Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері

Қоршаған ортаға шаруашьшық жүргізуші субъектілердің теріс ықпалының жоғары деңгейі туралы көрсететін, дереу шаралар қолдануды қажет ететін деректердің болуы, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарға жүмсалатын шығындарды оңтайландыру мақсатыңда табиғи орта мен халықтың денсаулығына келеңсіз ауыртпалығының деңгейін анықтау шаруашьшық жүргізуші субъектінің өзінің кджеттілігі экологиялық аудитті жүргізу керектігі туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.

Экологиялық тәуекелдерді анықтауға және аудиттелетін субъектілер қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған аудиттелетін субъектілердің шаруашьшық және өзге де қызметін тәуелсіз тексеру экологиялық аудит деп есептеледі. Бұл орайда экологиялықаудитті жүргізуге экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық ұйыммен шарт жасасатын жеке немесе заңды тұлға аудиттелетін субъекті деп танылады. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 81- бабына сәйкес экологиялық аудит аудиттелетін субъектілердің қоршаған ортаға ықпалы туралы есептілігін талдау арқылы жүргізіледі және оны жүргізу кезінде қоршаған ортаға ықпалы туралы берілетін есептіліктің дұрыстығын тексеру мақсатында арнаулы зерттеулер мен өлшеулер, өндірістік-технологиялық процестің экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау, өндірістік мониторинг пен бақьшаудың экологиялық талаптарға сәйкестігін бағалау, қызметкерлер қүрамы біліктілігінің деңгейін бағалау орындалуы мүмкін.

Экологиялық аудит тікелей антропогендік қызметпен байланысты түтастай алғанда қоршаған ортаның қүлдырауына не халықтың өмір сүру жағдайл арының және экологиялық тәуекедцердің нашарлауына жеткізетін қоршаған орта компоненттерінің табиғи жай-күйінің көрінеу әрі жасырын бұзылуларын аныктаудың, оларды талдау мен бағалаудың тетігі болып табылады. Сондай-ақ, экологиялық аудит қоршаған ортаны қорғау жөніндегі табиғат қорғау нормалары мен талаптарының орын алған бұзылуларының алдын алу мен жою мақсатында өзінің шаруашылық кызметінің экологиялық салдарларына бақылау жасауының қүралы, сондай-ақ белгілі бір аумақтағы жеке және занды тұлғалардың алдағы қызметінің мүмкіңдіктері мен бағыттары туралы шешімдер кабылдау үшін басқару қүралы болып табылады (жұмыстың бүрынғы режимін сақтау, қайта құру, жаңғырту және т. т. ) .

Аудитті жүзеге асыру кезінде база ретінде:

а) қолданыстағы заң актілері, қоршаған орта мен халықтың
денсаулығын қорғау бөлігінде бақылау міндетін жүзеге асыратын ведомстволар щығаратын нормативтік, әдістемелік және
нүсқаулық құжаттар;

б) табиғат пайдаланушылардың өндірістік қызметінің техникалық және экологиялық сипаттамасы;

в) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне
мориторингтің деректері;

г) техникалық, технологиялық, инженерлік шешімдерді жетілдіру
жөніндегі ғьшыми-зерттеу және өзге де жұмыстардың нәтижелері,
Бұларды іске асыру қоршаған ортаны сауыктыруды қамтамасыз етеді;

д) табиғат қорғау, экономикалық және әлеуметтік қызмет саласыңдағы Қазақстан Республикасы статистикалық органдарының
деректері;

е) кәсіпорынды, қаланы, өңірді дамытудың индикативтік
жоспары пайдаланьшады.

Міңдетті экологиялық аудит пен бастамашьшық экологиялық аудит экологиялық аудиттің түрлері болып табылады. Жеке және занды тұлғалардың міндетті экологиялық аудитін жүргізу үшін негіздер мыналар болып табылады:

- құжат жүзінде дәлелденген жеке және занды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметімен келтірілген қоршаған ортаға нұқсаны;

  • занды тұлға - табиғат пайдаланушыны қайта ұйымдастыру; карауында стратегиялық, транс шекаралық және экологиялық жағынан кауіпті объектілері бар занды тұлғалардың банкротқа ұшырауы.

Бастамашылық экологиялық аудит бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудитті жүргізуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттің накты міндеттерін, мерзімдері мен көлемін ескере отырып аудиттелетін субъектінің не қатысушының бастамасы бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 "Экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес экологиялық аудит бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:

  1. экологиялық аудиттің мақсаттарын анықтау (аудиттелетін адам қызметінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына және экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және баскалары) ;
  2. тексерілетін адамның құжаттамасын аддын ала талдау (аудит-телетін адам оны алдын ала талдау жүргізу үшін дайындалып жатқан аудит бойынша құжаттаманы ұсынады, соның ішінде: шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніңдегі құжаттама, экологиялық аудит жөніндегі алыңғы қорытындылар, аудитті орындаушыға экологиялық аудитті жүргізу мүмкіндігін аныктау үшін қажетті техникалық құжаттама) ;
  3. экологиялық аудитті жүргізуге шарт жасасу;
  4. экологиялық аудитті жүргізу (экологиялық аудит аудитор жасайтын және аудиттелетін адаммен келісілетін аудит жоспарына сәйкес жүргізіледі) ;
  5. аудиторлық есепті жасау (міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі, ал бастамашылық экологиялық аудиттің нәтижелері құпия болып табылады және оның мәліметтерін жариялау құқығына тек аудиттелетін субъекті ғана ие болады) .

ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 83- бабына сәйкес аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылатын экологиялық аудитті жүргізу женіндегі экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі болып табылады.

Экологиялық аудитор Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте аттестациядан өткен және экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жеке тұлға болып табылады. Мысалы, Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 "Экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы"

Қаулысына сәйкес жеке тұлғаларға арналған біліктілік талаптарына мыналар кіреді: жоғары кәсіптік немесе орта кәсіптік білім, қоршаған орта саласыңда кем дегенде 3 үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, экологиялық аудитор біліктілік куәлігінің нотариалды куәландырылган көшірмелері, тиісті материалдық-техникалық база (экологиялық аудитті жүргізу үшін қажетті компьютерлік және электронды техника, анықтамалық және әдістемелік әдебиет, нормативтік құқықтық актілер, техникалық құжаттар және т. б. ) .

Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның біліктілік деңгейі осы қызмет түріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін субъектіге қоршаған ортаны қоргау саласындағы уәкілетті орган, егер заңнамалық актілерде озгеше мерзім белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап - бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешіктірмей береді.

Экологиялық аудитор жеке кәсіпкер ретінде не экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға қүқьілы. Экологиялық аудиторық ұйым - өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, кез келген ұйымдық-құқықтық экологиялық ауди-торлық қызметті жүзеге асыру үшін күрылған коммерциялық ұйым.

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың құқық қатынастарының субъектілері ретінде құқыты болады және белгілі бір міндеттер атқарады. Мысалы олар:

  • экологиялық аудитті жүргізудің әдістерін дербес анықтауға; экологиялық аудит өткізуге жасасылған шарттардың талаптарын орындау үшін қажетті құжаттаманы алуға және -тексеруге:шарт негізінде экологиялық аудитті жүргізуге қатысуға әр түрлі бейіндегі мамандарды тартуға;

экологиялық аудитті жүргізуден бас тартуға не экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт талаптарын аудиттелетін субъекті бұзған жағдайда экологиялық аудиторлық есеп беруге құқылы.

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:

  • занда көрсетілген мән-жайлардың саддарынан экологиялық аудитті жүргізу мүмкін еместігі туралы хабарлауға; аудиттелетін субъектіден алынған, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу процесінде жасалган құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етуге; аудиттелетін субъектіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға құжаттардың сәйкессіздігі анықталғаны туралы хабарлауға; экологиялық аудит нәтижелерінің құпиялылығын, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу кезінде алынған мәліметтердің және мәні болатын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндетті экологиялық аудиттің нәтижесінде анықгалған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға; экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға құқылы.

Өз кезегінде аудиттелетін субъект: экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды таңдау туралы шешімді конкурс не өзге да ішкі рәсім негізінде дербес қабылдауға; экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға; эко-логиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымың ескертпелері мен қорытындыларына негізделген нормативтік ; экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасының заңнамасына экологиялық есептіліктің және өзге де құжаттамалардың сәйкессіздігі анықгалғаны туралы ұсынымдар, ақпарат алуға; экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт талаптарын бұзу жағдайында олардың экологиялық қызмет көрсетулерінен бастартуға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық аудит
Ішкі аудитті бағалау
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Экологиялық аудит туралы
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz