Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
1. Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Отбасы –неке құқығы. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайладанды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.
Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды.
Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалыңдықтың ата –анасына мал ретінде төлейтін төлемақысы. Оның мөлшері әртүрлі болған. Көбінесе, қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек –орнымен оны шығарып салуға міндетті болған.
Некені тоқтау адат бойынша тек ер адамның құқығы. Оның себептері: әйелінің ерінің көзіне шөп салуы, дұрыс қарамауы, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя алған. Неке тоқтаған жағдайда бала әке жағында қалады, тек омыраудағы бала ғана анасында қалады.
Әмеңгерлік- адатта ерекше қалыптасқан институт. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан кейін күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуға тиіс. Жасы келген жесірлер әмеңгерлікке шықпай өз алдына үй болып отыра беретін. Әмеңгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған әлі де күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды.
Дүниежүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар.
Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық – экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Ф.Энгельстің айтуынша, топты неке-жабайлық дәуірге тән болса, жұпты отбасы өркениетті дәуірге тән болған.
1. Зиманов С.З. «Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары». Алматы. «Жеті
жарғы», 1996
2. Қожабекова Б. «Қазақы неке». Алматы. Жалын, 1994
3. Өсеров Н., Естаев Ж. «Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы». Алматы.
Қазақстан, 1992
4. Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы,
1994

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Кіріспе
Отбасы –неке құқығы. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам адат бойынша артықшылықты пайладанды. Отбасының әйелінің құқығы шектеулі болды. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды.
Қазақ некесі экзогамиялық (бір рудың ішінен некеге отыруға рұқсат етпеді) және полигамиялық (көп әйел алушылыққа рұқсат ету) сипатта болды.
Қалыңмал қазақтардың үйлену үшін қалыңдықтың ата –анасына мал ретінде төлейтін төлемақысы. Оның мөлшері әртүрлі болған. Көбінесе, қалыңмал алған ата-ана қызына жасау жасап, төсек –орнымен оны шығарып салуға міндетті болған.
Некені тоқтау адат бойынша тек ер адамның құқығы. Оның себептері: әйелінің ерінің көзіне шөп салуы, дұрыс қарамауы, ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы. Әйелдер тек ерінің өз міндетін орындауға жарамсыздығы және ұрып-соғып күн бермеген жағдайда ғана некені тоқтату туралы мәселе қоя алған. Неке тоқтаған жағдайда бала әке жағында қалады, тек омыраудағы бала ғана анасында қалады.
Әмеңгерлік- адатта ерекше қалыптасқан институт. Әмеңгерлік бойынша жесір әйел ері өлген соң бір жылдан кейін күйеуінің туыстарының біріне тұрмысқа шығуға тиіс. Жасы келген жесірлер әмеңгерлікке шықпай өз алдына үй болып отыра беретін. Әмеңгерлік тәртібі қалыңмалы төленіп қойған әлі де күйеуге тимеген қыздарға да тиісті болды.
Дүниежүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар.
Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық – экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Ф.Энгельстің айтуынша, топты неке-жабайлық дәуірге тән болса, жұпты отбасы өркениетті дәуірге тән болған.

1.Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары көп, мықты бюолады деген сенім болған.
Осыған орай, жастай некелестіру- қазақ арасында ертеден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды 15-16 жасында балиғатқа толды деп үйлендіре берген. Бұл дәстүр халық арасында ашық көрініс тапқан.
Неке құрудың негізгі жолы – құда түсіп, қалыңмал төлеп үйлену, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы тапшы шаруаларға, әсіресе кедейлерге 27.17 бас мал төлеп кедін түсіру оңайға түспейтін. Тақыр кедей балалары әуелі өздері бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңға беретін мал жиятын немесе оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесне қызмет ету әәдеті де болған. Әке –шешеден жастай айырылып, кейдей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелнің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағатын да әдет болған. Мұны қазақ қалбала етіп алу дейді.
Қолбала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша ерлі-зайыптылық ғұрыпты құрғызбайтын.
Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру, әрине, кедей-жарлылардың ісі. Өйткені көп баланы асырап бағу оларға оңай түспейтін, оның үстіне құдаы ауқаттырақ болса, қалыңмалын төлесімен, қызды жас болса да өз қолына алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанат ету жағын қарастыратын. Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Бұдан тек әлді шаруалар, байлар ғана аулақ болған. Олар құыздарын 17-18 –ге келмей ұзатқан. Осы уақытта бай қыздары әбден бой жетіп, оң-солын айрыып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәсекелес болатын. Әсіресе еркек –шора болып өскен кенже қызды әлпештеп, кемеліне келгненше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да ерік беретін. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра беретін.
Қазақ әдетінде қыз бен күйеудің жас шамаластығына көбінесе қарамайтын. Өйткені барлыққа мастанған егде тартқан байлар жоқшылықтың зардабынан қысылған жарлылардың жас қызын төсек жаңғырту ниетімен әйел үстіне немесе әйелі өлгеннен соң малға жығып алатын.
Мұндай жағдайда 13-15 жасар қыздарды 50-60 жасар шалдар айттырып алатын әділетсіздіктер жиі кездесіп тұратын. Осындай қыршын қыздар тағдырының тіпті әкесінен үлкен, озбыр қарттарға душар болуының негізгі себебі қыз әкесінің сирағы шыққан кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген архив деректері де дәлелдейді.
Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі кейде керісінше болаады, яғни әйел ерінен әжептеуір үлкен болады. Мұндай жағдай көбіне әмеңгерлік әдетпен үйлендіру тәртібіне байланысты болатын. Жасы келген уақытта жеңге алғандықтан, олардың жас арасындағы ерекшелік онша көзге түспейді. Ал ағасы өліп жесір қалған жеңгені, ержеткен әмеңгері болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін қиғандығы жас ерекшелігі кейде тіпті алшақ жатады. Мәселен 17-40 жасар әйелдерді 13-15 жасар балаларға қосу туралы деректерді тағы да архив қазынасынан және ел арасынан өзіміз жиналған деректерден кездестіреміз. Кейде үй шаруасына қарайтын кісісі жоқ байлар жас баласына бой жеткен кедей қызын айттырып алып беретін. Мұндайда 16-17-ге келген қыздың күйеуі 12-13 жастағы бала болатын.
Құда түсіп қыз алысудағы бүкіл қазақ қауымына ортақ тәртіптің бірі – туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз алыспау. Мұндай тәртіпті этнография ғылымында экзогамия дейді. Қазақ халқындағы экзогамиялық тәртіптің мән-жайы туралы көптеген авторлардың еңбегінен деректер келтіруге болады. Мәселен, А. Левишин экзогамиялық тәртіптің қазақ арасында қатал сақталғандығы сондай, кей уақытта туыстық жақындығы тым әріге кететіндер арасында ғана неклесуге болатындығын айта келіп, тіпті бір рудың адамдары бір-*біріне қосылмайтындығына мысал ретінде жағалбайлы руына жататын жігіттің қалыңдықты өз шінен емес, басқа рулардан, ең болмағанда жеті рудың басқа руларынан іздейтіндігін келтірген.
Қазақстанның жері үлкен. Оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр түрлі болғаны даусыз[1].
Айталық, Россия шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік –шығыс және батыс аудандарында және оңтүстікте мәселен отырықшы, қала мәдениетінің әсерінде болған ташкент, шымкент және Түркістан маңын мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылыған товарлы ақша айналымының әсерімен ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастың бұрынғыдан әлдеқайда әлсірей түсуі анық.
Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби мұралардағы деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы. Алтынсариннің айтуынша, Қазақстанның солтүстік- батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында 8 атаға толғанша қыз алыспаған. М.Е. Маковецкийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын 7 атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен қыз алысқан. Біздің ел аласынан жинаған деректерге қарағанда, П. Маковецкийдің үш ата арасындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін дәлелдейді.
Көптеген негізгі халықтардың өмірінен жиналған этнографиялық деректер негізінде экогамиялық тәртіпті бұзудың нәтижесінде болатын қан араласуы тұқымның әлсіреп азғындауына, кемтарлардың көбеюіне, кейде тіпті тұқым бермейтін бедеулікке душар ететіндігі дәлелденген мәселе.
Неке мәселесі жөнінде, шариғат қағидасы бойынша, қандастық жақындығы болмаса да, баласының енесіне кесі үйленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-ақ өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған қарындасына үйленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі қыздар, бірге туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға болмайтындығын бірнеше авторлар келтірген. Ал, ел арасынан жинаған деректерге қарағанда соңғы айтылған тйымға халық арасында тым қатаң қарамаған сияқты. Өйткені апалы-сіңлілі, абысынды-ажынды болып тұрмысқа шықса, күйеулерінің арасындағы туыстық байланысты үзбей, қайта біріктіре түсуге көмектеседі. Апалы-сіңлілерді ағалы –інілілердің алғандығына мысалды қазақ ауыз әдебиетінен келтіруге болады. Айталық Ер Төстік ертегісіндегі ерназар байдың 9 ұлына екінші бір байдың 9 қызын айттырып алып берген.
Туған балдызына әйелінің тірі кезінде үйленуге болмағанымен, әйелі өлсе- үйленуге болады. Ал туған қайынбикесіне ешуақытта үйленуге болмайды. Күйеу өліп жесір қалған әйел қайын атасына не туған қайнысының балаларына тұрмысқа шығуға болмайды. Ал қайын атасының інісіне, қайнағаларына, олардың балаларына шығуға қақы бар.
Қыз бала шешесінің бірге туған аға, інісен тұрмысқа шықпайды, бірақ олардың балаларына шығуға болады. Сол сияқты жиен балалар нағашы апаларын алуға қақы жоқ, бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына үйленуге болады. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер мен нағашы жұрт арасындағы неке десе, этнография ғылымында күзендік (кузенный) неке дейді. Бұл некенің екі түрі болады.
1. Кросскүзендік неке (шешесінің) аға-інілерінің қыздарына үйлену, яғни нағашы мен жиен арасындағы неке. Мұның осы көрсетілген екі түрі де қазақта болды. Бірақ қазақ дәстүрінде жиен алғаннан гөрі, нағашы алғанды дұрыс көреді. Сондықтан да қазақ арасында жиен алған молықбас, нағашы алған тарықбас дейді. Жиендерінің нағашы ағасынгың қыздарына үйлену құқы өте көне замандағы жиендердің тек қана шешелері шыққан топтан, рудан әйел алатын тәртіппен бафланысты нәрсе.
2. Ортокүзендік неке (әкесінің) аға-інілерінің қыздарына үйлену, яғни яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апа-сіңлілерінің қыздарына үйлену, яғни бөлелер некесі. Мұның алғашқы түрі, яғни немерелер арасындағы некелесу құқы қазақ тәртібіне жат, ад екінші түрі, яғни бөлелер арасындағы неке кездесіп тұрады. Ата-енеге екі жағынан да қайырымдылық мол болғандықтан, бөлелер некесі қазақ ұғымында өте берік болады.
Төрт аяқтыда-бота, екі аяқтыда бөле тату деген мақал да осыдан қалыптасса керек.
Сөйтіп ағайынды ұл мен қыздың балалары, яғни нағашы мен жиендер бір-бірімен қыз алысатын. Екі елге ұзатылған ағайынды апалы-сіңлілердің балалары (бөлелер) бір-бірімен қосыла беретін. өйткені шеше тарапынан болған туыстық қатына қазақ ғұрпында экзогамиялық тәртіпті бұзғандық болып есептелмейді.
Ислам дінінің қағидалары бойынша, туған ана, бірге туған апа, қарындас әкесінің апа, қарындастарына және емшектес туыстарынан басқа туыстарының бәрінің де алшыс-жақындығына қарамай неке құруға болады. Бірақ неке құру мәселесіндегі шариғат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері
Үйлену тойы, оның наным сенімдері мен дәстүрлері
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер
XVI-XIX Қазақстан мәдениеті
Тауарих хамсада тарихи - этнографиялық деректердің орын алғанын, қазақ халқының күнтізбесіне байланысты мәліметтердің кездесетінін
Қыз бала тәрбиесі
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
А.Бахтидің Шумерлер,скифтер, қазақтар кітабына аннотация
Пәндер