Тiл қатынасы

1. Тiл қатынасы жөнiнде түсiнiк
2. Тiлдесу ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
3. Сөз (сөйлеу) қызметтерi
4. Сөйлеу түрлерi
Адамның қоғамдық болмысы жанжақты әрi көп деңгейлi аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгiме еткенбiз. Ал осы қатынастар арасында өзiнiң ерекше мәнi мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс бұл тiлдестiк қатынастар. Тiлдесу барысында адамдар өзара әрекеттiк байланысқа келiп, тұрмысеңбек тәсiлдерi мен нәтижелерiн, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерiн, қызығулары мен сезiмдерiн және т.б. өзара бөлiседi, алмасады. Тiлдестiк қатынас бiршама дербес құбылыс ретiнде қабылдануымен, субъектi белсендiлiгiнiң ерекше бiр формасы ретiнде көрiнедi. Тiлдесу қызметiнiң нәтижесi өзгертiлген, болмаса қайта жасалған дүниелiк не идеалдық өнiм емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгiме тек бiрдiң екiншiге бағытталған жай әрекетi, не оның ықпалы жөнiнде емес, ал өзара, бiрбiрiне болған әсерi туралы. Тiлдесу үшiн мiндеттi түрде әрқайсысы өз алдына субъектiк мағынаға ие ең кемiнде екi адам болуы қажет.
Қазiргi кезде жалпы психология мәселелерiнiң көптеген шешiмi осы тiлдестiк қатынастарды зерттеуге байланысты болып отыр. Себебi психологиялық бейненiң бiр формадан екiншiсiне өтуi (мыс.: түйсiктiң сезiмге, сезiмнiң ойға, ойдың сөзге т.с.с.), адам психикасындағы ашық сана аймағы мен бейсана байланысы, адам көңiл шарпуларының ерекшелiктерi, жеке адам заңдылықтары т.б. осы тiлдестiк қатынастың негiзiнде жасалады.
Тiлдесу деген не? Тiлдесу бiркелiкi iсәрекет қажеттiгiнен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзi. Тiл қатынасы негiзiнен әңгiмелесушiлердiң өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тiл қатынасының коммуникативтiк сипатын құрайды. Тiлдесудiң екiншi тарапы сөйлеушiлердiң өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бiр бiрiнiң әрекетiн, қылығын танып, оны өзгерiске келтiруi, жауап беруi. Ақырғы, тарапы тiл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бiрiн бiрi қабылдап, өздерiнiң психологиялық бейнесiн түзуi.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Сонымен, бiртұтас тiлдесу процесiнде үш бағытты байқаймыз:коммуникативтi (ақпарат алмасу), интерактивтi (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивтi (адамның бiрiн бiрi қабылдап, түсiнiсуi). Осы үш, бiрбiрiне байланысты тiлдесудiң қырлары бiрлiктi қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдiстерiн құрайды.
Тiлдесу мен iсәрекет өзара тығыз байланысты екенi сөзсiз. Бiрақ, әңгiмеге арқау болып отырған тiлдесу қызметi iсәрекеттiң бiр бөлiгi ме, не бұл екеуi өз алдына дербестiгi бар, теңдей құбылыс па?  деген сұрақ туындайды. Бiрлiктi iсәрекет барысында адам қажетсiнуден мiндеттi түрде басқа адамдармен қауым түзедi, сөйлеседi, пiкiр алысады, яғни байланысқа келiп, өзара түсiнiсумен ақпарат алысып, берiседi. Бұл жағдайда тiлдесу қызметi iсәрекеттiң бiр бөлiгi сипатында қарастырылады, бiрақ адам мұнымен шектелiп қалмайды. Тiлдесе отырып адам басқаларға өзiнiң ерекшелiктерiн, даралық қасиеттерiн танытады (қазақтың аузын ашса, көмекейi көрiнедi деген қанатты сөзi осыдан). өндiрiлген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш, жазылған кiтап, орындалған ән) бұл, бiр жағынан, iсәрекет нысаны, ал екiншi жағынан  адамның өзiнөзi қоғамдық тұлға ретiнде көрсетуiнiң қажеттi құралы, себебi өнiм басқалардың мүддесiне бағышталған. Осы зат арқылы адамдар арасындағы қатынас тiке емес, жанама сипат алады да, өндiрушi мен пайдаланушыға теңдей ортақ тiл байланысын туындатады.
Сонымен, iсәрекет  тiлдiк қатынастың бiр бөлiгi, ал сезiм iсәрекеттiң құрам бөлiгi, ал екеуi қосылып барша жағдайларда тұтас бiрлiктi құрайды.
Тiлдесу әрекетiнiң сипаты, аймағы мен әдiстерi оған қатынасқан адамдардың әлеуметтiк қызметтерiмен, қоғамдық қатынаста тұтқан орынымен, қандай да қауымға мүшелiгiмен анықталады да өндiрiс, өнiм алмасу және оны пайдалануға байланысты жағдайларға, сондайақ қоғамда орныққан заңдар, ережелер, талаптарға сай әлеуметтiк мекемелер тарапынан реттелiп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тiлдесу процесiне қатыспайтын адамға тән психикалық құбылыстарды атау өте қиын. Iсәрекетпен бiртұтас байланысқан осы тiлдесу арқылы адам бүкiл қоғам жаратқан тәжiрибенi игередi. Жеке адам дамуы тұрғысынан тiлдесу барысында бiрiнебiрi қайшы екi диалектикалық бағыт өзара байланысқа келедi: бiр жағынан, жеке адам қоғам өмiрiне араласады, адамзат топтаған тәжiрибенi игередi, ал екiншi жағынан  адамның даралығы айқындалады.
2. Тiлдесу  ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
Тiлдесудiң жеке адам деңгейiндегi сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызметi үш түрге бөлiнедi: ақпараттық тiлдесу,  реттеу тiлдестiгi және сезiм бiлдiру тiлдестiгi. Осыдан тiлдестiк қатынастың үш түрлi мазмұны  ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал және адамдардың бiрiнбiрi түсiнуi.
Коммуникативтiк процесте, бiрiншiден, ақпарат бiр жақты бiреуден бiреуге жеткiзiлiп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бiр адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екiншiсi жауап хабар алуға бағытталған әрекетi үздiксiз жүрiп жатады. Егер осы ақпарат тiлдесу барысында түсiнiмдi қабылданса ғана, тiлдескен адамдар үшiн өз мәндiлiгiне ие болады.
Екiншiден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесi негiзiнде адамдардың бiр бiрiне ықпалды әсер ете алуына байланысты келедi. Бұл жағдайдағы коммуникативтiк ықпал бiр адамның екiншiсiне жасаған психологиялық әсерiне теңгерiледi.
Үшiншiден, ақпарат алмасудың нәтижесi болған коммуникативтiк ықпал тiлдесуге қатысқандардың тiл жүйесiндегi таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады. Бiрақ, ескеретiн жәйт, бiр сөзге тән мағынаның өзiн бiле тұра, адамдардың бiрiн бiрi түсiнiспейтiн жағдайлары болады, мұның себебi сол адамдардың әртүрлi әлеуметтiк, саяси, жас ерекшелiктерiнiң болуында.
Төртiншiден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тiл қатынастары кедергiсiне ұшырауы мүмкiн. Бұл, бiр жағынан, әңгiмелесушiлердiң өзара сұхбат өзегiн түсiне алмауынан, яғни әртүрлi көзқараста, нанымда, пiкiрде болуынан, екiншi жағынан, кедергiлер сөйлесушiлердiң даралық психологиялық бiтiстерiнен немесе екеу арасындағы тiлдесуге мүмкiндiк бермейтiн адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесi арқылы берiледi. Бiздiң қолдануымыздағы бұл таңбалар  дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау генетикалық байланыста, қоғамдық еңбек желiсiнде, адамзаттың әлеуметтiктарихи дамуында қалыптасты. Сөйлеу процесi санамен реттеледi де, өз кезегiнде, адамдар арасындағы тiлдесуде қалыптасады. Сананың негiзгi қызметi болмысты өрнектермен бейнелесе, сөз бен тiл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгiлейдi. Болмыс бейнесiнiң белгiсi (таңбасы) ретiнде сөйлеу де тiлмен бiрлiктi байланыста. Сөйлеу  тiлдесу әрекетi, тiл негiзiнде мағына бiлдiру, ықпал жасау, ақпарат беру, яғни сөйлеу  әрекеттегi сана мен ойдың көрiнiс формасы.
Сонымен, сөйлеу  тек адамға тән тiл қатынасының ең жетiлген формасы. Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының мiндеттi түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткiзуге қажет болған сөздердi iрiктеп, грамматика ережелерiне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын iске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы сөздi қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсiнуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсiнiстiгiмен белгiлi ойды қабылдау үшiн, сол ойды өрнектеуге бағытталған екi тұлғаға да ортақ сөздердi жүйелестiру құралы мен ережелерi болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер тобы сипатында көптеген әулеттердiң өмiр барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгiлi бiр ұлттық тiл қызмет етедi.
Тiл  сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтiрiлген жүйесi, ал сөйлеу  ой мен сезiмдi жеткiзуге арналған тiлдiң екеуара  қатынасты әрекеттiк қолданымы. Тiлдiң өзiнде мағынаой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге арналған әртүрлi таңбабелгiлердiң жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу үшiн қажеттi белгiлi тiлдiк құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз тiркестерi мен сөйлемдер, әуен, ырғақ т.б.) iрiктелiп алынған шақта ғана, ой бiлдiру мүмкiндiгiне ие боламыз.
3. Сөз (сөйлеу) қызметтерi
Сөз негiзiнен екi қызметтi атқарады: коммуникативтiк, сигнификативтiк. Осы қызметтерiне орай сөз тiлдесу құралы және ой мен сананың көрiну формасы ретiнде танылады.
Сөздiң негiзгi сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екенi баршаға белгiлi. Баяндалып жатқан сөздi тыңдағанымызда бiздiң назарымыз оның мәндiк мазмұнына аударылады. Адам тiлiнiң әрбiр дара сөзi қандай да бiр затты өрнектейдi, оны атаумен бiздiң санамызда нақты бiр заттың не құбылыстың бейнесi пайда болады. Осынысымен де адам тiлi жануарлардың қысқа мерзiмдi, қылықтық күйiн бiлдiретiн аффектiктiлiнен ажыратылады. Жануарлар тiлi ешқашан да нақты бiр затты белгiлi дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздiң бұл қызметi  сигнификативтiк қызмет деп аталады. Сөздiң белгiлеу қызметi нақты ұлт өкiлiне түсiнiктi сөздерден құралған тiлдiң қызметi. Осы қызмет нәтижесiнде адам әртүрлi заттардың бейнесiн жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзi жоқ болған кезде де олармен iсәрекеттiк қатынасқа түсе алады. Осыдан адам танымы еселенiп байиды, яғни адам өзiндiк сана қорында заттың тiкелей бейнесiн сақтап, таниды, оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келедi.
Сөздiң және бiр, күрделiрек қызметi бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәндi қасиеттерiн ажыратып, заттарды белгiлi категорияларға топтастыру мүмкiншiлiгiне ие боламыз. Осыдан сөз дерексiздендiру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздiң бұл екiншi қызметi сөз мағынасы терминiмен белгiленедi. Сөздi игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренемiз.  Сөйлесудiң және бiр қызметi  коммуникативтiк  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Түркі тіліндегі жай және құрмалас сөйлемдер
Қазақ тіліндегі шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдардың функционалдық-семантикалық табиғаты
Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
Людвиг Витгенштейннің тіл философиясы
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Тілдесу психологиясы
Тілдік сана және прагматика
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Пәндер