Еңбекті қорғауды ұйымдастыру


Еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұйымдастырушы негізгі актілер.
2. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Еңбекті ұйымдастыру - жұмыс күшін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндіріс барысында адамдарды тиісінше орналастыруды‚ еңбек бөлінісін‚ әдістерін‚ оны біріктіруді‚ нормалауды‚ ынталандыруды‚ жұмыс орындарын ұйымдастыруды‚ оларға қызмет көрсетуді‚ қажетті еңбек жағдайын қамтиды. Тиімділік пен ғылыми негізделудің түрлі дәрежесімен сипатталады. Өзара байланысты экономикалық‚ психофизиологикалық және әлеуметтік міндеттердің топтарын қамтамасыз етуге тиіс. Экономикалық міндеттер еңбек өнімділігін арттыруға‚ өндіріс құрал-жабдығын толық пайдалануға‚ өзіндік құнды төмендетуге‚ өнім сапасын жақсартуға бағытталған; психо-физиологиялық міндеттер қоғамның басты өндіргіш күші - адамның денсаулығын сақтауды және жұмыс істеу қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін қолайлы өндірістік жағдай жасауға бағытталған; әлеуметтік міндеттер - еңбекті материалдық және ағлақтық жағынан қанағаттандыруға‚ жұмыссыздықтан қорғауға‚ жұмысшылардың басқа да әлеуметтік мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған. Еңбекті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі мазмұны - мына бағыттар бойынша шаралар кешенін жобалап‚ енгізу: жұмыс орындарын мамандандыру‚ қызметкерлер құрамын ұтымды іріктеу‚ олардың еңбегін жұмыс түрлері мен біліктілік бойынша бөлу негізінде еңбек бөлінісі мен бірігуі нысандарын жетілдіру; жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізу; еңбек тәсілдері мен әдістерін оңтайландыру; еңбек жағдайын жақсарту; еңбекті нормалау мен оған ақы төлеуді жетілдіру; кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру.
1. Еңбекті қорғау саласында қызметті ұымдастырушы негізгі актілер
Еңбек Кодексінде сәйкес, қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
Қоғамда еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, техникалық, методикалық, өндірістік, санитарлық-гигиеналық кешендерінен және басқа шаралардан құрылады. Шаралардың негізгі бағыттары - бұл:
- прогрессті технологияны, комплексті механизацияны, ауыр және ауыр еңбек жұмыстарын енгізу, өндіріс мәдениетінің деңгейін арттыру;
- қол көмегімен жасалатын еңбекті қысқарту үшін кіші механизация құралдарын енгізу;
- еңбек жағдайларын жақсартуға бағыталған техникалық құралдарды енгізу және қызметкерлерді қауіп жоғарылаған зонадан шығару;
- еңбекті қорғау нормалары мен ережелеріне сәйкес, қоршаған ортаның шаң болуын, газ болуын төмендету, жұмыс орындарында шуыл деңгейін және температуралық режимді келтіру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау;
- қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту;
- қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандартарын енгізу.
Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың мақсаты - еңбек қызметі үдерісінде яғни, өндірісте қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды сақтау және еңбекті қорғауға жағдайлар жасау болып табылады.
Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек кодексі реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Олардың қатарына мына заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді жатқызуымызға болады:
1. Қазақстан Республикасының 15. 05. 2007 жылғы N251 Еңбек кодексі. 19. 12. 2007. жылғы №9-ІV Заңымен мазмұы өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді), (05. 05. 2009 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278-Ө бұйрығымен бекітілген «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» ережесі.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы № 200-П бұйрығымен бекітілген «Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі» туралы үлгі ережесі.
Мыналардың күшi жойылды:
1. "Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 931-құжат) ;
2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 41-құжат) .
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің мазмұны. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер:
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптарын;
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
4) авариялық жағдайларындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
5) жұмыс аяғындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын;
6) өндірістік (технологиялық) үдерістерге қойылатын талаптарды;
7) өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарды;
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік үй-жайлардан тыс жерлерде атқарылатын үдерістер үшін) қойылатын талаптарды;
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен шала өнімдерге қойылатын талаптарды;
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптарды;
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды;
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, шала өнімдерді, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптарды;
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимін;
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптарды;
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды;
16) қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптарды;
17) қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық үй - жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қамтуы тиіс.
2. Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар:
1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.
2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен мен денсаулығының басымдығын белгілеу;
2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қызметкерлердің еңбек қызметі үдерісінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамту;
4) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату.
Кәсіпорында еңбекті нормалау бұл кәсіпорын қызметіндегі ең негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады. Кез келген операция сияқты бұл үрдіс белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу, бастапқы материалдарды талдауға және жүйелеуге, норма шамасына әсер ететін факторларды таңдауға әсер ететін және психофизиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторларды ескере отырып, нормативтік шамаларды математикалық өңдеу әдістерін қолдануға негізделген ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
Нормативтік материалдар нақты ұйымдық-техникалық жағдайлардағы еңбек нормаларын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек нормаларының сапасы белгілі бір дәрежеде негізінде өздері есептелетін, нормативтік материалдардың сапасымен айқындалады.
Нормативтік материалдардың сапасы көптеген факторлардың, атап айтқанда, операция элементтерін орындау кезінде еңбек шығынына әсер ететін, олардың саралану дәрежесіне, құралдардың сипаты мен еңбек құралдарына, бұйымдардың номенклатурасына, біртектес бұйымдарды дайындаудың қайталануына және т. б. байланысты болады. Алайда, белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, нормативтік материалдар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
- прогрессивті болуға, яғни техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың заманауи деңгейін көрсетуге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz