Секта – дін бұзатын ағым


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Секта - дін бұзатын ағым

Қазіргі үлкендеріміз ұсақталды ма, әлде заман бұ­зыл­ды ма, жастарға ақыл айтып, келелі іске араласатын қарияларымыздың аздығына қынжыласың. Кезінде Бауыржан Момышұлы атамыз «Ертегі айтар аталарымыз бен әжелеріміздің азайғанынан қорқамын» деген екен. Қазіргі қариялардың ісі - күнделікті күйбең тірліктің әңгімесі. Қош делік, үлкендердің кішіге айтар назы іспеттес, жастардың да үлкендерге айтар назы - бұл. Жастардың болашағы, жолы қалай болмақ!

Бұл билікті де, халық­­ты да ойландырған іс болып отыр бүгінгі күнде. Қазіргі таңда өз дінінен безіп, өзгенің жетегінде жүрген жастар жетерлік. Бұл жөнінде бабаларымыз «Жүзге бөлінгеннен дінге бөлінген жаман» дейді. Бұл қағида тарихта талай мем­лекеттің тағдырына талау жасады емес пе? Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару керек екендігін қазіргі жағдай толыққанды көрсетіп бе­ріп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың сөзімен айтқанда, «Жан-жағымызда елдің бірлігін көре алмайтын кейбір теріс ой­лы саяси күштер бар». Соны­мен бізді бөлінушілікке ұшы­рататын қандай жағдайлар. Ол, әрине, жастардың басқа дінге бет бұруында. Жастар теріс ді­ни ағымдардың жолына қалай түсіп кетіп отыр. Ол ағымдардан қалай құтылуға болады. Жалған діни ұйымға кірген тұлға кері шыға ала ма? Бұл - бүгінгі күні халықтың көкейіндегі өткір мә­се­ле. Бабаларымыз «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме? Ендеше, хал­қы­мыздың арасына іріткі салуға ұмтылған теріс ағымдар туралы тарата айтсақ. Деструктивті діни ұйым, ол - жекелеген адамдарды әртүрлі әдістермен қатаң бақылауға бағытталған тоталитарлық ұйым. Оның салдары жеке тұлғаның психика­лық және физикалық жағынан алған әсердің қорытындысын­да қоғам­нан бөлшектенуіне және от­басы мен қоғамды, мемлекет­ті күйретуге дейін залал келтіреді. Неге сектаға тартылған адамның қайта қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік аз? Өйткені деструктивтік діни ұйымдар қо­ғамда берілетін барлық ақпа­рат­тарды жоққа шығаруға тыры­сады. Қалай? Мысалы, теледи­дар көру, радио тыңдау, қоғам­дық газеттер оқуды және ұйым мүшелерінен басқа адаммен, қор­шаған ортамен қарым-қаты­насты, ақпарат алмасуды барынша шектейді. Сенушілерге тек өз әдебиеттерін, аудио және бей­не материалдарын насихаттайды. Жаңадан мүше болып кірген адамның бос уақытының болмауын қадағалайды. Сөйтіп, оның жеке өмірін қатаң кесте бойынша жүргізеді. Секта, бір сөз­бен айтқанда, адам психологиясын өз дініне, өміріне, елі­не, ата-анасына және т. б. қарсы қойып, араздастыруды көз­дей­тін, түп-төркінінде қазақ елін құртуға әкелетін діннің ең қа­уіп­ті бағыты.

Айталық, теріс жалған ағым­дар Отанға қауіп төнсе де, қол­ға қару алмауды секта мү­ше­лерінің миына әбден сіңіріп тас­таған. Яғни адам бойындағы отан­шылдық сезімін жойған. Жатқа Отанын, елін, жерін соғыссыз бе­ре салуға үндейді. Сонымен қатар жақын адамы өлім аузында жатып, оған қан беру керек болса, қан бермейді. Бұл секталар спортпен шұғылданғанды да қолдамайды. Басты мақсаты - өздерінің қауымына кірген жаңа мүшелерін есінен адастырып, үй, басқа да заттарын өздеріне алып қалу. Аталмыш жалған ағымдардың өздеріне еліктіріп әкететін мықты тәсілдері бар. Адам мен қоғамды қатар қоя отырып, жағымсыз бейнелерін заманның кінәсі деп ысыра салады, өздері сүттен ақ, судан таза. Бір қызығы, олардың қазақ тіліндегі кітап-журналдары өте сауатты, әрі көпшілікке тартым­ды тілде жазылған. Еріксіз ойға қаласың, осылардың бәрін жа­сап жүрген өз қандастарым емес пе деген сұрақ туады?

Біздің қоғамда қалың көп­шілік біле бермейтін осындай құй­тұрқы діни ұйымдар бар. Іс-әрекеттері қағаз жүзінде заң­ды болғанымен, іс жүзінде іріт­кісі көп. Олар қайдан келді, қан­дай мақсаты бары санаулы адамдарға ғана белгілі. Бұл - Қазақстандағы халықтар арасында әдейі «араға от жағу» жұмыстарын жүргізуге келген, ішкі татулыққа іріткі салуға келген шетелдік миссионерлердің қам-қарекеті екендігі анық.

Тағы бір шынайы мұсылман дінімізге іріткі салып жүрген діни экстремизмнің бағыты - ваххабизм. Соңғы кезде ваххабизм күр­делі саяси мәселеге айналып тұр. Бұл біздің қоғамға өте қауіпті. Шынтуайтына келсек, мұсылмандық жолға бет бұрдық деген қыздарымыздың қазақ аруы­на тән емес пәренже ки­юі, жігіттеріміздің ұсқынсыз са­­қал қоюы қоғамда дүдәмал ой туғызып отыр. Әдебиетіміз бен та­рихымызда жастайынан са­қалды жөнсіз өсірген мә­де­ниетті естіген жоқпыз. Біз мұнымен кімге еліктейміз? Осы салаға бет бұрған қыз-келіншектердің құд­ды бір қазаға ұрынғандай қара жамылып, бет-аузын тұмша­ла­ған қылығы жаныңа батады. Дұрыс, әурет жеріңді жауып жүру шариғатта парыз санал­ға­нымен, бүркемелеп пәренже киіп, қазақша орамал тартуға бол­майды деген сөз жоқ. Қа­зақта қара - қайғының, ақ жау­лықтың белгісі. Ендеше, жас өрім­дей қыздарымыздың ақ немесе қарамен жамылуын немен түсіндіреміз. Ілімсіздіктің кесірі, өзге елдің жымысқы саясатын тықпалап, аруларымызға қазақ әйеліне тән емес, салтымызға қайшы «перде» жабуға мәжбүр етті. Исламда адамның иманы сыртқы киіммен өлшенбейтіні бе­сенеден белгілі. Қазірде ислам діні десе, жұрттың төбе шашы тік тұратыны да содан. Аталмыш жалған ағымның мақсаты - има­ни таза мұсылман дініне іріт­кі салу.

Ислам атын жамылған діни ағымның бір түрі - «Хизбут-ТаҺрир» партиясы. Бұл ұйым да мұсылмандар арасына жік салуда. Алдымен, бұл ислам партиясы болып табылмайтынды­ғын және исламды таратумен күреспейтіндігін атап өткен жөн. «Хизбут-Таһрир» ар бостанды­ғы, жеке бас бостандығы, да­уыс беру бостандығы, жеке меншік бостандығы сияқты 4 негізгі демократиялық бостандықтың біреуін де мойындамайды. Бірінші кезекте ұйым эмиссарлары терең діни білімі жоқ жастарды тарта бастайды. Қазақстанда «Хиз­бут-Таһрир» ұйымы экстре­мистік болып табылады және оның қызметіне республика ау­мағында тыйым салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті діни ағым түсінігінің мәні
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Тарихтан сабақ алмасақ
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Таблиғи жамағат ағымы
ҚР дін туралы заңнамасы пәнінен лекциялар жинағы туралы
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Экстремизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz