Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер . . . 4
2. XIX ғғ 60-90 жж Қазақстандағы әкімшілік-териториялық және сот реформалары . . . 7
3. XIX ғғ 60-90 жж Қазақстандағы әкімшілік-териториялық реформалардың жергілікті және атқарушы биліктегі көрінісі . . . 10
Қорытынды . . . 12
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13
Кіріспе
XIX ғасырдың 20-шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті, рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып, басқарудың жаңа формасын құра бастады. Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды. Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді. Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды. Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін, жаңа басқару реформасын жүргізе бастады.
Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері, Сібір генерал-губернаторы М. М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г. К. Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын. Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады. Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды.
Жарғының басты мақсаты:
- Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту ;
- Рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету ;
- Орта жүздегі хандық билікті жою;
- Кіші жүздегі хандық билікті жою.
Осылайша халықты орыстандырып, рухани тұрғыда мешеу ету көзделіп, елдің байлығын тонап-талау болатын. Мұндай арам-пиғылды әрекеттері
«Жарғыда» баяндалмайды. Ол негізінен « Жарғы » елге игілік әкелетін етіп көрсетіледі. Бұл қазақтардың « Жарғыны» қабылдаттыру үшін ойластырылған « Қулық саясатының» бірі болатын. Жарғыда патша өкіметі « Қазақ халқының қамын ойлайтын қамқоршы»ретінде көрінеді.
Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер
1822 жылы « Сібір қырығздары туралы Жарғы» қабылдағаннан соң, қазақ даласына одан әрі өңдеп, көптеген қалалар мен бекіністер салынып, одан әрі құрылыс жұмыстары жүргізіле бастады. Казак гарнизондары біржола орнықты. Сөйтіп 1824 жылы көкшетау мен Қарқаралы, 1826 жылы Баянауыл, 1827 жылы Ақмола, Көкпекті, 1846 жылы Атбасар станцияларының іргесі қаланды. Жаңа аумақтарға қоныстану үшін бұрынғы әскери шеннен казактар және Орынбор, Саратов, Харьков губернияларынан шаруалар көшіп келді. Барлығы 4 мың адам. Ал, 1846 жылы әскер саны 30 мыңға дейін өскен.
Жыл өтіп, далада жаңадан көптеген бекіністер мен қамалдар бой көтерген сайын казактардың саны өсе берді. Ең құнарлы, шөбі шүйгін жерлерде ғана бекіністер мен қамалдар салынған болатын (9) .
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы, Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын әлдеқайда тежеп отырды. 1817 жылы Бөкей хан, ал екі жылдан соң Уәли қайтыс болды. Петербург бір жақты қадамға -Орта жүзде енді хан тағайындамауға және оның үстіне, оларды « Бүкіл әлемді Ұлы тітіркентушінің »-Шыңғыс ханның заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайлануға бел байлады. Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып, нақты биліктің қандай нысаны да болмаған ерсі жағдай орын алды. Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей, іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберіледі[1] .
Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдардағы белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М. М. Сперанскийге жүктеді. Оның сан қырлы қызметінің өзегі Орта жүзде дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа заң актілерін енгізу болды. Ал зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу және жинақтап көрсету үшін М. М. Сперанский « Сібір жерлерін мәлім етуді» ұсынды. Бұл жазбаны жасауға болашақ декабрист Г. С. Батюшков белсене қатысты.
1822 жылғы 22 маусымда « Сібір губернияларына арналған мекемлер», « Бұратаналарды басқару туралы Жарғы», « Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы, этаптар туралы жарғы, жер міндеткерлігі туралы ережелер, астық қорлары, шаруалар мен бұратаналар арасынадағы боыршкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған 10 заңды бекітті.
Орта жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті таратып, хан атағын мүлде артық деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп, басқарудың жаңа нысанын енгізді.
Өзгерстер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды: даладағы жаңа ұштаған-округ, болыс, ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жүзінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді.
Округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі белгіленді :ауылдарды-ауыл старшындары, округтерді аға сұлтандар басқаратын болды. Бұл өзгерістер ерте кезден бері әкімшілік пұрсаттылықтары болған Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге тиіс болатын.
Үкіметтің жергілікті номадтары туралы саясатында оларды егіншілікке ынталандыру « бақташылық өмірді» жою, олардың жер жыртуғакөшуін көтермелеу маңызды бағыт болды. Отыршылыққа көшкендерге 15 десятинаға дейін жер учаскесін бөліп беруге рұқсат етілді, сұлтандар үшін « үш есе», ал старшындарға « екі есе»жер бөлуге мүмкіндік берді. Отаршылдық үкімет орындары осы арқылы Ресейдің ықпалын әлсіреткен, хан билігінің қалдықтарымен күресті қиындатқан барымтаны, руаралық, хан билігінің қалдықтарымен күресті қиындатқан барымтаны, руаралық қырқысты жоюға тырысты. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Бұл орайда М. Сперанский мен оның төңірегінділер әдейі бесжылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санаттарын барлық алымдардан босатып, мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға : көшпелі аудандарда зенет пен соғым, егіншілікті аудандарды ұшыр төлеуге дағдылынаған халық наразылығының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болса керек[2] .
Жарғы бірқатар үш санатқа:қылмыстық, талап-араздылық және облыстық басқарамаға шағымдар бойынша сараланған сот жүйесіне түзетулер енгізді. Құлмыстық істерге мемлекеттік опасыздық, тонау, барымта, белгіленген билікке көрінеу бағытшылық жатқызылады: оның үстіне барлық талап-арыз істері билердің қатысуымен ауылдар мен болыстарда талқыланады. Жарғыда тұтас алғанда « Қазақ ғұрыптары мен заңдары бойынша» дәстүрлі билер сотының мәні сақталды:ол былай тұрсын билер істерді: «негізсіз шешкен» жағдайда оларды жауапқа тарту көзделді, оның үстіне көшпелілердің төменгі сот сатыларының шешімдеріне шағым жасау құқығы сақталды. Мұның өзі қатардағы номадтарды шариғатты жергілікті түсіндірушілер тарапынан жасалуы мүмкін озбырлықтан біршама қорғады, ережеде көшпелілердің сұлтандар жөнінде де шағым рәсімдеуіне жол берілді.
Мұндай жағдайларда соттың істі қарауы облыстық басқарманың отырысына көшірілді. Аға сұлтандарға, округтік приказдық заседательдеріне, сұлтандарға, болыстардың басқарушыларына жалақы төлеу, кешегі жоғарғы текті Шыңғыс ұрпақтары мемлекеттік қызметшілер санатына көшіріліп, оларға империяның сол кезде қолданылған заңдарын тарату жөнінде айтылды .
Ресей армиясының майоры шені бар жоғары лауазымды адамды сайлау рәсімі мейлінше салтанатты түрде сұлтандардан, билерден, ақсақалдардан басқа көшпелілердің қалың бұқарасының қатысуымен өткізілді.
Даланы басқару ережелерінде қазақтар арасындағы сот жүйесі де толықтай қайтадан қаралды. 1822 жылғы ереже бойынша қырғыздар арасындағы сот істері үш топқа бөлінді:
а) қылмыстық ;
б) іздестіру және басқаруға қарсы наразылық деп көрсетілген.
« . . . Қырғыздар арасындағы қылмыстық істерге:
- сатқындық ;
- кісі өлтіру ;
- тонау мен барымта ;
- үкімет тлаптарына бағынбау» жатқызылады.
Яғни жергілікті халықтың жасаған ұсақ қылмыстары билер шешімі арқылы анықталатын болды. Соынмен Орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан, патша үкіметінің әскери-әкімшілік әрекеттерінің нәтижесінде болды. Территориялық-әкімшілік шаралардың қабылдануының алғашқы кезеңінен-ақ аталған өңір халқы бұл ережелердің қанаушылық мәніне ашық наразылық білдіре бастады. Тарихи құжаттар осы наразылықтардың XIX ғасырдың 20-30 жылдарынан-ақ бастау алғандығын дәлелдейді « Хандық билікті жою, даланы округтерге бөлу », - деп жазады.
Ш. Уәлиханов, -Сібір басқару жүйесін енгізу, . . . осы арқылы мүлдем жаңа билік биліктің орнатуы күтпегендей . . . наразылықсыз болмай қалмады.
1825 жылы Қасым сұлтан, одан әрі оның балалары Саржан мен Кенесары наразылық білдірушілердің басшылары ретінде 1846 жылға дейін қарудың күшімен басылған көтеріліс ұйымдастырды. Баянауыл қырғыздары да көтеріліске қатысты. [3]
XIX ғғ 60-90 жж Қазақстандағы әкімшілік-териториялық және сот реформалары
XIX ғасырдың 60-90 жылдарында Қазақстанның әр түрлі аймақтарында әкімшілік-отаршылдық басқаруды жаңғырту әрекеттері басталды. Шығыстанушылар мен сарапшылардың қатысуымен жоғары үкімет топтары және жергілікті отаршылдық-әкімшілік, арнаулы комитеттер мен комиссиялар әзірлейтін басқару жөніндегі заң жобалары, оларды бекіту және іске асыру XIX ғасырдың 60-90-жылдарында патша өкіметінің отарлық шет аймақтардағы әкімшілік саясатының құрамдас бөлігі болды. Бұл саясатқа патша үкіметінің Қазақстандағы жалпы саяси бағыты негіз етіп алынды, оның мәні реформаға дейінгі ескі тәртіптерді сақтап қалу, ал жекелеген жағдайларда оларға қайтып оралу болатын. XIX ғасырдың аяғында Қазақстанда орын алған экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістерге қоса басқару жүйесіне де тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер өлкеге отаршылдық сипатты қалыптастырды.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы отарлық Қазақстанның сот жүйесін алғаш рет, мейлінше ірі қайта ұйымдастыру 1867-1868 жылдардағы жалпыимпериялық сот органдары мен билер соттарының жаңа құрылымын енгізу болды.
Отаршылдық әкімшіліктің аса маңызды элементі 1867-1868 жылғы реформа бойынша құрылған сот ұйымдары еді. Қазақстан аумағында соттар өздерінің жоғары деңгейлері бойынша әкімшіліктен қол үзе алмады. Жоғары сот деңгейлері болып табылатын сот бөлімшелері облыстық басқарманың құрылымдық бөлігі болды. Ресейде сот жүргізудің прогресшіл принциптері енгізілуіне қарамастан, 1864 жылғы реформа бойынша облыстық басқармалардың сот бөлімшелерінің қызметі реформаға дейінгі сот ісін жүргізу нормаларына негізделді. Қылмыс толық анықталмаса да қатаң жазалау шараларын қолдану сот бөлімшелері іс жүргізу қызметінің негізі болды. Қазақстанда жұмыс істеген бүкіл судьялар корпусына білім деңгейінің төмендігі тән болды.
Отаршылдық басқарудың күнделікті практикасы 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша енгізілген сот жүйесінің тиімсіз екенін көрсетті. XIX ғасырдың 70-жылдарының басында әкімшілік басқару реформаларының жаңа жобаларын әзірлеуге байланысты жергілікті отаршылдық-әкімшілік сот жүйесін реформалау туралы мәселені барған сайын табандылықпен көтере бастады. Сот жүйесін реформалаудың алғашқы нұсқаларының бірі 1872-73 жылдарда Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К. П. Кауфманың басшылығымен әзірленген әкімшілік реформаның жобасында жасалды. Жобада 1864 жылғы сот реформасының көптеген элементтерін: бітістіруші судьялар институтының, бітістіруші судьялар съезін жәнеи сот палатасын енгізу көзделді; тергеу сот қызметінен бөлінді. Қазақстан Ресейге қослғанға дейін-ақ қазақ қоғамында туындаған құқықтық жанжалды жағдайларды ауызша, жария және толық демократиялық жолмен шешіп келген билер сотының сан ғасыр бойы жұмыс істеген тәжірибесі мүлде еленбеді.
80-90-жылдардағы реформалар бойынша Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтарында сот істерін жүргізу тәртібі негізінен өзгеріссіз қалды. Әсіресе, реформаға дейінгі бұрынғы тәртіптер негізінде жұмыс істеген облыстық соттарда ол ерекше кертартпалық түрде көрінді.
Қазақстан аймағындағы әзірленіп жатқан сот-құқықтық реформа бойынша ең ірі жаңалық сот палаталарының және округтік соттардың енгізілуі болды. Округтік сот бітістіруші судьялар шешкен істер жөніндегі аппелляциялық саты болды. Сот палаталары округтік соттарға қатынасы жөнінен аппелляциялық және қадағалаушы деңгейі міндетін атқарды. Бірінші инстанциядағы сот ретінде олар ең күлделі істерді шешті.
1898 жылғы сот реформасында адвокатура қызметінің құқықтық негізін реттеу көзделді. 1898 жылғы 2 маусымдағы «Уақытша ережелердің» 24-бабында адвокадтық қызметті жүргізуге куәліктерді округтік соттардың беруі көзделген. Нақ осы куәліктер бітістіруші соттарға да адвокаттық қызметпен айналысу құқығын беретін.
Патша үкіметі жалпыимпериялық соттарды енгізумен, олардың құзретін кеңейтумен қатар сот органы ретінде билер сотын сақтап қалуға ұмытылды. Сонымен бірге, патша үкіметі билер сотын сақтай отырып, оның қызмет шеңберін шектеуге және тарылтуға тырысты[4] .
XIX ғғ 60-90 жж Қазақстандағы әкімшілік-териториялық реформалардың жергілікті және атқарушы биліктегі көрінісі
XIX ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде патша өһкіметі бірқатар жаңалықтар енгізіп, билер сотының қарауындағы іс жүргізудің маңызды тұстарын пайдалануды көздеді.
1867-1868 жылдардағы реформа бойынща билер сотының 3 деңгейі құрылды: бірінші деңгей-билердің жеке соты 1867 жылғы Уақытша ереженің 192-параграфы негізінде «100 сомнан (5 жылқыдан, 50 қойдан) аспайтын түпкілікті істерді» шешуге тиіс болды.
Билердің болыстық съезі екінші деңгей саналды, ол болыстын барлық ауылдарының «сайланған» би -судьяларынан тұрды. Билер сотының үшінші және соңғы деңгейі би-судьялардың төтенше съезі еді[6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz