Италияның дамуы



1. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ ТОҚЬІРАУЫ
2. ФАШИСТІК ИТАЛИЯ
3. ФАШИСТІК РЕЖИМНЩ ҚҰЛАУЫ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ОРНАУЫ
ИТАЛИЯ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ ТОҚЬІРАУЫ
Италия XX ғасырды конституциялық монархиялык мемлекет ретінде аттады. Бұл кезде Италияда дамыған банкілік капитал мен өнеркәсіптік өндіріс болған. XX ғасырдың басында «Фиат», «Монтеатини», «Пирелли» сияқты концерндер мен "Банка ди Рома", "Қасиетті рух банкі" сияқты банкілер кұрылды.
Солтүстік Италия өнеркәсіптік сипатты, ал Оңтүстік Италия (Сицилия аралын қосқанда) ауылшаруашылық сипатты иеленді.
Италияның негізгі заңы болып 1848 жылғы Пьемонт (Аль-бертиндік) статут сақталып қалды. Оған сәйкес, заңшығарушы билікті патша мен парламент жүзеге асырды. Патша күшті президенттік билік орын алған мемлекеттегі президенттің функцияларына тең келетін функцияларды жүзеге асырды (заңдарды бекіту, үкіметті құру және т.б.).
Парламент Сенат пен 5 жылға сайланатын Депутаттар палатасынан тұрды. Сенат (патша сияқты) ұсынылатын заң жобаларына қатысты вето құқығын иеленді. Депутаттар палатасы мемлекеттің бюджетін құру мен салық жинаумен байланысты өкілеттіктерді иеленді. Үкімет Депутаттар палатасының алдында жауап берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия жеңген мемлекеттердің (Антанта) жағында болды және аграрлық мемлекеттен аграрлық-индустриялық мемлекетке айналды. Мұндай даму барысында қоғамның әлеуметтік белгілер бойынша түрге бөлінуі орын алды.
Жұмысшылар қозғалысы күшейе түсті, 1919 жылғы сайлауда Итальяндық социалистік партия сайлаушылардың үштен бір дауысын иеленді. Ірі кәсіподақтық бірлестік — Жалпыитальяндық еңбек конфедерациясының қызметі ерекше маңызға ие болды. 1921 жылы социалистік партияның сол қанаты Итальяндық коммунистік партияны құрады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ИТАЛИЯ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ ТОҚЬІРАУЫ
Италия XX ғасырды конституциялық монархиялык мемлекет ретінде аттады. Бұл кезде Италияда дамыған банкілік капитал мен өнеркәсіптік өндіріс болған. XX ғасырдың басында Фиат, Монтеатини, Пирелли сияқты концерндер мен "Банка ди Рома", "Қасиетті рух банкі" сияқты банкілер кұрылды.
Солтүстік Италия өнеркәсіптік сипатты, ал Оңтүстік Италия (Сицилия аралын қосқанда) ауылшаруашылық сипатты иеленді.
Италияның негізгі заңы болып 1848 жылғы Пьемонт (Аль-бертиндік) статут сақталып қалды. Оған сәйкес, заңшығарушы билікті патша мен парламент жүзеге асырды. Патша күшті президенттік билік орын алған мемлекеттегі президенттің функцияларына тең келетін функцияларды жүзеге асырды (заңдарды бекіту, үкіметті құру және т.б.).
Парламент Сенат пен 5 жылға сайланатын Депутаттар палатасынан тұрды. Сенат (патша сияқты) ұсынылатын заң жобаларына қатысты вето құқығын иеленді. Депутаттар палатасы мемлекеттің бюджетін құру мен салық жинаумен байланысты өкілеттіктерді иеленді. Үкімет Депутаттар палатасының алдында жауап берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия жеңген мемлекеттердің (Антанта) жағында болды және аграрлық мемлекеттен аграрлық-индустриялық мемлекетке айналды. Мұндай даму барысында қоғамның әлеуметтік белгілер бойынша түрге бөлінуі орын алды.
Жұмысшылар қозғалысы күшейе түсті, 1919 жылғы сайлауда Итальяндық социалистік партия сайлаушылардың үштен бір дауысын иеленді. Ірі кәсіподақтық бірлестік -- Жалпыитальяндық еңбек конфедерациясының қызметі ерекше маңызға ие болды. 1921 жылы социалистік партияның сол қанаты Итальяндық коммунистік партияны құрады.

ФАШИСТІК ИТАЛИЯ
XX ғасырдың 20-жылдарында оң және сол күштердің арасындағы саяси күрестін нәтижесінде шовинистік көзқарасты ұстанған офицерлер мен солдаттарды, ұсақ буржуазияны құраған итальяндык фашистік қозғалыс пайда болды. Олардың басында Б.Муссолини тұрды. Фашистік партия қызметінің идеологиялық негізін антисемитизм мен расизм құрады, ал оның ұраны болып Yenлы Италия табылды.
1922 жылғы қазан айының соңында фашистердің қаруланған тобы патшаның, әскердің және Ватиканның жақтауымен Римге шабуыл жасады, бұл әрекеттің нәтижесінде 1922 жылғы қарашада Б.Муссолини билігінен айырылды да, оны патша премьер-министр етіп тағайындады.
1925 жылы "Үкімет басшысының кұкықтары мен артыкшылыктары туралы" заңға сәйкес мемлекеттегі бүкіл атқарушылык билік премьер-министрдің қолына шоғырланды.
1923 жылғы сайлау заңына сәйкес орнықтырылған сайлау жүйесіне өзгертулер енгізілді. Бүкіл мемлекет біртұтас сайлау округі ретіндс жарияланды. 1928 жылғы сайлау заңына сәйкес жалпыға ортак, тең, пропорционалды дауыс берудің (1919 жылғы заң бойынша) орнына үміткерлерді фашистік кәсіподақтардың ұсынуы енгізілді, және бұл үміткерлерге 1922 жылғы 15 желтоксанда құрылған Жоғарғы Фашистік кеңес міндетті түрде келісім беруі тиіс болатын. Жоғарғы Фашистік кеңес парламенттің заңшығарушылык функцияларын қайталап, тіпті, оның орнына өзі заң қабылдап отырды.
1939 жылы парламенттік жүйе жойылды. Депутаттар палатасының орнына партиялык-мемлекеттік органға айналған фашалар мен корпорациялар палатасы құрылды. Оның кұрамы сайланбалы емес, тағайындаушылық сипатты иеленді, мүшелерді дуче (көсем) Б.Муссолини тағайындайтын. Сенатпен (бұрынғыдай патша тағайындайтын) бірлесе отырып жаңа палата жоғарғы заңшығарушы органды құрады.
Жергілікті әкімшілік фашистік партияның құрамыннан тағайындалатын префекттер мен подесттердің басқаруына берілді. 1926-1927 жылдардағы "Мемлекетті қорғау туралы" заңдармен фашистік партиядан басқа барлық саяси партиялардың және фашистерге қарсы барлық газеттердің қызметіне тыйым салынды, Фашистік кәсіподақтардан басқа барлық кәсіподақтар таратылды.
Қуғын-сүргіндік аппарат белсенді түрде қалыптасты. 1923 жылы Жоғарғы Фашистік кеңестің шешімімен ұлттық қауіпсіздікті қорғаумен айналысатын ерікті милиция құрылды, оның мүшелерінің саны елдің қарулы күштеріндегі әскердің санынан асып кетті. Милиция тек дучеге бағынатын.
1926 жылы мына органдар құрылды: ұлттық қауіпсіздік полициясы; фашистерге қарсы қозғалыстардан қорғау ұйымы, саяси тергеудің ерекше қызметі. Қарулы күштер үкімет басшысына бағынды, және оған ішкі істер министрі ретінде карабинерлер корпусы дабағынды.
Сот жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: арнайы комиссиялар (полициялық соттар): режимге қарсы қылмыстарды реттеуге арналған ерекше саяси трибунал; мемлекетті қорғау бойынша арнайы фашистік трибунал ерекше өкілеттіктерді иеленді.
Партия бюрократиялық, әскерилендірілген аппаратқа айналды. 1927 жылы Жоғарғы Фашистік кеңес Еңбек хартиясын қабылдады, оған сәйкес, фашистік мемлекеттің негізін кәсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктірген корпорациялар құрады, ереуілдер мен қозғалыстарға тыйым салынды.
Фашистік режим Корпорациялардың арнайы министрлігін және Корпорациялардың ұлттық кеңесін қалыптастырды. Елде өнеркәсіптік әртүрлі салаларында 22 корпорация кұрылды, Корпорациялардың ұлттық кеңесі экономиканы басқару органына айналды.
Фашистік режим Ватиканмен одақтасты. 1929 жылы Ватиканды Рим папасы басқаратын мемлекет ретінде тану туралы келісім бекітілді. Католик діні Италияның жалғыз діні ретінде танылды.
Сырткы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия ерекше сипатты иеленді. 1936 жылы Эфиопия (Абиссиния) жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940 жылы Италия әскерлері Грецияға басып кірді. 1937 жылы Италия "Антикоминтерндік пактқа" Жапония мен Германиямен бірлесе отырып косылды. 1940 жылғы шілдеде Италия Англия мен Францияға соғыс жариялады, содан кейін Италия КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа катысты.

ФАШИСТІК РЕЖИМНЩ ҚҰЛАУЫ
ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ОРНАУЫ
Елдегі жағдай нашарлай түсті. Соғыстағы жеңілістер әскердің ұйымдастырылуын әлсіретті. 1943 жылы итальяндық әскер тарады. 1943 жылғы 24 шілдеде Жоғарғы Фашистік кеңес патшадан қарулы күштерге басшылық жасауды сұрады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдардағы Италияның экономикалық дамуы
Италия экономикасының құрылымы
Италия экономикасының «Ғажайып даму» кезеңі
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
Ортағасырлардағы Италия
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
ХІ – ХҮ ғасырлардағы Италияның халық бұқарасының дамуы
ХI ғасырдың ақырына дейінгі Италия
Пәндер