Ясауи туралы ілімі


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ясауи туралы ХХ ғасырдың басында “Түрік әдебиетіндегі алғаш түрік сопылары” деп аталатын құнды еңбек қалдырған Фуат Көпрүлү де осы Сұлтан Ахмет бин Махмұт Хазини ал-Хисаридің “Жауахир-ул Абрар мин Амуаж-ил Бихар” атты еңбегі негізінде Ясауи мұрасын танытқан болатын. Бұл еңбекті 1997 жылы Ж. Окуюжу Түркияда (Кайсери) жариялады.

Молда Жамидің “Нафахат-ул Унс” атты кітабын шағатай тіліне аударып, оған Түркістанның мәшһүр әулиелерін қосып, тарихи құнды мәлімет қалдырған Әлішер Науаи өзінің «Насаим-ул Махаббатң атты кітабында Ясауиге «Түркістан халқының құбыласың деп баға берген.

Жалпы ХІХ ғасырға дейінгі медреселерде “Әліпби”, “Иман шарт”, “Кауаийид-ул Ислам”, “Шараи‘ит ул-Ислам”, “Илм-ул-Хәл”, “Әптиек” (Хафт-Құранның жетіден бір бөлігі), “Суфи Аллаяр”, “Сират-ул анбийа” және т. б. араб, парсы, түркі тілінде жазылған кітаптар Ясауи ілімі мен мәдениеті негізінде дүниеге келген еңбектер болатын.

Түркиялық ясауитанушы ғалым К. Ераслан Ясауидің хикмет дәстүрін жалғастырушылар ретінде Құл Сүлеймен, Азим Қожа, Машраб, Қожа Хамид, Құл Убайди, Хувайда, Құл Шерифи, Наубати, Қани, Ғариби, Дәруіш Әли т. б. сопы-дәруіштерді атап көрсетеді. Науаи, Фузули, Мақтұмқұлы, Юнус Әмре, Мәулақұлы мұраларын оқи отырып, Ясауи дүниетанымын, дәстүрін, тілі мен ділін, жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рухты көруге болады. Өйткені Ясауи ілімін таратушыларда тақырып, ұғымдық қалыптар мен түсіндіру әдістері ортақ болып келеді. Ясауи жолының мұрагерлері Әзірбайжанда Насими, Хасаноғлу, Омар Раушани болса, Түркіменстанда мәшһүр Мақтұмқұлы Ясауи жайлы: “Ей, дүниенің иесі, тірегі Ахмет Ясауи, Менің Сахиб-жамалымды (Менің Тәңірімді) көрдің бе? Хырка киген Қожа Ахмет Сайрамдадүр, Сайрамда, ”, - деп жазады. Кавказ жерінде Қопыз Абдулла, Умми Кемал, Абдурахман әл-Қақашора Дағыстани сынды Ясауи ілімінің мұрагерлері бар.

Ясауи ілімінің Сыр бойындағы мұрагер-сүлейлері ретінде, Бұдабай Қабылұлы, Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Құлан Алдабергенұлы, Нұртуған Кенжеғұлұлы және т. б. ақын-жыраулар мен Асанқайғы, Бұқар жырау, Ақан сері, Абай, Шәкәрім сияқты тұлғаларымызды ұлттық сопы-жүректанушылар ретінде қабылдауға болады.

Ясауидің төл дүниетанымымыз бен мәдениетіміздің тарихындағы маңызын, оның мұрасының іздерін хатқа түсірген рисалалар (трактаттар) арқылы да пайымдауға болады. Алдымен, Ясауи ілімінің айнасы ретінде танылатын “Диуани Хикмет”, “Фақрнама” және “Мират-ул Қулуб” (Көңілдің айнасы) рисаласын атап өтуіміз керек. Бұлар - Ясауидің хикмет, хәл ілімдерінің айнасы, Ясауийа тариқатының этикалық-моральдық және рухани тәжірибелік ерекшелігін көрсететін, оның жалпы дүниетанымының мәнін ашатын негізгі дереккөздері. Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының желісін моральдық-этикалық және сопылық хикмет деп жіктеуге болады. Ясауи ілімінің парасат бөлімі адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және "инсани камил" дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Ясауидің дүниетанымдық тұжырымдамасының теориялық негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні - "адамның өзін-өзі тануы" арқылы "Хақты тануы". Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) - "тәуба", соңғысы "құлдық" (убудийат, абд) мақамы. Бұл жолда адам "жаратылған - мен" екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көз жеткенде өзінің адамдық парызының "Алла мен адамның және адам мен қоғамның" арасында "көпір - жол" болу екендігін ұғынады. Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам. Адам "кемелдікке" жетуі үшін қажетті білімді игеріп, мәліметтермен қарулануы керек. Бұл білімнің қайнары - хикмет . Хикметтің басы - Алланы бар және бір деп білу. Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі - Құран деп таниды. Сонымен қатар Алланы табудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам - микрокосмос, рух, бүкіл әлем, жаратылған болмыстар - макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Рух - рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай үнемі еске сақтау, "зикр (зікір) теориясы" арқылы онымен мәңгілікке қауыша алады.

Қожа Ахмет Ясауи негізін салған діни-сопылық мектеп тариқат деп аталады. Ясауи тариқаты түркі сопылық дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін бойына сіңірген жалпы ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тариқаттың қалыптасу кезеңінің алғашқы діни, саяси, тарихи алғышарттары ХІ ғасырларға дейінгі түркі мұсылман кеңістігі ішіндегі әр түрлі секталардың пайда болуымен қатар өмір сүрген Аббаси халифатынан бөлінген тәуелсіз, жекелеген саяси биліктердің (хандықтардың) қалыптасу дәуіріне сай келеді. Екінші кезең Ясауидің өмір сүрген дәуірі мен Алтын Орданың құрылуы арасындағы Түркістандағы сопылық дүниетаным мен тариқаттардың даму дәуірі.

Ясауи тариқатының негізгі ерекшеліктері, Ясауидің кемелдікке жету жолында шәкірттерге қойған талаптары туралы Хазини өзінің "Жауаһир ул Абрар мин Амуаж-ил Биһар" ("Теңіз толқындарындағы ізгі жандардың гауһарлары" немесе "Хақ жолындағы әулиелердің сырлары") деген еңбегінде мол дерек қалдырған. Онда Ясауидің тариқатының он негізгі этикалық (адаб) ұстанымдары қамтылған:

1) ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас: мүрид (өз еркімен осы жолды қалаушы, шәкірт) ешкімді өзінің шайхынан (ұстазынан) артық санамауы және мойынсұнуы қажет (өйткені тариқатқа, яғни рухани кемелдік жолына кірген шәкірт ұстазынан бөлек өз бетімен жүріп-тұратын болса, оның рухани даму жолы жабылады) ; өз шайхының халі мен ишараттарын түсіне білуі үшін ақылды, сезімтал болуы; шайхының сөзі мен ісіне мұқият болуы; адал қызмет етуі, жалған айтпауы, сертінде тұруы тиіс; қажет болса мүрид өзімен қоса барлық мал-мүлкін шайхының қажетіне беруге дайын болуы керек, өйткені "батин (ішкі) көзі" басқаша ашыла алмайды; шайхының сырларын сақтауы, барлық насихаты, уағызы мен нұсқауларын орындауы тиіс; Хаққа қауышу жолында шайхы үшін жанын беріп, оның досымен дос, дұшпанына дұшпан болуы қажет (бұл шарттар психологиялық негізде) .

2) Түпкілікті алты үкім (аһкам) : а) Алланы тану; ә) жомарттық; б) шынайы адалдық; в) йакиннің (айқын таным) мәніне қанық болу; г) тәуекел; ғ) тафаккур (терең ой) .

3) Шайх болу үшін : дін ғылымына қанық, жұмсақ, ашық мінезді, сабырлы, ықыласты, Хақ ризалығымен қауышқан, Хаққа жақын болуы тиіс.

4) Тариқаттың алты міндеті (уажиб) : а) кемелдікке жетуге талаптану; ә) Хаққа жақындауға тырысу; б) Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу; в) Хақ жолында қауіп пен үміт халінде болу; г) үнемі зікірде болу; ғ) үнемі Хақиқат туралы сөйлеу.

5) Тариқаттың алты түрлі дәстүрлі жолы (сунна) : а) көппен бірге намаз оқу; ә) таң сәріде ояу болу; б) үнемі дәретті, таза болу; в) өзін үнемі Алланың құзырында сезіну; г) Алланы ешқашан естен шығармау (зікір салу) ; ғ) салиқалы және кемел адамдарға, билеуші-әмірге тағатты болу.

6) Тариқаттың алты ерекше қасиеті (мустаһаб) : а) қонақжайлылық; ә) жағдайына қарай қонақ күту; б) қонақтың көп қонуын ырыс деп білу; в) қонақтың көп болуына көңіл бөлу; г) қонақтың тілегін орындау; ғ) Қожа Ахмет Ясауиге және өз уақытының шайхына дұға, тілек ету.

7) Тариқаттың алты этикалық тәртібі : а) екі тізерлеп, қарапайымдылық, әдептілік құралына сай отыру; ә) өзін барлық адамнан төмен санау; б) барлық адамды өзінен артық санау; в) ұстаздарды құрметтеу; г) шайхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу; ғ) олардың айтқан нақылы мен ақылдарын естен шығармау.

8) Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің төрт шарты: макан (кеңістік), заман (уақыт), ихуан (бауырмалдық - өзара ынтымақтастық), рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік) . Яғни, бірінші саликтердің (мүрид, шәкірт) ойы бөлінбеуі (тафрика-и хатр) ; зікірмен айналысуы (аурад) үшін ең алдымен ыңғайлы мекен - Отан (кеңістік) болуы керек. Екінші, талибтер (шәкірттер) арасында және мемлекетте жұмыссыздық, соғыс, т. б. келеңсіз оқиғалар болмауы керек. Мұндай құбылыстар шәкірттің кемелденуіне кесірін тигізеді. Үшінші барлық "мақамат" (ахлақи-этикалық асулар), "халуат" (қылует) және "арбаиндерде" (шілдехана) "шауқ-и мужиб" болуы үшін "факр-у фана" (кемелдік) мақамына ұмтылған шынайы серіктері, достары болуы керек. Төртінші, мемлекет басшысына берілген, адал болулары қажет. Ясауидің жолында шәкірттіктің соңы, яғни кемел адамның рухани асуларының мақсаты - "факр (кемел адам) жолы" болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Ясауи іліміндегі адам мәселесі
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қожа Ахмет Ясауи өмірі
Ясауи ілімінің негіздері
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахмет Яасауи
Қожа Ахмет Ясауи ілімі
Ясауи ілімі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ ОРНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz