Адам биологиялық түр ретінде


Адам биологиялық түр ретінде. Табиғи орта және адамзат аурулары
Адам ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты µзінің кәсіптік кеңістігін кеңейті. Жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалған жоқ. Адамзат баласы тек тіршілікке қолайлы, жақсы игерілген аймақтарды ғана емес, сонымен қатар эктремальды аймақтарды да: Қиыр Сібір, Арктика, Антрактида т. б. жерлерде де µмір сүруде. Адам ғарышқа да ұшты. Қазіргі адамзат панэйкуменді түрді береді, яғни адам Жер планетасының барлық экологиялық тұрғыдан баруға болатын жерлеріне орналасып, таралуда. Экологиялық тұрғыдан адамзатты биологиялық түрдің жалпы әлемдік популяциясы ретінде, жер экожүйесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне, сүтқоректілер класына, маймылдар отрядына, гоминидтер тұқымдастығына жататыны белгілі. (Гоминид - қазіргі заманның және мұнан 3, 5 миллион жыл бұрын болған адамдардың жалпы атауы. ) Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек, су, қоректік заттар керек, олар маусымдық және тәуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп, үйренеді. Температура мен күн сәулесі жарығының өзгеруіне байланысты, қорғану әрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын олардың табиғатқа бағынышты екенін көрсетеді. Бірақ, бұдан адамдардың жануарлар мен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды. Керісінше адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен сана бар, олар үнемі пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, өзара келісіп, бірлесіп өмір сүруге, µз іс-әрекетіне жауапкер болуға, организмдерде болмайтын ерекше әлеуметтік орта - қоғам құруға тырысады.
Олар құрған қоғамдық арақатынас басқа жануарлар арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады. Адамдар µз қауымдастық қоғамында онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.
Адамның биологиялық табиғаты барлық жанды затқа тән тіршілікті сақтап қалудан және оны көбею арқылы уақыт пен кеңістікте жалғастырудан, қауіпсіздік пен қолайлылықты барынша қамтамасыз етуден көрінеді. Барлық адамдар қоректік тізбекте І және ІІ қатардағы консументтер бола отырып, тағам тұтынады. Олар биогенді элементтердің айналымына қатысатын басқа организмдерге (редуценттермен) қажетті физиологиялық алмасу өнімдерін бөліп шығарады.
Адам - жер бетіндегі қазір белгілі болған үш миллион биологиялық түрлердің бірі. Салыстырмалы эмбриология мен анатомияның мәліметтері адам тәнінің дамуы мен құрылысынан жануарларға ұқсас белгілерді айқын көрсетеді.
Антропология - homo sapiens түрінің биологиялық ерекшеліктері туралы ғылым. Ол адамның шығу тегін, ішкі және сыртқы құрлысын (морфологиясын), дамуын, адамзат нәсілдері мен олардың шығуын, осы нәсілдердің ішіндегі адамның органикалық құрлысының қалыпты вариацияларын, оның ішінде адамдардың мекендеу ортасының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып зерттейді. Адам мен жануарлардың дене құрылысында көптеген ортақ белгілер бар:
1. Адамда (жануардағыдай) эмбриондық дамудың ерте кезеңдерінде ішкі қаңқасы желі түрінде, жұтқыншақ қуыстарында желбезек саңылаулары бар. Жүйке түтігі арқа жағында, денесі екі жақты симметриялы болады.
2. Даму деңгейіне қарай желінің омыртқа бағанасына өзгеруі, бас сүйек пен жақ сүйек аппаратының қалыптасуы, қаңқада еркін жұп аяқ қолдың пайда болуы, ішінде жүректің дамуы адамды омыртқалыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
3. Сүтқоректілердегі сияқты, адамның омыртқасы бес бөлікке бөлінген, терісі түкті және онда тер және май бездері бар, көк еттің, төрт камералы жүректің, қанның жылы болуы тән.
4. Жатырдың болуы және ұрықтың ұрпақ жолдас арқылы қоректенуі адамда плацентарлыларға жатқызуға мүмкіндік береді.
5. Қолдарының ұстауға икемділігі (бірінші саусақ басқаларына қарама-қарсы орналасқан), тырнақтардың болуы, бір жұп сүт бездері, көздерінің бір деңгейде орналасуы (үлкейтіп көруге мүмкіндік береді), сүт тістердің түсуі және тағы басқа адамды приматтар отрядына жатқызуға мүмкіндік береді;
6. Адамның жануарларға ұқсастығы туралы, оларда арғы тектің белгілері (атавизм) мен қалдықтардың (рудименттің) болуы, арғы тектік белгілер - берілген түрдің жекелеген ағзаларында бұрынғы тегінде болған, бірақ эволюция үрдісінде жойылып кеткен белгілердің пайда болуы, кейде адамда ұшырасатын арғы тектік белгілер (сыртқы құйрық, бетінде қалың түктің болуы, аса жетуілген ит тістер, көп емізіктік т. б. ) де кµрсетеді.
Сөйте тұра, адам мен адам тәрізді маймылдардың арасында түбегейлі айырмашылықтар бар:
1. Тіп-тік жүру және омыртқа жотасындағы тµрт иілім тек адамға тән қасиет;
2. Тік күйінің арқасында адамның қаңқасы кең жамбасты, кеуде қуысы жазық, омыртқасы күрт иілімді, аяғының басы тоғыспалы келеді, аяғының үлкен бақайы басқаларына жақын орналасып, тірек қызметін атқарады;
3. Қол білезігінің иілгіштігі - еңбек ету мүшесі - сан алуан, әрі дәлме-дәл қимылдар жасауға қабілетті;
4. Бас сүйектің ми сауыт бөлігі бет бөлігінен басым;
5. Адамның бас миының құрлысы өте күрделі; үлкен ми сыңарының көлемі орташа есеппен 1250 см 2 құрайды, бұл адам тәрізді маймылдардікінен едәуір артық;
6. Адамның миының психика мен сөйлеудің маңызды орталықтары орналасқан және жоғары дамығын;
7. Адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі бар, ол өнер мен ғылымды жасай алады.
Адам эволюциясының негізгі кезеңдері төрттік мұз басу дәуірінің кезінде қалыптасқан климаттық өзгерістер уақытына сәйкес келеді. Әдетте мардымсыз қазба мәліметтерінің негізінде адам мен адам тәрізді маймылдардың эволюциялық түр тармақтарының бөлінуі шамамен 20 млн. жыл бұрын жүрген деп саналатын. Алайда жүргізілген кµптеген зерттеулер ірі адам тәрізді маймылдар мен гиббондар 10 млн. жыл бұрын тіршілік етті деген басқаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда адамның шығу тегі туралы мәселе әлі де толығымен дәлелденбеген талас тұдырушы сұрақ болып отыр.
Көптеген зерттеушілер Европалық краманьондықтардың неандертальдықтардан шыққанына күмәнданады, себебі зерттеуге болатын табылған қазбаларға қарағанда эволюциялық секіріс тым жылдам жүрген. Қазіргі кезде біздің түршелеріміздің шамамен 100 мың жыл бұрын Африкадағы Homo sapiens-тің көне түрінен шыққандығы туралы болжам ықтимал болып табылады. Африкада пайда болған қазіргі типтік адамы Азияға таралып, 30 мың жыл бұрын Антрактидадан басқа барлық континенттерге аяқ басты деп болжанады. 1996 жылы ағылшын ғалымдары Джеймс Бинскот пен Адреан Хиал ДНҚ нуклеотидтерінің жүйелілігін зерттей отырып, дүние жүзінің барлық халықтары өзара туысқандық байланысы бар Африкандықтардың шағын бір тобынан тараған деген тұжырым жасаған.
Біздің түршеміздің бүкіл әлемге таралуына қарай адамдардың түрлі топтары түрлі климаттық аймақтарға тап болды. Табиғи сұрыптау барысында адамдар түрлі табиғи жағдайларға физикалық тұрғыдан бейімделді.
Табиғи орта және адамзат аурулары
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Қоршаған табиғи орта - адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Қоршаған ортаны ластау - адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т. б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.
Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.
Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.
Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
-қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
-табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
-мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
-қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
-жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
-Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
-биологиялық әралуандықты сақтау және орнықты пайдалану;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
-табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
-антропогендік іс-әрекеттен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
-өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
-экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
-өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен іске асырылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
-экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
-елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін сөзсіз қамтамасыз ету;
-өнеркәсіп объектілерін қоныстанатын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
-су құбырына және шөлмектерге құйылған ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;
-тұрғын үй ортасының, әсіресе радиоактивті параметрлер бойынша жағдайын бақылау;
-экологиялық себептерден болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;
-қоршаған ортаның жағымсыз факторларының әсерінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелденген зардапты өтеу тәртібін енгізу есебінен қол жеткізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:
- қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды болжау;
- жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін оқыту;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;
-шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық регламенттеу;
-қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді авариялардың алдын алу;
-табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу;
-табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік қаскерліктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкелетін тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу жолымен жүзеге асырылады.
Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмауына бақылау жасау жөніндегі шаралардың қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
-өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
-карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
-ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
-генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz