Материалдық ресурстар және ғылыми-техникалық ақыл-ой нарығы



Кіріспе

1.1.Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғарғы баспалдағы ретінде
1.2.Рыноктық механизмнің мәні мен негізгі элементтері
1.3.Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшіліктері
1.4.Рыноктың инфрақұрылымы. Трансакциялық шығындар
1.5.Рынок түрлері

ІІ. Материалдық ресурстар және ғылыми.техникалық ақыл.ой нарығы
2.1. Өндіріс құрал жабдықтары нарығы
2.2. Тұтыну тауарлары мен қызмет нарығы
2.3. Ғылыми . техникалық ақыл.ой нарығы

ІІІ. Еңбек нарығы
3.1. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
3.2. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметтері

ІV. Нарық жағдайындағы баға
4.1.Бағаның мәні және атқаратын қызметтері
4.2. Нарық жағдайындағы баға құру стратегиясы

қорытынды
Кіріспе
Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпайды. Әлі күнге дейін бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік, оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне, экономиканың тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің пайда болуы б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы в) тауар баламасы кезеңінің нарығы г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз,кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар,әрбір жеке сауда – саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т - Т көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т –Т балама –Т .Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде «таза» құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңде алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен,құнның «таза» иеленушілері несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы қазіргі 1.1.Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғарғы баспалдағы ретінде
Рынок - әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі.
Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар екенін айтып шығу керек.
Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын өткізуді білдіреді. Екіншіден, рынок – бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.
Рынок меншіктің тауар – ақша байланыстары мен қаржы – несие жүйесінің түрлі – түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық қатынастарға енеді:
• екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске асырылатын кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен байланысты қатынастар;
• шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процестері;
• еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процестері;
• белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік қатынастар;
• тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі.
Рынок белгілі бір жағдайларда қызмет етеді.
Рыноктық қалыптасу жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы жағдайларын енгізумен байланысты.
Оларға жататындар:
• меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті, акционерлік, мемлекеттік);
• мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті демократизациялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзі шексіз даму қабілеті бар өзін - өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек.
• тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және қаржы рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты инфрақұрылымды құру.
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау және шаруашылықты жүргізудің рыноктық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі енеді. Біріншіден, ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен шаруашылықты жүргізудің көп қырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде анық шаралары қажет. Екіншіден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық қайта құру арқылы тапшылықты игеру. Үшіншіден, экономиканы шетелдік капитал тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен
кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпайды. Әлі күнге
дейін бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік, оған тән
қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік
қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда батыс елдерінің
тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне, экономиканың
тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің және
мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық
қатынастарға өту ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар
өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті
тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі
жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз
ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау
процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы,
шаруашылықты ұйымдастыру формасы.
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу
құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас
пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының
дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады: а) нарық элементтерінің
пайда болуы б) натуралдық айырбас кезеңі нарығы в) тауар баламасы кезеңінің
нарығы г) тауар емес балама кезеңінің нарығы.
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз,кездейсоқ болады, олар
өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар,әрбір жеке сауда –
саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т - Т
көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне – көп өндірістің шарты бола
бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы
қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас
болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше
тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т
–Т балама –Т .Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол
ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып
отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық
формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре
алмайтын шығындық және шығындық емес деп бөлінетін құрамалары
байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі
қызметін алтын атқара бастайды.
Төртінші кезеңде алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен,құнның таза
иеленушілері несие ақшалар өзінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша
айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы қазіргі

1.1.Рыноктық шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының
жоғарғы баспалдағы ретінде
Рынок - әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі.
Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты
маңызы бар екенін айтып шығу керек.
Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске
асырылатын өткізуді білдіреді. Екіншіден, рынок – бұл өндіру, бөлу, айырбас
пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар
жүйесі.
Рынок меншіктің тауар – ақша байланыстары мен қаржы – несие жүйесінің
түрлі – түсті нысандарын пайдалануға негізделген экономиканың әрекет
етуінің күрделі механизмі ретінде жүреді. Айналымнан басқа рыноктық
қатынастарға енеді:
• екі субъект арасындағы өзара байланыс рыноктық негізде іске
асырылатын кәсіпорын мен экономиканың басқа құрылымдарының жалға берілуімен
байланысты қатынастар;
• шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындардың айырбас
процестері;
• еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану
процестері;
• белгілі бір процентпен несиелерді беру кезінде несиелік
қатынастар;
• тауар, қор, валюта биржалары мен басқа элементтерді қамтитын
рыноктық инфрақұрылымдардың қызмет ету процесі.
Рынок белгілі бір жағдайларда қызмет етеді.
Рыноктық қалыптасу жағдайын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ
рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылықты жүргізудің жалпы
жағдайларын енгізумен байланысты.
Оларға жататындар:
• меншіктің сан қырлы нысандарын іске асыру (жеке, кооперативті,
акционерлік, мемлекеттік);
• мемлекеттік реттеуіштерді сақтаған жағдайлардағы өндірісті
демократизациялау. Бұл кезде рыноктық экономиканың өзі шексіз даму қабілеті
бар өзін - өзі реттеуші жүйе емес екенін есте ұстау керек.
• тауарлар мен қызмет көрсету рыногы, өндіріс факторлары және
қаржы рыногы сияқты үш негізгі элементті біріктіретін рынокты
инфрақұрылымды құру.
Факторлардың екінші тобына құқықтық заңдарды дайындау және
шаруашылықты жүргізудің рыноктық әдістеріне өту жөніндегі экономикалық
ережелерді қабылдаумен байланысты шаралар жүйесі енеді. Біріншіден,
ресурстарды ұрлаумен тиімсіз пайдалануға жол бермейтін меншік пен
шаруашылықты жүргізудің көп қырлы нысандарын қалыптастыру мен игеру жөнінде
анық шаралары қажет. Екіншіден, экономикадағы басым салаларды құрылымдық
қайта құру арқылы тапшылықты игеру. Үшіншіден, экономиканы шетелдік капитал
тарту және аралас кәсіпорындарды құру арқылы ашық жүйеге айналдыру.
Рынок мәні оның қызметтерінде өте толық көрінеді.
Ең маңызды қызметтеріне жататындар:
• тауарлық өндіріс өзін-өзі реттеу қызметі. Ал тауарға деген
сұраныс өскен кезде өндірушілер өз өндірісі көлемін кеңейтеді және бағаны
өсіреді. Соның нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
• ынталандырушы қызметі. Баға төмендеген кезде өндірушілер өндіруді
қысқартып, жаңа техника, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды
жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бастайды;
• өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын орнату
қызметі. Бұл тапшылықсыз өндіріс жағдайында (сатып алушы таңдай алғанда,
өндірістегі монополиялық жағдай болмағанда және олардың арасындағы жарыста)
әрекет ете алады;
• реттеуші қызметі. Рынок көмегімен экономикада, өндіріс пен
айырбаста негізгі микро және макро тепе-теңдік орнатылады;
• шаруашылық өмірді демократиялау, өзін-өзі басқару принциптерін
іске асыру қызметі. Әсер етудің рыноктық тетіктері көмегімен қоғамдық
өндірісті оның экономикалық өмірлік қабілеті жоқ элементтерінен босату
жүргізіледі және осының есебінен тауар өндірушілердің дифференциясы іске
асырылады.

1.2.Рыноктық механизмнің мәні мен негізгі элементтері
Рыноктың экономикалық әрекет етуі жиынтығында рынок жүйесін құрайтын
оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Рыноктық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі өндірушілер мен
тұтынушылар болады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері
тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке
өзіндік және өндіруші болып бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарларды
өндіріс сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру
үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде
тауар басқа өндірушілер арықарайғы өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін
алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымен
ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құрылады және көтерме рыноктық мәміле
нысанында көрінеді.
Рыноктық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді
корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен
ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Рыноктық экономиканың үшінші маңызды элементі- баға. Ол айрықша
зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ескерту жасағымыз келеді.
Бірінші, баға араққатынасы әрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық
ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекеті сферасын
анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен
байланысты айналым шығындармен анықталады.
Рыноктық экономиканың төртінші элементі-орталық буын сұраныс пен
ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға деген
қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан
бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең
үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы
ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық
механизмнің маңызды элементтері болып табылады.
Рыноктық механизмнің бесінші элементі – бәсеке. Ол пайданы мол табуды
және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке рыноктық
субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны
ретінде жүреді. Адам Смит бәсекені рыноктың көрінбейтін қолы деп атаған
және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын
ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады.
Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға және т.б
экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке
негізделеді:
• маржиналдық (шекті) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық.
Маржиналдық талдау принципі негізінде рыноктық субъектілер мінез-
құлқы құрылады, оған орташа месе, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Рыноктың
тауарларға толуы, нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде рыноктың
экономиканың бір қалыптан (жағдайдан) екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді.
Бұл жаңа, шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде рыноктық
экономикаға әсер етпеуінен болып отыр. Жетілген рынок жағдайында, үлкен
және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргізуші субъектілердің шексіз саны
болған кезде, осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады.
Маржиналды жол рыноктық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз
еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу
мүмкіндігін болдырмайды, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-
тең жағдайды ұстап отырады.
Балама талдау шығындарының принціпі. Балама талдау шығындары
ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне
байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы
түрінде болады. Рыноктық экономиканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер
тізімі ішінен аз, бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап
алуына негізделеді. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда
бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
Экономикалық рационалдылық принципі пайда мен шығындарды салыстыруға
негізделеді. Рационалды таңдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі
көлемінде қамтамасыз ететіні шекті болып табылатын өзгермелі варианттардың
бірінде іске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен
анықталады. Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы
жоғарылатуға тырысса, тұтынушылар өз игілігін барынша жақсартуға ұмтылады.
Көрсетілген принциптер негізінде рыноктық экономиканы құру бір
жағынан, сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді, екінші жағынан,
нарықтық бағаларды пайдалануға негізделетін рыноктық механизмінің орталық
проблемасы болып табылатын тепе-тең жағдайда қол жеткізуге мүмкіндік
береді.

1.3.Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшіліктері
Рыноктық экономика төмендегілерден көрінетін белгілі бір
басымдылықтарға ие:
1) ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2) өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3) тұтынушылар мен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету
бостандығын қамтамасыз етеді;
4) ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа
технологиялары, әдістерін енгізу үшін жағдай жасауға көмектеседі;
5) өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және
тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағытталады.
Рыноктық экономикаға мынадай белгілі бір кемшіліктер тән:
1) табыс алуға кепілдік бермейді;
2) толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3) қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз
ынталандырады;
5) ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді
дамытуды қамтамасыз етпейді.

1.4. Рыноктың инфрақұрылымы. Трансакциялық шығындар
Экономика инфроқұрылымын жалпы былай бөлуге болады:
1) өндірістік;
2) әлеуметтік-тұрмыстық;
3) рыноктық.
Өндірістік инфроқұрылым – бұл негізгі қызметтер, өндірістік қызмет
көрсетулер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ету
болып табылатын салалар мен салаішілерінің жиынтығы. Олар қоғамдық
өндірістің табысты жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы жағдайларды
бөліп көрсетуге болады. Сыртқы жағдай – бұл ең басты қоғамдық өндірістің
дамуына жанама әсер ететін табиғи-климаттық, географиялық және басқа
жағдайлардың жиынтығы. Өндірістің жалпы жағдайына: өндіріске қызмет
көрсететін көліктердің барлық түрлері; өндіріске қызмет көрсететін байланыс
құралдары; материалды – техникалық жабдықтау және тауарлар қозғалысының
жүйесі; ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу; электр қуатының
объектілері енеді.
Әлеуметтік – тұрмыстық инфроқұрылым – бұл халықтың дұрыс өмірі үшін
материалдық, мәдени-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз ететін салалар мен
салаішілерінің жиынтығы. Бұл қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді
өндіру сферасы. Ол халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен
спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру, тұрғын-
коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі мен
халыққа қызмет көрсету бойынша байланыспен көрсетілген.
Рыноктық инфроқұрылым – бұл ерекше рыноктар негізінде әрекет етіп,
олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара
байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс
істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін
қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.
Рыноктық инфроқұрылым элементтері:
Тауар және қор биржалары; сауда үйлері; көтерме және бөлшек сауда
кәсіпорындары; жәрмеңкелер мен көрмелер; аукциондар; делдалдық құрылымдар;
сауда-өнеркәсіптік палаталар; кедендік мекемелер; түрлі қызмет көрсететін
ұйымдар мен мекемелер.
Трансакциялық шығындар түсінігін американдық экономист Р.Коуз
енгізді.
Д.Норт трансакциялық шығындардың келесідей негізгі типтерін бөліп
көрсетеді:
1) ақпаратты іздеу шығындары – қажетті контрагентті табу мен белгілі
бір бағаларды күтуді қалыптастыратын бағалар туралы ақпараттарды табуға
жұмсалатын уақыт пен ресурстар шығындары;
2) айырбас шарты, келісім-шарт пен мәмілені толтыруды анықтау үшін
келісімдер жүргізу шығындары;
3) сапаның қатеден болатын шығынын, стандарттар жүйесін дайындау мен
оларды бақылау шығынын, фирмалық белгілер мен сауда маркаларын қорғау
шығынын өлшеу мен анықтау шығындары;
4) меншік құқығын анық анықтау мен қорғау шығындары, қоғамда әрекет
етуші меншік құқығын бөлудің әділдігіне қатысты бәтуаластық (консенсустық)
идеологияны қолдау мен заңдық жүйе көмегімен құқықтық режимді тікелей
қорғау шығындары;
5) аппортунистік мінез-құлықтан болатын ысыраптар.
Рынок қызметі трансакциялық шығындарды үнемдеуде болып табылады.
Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан рыноктың басты басымдылығы
ретінде оның ақпаратқа айырбастауда әр қатысушының шығындарын төмендету
тенденциясы жүреді. Ақпаратты алуға жұмсалатын шығындар барлық
трансакциялық шығындардың негізгі бөлігін құраса, онда осы игілікті
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынастар рынок түрінде
ұйымдастырылады. Бұл кезде ақпарат шығындарының абсолюттік деңгейінің өзі,
өзінің өндірістік (трансакциялық) шығындарымен салыстырғанда өте жоғары
бола алмайды, басқаша жағдайда рынок шекарасы өте тар болып, арасында
байланыс орнаған сатушылар мен сатып алушылар саны рыноктық қатынастардың
тұрақты әрекет етуіне қажет кейбір қауіпті мәнінен аса алмай қалады.

1.5. Рынок түрлері
Рынок күрделі құрылымға ие және өз әсерімен экономиканың барлық
сферасын қамтиды.
Рыноктың экономикалық құрылымы мыналармен анықталады:
• меншік нысандарымен (мемлекеттік және ұжымдық аралас);
• бүтін экономикадағы шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қандай да
бір нысандарының үлес салмағына байланысты болатын тауар өндірушілер
құрылымы (мемлекеттік жал, кооперативтік, жеке кәсіпорын, жеке еңбек
қызметі кәсіпорыны);
• тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
• шаруашылықтық құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру мемлекеттен алу
деңгейі;
• елде пайдаланылатын сауда түрлері.
Рынокты келесідей критерийлер бойынша бөлуге болады:
1. Рыноктық қатынастар объектілерінің экономикалық қызметі бойынша:
• материалдық игіліктермен қызмет көрсетулер рыноктары;
• өндіріс құралдары рыноктары;
• ғылыми-техникалық жасалымдар рыноктары;
• құнды қағаздар рыноктары;
• жұмыс күші рыноктары.
2. Рыноктарды тауарлық топтар бойынша саралауға болады:
• өндірістік бағыттағы тауарлар рыноктары;
• халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік тауарлар рыноктары;
• шикізат пен материалдар рыноктары және т.б.
3. Рыноктарды өндірістік белгілері бойынша құратын рыноктар:
• аймақ ішілік;
• аймақ аралық;
• ұлттық;
• халықаралық (әлемдік).
4. Бәсекені шектеу дәрежесі бойынша бөлінеді:
• монополиялық;
• олигополиялық;
• салааралық рыноктар.
5. Рыноктық қатынастар субъектілерінің түрлері бойынша рыноктар былай
бөлінуі мүмкін:
• сатып алушылар мен сатушылар ретінде кәсіпорындар мен ұйымдар
жүретін көтерме сауда рыноктары;
• сатып алушылар ретінде жекелеген азаматтар жүретін бөлшек сауда
рыноктары;
• сатып алушылар ретінде мемлекет, ал сатушылар ретінде – ауыл
шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілері жүретін шаруашылық өнімдерін
мемлекеттік сатып алатын рыноктар.
6. Экономикадағы заңдылықты сақтаудың ескерілуімен рыноктар мынадай болып
бөлінеді:
• ашық ресми;
• ашық емес жасырын, қара және т.б.
Рынокты құрылымдандыруды зерттеу рыноктың негізгі түрлерін бөліп
көрсетуге мүмкіндік береді:
Тауарлар мен қызмет көрсетулер рыноктары. Бұған мынадай рыноктар
енеді:
• тұтынушылық бағыттағы тауарлар – азық-түлік және азық түлік емес
тауарлар;
• қызмет көрсету рыноктары – тұрмыстық, көліктік, коммуналдық;
• өндірістік емес бағыттағы тұрғын үйлер мен ғимараттар рыноктары.
Өндірістік факторлар рыноктары. Оларға:
• қозғалмайтын мүліктер рыноктары;
• еңбек құралдары;
• шикізат пен материалдар;
• энергетикалық ресурстар;
• пайдалы қазбалар.
Қаржылық рыноктар. Бұл:
• капиталдар рыноктары, яғни инвестициялық рыноктар;
• несие рыноктары;
• акция, облигация, опцион, варант, фьючерстік келісім шарттармен
және т.б. көрсетілген құнды қағаздар рыноктары;
• валюта-ақша рыноктары.
Интеллектуалдық өнім рыноктары – инновациялар, өнертапқыштар,
ақпараттық қызмет көрсетулер, әдебиет пен өнер туындылары.
Жұмыс күші рыноктары. Олар жұмыс күші рыноктық экономика заңдарына
сай пайдаланылатын еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық нысаны
түрінде болады.
Рынок жағдайында тауарлар өндірісі тұтынушылардың жекелеген
топтарының сұранысын қанағаттандырумен байланысты болады.
Рынок сигменті – бұл рынок бөлігі; ортақ белгілері бар кәсіпорындар,
өнімдерді тұтынушылар тобы.
Рынокты сигменттеу – тауарларға бірдей емес талаптап қоятын осы
тауарды тұтынушыларды жекелеген топтарға бөлу.

ІІ. Материалдық ресурстар және ғылыми-техникалық ақыл-ой нарығы
2.1. Өндіріс құрал жабдықтары нарығы
Өндіріс құрал – жабдықтары нарығы – бұл өнеркәсіп өнімдерін тиімді
түрде сатып алуды, қажетті шаруашылық байланыстарын орнықтыру процесін
ұйымдастырып қамтамасыз ететін айырбас саласы. Сатып алу – сату объектісіне
негізгі және айналым қорлары, жер жатады. Бұл нарықта сатып алу-сату
операциялары өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және тұтынатын
кәсіпорындар арасында жүргізіледі.
Осы уақытқа дейін өндіріс құрал-жабдықтарының қозғалысы мемлекеттік
материалдық-техникалық жабдықтау нысанында, яғни өндірушілер мен
тұтынушыларды бір-біріне алдын-ала байластыру негізінде, ресурстарды
орталықтан бекітілген жоспар бойынша бөлу орын алып келді. Бұндай нысан
ресурстарды ұтымды түрде бөлу мақсатына жауап бермек түгіл, керісінше,
белгілі бір шамада оған қарсы болды. Осындай бөлуде нарықтың маңызды
белгілерінің бірі - өндірушілер мен тұтынушылардың арасында объективті
түрде қалыптасатын шаруашылық байланыстардың жүйесі болмады.
Өндіріс құрал-жабдықтары нарығы – көтерме сауда түрінде болуы мүмкін.
Жалпы алғанда көтерме сауда көп каналды болып табылады, оған кәсіпорындар
арасындағы тікелей коммерциялық байланыстар және еркін сайланған делдал
арқылы болатын байланыс кіреді. Ресурстарды тікелей қор түрінде бөлуден
көтерме саудаға көшу, өндіріс құрал-жабдықтары нарығына қаржы механизмі
арқылы жүзеге асатын байланыстарды енгізуді қажет етеді. Себебі қаржы
ресурстарының болуы және оларды бөлу құрылымы тауарлы-материалдық
игіліктердің қозғалысын белгілейді. Бұндай жағдайда көтерме сауда табыстың
өсуіне, қаржы ресурстарының айналыс жылдамдығын барынша көбейтуге
ынталандырады.
Өндіріс құрал-жабдықтары нарығының маңызды компоненттерінің бірі
тауар биржасы (латынша bursa - әмиан). Ол экономикалық ойынға бағаның
еркін қалыптасуына және олардың ауытқуына экономикалық ойын түрінде
негізделген шарт жасасу орыны болып табылады. Тауар биржасының негізгі
атқаратын қызметтері мыналар: биржалық шарт жасасуға делдалдық қызмет
көрсету; тауарлармен сауда жасауды ретке келтіру; биржалық операцияларды
реттеу және шаруашылық дауларды шешу; бағаға әсер ететін баға, өндіріс
жағдайы және басқа факторлар туралы ақпарат беру.
Биржа нарықтық қатынастарды мемлекеттік реттеудегі көмекші аппарат
рөлінде атқарады. Олар ұйымдық жағынан ассоциация (бірлестік) түрінде
құрылған, оның мақсаты негізінен пайда табу емес, ол сауда процесін
жеңілдету және арзандату. Тауар биржасының шарт жасау объектісі – белгілі
бір стандарт пен үлгідегі қолда бар тауар болып табылады. Негізінен бұл
ауыл-шаруашылық өнімдері, өнеркәсіп шикізаты мен жартылай фабрикаттар
(толық өңдеуді қажет ететін өнімдер). Шарт жасасу тақырыбы – тауарларды
жеткізіп беру контрактысы келісімі болуы мүмкін. Биржа тауарларды котировка
жасайды, былайша айтқанда биржалық бағаларды тіркеп оларды кейіннен
жариялайды. Биржалық котировка контрактіге отыру кезінде бағдар есебінде
пайдаланылады. Сонымен бірге биржадан тыс жерде котировка арқылы биржалық
сауда нарық конъюктурасына кері әсер етеді.
Биржа өзінің жұмысын жабық мекеме есебінде құрады.
Тауар биржасында шарт биржаның мүшелерімен де, сонымен бірге оған
мүше емес кәсіпкерлерменде жасалады. Әдетте биржаның мүшелері берген
капиталдарына дивидент алмайды. Олардың пайдалары, жасалған шарттар үшін
клиенттерден алынатын сыйлықтардан (жалақы есебіндегі төлем) құралады.
Бұны брокеридж (brokerage – ағылшынша), немесе куртаж (сourtage -
фрaнцузша) немесе провизион (provision - немісше) деп атайды. Бұл
сыйлықтың көлемі алдын-ала белгіленеді және тауар операциялары кезінде
әдетте 0,25-тен 2-3℅-ке дейін болады. Басқаша айтқанда биржаның мүшелері
брокерлердің ролін атқарады. Биржаға кез-келген заңды түрде тіркелген
ұйымдар және жеке адамдар да мүше бола алады.

Сурет 22.Бир

Тауарларды, бағалы қағаздарды сатумен брокерлер (broker - ағылшынша)
мен маклерлер (makler - немісше) (дилерлер) айналысады. Брокерлер қор және
тауар биржаларында сауда-саттықты бекітуге араласатын делдал адам. Өз
клиенттері атынын және соның есебінен қызмет істейді. Оның заңдылық құқы
бар және биржалық операциялардың белгілі бір түріне маманданады.
Маклер – биржада өз орны бар, өз атынан және өз есебінен сауда
келісімін жасайтын делдал адам. Олар маклерлік кеңселерге және фирмаларға
бірігіп, делдалдық қызмет көрсету арқылы биржа комитеті тағайындаған
комиссиондық қаржы алып отырады.
Дилерлер өз аттарынан іс-қимыл жасайды немесе өзге адамдар арасында
делдалдық жасайды. Дилер бағалы қағаздарды, тауарларды, валюталарды сатып
алу мен сату ісінде делдалдық қызмет істейді.
Биржалық саудаға келушілердің қатысу шамасына қарай биржаларды ашық
және жабық деп біледі. Жабық биржадағы саудаға тек қана биржаның
делдалдары, ал ашық биржаға делдалдардан басқа адамдар да қатыса алады.
Биржалық операциялардың сипатына қарай тауар биржаларын нақты тауарлар және
фъючерсті тауар биржалары деп бөлу көзделген. Нақты тауар биржаларында
контрактілерді сату, әдетте тауарды одан әрі қарай сатумен жалғасады. Ал
фъючерсті саудада тауар үшін ақша сомасы контрактіде көрсетілген баға
туралы келісім жасалған соң белгілі бір уақыт ішінде төленеді. Фъючерсті
сауданың негізгі мақсаты – келісім шарттың аяқталу уақытына қарай пайда
болатын бағадағы айырмашылық болып табылады.
Енді Қазақстанда өндіріс құрал-жабдықтары нарығының және тауар
биржаларының қалыптасу мәселелеріне қысқаша тоқталайық. Олардың қалыптасуы
материалдық-техникалық жабдықтау және сауда салаларының монополиялық
үстемдігін жоймай жүзеге аспайды. Қазіргі кезде жабдықтау және өткізу
ұйымдарын дербес коммерциялық жүйеге айналдыру жұмысы жүріп жатыр. Олар
шаруашылық есеп негізінде әрекет етеді, негізінен халық шаруашылығының
алғашқы буыны кәсіпорындардың нарыққа енуіне жағдай жасайды, осылармен
бірге сауда үйлері, көтерме делдалдық фирмалар, коммерциялық орталықтар мен
компаниялар, лизингілік компаниялар,аукциондар, жәрмеңке кешендері,
мемлекеттік резерв және сақтық қорлары, баға мен стандарттарды бақылайтын
мемлекеттік инспекциялар, келісім - шарт жасасу жүйелер т.б. құрылуда.
Өтпелі кезеңде оларды қаржы жағынан қамтамасыз етудің орны зор. Онсыз
дамыған өндіріс құрал-жабдықтары нарығын ұйымдастыру мүмкін емес.
Қазақстанда алғашқы тұрақты жұмыс жасайтын биржа 1991 жылы Қарағанды
қаласында пайда болды. Кейіннен бұл процесс республикамыздың барлық
аймақтарында жоғарғы қарқынмен дами бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда
сондай 55 нарықтық құрылымдар тіркелген. Оның 24-әмбебап биржасы, 11-тауар
шикізат, 10-тауар, 3-қор, 3-тауар қор, 4-басқа (құрылыстағы жылжымайтын
мүлік) биржалар. Сонымен қатар 437-брокерлік кеңселер бар. Бұл биржаларда
орта есеппен 1301 адам жұмыс істейді. Қазақстандағы биржалардың жалпы
айналымы 19808,5 млн сом құрайды. Ең ірі сауда келісімдері 1992 жылы Алма
республикалық әмбебап тауар биржасына (1950,8 млн.сом), Орлан Павлодар
биржалық орталығына (1737,5 млн. сом), Қарағанды аймақаралық тауар
биржасына (1710,7 млн.сом), Қостанай тауар-шикізат базасына
(1190,3млн.сом), Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан әмбебап биржасына (678,6
млн.сом) тән. Осы биржалардың әрекет ету шеңбері өз облыстарымен шектеліп
қана қоймай, сонымен бірге ТМД-ға кіретін мемлекеттер мен шетел аймақтарына
дейін созылуда.

2.2. Тұтыну тауарлары мен қызмет нарығы
Нарық құрылымында тұтыну тауарлары қызмет нарығы(ары қарай оны
қысқаша тұтыну нарығы деп атаймыз) айрықша орын алады.
Тұтыну нарығы – бұл сатып алушылардың тұтыну тауарларына төлем
қабілеті бар сұранымын қанағаттандыратын тауарлар мен ақылы қызмет нарығы.
Тұтыну нарығы ішкі нарықты құрады және оның қалыпты жұмыс жасауына жағдай
жасайды, тауардың тапшылығы мен инфляцияны азайтады, бірақ тауарлар
бағасының тұрақсыздығын жоя алмайды. Ол өндіру, бөлу және жеке тұтынудың
қабілеті бар сұранымның, материалдық тұтыну игіліктері мен қызметтердің
өзара байланысты үш фактордан тәуелді болады:
а) өндірілетін тұтыну игіліктері мен қызметтердің көлемі мен
сапасынан;
б) осы тауарлар қызметтерге қойылған бағаның шамасынан;
в) тұрғындардың ақшалай табысының көлемінен.
Барлық ТМД елдері сияқты Қазақстанның тұтыну нарығына да тауарлардың
тапшылығы, бағалардың шектен тыс өсуі, осылардың нәтижесінде халықтың төлем
қабілеті бар сұранымның күрт азаюы тән болып отыр. Осы проблеманы біршама
шешу үшін 1992 жылы республикаға шетелден 348 миллион долларға тұтыну
заттары әкелінген болатын, ол 1991 жылға қарағанда бес есеге жуық аз.
Валютаның жетіспеушілігіне байланысты бұл көрсеткішті көбейту үлкен
қиындыққа тап болып отыр. 1992 жылы халық тұтынатын тауарлар өндірудің
көлемі 21,5 процентке қысқарды. Соның ішінде азық-түлік өндіру 26,6 жеңіл
өнеркәсіп бұйымдарын шығару 14,8 процент қысқарды. Әлеуметтік салалардың
объектілерін салу және пайдалануға беру жұмыстары да өте баяу жүргізілуде.
Өкінішке орай, қазіргі кездегі инфляция қарқынының тездігі сондай, тіпті
тұтыну нарығында болып жатқан шиеленісті жағдайларды нақты сандық
көрсеткіштермен бейнелеу мүмкін болмай отыр.
Тұтыну нарығындағы бұндай жағдайды әртүрлі себептермен түсіндіруге
болады. Ол халық шаруашылығының құрылымында тұтыну заттарын шығаратын және
қызмет көрсететін салалардың аздығы, халық тұтынатын тауарлар өндіретін
өнеркәсіптің өндіріс қуатының мардымсыз дамуы, жабдықтардың көнеруі,
өндіріс технологиясының жетілмеуі, бөлшек сауда тауар айналымының баяу
қарқынмен өсуі, еңбек өнімділігінің тұрғындардың ақша қаражатымен
салыстырғанда артта қалуы және басқалары.
Тұтыну нарығындағы жағдайды тұрақтандырудың мәселелері күрделі де
және алуан түрлі. Оның ең маңыздылары мыналар:
а) халық шаруашылығында терең құрылымдық өзгерістер жасау арқылы
халық тұтынатын тауарлар шығаратын өндіріс салаларын жедел дамыту. Оның
мемлекеттік бюджет есебінен, кәсіпкерлікті дамыту және осы салаларға шетел
капиталын кеңінен тарту арқылы жүзеге асыру қажет;
б) өнім өндірушілер мен сауда ұйымдары байланыстарын бәсекелесті
негізде орнықтыруға көшу;
в) көтерме және бөлшек сауда коммерциялық кәсіпорындарын құру;
г) тұтыну нарығын реттеп отыратын тиімді механизм жасау.
Қазақстанның Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-
экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы тұтыну нарығын мынадай
азық-түлік емес тауарлармен молықтыру шараларын жүзеге асыруды көздейді:
- шектеулі уақыт кезеңіне меншікті өндірісті, әсіресе жеңіл өнеркәсіп
өнімін қорғаудың қолдану шараларын енгізуі;
- машина жасау және басқа салалардың кәсіпорындарында ұзақ пайдаланылатын
тауарлар шығаруды молайту;
- жекелеген өндірістерді орнату үшін импортқа қажетті шикізатқа арнап
валюта қаржысын бөлу;
- халық тұтынатын тауарлар өндірістік кәсіпорындардың экспортқа өнім беріп
тұратын кәсіпорындармен кооперациялық байланыстарын күшейту шараларын
жүргізу.
Тұтыну нарығындағы жағдай, әрбір адам өзін күнелту минимумімен
натуральды нысанда қамтамасыз ететін шамада болуы қажет. Бұл тұтыну
қоржынына азық-түліктің 50-ден кем емес және өнеркәсіп тауарларының 200
жуық түрі (әрине әртүрлі тұтыну мерзіміне қарай) салынуға тиіс деген сөз.
Күнделікті қажетті тауарларға қоғамның барлық мүшелерінің қолы жететін
болуы керек. Адамдардың тұтынуын қанағаттандыру үшін дәл бағдар ғылыми-
дәлелді тамақтану және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ету мөлшері болып
табылады. Қазіргі кезеңде және жақын уақытта ғылыми дәлелді тұтыну мөлшерін
өткізу мүмкіндігі болмағандықтан мемлекет күнелту минимумін анықтауда нақты
ресурстық мүмкіндіктерді есепке алады.

2.3. Ғылыми – техникалық ақыл-ой нарығы
Ондаған жылдар бойына біздің экономика ғылым мен техниканың
жетістіктерін қабылдауға бейімсіз болды. Нарыққа өту жағдайында, әсіресе,
оның алғашқы кезеңдерінде бұл проблема одан да шиеленісуі мүмкін. Бұл
жерде, ғылым мен техника саласында әзірше әлсіз нарықтық құрылымдарды
мемлекеттің кепілдігі қолдауынсыз дамыту мүмкін емес. Оның ішінде,іргеліде
күрделі ғылымдарды (электродинамика, квантмеханикасы, социология,
психология, т.б.) қаржыландыруды мемлекет жүзеге асыруға тиісті. Ол елдің
даму перспективасының, оның болашағының кепілдігі.Әрине, бұл жерде шапшаң
нәтижелерді күтудің реті жоқ, себебі бұндай зерттеулерге тиімді
экономикалық түпкі нәтиже алуда үлкен белгісіздіктер тән.
Белгілі бір әлеуметтік қолдауға салалық ғылымдар да мұқтаж. Ол
жинақталған ғылыми-техникалық жаңалықтарсыз қалыпты дами алмайды. Бұл
белгілі бір уақыт өткеннен кейін тауар түрінде болатын – ғалымдар мен
мамандардың әрекет ету саласы. Осыдан келіп ғылыми-техникалық жаңалықтар
қорын құру қажеттігі туындайды.
Нарық жағдайында ғылыми ақыл-ой немесе ғылыми-техникалық жаңалықтар
қоғамдық беделге ие болуы қажет. Ондай болмаған күнде ғылыми-техникалық
өнімдер сатылмайды, ал ғылым мен техника мекемелері банкротқа ұшырауы
мүмкін. Ғылыми-техникалық жаңалықтар нарығының ойдағыдай жұмыс жасауы үшін
мынандай шарттар қажет:
а) ғылыми зерттеу, жобалау және басқа да мекемелерді бюджет есебінен
қаржыландыру өзін-өзі қаржыландырумен алмастырылуы қажет;
б) ғылым мен өндірістің өзара әсерінің алуан түрлі жаңа нысандарын
құру және қолдану;
в) балама ғылыми-техникалық жаңалықтар мен ақыл-ойды қолдау. Мұның
бәрі, сайып келгенде, егер осы саланың жұмысының нәтижесі тауар нысанын
қабылдаған жағдайда ғана тиімді болмақ. Бұл жағдайда, ғылыми-техникалық
профильдегі мекемелер тауар өндірушілерге айналады.

ІІІ. Еңбек нарығы
3.1. Жұмыспен қамту саясаты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, тәуекелділік
Астыртын экономика нарығы
Рынок - тауар айналымының сферасы
Кәсіпкерліктің қазақстандағы түрлері
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру. Қазақстандағы кәсіпкерліктің жағдайы
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
Экономика және қоғам
Нарық әлеуметтануы пәні мен әдістері
Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес
Пәндер