Экономикалық жоспарлау мен болжау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Тақырыбы: «Экономикалық жоспарлау мен болжау»

Қабылдаған: э. ғ. к., проф. Байбосынова. Г

Орындаған: Серикбаева Ж.

Тобы: МЭК-911

Түркістан -2010

Жоспар

Кіріспе

I бөлім. Болжау мен жоспарлау туралы түсінік

II бөлім. Жоспарлау мен болжаудың жүйесі мен принциптері

2. 1. «Қазақстан - 2030» стратегиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономиканы жоспарлы дамытудың обьективті қажеттілігі өндірушілердің бөлінуіне және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына байланысты пайда болады.

Ф. Энгельс «Анти-Дюринг» атты еңбегінде былай деп жазды: «Дамыған қоғамда өндірістегі анархия өндірісті қоғамдық жоспарлы реттеумен ауыстырылады, ол бүкіл қоғам қажеттілігіне және оның мүшелерінің қажеттілігіне сай жүргізіледі».

Экономикалық әдебиеттерде пропорциялар жүйесі деген ұғым қолданылады, оның құрамына дүниежүзілік, халықтық, салааралық, өндірістік және аумақтық пропорциялар енеді. Бұл пропорциялар өзара байланысты, болжау және жоспар негізінде анықталады, сөйтіп халық шаруашылығының белгілі бағытпен дамуына жағдай жасайды. Олар экономикалық тепе-теңдік пен қоғамдық өндірістің тиімділігін көрсетеді, сондай-ақ оның құрылымдарының жетілуін, экономикалық өсу қарқынын, жоспарланған кезеңінің экономикалық және әлеуметтік-саяси міндеттерін шешудің жолдарын анықтайды.

Әкімшілік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге байланысты және халық шаруашылығын дамытудың жаңа қарым-қатынастарының қалыптасуы жағдайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де, жаңа міндеттерді шешудікөздейді. Жаңа жағдайдағы жоспарлаудың сапалық ерекшелігі - жоғарыдан жасалынатын бұрынғы директивтік жоспарлау орталық және жергілікті органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара тиімді келісімі арқылы орындалатын нұсқаулы жоспарлауға айналады.

Сонымен, жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты - экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.

I бөлім. Болжау мен жоспарлау туралы түсінік

Жоспарлау мен болжау - қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы.

Нарықтық экономикада жоспарлау жойылмайды, керісінше, жоспар мен нарықтың (рынок) өзара байланысы күшейе түседі. Әйтпесе нарықтың өз бетінше дамуы және өзін-өзі реттеуі қоғамды экономикалық және әлеуметтік процестер барысында үлкен қателіктер мен күрделі олқылықтарға ұрындырады. Сондықтан әрбір мемлекет, жоспарлау мен экономикалық реттеуге сүйене отырып, пайда болған деформацияларға түзетулер енгізіп, нарықтық қатынастарды әлсін-әлсін бәсекелестік жағдайына келтіреді, экономиканы динамикалық тепе-теңдікте ұстап, тұтынуды қоғамның төменгі күнкөріс деңгейі дәрежесіне сәйкестендіруге тырысады. Ал нарықтың өзі бұл жағдайда өндірістің бақылаушысы және оның реттеуші-сарапшысы ролін атқарады, сонымен қатар барлық жоспарлау мен шаруашылық субьектілерінің тікелей және өзара байланыстарын қолдайды.

Сонымен, жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды. Нарықтық қатынастар қаншама еркін, өз бетінше қалыптасады делінгенмен, барлық елдерде экономикалық даму жолдары жоспар бойынша анықталады. Әрине, бұл жоспар тікелей бұйрық немесе директива түрінде болмауы тиіс.

Жоспарлау мен болжаудың обьективті қажеттілігінің алғышарттары мыналар болып саналады:

Біріншіден, қазіргі кезде экономиканың дамуына ғылыми-техникалық прогрестің әсері күшейе түсті, барлық елдерде озық және күрделенген технологияға көшу, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың тиімді формаларына өту жоспарлауды, болжау жасауды және олардың нәтижесін алдын ала көре білуді талап етеді.

Екіншіден, жоспарлау мен болжау жасау басқарудың қажетті функциясы ретінде қолданылады. Ол мемлекетке экономиканың циклдық дамуын алдын-ала білу, тепе-теңдік сақтау және пайда болған ауытқушылықты түзету, экономикалық және әлеуметтік нәтижелерді өзара байланыстыру, сондай-ақ халықтың жағдайы төмен бөлігінің мүддесін қорғау үшін қажет.

Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында кез-келген фирма меншіктің түріне және шаруашылықты жүргізу формасына, құрылу уақыты мен өндірісінің көлеміне қарамастан, негізгі мақсатқа жету үшін кәсіпкерлік әрекетінің өзіндік даму стратегиясы мен тактикасын айқындап алу керек. Оларға бағыт және нұсқау беру тек қана мемлекет тарапынан жасалған болжам - жоспарларда ғана көрсетіледі.

Жоспарлау мен болжау - ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір-біріне обьективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді. Зерттелетін процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай болжаудың үш түрі айқындалады: ғылыми болжам (гипотеза), болжау, жоспар.

Әрбір субьектінің (адам, ұжым, кәсіпорын, мемлекет) мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері

Гипотеза (ғылыми болжам)
Болжау және жобалау
Жоспар жасау
Ұйымдастыру:шешім қабылдау және оны орындау
Бақылау және тексеру
Талдау және бағалау

Кез-келген алдын-ала болжаудың алғашқы формасы ғылыми болжам (гипотеза, грек сөзі - негіздеме, жорамал) . Бұл - бірден байқауға келмейтін фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталған құбылыстар жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру. Гипотеза (болжам) алдын-ала болжауды жалпы теория дәрежесінде сипаттайды. Гипотеза теорияға негізделіп зерттеліп отырған нысандардың байланыстары мен себеп-салдарлары жөніндегі заңдылықтарды көрсетеді. Ғылыми болжамдар дәрежесінде сапалық мінездемелер ғана беріледі. Болжам (гипотеза) тексеріліп, тәжірбиемен салыстырылып, дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, жалпы теориялар негізінде ғылыми болжауға негіз бола алады.

Болжау (прогноз - грекше алдын-ала білу деген сөз) - алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын) алдын-ала көре білу болып табылады. Болжаммен (гипотеза) салыстырғанда болжауда (прогноз) жағдай анығырақ көрінеді, себебі ол тек сапалық қана емес, сандық параметрлерге де сүйенеді, сондықтан сондықтан нысанның болашағын сандық жағынан да нақты көрсете біледі. Болжау алдын-ала көруді теория дәрежесінде және нақты қолданбалы түрде көрсетеді. Сонымен, болжау болжамнан анықтылығымен, дәлдігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар болжаудың зерттелетін нысан жөнінідегі жобасы ықтималдық сипатта болады.

Ал жоспар болса, зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жете білу жолы болып табылады. Онда қойылған мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай-ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады. Сонымен, жоспарда алдын ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс табады. Болжау сияқты жоспарда нақты, қолданбалы ғылымдардың нәтижелеріне негізделеді.

Басқару мен жоспарлау жүйесінде алдын ала көре білу формалары (болжам, болжау, жоспар) бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл процестің алғашқы бастамасы - нысанның жағдайын жалпы ғылыми тұрғыдан алдын ала көре білу болса, соңғы кезеңі - нысанның жаңа қалыптасқан жағдайына жоспар жасауға көшу. Бұлардың арасын байланыстырушы ретінде болжаудың маңызы зор.

Жоспарлау мен болжау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе-теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты - экономикалық заңдарға сүйене отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан, экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс-тәжірбиеде қолданылуы қадағаланады.

II бөлім. Жоспарлау мен болжаудың жүйесі мен принциптері

«Жүйе» деген ұғым грек тілінен шыққан, мағанасы - бөліктер мен бөлшектерден тұратын бүтін. Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір-бірімен өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық деңгейіндегі болашақ және ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады. Нарық жағдайында жоспарлау жүйесі өзара байланысты екі бағытты қамтиды.

Бірінші - республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттар жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарын, оларға сәйкес келетін параетрлер (индикаторлар) жүйесін және оған жетудің жолдарын көрсетеді.

Екінші бағыты - шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспарлаудың бұл түріәрбір қожалық етуші субьектінің және оның өнімдері мен қызметін пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады. Бұл жоспарлар мемлекеттік бағдарламалар мен жобалауды ескере отырып жасалынады.

Жоспарлау мен болжау процесі басқарудың барлық деңгейін қамтиды және оған мыналар кіреді: мақсатты негіздеу, оған жету жолын таңдап алу, қажетті ресурстарды анықтау және оны бөлу, өлшемдер (критерийлер), балама бағыттар қызметтерінің параметрлері менмодельдерін жасау, жоспарды орындауды ұйымдастыру. Жоспар жасаудың алдында мәліметтер жиналып, електен өткізіледі және жүйелі талдау жасалынады. Онда мыналар айқындалады:

  1. Әлемдегі және айналадағы жағдай туралы мәлімет жинау, PEST талдау жүргізу, яғни нарық жағдайында мемлекет, кәсіпорын қызметіне әсер ететін саяси, мәдени, әлеуметтік факторларға талдау жасау. PEST талдау ағылшын тілінде әр түрлі факторлардың жиынтығын білдіреді. Мысалы: Р әрпі әлемдегі және елдегі саяси жағдайларды, қоғамдық ортаны қорғау шараларын, халықаралық қатынастардыреттеу жолдарын (сауда, кеден, валюта, инвестиция туралы заңдардың әсерлері), салық және монополияға қарсы заңдардың әсерін алдын ала білу мәселелерін көрсетеді. Е әрпі энергетикалық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі мен олардың бағаларын, жұмыссыздық пен инфляция деңгейін, қаражат қайтару мөлшерін т. б. қамтиды. S әрпі елдегі демографиялық жағдайды, көші қон мәселелерін, халықтың білім дәрежесін, Т әрпі мемлекеттің ғылыми-техникалық және технологиялық жаңалықтарды пайдалану саясатын ескеруді білдіреді.
  2. Бәсекелестерді зерттеу және SWOT талдау жасау. Ағылшын сөздерінің басқы әріптерінен құрылған бұл талдау бизнестің дамуына әсер ететін факторларды (күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіпті бағыттарын) анықтайды.
  3. Кәсіпорынның өз шаруашылық (кәсіпкерлік) қызметіне (ұйымдастырушылық өндірістік құрылымы, стратегиялық мақсаты мен тапсырмалары, кадрлары, өндірістің даму дәрежесі, қаржы жағдайы т. б. ) талдау жасауы.

Жүйелі талдаудан кейін жоспар мен болжамның негізгі мақсаты - критерийлері мен көрсеткіштері анықталып, болашақ әлеуметтік-экономикалық дамудың әр түрлі (баламалы) модельдері (үлгілері) жасалады. Солардың негізінде барлық ресурстардың мөлшері, өндіріс қуаты, оларды тиімді пайдалану жолдары есептеледі. Бұл ретте ғылым мен техника жетістіктеріне сәйкес жаңа технологиялар енгізуді де ескеру қажет. Жоспарлаудың соңғы кезеңінде өнімдердің өзіндік құндары, өндірілген өнімдерді өткізу каналдары, бағалар жүйесі анықталып, түсетін табыс мөлшері, пайда көлемі және оларды жұмсау бағыттары белгілінеді.

Жоспарлауда кеңінен таралған әдістер - статистикалық және аналитикалық тәсілдер. Олардың көмегімен есеп беру мәліметтері зерттеледі, бастапқы мәліметтер талданады, бұлардың негізінде берілген мерзімге қажетті көрсеткіштер дайындалады. Статистикалық әдістің бірі - экстрополяция. Оның мәні: келесі кезеңдерге арналған процестер мен құбылыстар динамикасы өткен уақыттардағы тұрақты тенденциялардың негізінде анықталады.

Жоспарлау мен болжау тәжірбиесінде мынадай модельдер қолданылады: заттың нақтылы сандық және салалық баланстың құны түріндегі статистикалық моделі, салааралық баланстың құн түріндегі динамикалық моделі, экономикалық өсудің факториальдық моделі, салаларды тиімді дамыту мен орналастыру жоспарының моделі, халықтың табысы мен шығысын қалыптастыру моделі, тасымалдауды және басқаларын оңтайландыру моделі, т. б.

2. 1. «Қазақстан - 2030» стратегиясы

Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясына нагізделеді. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды. Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кешенді тәсіл
Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау
Жоспарлау - басқарудың басты функциясы
Экономикалық болжаудың мәні
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
Шығындарды жоспарлау
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Жоспарлау мен болжаудың түсінігі
Өндірісті Басқару фуңцялары
Шетелдердегі болжау мен жоспарлау тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz