«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001/033 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қуандық Жанна Бостандыққызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері

5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша

Түркістан-2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Өнер факультеті

«Қорғауға жіберілді»

«Бейнелеу өнері» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., доцент м. а.

Е. Ауелбеков

«» 2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері

5В041700 - Сәндік өнер мамандығы бойынша

Орындаған:

ӨКМ-211 тобының студенті Қуандық Ж. Б.

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. д., профессор Ералин Қ. Е.

Түркістан-2016

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЖӘНЕ СӘНДІК БҰЙЫМДАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Қазақтың халықтық сәндік өнері және оның дамуы . . . 5

1. 2 Қазақтың сәндік бұйымдары арқылы сәндік қолөнерін дамыту ерекшеліктері . . . 19

2 ҰЛТТЫҚ СӘНДІК ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНДА ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

2. 1 Қазіргі қазақстандық сәндік қолөнер туындыларындағы ою-өрнектерді қолданылу мазмұны . . . 38

2. 2 «Ұлттық ырғақтар» тақырыбындағы композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану тәсілдері . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 62

ҚОСЫМШАЛАР . . . 64

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ұлттық сәндік қолөнері қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық құндылықтарының бірегейі. Өткен ғасырда өмір сүрген қазақ ұсталары мен шеберлерінің, зергерлерінің мұраларын бүгінгі ұрпаққа насихаттау, мұражай қорында сақталған жәдігерлерді ел назарына ұсыну - қазіргі күн талабы. Өйткені халқымыздың қолынан шыққан сәндік өнер туындылары саналуан қырымен, жасалу шеберлігімен, құндылығымен қазақ халқының ұлттық байлығын, сәндік қолөнер кәсібінің бірегей, ерекше дәстүрін әлемге паш ететінін ұғындырудың маңызы зор.

Қазақтың сәндік қолөнер кәсібі мен сәндік қолданбалы өнерін қолданыстағы және мұражай қорындағы жәдігерлер негізінде түсіндіру қажеттігі қазір басым. Тоқыма өнері, сол сияқты киіз басу, тері илеу, зергерлік т. б. өнер түрлері сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жатқызылғандықтан, қазіргі заман талаптарына сай, сәнді де көркем болуы тиіс, яғни халықтың эстетикалық идеалдары мен талғамдарына сәйкес болуы жалып талаптарға негізделеді.

Сәндік-қолданбалы өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі, ал шеберлердің қолынан шыққан әсемдік заттар - халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасына айналған асыл мұра деп есептеуіміз керек. Әрбір адамның ата-тегін, елінің тарихын, ана тілін білуі, ұлтын сүюі қасиетті парызы, ал ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін, өнерін өмір бойы сақтап ұстануы, дамытуы ата-баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеті екенін бүгінгі жастарға түсіндіру қажет.

Казіргі кезде сәндікке арналған ұлттық сәндік бұйымдарының жиынтығын зерттеу өнер іліміндегі өзекті мәселенің бірі болып саналады. Қазіргі таңда ұлттық сәндік қолданбалы өнер бұйымдарына деген сұраныстың артуы мен сол бұйымдарды жасауға үйрету әдістерін жаңарту қажеттілігі арасындағы, сол сияқты жас ұрпақты сәндік-қолданбалы өнерге баулу мәселесінің өзектілігі мен шығармашылық іс-әрекеттерге үйрету жұмыстарында ұлттық ою-өрнектерді пайдаланудың әлі де болса өз деңгейінде болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар зерттеу тақырыбымызды «Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері деп таңдауымызға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Сәндік қолөнер бұйымдарының пайда болуын қарастыру және гобелен жасауда ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістерін көрсету.

Зерттеу нысаны: Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері мен халықтық тоқыма өнеріне үйрету үдерісі.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • қазақтың халықтық сәндік қолөнері және оның дамуын қарастыру;
  • қазақтың сәндік бұйымдары арқылы сәндік қолөнерін дамыту ерекшеліктерін анықтау;
  • қазіргі қазақстандық сәндік қолөнер туындыларындағы ою-өрнектерді қолданылу мазмұнын айқындау;
  • «Ұлттық ырғақтар» тақырыбындағы гобелен композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану тәсілдерін көрсету.

Зерттеудің көздері: Философия, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, білім, өнер туралы ғылыми еңбектері, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазақстандық, алыс, жақын шет елдік философтардың, психологтардың, өнер саласындағы еңбектері.

Зерттеу әдістері: Философиялық, психологиялық, өнер саласындағы зерттеулер және талдау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу .

Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Зерттеу жұмысы бойынша қарастырылған бірқатар материалдар өнер, Қазақтың халықтық зергерлік өнері, қыз- келіншектердің әшекей түрлері туралы теориялық ілімді толықтырады.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Қазақтың халықтық сәндік-қолданбалы өнері, тоқыма өнері, кілем тоқу немесе гобелен тоқу бұйымдарының жиынтығы туралы практикалық құнды материалдар толықтырылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Сәндік қолданбалы өнер және сәндік бұйымдардың пайда болуының теориялық мәселелері

  1. Қазақтың халықтық сәндік өнері және оның дамуы

Әрбір азаматтың ата -тегін, елінің тарихын, ана тілін білуі, ұлтын сүюі қасиетті парызы, ал ұлтының әдет-ғұрпын, салт - дәстүрін, мәдениетін, өнерін өмір бойы сақтап, ұстануы, дамытуы ата-баба рухы алдындағы мәңгілік борышы мен міндеті.

Қазіргі Қазақстан аумағында техникалық және көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар - таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары (б. з. д. 5 - 4 ғ. ), сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт-саймандары (Есік қорғаны, б. з. д. 4 ғ. ), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б. з. д. 2 - б. з. 2 ғ. ), жарқырауық тас орнатылған сырғалар (Ақтас-1 қорымы, б. з. 2 - 5 ғ. ) табылған. Бұларда бірін-бірі толықтыратын техникалық тәсілдер - бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, т. б. қолданылған [1] . Кеткеніміз оралып, жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанған тәуелсіздік шапағаты төгілген осынау кезеңде, егемендігіміздің еңселі жылдарының жарқын бір жемісі - мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жасалып, жүзеге аса бастауы. Оның мақсаты - халқымыздың бірегей ұлттық мәдениет, мәдени құндылықтарын іздеп, тауып, зерттеп әлемге әйгілеу. Осыған қазақтың ұмытылып, назардан тыс қалыңқырап бара жатқан киелі де бірегей ұсталық кәсіп, зергерлік өнерін қайта тірілту, дамыту бағытында ізденістер, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Ер адамдардың қолынан шыққан қолөнер түрлері атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін үзілмей жалғасып келе жатқан өнер.

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны қол өнерінен, музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, ән-күйлерді тыңдай отырып оның қай ұлттқа тән екенін ажырата білуге болады. Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрі, өнері сол халықтың мінез-құлық қасиеттерін таныта алады.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Сол сияқты халықымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық дәстүрі ауыз толтырып айтарлықтай. Біздің ұлттық дәстүріміз қайталанбас тек қазақ халқына тән қасиеттер деп танылады. Ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихы қалыптасқан дәстүр ұлтымыздың мінез-құлқымен іс-әрекетінің рухани негізі. Ұлттық дәстүр, өнермен тығыз байланысты екені бәрімізге белгілі. Өнері дамыған ел ұлттық дәстүрге де бай. Өнер өмірде күнделікті болып жататын тыныс тіршілікті санадағы образдар арқылы іс-әрекеттің бейнелеуінен туындайды. Өнер туындылары өзінің ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Көркем сурет, мүсін, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері өмірдегі құбылыстар арқылы бейнеленсе, ал музыка, би, сәулет өнері адамның ішкі жан дүниесінің толғанысынан пайда болады.

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық дәстүрлі өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайысысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны - ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі.

Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни тұрғыда салынған әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары.

Қазақ халқының этнографияиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтерінің де ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу, өрнектерінен белгілі бір орын алғандығы байқалады. Мысалы: бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және тағы басқаларын айтуға болады.

“Ай”, “Жарты ай” өрнектері шынында да аспандағы айды мезгеп жасалынған. Бұлар көбінесе діни орындардың сәулеттік безендіруінде, мешіт-медреселердің мұнараларында, мазараттарда, жайнамаз сияқты заттарда көбірек кездеседі. “Ай” өрнегінің ислам діні келуден көптеген жылдар бұрын шыққаны анық. Мұның себебі де жоқ емес. Бір замандарда көптеген қауымдар ай мен күнге, от пен жұлдызға табынған. Жаратылыс құбылыстарынан мағұлматсыз заманда ай да, күн де, жұлдыз да тәңірі болып көрінген. Осыған байланысты аспан әлеміндегі денелердің ең көріктісі және құбылысы көп айды олар тәңірі тұтып жалбарынған, оған құрбандықтар шалған. Қазақтардың тілек тілер, бата қылар жиындарда көк қасқа малды айтып союы да осы ескілік нанымнан қалған әдет. Көк дегенде, түсіне қарай аспанды тұспалдаса, қасқа дегенде сол көктегі айды тұспалдаған [4, 16 б. ] .

Осыдан біз өмірдегі болған оқиғалар мен аңыздардың, діни ұғымдардың өрнек, әшекей істердің кейбір элементтеріне әсер еткендігін байқаймыз. Осындай өткен замандағы әдебиеттер де, халық ауызындағы аңыз деректерде, қазіргі шеберлердің айтуына қарағанда, ою-өрнектердің, жалпы дәстүрлі өнердің қайсысы болса да белгілі бір діни наным-сенімнен немесе бір ұғымды бейнелеуден туғандығы анықтала түседі.

Міне сол ата-бабаларымыздың діни наным-сенімі бүгінгі таңдағы өнертуындыларынан жалғасын тауып отыр. Мысалы: Тамғалы тас, Ешкі өлмесаңғарларынан күн басты құдайлар мен күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашалып салынған. Дәл осы бейнелер қазіргі таңда басқаша қырынан жалғасын тауып отыр. Атап айтқанда, Алматы өткізілген 1990 жылдары Халықаралық “Азия дауысы” ән байқауының таңбасын Б. Заурбекованың ұлттық қол өнеріндегі “Күн басты тәңірі” атты гобелен жұмысынан байқауымызға болады. Қазақстанның елдік таңбасы туымызда тектен тек күн бейнесі бейнеленбеген, өйткені Күн - мәңгіліктің символы.

Мәселен, ер-тұрман көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты, ауқатты қазақ отбасы өз бетімен салт жүруге жараған барлық балаларына түгелдей ер-тұрман дайындаған. Ал, қайсыбіреулері баласы туысымен-ақ атақты ершілер қосқан тамаша ер, сәнді тұрмандарын дайындауға қамданатын. Сондықтан, қазақ даласының қай жерінде болмасын ер тоқым жасау ісі кең өріс алған. Осыған орай ершілер өнері жоғары бағаланып, тәжірибелі ершілерді қысы-жазы бірдей қолдан- қолға тигізбей ер қостырып отырған.

Еркектерге арналған қазақ ерлерінің сүйегі жұқа және ықшам болатындықтан, олар өте жеңіл келеді. Күміс әшекейлері тым шағын, бірақ өте ұнамды болады. Еркек ерлерін әшекейлеуге мүйіз бен сүйек жиі қолданылады. Мұндай заттарды алдын ала дайындап алып, бетіне сан түрлі өрнектер жүргізіп, көбінесе ердің қасына ойып орнатады. Сүйек әшекейлері орнатылатын ерлер мүйіз түсін ашатындай басқа түсті бояумен болады. Бұлай жасалған ерлер өте сыпайылығымен көз тартады. Бұл туралы өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ даласын көп аралаған генерал А. К. Гейнс те атап көрсеткен еді.

Қазақстанның қай облысында болмасын әйелге арналған ер өзінің үлкендігімен де, әдемілігімен де көзге түседі. Әйел ерінің сүйегі ауыр, әшекейі де мол болады. Мұндай ер-тұрмандарға, негізінен алтын, күміс, асыл тас, сүйек, мүйіз, былғары, шұға және барқыт пайдаланылған. Мұндай ердің сыртқы пішініне келетін болсақ алдыңғы қасы өте биік, артқы қасы жалпақ келеді. Әрі әйелге арналған ердің алдыңғы және артқы беті түгелдей күміс шабылған темір пластинкалармен немесе қақталған күміс әшекейлермен безендіріледі[2] .

Ежелгі шеберлердің ішінде оюлау, әрлеу жұмыстары айқын байқалатын әсіресе зергерлік сәндік өнердің алатын орны ерекше, сондықтан осы сәндік қолөнер түріне көбірек тоқтағанды жөн көрдік. Олардың қолынан шыққан шебер мүсіндер - арқардың (не қошқардың) басы, мүйізі. Ол жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда, шолпыларда көбірек кездеседі. Сондай-ақ, ежелгі өнерде кездесетін көркем мүсіннің бір түрі - таутеке бейнесі. Мысалы, таутекенің қияда қатып тұрған сәті (қаптырмада), басы, мүйізі (жүзікте), бөкеннің, еліктің басы, олардың жаудыраған көзі (ілгекте, қаптырмада, жүзікте) әдемі шекілген. Сол кездегі зергерлер, әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері бұйымдарындағы бейнелердің барлығы құю, қырнау, безеу, қақтау әдістерімен, жұмыр мүсін не рельеф түрінде жасалған. Олардың көпшілігі ат әбзелдерінде, кісенің ілгектерінде, киімнің қапсырмаларында, әйел әшекейлерінде, музыка аспаптарында, қару-жарақтарда тамаша әшекей рөлін атқарып, ғажайып үндестік тапқан. Сақ, ғұн, үйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан пішін жасаумен бірге, оның бетіне асыл тас орнату әдісін де меңгерген.

Орта ғасырларда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып, қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған, Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезеңде ат әбзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, бедерлеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары - қола шырағдандар, ыдыс-аяқ (Оңтүстік Қазақстан, 10 - 13 ғ-лар) жасалған [3] .

Ел арасындағы халық шеберлері түрлі көркем, нәзік істерді қарапайым әдіспен орындайды. Көбінесе білезік, өңір жиек, сақина, сырға, тіс шұқығыш (бұрын алтын, күміспен орнектеп жасап, қалтаға салып жүретін), қиықша, қоза, шолпы, алқа, қапсырма, сәукеле түйреуіш, мық, ілгек, сағат бау, үзбе, түйме, түйменің сабағы, бұрама, деңбет (дөңбет), кемер белдік, кісе сияқты адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ыдыс-аяқ, ағаш төсек, ер-тұрман, қару-жарақ, жазу жабдықтары, темекі салғыш, насыбай шақша, опа сауыт, домбыра, қобыз, сырнай және т. б. алуан түрлі жиһаздарды әшекейледі. Зергерлікті жұмыстың орындалу әдістеріне қарай: техника жолымен преске, қалыпқа салып қысу, балқытқан металдарды арнаулы қалыптарға қүю, бір металға екінші металды оюластырып жапсыру, тұтас металдың бетін ою, сызу арқылы өрнектеу, металдарга алтын, күміс жалату, металды қақтау, қуыстау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау сияқты бірнеше түрге бөледі. Бұл заттарды қалай жасалатындығын әнгіме етейік.

Қазақстан мемлекеті бүгінгі таңда әлемдік мәдениет, өркениет аясында зайырлы, мәдениет аралық сұхбат бағытын ұстанған мемлекет ретінде танылып отыр. Жер бетіндегі барша халықты өзінің толқынына тартып отырған жаһандану үрдісі қазақ мәдениетін де тыс қалдырмасы анық. Осы орайда ұлттық мәдениеттің ұлттығын, ерекшелігін, өзіндік бірегейлігін танытып, жаһандық емес, ұлттық мәдениет қалпында сақталуына көмектесетін басты арқау - дәстүр. Дәстүр - бұл әрбір ұлттың баға жетпес мұрасы, көнеден келе жатқан ілкі бастауы. Дәстүр (лат. tradito - тапсыру, жалғастыру) сан ғасырлар бойы қалыптасқан, атадан балаға мұрагерлік ретінде беріліп отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, адамзат баласының рухани кеңістігін танытатын қазына болып табылады. Тарих қойнауында жатқан асыл мұралар бүгінгі таңда Президент тарапынан қолдау көрген «Мәдени мұра» бағдарламасының негізінде мәдени ортамызды толтырып, қазақтың қоржынының үлес салмағын арттыруда.

Сахарада өздерінің бірегей дарындылығымен көзге түсіп, бармағынан бал тамған ағаш шеберлері тамаша ұлттық өнер туындыларын мұра еткен. Олардың ағаш тамырынан ойып, өрнектермен көмкерген әдемі тостағандары, бүйрек формалы қымыз ожаулары, күміспен құймалап, асыл тастармен безендірген тегенелері, піспек бастар мен шыны-аяқ салатын ағаш құтылары - асқан шеберліктің жемісі. Бұған қоса, қазақтың күмбірлеген домбырасы мен сазды әуенді қобызын жасау сияқты музыка аспаптарын сомдау шеберлігі өзінше бір төбе. Ағаш шеберлері арқар, бұғы, таутеке мүйіздері мен түрлі сүйектерді қобдишаларға, шақшаларға, мылтық құндақтарына, домбыраларға және қазақы ерлерге алуан түрлі әшекей, ою-өрнек жасайтын материал ретінде пайдаланған.

Ағаш ою өнері ағаш ұқсату шеберлігіне етене жақын. Қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен айналысатын маманды кәсіби ерекшелігіне қарай үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Үйші негізінен киіз үй сүйегін, яғни кереге, уық, шаңырақ дайындаумен айналысса, оймашы бетіне міндетті түрде өрнек салынатын жастықағаш, жүкаяқ, төсекағаш, кебеже тәрізді үй ішінің мүлкі мен аяқ-табақтарды оятын іскер болған. Балташы ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етсе, тоқушы балық ұстау үшін пайдаланылатын қаза, тұрмыстағы түрлі шаруа қажеттін өтеу мақсатындағы себет, шыпта, шарбақтарды өрумен шұғылданған. Алайда ағаш ұқсату шеберлігінде кәсіп ету саласының белгілі бір шектері жоқ: күнделікті өмірде үйші тоқумен, балташы үйшілікпен, тоқушы оймашылықпен айналыса берген. Сондықтан қазақтар ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберлер ұста ретінде де танылған.

Ұсталар кәсіби ерекшелігіне, яғни ұсталық ісінде қолданатын материалдардың түрлеріне қарай темір ұстасы және ағаш ұстасы деп бөлінген. Бұл бөлініске қарамастан, нағыз ұста ұсталық өнердің екі түрін де жете меңгеруі тиіс болған. Жасаған заттары жұртты тамсандырған, он саусағынан өнер тамған жан-жақты шебер ғана халық арасында ұста атағын иемденген, бұған қоса халық ұста дүкенін құттыхана атап, ұстаның қолынан шыққан дүниені киелі санаған. Беделді, танымал ұсталар соққан заттарды ырым етіп, қабырға тұсына ілудің бүгінге шейін сақталуы осының айғағы [6] .

Дала көшпенділері тіпті кәдімгі ағаштың өзін әулие көріп, табиғат сыйларын пір тұтып отырған. Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов «Тәңір» атты еңбегінде: «Айдалада дара өскен ағаш . . . тәу етіп, басына түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді . . . басына құрбандық шалады», - деп ата-бабаларымыздың ағаштың қасиеттілігіне бас иіп, көңілдеріне медет ететіндігін жазады [7, 157-161] .

Түркі тілдес халықтардың ортақ қазынасы - «Қорқыт ата кітабында»:

«Атың ағаш десем шамданба, ағаш!

О, Мекке мен Мәдиненің есігі болған - ағаш!

Құдаймен тілдескенде Мұсаның асасы болған ағаш!

Ерлердің ері Әлидің дүлдүліне ер болған - ағаш!

Зұлыпқарға сап болған - ағаш!

Хасан мен Хұсайынға бесік болған - ағаш!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Сыңармүйіз қосмүйіз , қошқармүйіз деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі
Қазақ оюларының сырлары
Бастауыш сынып бейнелеу өнері
Космогониялық өрнек
Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Ою-өрнекті әр түрлі әзірлемелерді дайындауда дағдылы сәндік жұмыстарды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz