Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері
  2. Компьютерлік технология.
  3. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасында ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып, педагогикалық инновация жүйесiн жaңарту. Бiлiм берудi ақпараттандыру идеясын дербес компьютердiң жетiлдiрiлген модельдерiн аясында қолдана отырып iске асыруға толық мүмкiндiк бар. Педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемалардың ең басты орын алады. Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі. Оқушыларға қазіргі ақпараттық технологияларды қолданып сабақ өткізудің тиімділігін және өзектілігін қарастырсақ онда бiрiншiден, ол оқушыларды қазiргi типтегi программалық жабдықтармен, жасанды ақыл-ой жүйесiмен зор көлемдегi соның iшiнде тұрақты және ауыспалы аудиовизуалдық ақпаратпен жұмыс iстейтiн мультимедиа құрылғысының жабдықтарымен жұмыс істейді, екiншiден, арнайы құралдармен қамтамасыз етедi; үшiншiден, ақпараттық қарым-қатынастарды телефондық, телевизиялық және спутниктiк байланыс құрылғылары мен компьютерлiк желiлер деңгейiнде жетiлдiру барысында телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланылады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болады.

Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) .

Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Ақпараттық технология негіздеріне төмендегідей сиаттама беруге болады.

Компьютерлік технология.

Компьютер қолданылатын оқыту технологиясына «компьютерлік технология» термині дәл келді. Компьютерлік технологиялар программалап оқыту туралы идеяларды дамытады, Қазіргі компьютерлер және телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты жаңа, әлі зертелмеген технологиялық оқыту түрлерін ашады. Мультимедия - компьютерде дыбысты ақпаратты тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология

1. Желілік технология - білім алушы, оқытушылар әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу - әдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде коммуникациялық желіні қолдануға негізделген.

Оқытудың желілік технологиясына жатады:

Интернет желісін пайдалану

Электрондық поштаны пайдалану

Телекоммуникация құрылғыларын пайдалану

Мультимедиямен жабдықталған интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс

2. Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен - бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет - бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология.

3. Қашықтықтан оқыту технологиясы оқытушының студентпен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым - қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық - педагогикалық технология.

4. Интерактивті оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалды, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну сетуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалықәсерлі танымдық қарым - қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс - әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

Тұтынушының қолдану сапасында;

Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру - бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл - жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

Компьютерлік бағдарламаланған оқыту - бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология; Мысалға электронды есептеуіш машинада есеп шығарудың кезеңдері» (9 сынып) . Бұл сабақ оқушылар бағдарламалау тілін меңгергеннен кейін өтіледі. Математикда есептің формулалық құрылымын информатикда есептің алгоритмдік құрылымын, бағдарламашы есеп бағдарламасын оператор есепті компьютерге енгізеді

Материалды компьютердің көмегімен оқу - оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады; Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т. б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.

Материалды компьютер қоры негізінде оқу - алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т. б. ) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;

Компьютер қорымен оқыту - білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді; “Windows жүйесінде мәліметтер алмастыру” 11 сынып осы технологияның ой шақыру, ой қозғау түртіп алу, топтау, жұптау, мағынаны тану стратегияларын қолдау тиімді. Paint - та салған суретті Word - та да салу керек болғандай жағдай туғызу керек. Сонда оқушы жаңа сабақ мағынасын өзі ашып береді. Мысал үшін, Paint - та салған суретті пайдалануға бола ма, яғни Word - қа әкелуге болмас - па екен деген сияқты сұрақтар қойып, бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауысу мүмкіндігін қарастырып пікірлеседі.

Компьютердің көмегімен бағалау - өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз; Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады.

Компьютерлік коммуникация - білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына - ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақ жасаудың мынадаай негізгі кезеңдері:
оқыту мақсатын анықтау;

өтілетін тақырыптың, бөлімінің материалдарын талдау, керектілерін таңдап алу және тиісті құрлымын жасау;

оқыту тәсілдерін таңдау;

сабақты жобалау, яғна оның сценарийін құрастыру,

сабақты жүргізудің программасын жасау;

Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материалдарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді.

Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:

оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілермен, түсініктермен, заңдармен, теориялармен таныстыр;

жалпы әлеуметтік пәндіу және пәнаралық біліктілікті, соларды игереді қалыптастыру, яғни алдыңғы білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтынсариннің педагогикалық жаңашылдық технологиясы
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Оқытудың жаңа технологиялары және Визуал Бейсиктің қолданылуы
Оқытудың қазіргі технологиялары
Байланыс құралдары
Педагогикалық технологияға педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемлік құралы
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Мұғалімнің шеберлігін жетілдіру жолдары
Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz