Мау Зедоң


Мау Зедоң
Қытай Коммунистік партиясының төрағасы лауазымына ие болғаны
1945 - 1976
Ізашары Чен Дусю
Ізабасары Һуа Гофең
ҚХР-дың 1-ші Төрағасы
лауазымына ие болғаны
1954 - 1959
Ізашары Жоқ
Ізабасары Лю Шаоци
Дүниеге келгені 1893 ж. желтоқсанның 26 (117 жыл)
Һунан, Циң дәулеті
Қайтыс болғаны 1976 ж. қыркүйектің 9 (82 жаста)
Бейжиң, Қытай Халық Республикасы
Ұлты қытайлық Саяси партиясы Қытай Коммунистік партиясы
Жұбайы Яң Кайһуей (1920-1930)
Һе Зіжен (1930-1937)
Жияң Циң (1939-1976)
Мау Зыдоң айтылуы (тыңдау) (Жеңілдетілген қытайша: 毛泽东; Дәстүрлі қытайша: 毛澤東; Máo Zédōng) ; 1893 жылғы желтоқсанның 26-сы - 1976 жылғы қыркүйектің 9-ы - Қытайдың әскери және саяси жетекшісі. Оның бастауымен Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) басшысы Қытай Азамат соғысының кезінде Гоминдаң (国民党) партиясының үстінен жеңіске жетіп, 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жариланғаннан 1976 жылы қайтыс болғанға дейін оның жоғарғы жетекшісі болды.
Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып есептелген ол[1], Мау қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға болып табылады. Қытайдың өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылы Қытайды қуатты мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маудың әлеуметтік-саяси жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды. [2]
Балалық және жастық шағы
Мау Зыдоң 1893 жылғы желтоқсанның 26-сында Һунан өлкесінің Сяңтан аймағындағы (湘潭縣) Шаушан ауылында біршама әлді шаруа отбасында дүниеге келген. Оның ата-бабалары Һунанға Миң дәулетінің заманында Жияңси өлкесінен қоныс аударып, сонда шаруалар ретінде тұрақтап қалған болатын. Оның әкесінің аты - Мау Женшең, ол шаруа болатын. Оның анасы - Уен Чимей будда дінін қатты ұстанатын кісі болған. Отбасы ауқатты отбасы болғандықтан, оның әкесі оны мектепке және Чаңшадағы келесі басқыш мектебіне жіберуге жағдайы көтерді.
1911 жылғы төңкерістің кезінде Мау Һунан өлкесінің төңкерісшілердің жағында соғысқан қосынына қатардағы жауынгер болып қабылданды. Циң дәулеті тақтан түсірілгеннен кейін Мау әскерді тастап, оқуын жалғастырды. [3]
1918 жылы Һунанның өлкелік бірінші мектебін бітіргеннен кейін 1919 жылдың 4-ші мамыр қозғалысының кезінде Мау өзінің мектеп ұстазы және болашақ қайын атасы Яң Чаңжимен бірге Бейжиңге сапар шекті.
Профессор Яң Бейжің университетінде ұстаздық қызмет атқаратын. Яңның қолдауымен Мау университеттің кітапханасына кітапханашы болып орналасты, онда ол Ли Дажаомен танысып, оның қол астында жұмыс істей бастады. Мау Бейжің университетіне жарым-жартылай уақыт оқитын студент ретінде түсіп, Чен Дусю, Һу Ши, Цян Сюантоң секілді атақты ғалымдардан лекция тыңдап, семинарларына қатысты. Бейжіңде жүрген кезінде ол барынша көп кітап оқуға күш салып, коммунизм ілімімен танысты. Сол кездері ол өзімен бірге оқитын Яң Кайхуейге үйленді, ол профессор Яңның қызы болатын. Маудың өзі бұл некені ешқашан мойындаған емес. 1930 жылғы қазан айында Гоминдаң Яң Кайхуейді ұлымен бірге қолға түсірді. Жасы 8-дегі Анійңді олар туыстарына жіберіп, оның анасы Яң Кайхуейді өлтірді.
Бұл кезде Мау Һе Зыжен деген Жияңси өлкесінде туған 17 жасар қызбен бірге тұрып жүрген болатын.
Мау Францияға оқуғабару туралы ұсынысты қабылдамады, себебі оның ойынша Қытайдың алдында тұрған қиындықтарды тек Қытайдың ішінде жүріп қана шешуге болатын еді. Өз замандастарынан бір айырмашылығы, Мау тағы Қытайдың басым бөлігін құрайтын шаруа қауымын зерттеуге зор көңіл бөле бастады.
1921 жылғы шілденің 23-інде 27-жасар Мау Шаңһайда өткен Қытай Коммунистік партиясының ұлттық съезінің бірінші отырысына қатысты. Екі жылдан кейін үшінші съездің кезінде партияның Орталық комитетінің бес комиссарының бірі болып сайланды. Сол 1923 жылдың аяқ жағында Мау ҚКП Орталық комитетінің және Гоминдаң Орталық комитетінің тапсыруымен Һунанда Гоминдаң партиясының жергілікті ұйымын ұйымдастыру үшін Һунанға қайта оралды. [4] 1924 жылы ол Гоминдаңның бірінші ұлттық конференциясына делегат болып барып, сонда Орталық комитеттің балама атқарушысы болып сайланды. 1924 жылы ол Гоминдаңның Шаңһай ұйымының атқарушысы және ұйымдастыру бөлімінің хатшысы болып таңайындалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz