Парламент дағдарысы және фашизм


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Парламент дағдарысы және фашизм қаупі.
  2. Антифашистік қозғалыс. Халық майданы.
  3. 1936 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық дағдарыс Францияда 30-ж. соңында басқа капиталистік елдерден кейін басталды. Өндіріс пен сауда соғыстан бұрынғы дәрежесіне дейін құлдырап, онжылдықтың аяғына дейін тоқырауда болды. Әсіресе дәстүрлі өндіріс салалары - шарап жасау мен жеңіл өнеркәсіп көп зиян шекті. Жұмыссыздық тұрақты сипат алды.

Дағдарыс ауыл шаруашылығына қатты соққы болып тиді. Ауылшаруашылық өнімдеріне, әсіресе шаруа өндірісінің дәстүрлі өнімдері ет, шарап, жеміс-жидектерге, көкөніс өнімдеріне баға күрт төмен түсті. Шаруалар өтпеген өнімдерін жоя бастады. Баға айырмашылықтары ұлғайып, шаруалардың банктерге қарызы күрт артты.

Қалаларда тек жұмысшылар мен қызметкерлердің ғана емес, сонымен бірге қолөнершілердің, ұсақ және орта кәсіпкерлердің де күнкөріс жағдайлары нашарлап кетті. Зейнеткерлердің, зиялы қауымның бір бөлігінің, жұмысқа қабілетті жастардың, бұрынғы майданшылардың, көп балалы отбасылардың тұрмыс жағдайлары өте нашарлады.

Елдегі саяси жағдай да тұрақсызданды. 1929 ж. мамырынан 1932 ж. мамырына дейінгі аралықта оңшыл партиялар басқарған 8 үкімет ауысты. 1932 ж. мамырында болған кезекті парламент сайлауында социалистермен одақтасқан радикалдар жеңіске жетті. Бұл Солшыл одақ идеясының жандануы еді. Жалпы бағдарламада соғыс шығындарын қысқарту, әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай жүйесін құру, 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізу, соғыс өнеркәсібін, қамсыздандыру және теміржол компанияларын мемлекетке алу туралы пунктер болды. Бірақ радикалдар үкіметтері де тұракты болмады, 1934 ж. каңтарына дейін 6 кабинет ауысты.

Бағдарламаларына қарамастан, радикалдар бұрынғы үкіметтердің экономикалық сяасатын жалғастыра берді. Мемлекеттік шығындарды қысқартты, бюджет дефицитін жасады, жалақы мен зейнетақыны азайтып, салықтарды көбейтті. Бұл бағыт дағдарысты тоқтата алмады.

1. Парламент дағдарысы және фашизм қаупі.

Әкономикалық дағдарыс пен Германияның қайта қарулануына байланысты Версаль жүйесінің қайта қаралуы елдің идеялық-саяси жағдайына елеулі өзгерістерге алып келді.

Әртүрлі буржуазиялық және социал-реформистік топтар коғамды қайта құру жобаларын ұсынды. Олардың ішіндегі ең бастылары - экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі (мұндай саясаты "дирижизм" деп атады) және парламенттік жүйе мен 1875 ж. конституцияны кайта қарау болды (парламенттің өкілдіктерін шектеу, президенттік билікті күшейту т. б. ) .

Парламентгік құрылыс пен демократиялық бостандықтар әсіресе ең солшыл және фашистік ұйымдар тарапынан барып тұрған агрессиялық сындарға ұшырады. Италия және герман фашистерінің ұрандарын кайталап, француз фашистері "коммунизмді құрту", "іріп-шіріген парламентті" жою, билікті басып алып, фашистік диктатура орнатуды өз мақсаттары деп жариялады.

Олардың идеологияларында антипарламентаризм, "партиялар режимін" айыптау, дәрекі күшке табынушылық, әлеуметтік көшрмелік ерекше орын алды. Олар солшыл партиялармен және іскерлік топтармен тығыз байланыс орнатты.

Бірақ Франциядағы фашизмнің біраз ерекшеліктері болды. Оның көпшілік әлеуметтік негізі болмады, біртұтас партия да кұра алмады. Қозғалыста оншақты фашистік және жартылай фашистік ұйымдар бәсекелесіп жатты. Негізгі фашистік ұйымдарының қатарына "Аксьон франсез" (Француз қимылы" - соғысқа дейін бұл клерикальдық-монархистік ұйым болатын) " және "Жауынгерлік крестер" жатты.

"Жауынгерлік крестер" алғашқыда "Жауынгерлік крест" орденімен марапатталған бұрынғы майданшыларды біріктірді. Кейінірек ұйым қатары ұлғайып, 30-жж. ортасында мүшелерінің саны 350 мыңға жетті. Олардың өзінің әскерленген отрядтары және байланыс жүйесі болды. Ұйымды өшіп бара жатқан ақсүйек тұқымның ұрпағы атаққұмар полковник, граф Казимир де ля Рок басқарды. Бұлардан басқа "Отан сүйгіш жастар", "Франсистер" және бірнеше, олардың ішінде итальян және герман елшіліктерін каржыландырып тұрған, фашистік ұйымдар болды.

Экономикалық дағдарыс жылдарында фашистік ұйымдар нығайып, қатарларын көбейтті. Германиядағы фашистердің табыстарымен жігерленіп, солшыл одақ үкіметінің орнынан түсуін және парламентті таратуды талап етті. Парламентке тікелей шабуыл жасауға Байонна қаласының ломбардының жалған облигацяларын таратқан алаяқ Стависскийдің ісі себеп болды. Бұл қаржы жанжлына көптеген депутаттар мен министрлердің қатысуы бар болып шықты.

1934 ж. 6 ақпанда "Жауынгерлік крестер", "Француз әрекеті" және басқа да фашистік ұйымдарға қарайтын 40 мыңдай фашистер "Ұрылар жойылсын!", "Орындарынан кетсін!" деген ұрандармен парламент мәжілісі өтіп жатқан Бурбон сарайын басып алуға аттанды. Кешке қарай полиция ереуілшілердің шабуылына тойтарыс бере алды. Бурбон сарайын басып алудың сәт: түспесе де, фашистердің радикал Даладье үкіметін орнынан кетіруге қолы жетті. Нәтижесінде солшыл одақтың екінші басылымы өмір суруді тоқтатты. Саяси белдеу оңға қарай бұрылды. Жаңа ұкімет негізін оңшыл партиялардың жетекшілерінен құралды.

2. Антифашистік қозғалыс. Халық майданы.

6 ақпандағы француз фашистерінің мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеті бүкіл елді дүр сілкіндірді. Аса куатты антифашистік қозғалыс басталды.

12 ақпанда солшыл партиялар мен кәсіподақтардың ұндеуімен жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырылып, оған 4, 5 млн адам қатысты. Тек Париждің өзінде ғана шеруге 150 мыңдай кісі (коммунистер, социалистер, радикалдар, партияда жоқтар) шықты. Антифашистік күштердің кең ауқымды одағын құру мүмкіндігі туды.

Францияның антифашистік күштерінің топтасуының алғы шарттарының бәрі - ол коммунистер мен социалистердің арасындағы алауыздық пен қырғи қабақтықты жою болды.

Компартиялар мен Коминтерн социалистер мен социал-демократтарға жау көзбен қарап, оларды социал-фашистер, буржуазияның негізгі тірегі деп атады. Коминтерн мен компартиялар халықтың орта топтарына да осындай сектанттық көзкараспен қарап, буржуазиялық-демократиялық бостандықтардың маңызын теріске шығарды. Мысалы, 6-ақпанда орын алған парламентке фашистердің жасаған шабуылы кезінде коммунистер солшыл одақтың үкіметтің әдетінше "капиталдың қолшоқпары" деп есептеп, оған сенім білдіруге қарсы дауыс берді. Компартияның газеттері фашистік бүлікке дейін парламентаризм мен буржуазиялық демократияны даттаумен болды.

Бұл тұрғыдан әсіресе партия қатарындағы сектантшыл және солшыл топтар айрықша көзге түсті. 1934 ж. наурызда ФКП пленумы сектанттық бағалауларды айыптап, партияның жіберген қателерін қатал сынға алып, жаңа тактикаға батыл бетбұрыс жасады, фашизмге қарсы күрес пен демократиялық бостандықтарды корғауға ерекше күш салды. 1934 ж. маусымда ФКП конференциясы күн тәртібінде тұрған басты мәселе пролетариат диктатурасын орнату үшін күрес емес, фашизм мен демократия екеуінің біреуін таңдау деп атап көрсетті. Демократияны қорғау туралы мәселенің жаңаша қойылуы социалистермен шын адал ынтымақтастық орнатудың қажеттілігін мойындаумен қатар жүрді. ФКП басшысы Морис Торез "біз қандай болғанда да бірлесіп қимылдауға ұмтыламыз" деді.

Фашизм қаупімен бетпе-бет жағдайда жұмысшы табының бірлескен қимылының қажеттігін социалистер де мойындады. Партиялардың басшыларының келіссөздері басталды. Социалистердің жасаған жобасы бойынша 1934 ж. 27 шілдеде ФКП мен ФСП-ның қимылдарының бірлігі туралы Пактіге қол қойылды . Партиялар өзара сынасулардан бас тартып, бірлесіп қимыл жасау үшін үйлестіруші комитет кұрды.

Жалпы ұлттық антифашистік майдан құру жолындағы жасалған келесі бір адым - ол бірлескен антифашистік акцияларға француз қоғамының ұсақ буржуазиялық және орташа топтарының мүдделерін қорғаушы радикалдар партиясының да қосылуы болды.

1934 ж. қазанында М. Торез радикалдар партиясының құрамындағы барлық антифашистерге "Нан, бостандық және бейбітшілік" үшін күрес халық майданының шеңберінде қимыл бірлігін орнатуға үсыныс жасағанда, "Халық майданы" деп аталған жаңа үран пайда болды, ол капиталистік дүниедегі жаңа қоғамдық-саяси қозғалысты бейнелей бастады. Бірлесу идеясын социалистер «ең радикалдардың съездері де қолдады.

Францияның үлттық мерекесі Бастилияның алынған күні, 1935 ж. 14 шілдеде, Парижде 500 мың адам қатысқан шеру болды. Шерудің басында компартияның басшысы Морис Торез, социалистердің басшысы Леон Блюм және радикалдардың басшысы Эдуард Даладье V қатар келе жатты. Шеру үлкен митингімен аяқталды, қоғам қатысушылар "фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату үшін, демократиялық бостандықтарды құру және дамыту және жалпыға бірдей бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін бірлігімізді сақтаймыз" деп салтанатты ант берді. Бұл шеру мен көпшілік митингісі Халық майданының құрылғандығының белгісі еді.

Құрамына Францияның ірі партиялары мен ұйымдарының өкілдері кірген Халық майданының ұлттық комитеті құрылды.

3. 1936 ж. сайлаудағы Халық майданының жеңісі.

1936 ж. сәуір-мамыр айларында өткен кезекті парламент сайлауына коммунистер, социалистер, радикалдар және Халық майданының басқа да ұйымдарының өкілдері жалпы бағдарлама ұсынып, бірігіп қатысуға шешім қабылдады.

Бағдарламаның саяси бөлімінде фашистік лигаларды қарусыздандыру және тарату, ал экономика бөлімінде жұмыс аптасын қысқарту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссыздар мен шаруаларға көмек көрсету, қаржы жүйесін сауықтыру, салық реформасын жүргізу, Француз банкін мемлекет қарауына алу және басқа да демократиялық әлеуметтік өзгерістер жасау талаптары қойылды.

Сайлау бүрын-соңды болмаған ынталылық пен белсенділік жағдайында өтті. Халық майданы үшін сайлаушылардың 57% дауыс берді. Ол Ұлттық жиналыстағы орынның 2/3 алды. Франция тарихында түңғыш рет үкіметті социалист Леон Блюм басқарды. ФКП басшылығының шеттімі бойынша коммунистер үкімет құрамына енуден бас тартты.

Халық майданының жеңісін француздар зор қуанышпен қарсы алды. Олар бүл жеңіске өздерінің әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын жақсартады деген үміт артты. Еңбекші бұқараның көптеген бөлігін билеп алған көтеріңкі-қызу көңіл-күй, жақын арада болатын өзгерістерді тағатсыздана күту бүкіл елді қамтыған жаппай ереуіл қозғалысынан көрініс тапты. Л. Блюм үкіметі кәсіподақтармен келіссөздер жүргізіп, ол Матиньон келісімін кабылдаумен аяқталды. Бүл келісім бойынша еңбекақы орта есеппен 7-15%-ке, ал кейбір жалақысы төмен категориядағыларға 2-3 есе көбейтілді. Үжымдық келісімдер жүйесін дамыту, кәсіподақтардың құқығын қорғау т. б. шаралар белгіленді.

Л. Блюм үкіметі парламент арқылы фашистік лигаларға тыйым салу және саяси түтқындарға кешірім жасау туралы екі маңызды заң өткізді. Нефашистік. әскери ұйымдарға тыйым салынды. 40-сағаттық жұмыс аптасы, ақылы демалыстар мен ұжымдық келісімдер туралы заңдар қабылданды, баска да әлеуметтік шаралар іске асырылды. Үкімет соғыс өндірісінің бір бөлігін және теміржолдарды, Француз банкін мемлекет карауына алатындығын мәлімдеді.

Митингілер мен жиналыстарда жалпы қоғамдық өрлеу жағдайы байқалды. Сол оқиғаларды көзбен көрген куәлердің бірі былай деп жазды: "Барлық үлкен жиналыстар ерекше қуанышты өрлеу жағдайларында өтіп жатты. Оған қатысқандар алған әсерлерін осы күнге дейін ұмытпаған болар. Аккордеон ойнап тұр. Адамдар бір бірімен иықтарын тіресіп тұр. Олар салған әннен өмірге деген сүйіспеншілік, үміт пен қуаныш лебі есіп түрды". Халық майданы қозғалысының шыңы 1936 ж. 14 шілдедегі Бастилияны алу күнін мерекелеу болды. Париждегі шеруге 1 млн адам, оның ішінде Л. Блюм бастаған үкімет мүшелері де қатысты.

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ
Италиядағы «Маттеотти дағдарысы»
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі халықаралық жағдай
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
ХХ ғасырдағы елдерде ең алғаш фашизм ошағының пайда болуы
Фашистік Италияның сыртқы саясаты
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Шарль де голль француз республикасының президенті
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Германия тек бір саяси партия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz