Суицид жайлы



1 Суицид
2 Өзін өлтіруге көзқарас
3 Зерттеушілердің пікірі
4 Әлем бойынша өзін.өзін өлтіру мәліметі
5 Өлтірудің тәсілдері
6 Өмірлік проблема басты себеп емес
Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл - қыздардың арасында кездеседі. Соңғы кездері біздің аудан бойынша осы оқиғалар жиі орын алып, тұрғындар арасында үлкен қобалжу туғызуда. Оның неден пайда болатынын, оның алдын алу шаралары туралы аудандық аурухананың психиатр - наркологі Энгельс Бақтыгерейұлы Ткатовпен сөйлесіп, мына жайларды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік:
Суицид - қазақша айтқанда, өзіне - өзі қол жұмсау. Оларды екіге бөлуге болады. Ішкі және сыртқы. Ішкі суицидқа ұшырайтындар - суицидқа жылдар бойы әзірленіп, алдын - ала жоспарлап, ыңғайлы орын, тіпті асылатын арқанына дейін әзірлеп, ыңғайлы уақытты күтіп жүреді. Олар тіпті туған - туыстарына да, ең жақын адамдарына да соңғы сағаттарға дейін білдірмей - ақ, ішкі күйзелісін, жан айқайын шығармай жасырын күй кешеді. Олар суицидтің нышаны бар деп әсте ойламайды. Ал, сыртқы суицид аса қауіпті емес, өйткені тіршіліктен түңілу кезеңдері ерте ме, кеш пе бәрінің де басынан күйзеліс кезеңдері өтуі заңды құбылыс. Бірақ бұндай жәйттің алдын алуға әбден болады. Ол үшін суицидтың даму себептерін білу қажет. Оның себептері: жасөспірім мен оның ата - анасының арасындағы түсінбеушілік, жасөспірімнің өмірде кездесетін қиыншылыққа төзе алмауы немесе «гипоопека» - ата - ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, «гиперопека» жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тиым салу, еркіндік бермеу, кейбір балалардың өзінің дүниеге келгеніне кінәлі сезінуі, құрбылары арасындағы қарым - қатынастың нашарлауы, жанұядағы ахуал. Оқушы мен ұстаз арасындағы немесе қызметкер мен басшы арасындағы шиеленіс те суицидке негіз болады.
Сол үшін де мектепте, студенттер арасында, жалпы көпшілік жерлерде суицид оқиғаларының алдын алу шаралары атқарылуы тиіс, қандай жерде болмасын күйзелісте жүрген, немесе жеке қиындығы басынан асып, еш шара таба алмаған жағдайды байқасаң, жедел түрде қол созып көмек берудің психологиялық күйзелістен шығарудың жағдайын ойлаған жөн. Өзін өзі өлтіру фактілері әсіресе ерлер арасында жиі кездеседі. Олардың көпшілігі жастар мен орта жас аралығындағы, яғни 20 мен 50 жас аралығындағы адамдар болып келеді.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тқұым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем - дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог, психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жүргізіп, арнайы жұмыстар жүргізіледі.
Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады.
Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейрім - шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық, ағайын.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жасөспірім ұл - қыздардың арасында кездеседі. Соңғы кездері біздің аудан бойынша осы оқиғалар жиі орын алып, тұрғындар арасында үлкен қобалжу туғызуда. Оның неден пайда болатынын, оның алдын алу шаралары туралы аудандық аурухананың психиатр - наркологі Энгельс Бақтыгерейұлы Ткатовпен сөйлесіп, мына жайларды оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік:
Суицид - қазақша айтқанда, өзіне - өзі қол жұмсау. Оларды екіге бөлуге болады. Ішкі және сыртқы. Ішкі суицидқа ұшырайтындар - суицидқа жылдар бойы әзірленіп, алдын - ала жоспарлап, ыңғайлы орын, тіпті асылатын арқанына дейін әзірлеп, ыңғайлы уақытты күтіп жүреді. Олар тіпті туған - туыстарына да, ең жақын адамдарына да соңғы сағаттарға дейін білдірмей - ақ, ішкі күйзелісін, жан айқайын шығармай жасырын күй кешеді. Олар суицидтің нышаны бар деп әсте ойламайды. Ал, сыртқы суицид аса қауіпті емес, өйткені тіршіліктен түңілу кезеңдері ерте ме, кеш пе бәрінің де басынан күйзеліс кезеңдері өтуі заңды құбылыс. Бірақ бұндай жәйттің алдын алуға әбден болады. Ол үшін суицидтың даму себептерін білу қажет. Оның себептері: жасөспірім мен оның ата - анасының арасындағы түсінбеушілік, жасөспірімнің өмірде кездесетін қиыншылыққа төзе алмауы немесе гипоопека - ата - ананың бала тәрбиесіне көңіл бөлмеуі, гиперопека жасөспірімнің өзінің шешім қабылдауына тиым салу, еркіндік бермеу, кейбір балалардың өзінің дүниеге келгеніне кінәлі сезінуі, құрбылары арасындағы қарым - қатынастың нашарлауы, жанұядағы ахуал. Оқушы мен ұстаз арасындағы немесе қызметкер мен басшы арасындағы шиеленіс те суицидке негіз болады.
Сол үшін де мектепте, студенттер арасында, жалпы көпшілік жерлерде суицид оқиғаларының алдын алу шаралары атқарылуы тиіс, қандай жерде болмасын күйзелісте жүрген, немесе жеке қиындығы басынан асып, еш шара таба алмаған жағдайды байқасаң, жедел түрде қол созып көмек берудің психологиялық күйзелістен шығарудың жағдайын ойлаған жөн. Өзін өзі өлтіру фактілері әсіресе ерлер арасында жиі кездеседі. Олардың көпшілігі жастар мен орта жас аралығындағы, яғни 20 мен 50 жас аралығындағы адамдар болып келеді.
Өлімге құмарту негізінен психиканың проблемасы, оның астарын қоғаммен байланыстыруға болмайды. Көпшілігіміз рухы әлсіз, қорқақ және мінезсіз адамдар ғана осындай суицидке барады деп ойлаймыз. Сөйтсек, суицид ешкімді де сырт айналып кетпейді екен. Кейбіреулерінде суицид тқұым қуалайтын ауру болып саналады. Адамның бұл суицид ауруынан тез сауығып кетуі үшін кешенді ем - дом жүргізілуі шарт. Бірінші кезекте моральдық келесі сатыларда психологиялық және медициналық қолдау керек. Үлкен қалаларда білікті суицидолог, психиатр, психологтар арнайы бағдарламалар жүргізіп, арнайы жұмыстар жүргізіледі.
Суицид - дертінің емі иманда - дейді діндарлар, бұл пікірмен бәрімізде келіссек болар еді, себебі өзіне өзі қол жұмсау - күнә болып саналады. Қалай десек те, суицидтің адам үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де зияны мол. Ол елдегі өлім жітімнің артуына, халық санының азаюына ғана әкеп қоймай, мемлекетті әлеуметтік - экономикалық шығынға да батырады.
Сондықтан да жақын жандарымызға, осындай күйзеліске ұшыраған кездерін сезсек, мейрім - шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, оқыс оқиғадан сақтайық, ағайын.
--
Өзін-өзі өлтіру – адам баласы жаратылғалы жалғасып келеді. КСРО кезінде бұл мәселе жабық қаралатын. 1926 жылдары Кеңес елдерінде 100 мың адамға шаққандағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші 7,8 адамды құрады. 1930 жылы Санақ жөніндегі мемлекеттік комитеті өз-өзіне қол жұмсағандармен айналысатын секторды жауып, бұл жұмысты психиатрларға тапсырды. Неге десеңіз, өз-өзіне қол жұмсағандарға ақыл-есі кеміс, психикалық ауру деп баға берілді. Сол кезеңде АҚШ-та да өзін өлімге қиып, одан аман қалғандар жазасын өтеуге түрмеге қамалды. Аустрия мамандарының дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДҰ) жасаған баяндамасы бойынша, бүгінгі күні соғыс пен қанды қылмыстарға қарағанда әлемде өз-өзіне қол жұмсау салдарынан өлетін адамдар көп екен. Әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адамның өз-өзіне қол жұмсап, 10-20 миллиондай адамның өз өмірлерін қиюға әрекет жасайтындығы соның айғағы. Тіпті, әр 40 секунд сайын дүниежүзінде бір кісінің өз өмірін қиятындығы бұл өлімнің қаншалықты жиі кездесетіндігін көрсетеді.
Өзін өлтіруге көзқарас
Өзін-өзі өлтіру мәселесі Англияда 1961 жылға дейін заңға қайшы деп табылды. Бірақ, соңында заң арқылы шешудің мүмкін еместігі еріксіз мойындалды. Көне Норвегия сотында оған абыройсыз өлім деп баға берілді. Финляндияда 1442 жылғы заң бойынша өз-өзіне қол жұмсау мемлекетке қарсы жасалған қылмыс деп есептеліп, шіркеу құқықтары бойынша емес, азаматтық құқықтар бойынша жауапқа тартылды. 1808 жылғы Голландия заңында өз өмірін қиюға әрекет жасағанды қудалау тоқтатылды. Басқа Еуропа мемлекеттеріне қарағанда Италияда өз-өзін өлтіруге қатаң көзқарас қалыптасқан. Онда өз-өзіне қол салу – Құдайдың ең қымбат сыйынан қол үзу, яғни, ауыр күнәға бару болып саналады. Тіпті, өз-өзін өлтірген адамның абыройсыздығы жақындарын жерге қаратады. Қытайда тарихи дәстүр бойынша өз-өзіне қол жұмсайтындарды қолдамаса да, ондайлардың ізіне түсіп қудаламау керек деген пікір жақталады. Қытай еркектері көбіне қоғамдағы келеңсіздіктерге шыдамаса, әйелдері көбіне үйдегі араздыққа төзбейді. Үндістанда өзін-өзі өлтіру өмір салтының нышаны күйінде қалып қойған. Үнділіктер Құдайға деген ең үлкен құрбан адамның өз жаны деп біледі. Оның негізі өзін құрбан еткен жандарға мәңгілік өмір есігі ашылады деген сенімде жатыр.
Зерттеушілердің пікірі
Өзін-өзі өлтіру ісін зерттеген психолог, социолог мамандар көп болған. ХІХ ғасырда бұл іспен француз социологы Э. Дюркгейм айналысты. Батыстық ғалым Г. Шорт 1954 жылы бұл кеселге жетелейтін ең негізгі себеп – тапшылық, кедейлік деп жарияласа, 1960 жылдары америкалық Уоррен Брид өз-өзіне қол жұмсауға ер кісілерді итермелейтін басты себеп – психикалық аурулар мен ушығып кеткен отбасы жанжалы екенін айтты. 1988 жылы Санкт-Петербургте А. Лихачевтың Еуропалық Ресей мен Батыс Еуропадағы өзін-өзі өлтіру. Салыстырмалы-деректік зерттеу тәжірибесі атты кітабы жарық көрді. 1912 жылы Санкт-Петербургте басылған Өзін-өзі өлтіру себептері және онымен мүмкіндігінше күресу атты еңбегінде психолог В. Бехтереев те өз-өзіне қол жұмсаудың бірқатар себептерін алға тартты. Бір қызығы, танымал психиатр А.Г.Абрумова мұндай әрекетке тек психикалық аурулар ғана емес, керісінше, ақыл-есі бүтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
Фаталистік суицид
СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
Суицид девиантты мінез - құлық ретінде
Суицидтік мінез-құлықтың психофизикалық және жас шамасына байланысты себептері мен пронедивтік диагностика
Суицидтік мінез құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері
Суицид дерті, оның алу жолдары
Қазақстан республикасындағы суицид мәселесі
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Пәндер