Грамматика және оның салалары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Грамматика және оның салалары
2. Негiзгi грамматикалық ұғымдар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің грамматикалық құрылысы екені туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны.
Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология мен синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.
Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін грамматиканың морфология саласы зерттейді. Сөз тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.
Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым екендігі.
Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену жүйесін, заңдылығын зерттегенімен, сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып, олардың атқаратын өзіндік қызметі болатыны, ол қызметтің синтаксиске қатысынан морфология мен синтаксистің байланысы шығатыны.
Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену заңдылығы морфологияға қатысты болғанымен, әр сөз тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені. Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.
1. Сарыбаев Ш. X. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» А. 1952 ж
2. Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» А. 1952 ж.
3. Қазыбаев С. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 1987 ж.
4. Қоянбаев С. «Қазақша педагогикалық сөздік» 1993 ж.
5. С. Рахметова «Бастауыш мектеп методикасы» А. 1998 ж.
6. Қ. Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 2005 ж.
7. Н. Құрманова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 2004 ж.
8. Құлмағанбетов, А. Исанова, М. Исинғарина «Бастауыш мектепте казақ
тілін оқыту әдістемесі» А. 1997 ж.
9. Қазақстан Республикасы бастауыш мектептың мемлекеттік стандарты.
10. Алдамуратов Ә. «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру
психологиясы» А. 1983 ж.
11. К. Аханов. «Тіл біліміне керіспе» А. 1997 ж.
12. Л. А. Бектұрғанова «Ана тілін жүйелі оқыту және оқушылардың өзін - өзі
басқаруы» Шымкент 2001 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Грамматика және оның салалары
Негiзгi грамматикалық ұғымдар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі тілдің грамматикалық құрылысы екені туралы. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры тілдің негізі екені. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері, негізгі сөздік қоры жоқ ешбір тілдің болмайтыны.

Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері грамматикалық құрылыссыз ешбір тіл болмайтыны.

Грамматика және оның салалары

Грамматика сөздің сөйлемдегі өмірін, сөйлемде қолданылу заңдылығын зерттейтін ілім болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатынын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры-сырын зерттейтіні. Осымен байланысты грамматиканың морфология мен синтаксис деген екі саласы болатыны туралы.

Морфология сөз, оның сөйлемде қолданылғанда, ойдың байланысына қарай бір-бірімен түрлі тұлғада байланысқа түсетіні. Сөздердің бір-бірімен байланысы үшін сөз тұлғаларын құбылтатын, тілдің қалыптасқан амал-тәсілдерін грамматиканың морфология саласы зерттейді. Сөз тұлғаларының түрленуінің сөз таптарына байланыстылығы.

Синтаксис сөздердің бір-бірімен тіркесу заңдылығын, сөз тіркестерінен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым екендігі.

Морфология мен синтаксис саласының бір-бірімен байланыстылығы. Морфология сөздердің түрлену жүйесін, заңдылығын зерттегенімен, сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылып, олардың атқаратын өзіндік қызметі болатыны, ол қызметтің синтаксиске қатысынан морфология мен синтаксистің байланысы шығатыны.

Сөз тұлғаларының өзгерту, түрлену заңдылығы морфологияға қатысты болғанымен, әр сөз тұлғасының қызметі синтаксиссіз мүмкін емес екені. Керісінше, сөз тұлғалары түрленіп, бір-бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайтыны. Бұлардың морфология мен синтаксистің тығыз байланысын білдіретіні.

Негiзгi грамматикалық ұғымдар.
Негiзгi грамматикалық ұғымдарға грамматикалық категория, грамматикалық мағына, грамматикалық тұлға (форма) жатады.
Грамматикалық мағына мен лексикалық мағынаның айырмашылықтары мен арқатынасы.

Грамматикалық мағына, оның түрлері, тілде олардың берілу тәсілдері бар. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың бір-бірімен байланысты болып келеді. Грамматикалық форманың берілу тәсілдері алуан түрлі.

Грамматикалық категория ұғымы, грамматикалық категорияның сипаты. Грамматикалық категорияның сөз таптарына қатысы.

Сөз морфологиялық құрылымы жағынан түбір морфема (негізгі) және қосымша морфемадан тұрады. Түбір морфеманың анықтамасы. Қосымша морфема қызметіне қарай: жұрнақ және жалғау болып бөлінеді. Олар бір-бірінен ерекшеленеді. Жұрнақ, олардың түрлері. Жалғаулардың қазақ тілінде төрт түрі.

Тіліміздегі сөздер мағынасы, атқаратын қызметі жағынан түрлі болып келеді. Ғылымда сөз атауын үш түрлі топқа бөлу орын алған: 1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) одағай сөздер. Атауыш сөздердің мағынасы, түрлену мүмкіндігі, сөйлемдегі қызметі, дербестігі бар. Көмекші сөздер лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық мағынаға көшкен. Одағай сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді.

Қазақ тілінде А.Ысқақов анықтаған сөздерді топтастыру принциптері: лексикалық (семантикалық), грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) деп үш белгі ретінде аталады.

Зат есiм заттық ұғымды бiлдiредi. Тек жәй нәрселердi ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмiрде ұшырасатын әр алуан құбылыстарды, ұғымдар мен түсiнiктердi қамтиды. Құрылымы жағынан дара, күрделi болып бөлiнедi. Тиянақты грамматикалық категориялары (көптiк, тәуелдiк, септiк) бар. Негiзгi қызметi – бастауыш, толықтауыш мүше болу.
Зат есiмдер мағыналық жақтан жалқы және жалпы, абстрактiлi, нақты, ғаламзат және адамзат деп бөлiнедi.
Зат есiмнiң 3 түрлi грамматикалық категориялары бар: 1) көптiк категория; 2) тәуелдiк категория; 3) септiк категория.
Зат объективтi өмiрде жеке және көп түрде қолданыла бередi. Заттардың қолданыстарында осы ерекшелiгiн бiлдiретiн тiлде амал-тәсiлдер бар.
Заттың бiр адамға не көп адамға меншiктiлiгiн бiлдiретiн тiлдiң арнайы тәуелдiк категориясы бар.
Қазақ тiлiнде 7 септiк және септелудiң екi түрi бар: 1) жай септелу 2) тәуелдi септелу. Зат есiм осы екi түрiмен де септеледi.
Сын есiм заттың түрiн, түсiн, реңiн, сапасын, сипатын, көлемiн бiлдiредi. Өзiне тән шырай категориясы және сөз тудыратын жұрнақтары бар. Негiзгi қызметiнде түрленбейдi (септелмейдi, көптелмейдi, тәуелденбейдi). Негiзгi қызметi – сөйлемде анықтауыш мүше қызметiн атқару.
Сын есiм мағынасына қарай сапалық және қатыстық сын есiмдер болып бөлiнедi. Сапалық сын есiм деп заттың түрiн, түсiн, сапасы мен көлемiн бiлдiретiн негiзгi түбiр сын есiмдердi айтамыз. Қатыстық сын есiм деп заттың белгiсiн басқа бiр заттың қатысы арқылы бiлдiретiн сөздер аталады.
Сын есiмнiң 4 шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелi шырай, асырмалы шырай.
Сан есiм заттың сандық мөлшерiн, ретiн, есебiн бiлдiредi. Негiзгi қызметiнде септелмейдi, көптелмейдi, тәуелденбейдi. Сөйлемде анықтауыштың қызметiн атқарады. Сан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика әдістері
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Тілдің құрылымы
Грамматика
Қазақ тіл білімінің зерттелуі
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Қазақ тілі тарихы
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары
Пәндер