслубликасының бүкіл аумағында қолданылады. Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлену тәртібі салық заңдарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомстволық баспасөз органында нотариаттьіқ қызметпен айналысуға лицензия берілген адамдартуралы мәліметтер жарияланады. Ал, нотариалдық қызметті жүзеге асыруға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Нотариус лицензиясын беруден бас тарту себептері бар өйткені нотриалдық іс-жүргізу кезінде нотариустың жеке басы қасиеттеріне де назар аударылады. Нотариус қызметін атқару үшін лицензиясын беруден бас тарту негіздері ҚР лицензиялау туралы заңдармен белгіленеді. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтініш иесіне ол қабылданған күннен бастап үш күн ішінде бастарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді шешім беріледі. Бас тарту туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға үміткердің құқығы бар.

Нотариалдық қызметте лицензияның күшін тоқтата тұратын жағдайларда кездеседі. Нотариус лицензиясының күшін азаматтардың арыздары, аумақтық әділет органдарының, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сондай-ақ салық қызметінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің шешімімен тоқтата алады.

  • нотариустың біліктілік емтиханына жіберілуге және лицензия беруге не болған құжаттарда жалған немесе қасақана бұрмаланған ақпараттар беру айғақ ісін анықталғанда;
  • нотариус қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылган жағдайда;
  • нотариус паспорт деректері мен өзінің тұрғылықты жерінің өзгерістер туралы мәліметтерді олар өзгерген жағдайда аумақтық әділет органына бір ай ішіңде хабарламағанда тоқтатыла тұруы мүмкін.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтата туру тоқтатылған кезеңде нотариалдық іс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға әкеп соғады. Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру немесе қалпына келтіру туралы шешім Қазақстан Ресеспубликасының Әділет министрлігінің ведомстволық баспасөз органында жарияланады. Нотариус лицензиясының күшін тоқтата тұру туралы шешім жөнінде сотқа шағымдануға болады.

Нотариат туралы ҚР заңнамасына сай нотариустың лицензиясын кері қайтарып алу негіздеріде қалыптасқан, өйткені кейде Нотариат қызметінің қағидаларына қайшы келетін жағдайлар туындауы мүмкүн. Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының, прокуратура Органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, не Республикалық нотариатгық палатаның талап қоюы бойынша сот шешімімен мынадай жағдайларда:

-мемлекеттік нотариус бірнеше рет тәртіптік жауапкершілікке тартылғанда;

-жекеше нотариус нотариустың ар -ождан кодексін бірнеше рет бұзғанда;

-нотариус нотариалдық іс-әрекеттер жасалған кезде заңдарды өрескел не бірнеше мәрте бұзғанда;

-лицензияның күшін тоқгата тұру себептері жойылмағанда нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімі бойынша мынадай жағдайларда:

-нотариус өз тілегімен өтініш бергенде;

-нотариус азаматтығын өзгерткенде;

-нотариус қайтыс болғанда;

-нотариус қылмыс жасағаны үшін сотталғанда, үкім заңды күшіне енгеннен кейін;

-нотариус заңдарда белгіленген тәртіппен әрекет жасау, денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсіптік міндеттерін атқаруы мүмкін болмағанда (медициналық қорытынды негізінде) ;

-нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күші тоқтатылады.

Нотариус лицензиясының күшін тоқтату туралы ұсынысты тиісті нотариат палатасы мен аумақтық әділет органы енгізеді. Аумақтық әділет органы мен нотариалдық палата нотариус лицензиясының қүші тоқтатылған нотариустың оның құжаттарын басқа нотариусқа немесе тиісті мемлекеттік органдарға беру жөнінде, сондай-ақ лицензия қайтарып алу жөнінде шаралар қолдануға тиіс. Бұл заңдылықтар азаматтық құқықтық айналымда дау туындатпайтын қатынастарды реттеу үшін қолданылатын мәмілелердің заңдылығын қалыптастыратын нотаристың нотариалдық іс-әрекеттер жаасауы үшін негздері болып табылады.

Нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізудің қалыптасқан тәртібі бар. Енді осы ережелерге тоқталып кетейік, өйткені нотариустың өндірістегі қызметі осы заңдылықтармен тығыз байланысты.

Нотариус өзінің нотариалдық іс-әрекеттерін тіркеу тізімдемесіне толтыруы тиіс, ал оның тәртібі мынадай тізімдемеден тұруы тиіс: нотариалдық іс-әрекеттің реттік нөмірі; оның жасаған күні; нотариалдық іс-әрекетті жасатып отырған азаматтар мен заңды тұлғалар немесе олардың өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары, сенімхат бойынша әрекет етуші тұлғалар) . Сонымен қатар өздері қол қойған азаматтардың фамилиясы, аты, әкесінің аты, аудармашылар туралы мәлімететр көрсетіледі;

нотариусқа өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжат мәліметтері; куәландырылатын құжаттың атауы, қысқаша мазмұны.

Мәмілелерді тізімдемеге жазуда тек мәміле нысаны көрсетіледі, мысалы, «пәтерді сатып алу, сату шарты» автокөлікті сатуға берілген сенімхат, өсиет. Өйткені мәміленің толық мазмұны нотариустың ісінде қойылып, қалатын данада көрініс табады. Осындай тәртіппен нотариуспен берілген куәліктер (мұраға құқық туралы куәлік, азаматтың тірі табылғандығы туралы куәлік) де жазылады.

Егер құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығы куәландырылатын болса, онда тізімдеме оның қысқаша мазмұны, сондай-ақ құжат берілетін ұйымның атауы көрсетіледі. Мысалы, «АО АТФ банкіне пәтерді кепілге алуға келісім туралы өтініш, орналасқан жері Шымкент қаласы, Таукехан даңғылы, 6 үй, 37 пәтер».

Көшірменің дұрыстығын куәландыру барысында тізімдемеде құжаттың атауы, оның қысқаша мазмұны, құжат иесі болып табылатын адамның фамилиясы, аты, әкесінің аты, құжатты берген ұйымның атауы, құжат нөмірі және оның берілген уақыты жазылады. Мысалы, «2. 04. 1992 жыл Алматы қаласы, АХАТ берілген. Исаев Бекнур Серікұлының туу туралы куәлігінің көшірмесі, ІІ-В 332602». Егер құжат көшірмесі бірнеше бетте баяндалатын болса, онда барлық бет саны жазылады; нотариусқа төленген қаржы сомасы; өтініш білдірген адамның құжатты алғанын растайтын қолы; нотариалдық іс-әрекет туралы жазба тізімдемеге тек берілуі қажет құжатқа нотариус қол қойған соң ғана тиісті жазба енгізіледі. Жазбалар анық, таза және түсінікті болуы тиіс, ал жазылмаған жолдарды сызып тастау қажет. Тізімдемеде жасалған түзетулер сол жазбаның соңында ескертпе арқылы белгіленіп жазылуы тиіс. Тазарту және басқа механикалық әсер етуге жол бермейді. Бұндай ережелердің саұталмауы даулы істерге алып келеді.

Сонымен қатара, нотариалдық іс-әрекеттерді нөмірлеу барысында қателік анықталған жағдайда ол жөнінде нотариус қолы қойылған акт жазылып, тізімдемеге қосылады. Бұл тізімдемені нөмірлеу барысындағы алшақтықтар нотариус тарапынан статистикалық есеп даярлау кезінде ескерілуі тиіс. Нотариус, өз атынан және олардың тапсыруы бойынша нотариалдық іс-әрекеттер жасауы негізінде сот, прокуратура, тергеу және анықтау органдарының талап етуіне байланысты нотариус тізімдемеден үзінді беруге құқығы бар. Азаматтық, қылмыстық істер бойынша маңызы бар сұраныстар мен қаулылар нотариусқа сот орындаушыларынан да келіп түсуі мүмкін.

Нотариустың кейбір нотариалдық іс-әрекеттері қосымша кітаптарда тіркелуді қажет етеді. Мысалы, өсиеттер нотариалдық іс-әрекеттерді тіркеу тізімдемесіне қосымша өсиеттерді есепке алу туралы алфавиттік кітапқа тіркеледі, онда өсиет қалдырушылар фамилия бойынша есепке алынады. Мұндай қосымша есепке алу қажеттілігі өсиеттерді куәландыру сияқты нотариалдық іс-әрекет ерекшеліктерімен анықталады. Бұрын рәсімделген өсиет күшін жоюы мүмкін, бұл өсиет қалдырушының өмір бойы өз мүлкіне қатысты еркін ауыстыруға қатысты құқығының еркіндігін білдіреді. Өйткені оның соңынан жаңа өсиет құрастырылып, куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда соңғы өсиет әрекет етеді. Осы және басқа жағдайда да нотариалдық іс-әрекеттер тізімдемесінен басқа өсиеттердің жеке есепке алынуы қажет, себебі бұл өсиет сияқты іс-әрекетке қатысты қажетті ақпаратты іздеу барысын жеңілдетеді. Тергеу және сот органдарынан сұраныстар келіп түскен жағдайда өсиетті тіркеу мән-жайы тізімдемеге қарағанда алфавиттік кітап негізінде қарапайым әрі тез анықталады [5, 427 б. ] .

Ал енді дипломдық жұмысымыздың басты тақырыбы болып табылатын куәландыру жазбаларын толтыру тәртібіне тоқталып өтемін. Мәміле және куәландырылатын құжаттарда жазылатын нотариалдық куәландыру және куәландыру жазбаларының бірыңғай нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан бекітіледі. Мұндай жағдайда нотариус тарапынан мұраға құқық иеленуге байланысты меншік құқығы туралы, азаматтың тірі екендігі фактісін және белгілі жерден табылғандығы туралы құжаттарды нотариустың сақтауына берілуге қатысты тиісті куәліктер беріледі. Мәмілелерді куәландыруда құжат көшірмелері және олардан алынған үзінді көшірмелерін куәландыруда құжаттардағы қойылған қолдардың түпнұсқалығын куәландыруда, бір тілден екінші тілге жасалған аударымның дұрыстығын растауда нотариус қолымен және мөрімен куәландыру жазбалар жасалады.

Куәландыру жазбасының мәтіні техникалық құралдар көмегімен (компьютер, басу машинкасы) басылуы немесе қолмен анықтап жазылып даярлануы мүмкін. Сондай-ақ нотариустар куәландыру жазбалары бар мастикалы штамптар қолданады. Куәландыру жазбаларында тізімдегі сияқты тазартуларға жол берілмейді, ал қосымша жазбалар мен түзетулер туралы ескертпе жазылып, қалған бос орындар сызылып тасталады. Куәландыру жазбасы құжаттың бетінде немесе оның артқы бетінде баяндалады. Егер куәландыру жазбасы құжатқа сыймайтын болса, онда ол жалғастырылады немесе толығымен құжатқа тапсырылған жеке қағаз бетінде баяндалады. Бұл жағдайда құжат мәтіні және куәландыру жазбасы баяндалған беттер бауланып, нөмірленіп, бет саны нотариус қолымен расталып, мөрімен бекітіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмілелер ұғымы мен оны жасау тәртібі
Жарамсыз мәмілелердің түрлері
Мәмiлелердiң ұғымы және түрлерi
Мәмiленің құқықтық жағдайы
Нотариат қызметін құқықтық реттеу
Мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарды куәландіруға бағытталған нотариалдық іс әрекеттердің ерекшілектері
Мәміле ұғымы жарамдық шарттары
Сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz