Экономикалық қатынастар жүйесіндегі еңбекақының рөлі


Экономикалық қатынастар жүйесіндегі еңбекақының рөлі
Жоспар
- Еңбекақының мәні, түрлері жүйесі
- Еңбекақыны реформалау
- Еңбекақыны төлеуді мемлекет тарапынан реттеу
- Еңбекақының мәні, түрлері жүйесі
Жалақы - еңбек құнынын (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған рыноктық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты кұралы болып, коғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.
Жалақыны дифференциялау және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейі халық шаруашылығы саласы және аясына қарай өзіндік ерекшілігімен айқындалып, ал бес принципке негізделген. Бірінші принцип еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.
Екінші принцип, еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткеңдерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.
Үшінші принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиқаның ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.
Төртінші принцип, экономикалық аудан мен аймақтың табиғи -климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбек ақыға әртүрлі экономикалық аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффициент 1, 15-ті құрайды. Демек, елімізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15% қосымша қосып алады.
Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы "Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы" қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффициенттер размері сақталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақты тұратындарға коэффициенттер сақталады.
Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.
Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде бейнеленгегі. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді. Тарифтік жүйеге тарифтік-квалификациялық анықтама, тарифтік сетка және тарифтік өсім енеді.
Тарифтік-квалификациялық анықтамаға шаруашылық саласының көптеген жұмыс түрлерінің сипаттамасы мен тізімі кіреді. Жұмыстың барлық түрі күрделілігіне қарай разрядқа бөлінеді және жұмыс аткарушының білімі мен орындау іскерлігіне талаптар көрсетіледі.
Тарифтік сетка кез келген саладағы маман еңбегінің біліктілігі мен біліксіздігінің арасын айқындауға қызмет етеді. Сетка белгілі сандық разрядтардан тұрады және оған сай келетін коэффициенттер болуы керек.
Тарифтік ставка жұмыскердің разрядқа байланысты уақыт өлшемінде (сағат, күн) еңбек ақы размерін айқындауға қызмет жасайды. Тарифтік коэффициент әртүрлі разрядтын ставкасы қанша ретке өскендігін 1-ші разряд ставкасымен салыстыра көрсетеді.
Кесте 29-1.
Минимал -
ды
жалақы
деңгейі
1 2 3 4 56 78 9 10
6 7 {
9 10
1. 00 1. 07 1. 15 1. 24 1. 33 1. 43 1. 54 1. 66 1. 78 1. 91
1. 43 1. 54 1.
56 1. 78 1. 91
12
13
14
16
17
18
19
20
21
Ескерту:
а) жұмысшыларға разряд диапазоны 1-ден 8-ші разряд арасыңда;
б) мұғалімдерге 6-дан 13-ші разряд арасында:
в) Жоғарғы оку орындарындағы оқытушыларға 11-ден 21-ші разряд
арасында.
Үкідметтің 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы "Қазақстан Республикасы
экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу жайлы"
қаулысында. 1996 жылы қаңтардан бастап біркелкі тарифтік сетка
өндірілген.
Халық шаруашылығындағы жұмысшы және қызметкерлерге кәсіптік-біліктілік топтар (разрядтар; боиынша біркелкі тарифтік сетка:
Қаулыда еңбек ақының минималды мөлшері көрсетілген. Жұмыс беруші жұмыскерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарифтік жұйенің (БТЖ) бірінші разрядының ставкасы осы минимумды көрсетеді.
Жалақының 1997-ші жылғы минималды мөлшері мынандай:
1-ші қаңтардан 2030 теңге1-ші сәуірден 2060 теңге
1-ші шілдеден 2085 теңге
1-ші қазаннан 2340 теңге
Мысалы, 18-ші разрядтағы жұмыскерге жалақы төленуін есептеп көрейік. Айталық, 1997 жылдын қаңтарынан 18-ші разрядпен республикадағы жалақы мынаған тең: 2030 х 3. 41=6922 теңге 30 тиын, оған 15% аудандық (қазақстандық) қосымшаны қосыныз 6922 х 1. 15 = 7960 теңге 64 тиын.
Осылайша еңбек ақы бюджеттік ұйымдағы жұмыскерлерге (жоғарғы оку орны, мектеп, аурухана) төленеді. Кәсіпорындағы жұмысшыларға 1-ші мен 8-ші разряд аралығы қолданылады.
Мемлекеттік емес кәсіпорында тарифтік ставканы, тарифтік коэффициентті және лауазыма қызметкердің айлығын кәсіпорын өз шешімімен белгілейді. Мемлекеттік тарифтік жүйе жұмысты тарификациялау процесіңде жай бағыт сілтеу үшін керек. Және әртүрлі біліктіліктегі (квалификациядағы) жұмыскердің минималды жалақысын белгілеуге қажет:
Қазіргі кезде барлық әлемдік қауымдастық елдерінде жалақының негізінен екі түрі қолданылады: мерзімді және кесімді. Біздің елдің жағдайында олардың әрқайсысы жүйелерге жіктеледі. Мерзімді жалақы нақты істелген жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді. Кесімді жалақы қажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарай төленеді. Жұмыскерлердің еңбегін нормалау мен есептеу қиынға түскенде мерзімді жалақыны қолданады. Шығарылған жеке өнім (табыс) жұмыскердің өзіне ғана емес бүкіл технологиялық процеспен (мысалы, химиялық тұтқаның операторы, ашытқыны шығаратын оператор т. б. ) байланысты болғанда мерзімді жалақы қолданылады. Мерзімді жалақы инженер-техник жұмыскерлерге, қызметкер, краншы, электрик, наладчиктер т. б. төленеді.
Өнімнің сандық мөлшерін өндірістік болімше мен операцияларда ұлғайту қажет болғанда кесімді жалақы өндіріледі (кесте 29-2 қараңыз) .
Номиналды жалақы жұмыскердің өзінің енбегіне алатын ақшалай сомасы. Жұмыскер өзінің номинальды жалақысына бүгін және ертең қандай тауарды, қызмет көрсетуді қандай мөлшерде жасай алуын нақты жалақыға жатқызамыз. Осы кұбылыс нарыққа өту кезінен және қарқынды инфляцияда қатты сезіледі. Егер ақшалай (номиналды) жалақы-өспесе, онда ол жалақыны төмендетумен пара-пар. Осындай кұбылыс транспорт қызметіне, байланысқа, тұрғын үй-тұрмыс қызметіне баға өскенде және салық өскенде болады.
Кесте 29-2.
Жалақының түрі Төленетін ақының сыйпаттамасы мен жүйесі
1. Мерзімді түрі:
а) жай мерзімді
2. Кесімді (жеке және ұжымдық) түрі:
Әрбір шығарған затқа норманы артық, орындағаны үшін ақы прогрессивті өсім бағамен төленеді.
Металлургия, өндірісінде, легтік автомобиль жасауда құрастыру желілерінде қолданады. Әрбір бөлімше, желі мүшесінің жалақысы барлық ұжым ендірген өнім көлеміне байланысты.
Бұл жүйе бойынша ақы төлеу жұмысшылардың бір немесе топтарына әуелден жалақымың жалпы сомасы объект, агрегат, жұмыс көлеміне байланысты көрсетіледі.
Тұрғындардың ақшалай табысын индексациялау негізінде оларды әлеуметтік қорғау қажеттілігі туады. "Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауарына және қызмет көрсетуге бағаның өсуіне байланысты индексациялау" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 1991 жылы 1-ші шілдеден бастап, Қазақстан территориясында әрбір квартал сайын олардың ақшалай табысы индексациялануы қажет.
Кәсіпорында техникалық, жабдықтау өскенде және дамыған технологияны қолданғанда жалақының қалыптасқан (қалыпты) түрін пайдалану азая түсіп, жұмысшының еңбегі кесімді немесе мерзімді ставка бойынша төленеді. Жалақының бұл түрлері жеке жалақы нариантының әр тұрімен ауыстырылады. Жеке жалақы да әр жұмыскердің еңбегін бағалау негізінде, оның өзіндік үлесіне, атқарған жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауы ескеріледі. Мұнда жеке еңбек ақы түрінің "жұмыста аналитикалық бағалау" кең етек алған.
Оның мәнісі мынада: жұмысты орындаушы қанағаттану үшін, әртүрді жұмыс пен талаптардын күрделілігін сипаттайтын, жасалған көрсеткіш шкаласының негізінде сандық, балл бойынша бағаланады. "Аналитиқалық бағалау" негізінде жалақының көптеген жеке ставкасы белгіленеді. Германиядағы "Хукингем" металлургиялық кәсіпорын концернде 5 мың жұмысшы бар, онда жалақының 1000-нан астам жеке ставкасы өндірілген.
Жапонияда ірі кәсіпорындар жалақының жасқа әрі стажға байланысты қалыптасқан түрін қолданса, 70-ші жылдардың аяғында жұмыс стажына қосымша мөлшерді жыл сайын азайта бастады. Тіпті, жұмыскер 35 жасқа жеткенде, ол қосымша мөлшерді тоқтатып тастады. Жоғарыдағы аталған түрлердің орынына еңбек ақы төлеудің комбинацияланған түрі келді. Өзінің қаржы мүмкіндігіне қарай еңбектің нәтижесі үшін, жұмыс стажы мен жасы үшін еңбек ақы төлеу.
Көптеген өндірісі дамыған елдерде әртүрлі "пайдаға қатысу", "кәсіпорын жетістігі" жүйелері қолданылады.
Пайдаға қатысу кезінде еңбек ақы екіге бөлінеді. Бірінші бөлімі ұжымдық келісіммен белгіленеді, екіншісі - қосымша бөлім, кәсіпорын жұмыскерлері мен әкімшілік арасында арнайы келісім арқылы анықталып жылдың аяғында кәсіпорынның "пайда үлесі" ретінде төленеді.
- Еңбекақыны реформалау
Қазақстан Республикасынын аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшуі жолдамалы еңбекті қолдануды бағамдап, оның еңбек ақысын реформалауды қатар жүргізіп отырады.
Еңбек ақының жана жүйесінде мыналар қарастырылған: -еңбек ақы минималды деңгейінің сапасы мен күрделілігіне байланысты мемлекеттің кепілдігі. Бұл біркелкі тарифтік сетқаны (БТС) және біркелкі жалпы республиқалық мамандық классификаторын ендіргенде жүзеге асады;
- нақты еңбек ақы децгейі біркелкі тарифтік сетка белгіліген децгейдентемен болмауы керек;
- жалақыға кез келген шектеуді (салықтан басқа) алып тастау;
- жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында еңбек ақыға келісім-шарт принципін қолданды. Әрбір жұмыскер өзінің еңбек құқығынқорғауда кәсіподаққа жүтіне алады. Тарифтік жүйенің белгілі түрлері барлық, шетелдерде қолданылады.
Жалақыны реттеу үш буындық бағытта өрбиді:
- еңбек рыноғының көмегімен:
- мемлекеттің аралысуымен;
- ұжымдық келісімдер.
Тариф бойынша "минимумды" мемлекет белгілейді, мемлекеттің рөлі
осы ғана, ал басқасының барлықы еңбек рыногымен (жұмыс күшіне ұсыным мен сұраным) реттеледі.
Жалақының көлемі төмендегідей белгіленеді:
- жалдамалы жеке келісім деңгейінде;
- мамандар үшін контрактлық деңгейде;
- жұмыс берушінен ұжымдық келісім-шарт деңгейінде.
- Еңбекақыны төлеуді мемлекет тарапынын реттеу
Қазақстан Республикасының Конституциясы еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз және заңда көзделген ең төмен мөлшерден кем емес ақы алу құқығын бекіткен. Еңбекақы жүйесінде ҚР Президенітінің 1995 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы халқының өмірінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы» жарлығының, 1997 жылғы 1 сәуірдегі «Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ҚР органдарының қызметкерлерінің еңбек ақысымың бірыңғай жүйесі туралы» жарлығының, ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы» қаулысының және т. б. актілердің маңызы зор.
«ҚР еңбек туралы» заңының 70-бабы
- Жұмыс беруші осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердін еңбегіне ақы төлеуге міндетті.
- Қызметкерлердің енбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзге де жүйелері бойынша төленеді. Ақы төлеу еңбектің жеке және немесе ұжымдық нәтижелері үшін жүргізілуі мүмкін.
- Қызметкердін жалақысы орындалатын жұмыстың сақы мен сапасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
... жалғасыҚызметкерлердің өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасыа арттыруға материалдық мүдделілігін күшейту үшін жыл ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесі және материалдық көтермелеудің басқа да нысандары енгізілуі мүмкін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz